Тіл білімі сөздігінде мәтін


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Сауат ашудан кейінгі кезеңде мәтінмен жұмыс істеу негіздері»

Жоспар

Кіріспе

1. Мәтінмен жұмыс - сауат ашудан кейінгі кезеңнің негізгі бағыты

1. 1 Мәтінтану. Мәтін әдістемесінің зерттелуі

1. 2 Мәтіннің мазмұндық құрылымы мен түрлері

2. Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

2. 1 Мәтінмен жұмыс кезінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану

2. 2 Мәтінмен жұмыс арқылы оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру

2. 3 Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту ерекшеліктері

2. 4 Орфографияны игертуде мәтінді пайдаланудың әдіс-тәсілдері

3. Тәжірибелік бөлім

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Курстық жұмыста сауат ашу кезеңінен кейінгі мәтіндермен жұмыс істеу негіздерін жан-жақты зерделеп, зерттедім. Лингвистика саласындағы мәтін теориясының ерекшеліктерін түсіну үшін теориялық еңбектер жинақталды. Теориялық білімді әдістемемен байланыстырдым. Мәтін түрлерін сабақ барысында тиімді пайдалану - теориялық білімнің негізі екеніне көз жеткіздім. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді ескере келе, оқушыларды жеке тұлға ретінде дамыту, тәрбиелеу бағытын анықтау; білім мазмұнын жаңарту; білім беруді ізгілендіруге сәйкес оқу үрдісін ұйымдастыру үшін мәтіннің маңыздылығы практикалық тұрғыдан зерттелді.

Кустық жұмыстың мақсаты: Мәтін арқылы оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету;

Кустық жұмыстың міндеттері:

1. Тіл білімінде мәтіннің зерттелуіне шолу жасау.

2. Мәтін түрлеріне тоқталу, қосымша мәтіндер беру.

3. Мәтіннің баланың сөйлеу тілін жақсартудағы рөлін көрсету.

4. Мәтінмен жұмыстың кезеңдерін анықтау.

Оқу. Шағын көлемді тілі жеңіл шығармалар оқу; әдеби жанрлар туралы алғашқы түсініктер; шығармалардағы көркем, бейнелі сөздерді сезіну, түйсіну, мәтінді талдау; оқу түрлерін меңгеру; сөздерді тұтас оқу; дауыс ырғағы, нақышын келтіре оқуға машықтандыру.

Жазу. Сөз ішіндегі әріптерді дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу дағдысын жетілдіру; шағын мәтінді дұрыс көшіріп жазуға дағдыландыру, есту арқылы жатқа жазу, көргенін есте сақтау, сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді жатқа жазу; дыбыстық, буындық құрылымы әртүрлі сөздердегі дыбыстардың ретін анықтай алу, жазғанын өздігінен тексеру; көркем, таза, қатесіз, сауатты жазу; сөздерді тасымалдай білу.

Тіл дамыту. Сөздік қорын жаңа сөздермен байыту, грамматикалық тұлғада жүйелі байланыстырып орынды қолдана білу, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра білу; сөйлеудің диалогтік түрін практикалық тұрғыда меңгеру; сөйлеудің монологтік түрін практикалық тұрғыда меңгерту; суреттер топтамасы, тірек сөздер, дайын үлгі, жоспар бойынша әңгіме (мәтін) құрастыру, мәтінге ат қою; мазмұндаманың негізгі түрлерімен таныстыру; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Дыбыс және әріп. Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен әріптер туралы білімдерін жалпылау, пысықтау; жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен әріптер, оларды салыстыру, ажырату; а - ә, о - ө, ұ - ү, ы - і дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі; қосарлы и, я, ю дыбыстары мен әріптері олардың емлелерін игеру.

Буын; тасымал; тасымалданбайтын сөздер; сөз; сөз және оның қызметі; кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер; бас әріптен басталып жазылатын сөздер; не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер; қандай? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы түсінік қалыптастыру.

Сөз және сөйлем; Сөйлем; сөйлемнің бас әріппен басталып жазылып, соңына тыныс белгілерінің қойылатыны; сөйлем түрлері (жай, лепті, сұраулы) жайлы түсінік қалыптастыру.

Зерттеу нысаны: қазақ тілі

Зерттеу әдістері: педагогикалық эксперимент, бақылау, талдау.

Зерттеу жұмысының құрылымы : кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. МӘТІНМЕН ЖҰМЫС - САУАТ АШУДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢНІҢ

НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

1. 1 Мәтінтану. Мәтін әдістемесінің зерттелуі

Мәтінтану (латынша textus - байланыс, байлау, кездеме, logos - сөз, ғылым) - әдебиеттанудың шығарма мәтінін қолжазбамен, түпнұсқамен салыстыра тексеретін саласы.

«Мәтін - латынша textus байланысу, қосылу, тұтасып кету. Басты қасиеті тұтасым және байласым болып саналатын мағыналык байланыстармен біріккен таңба бірліктерінің тізбегі».

«Тіл білімі» сөздігінде мәтін:

1. Тілдің өмір сүруінің феноменологиялық алғашқы тәсілі (З. Шмидт) ;

2. Жүйеленген, тұтасқан, тиянақталған және мағыналық жақтан өзара байланысқан сөйлемдердің тізбегі;

3. Коммуникацияға қатысушыға тән сөйлемелік бірізділігі.

4. Ауызша немесе жазбаша сөйлеу туындылары.

Текстология ғылымы ретінде 1917 жылдан кейін ғана библиографиядан бөлініп шығып, методология тұрғысынан танылды. Текстология терминін ғылыми айналымға Б. М. Томашевский енгізді (1920) . Батыс әдебиеттануында бұл ғылым саласы «мәтіннің сыны» деп аталады. Текстология мәтінді тарихилық тұрғысынан қарастырып, оның шынайылығын анықтайды. Текстологияның басты міндеті авторлық мәтіннің нағыз, дәл нұсқасын айқындап, ешбір қоспасыз, қатесіз жариялау болып табылады. Текстология әдебиет теориясы мен сынының тарихымен, мәтіннің қайта қалпына келтірілуімен тікелей байланысты. Көркем шығарманың түпкі мәтінін анықтауда тексеру тәсілдері пайдаланыла отырып, қосымша нұсқалар мен басылымдар зерттеледі. Текстология бұрын тек мәтіндерді тексеріп, жарыққа шығару үшін пайдаланылса, текстолог маман Д. С. Лихачев мәтіндерді жарыққа шығару оны тәжірибеде қолданудың бір ғана саласы деп таныды. Текстология библиографиямен, түпнұсқа туралы іліммен, палеографиямен, археографиямен байланысты шығармашылық психологиясын зерттеуге сүйенеді. Кейде текстология «автор еркіндігі» деген ұғыммен байланыста қолданылады. Транскрипция, пунктуация, мәтіннің абзацқа бөлінуі, басқа тілдерден енген сөздер, автордың қолтаңбасы т. б. мәселелер мәтінтануда айрықша қызмет атқарады. Кеңестік әдебиетте автордың еркінен тыс редакторлық жұмыс нәтижесінде мәтіннің өзгеріске түсуі (цензура) немесе автордың өзінің қатысуымен қайта қаралуы (автоцензура) қалып алды. Мұндай жағдайда мәтіннің ең алғашқы нұсқасы немесе қолжазбасы зерттеуге негіз бола алады. Осындай салыстырулар арқылы Ахмет Байтұрсынұлының 5 томдық шығармалар жинағы, Мұхтар Әуезовтің 50 томдық шығармалар жинағы жарық көріп келеді. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі бұрын басылмай қалған сөйлемдер, мәтіндер қалпына келтіріліп, ғылыми түсініктемесі жазылып, тұңғыш рет толығымен жарияланды. Ежелден жалғасқан бай әдеби мұра мен ақын-жыраулар поэзиясын, бүгінгі күнге дейінгі қазақ қаламгерлері шығармаларының мәтіндерін салыстыра зерттеу - текстологияның негізгі міндеті.

Тілді үйретіп, дамытуға қатысты Ахмет Байтұрсынұлы төмендегідей тәсілдер мен қағидаларды ұсынған.

  1. Оқушыға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт.
  2. Мәтіннің көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ оқушысының ұғымына таныс және жақын болуы шарт.
  3. Тілді оқытуда мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдар, өлең-жырлар, қызық әңгімелер маңызды орын алуы қажет.
  4. Тілді оқытуда тіл ұстартуға ден қойғаны дұрыс.

Мәтінтану - тіл білімінің маңызды саласы. Онсыз ескі жазбалардағы ойды, мән-мағынаны түсіну мүмкін емес. Қадым замандардан бүгінгі күнге дейін жеткен әртүрлі қолжазбалар, шайырлардың өлең-жырлары, дастандар мен аңыз-әңгімелер, хикаялар мәтіні, ондағы қолданылған сөздер түсініктемені, түсіндіруді қажет етеді.

Ғалым М. М. Бахтин мәтінді объективті әлемнің субъективті бейнесі және кең мағынасында екі сананың қарым-қатынасқа түсуінің бір жолы деп анықтайды.

Г. В. Колшанский қолданысындағы мәтін - сөйлемдердің тәртіпсіз жай ғана тізбегі емес, ол - қарым-қатынастың тұлғалык және мағыналык бірлігі.

И. П. Сусов: «Мәтін - өз табиғатынан екі жақты. Бір жағынан, ол тілдік жүйенің негізгі бірлігіне, яғни тар мағынасында тілге жатады, ал екінші жағынан, қарым-қатынас әрекетіне жатады . . . Мәтін тілдік қатысым мен тілдік жүйенің арасынан орын алатын жай ғана нысан емес: ол тең дәрежеде тілдік болмыстың осы екі аймағына да қатысты болады», - дейді.

И. Р. Гальперин: «Мәтін - бұл жазба құжат түрінде объектіленген және сол құжатқа сәйкес әдеби тұрғыдан сұрыптанған, тақырыбы бар, лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық амал-тәсілдердің әртүрлерімен байланысып жататын, айқын бағыт пен прагматикалык мақсатты иеленген ерекше тұлға-бірліктерден (күрделі фразалық тұтасым) тұратын аяқталған сөйлеу әрекетінің туындысы», - деп анықтайды.

Түркиядағы тілші-ғалымдардың анықтамаларына тоқталып өтсек, мәселен, қырғыз мәтінінің қатысымдық құрылымын зерттеген С. Ж. Мусаев мәтінді «қимыл- әрекеттегі тіл» деген тұжырымды ұстана отырып анықтайды.

Ф. Ш. Оразбаева тілдік қатынасты жүзеге асыратын тұлғаларды сөз ете келіп, мәтінді « . . . ойлау, хабарлау, баяндау, қабылдау, пайымдау құбылыстарымен байланысты, адамдар арасындағы тілдік қатынастың іске асуға негіз болатын қатысымдық жүйелі тұлға» ретінде анықтап, мәтінді тілдік қатынастың мазмұндық тұтастығымен ерекшеленетін бүкіл жүйесі деп таниды.

Тіл білімінде мәтінге байланысты жүргізілетін зерттеулерді мәтінтану (текстология) бағытындағы және мәтін лингвистикасы бағытындағы, дискурстық зерттеулер бағытындағы деп аражігін ашып көрсеткен дұрыс. Зерттеу нысанына қарай жалпы тіл білімінде, әдебиеттануда антикалық әдебиет текстологиясы, жаңа әдебиет текстологиясы, медиевистикалық текстология, түпнұсқалық және аударма мәтіндер текстологиясы, дискурстық талдаулар т. б. бөлінеді. Мәтінтану мәтін тарихын зерттеумен, көне мәтіндерді танумен байланысты ұғым. Қазақ мәтінтануы туралы айтар болсақ, оның тарихы да, қалыптасуы да бөлек.

Қазақ мәтінтанушылары жүргізген зерттеулер көне, орта түркі ескерткіштеріне жасалған талдаулардан, жыр жолдарындағы, көркем шығармалардың мәтіндеріндегі ауытқуларға арналған. Тарихи мәтіндердің сырын ашу фольклордан бастап көне және орта түркі жазба ескерткіштерін тануға бағытталады. Қазақ мәтінтануы ауыз әдебиетін қағазға түсірген кезден басталды деуге бола ма? Мәтінтанушылық бағыттағы ең алғашқы еңбектердің бірі ретінде М. Мағауиннің Ноғайлы жыларына байланысты жазылған зерттеулерін, кешенді тілдік талдаулар берілген, сөздігі бар, түсініктемесі жүйеленген орта түркі жазба ескерткіштерінің зерттеушілері Ә. Құрышжанов, Б. Сағындықұлы т. б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Ал аударма мәтіндердегі автор еркі мен автордың түпқазық ойлары сақталуын саралау, пайымдау жөнінде қазақ мәтін теориясында түрен салынбағанын мойындау керек. Аударма сапасын авторлардың өздері қадағалайтыны туралы мақалалардан, естеліктерден оқығанымызбен, салыстырып, талдаған еңбекті кездестіру қиын. Бұл пікір, әсіресе, көп тілдерге аударылған авторлардың шығармашылығына байланысты. Осы орайда үштілділіктің көмегі бір тиетін жер осы болар-ау деген ойдамыз.

Мәтіннің бірнеше түрі болады. Атрибуциясына қарай тарихи мәтіндерге байланысты алғанда авторлы және авторсыз мәтіндер болады. Көптеген әндер халық әні болып саналады. Демек, авторсыз мәтіндерге жатады. Мұндай ерекшелік фольклорлық мәтіндерге тән. Мәтінтану мен мәтінге тілдік талдау жүргізуге байланысты басты ұғымдары туралы түсініктер беріліп, зерттеушілер ізденісі арқасында баламалар ұсынылуда, қазақ мәтінтануының ерекшеліктері туралы айтылуда. Ал шығарма иесі мен ол дүниеге әкелген туындының тілдік сипатын ашу деген - тұтас бір тарихи кезеңге тән тілдік, көркемдік-стильдің ерекшеліктерді анықтаумен пара-пар.

Көне мәтіндер бүгінгі заманымызға жеткенге дейін, автор көшіруші, редакциялаушы қызметін атқарады. Сондықтан соған қарай факсимеле, канондық мәтін, негізгі мәтін, архаикалық мәтін деген түрлері айқындалады. Көшірме мәтіннің қайсысы сапалы, қайсысы түп негізге жақын, ол ең құнды тізім болып есептеледі. Көне мәтіндердің канондық мәтінін табу өзекті мәселе.

Қазақ көне мәтінінің табиғаты деген мәселеге келсек, өзге озық жұрттың бұл саладағы тәжірибесіне көңіл қойсақ, оларда хат мәдениеті ерте дамығандықтан, ең басты ұстаным - жазба нұсқаның (автограф, тізбе т. б. ) сақталуы. XX ғасыр басындағы қуғын-сүргінге түскен қазақ зиялыларының да көбінің қолтаңбалары сақталмаған.

XIX ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында ғана жазылып алынған, кітап болып тасқа басылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Осы орайда қазақ филологиясына «ауызша-жазбаша мәтін» деген жаңа әдістемелік бағытты ұсынатын пікірлер бар, соны қолданған жөн. Әрине, осы қос ұғымды атаудың соңғы «жазба» сыңары классикалық ұғымдағы автографтар (қолжазба, тізбе немесе тізім, көшірме), әр жылдары жарық көрген басылымдар. Осылайша қазіргі кезде «штамп», «қайталама» деп, үлкен күмәнмен қарап келген тұтас шумақтарға қазіргі мәтін және мәтінтану тұрғысынан екі түрлі көзқараспен қарап, бағалауға болады. Мұра ретіндегі көне мәтіндерді тану барысында аталған тұтас шумақтарға автордың өзіне дейінгі танымал ақындардың шығармашылығынан өзгеріссіз пайдаланған «дәйексөзі», я болмаса «сілтемесі» ретінде қарау керек болса, қазіргі мәтіндердегі «штамп», «стандарт», «қайталамалар» автордың «стильдік ерекшелігі» және қайталамалардан тарихи ұқсастық байқалса, алдыңғы дәуірмен сабақтастық, дәстүршілдік ретінде бағаланады.

Ташкент орталық кітапханасында Орта түркі жазба ескерткіштерінің 25 мыңға жуық қоры бар. Ең негізгі қорлар Түркияның Ыстанбұл қаласында. Зерттелу деңгейі де айтарлықтай жоғары. Теориядан гөрі, сөздіктер құрастыру, текстология жасау жолға қойылған.

Қ. Өмірәлиев, Б. Сағындықұлы, Б. Әбілқасымов т. б. ғалымдар кейбір жазба ескерткіштердегі сөздердің 60-70 пайызға дейін мағынасы жағынан қазақ сөздерімен дөп түсіп, жататынын дәлелдеп, сөздіктерін шығарып қойғанын ғылыми дәлел ретінде ұсынуға болады. Қытайда қандас ғалымдар тұрады. Олардың ішінде Қазақстанға келіп, дәріс оқып, конференцияларда баяндама жасап жүрген Еркін Ауғали, Дүйсенәлі Әшімұлы, Айдар Міркамал сынды ғалымдар тарихи мәтіндерді тануды ілгерілетеді деп ойлаймын. Өйткені олар үш-төрт тілді еркін меңгерген, ханзу, жапон тілдерін және ескі ханзу тілін білетін ғалымдар. Бізге беймәлім қытай архивтерінде сақталған қолжазбаларды тануға көмектеседі деп ойлаймын. Сонымен қоса, қазақ халқында белгілі адамдардың сөзін сыйлау, сөзде тұру, айтқандарын өзгертпей жеткізу деген ұғымдар бар. Осыдан келіп ауызша әдеби тілдің құқығы артады. Хандық тұсында ханның сөзін өзгертпей жеткізу үлкен мәртебе саналған. Бізге негізгі тілдік бірліктердің өзгермей, түпнұсқа күйінде жетуі де содан болар. Сырттан бақылайтын ғалымдардың қазақтың осындай қасиетін байқап, айтып жүргені бізді қуантты. Біздің мәтінтануда жасаған зерттеулеріміз осы ұстанымдарға негізделсе құба-құп.

Қазір мәтін лингвистикасы мен дискурс деген жаңа лингвистикалық бағыттар дамуда. Дискурстың ерекшелігі ауызша мәтіндерге жақын болуында. Мәтін қағазға түскен өнім болса, дискурсқа қарапайым сырласу мен сұхбатты жатқызамыз. Менің түсінігімде дискурс тіл үйренушілерге аса қажет. Себебі сөйлеушінің екпіні, интонациясы, дауыс ырғағы әуезділігінің өзгерунің өзі мәтіндердегі сөздердің мағынасына әсер етеді. Бұл дискурстық талдау нысанына айналады.

Мәтін лингвистикасының дамуы жаңа бағыттар, жаңа тәсілдер, жаңа ұғымдар, тың көзқарастардың тууына негіз болды. Бұл салада көптеген монографиялар мен мақалалар жарық көрді, оқу құралдары жазылды, конференциялар мен симпозиумдар өткізілді. Мәтін теориясында көптеген нәтижелерге қол жеткізген неміс тілші ғалымы П. Хартманн өз еңбектерінің бірінде: «Қазіргі кезде мәтінді оқытуға негізделген лингвистика бар. Лингвистиканың бұл саласы тілдік зерттеулердің нәтижеге ең бай саласы. Ол лингвистикадағы қызығушылық диапазонын кеңейтеді және лингвистикалық пікірлердің топтамасына жол ашады. Лингвистиканың аталған жаңа саласын зерттеу ісі лингвистикалық зерттеулердің жаңа бастамасы болды», - дейді.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан негізі қаланған мәтін лингвистикасы бірнеше ғылымдар тоғысынан пайда болған ғылым саласы. Ол - тіл көркемдігін сипаттайтын дәстүрлі стилистикадан бастап, адам танымына жетелейтін когнитивтік лингвистика, философияға дейінгі аралықты қамтиды.

Ал ХХ ғасырдың соңғы ширегінде тіл білімінде мәтін лингвистикасы қарқынды дами бастады. XXI ғасырда, әлемдік лингвистикада мәтін лингвистикасының ілгері қадамдар жасайтынына сеніміміз мол

1. 2 Мәтін түрлері және олардың рөлі

Мәтін - бұл жалпы тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе элементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән - мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды.

Мәтіннің үш түрі болады:

1. Әңгімелеу (не істеді?)

2. Сипаттау (қандай?)

3. Пайымдау (неліктен?)

1. Әңгімелеу мәтіні. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді.

2. Сипаттау мәтіні дегеніміз белгілі бір нәрсенің, құбылыстың сын сипатын егжей-тегжейлі сипаттайтын мәтін түрі. Сипаттау мәтінінің басқа мәтіндерден айырмашылығы: етістіктері өткен немесе осы шақта қолданылады; сипаттама тілі (сын есімдер, үстеулер) ; көңіл-күй етістіктері мен нақты зат есімдер; сенсорлық елестетуді қолданады; сипаттау үшін салыстыруды қолданады. Сипаттау мәтінін табиғат көріністерін, адам портреті бейнесі т. б. сын есімдер, үстеу түрлерін қолданып, заттардың салыстырмалы түрде сипатталуын да көре аламыз.

3. Пайымдау мәтіні. Пайымдау - логикалық ойлаудың екі типі. Ойдың ақиқатқа қарай ілгерілеуі білім шеңберінде тәжірибенің мәліметтері мен амалдарын жасайды, оларды қатаң тиянақталған ережелер бойынша реттейді. Оған қатаң анықтылық, бұлжымайтын шектеулермен схемаларға ойысу тән. Мұның өзі құбылыстарды дұрыс топтастыруға, білімдерді жүйелеуге мүмкіндік береді. Пайымдау индивидтің, әсіресе, утилитарлық міндеттерді орындауға үйреншікті жағдаяттарға ойдағыдай бейімделуін қамтамасыз етеді. Пайымның шектеулілігі оның икемсіздігі мен кесімдігі талдап отырған мазмұнынан шыға алмайтындығы болып табылады. Пайымдау - ойлау процесінің белгілі бір сатысы немесе ой тұжырымдаудың түрі; басты бір мәселеге жауап қайтаруда бір-бірінен туындайтын ой-пікірлер туындысы. Пайымдау тәсілін сипаттау, жинақтау және дәлелдеу - логиканың негізгі міндеттерінің бірі.

2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2. 1. Мәтінмен жұмыс кезінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану

Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу - олар мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толыққанды дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған міндеті - шәкірттерінің ой-өрісін кеңейтуге, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақ өткізу, оқу барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады.

Олар:

  • Дыбыстармен жұмыс
  • Сөздіктермен жұмыс
  • Сөздік қорларын жетілдіру
  • Тіл дамыту
  • Ережемен жұмыс
  • Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру

Мәтінмен жұмыс істеудің мынадай кезеңдерге бөлінеді:

  • Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс
  • Мәтінмен жұмыс кезеңі
  • Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең

1. Мәтін алдындағы жаттығулар мен соған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері т. б. ) меңгерту.

2. Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әртүрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс кезеңі былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі, жанама ойды таптырту, қорытынды жасату. Мәтін мағынасын толық түсіну дегеніміз - мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оның ішіндегі жеке сөздерді түсіну керек. Бұл жеке сөздер түсінікті болса, тұтас мәтін де түсінікті болады деген ой туады.

3. Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, мәтіндегі негізгі ойды қазақ тілінде жеткізе білу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі сөздігі
2003 жылы тіл мен әдебиет саласы бойынша бекітілген кейбір терминдердің қалыптасуы, бірізділігі, жүйелілігі
Мекеменін жеке адамдарға арналған құжаттары, мінездемелері оларды ресімдеуге қойылатын талаптар
Салыстырмалы талдау
Әбіш Кекілбаевтың тілдік тұлғасы
ЗАҢ МӘТІНДЕРІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ағылшын және қазақ тіліндегі лакуналар мен жалқы есімдерді баламасыз лексика ретінде қарастыру және олардың аудару кезіндегі ерекшеліктерді анықтау
СӨЗ МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ АҚПАРАТ
Қазақтың салт-дәстүрін суреттеп аудару арқылы баяндау
Қазақ тіліндегі заң терминдерінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz