Педагогикалық тәжірибе және инновация
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Озат педагогикалық тәжірибе және инновация
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І ТАРАУ. Педагогикалық тәжірибе және инновация
1.1 Педагогикалық тәжірибе және озат тәжірибе туралы ұғым, маңызды белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51.2.Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...9
ІІ ТАРАУ. Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату
2.1.Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу әдістері мен шығармашылық іс-әрекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2.2. Тәжірибе жинақтау барысында 2в сыныбындағы Мәтін және оның түрлері тақырыбындағы сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Негізгі нәрінен айрылған "озат тәжірибе" көпшілік пайдаланатын құнды құралдан гөрі, бір мұғалім туралы айтылған өмірбаян деректеріне ұқсап келеді. Мұның бәрі-К.Ушинскийдің Озат тәжірибені үйрену барысында бір адамнан екінші адамның алатыны-тек қана оның идеясы деген сөзін ескермеу салдары.
Басылым беттерінде озат тәжірибе туралы мақалалар көптеп басылып, тіпті арнайы кітапша түрінде жинақталып шығарылып та жатыр. Дегенмен, көпшілігінде, озат тәжірибенің өзінен гөрі оның иесі жайлы, оның жеткен жетістіктері туралы жалпылама айтылады да, озат тәжірибенің негізгі идеясы мен тәжірибе иесінің әдістемелік жүйесі (жоғары нәтижеге жеткізетін әдіс-тәсілдер жиынтығы), осы озат тәжірибенің дүниеге келуіне мұрындық болған жағдайлар, осы озат тәжірибе арқылы шешілетін мәселелер жайлы жеткіліксіз сөз болады.
Осы жерде мектеп көлемінде жалпылап, жинақтауға жарайтын озат тәжірибе мыңдап, аудан көлемінде таратуға болатын озат тәжірибе жүздеп саналатын, ал облыс, республика көлемінде зерттеп, жинақтап, таратуға болатын озат тәжірибе саусақпен санарлық екенін айта кетуіміз керек. Өйткені ғасырдың тоқсаныншы жылдары Москва облысында мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты тарапынан жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша мектепшілік деңгейде қолданылып жатқан он мыңға жуық озат тәжірибе, аудандық және қалалық көлемде қолданылып жатқан 1200 озат тәжірибе, ал облыстық деңгейде пайдаланып жатқан жүзден сәл ғана асатын озат тәжірибе бар екен. Қызылорда облысында осының оннан бірі бар деп есептесек, облыстық деңгейде сипаттап жазуға болатын он шақты ғана озат тәжірибе бар болып шығады екен.
Мектептегі озат тәжірибені зерттеу бағытында әдістемелік жұмыстарды қайта құрудағы маңызды нәрсе мектепшілік бақылауды күшейту де емес, ашық сабақтар мен семинар-конференцияларды жиі өткізу де емес, бірінші кезекте педагогикалық ұжымда ынтымақтастастық қарым-қатынас қалыптастыру болмақ. Сонымен бірге, әр ұстаздың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, мектепте тұлғалық бағыттағы жеке жұмыстарды жолға қою өте маңызды міндет болып табылады. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруға мектептің аудан орталығынан алыстығы емес, аудан бойынша ортақ әдістемелік қызмет желісінің жоқтығы көбірек әсер етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты.
Педагогиканың дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып арнайы ұйымдастырылған сипатта тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері.
1. Педагогикалық тәжірибе және озат тәжірибе туралы ұғым, маңызды белгілерін қолдану;
2. Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуымен танысу;
3. Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу әдістері мен шығармашылық іс-әрекет
4. Тәжірибе жинақтау барысында 2в сыныбындағы Мәтін және оның түрлері тақырыбындағы сабақ жоспары
Курстық жұмыстың нысаны (объектісі)
Озат педагогикалық білім беру мазмұнына сай бағалауды жүргізуде оқушыларды бағалауда ынталандыру әдістері, өзін - өзі бағалау және оның ықпалы
Курстық жұмыстың зерттеу пәні
Озат педагогикалық тәжірибе пәні бойынша теориялық және тәжірибелік бағытта зерттеу, қарастыру, талдау.
Курстық зерттеу әдістері
Теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау, және тәжірибеден өткізу.
Курстық жұмыстың болжамы
Озат тәжірибелер оқушылардың қызығушылығын арттырудың жолдарын қарастыру және зерттеу әдістермен танысып оны оқу процесінде қолдану.
Курстық жұмыстың құрылымы
Осы курстық жұмыс кіріспеден, негізгі мәселелерді қамтыған екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І-ТАРАУ. Педагогикалық тәжірибе және инновация
1.1.Педагогикалық тәжірибе және озат тәжірибе туралы ұғым, маңызды белгілері.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу , жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе-оқыту, білім беру және тәрбие тәжібесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі-бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.
Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрлі ше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе-мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озат тәжірибенің тар мағынасы:
Шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесінде жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлікпен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі-қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озат тәжірибенің екінші белгісі-педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық өнім -оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
* Оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;
* Өз беттерімен білім ала білуі;
* Білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;
* Оқушылардың жалпы дамуы.
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс- әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрғысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі-оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштерін және қолдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.
Жаңалық-озат тәжірибенің төртінші белгісі-педагогикалық озат тәжірибеде оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
Педагогикалық тәжірибеде практика нәтижесі ретінде шындық өлшемі болып табылады: ол ендірілген жаңаруларды (инновацияларды) не растайды, не теріске шығарады. Ол тәжірибеде дәстүрлі негізден бастау ала отырып, шығармашылық ізденіс пен жаңашылдыққа ұштасып жатады. Кейбір мұғалімдер педагогикалық мәселені педагогикалық міндеттен ажырата алмайды. Мысалы, пәні бойынша жоғары көрсеткіштерге жету үшін мұғалім оқушылармен қосымша сабақтар ұйымдастырады, үйге нормадан тыс көп тапсырмалар береді. Бұл жұмыстар алғашқы кезде уақытша нәтижелерге жеткізуі мүмкін. Бірақ бұл жағдайда оқушылардың танымдылық қызығушылығын арттыру мен олардың қоғамдық құндылықтарын қалыптастыру сияқты маңызы жоғары педагогикалық мәселелер назардан тыс қалып қояды. Жалпы алғанда, қосымша сабақтар мен тапсырмалар арқылы алынған нәтижелер педагогикалық шеберліктің және озат тәжірибенің маңызды белгісі, құнды қасиеті емес. Тіпті интуитивті жолмен табылған (теориялық негізделіп, әдістемелік жалпыланбаған) оқу-тәрбие жұмысындағы кейбір күрделі міндеттердің тамаша шешімдері де озат тәжірибенің негізгі белгілері болып саналмайды.
Педагогикалық озат тәжірибе-практика жүзінде іске асырылған алдыңғы қатарлы педагогикалық идеялардың жиынтығы.
Педагогикалық озат тәжірибенің мәнін тереңірек түсіну үшін педагог-ғалымдар оны қай тұрғыдан қарастыратынын білу керек. Озат тәжірибе педагогикада қазір бірнеше бағытта қарастырылады.
Педагогикалық озат тәжірибені мұғалімдердің өзіндік білім жетілдіру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру мұғалім өзінің және өзгелердің құнды іс-тәжірибесін зерттеп, жалпылау арқылы өз білімін жетілдіре алатынын білдіреді.
Педагогикалық озат тәжірибені мектептегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттырудың қажетті шарты ретінде қарастыруы жақсы жолға қойылған озат тәжірибені мұғалім мен әдіскедің педагогикалық шығармашылығын дамыту құралы ретінде қарастыру педагогтың озат тәжірибеге жүйелі зерттеу жүргізуі өз шығармашылығын дамытуына ықпал ететінін байқатады.
Педагогикалық озат тәжірибені тәжірибеде педагогикалық үрдістер мен жүйелілерді ғылыми зерттеу әдісі ретінде қарастыру ізденімпаз мұғалімдер үшін педагогикалық үрдістер мен жүйелілерді ғылыми зерттеуге жол ашатынын білдіреді.
Педагогикалық озат тәжірибені педагогика ғылымы мен практиканың өзара жүйелі байланысы ретінде қарастыру озат тәжірибе шын мәнінде ғылым мен практиканың сабақтастығы ретінде қарастырылатынын көрсетеді.
Педагогикалық озат тәжірибені педагогикалық іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастыру әрбір ұстаздың озат тәжірибені зрттеп, жалпылауы оның әдістемелік қызметінің ерекше бір саласы болып табылатынын байқатады.
Бұл қарастырулардың барлығы озат тәжірибенің өзіндік мәнін аша отырып, оның өзге іс-тәжірибе түрлерінен ерекшелігін ажыратып көрсетуге мүмкіндік береді. Тәжірибенің түрі көп екені белгілі: оң тәжірибе, эксперименттік тәжірибе, озат тәжірибе және жаңашылдық тәжірибе. Ұстаздан жоғары кәсіби және әдістемелік шеберлікті қажет ететін, жаңа нормативтік талаптарға негізделген тәжірибе оң тәжірибе, ал қарапайым мектептегі қатардағы мұғалімнің, көпшіліктің сұранысын қанағаттандыратындай дәрежедегі, тиімді жолмен қол жеткізген керемет жетістігіне негізделген тәжірибе озат тәжірибе деп аталады. Эксперименттік, озат және жаңашылдық тәжірибе озық тәжірибелер қатарына жатады, тек оң тәжірибе ғана оған жатпайды.
Осылардың ішінде тек озат тәжірибе ғана оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған күшті құрал бола алады. Қалған тәжірибелер озат тәжірибенің құрамдас бөліктері болып табылады.
Күнделікті сабақ беру барысында балаға терең білім, тәлімді тәрбие беру-әр мұғалімнің басты арманы екені даусыз. Оған жету үшін оқытудың мазмұн, мақсат, әдіс-құрал, жағдай сияқты негізгі салалары бойынша көп тәжірибе жинақтау керек. Оның екі жолы бар: бірі-өзгелердің озат тәжірибесін зерттеп-үйреніп, күнделікті тәжірибеде қолдану, екіншісі-эксперимент жолымен өзіндік жұмыс стилін қалыптастырып, өз тәжрибеңді жинақтау. Көп жағдайда бірінші жолды белгілі бір дәрежеде игеріп барып қана, екінші жолға түсуге болады деп есептеледі.
Жалпы алғанда, тәжірибелі мұғалім дегеніміз кез келген педагогикалық мәселені практикалық тұрғыдан шеше алатын, өз ісінің шеберіне кәсіби біліктілігі жоғары мұғалім. Осы уақытқа дейінгі кейбір түсініктер бойынша тек тәжірибелі мұғалім ғана шығармашылықпен жұмыс жасап, жаңашылдықпен айналыса алады делінетін. Мектеп өміріне педагогикалық инновациялардың тереңдей енуі бұл пікірдің негізсіздігін көрсетіп берді. Қазіргі жаңаша түсінік бойынша мұғалім оқыту барысында шығармашылық ізденіспен айналысу, өз тәжірибесінде әр түрлі жаңалықтар ашу арқылы ғана озат тәжірибе жинақтайды.
Педагог-ғалымдардың көрсетуінше, қазіргі кезде кәсіби біліктілігі мен әдістемелік шеберлік деңгейіне қарай ұстаздар төмендегіше жіктеледі:
1. Үйренуші-арнайы оқу орнында алған білімін мектеп практикасында пайдаланушы;
2. Ізденуші-өзінің және өзгелердің іс-тәжірибесін талдап, ой елегінен өткізіп, сараптаушы;
3. Шығармашыл-оқу-тәрбие үрдісінде белгілі бір бағыт бойынша сынақ өткізуші;
4. Жаңашыл-білім берудің жаңа жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдерін, құралдарын ойлап табушы;
5. Шебер-педагогикалық қызметте оңтайлы әдістемелік жүйе құрастырған озат тәжірибе иесі;
6. Инноватор-педагогикада, білім беруде қазіргі талаптарға сай жаңа бағыт жасаушы.
Ең бірінші кезекте мұғалімнің өзіндік жаңалығы болуы қажет. Ғылым жаңалығы түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс-әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.
. Тағы бір айта кетер нәрсе, озат тәжірибе иесінің педагогикалық шеберлігі жоғары деңгейде болатындығы. Педагогикалық шеберлік-кәсіби педагогикалық қызметті ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін ұстаздың тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы.
Оның құрамдас бөліктері:
1. Гуманистік бағыттылығы (қызығуы, құндылықтары, мұраттары);
2. Кәсіби білім (пәндік, әдістемелік, психологиялық);
3. Педагогикалық әдеп (адамгершілік, ізгілігі);
4. Педагогикалық техника (өзін-өзі ұстауы, мимика, ым-ишара).
Шебер мұғалімнің педагогикалық озат тәжірибесін зерттеу бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. Зерттеудің мақсат-міндеттерін тұжырымдау, өзекті тақырыптарды айқындау;
2. Шебер мұғалімнің педагогика ғылымы мен мектеп практикасындағы өзекті мәселелерді шешудегі жетістіктерін айқындау;
3. Озат тәжірибе туралы нақты мәліметтер мен деректерді жинау:
а)тікелей: оқу-тәрбие үрдісін бақылау, ұстаз және мектеп әкімшілігімен әңгімелесу, мектеп құжаттарын талдау.
ә)жанама: педагогикалық әдебиет пен мұғалім еңбегінің негізгі қолжазбаларын, қосымша әдістемелік тапсырмаларды (сауалнама, сұрақ, ашық тест) зерттеу;
4. Озат тәжірибені талдау, жалпылау және қорытынды жасау: зерттелген тәжірибенің типтік белгілері, педагогикалық мәні мен маңызы, шебер мұғалімнің жұмыс жүйесін негіздеу мен сипаттау.
1.2. Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы.
Инновация-педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп,мақсатыңа жету.
Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.
70-80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
Инновациялық мектептердің мақсаты-жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
* Білім мазмұнындағы инновация;
* Оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;
* Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;
* Мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:
--жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
--модульдық (бір-бірімен байланысты) бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
--жүйелі: Барлық мектептерде болатын өзгерістер.
Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
Модификациялық инновация педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды.
Комбинаторлық инновация- белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесінен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекеттік стандарттарының енгізілуі.
Инновациялық іс-әрекет- қоғамның әлеуметтік- экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысы дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-әрекетін саналы түрде өзгертеді. Инновациялық процестің кезеңдері:
* Инновацияның себептері;
* Жаңалықты жобалау;
* Жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұгалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:
* Мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым-қатынасы;
* Инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;
* Бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі.жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;
* Әлеуметтік - экономикалық жағдай;
* Инновациялық процеске қатысушылар, қарсы тұрушылар.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі-оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы , Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: Инновация-нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея. Майлс Инновация-арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз- дейді.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да , берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталад , педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Масырова Р.Линчевская Т-Жаңару дегенімізді былай деп түсіндіреді:Жаңару-белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатынжаңа идея.
Қазақстанда ең алғаш Инновация ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз-білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов Инновация білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңғырту кеңестігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке-дара,бір-бірімен байланыспаған);модульдік түрі(жеке-дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Ал жалпы инновацияны модификациялық , бұл комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.
Модификациялық инновация-бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық инновация-бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру.Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация-білімге мемлекеттік стандартты енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Инновациялық процестерді өндіру үшін өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясы меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет.Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қызметі бар адамды қажет ететін жұмыс.Шындығында әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. 21 ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері-кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды.
Инновациялық процестің негізі-жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға боладды:
--білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
--жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
--жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу жүйелі барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқында ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады,-деп атап көрсетілген.
Егерде Қазақстанды 2020 жылы білімді ел, ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күші бар мемлекет деп көргіміз келсе, онда білім жүйесін дамытуымыз қажет екендігі дау туғыздырмайтын мәселе екендігі анық. Ал бұл бағытта, әрине, жоғары мектептің алатын орны ерекше, өйткені құзыретті маман қалыптастыру мәселесі мемлекет саясатының негізгі нысанына айналғандығы Мемлекеттік бағдарламада мықтап көрсетілген. Мұндай мақсатта жоғары оқу орындары бірінші кезекте үйрену мен үйретудің басты әдістемесі мен технологиясы ретінде интербелсенді әдістемені таңдауы қажет.
Оқытудың инновациялық технологияларын оқыту процесінде тиімді және орынды қолданған жағдайда жеке бастың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады және мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке деген ұмтылысы, қызығушылығы артады.
Оқыту процесінде оқытудың инновациялық технологияларын қолдану және мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті. Жалпы орта мектептерде оқушылардың білімін жетілдіру және оларды белсендіру үшін оқытудың инновациялық технологияларын қолдану.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
--Оқытудың инновациялық технологияларына талдау жасалады;
--Оқытудың озық шығармашыл, жаңа технодлогияларымен қаруланған мұғалімдерді инновациялық іс-әрекетке ұмтылуға ынталандырады;
--Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыруға қол жеткіздіреді;
--Оқыту үрдісінің тиімділігін арттыра түседі.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
--әрбір бала білім алу, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
--өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
--аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

2.1. Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу әдістері мен
шығармашылық іс-әрекет
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе-оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу объектісі, фактілер мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі. Сондықтан педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіру де үлкен орын алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады.
Озат педагогикалық тәжірибе дегеніміз-қоғамдық педагогикалық қызметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, балалардың, ұжымының және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, педагогтың жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принциптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыруы деген сөз. Озат педагогикалық тәжірибе балаларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа идеяларын түрлі тұрғыдан қарау және технологиялардың бастауы.
Мақсаты:--жан-жақты жетілген, заман талабына сай қабілетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда инновациялық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру мектеп жасына дейінгі тұлғаның толыққанды дамуына белсенділік, жауапкершілік танытатын педагог қауымына инновациялық жұмыс түрлерін ұсыну.
Міндеттері:
1. Жан-жақты жетілген, заман талабына сай қабілетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда инновациялық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
2. Мектеп жасына дейінгі тұлғаның толыққанды дамуына белсенділік, жауапкершілік танытатын педагог қауымына инновациялық жұмыс түрлерін ұсыну.
Озат педагогикалық тәжірибенің екі түрі бар:
а) педагогтың ғылыми ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі;
ә) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, нысандары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары, т.с.с өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.
Озат тәжірибенің критерийлері :
1. Жаңашылдық-белгілі бір қалыптасқан әдістемені жоққа шығару емес, оны жетілдіру, толықтыру;
2. Жоғары нәтижелілік;
3. Тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі;
4. Тәжірибенің оңтайлылығы, көкейкестілігі, оның ғылым үшін және педагогикалық тәжірибе үшін құндылығы;
5. Бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі.
Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе-мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі.
Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Осыдан татымды табыстарды шығармашылықпен қолданудың нәтижесінде, мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір нақты жолдары іске асырыла бастады.
Олар:
Мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтау;
Педагогикалық еңбек шеберлігінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау;
Жалпы педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау;
Жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу.
Педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие саласындағы проблемалық мәселелерді зерттеу және жинақтау. Оқу мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін іздестіруде мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі-әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл мәселені ойдағыдай зерттеп, практикада дәлелдеу тікелей мұғалімнің өзіне байланысты. Мұғалімнің оқыту мен тәрбие әдістеріне байланысты басты мәселелерді таңдап алады да, олардың тиімділігін сабақтың немесе тәрбие жұмысының барсында бақылайды, терең зерттейді. Зерттеу материалдарында талдау жасап, қорытындысын үнемі дәптеріне жазып отырады.
Мұғалім әр сабақтың немесе тәрбие жұмысының өзіне тән ерекшелігін, әр түрлі әдістерді қолданудың тиімді жолдарын, оқыту мен тәрбие процесінде оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамытуды шығармашылықпен іздестіреді. Осының нәтижесінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен елеулі кемшіліктерді көре бастайды. Сөйтіп, оларды жоюдың тиімді жолдарын қарастырады. Ол үшін мұғалім педагогикалық әдебиеттермен танысады. Қажетті әдебиеттерге аннотация және библиография жасайды. Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысады, сабақтарына қатысады. Олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салыстырады, тиісті қорытынды жасайды.
Зерттеу жұмысына байланысты құжаттарды мұғалім бірте-бірте жинастыра береді. Оларға: сабақ жоспары, бағдарлама тақырыптары бойынша жасалатын тақырыптық перспектикалық жоспар оқушылардың жазба бақылау және кестелік жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысы мен жоспары, түрлі тақырыптарға жазылған оқушылардың баяндамалары жатады. Осы құжаттардың негізінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz