Педагогтардың кәсіби қажуының психологиялық ерекшеліктерін анықтау және психопрофилактикалық бағдарлама әзірлеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі: Педагог кәсібі - психоэмоционалды аймақтың жоғары қысымдылығымен және де кәсіби қажу синдромының пайда болу ықтималдылығын жоғары деңгейімен ерекшеленетін «адам-адам» кәсіп типіне жатады. Қазіргі уақытта бұл синдром диагностикалық статусқа ие. Қазіргі заманда педагогтар жоғары педагогикалық күшпен, талапты қажет ететін міндеттерді орындауға тиісті, сондай-ақ, қысқа уақыт ішінде үнемі өзгеріп отыратын оқу пәндерінің жаңа мазмұнын меңгеруге, білім берудің жаңа формалары мен тәсілдерін, тәрбиенің эффективті жолдарын іздестіруге, гуманистік парадигмаларды жүзеге асыруға міндетті. Ал бұл міндеттерді орындау - психологиялық дені сау, компетенттілігі жоғары, креативті педагогтың ғана қолынан келетіні анық. Педагогтың психологиялық денінің саулығы оқушылардың тұлғалық қалыптасуы мен білімдерді меңгеруіне тікелей әсер етеді. Көптеген субъективті және объективті эмоциогенді факторлардың әсерінен педагогтарда қанағаттанбау сезімі, өзін нашар сезіну, көңіл-күйдің төмендеуі, шаршау пайда болады. Осындай психологиялық, физиологиялық көрсеткіштер кәсіби дағдарысқа, стресс пен қажуға, алып келетін жұмыс барысының жоғары қысымдылығын көрсетеді. Жоғарыда аталып өтілген процестердің нәтижесінде педагогтың кәсіби эффективтілігінің төмендеуі орын алады: педагог өз міндеттерін орындауды тоқтатады, өзінің қызметіне деген шығармашылық бағдарын жоғалтып, өзінің кәсіби іс-әрекетін, рөлі мен қарым-қатынас аймағын деформациялайды. Қазіргі қоғамда білім жүйесінде педагог мамандарына талаптар өте жоғары. Педагогтар осы талаптарға орай үнемі өз кәсіби компетенттілік деңгейін көтеріп отыруға ұмтылады. Ал бұл өз кезегінде физикалық және интеллектуалдық шамадан тыс жүктемеге алып келуі мүмкін. Жалақының төмендігіне байланысты педагогтардың қосымша оқу жүктемесін алуға мәжбүр, яғни оқушыларға репетиторлық қосымша сабақ беру т. с. с. Шамадан тыс жүктеме жеке өміріне, отбасы мәселесіне кері әсерін тигізіп жатады. Сонымен қатар, мұғалімдердің өз балалары соңғы планға ығыстырлады, яғни өз балаларына уақыты болмай жатады. Бұл өз кезегінде өзін өзі кіналау сезіміне алып келеді.

Кәсіби қажудың алдын алу үшін, отбасының, басқарушының, достарының, ұжымдастарының тарапынан әлеуметтік қолдау өте маңызды болып келеді. Сонымен қатар, әкімшілік тарапынан қолдау, кері байланыста маңызды рөл атқарады.

Бүгінгі мектеп оқушысы, жас буын - қоғамның ертеңгі құраушылары, біздің ертеңгі болашағымыз. Ал осы жас буынның психологиялық дені сау, бәсекеге қабілетті, адами құндылығы жоғары тұлға болып қалыптасуында тек ата-ана мен ортаның ғана емес, сонымен қатар педагогтың да ықпалы жоғары. Сондықтан да психологиялық тұрғыдан дені сау, жоғары компетентті, стреске тұрақты, креативті педагогтар - біздің кемел болашағымыздың кепілі деуге болады.

Мақсаты: Педагогтардың кәсіби қажуының психологиялық ерекшеліктерін анықтау.

Міндеттері:

  • Психология ғылымындағы кәсіби қажу мәселелері, оның негізгі факторлары мен дамуы зерттелген еңбектерге шолу жасау;
  • Педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктерін әдебиеттерге сүйене отырып сипаттау;
  • Педагогдардың кәсіби қажу синдромы мен оның салдарларына теориялық талдау жасау;
  • Педагогтардың кәсіби қажу синдромының алдын алу жолдарына шолу;
  • Зерттеу нәтижелерін өңдеп, сандық талдау жасап, қорытындылау.

Зерттеу обектісі. Педагогтардың кәсіби қажуы

Зерттеу пәні. Педагогтардың кәсіби қажуының психологиялық ерекшеліктері

Зерттеудің болжамы. Педагогтардың еңбек өтілінің мерзімі ұзақ болған сайын кәсіби қажу деңгейі де жоғары болады.

Зерттеу базасы. Зерттеуге Нұр-Сұлтан қаласының №64 мектеп-лицейі (24 педагог), №72 мектеп-лицейі (20 педагог) және №77 орта мектебі (16педагог)

25-40 жас аралығындағы еңбек өтілі 3-15 жыл аралығын құрайтын педагогтар.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Педагогтардың кәсіби қажу синдромының психологиялық ерекшеліктері зерттелген бұл ғылыми жұмыс педагог-мамандардың кәсіби қажуының негізгі факторларын анықтап, алдын алу мақсатындағы психопрофилактикалық бағдарламаның жасалуы.

Зерттеудің теориялық құндылығы. Бұл диссертациялық жұмыста педагог мамандығының барлық ерекшеліктері, педагогтардың кәсіби қажуының факторлары, даму сатылары мен салдарлары толық сипатталып, эмпирикалық тұрғыда зерттелген.

Зерттеудің практикалық құндылығы. Елімізде қазіргі кезде жаңа заман талаптарының артуы, инновациялық өрлеу, білім берудегі жаңа бағдарламалар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогтардың кәсіби қажуының психологиялық ерекшеліктері: теориялық талдау
Педагогтардың кәсіби психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту тренингі
Кәсіби тұлғаның сенімдері мен бағдарлары: мотивация, өзін-өзі анықтау және педагогтардың кәсіби дамуы мен күйіп қалуын алдын алу
Дарынды балалардың қабілеттерінің психологиялық ерекшеліктерін анықтау және дамыту
Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін үздіксіз дамыту үдерісі
Коучинг арқылы жетекшілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту: әдістемелік негіздер мен бағдарлама әзірлеу
Ақпараттандыру жағдайында педагогтардың АКТ арқылы кәсіби құзыреттілігін дамыту тұжырымдамасы
Қазақстанның білім беру жүйесі: құрылым, мақсаттар және педагогтардың кәсіби құзыреттілігі
Толық емес отбасынан шыққан балалардың психикалық ерекшеліктерін анықтау
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту - білім сапасын көтерудің теориялық және практикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz