Құс сальмонеллезі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚазақстанРеспубликасыАуылшаруашылығ ыминистрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Коммерциялық Емес Акционерлік Қоғамы
Ветеринария факультеті
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

РЕФЕРАТ
Мамандығы:5В120100 - Ветеринарлық медицина

Тақырыбы:Құс пуллорозын,сальмонеллезін балау және індетке қарсы шаралар

Орындаған:5 курс ВМ-503 топ студенті
Нуртилеу Айзада
Тексерген: Алиев А.К.

Алматы 2020жыл
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Құс пуллорозына жалпы сипаттама.Індеттік ерекшеліктері.
2.2 Дерттенуі,өтуі мен симптомдары,балау және дауалау,күресі шаралары
2.3 Құс сальмонеллезі

ІІІ.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе
Құс аурулары әртүрлі жұқпалы, вирустық, паразиттік және бактериялық аурулар деп бөлінеді. Ішек-асқазан, тыныс алу жолдарының қабынуы немесе зақымдануы, тері аурулары түрінде де кездеседі. Аскаридоз, безгек, шешек, сүзек, тырысқақ, т.б. көптеген Құс аурулары бар. Құс аскаридозы жұмыр құрттардан пайда болады, негізінен, онымен тауықтар ауырады. Өте кең тараған нематод Ascarіdіa gallі жұмырқұрты. Тауықтың немесе күркетауықтың ащы ішектеріне орналасқан құрт жұмыртқалайды да, құс саңғырығымен сыртқа бөлініп, суды, жемді ластап, басқа құстарға жұғады. Пуллороз (Pullorosis, пуллороз) - тауық балапанының ішегі мен үлпершек мүшелердің зақымдануы жэне септицемиямен, ал ересек тауықтың ана-лық безінің фоликуласының азғындауымен ерекшеленетін ауру.Қоздырушысы - Salmonella pullorum gallinarum сальмонеллалар тобына жатады. Бүл топтағы басқа микробтардан айырмашылығы жіпшелері жоқ, қозғалмайды. Спора мен қауашақ түзбейді, грамтеріс, қарапайым қоректік ортада жақсы өседі.Құстың сальмонеллезі (Salmonellosis avium, сальмонеллез птиц) - балапандарда диарея мен септицемия, ересектерінде жасырын микроб алып жүру ретінде өтетін көптеген үй жэне жабайы құстардың ауруы.Тарихи деректер. Алғаш рет көгершіндердің S. typhimurium тудырған ауруын Леффлер (1892) байқады.Негізгі қоздырушысы - Salmonella typhimurium, қазіргі жіктелім бойынша Salmonella enterica. Микробтың төзімділігі мен басқа қасиеттері төлдің сальмонеллезі, құстың пуллорозы бөлімдерінде келтірілген. Құс безгегін безгек масасы таратады. Табиғи жағдайда Қазақстанда құс безгегі кездеспейді. Тәжірибе жүзінде тауықтар арнайы жұқтырғанда ғана ауырады. Шөжелер ауырса түгелдей өледі, ересек құстар жазылып кеткенімен, бірнеше айдан екі жылға дейін денесінде ауру қоздырушысы сақталады. Құс шешегінің клиникалық сипаты шешектік және дифтериялық болып бөлінеді, ол ультравирустан жұғады. Ауру құстардың қауырсындары ұйпалақтанып, қанаттары салбырап кетеді, кейіннен айдар, сырға, тұмсық астында дөңгелек қызыл бөрткендер пайда болып қатаяды да, көбейе бастайды. Кейбіреулері іріңді жараға айналса, бірқатары қатайып сүйелденеді. Бұл ауру тауықтардың 5 -- 10%-ын (кейде 70%-ға дейін), ал кептер мен көгершіндерді 3 -- 10%-ға дейін өлімге душар етеді. Көбіне бір науадан жем, су ішкен кезде жұғады. Құстарда жиі кездесетін ауру -- сүзек (қ. Құс сүзегі). Құстардың денесі оқыс жараланған кезде тетани бактериясының уы тараған соң, барлық бұлшық еттерінің жиырылып, тартылып қалуын құс тырысқағы деп атайды. Ауырған құстардың аяғы тартылады, жүре алмайды, мойны созылып, бұлшық еттері қатаяды, тұмсығын аша алмай, қатты дірілдейді, қанаттары денесіне жабысып қалады. Құстар ауырған кезде жем-суға зауқы болмайды. Құс ауруларының алдын алу үшін ересек тауықтар мен шөжелерді жеке бөліп бағады, қора-қопсыны таза ұстап, ауланы, қоршалған алаңдарды жылына бір рет жыртады, жоспарлы түрде гельминттерден арылту шаралары жүргізіледі. Алдын алу мақсатында вакцина егеді

ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Құс пуллорозына жалпы сипаттама.Індеттік ерекшеліктері.
Пуллороз(Pullorosis-балапан)-бацилл алы ақ тышқақ-құстардың, әсіресе тауықтың жұқпалы ауруы. Пуллороздың қоздырғышы-salmonella pullorum, ұз. 3-5мкм, диаметрі 0,3-0,8 мкм, қозғалмайтын таяқша тәрізді бацилла. Глюкоза,левулоза,галактоза,маннит, рамиозаны қышқылға және газға ыдыратады. Қоздырғыш 60° С-қа дейін қыздырғанда 30 минутта, қайнатқанда 1 минутта өледі. Пуллорозға тауық,күркетауық,мысыр тауығы(әсіресе балапандары) жиі ұшырайды,сондай-ақ торғай, қырғауыл, теңіз щощқасы,ақ тышқан да ауырады. Пуллороз бацилласы ауру құстан сау құсқа жұмыртқа жем,су,төсеніш,саңғырықтан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі 1-5 тәулік, ауырған балапан жемнен қалады, көзін жұмып әлсірейді, тыныс алуы жиілейді,іші өтеді. Дер кезінде емдемесе ауру құстың 50-90%-і өледі. Емі.:биомицин фурозолиден жемге қосып беріледі. Аурудың алдын алу үшін құсқа сапалы жем беріп, күтімін жақсарту, зоогигиеналық ережелер дұрыс сақталуы қажет. Пуллороз (Pullorosis, пуллороз) - тауық балапанының ішегі мен үлпершек мүшелердің зақымдануы жэне септицемиямен, ал ересек тауықтың ана-лық безінің фоликуласының азғындауымен ерекшеленетін ауру.
Тарихи деректер. 1889 ж Англияда алғаш рет Клейн бүл аурудың жап-
пай байқалуын сипаттап, ≪құс сальмонелезі≫ деп атады. \зақ уақыт бойы ересек тауықта ≪сүзек≫ (тиф), ал балапанда ≪ақ тышқақ≫ деп аталды. Кейінірек пуллороз бен тиф бір қоздырушы тудыратын ауру екені дәлелденді.
Қоздырушысы - Salmonella pullorum gallinarum сальмонеллалар тобына жатады. Бүл топтағы басқа микробтардан айырмашылығы жіпшелері жоқ, қозғалмайды. Спора мен қауашақ түзбейді, грамтеріс, қарапайым қоректік ортада жақсы өседі.Сыртқы ортада төзімділігі жоғары, кұрғатылған жағдайда өсіні жылдарбойы сақталады: Топырақта 14 ай, қүстың сыңғырағында 3 айға дейш тіршілігін жоймайды. ;Дезинфекция үшін 15-20% кальцийленген сода, 5-6% нафтиназол, 3-5%сілті, 1 % формальдегид, 20% хлорлы эк ерітінділері жақсы нэтиже береді.
Індеттік ерекшеліктері. Пуллорозға қүстардың көптеген түрлері бейім,бірақ, көбінесе тауық пен күрке тауық ауырады. Бәрінен де ет тұқымды тауықтардың балапандары ауруға жиі шалдығады. Олардың ауруға шалдығу
көрсеткіші 80% дейін жетеді.Пуллороздың жіті қаулауы 5-7 күн аралығындағы балапандарда жиі байқалып, ауруға шалдығу 14 күнге дейін жалғасады. Кейіннен аурудың таралуы бәсеңдеп, 20-45 күн аралығындағы балапандарда тек спорадия ретінде кездесіп, созылмалы түрге ауысады.Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған балапандар жэне микроб алып жүретін ересек тауықтар. Сальмонеллалар сыртқы ортаға нәжіспен жэне жүмыртқамен бөлінеді. Зарарланған жүмыртқаның 40-60% -ынан балапан шығады да, қалғанындағы ұрық өліп қалады. Сонымен балапандарда пуллороз жүмыртқа арқылы берілетін конгенитальды (трансовориальды) жэне туғаннан соң жүғатын постнатальды болып бөлінеді.
Пуллороздың кең таралуына қүс пен оның балапанын дүрыс азықтандырмау, гиповитаминоз, суыққа шалдығу, ұзақ уақыт тасымалдау жағдай тудырады.

Сурет-1. Құс пуллорозымен ауырған балапандар.

2.2 Дерттенуі,өтуі мен симптомдары,балау және дауалау,күресі шаралары
Дерттенуі. Ауру қоздырушысы ас қорыту немесе тыныс алу мүшелеріне енгеннен соң қанға өтіп, бауырда, көк бауырда, бүйректе, жыныс мүшелерінде іркіліп, кабыну процестерін тудырады. Кей жағдайда сальмонеллалар тек ішек-қарында ғана қөбейіп, қанға аз_ мөлщерде өтеді. Тыныс мүщелеріне түскен қозырушы микроб септицемия тудырады. Инкубациядағы жұмыртқаға түскен микроб токсйндері эмбрионның өлуіне себеп, болады.
Өтуі мен симптомдары. Ауру балапан дел-сал, аппетиті жоқ, тынысы жиілеп, токтаусыз іші өтіп, нэжісі ақшыл түсті болады. Балапандар жылы жарге ұйлығып, бір-біріне тығыла береді. Ауру трансовариальді жолмен жүққан жағдайда балапандар 1-3 күңдігінде өліп қалады. 10-20 күндік балапандарда ауру баяулау өтеді, бірақ өлім көрсеткіші өте жоғары. Ересек құста пуллороз көбінесе симптомсыз өтеді, бірақ кей жағдайда асқынып, өліммен аяқталуы мүмкін. Ауырған қүс жөнді қозғалмай, аппетиті болмайды,
ыстығы 42-43° С-қа жетіп, іші өтіп, шөлдейді.
Патологоанатомиялық өзгерістер. 3-5 күндік өлген балапандардың бауыры мен көкбауыры ұлғайып, катарлы энтерит пен ішек-қарынның кілегейлі қабықтарының қанталауы байқалады. Одан ересек балапандар арықтап, бауыры мен көкбауыры ұлғайып, өліеттенген ошақтар кездеседі, ішектері қабынып, бүйректері үлғаяды. Пуллороздан өлген ересек тауықтардың фолликулалары қабынып, қатпарланып, сыртқы қабығы сүрғылт-сарғыш түсті болады. Ауру созылмалы өткенде бауырда, бүлшық еттерінде өліеттенген ошақтар, перитонит, ішектің бір-біріне жабысуы кездеседі.
Балау індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін, патологоанатомпялық өзгерістерді талдауға, бактерологиялық зерттеудің нэтижесіне негізделген. Ересек тауықтарда жасыран өтетін инфекцияны қан тамшысының агглютинациясы реакциясымен (ҚТАР) анықтайды. Бүл реакцияда боялған бактериялық жэне эритроцитарлық пуллороз антигендері колданьыады.
Дауалау және күресу шаралары. Тауықтарды бағып күткенде, азықтан- дырғанда, жүмыртқаны инкубацияда басқанда зоогигиеналық-санитариялық шараларды мұқият сақтау қажет. Жүмыртқаны инкубацияға жіберерде дезинфекциялап, А витамині мен каротиноидтарға тексереді; Құс қоралары мен аулаларды, құрал-саймандарды таза ұстап, оқтын-оқтын дезинфекциялап тұрады. Сальмонелла алып жүретін құстарды уақыттылы оқшаулау үшін барлық аналық мекиендерді пуллорозға ҚГАР арқылы тексеріп түрады.

2.3 Құс сальмонеллезі

Құстың сальмонеллезі (Salmonellosis avium, сальмонеллез птиц) - балапандарда диарея мен септицемия, ересектерінде жасырын микроб алып жүруретінде өтетін көптеген үй жэне жабайы құстардың ауруы.
Тарихи деректер. Алғаш рет көгершіндердің S. typhimurium тудырған
ауруын Леффлер (1892) байқады.
Қоздырушысы. Негізгі қоздырушысы - Salmonella typhimurium, қазіргі
жіктелім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс пуллорозымен ауырған балапандар
Уланған құс етін ветеринариялық-санитариялық сараптау
Пуллороз
Сальмонеллез ауруының сипаттамасы және таралуы
Бұзаулардың сальмонеллез ауруы кезіндегі патоморфологиясы
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде құстардың сальмонеллезінің шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау
Құлындардың өлі туылуының бір себебі жылқы сальмонеллезі
Уланған малдың сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Сальмонеллез ауруы жануарлар мен адамдар арасында болатын жіті ішек ауруы
Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Пәндер