Бұқа шәуетін сұйылту



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I Кіріспе
1.1 Аталық жыныс жүйесі сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
II Негізгі бөлім
2.1 Бұқа шәуетін сұйылту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2 Айғыр шәуетін сұйылту және мұздату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.3 Шәуетті сақтау және тасымалдау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
IV Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Кіріспе
Аталық жыныс жүйесiне (systema genitalia masculina): аталық жыныс жасушаларын (шәуеттердi) және гормондар түзетiн-ен; ендi аталық жыныс мүшесiмен байланыстыратын-еннен тыс шәует жолдарының жүйесi; шәует тасымалдауына және жетiлуiне қажет орта түзетiн-үстеме жыныс бездерi; ұрғашы малдың жыныс жолдарына шәует жеткiзетiн-жыныстық мүше жатады.
Ен (testis) - қос ағза, оған сыртқы және iшкi секреция тән. Көптеген сыртқы секреция бездерiнен еннің ерекшелiгi сол, ол сұйық түзiндi емес аталық жыныс жасушаларын (шәуеттер) түзедi. Еннiң iшкi секреция қызметi-жыныс рефлексi дамуына түрткi салатын, жыныс жетiлуiн және еркек мал жыныс белгiлерiн көрсететiн аталық жыныс гормоны - тестостеронды бөледi.
Ен сырты меншiктi қынап қабығымен (tunica vaginalis) жабылған. Оның астында тығыз дәнекер ұлпа қабығы-ақ қабық (tunica albuginea) жатады. Құрамына коллаген талшықтары кiредi, ал серпiмдi талшықтар өте сирек кездеседi. Талшықтар арасындағы негiзгi затта пiшiнi сопақша фибробласт болады. Ақ қабықтың қабаты қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпадан түзiлген, ол тамырлы қабық (tunica vasculosa) барын дәлелдейдi.
Ақ қабықтан ағза iшiне дәнекер ұлпа қалқалары (пердешелер-septulum testis) енiп, ендi бөлiкшелерге (lobulus testis) бөледi. Еннiң артқы жағында ақ қабық қалыңдап, ен ортасын (mediastinum) түзедi, онда биiктiгi әртүрлi куб тәрiздi жасушалармен төселген ен торы (rete testis) орналасады. Aғзаның дәнекер ұлпа бөлiгi, ен қабығы, қалқалары және ортасы қосылып, строма құрады. Ағза үлпершегiн еннің ирек түтiкшелерi (tubuli seminiferi convoluti), олардың кеңiстiгiн толтыратын борпылдақ ұлпадағы тамырлар, жүйкелер, аталық гормондарды өндiретiн аралық ұлпа эндокриноциттерi (Лейдиг жасушалары) құрады (148 сурет).
Әр еннiң бөлiкшесiнде 1-4 шәует түзетiн (жалпы эмбриологияны қара) ирек түтiкшелерi болады, диаметрi 160-200 мкм, бiр ендегi түтiкшелердiң жалпы ұзындығы 1-3 км жетедi. Ирек түтiкшелер ен ортасына жақындай келе, бiр-бiрiмен қосылып, тiк түтiкшелерге (tubulus seminifer rectus) айналады, ал ен ортасының қалың жерiнде ен торы өзектерiне қосылады. Бұл тордан 10-30 шығарушы түтiкшелер (ductuli efferens) шығады. Ол ен қосымшасының басын түзедi.
Ен қосымшасының (epididymis) басы, денесi және құйрығы болады. Қосымша басын ен ортасынан шығып, күрт бұралып, тамырлар конусы деп аталатын құрылымды қалыптастырып, кең негiзiмен қосымшаға, жоғарғы ұшы ен ортасына бағытталған шығарушы түтiкшелер түзедi. Олардың қабырғасы үш-кiлегейлi, бұлшық ет, сiр қабықтарынан (149 сурет) тұрады.
Кiлегейлi қабық эпителийден, меншiктi тақташа құратын жұқа үзiлмелi борпылдақ ұлпадан тұрады. Эпителийде призма, куб тәрiздi жасушалар кезектесiп, фестон сияқты болады.
Призма тәрiздi жасушалар кiрпiкшелермен жабылған, қосымша өзегiне шәуеттер тасымалдануына мүмкiндiк туғызады.

Сурет-1
1-ақ қабық ,2-тамырлы қабық,3-пердашелер,4-ен орташығы, 5-ен өзекшесінің көлденең кесінділері, 6-аралық тін,7- ен өзегінің қабығы, 8-сүйенін жасушалары, 9- сперматогойнийлер, 10-алғашқы сперматоцит, 11-екінші сперматоцидтер, 12-сперматидтер, 13-шәуеттер , 13-шәуеттер (О.В.Аи-кая)
Куб тәрiздi жасушалар бетiнде микробүрлер болып, түтiкше арнасында сұйықтықтар сiңiруiне белсендi қатысады.

Негізгі бөлім
Бұқа шәуетін сұйылту және мұздатып-қатыру. Бұқа шәуетін спермилер концентрациясын 1 мл шәуетте 0,5 млрд-тан кем емес, ал қозғалыс белсенділігі 8 балдан кем болмаған жағдайда сұйылтады. Коли-титрі 1:10-нан жоғары емес жӛне 1 мл-дегі микроб денелері 5000- нан артық емес шәуетті пайдаланады.
Кесте-1 Жаңадан алынған бұқаның шәуетін сұйылтуға арналған жасанды орталар №1 және №2 , олардың құрамы (%)

Компоненттер
1 орта
2 орта
1
Глюкозаның 11 %,мл
63
81,5
2
Тауық жұмыртқасының сарыуызы,мл
30
15
3
Глицирин,мл
7
3,5

Екі сұйылтқышқа да стрептомицин қосады (1000 мл-ге 1 гр). Орта температурасы 35-37°.Бұқа шӛуетін 1:1 қатынасында №1 ортамен сұйылтқан кезде 0,1 мл-лік кӛлемдегі бір түйіршікті еріткенде 20-25 млн белсенді спермилер болатындай етіп есеппен сұйылтады. Қосымша сұйылту №2 ортамен жүргізіледі.Сұйытылған шәуетті 18 зарарсыздандырылған 50-100 мл-лік флакондарға құйып, 35°сулы ваннаға салып тоңазытқышқа кӛшіреді (2-5°). Шәуетгің салқындау жылдамдығы минутына 1°-тан аспауы керек. 30 минуттан кейін флакондарды сулы ваннадан шығарып алып, 5-7 сағатқа тоңазытқышта ұстайды (эквилибрация кезеңі). Эквилибрациядан кейін салқындатылған шәуетті ӛлшемді пипеткамен, қатты кӛміртегінің екі асқын тотығының (кұрғақ мұз) бетіндегі арнайы ұяшықтарға тамызады. Ұяшықтарды дайындау үшін томпағы бар қыздырылған табақшаларды пайдаланған ыңғайлы. Шәуетті мұз бетінде кішкене ойылып жасалған ұяшықтарға тамызып қатыруға болады. Түйіршіктерді (0,1 - 0,2 мл) құрғақ мұз бетінде 5-10 минуттай ұстайды, сонан соң сұйық азот құйылған ыдысқа салады. Бұқа шәуетін бір мезгілде сұйылту. Бір сатылы сұйылтуды келесі кұрамды ортамен жургізеді: дистилденген су-100 мл, глицерин-5 мл, лактоза (немесе сахароза)-11,5 гр, тауық жұмыртқасының сарыуызы-20 мл. Шәуетті 1:1-1:3 қатынасында сұйылтып, 2-5°-қа дейін салқындатады және 5-6 сағат эквилибрациялайды. Эквилибрациядан кейін шәуетті қатты кӛміртегінің екі тотығы (- 78°) (немесе салқындатылған полиэтилендік, фторопластық табақша) беткейіне тамызады. Табақшаның беткейіне шұңқырлар немесе ӛзекшелер жасау керек. Шәуетті капрон жіпке тамызуға болады. Шәуетті сұйылтқаннан кейін дереу табақшаға тамызып, эквилибрация ӛткізеді де шәуеті бар табақшаларды азот құйылған ыдысқа салып, азот бетінен 5-10 см биіктіккте 3 минут ұстап, түйіршіктерді контейнерлерге жинап, азот құйылған ыдыста сақтайды. Кӛлемі 0,1-0,2 мл болатын түйіршіктерді пайдаланар алдында арнайы дайындаған ортада (100 мл дистилденген су, 3,1 лимон қышқылды натрий, 1г глюкоза), температурасы 38-40° ерітеді. Шәуетті 2,8% лимонды қышқылды натрий немесе утеросан ертіндісінде ерітуге болады. Аталған ерітінділер трихомоноцидті және бактериоцидтік орталар, олар спермилерге зиянсыз. Шәуетті фторопласт табақшасында мұздатып-қатырғанда жоғарыда аталған лактоза-сарыуызды-глицеринді ортаны немесе глюкоза-цитратты сарыуызды ортаны қолданады (100 мл су, 4,5г глюкоза, 2,1 лимонқышқылды натрий, 20 мл сарыуыз, 10 мл глицерин). Аталған ортамен бір түйіршікте (0,5-1 мл) еріткеннен кейін 25 млн белсенді спермилер болатындай етіп сұйылтады, сұйылту дәрежесі 10 есе және одан жоғары. Шәуетті сұйылтқаннан кейін 2-5°-қа дейін суытады және 4-6 сағат эквилибрациядан ӛткеннен кейін сұйық азот бетінде мұздатылған фторопластық табақша ұяларына 0,5-1 мл-ден тамызады. Шәуетті табақша ұяларында 19 мұздату сұйық азот үстінде 2-6 минуттай жүргізіледі, одан кейін табақшаны түйіршіктермен бірге сұйық азотқа 1-2 минутқа батырады. Сонан соң қатырылған түйіршіктерді табақшадан ыдысқа түсіріп, сұйық азотта сақтайды .
Кесте 2 - Бұқа шәуетін терең қатыруға және ұзақ мерзімге сақтауға арналған этанол-лактоза-сарыуызды-цитратты-г лицеринді орта
Құрамы
Мөлшері
Этанол,мл
0,5
Дистилденген су,мл
100
Лактоза,гр
11,5
Тауық жұмыртқасының сарыуызы,мл
2,0
Натрий цитраты,гр
1,0
Глицерин,мл
4

Көлемі 0,5-1 мл аралығында түйіршіктерді пенициллин флакондарына салып 38-40° суға батырып ерітеді немесе 18-20°-та ерітуге болады. Егер шәует кӛлемі 0,1-0,2 мл түйіршік түрінде қатырылған болса, онда түйіршікке 1 мл-ге дейін 2,8% лимон қышқылды натриді 38-40°-қа дейін жылытып, қосады. Бұл ортамен бұқа шәуетін 1:10қатынасында сұйылтады. Шәуетті полистерол пипеткаларында (капиллярда) мұздатып-қатыру. Пипетканың бір ұшын алдын ала полистеролды толуолда еріту арқылы дайындаған желіммен бекітеді. Бұқа шәуетін лактоза-сарыуыздыглицеринді ортамен сұйылтады. 20 Сұйылтылған шәуетті 0,4 мл-ден (1 мл) вакумдық әдіспен пипеткаларға сорады, ол үшін пипеткаларды ашық қалған ұштарымен сұйылтылған шәует құйған ыдысқа тӛмен қаратып орналастырады да, олардың астында 20-30 мм сынап бағанасы бойынша вакуумын жасайды. Вакуумда болғаннан кейін приборды ауа кіргізу үшін шүмегін ашады, ауа шәуетке қысым түсіреді де пипеткаларды толтырады. Эквилибрация кезеңінің артынан пипеткаларды темір ыдысына орналастырады да, оны Дьюар ыдысына сұйық азотпен жанасқанша түсіріп, сол жағдайда 3-5 минут ұстайды. Осыдан кейін -80-100°-қа дейін салқындаған пипеткаларды сұйық азотқа түсіреді де, оларды пайдалануға дейін сақтайды. Шәуетті температурасы 38-40° суға батырылған полиэтилендік қапшықтарда ерітеді. Шәуетті сондай-ақ полиэтилендік ұштыққа құюға болады, оларды пайдаланар алдында ұрықтандыратын пипеткалар ұшына кигізеді.
2.2 Айғыр шәуетін сұйылту және мұздатып-қатыру
Ортаның қорғаныс әсерінің тиімділігін (суық ұруға сынама) төмендегідей анықтайды.Пробиркадағы сұйытылған шәуетті мұздай (0*) суда 10 минутқа қалдырады.
10 минуттан кейін шәуетті термостатта 38*-қа дейін жылытады да,спермилер белсенділігін анықтап,суық ұруға дейінгі және одан кейінгі нәтижелерді салыстырып,ортаның қорғаныс тиімділігін білуге болады.
Сұйылту үшін белсенділік бағасы 5-баллдан кем емес және спермилер концетрациясы 150 млнмл болатын айғыр шәуетін сұйылтуға жібереді.
Айғыр шәуетін 3-4 есе яғни,шәуетін сұйылту үшін лакто-хелато-цитраттық-сарыуызды (ЛХЦСу) немесе лактоза-сульфаттық (ЛСуС) орталарды пайдаланады.Айғырдың шәуетін мұздатып-қатыру алдында аталған орталармен 1:4 қатынасында сұйылтады.
Шәуетті сұйылтқан соң 0*-қа дейін суытып сол температурада 2 сағат ұстайды.Сұйытылған шәуетін 13 мл-ден алюмин пакеттерге құйып,шетін қос қабат етіп бүктеп жабады,сыртына қарындашпен айғырдың лақап атын тұқымын,шәует алған уаытты жазып қояды.Шәует құйылған алюмин пакеттерді сұйық азот бетінде газдың өтіне ұстап мұздатады.Бұл үшін шәуеті (200 мл) бар пакеттерді бекітетін пенопласт қалтқыдан (поплавок),алынғыш ұстағыштан тұратын арнайы құрылымды,Дъюар ыдысына сұйық азоттың бетіне түсіреді.Қалтқы шәуетті белгіленген биіктікте азот үстінде автоматты түрде ұстап тұрады.Дъюар ыдысының қақпағын жауып,5 минут уақыттан кейін пакеттерді мұздатып-қатырылған шәуеттермен сұйық азот қоймасына апарады.
Кесте-3 Айғыр шәуетін сұйылтуға арналған жасанды орта құрамы
ЛТХЦСу ортасының құрамы
ЛСуС ортасының құрамы
Тауық жұмыртқасының сарыуызы-0,8 мл
Аммиак сульфаты-150 мл
4,2 % -тік қышқылды соданың ерітіндісі-0,2 мл
Тауық жұмыртқасының сарыуызы-1,6 мл
Натрий цитраттың 35,7 % -тік ертіндісі-0,25 мл
Глицерин-3,5 мл
Хелатон-100 мг
Дистиленген су-100 мл
Глицерин-3,5 мл

Лактоза-11 гр
Лактоза-10 гр
Дистиленген су-100 мл

Алюмин пакеттеріндегі мұздатып-қатырылған шәуетті 38-40*С температурасында су моншасында 1-2 минут ұстап ерітеді.Ерітіп болған соң пакеттерді тазартып сүртіп 96% спиртпен зарарсыздандырады да,ұштарын қайшымен қиып,пипеткамен немесе шыны таяқша ұшымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұрық алудың физиологиялық негізі
Шәует алу әдістері
Өндіруші бұқалардың тұқымдық құрамын анықтау
Қазақстанда туған бұқалардың шәуетінің сапасы шетелдерде туған бұқалардың шәуетінің сапасын зерттеу
Сұйылтқыштардың түрлері және оларға қойылытын талаптар
Қойды қолдан ұрықтандыру
Cұйылтқыштарға қойылатын талаптар, олардың негізгі құрамы
Қолдан ұрықтандыру
Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысын ұйымдастыру жайында
Аналық ұрық безі
Пәндер