Жыныстық және физиологиялық жетілу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I Кіріспе
1.1 Жыныстық және физиологиялық жетілу ... ... ... ... ... ... ... . ...2
II Негізгі бөлім
2.1 Спермиогенез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.2 Овогенез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.3 Ұрғашы малдың организміндегі жыныстық үрдістердің нейрогуморалді реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
IV Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

Кіріспе

Жоғары сатыда дамыған жануарлар төлдерінің жыныс ағзалары толық дамып-жетілмеген күйде болады. Осыдан олардың өніп-өсуге, ұрпақтану процесіне қабілеті белгілі даму кезеңінен өткеннен соң, жыныстық тұрғыдан жетілгеннен кейін ғана қалыптасады. Жыныстық жетілу кезінде жыныс ағзалары толық дамып жетіледі де, жыныс бездерінде жыныс торшалары өндіріліп, әр жыныс өкілдеріне тән жыныстық мінездер (жыныстық қозу, басқа жыныс өкілдеріне қүштарлық, жыныс рефлекстері, т.б.) пайда болады, жыныс бездерінің ішкі секрециялық бөліктерінде аталық және аналық жыныс гормондары қарқынды түзіліп, ұрғашы малда жыныс айналымы байқалады. Демек, жыныстық жетілу деп жыныс ағзаларының құрылымы мен қызметі жағынан толық жетіліп, организмнің ұрпақты жалғастыруға деген қабілетінің қалыптасқан мерзімін айтады.
Жыныстық жетілу организмнің жеке дамып-өсу кезеңінде кенеттен, күрт қалыптаса салатын жағдай емес, керісінше, ол белгілі бір мерзім ішінде эндокриндік статустың бірте-бірте өзгеруінің нәтижесінде туындайтын күй. Жыныстық жетілу процесінің негізгі реттеуші факторы гипофиздің гонадотроптық гормондары (ФЖГ, ЛГ) болып табылады. Олардың синтезінің күшеюімен байланысты аталық жэне аналық жыныс бездерінде түзілетін жыныс торшалары мен жыныс гормондарының мөлшері артып, сыртқы жыныс белгілері қалыптасады және жыныстық рефлекстер пайда болады.
Жыныстық жетілу процесін реттеуде орталық жүйке жүйесі, атап айтқанда, гипоталамустың преоптикалық аймағы, бадам-шалық ядролар, лимбикалық жүйе қатысады. ОНЖ-де анық оқшауланған жыныс орталығы табылған жоқ. Жыныстық жетілу кезінде мидың әртүрлі бөлімдерінде, ең алдымен, гипоталаму-сте, гормондардың әсерімен жыныстық басымдылық (доми-нанта) пайда болады. Осының нәтижесінде малда тиісті мінез қалыптасады. Сондықтан организмнің гормондық статусына бай-ланысты малдың жыныстық белсенділігі өзгеріп отырады. Жыныстық жетілу мерзімі түлік түріне, малдың түқымдық ерекшеліктеріне, күтіп-бағылу, азықтандырылу деңгейіне, кли-мат жағдайларына байланысты.
Кесте-1 Ұрғашы жануарларда, аймен санағанда, ол мына мерзіммен сипатталады:
Сиырда -- 6 -- 10
6-10
Бүғы
17
Қой-ешкі
7
Қоянда
5
Шошқада
6
Итте
7
Жылқыда
18
Мысықта
5
Түйеде
24-36
Қара күзенде
9.5
Шамамен, осындай мерзім ішінде аталық малда да жыныстық жетілу байқалады.
Жыныстық жетілу организмнің пісіп-жетілуінен, өсіп-даму процесінің аяқталар мерзімінен бұрын қалыптасады. Сондықтан жас малды жыныстық жетілу мерзімі толысымен шағылыстыруға болмайды. Бұл ереже орындалмаса, аналық малдың өсіп-жетілуі нашарлап, төлдеу процесі қиындайды, төл әлжуаз болып туады. Малды тек физиологиялық жетілу мерзімінен кейін ғана шағылыстырған жөн. Физиологиялық жетілу деп жас мал денесінің өсіп-жетілуінің, сақа малға тән пішіннің толық қалыптасуының аяқталған мерзімін атайды. Физиологиялық жетілу мерзімі жас малдың тірі массасы сақа мал салмағының 70-75% мөлшеріне жеткен шағына сәйкес келеді.
Кесте-2 Әртүрлі жануарларда физиологиялық жетілу мерзімі,аймен санағанда,мына төмендегі көрсеткішпен бейнеленеді:

Сиыр
16-18
Бұғы
30
Қой-ешкі
12-15
Қоян
6
Шошқа
10
Ит
12
Жылқы
36
Мысық
10
Түйе
48-60
Қара күзен
14
Ұрғашы мал аталық малмен, шапшаң өсетін мал тұқымдары баяу өсетін малмен салыстырғанда, ертерек жетіледі. Малдың қоректену деңгейінің, күтімінің жақсы болуы оның жетілу мерзімін қысқартады. Малдың шаруашылықта пайдалану мерзімі оның тұқымдық құндылығына, жасына байланысты. Жылқы ұрпақтану қабілетін 18-20, ірі қара 12-14, қой 7-8, шошқа 7-10 жасқа дейін сақтайды.
Негізгі бөлім
2.1 Сперматогенез -- еркек жануарлардың жыныс безінде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін төрт кезеңнен: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады. Аталық жыныс жасушаларының (сперматозоид) даму процесін сперматогенез, ал аналық жыныс жасуаларының (жұмыртқа) дамуы мен қалыптасуын овогенез деп атайды. Жалпы жыныс бездерінде аналық пен аталық гаметалардың дамып жетілуін гаметогенез деп атайды.
Сперматогенез 4 аймаққа бөлінеді: көбею, өсу, пісіп жетілу және қалыптасу немесе сперматогенездердің пайда болуы. Сперматогенездің көбею кезеңінде гаметобласттардан жетілген жас жыныс жасушалары -- сперматогониялар еннің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында, өздерін қоршаған тіректік торшалардан (сустентоциттерден) тиісті қоректік заттарды қабылдап, митоз арқылы бөлініп үздіксіз көбейеді. Олар дөңгелекше келген ұсақ ядролы шағын жасушалар. Сперматогония ядросында хроматинге бай хромосомалардың дигогоидты (2п) жиынтығы болады. Сперматогенездің өсу кезеңінде сперматогониялар өсіп, терфазаның S кезеңіндегі қорлану процесіне сәйкес ДНК мен протеиндердің мөлшері екі есе көбейіп, олар көлемі жағынан ұлғаяды. Сперматогониялардың біріншілік сперматоциттерге айналуы кезінде, олардың ядроларындағы хромосомалар мейоздың ең ұзак бірінші кезеңі -- профазадағы лептотен, зиготен, пахитен және диплотен сатылардан өтіп, олардың құрылысында күрделі кұрылымдық өзгерістер жүреді.
Ен паренхимасында тек қана спермийлер емес,сонымен қатар аталық жыныс гормоны тестестерон (Лейдиг клеткаларында) түзіледі.Бұл гормон негізінен жыныстық органдардың дамып жетілуіне әсер етеді.Піштірілген малдың ондай рефлекстері болмайды.

Сурет-1 Сперматогенез құрылысы

2.2 Овогенез (ovogenesis, лат. ovum -- жұмыртқа, genesis -- шығу тегі) - деп аналық ұрық торшасының пайда болып,өсіп-даму үрдісін айтады.Ұрық торшасы аналық ұрық безінің сыртқы қыртысты қабатында примордиалдік фолликулдердің арасында пайда болады.Овоцитті сыртынан бір қабат фолликулярлық торшалар қоршап тұрады.Бұл-алғашқы фолликула.Овоциттер эмбрионалдық кезенде-ақ пайда бола бастайды.Бұл үрдіс жыныстық жетілу мерзімінде біршама қарқынды,ал одан кейін сәл баулап қартайғанға жүріп отырады.Примордиалдық фолликулдердің жалпы саны сиырларда бірнеше ондаған мыңға жетеді,оның тек азғана бөлігі толық пісіп-жетіліп,овуляциямен аяқталады да,қалған фолликулдер атрезияға ұшырайды.Атрезия деп фолликулдің сұйықтың ыдырып сіңіп кетуін айтады.Бұл-кәдімгі физиологиялық құбылыс.
Овоциттің төңірегіндегі қоршап тұрған бір қатар фолликулярлы эпителий бірнеше қатар болып көбейе бастайды,фолликула өсіп үлкейе береді,оның ортасына фолликулярлы клеткаларды шетке ығыстырып кең қуысқа айналады.Фолликула ұрық безінің терең қабатынан бетіне қарай жақындай береді.Фолликульдің қабырғасы ішкі және сыртқы қабаттан тұрады.Ішкі қабатында (фолликулин),бөліп шығарады сыртқы қабаты тығыз дәнекер ұлпадан,қан тамырларынан тұрады.Пісіп жетілген фолликулдің көлемі сиырда 1,5 см,биеде 4-5 см болады.
Фолликулдің өсіп жетілуімен қатар ұрық торшасы да өсіп жетіледі.Бұл кезде овоциттің құрамында және оның ядросында күрделі өзгерістер болады.Овоцит екі рет бөлінеді.Бірінші бөлінгенде одан екінші дәрежедегі овоцит және бірінші бағыттаушы дене тарайды.Осыдан екі рет бөлінеді.Бірінші бөлінгенде одан екінші дәрежедегі рет бөлінеді,оның нәтижесінде үшінші дәрежедегі овоцит және екінші бағыттаушы дене бөлініп шығады.Осы үшінші дәрежедегі овоцит жетілген ұрық тторшасы болып саналады,оның ядросында хромосодар саны жартылай ғана (гаплоидті сан) болады.
Көп төлді жануарлардың аналық ұрық безінде бір мезгілде бірнеше фолликулдер пісіп жетіледі де,овуляция үрдісі ұзаққа созылады.
Жыныстық циклдің қайталануы барлық малда,жануарларда бірдей емес.Сондықтан жыныстық цикліне өтуіне қарай барлық жануарларды полициклді және моноциклді жануарлар деп екіге бөлеміз.
Полициклді-жануарлардың жыныстық циклі бір жылдың ішінде белгілі бір уақыт аралығында бірнеше рет,яғни әр 18-22 күн сайын қайталанып отырады.Бұған негізінен үй жануарлары,демек ,сиыр,бие,мегежін жатады.
Моноциклді-жануарлардың жыныстық циклі жылына бір немесе екі рет қайталанады.Оларға ит,мысық және жабайы аңдар жатады.Ал түйе,қой мен ешкіні полициклді жануарларға жатқыза отырып,олардың жыныстық маусымы бар екендігін көрсете, кетуіміз керек.Қой,ешкілер күзде күйлейді,ал түйе көбінесе,қаңтар айынан бастап сәуір-мамыр айларына дейін бірнеше рет күйлейді
Сурет-2 Овогенез құрылысы

Кесте-3 Малдың күйлейтін мерзімі және овуляция өтетін уақыт

Мал түрі
Төлдегеннен кейін
Қайталануы
Ұзақтағы
Овуляция өтетін уақыт
Сиыр
20-30 күнде
21 күнде
15-20 сағат
Күйлеу тоқтағаннан кейін 10-15 сағаттан соң
Бие
7-9 күнде
21 күнде
4-7 тәулік кейде 10-12 тәулікке созылады
Күйлеуі тоқтардың алдында,таңға жуық мезгілде
Қой,
ешкі
15-30 күнде,кейде 1,5-2 ай өткенде
16-17 күнде
1,5-2 тәулік
Күйлеу басталғаннан кейін бір тәулік өткен соң
Түйе
Бірнеше күн өткен соң
9-50 тәулік
15-65 тәулік
Шағылысқаннан соң өтеді
Шошқа
20 күн өткенде немесе торайын бөлген соң,3-5 күн өткенде
21 күнде
2-2,5 тәулік
Күйлеу басталғаннан кейін бір тәулік өткен соң басталып,1-2 күнге созылады
Ит,
мысық
-----
3-6 айда
8-14 тәулік
Күйлеу үрдісінің нағыз қызған кезінде бірнеше күн бойы өтеді

Тежелу сатысы шылым ағу жән жыныстық қозу феномендерінің бәсеңдеп барып басылуымен сипатталады.Кеше ғана күйлеп жүрген мао еркек малды теуіп-тістеп жолатпайды.Шылым ағу тоқтаған,жыныс органдарының кілегейлі қабатынын қызарғаны басылып бозғылт тартқан,домбығып ісінгені де әлсіреген,жатыр мойыны жабық,қынаптағы кілегейлі қабатының эпителий көшіп түсіп,астына жаңа торшалар пайда болады.Мал тыныштанып,жем-шөпке тәбеті бұрынғы қалыпқа түседі.Сөйтіп,қозу сатысындағы байқалған эволюциялық үрдістер тоқтап,орнына инволюциялық үрдістер келеді.
Тежелу сатысы.Тежелу сатысының жалғасы болып табылады,бұл едәуір ұзақ уақыттқа,жаңа циклдің басталуына дейін созылады.Малдың мінез-құлқында айтарлықтай өзгеріс болмайды,аталық малға қарамайды,болмаса,оған жоламай қашып жүреді.Ұрық безінде әртүрлі даму сатысындағы фолликулдер де,сары дене де байқала береді.Жатыр мойыны жабық.Ал жыныстық органдарда көзге көрінбейтін гистологиялық,биохимиялық өзгерістер,үрдістер жүріп жатады.
Әдетте,жыныстық цикл жаңа буаздыққа әкеліп соқтыруы керек,буаздық аяқталып мал төлдегеннен кейін қайтадан жаңа цикл басталады.Жыныстық циклдің басталуын,оның өту барысын,оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды білу,әр аналық малдан жыл сайын төл алып отыру үшін қажет.

Сурет-3 Овогенездің даму сатысы
2.3 Ұрғашы малдың организміндегі жыныстық үрдістердің нейрогуморалді реттелуі
Жыныстық цикл басталып,оның дұрыс өтуі үшін сыртқы ортаның әсерімен қатар гонадроптық және гонадальдық гормондар қажет.
Гонадотропты гормондар:фолликул стимулдеуші гормон (ФСГ),лютеиндеуші гормон (ЛГ) және лютеотроптық гормон (ЛТГ) немесе лактогендік гормондар гипофизде түзіліп шығады да,қан арқылы аналық ұрық безіне және сүт безіне әсер етеді,яғни фолликулдердің өсіп жетілуін,овогенез үрдісінің жүруін қамтамасыз етеді.Аналық ұрық безінде овуляция болып,сол жарылған фолликулдің орнында сары дененің пайда болуы да осы гормондардың әсері.
Гонадалдық гормондар аналық ұрық безінде түзіледі,оған:фолликулин (эстрогендік гормон) және сары дененің гормоны прогестерон жатады.
Сыртқы орта факторлары дегеніміз-күн сәулесі,ауаның температурасы,жем-шөп және еркек мал.Осы ішкі,сыртқы факторлардың бір-біріне тигізетін әсерін бір ретке келтіріп отыратын орын-орталық жүйке жүйесі.
Қазіргі ғылыми-зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ,жыныстық цикл мынандай тәртіппен өтеді:күн сәулесі-көздің,терінің рецепторын,азықпен келіп түскен стерондар-ас қорыту органдарының рецепторын қоздырады,еркек малдың-иісі,сыртқы тұрпаты,дауысы,олардың аталық малға тән қылықтары,ұрғашы малға жанасуы,сол сияқты тағы басқа да қарым-қатынасы тиісті сезімтал рецепторларда қоздырып,сол арқылы импульстер миқыртысындағы тиісті орталықтарға барып жиналады.Ол жерде сарапталып,талданған импульстер гипоталамус арқылы гипофизге жетіп,ФСГ (фолликул стимулдеуші)гормонын бөліп шығаруға мәжбір етеді.Бұл гормон қан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көбеюдің мәні
Жыныстық циклдің қалыптастыратын факторлар
Аталық малдың жыныстық рефлекстері
Ет қоректілердің төлін кесерево тәсілімен жарып алу
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигеналық және жыныстық тәрбиелеу
Ішкі секрециялық бездер
Еркек малдың жыныс мүшесі
Дене бітімі дамуының көрсеткіштері
Жас ерекшеліктер физиологиясы
Аталық малдың жыныс мүшелері
Пәндер