Отбасы басты құндылық ордасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
6
1
Отбасы басты құндылық ордасы
8
1.1
Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген заңдары
8
1.2
Отбасының даму кезеңдері және қызметтері
11
2
Отбасы- исламда баға жетпес құндылықтар
18
2.1
Халқымыздың әдеттiлiкке, ұнамды iзеттiлiкке тәрбиелеу қасиеттi қағидалары
18
2.2
Жақсы дос-сарқылмас дәулет
22

ҚОРЫТЫНДЫ
24

ПАДАЛАНҒАН ӘДІБИЕТТЕР ТІЗІМІ
25

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет, деп атап көрсетті. Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағының кепілі. Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін туабітті қа - сиеттер сияқты ұлттық рухани құн - дылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Ендеше ұлттық тәрбие - ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ.
Елбасы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Демек көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік.
Курстық жұмыстың мақсаты: 2020 жылғы республикалық бюджеттен 149,7 млрд теңге қаржы қарастырылған және ол жыл сайын кемінде 15%-ға артып келе жатыр. Әр жылы өтетін Мерейлі отбасы байқауында еліміздегі ең үлгілі отбасы - лардың өмірі насихатталып, түрлі айтулы марапатқа ие болуы да елімізде дәстүрге айналған. Әрине отбасылық саясаттан бөлек отбасылық құндылықтар деген бар. Ол халқымыздың тарихымен бірге қайнап, пісіп шыққан отбасылық дәстүрлер, отбасы мәдениеті мен этикасы. Отбасының қалыптасуына, қоғамның қалыптасуы тікелей байланысты. Әке - асқар тау, ана - мөлдір бұлақ, бала - жағасындағы құрақ, деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар рөлін айқындап тұрғандай.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:Тәуелсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағытында қыруар шаруа атқарылды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білім - ді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған сындарлы саясатының нәтижесінде ана мен баланы қолдау бойынша бағдарламалық құжаттар, гендерлік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты. Басқасын айтпағанда көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл сайын артып, көптараптанып келе жатқанын аңғару қиын емес.
Зерттеудің объектісі мен әдісі: Отбасы құндылықтары мен жанұяның өмірдегі маңызы
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Қазақтың тарихында киелі отба - сының қасиетті ұрпақтары туралы, олардың ел өміріндегі алатын орны, сіңірген еңбегі, қалдырған рухани байлығы, үлгі боларлық тірліктері, өнегелі өмірлері туралы мысалдар көп. Уақытында бізге бай, феодал ретінде оқытылған
Құнанбайдың өзі тегін адам болмағандығын еліміз егемендікке жеткенде ғана білдік. Кішкене артық сөйлеп кетіп Мен сізден оздым әке, мені бүкіл қазақ таниды деген Абайға, Е, Абай, сен менен оздым деуің үшін әуелі мен құсап өзің сияқты ұл тудырып ал деген сөзі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын өнегелі сөз
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Статистикалық көрсеткіш бойынша Қазақстанда неке құрған әр үш отбасының біреуі ажырасады екен. Мысалы, 2016 жылғы ресми мәліметтерге қарағанда, қалалық жерлердегі ажырасу деңгейі 40 пайыз болса, ауылдық жерлердегі ажырасу деңгейі 27 пайызға жеткен. Ажырасулардың 40%-ы алғашқы бес жылда орын алатындығы да ойландырады. Соңғы бес жылда еліміздегі тіркелген некенің саны азайып, ажырасулардың саны көбейген.

1 Отбасы басты құндылық ордасы
0.1 Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген заңдары

Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс - әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді.
Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі - ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы ерекше мән берген. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғымды пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, Еңбегі қаттының ембегі тәтті, Еңбек- өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі, Еңбек - түбі береке, Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.
Қазақ халқының күнделікті кәсібінде, тұрмыс- тіршілігінде төрт-түлік мал бағу, аң аулап кәсіп етуді ұйымдастыруында да экономикалық тәрбиенің нышандары айқын аңғарылады. Мәселен, Мал өсірсең - қой өсір, өнімі оның көл-көсір деп қой малының пайдасының зор екенін ұғындырса, ешкінің өсімталдығымен оның да пайдасы көп екендігін: Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да, есіңді жи деп нақты ұғымды кеңестер береді.
Ал, ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны аялауы мен оған деген,ізгі, мейірбан қарым-қатынасын мақтанышпен айтуға тұрады. Себебі олар көшпенді өмір сүргендіктен әркез өздерін табиғаттың бір бөлігіміз деп есептеген. Жер Анаға деген құрмет пен ізет олардың санасында ғасырлар бойы қалыптасқан.
Сондықтан, экологиалық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру әрекеттері қазақ отбасында бала аяғы шығып, апыл- тапыл жүре бастаған кезден-ақ қолға алынған. Мысалы, баланың тұсауын көк шөппен кесудің терең тәрбиелік мәнімен бірге тірі табиғатқа деген көзқарасын білдірген. Қазақ отбасындағы тәрбие құралдарының бірі болып есептелетін тыйым сөздердің мазмұны ата-бабаларымыздың экологиялық тәрбиеге зор мән бергенінің дәлелі болып табылады. Мәселен суға дәрет сындырма, көк шөпті жұлма, отқа түкірме және т.с.с.
Қазақ халқы адамның сұлулық сезімдерінің тұлға өмірінде зор рөл атқаратынын жете түсінген.Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және өнер деп білген.Қазақ отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсаты баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениетін,сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуының қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді.
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген . Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор.Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне сен деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.
Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.
Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген заңдары әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың , қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым- қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті.
Егер жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың отбасындағы әр адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны-өз үйінен де жақын, яғни берік қамалмен тең. Басқа халықтар үшін жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті
Тектілігі тереңге тамырлаған қазақ халқының бала тәрбие - сінде әкенің алатын орны ерекше болған. Отбасында бала есейген сайын оған әкесімен қарым-қатынас маңыздырақ бола бастайды. Ал бүгінде отбасында әкенің рөлі қандай? Бесіктен басталатын бала тәрбиесінде ата-ана жауапкершілікті қаншалықты елеп жүр? Сон - дай-ақ, қазіргі қазақ отбасында бала тәрбиесіндегі ұлттық ерекшеліктер бар ма? Отбасылық құндылықтар төңірегіндегі жүргізілген сауалнамада қойылған сұрақтарға көпшілік қандай пікір білдіріп, қалай жауап бергендігін білу үшін қорытындысымен танысқан болатынбыз.
Жауап берушілердің 69%-ы бүгінде отбасында отағасы жарына жылы сөзін арнап, ал балаларына әр кез көңіл бөліп жүреді, 3,8%-ы бала тәрбиесінде әке отбасына суық қабақ танытып, оларды қас-қабағымен басқарады дейді. Ал, 12 пайызы көп жағдайда отбасылық өмірдің тізгіні әйел адамның қолында болып, әкенің рөлі екінші орынға ысырылып қалып жататынына келіседі. 15,2 пайызы өз ойларын білдірген.
Иә, шындығында отбасы құндылықтары немен өлшенбек? Әр отбасы балаға тәлім-тәрбиені өзінше беріп жатыр. Бүгінгі қоғамның қатаң заңы да отбасылық құндылықтарды көше тәрбиесімен ауыстырғысы келеді. Біз оған жол бермеуіміз керек. Себебі ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы.
Отбасының даму кезеңдері және қызметтері
Барлық бақытты отбасылар бірдей бақытты, ал барлық бақытсыздар өздерінше бақытсыз. Л.Н.Толстой
Отбасында тұлғааралық шиеліністер
Отбасы-адамдардың байланысуының әмбебап институты. Бұның әмбебаптылығы ол бірнеше адамның (күйеуі және әйелі содан кейін балалары, олармен бірге күйеуінің немесе әйелінің ата-аналары бірге тұруы мүмкін) тәртіптік міндеттерін байланыстыратын мықты бірлестік. Осы бірлестікте адамдар осы байланыста уақыттарының көп бөлігін арнауға, байланысу процесінде бір-біріне қуаныш және қанағаттанушылықты беруге ұмтылады.

0.2 Отбасының даму кезеңдері және қызметтері

Дегенмен отбасы даму процесінде болады, нәтижесінде ойламаған жағдайлар туады және отбасы мүшелеріне осы өзгерістерге жауап беруге тура келеді. Олардың әртүрлі жағдайлардағы жүріс-тұрысына темперамент, мінез және жеке тұлғаның өзі әсер етеді. Әрбір отбасындағы мүшелер арасында әртүрлі кикілжіңдер болатындығына таң қалмаймыз. Ұзақ уақыт мерзімінде бірге болған әрбір отбасында шиленісті жағдайларды тудыруы мүмкін маңызды өзгерістер болатын кезеңдер кездеседі. Олардың ішінде негізгілерін атап өтейік.
Бастапқы кезең - жұбайлардың бір-біріне бейімделу жүреді. Статистика бойынша бір жылдық бірге тұру кезінде некенің 30 пайызына дейінгі мөлшерде бұзылады.
Екінші кезең - көп уақытты арнауға қажет ететін балалардың пайда болуы жұбайлардың професионалды өсу мүмкіндіктерін, бұрынғы қызығушылықтарын қанағаттануын шектейді, балалардың професионалды бағдарлануы оларды тәрбиелеу бойынша мәселелерде қарама-қайшы ойлар пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдай жеке тұлғааралық шиеленістерге әкелуі мүмкін.
Үшінші кезең - жаңа отбасы мүшелерінің- келін, немере және келесі жақтын ата-аналардың отбасына қосылуы. Қартайған шақ және үлкен жастын ұлғаюы өзінді проблемалар туғызады. Әрбір осы кезеңдер өзіндік арнайы шиеленістік жағдайлар мен шиеленіспен сипатталады. Отбасының дамуының кез-келген шағында жеке тұлға аралық шиеленістердің пайда болуына әртүрлі сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін. Ең алдымен бұл қоғамда жүретін өзгерістер, мысалы, моралдық және мәдениеттік критерилердің өзгеруі, культың дұрыстығы және сезімдік қажеттіліктердің (уақыт және ішкі энергияның шығының қажет ететін интелектуалдыққа қарама-қайшылық) қанағанттандыруды бағдарлау,отбасының әлеуметтік қорғаныштың және т.б. болмауы.
Шиеленістің себеп-салдары.
Бірінші кезеңде, яғни жұбайлардың тану кезеңінде көбінесе шиеленістің себебі болып осылар болып табылады:
* Жекетұлғааралық сәйкес келмеушілік;
* Лидерлікке ұмтылу;
* Жоғары болуға ұмтылу;
* Үй жұмыстарын басқаруға ұмтылу;
* Тумаластардың және достардың кенестеріне сүйену;
Жеке тұлғааралық сәйкестік бір-бірінің құндылық бағдарлануының, әлеуметтік ойларының, қызығушылықтарының, мотивтерінің, қажеттіліктерінің, мінездерінің, темпераментерінің, жеке тұлғалараның даму деңгейінің ұқсас болуының негізінде құрылады. Жекетұлғааралық сәйкесіздік осы жеке-психологиялық сипатамаларға әрбір жақтың басқа жаққа қарама-қарсы ойларының болуының әсерінен пайда болады. Бұндай шиеленістерден құтылу жолы бір-бірінің мінездерінің ерекшеліктерін білу және оларды ұстауды бірге үйрену. Екі пішінделген мен нен бір бізге келу оңай емес. Дегенмен бір-бірінің әдеттеріне төзімді қарым-қатынас, өзінің мінезінмен бірге төзімді жұмыс жасау арғы қарайғы өмірде шиеленіссіз байланысқа әкеледі.
Отбасындағы лидерлік.
Әйелі немесе күйеуі (немесе екеуінде) некеге дейін лидерлер болуы мүмкін, бұндай бағыттың сақталуы отбасында шиеленістер тудырады. Лидер отбасында сәтті басқара отырып, ішкі қарама-қайшылығын тудыратын ашық немесе жасырын шиеленістерге әкелетін басқаның инацитиваларын басады.
Жоғары болу.
Отбасы өмірінің алғашқы кезеңінде жұбайлардың біреуі жоғары екенің көрсетуге ұмтылады. Э.Берннің Қымбаттым новелассында осында жүріс-тұрыс сипатталады. Күйеуі қонақтардың көзінше әйеліне ойға сыйымсыз сипаттамалар береді және келісу үшін ия, қымбаттым? деп қалжындайды. Әйелі күйеуінің бұндай жүріс-тұрысынан жағымды жағдайға түспейді, оның көңіл-күйі бұзылады. Күйеуінің (әйелінің) бұндай жүріс-тұрысы жақын адамға деген тәртіпсіздігенен болады. Қалыпты отбасында күйеуі және әйелі тепе-тең қатынаста болады. Сәйесінше жұбайлар бір-бірін төмен түсіретін жоғары болудан неғұрлым тез бас тартса соғұрлым олардың әрі қарайғы қарым-қатынасы жағымды болады. Әрқашан бір-бірінің жақсы жақтарын іздесе, айтса бұндай жағдайларда кері реакция әрқашан жағымды болады.
Отбасындағы жұмыстар.
Кейбір отбасында жұбайлар үй жұмысын әйелдікі және ер адамдікі деп бөледі. Осы проблема ерекше инсиденттер шақырмайтын отбасылар кездеседі. Бірақ үй жұмыстарын бөлу -- көп отбасылар үшін шешілмейтін проблема және шиеленісті жағдайлардың себебі. Бұл жағдайға жеке тұлғалардың типтері және жұбайдың біреуі немесе екеуінінде еріншектіктері әсер етеді. Әрқашан келісу мүмкін емес,үйде ойламаған жағдай - кім есікті жабады? кездеседі. Сондықтан келісімнің арқасында жеке тұлғалық шиеленістерден қашып құтылу мүмкін емес. Проблеманы өзіне жақсы көруші күйеуі алу керек. Егер күйеуіне кандайда бір оңай жұмысты атқару керек болса оған бұйрық ретінде емес, өтініш ретінде айтуы керек, мысалы былай: Андрюшенька бізде таңғы асқа нан жоқ. Мүмкін сен дүкенді жапай тұрғанда алып келесин? Андрюша жиналғанша оған қалта және ақша дайындап, оған сәттілік тілеп және жылдам қайтуын тілеу керек. Қайтқанында оны сүйіп, оны мейірімді екенің айту керек. Егер келіспесе әртүрлі қарсылықтармен жағдайды ушықтырмау керек. Мүмкін бұндай жүріс-тұрыс шиеленістің себебі болуы мүмкін, бірақ бұның негізінде тіптен басқа себебтер жатыр.
Отбасылық бюджет
Күйеуінің және әйелінің арасында проблемалар егер әйелі күйеуінен көп ақша тапса, әрқашан күйеуінің қадырын түсіруге ұмтылып, осыны ойына сала берсе проблемалар пайда болады. Шиеленістік жағдайлар мынандай жағдайларда да пайда болуы мүмкін егер жұбайының біреуі екіншісі ақшасын көп шашып, керек емес заттар сатып алады деп ойлаған жағдайда. Отбасы жағдайларында отбасылық проблемалар қарама-қарсы болғанда емес, бірге шешілетіне үйрену керек. Егер шығындар жұбайлар арасында әрқашан сәйкестендірілсе шиеленістер азырақ болады. Бұндай жағдайларда бюджеттің мүмкіндіктері әрқайсысына белгілі болады және олардың араласуынсыз ешандай шығындар болмайтындығын біледі. Қымбат сыйлықты басқа жақтан алдын ала сөйлесумен алмау керек.
Тумаластар және достар
Әрбір отбасы отбасылық өмірде кездесетін жағдайлардан өзіндік жеке өмірлік тәжірбие алады. Олардан құтылу тек әйелінің немесе күйеуінің күші жетпейді. Бұндай жағдайларда кейде тумаластарының және достарының арнайы әдебиеттердің кеңестеріне жүгінеді. Мысалы, әйелінің ойынша күйеуі оған азырақ назар аударады, себепсізден айқайлайды. Ол тумаластарының, достарының кеңестеріне жүгінеді, күйеуі үшін барлығын жасайтындығын, ал ол болса басқаша жауап беретіндігін түсіндіреді. Егер тумаластар немесе достар өздері осындай жағдайларды басынан кешкен тәжірбиелі адамдар болса, оның өзіне ойлану керек екенін, өзінің тәртібін талдауына кеңес береді. Бірақ жақсылық тілегеннен ренжіген әйелдің (күйеудің) жағына шығады және оларды ақылға үйретеді. Ең маңызды аргумент бұндай жағдайларда: сен білесінде бұндай жағдайда не істейтінімді?. Бұндай тумаластардың және достардың кеңесі сүйену шиеленістік жағдайларға әкеледі. Тумаластардың және достардың кеңестерін тыңдау қажет, бірақ өзінің жағдайын сол жағдайға түскен адам ғана жақсы біледі.
Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіде көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.
Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету проблемасы бойынша мәліметтер мен жетік статистикалық деректердің жетіспеу проблемасы бар елдердің қатарына Қазақстан да жатады: проблеманың тереңдігі мен көлемі әлі де белгісіз, ал біздің қолымыздағы біркелкі емес және үзінді зерделеу нәтижелері іс жүзіндегі жағдай туралы болжамдар жасауға ғана мүмкіндік береді.
Қазақстанның қолдануында іс-әрекеттер жасаудың белгілі құқықтық негізі - Балалар құқықтары туралы Конвенция бар, дегенмен, нақты міндеттемелерге келер болсақ, жалпы алғанда мемлекет, әлеуметтік қызметтер, құқық қорғау органдарының ресми тұлғалары, қоғам, БАҚ, отбасы тарапынан күннен-күнге тиісті жауапкершілікпен қарауы байқалмай келеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны немесе жөнді атқармағандығы үшін шара қолдануды қамтиды.
Балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған, саны мыңнан асқан ата-ана ата-аналар құқығынан айрылды, сонымен қатар, ата-аналар әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа да тартылып жатыр.
Отбасында балаларға қатыгездікпен қарау көпшілік жағдайларда мемлекеттік органдардың көзқарасынан тыс қалатындығына, балалар құқықтарын бұзушылықтың осындай түрінің аса жасырындылығына қарай және отбасыларында тұратын балалар құқықтарының сақталуын мемлекеттік билік органдарының әлсіз байқайтынына назар аударған жөн.
Адам құқықтары жөніндегі қазіргі бар құқықтық құжаттар негізгі мәні балалық проблемасы болып табылатын, осы проблемаларға қатысты талқылануы мүмкін өзінің жиынтығында үлкендер қалай қорғалса, балаларды да солай қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп арасындағы балалар объектісі болатын дене жарақаттары мен басқа да адамгершілікке жат және қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас ұзақ уақыт сақталып келеді және белгілі бір шыдамды қоғамда осы күнге дейін сақталып келеді, олай болса, БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитеті, атап айтқанда, балалар мектеп табалдырығын аттай отырып, өздерінің адамдық құқықтарын жоғалтпайды деп атап көрсетті.
Сондай-ақ зорлық-зомбылық, дәлірек айтқанда, зорлық-зомбылықтың әр түрлі түрлері мұғалімоқушыларға қатысты оқу орнына, білім деңгейіне және т.б. тән, мектепте қандай да бір ерекше феномен ретінде қадағаланбайтындығын атап өткен жөн, ол қоршаған жағдайларға, атап айтқанда, экономикалық, әлеуметтік, саяси факторларға, отбасындағы жағдайға байланысты болмай отыр, зорлық-зомбылықтың (оның әр түрлі нысандарының) пайда болуы ретінде де, оны ескерту ретінде де жәрдемдесуі мүмкін. Сондықтан зорлықтың түрлі нысандарының пайда болу себептері туралы мәселеге мектептің ерекше түпмәтіні ретінде қарауға болмайды, өйткені керісінше оны талдау үшін интербелсенді, жүйелі көзқарас қажет. Мектеп арасындағы шеңберден тыс зорлық-зомбылық проблематикасын қараған кезде мектеп тыйым салған мектепте жүзеге асырылатын алдын алу немесе қуғын-сүргін шаралары шығады деп түсінуді білдіреді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару нысаны
Ертегі бала жанын қоректендіретін - рухани қор
Отбасы тәрбиесінде кездесетін қателіктердің, алдын алуда отбасы мен мектептің әрекетін кіріктіру
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Саяси құндылықтық бағдарлары
Жастарының саяси құндылықтық бағдарлары
Шейбани ханмен қақтығыс
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Пәндер