Отандық фармацевтік салалардың бәсекеге қабілеттілігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Отандық фармацевтік салалардың бәсекеге қабілеттілігі

Орындаған: Нұрмұқан Ш.А.
Тексерген: Асрандина С.Ш.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазақстанның фармацевтикалық өндірісінің жағдайы
Қазақстандық фармацевтикалық нарықтың көшбасшы зауыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Денсаулық сақтаудың маңызды міндеттерінің бірі - халықты қауіпсіз, тиімді, сапалы және қолжетімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Осыны негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының (ҚР) Президенті Н.Ә. Назарбаев Үкіметке Ұлттық фармацевтикалық өндірушілер есебінен ішкі тұтынуды дәрілік препараттармен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойды. 2016 - 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылы Қазақстан Республикасының 2010 - 2014 жылдарға арналған фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламасының жалғасы ретінде бекітіліп, бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі халықты отандық өндірістегі медикаменттермен қамтамасыз ету мәселелерін, дәрілік заттардың қолжетімділігін, сапасы мен қауіпсіздігін, тиімді қолданылуын қамтамасыз ету сияқты негізгі міндеттерді жүзеге асыру үшін іс-шаралар кешенінің тиімділігін әзірлеу, орындау және мониторинг жасауды алдын-ала қарастыратын дәрілік қамтамасыз ету және Денсаулық сақтау жүйесін дәрімен қамтамасыз етудің Ұлттық саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Осыған байланысты Қазақстанның фармацевтикалық нарықтағы отандық дәрілік препараттардың негізгі даму қарқынын талдау өзекті болып қалуда. Фармацевтика саласын басқару кезіндегі, яғни дәрілік заттармен халықты қамтамасыз етудегі жедел шешім қабылдау, әдетте, дәрілік препараттар нарығында қалыптасқан жағдайды маркетингтік талдауға негізделеді. Осы мәселелерді қарастыру қажеттілігі халықты отандық дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтауға және Қазақстан Республикасында отандық дәрілік заттарды тиімді қолдану жүйесінің жаңа әдістемелік жолдарын ғылыми негіздеуге мүмкіндік берді.
Фармация саласындағы ғылыми тәжиребелік жұмыстар елімізде 1951 жылы басталды. Қазір Қазақ Ұлттық Медицина университетінің фармацевтика факультеті, Алматы дәрігерлер білімін жетілдірі институтының клиникасы, Фармакология кафедрасы, Республиканың жоғары медициналық оқу орындарындағы арнайы кафедралар шұғылданады. 2016 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан Республикасында 3228 дәріхана, 1144 дәріханалық пунктер, 2358 дәріханалық киоскілер, 626 дәріханалық қоймалар, 115 фармацевтік өндірістер жұмыс істейді. Республикада фармацевтика жүйесінде 12 мыңнан астам адам қызмет етеді, олардың 5,5 мыңы жоғары дәрежелі мамандар.
Қазақстандағы медикаменттердің жиынтық нарығы шамамен 6000 атауды қамтиды. Сарапшылардың бағалауы бойынша 2009 жылы ЖІӨ өсімінен орта есеппен 1,5 -2 еседен асатын тұрақты жылдық өсім үрдісімен 1 млрд долларды құрады.
Фармацевтика өнеркәсібі ел аумағындағы дамушы сала. Дегенмен фармацевтика және медицина өнімі өндірушілерінің жалпы 79 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл ретте 6 ірі зауытты айрықша атап өтуге болады. Олар мыналар: "Химфарм" АҚ, "Глобал Фарм БК" ЖШС, "Нобел АФФ" АҚ, "Ромат" фармецевтикалық компаниясы, "Нұр-Май Фарм" ЖШС, "Қарағанды фармацевтика кешені" және медициналық жабдық бойынша "Ақтөберентген" АҚ толық циклды өндірісі бар кәсіпорны.
Қазірдің өзінде біз санамалап өткен еліміздегі ең ірі бес-алты компанияның үшеуі - шетелмен бірлестікте. Қазақстандағы фармацевтика өнімдерін шығаратын ең ірі "Ромат" фирмасы Прагадағы Favea Europe компаниясымен келсім жасасқан. Ромат компаниясы Павлодар мен Семей қалаларында құны 37 миллион еуро болатын екі фармацевтикалық зауыт салуды жоспарлап отыр.
Фармация халыққа дәрі-дәрімекпен көмек көрсетуді іске асыратын сала. Фармацияның негізіне дәрілік заттарды анықтау, іздеу, оларды зерттеу, дайындау, қалыптау және шығару, сұрыптау, стандарттау, сақтау, тарату және фармациялық қызметті ұйымдастыру жатады. Фармацияның тарихы адамзат тарихымен бір.
Қазақстан республикасындағы фармацевтикалық өндірістерді дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау және оның өнімділігін арттыру ұлттық экономиканы дамытуға ең қолайлы жолдардың бірі болып табылады. Осының арқасында республика аумағында шамадан тыс көбейіп кеткен импорттық медикаменттерді отандық фармацевтикалық заттармен алмастыруға жол табылады. Қазіргі таңда экономикада қалыптасып отырған тоқырау тек қана импорттық заттарды отандық тауарлармен алмастыру арқылы шешуге болады.
Импорттық фармацевтикалық тауарлардың біздің елімізге қарай шығаруын азайту үшін мемлекеттік басқару органдарының белсенді араласуын қажет етеді.Бірінші жағынан, импорттық заттарды алмастыру елдің экономикасын құрлымдық тұрғыда өзгертілуін қажет етеді. Басқаша айтқанда импорттық заттарды алмастыру үшін мемлекеттік басқару органдарының белсенді осы бағытта жүргізіліетін жұмыстарын қажет етеді. Екінші жағынан, импорттық фармацевтикалық заттарды отандық медикаментермен алмастыру жұмысы бірінші кезекте жергілікті тауар өндірушілердің ішкі нарықтағы бәсекелестік қуатын арттыруды қажет етеді. Сонымен қатар ескірген, болашағы жоқ дәрі-дәрмек өндірістерін жауып тастау және болашағы үлкен, бәсекелестікке ыңғайы бар өндірістерді барынша қолдау керек. Үшінші жағынан, елімізге импортталатын дәрі-дәрмектердің көлемін заңды түрде азайту қажет. Осындай жағдайға қол жеткізу тек қана отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту және отандық дәрі-дәрмектерге сұранысты арттыру арқылы қол жеткізуге болады.
Отандық дәрі-дәрмектерге сұранысты арттыру үшін иновациялық жолды таңдау және дәрі-дәрмектерді диверсификациялау қажет. Диверсификация дегенміміз - науқастарға ұсынатын дәрі-дәрмектердің клиникалық көрсеткіштерін жақсарту, оның 45 тиімділігі төмен жақтарын арттыру. Сол арқылы отандық фармацевтикалық заттардың науқастардың сұранысына сай болуын қамтамасыз етеді. Бесінші жолы, отандық фармацевтикалық заттардың өзіндік құнын төмендету арқылы оның нарықтағы өнімділігін арттыру. Алтыншы, Республиканың халықаралық нарықтық сауда саласындағы жағдайын жақсарту. Оның негізгі мағынасы отандық фармацевтикалық заттардың құнынын төмендету арқылы импорттық заттардың да арзандауына жол ашу. Импорттық заттарды алмастыру мемлекеттік экономикадағы сапалы өзгерістердің бірі болып табылады. Осы арқылы отандық фармацевтикалық зауыттардан шығарылатын тауарлардың бәсекелестікке қабілеті арттырылып, өндіріске болашағы үлкен иновациялық жаңалықтарды енгізуге жол ашады. Сонымен, импорттық тауарларды алмастыру Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін арттырады. Қазақстан Республикасындағы импорттық тауарларды алмастыру бағдарламасы көбнесе фармацевтикалық өндірістегі бәсекелестікке даяр медикаменттері бар және осы салада өндіріске қажетті заттармен салыстырмалы түрде жақсы қамтамасыз етілген ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие және сатылым маркасы жоғары заттарға тікелей тәуелді. 2000 жылдан бастап ұлттық өндірісті дамыту барысындағы саясат бірінші кезекте инновациялық жүйелерді ендіруге қолайлы салаларды қамтыды. Осындай салалардың бірі фармацевтикалық салалардың бірі болып табылады.
Фармацевтикалық саланы басқарудағы қысқа мерзімді жылдам шешім қабылдау ісі маркетингтік талдауға және қысқа мерзімді маркетинг жүргізуге негізделді. Тексерілген стратегиялық шешімді қабылдау үрдісінде, басқару нысанының жүйелі мониторингі анықтауға мүмкіндік беретін, ұзақ мерзімді даму бағытын ескеру қажет. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібінің тұрақты дамуы үшін, осы маркетингті зерттеу мен мемлекеттік қолдау негізінде, жаңа инновациялық әдістерді еңгізуді қамтамасыз ету қажет. Болатын өзгерістерді талдаусыз және бүгінгі күннің талаптарын анықтамай, салаға жеке инвестицияларды тарту механизмін пайдаланусыз, мемлекеттік қолдау деңгейін анықтамай Қазақстанның фармацевтикалық саласын одан ары дамыту мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығы - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) ішінде Ресей мен Украина нарығынан кейін үшінші орынды қамтиды. IMS Health мәліметі бойынша ТМД фармацевтика нарығындағы Қазақстан Республикасының үлесі 2014 жылы 7%-ды құрады. Қазақстан Республикасында фармацевтика өнімін жан басына шаққандағы тұтыну үлесі - 78 АҚШ дол. құрап, ТМД бойынша көлемі жағынан екінші орынды қамтып отыр. Алайда көрсетілген деңгей кез келген Еуропа елінің қол жеткізген көрсеткіштерінен айтарлықтай төмен. 2015жылы Европа одағында, Шығыс Еуропада және ТМД-да жан басына шаққанда дәрілік заттарды тұтыну, орта есеппен алғанда 150 долларды құрады. Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібі шет елдік фармацевтика шикізатына, жабдықтар мен орама материалдарына айтарлықтай мұқтаж. Қазахстанда 10 мыңнан астам дәрілік препараттар тіркелген, дүние жүзінің 100 елінен келген өкілдер жұмыс істейді. Импорт көлемінде Батыс, Шығыс Еуропа елдерінің үлесінің өсу үрдісі байқалады. Дәрілік заттардың импортын бағасы бойынша 68,6%-ын, саны бойынша 54,5%-ын қамтамасыз ететін елдердің бірінші ондығына Германия, Франция, Ресей, Үндістан, Венгрия, Бельгия, Италия, Словения, Австрия және АҚШ кіреді. Отандық дәрілік заттардың өндірілуі Қазақстанның жалпы фармацевтикалық нарығының шамамен 8% - 12%-ын құрайды.
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығы орталық Азиядағы ең үлкен және өте дамыған нарықтардың қатарына жатады. Алайда бұл сала дамыған елдердегі фармацевтикалық нарыққа қарағанда өте төмен деңгейде дамыған деп айтуға болады. Тәуелсіздік жылдардағы еліміздің экономикалық дамуы мұнай мен газ және тау-кен өндірісінің жылдам дамуына тікелей байланысты. Сонымен қатар осы екі саланың дамуы фармацевтикалық заттардың сатылуын барынша жоғары көтеріп денсаулық сақтау саласының өсуіне жол ашты. Қазіргі таңда Қазақстандық фармацевтикалық компаниялар отандық нарықта үлкен кемшіліктерге ие болып отыр. Оның себебі тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жасалынып жатқан мүмкіншіліктері болып табылады.
Осы кепілдіктің арқасында экономиканың әртүрлі жағдайында оның ішінде тоқырау жағдайында тұрғындарға тегін медикаменттер беру үшін мемлекет тоқтаусыз фармацевтикалық заттарды сатып алуда. Осылайша біздің Республикадағы фармацевтикалық нарықтың 43%-ын мемлекеттің сұранысы құрайды. ТМД ішінде ол көрсеткіш өте жоғары болып есептелінеді, мысалы Ресейде мемлекеттің сұранысы бойынша фармацевтикалық заттарды сатып алу жалпы нарықтың 30%-ын құрады, ал өзге мемлекеттерде 10 - 12%-дан аспайды. Жалпы біздің Республика жыл сайын тұрғындарды тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 600 млн. АҚШ дол. жұмсайды.
Бірінші кезекте тұрғындардың дәрілік заттарға сұранысына олардың денсаулық көрсеткіштері әсер етеді. Соңғы 2010 - 2015 жылдары жүргізген зерттеу нәтижесіне қарағанда тұрғындардың аурушаңдық көрсеткіші динамикалық тұрғыда тоқтаусыз жоғарылаған. Егер 2010 жыл жалпы аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға балап есептегенде 105 мың 99 оқиғадан 2015 жылға қарай 105 мың 937,6 оқиғаға дейін өскен, оның ішінде бұл жалпы аурушаңдықтың өсуіне бірінші кезекте тұрғындардың алғашқы аурушаңдығы әсер етеді. 100 мың тұрғынға балап есептегенде 2010 жылы алғашқы аурушаңдық 69479,5 оқиға болса 2015 жылы 71748,3 оқиғаға дейін өскен. Бұл жағдай біріншіден жалпы тұрғындардың денсаулығының тоқтаусыз нашарлағанын көрсетсе, екіншіден созылмалы бейэпидемиялық аурушаңдықтың құрамы мен деңгейін арттырып отыр деуге болады.Статистикалық деректерге қарағанда тұрғындардың созылмалы бейэпидемиялық аурулармен аурушаңдықтың деңгейі 100 мың тұрғынға балап есептегенде зерттелген жылдары 89643,4 оқиғадан 93265,6 оқиғаға дейін артқанын көрсетеді.
Қазахстанда 10 мыңнан астам дәрілік препараттар тіркелген, дүние жүзінің 100 елінен келген өкілдер жұмыс істейді. Импорт көлемінде Батыс, Шығыс Еуропа елдерінің үлесінің өсу үрдісі байқалады. Дәрілік заттардың импортын бағасы бойынша 68,6%-ын, саны бойынша 54,5%-ын қамтамасыз ететін елдердің бірінші ондығына Германия, Франция, Ресей, Үндістан, Венгрия, Бельгия, Италия, Словения, Австрия және АҚШ кіреді. Отандық дәрілік заттардың өндірілуі Қазақстанның жалпы фармацевтикалық нарығының шамамен 8% - 12%-ын құрайды.
Аурушаңдықтың өсуі тұрғындардың дәрілік заттарға сұранысын тоқтаусыз арттыруға, әсіресе созылмалы бейэпидемиялық аурушаңдық тұрғындарды емдеуге қажетті дәрілік заттардың сұранысына тікелей әсерін тигізеді. Әсіресе жүрек-қан айналу жүйесінің аурулары, онкологиялық аурулар, ортопедиялық аурулар, тыныс алу, асқорту, несеп шығару ағзаларының сырқаттары жедел түрден созылмалы түрге айналып, стационарлық және амбулаторлық медициналық көмектің түрлерін арттыруда. Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында дәрілік заттарды қолдануға сұраныс арнайы көрсеткіштер жүйесімен зерттеледі.
Қазақстан Республикасында тіркелген барлық ДЗ, МҚБ және МТ үлесі барлық тіркелген фармацевтикалық өнімнің жалпы санының 8,42%-ын құрайды. Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өнім нарығының негізгі сипаттамасы - оның импорттық құрамының жоғары болуы. 2015 жылы медикаменттер импортының көлемі 932,7 млн. АҚШ долларын құрады (22,1 мың тонна), өткен жылмен салыстырғанда қысқару 16,8% құрады (сандық көлеммен 31,4%). Қысқару себебі теңгенің девальвациясы болды
Медикаменттер импортының бағасы бойынша алдыңғы қатарда Германия (16%), Франция (12%), Үндістан (9%) және Ресей (7%) . Дәрілік заттардың негізгі импортерлері -- 10 елге бағасы бойынша барлық медикаменттер импорты көлемінің 60%-дан астамы сәйкес келеді. Айта кететін қызық факт - заманауи фармацевтикалық өндіріс бойынша алдыңғы қатардағы елдер АҚШ, Швейцария және Ұлыбритания бағасы бойынша да, саны бойынша да ҚР-дағы ДЗ басты он импортер елінің қатарына кірмейді.
Сонымен, Республикамызда дәрілік заттардың өндірісі өте баяу дамуда деп айтуға толық негіз бар. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өндіріс орындары Республикада тұтынылатын медикаменттер көлемінің құндық көлемінде 10%-дан аспайтын деңгейді көрсетеді. Алайда біздің Республикамыздағы ішкі фармацевтикалық нарық жоғары қарқында өсуде, бұл ахуал республика тұрғындарының әлеуметтік экономикалық жағдайының жақсаруымен халықтың әл-ауқатының өсуімен тікелей байланысты болып отыр. Халықтың қымбат жаңа брендттік фармацевтикалық заттарға сұранысының артуы отандық өнеркәсіптің ішкі нарықтағы орнын төмендетті, оның негізгі себебі арзан бағамен емдік қасиеті төмен дәрілік заттармен байланысты болып отыр. Осыған қарағанда фармацевтикалық нарықтың негізгі бөлігін брендік қасиеті жоғары патенті бар импорттық медикаментпен құрау үстінде деп айтуға болады.Осындай импорттық медикаменттердің құндық отандық деңгейі 90%-дан асады, олардың заттай деңгейі 70%-ға жақындайды. Отандық фармацевтикалық фирмалардың қаржылық табысы шетелдік фирмалардың табысынан айтарлықтай төмен болып отыр. Сонымен қаржылық нарықта фармацевтикалық орны жаңа инновациялық патенті бар тауарларды ұсынуға жол ашады.
Қазіргі уақытта отандық фармацевтикалық өндіріс дамушы сала ретінде 78 ірі және кіші өндіріс кәсіпорындарынан, фармацевтикалық өнім шығаратын жергілікті және шетелдік өндірушілердің өндірістерінен тұрады. Ең ірі 10 зауыт үлесіне ҚР-да шығатын дәрілік заттардың құндық мағынада 95%-ы тиесілі.
Отандық фармацевтикалық нарықтың толық көрінісін түсіну үшін еліміздің фармацевтикалық өндірісінің тарихын қандай фирмалар жасағанын, қазіргі нарықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Қазақстанның 2010 жылға дейiнгi дамуы
Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық негіздері
Фармацевтік кәсіпорындар
Инфрақұрылымды, соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы
Кәсіпорынның тиімділігін арттырудағы ынталандыру
Жергілікті фармация
Басқарудағы ынталандыру және мотивацияның теориялық аспектілері
Бесінші жолы, отандық фармацевтикалық заттардың өзіндік құнын төмендету арқылы оның нарықтағы өнімділігін арттыру
Пәндер