Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары

Орындаған: Қожантай Жансая
Тексерген: Токсанбаев Алпамыс

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мүмкін бе?
Стратегияның негізгі бағыттары қандай?
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Сыбайлас жемқорлық адамзаттың ұйымдасқан қоғам пайда болғаннан бері оның құрамдас бір бөлігі болып келетіні ежелден анық. Билік басындағы адамдардың өз құзырын асыра пайдалануына жол бермеу жолдарын қарастыру ежелгі Грекия мен Рим заманындағы зерттеушілер, ғалымдар еңбектерінде маңызды орын алған тақырып. Бүгінгі күні мемлекеттің дамуын тежейтін ішкі факторлардың ішінде сыбайлас жемқорлық, онымен күрес жолы ең күрделі және мемлекеттің халық алдында, халықаралық деңгейде беделін түсіретін құбылыс болып отыр. Жемқорлықпен күрестің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, оның халықаралық құқық саласында бірауыздан мойындалған анықтамасы жоқ екенін, онымен күрес салдары, тәжірибесі әр мемлекетте әртүрлі болғандығын көрсетіп отыр. Дамыған Еуропа елдері мен АҚШ-та саяси партиялар арасында партиялық сыбайлас жемқорлық етек алған. Дамушы елдерде сыбайлас жемқорлық мемлекеттің аппараттың барлық сатыларында кездеседі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы 2003 жылы қабылданды, 2008 жылы конвенцияны Қазақстан Республикасы да ратификациялай отырып, оған мүше 140 мемлекеттің қатарына кірді. Осы конвенцияда қатысушы мемлекеттерге ұсынылған талаптардың басым бөлігі Қазақстанда жүзеге асырылуда. Конвенцияның 6, 36-баптарында айтылған сыбайлас жемқорлықпен күресуге арнайы мамандандырылған мемлекеттік орган құру, мемлекеттік қызметке кадрларды конкурс негізінде қабылдау, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін қабылдау, мемлекеттік сатып алуларда ашықтық пен бәсекелестікті қамтамасыз ету туралы талаптар жүзеге асырылды. БҰҰ ұсыныстарындағы 13-бап қарастыратын талаптар сыбайлас жемқорлықпен күреске мемлекеттік ұйымдармен қатар азаматтық қоғамды жұмылдырумен байланысты болады. Осы бағытты іске асыру Қазақстан Республикасының алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл - ...жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы.
БҰҰ-ның құжаттарында қолданылатын жемқорлық терминінің халықаралық-саяси анықтамасы мынадай деп берілген: сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттік билікті жеке бас пайдасы үшін, үшінші бір тұлғалар мен топтардың мақсаты үшін асыра пайдалану. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық - бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады.
Пара дегеніміз не? Бұл лауазымды тұлғаның басқа бір тұлғадан лауазымына қатысты көрсететін қандай да бір қызмет түріне берілетін ақша немесе өзге игіліктерді алуы. Бұл жағдайда көрсетілген ақша мен игіліктерді әрдайым парақордың жеке өзі алмайды, оларды көбіне оның жақын адамдарына немесе жасанды жалған ұйымдарға ұсынады. Пара деп саналатын нәрселер:
Заттар - ақша, оның ішінде валюта, банк түбіртектері мен құнды қағаздар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, пәтерлер, саяжайлар мен қала сыртындағы үйлер, азық-түліктер, тұрмыстық техника мен аспаптар, өзге тауарлар, жер учаскелері және өзге жылжымайтын мүлік.
Қызмет түрлері және олжа - емделу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаторлық және туристік жолдамалар, шетелдік сапар, ойын-сауықтар мен басқа шығындарды өтеусіз немесе төмен бағамен төлеу.
Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты қандай жағдайда да өздері үшін пайдалы немесе зияны жоқ құбылыс ретінде қарастырады:
- Мұның несі жаман? Көбірек төледім, есесіне техникалық байқаудан ешбір қиындықсыз өттім, оған қоса уақытты да үнемдедім.
- Дипломды сатып алдым да, ұлымды беделді жұмысқа орналастырдым. Бұдан кімге жаман болды?
Ақыр аяғында бұл тек бәрі үшін жаман ғана емес, сондай-ақ әрбір адам үшін қауіпті. Өйткені заң билігі әділ болмаса, ол кез келген адамды бүлдіруі мүмкін және саруайымға түсіріп, жат етуі мүмкін.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет! Өйткені сыбайлас жемқорлық тәсімінде параны көбірек беруші ғана жеңіске жетеді. Бір қорқыныштысы - сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана-сезіміне залал келтіріп, дүниетанымдарын бұзады.
Бұл әлеуметтік қауіпті құбылыспен күресудің өзектілігі бірқатар жағдайларға негізделген:
● сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерінің шындап бұзылуына әсер етеді;
● сыбайлас жемқорлық қылмыстың субъектілері әдетте жоғары қоғамдық жағдайда болады;
● әбден жетілдірілген зияткерлік тәсілдермен айналысу; бұл құбылыс әртүрлі жағдайларға үздіксіз өзгере және жетілдіріле отырып бейімделеді;
● осы іс-әрекет келтіретін үлкен материалдық және моральдық шығын;
● ерекше беймәлімсіздік - бұл құбылыс туралы толық деректің немесе көрнекі дәлелдің жоқтығы, қылмыстық сотқа тартылатын кінәлі тұлғалардың аздығы және олардың тек бірен-саранына ғана шынайы қылмыстық жаза қолданылуы;
● сыбайлас жемқорлық тек жасырын сипатта ғана емес, сонымен қоса келісімді түрде жасалады, қағида бойынша ол өз артынан шағым тудырмайды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫ
Жемқорлыққа төзбеушілік идеясы
Персоналды басқару бөлімі
Қазіргі Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жағдайы
Сыбайлас жемқорлық туралы мәліметтер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
Өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас - жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері
Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың саяси тетігін әзірлеу
Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Пәндер