Суыққа төзімділік селекциясына молекулалық маркерлерді пайдалану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Кафедра : Агрономия

Реферат

Тақырыбы:Күріш селекциясы

Орындады:Сұлтанбекова А.

Тексерді:Досжанова А.

2020-2021оқу жылы

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

а. Күріш

б. Күріш селекциясы

Қорытынды

  1. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті халыққа Жолдауында әлемдік сауда қауіпсіздігіне төнген қатердің алдын-алу үшін «Қазақстан 2050»стратегиясында экологиялық таза тағам өнімдерін өндіру қажеттілігін айтып назар аударды. Республиканың аграрлық секторы қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ететін маңызды сегмент ретінде үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инновацияға ену үшін жоғары әуелетке ие. Экспорттық мүмкіндігі жоғары салаларының бірі күріш шаруашылығы болып табылады. Күріш жылу сүйгіш дақыл болғандықтан Қазақстан Республикасында белгілі аймақтарда ғана егіледі. Қазақстан шұғыл континенталды климатымен ипатталады және әлемдегі күріш өсірудің «қиыр солтүстік» аймағына жатады. Өз кезегінде күріш егісі өсіп-өну кезеңінде дақыл өнімділігін төмендететін топырақтың тұздануы, жоғары температура, аңызақжел және төменгі оң температура сияқты топырақты-климаттық әсерлерге ұшырайды. Күріш алқабы 44º 51́ солтүстік ендікке дейін созылып жатыр. Табиғи ерекшеліктеріне байланысты Қазақстан Республикасының күріш алқаптарын үш климаттық аймаққа бөлуге болады:І аймақ - вегетация кезіндегі жиынтық температурасы 2700-3250 ºС аралығында болатын «солтүстік» аймақ (Қаратал, Ақдала, Тасмұрын, Шарын, Қазалы) ; ІІ аймақ - вегетация кезіндегі жиынтық температурасы 3250-3600 ºСаралығында болатын орталық аймақ (Қызылорда, Шиелі) ; ІІІ аймақ - вегетация кезіндегі жиынтық температурасы 3600 ºС асатын оңтүстік аймақ (Төгіскен, Қызылқұм) . Жыл сайынғы маусым бойынша атмосфералық қысымның жиі өзгеруі аймақта өзіндік климаттық жағдай тудырады. Сондықтан Қазақстан Республикасында өсу мен дамудың бастапқы сатысында төменгі температураға төзімді, өзінің өнімділігін төмендетпейтін, дәннің өнуі мен өркендердің өсуі қарқынды күріш сорттарын шығару міндеті тұр. Қазақстанның үш күріш өсіретін аймағы үшін пайдалануға берілген селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіміне 27 күріш сорттары, оның ішінде 13 қазақстандық селекцияның, 14 шет ел селекциясының сорттары енгізілген. Аймақтың 85% заманауи талаптарға сай қазақстандық және ресей селекциясының сорттары: Маржан, Янтарь, Лидер, Регул, Кубань 3 құрайды. Сондықтан соңғы кезде жарма сапасы бойынша әлемдік стандарт талаптарына өңгіштік, егістік түзілу және ортаның қолайсыз факторларына төзімді келетін және Қазақстанның күріш өсіретін аймақтарының арнайы ауа-райында органогенездің бастапқы сатысында өңгіштігі жоғары және жоғары өнім беретін сорттар тапшы. Қолайлы өсу мерзімінің қысқалығы республиканың күріш өндірушілерін күріш өсіруді ерте уақытта, яғни ауа температурасы 14-16 0С егуге мәжбүр етеді, бұл дәннің өнгіштігінің төмендеуіне, егістің сиреуіне, ал бұл өз кезегінде өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соғады. Күріштің орташа пісетін сорттарын кеш сепкенде олардың вегетациялық және пісіп-жетілу кезеңі ұзарып, күздің қолайсыз климаттық жағдайында сәйкес келеді (күндізгі және түнгі ауа райының күрт өзгеруі, әлсіз жарық, көп мөлшердегі жауын-шашын), нәтижесінде масақшаларда бос дәнділік көбейіп, 1000 дәннің массасының төмендеуінің есебінен өнімділік азайады. Қазақстанда күріш өсіру үшін суыққа төзімділік мәселесін шешу үлкен әжірибелік мағынаға ие. Мониторингтік зерттеулері бойынша соңғы жылдары топырақ, ауа және су температураларының айтарлықтай төмендеуі мен тұрақсыздығы байқалатынын көрсетті. Егу және өсіп-өнуі кезеңінде күріш төменгі температурадан кері әсер алады. Тұқымның өніп-өсуі және өркендердің түзілуі фазаларында суарылатын судың төмен оң температурасы күріш сабағы тығыздығын сиретеді. Сондықтан күріштің суыққа төзімділігінің физиологиялық, биохимиялық және молекулярлы-генетикалық негіздерін зерттеп, оның перспективті формалары мен линияларын жаңа сорттар жасауға пайдалану өзекті заманауи мәселе болып табылады. Диссертация жұмыстары мемлекеттік тіркеу номері № 0115РК00222 болатын ҚР БжҒМ қаржыландырған 2172/ГҚ4 «Отандық күріш селекциясына сорт шығаруға қажетті Қазақстанның солтүстік күріш өсіретін аймақтарына бейімделген өнімділігі жоғары, суыққа төзімді жаңа бастапқы формалар мен линияларын алу» атты ғылыми жоба шеңберінде жасалынды. Диссертациялық зерттеудің мақсаты және ғылыми нәтижелері Жұмыстың мақсаты Қазақстанның солтүстік күріш өсіруші аймақтарына бейімделген және органогенездің бастапқы сатысында төменгі оң температураға төзімді, селекцияға пайдалану үшін өнімділігі жоғары жаңа отандық формалары мен линияларын жасап шығару. Диссертациялық жұмысты орындау барысында алғаш рет суыққа төзімділікті және суыққа сезімталдылықты анықтау үшін күріштің отандықжәне шетелдік селекцияның 29 генотиптеріне зертханалық скрининг жасалынып, сонымен қатар физиологиялық-биохимиялық талдаулар және технологиялық сапа көрсеткіштері бойынша зерттеулер жүргізіліп, селекция процесі үшін перспективті суыққа төзімді сорттар іріктеліп алынды. Төменгі оңтемпература жағдайында жоғары өнгіштігі мен өсу энергиясы бойынша суыққа төзімді Кубань 3, Лазурный және УзРОС 7-13 күріш сорттары ерекшеленді. Будандастыру үшін ата-аналық формалар анықталып, таңдалып алынды. Пневмокастрациялау әдісі арқылы 30 комбинациядан 264 фертильді будандар алынды. Жылыжай жағдайында алынған будандар көбейтіліп, бірінші ұрпақтың 26 комбинациялы (F1) будандары алынды және егістік жағдайындакөбейтілді (F2) . Будандардың зертханалық скринингі болашақта перспективті суыққа төзімді линияларды іріктеп алуға мүмкіндік берді. RM 24545, RM 1377, RM 231, RM 569 молекулалық маркерлерін пайдалана отырып молекулалық маркерлеу және генетикалық ПТР талдаулар көмегімен

суыққа төзімді гендер qPSST-3, qPSST-7, qPSST-9 идентификацияланды. Суыққа төзімді белгіні тұрақтандыру мақсатында әдісі қолданылды. Күріштің аталық тозаңқаптарын отырғызуүшін (N6) қоректік ортасы және регенерант өсімдік алу үшін Мурасиге және Скуг қоректік орталарының құрамы оңтайландырылды. 29 үлгінің (будандар және ата-аналары) ішінен хромосома сандары өздігінен екі еселенген 6 комбинация жоғары регенерациялық қабылетімен ерекшеленді. 60-тан аса толыққанды дигаплоидтар алынды. Осылайша, зерттеу нәтижесінде суыққа төзімді күріш сорттарын шығару үшін қажетті бастапқы селекциялық материалдар шығарылды. Зерттеу нысаны ретінде күріштің 29 генотиптерден құралған отандық селекцияның (Алтынай, КАЗНИИР 5, Ару, Акдала, Маржан, Мадина, Баканасский, Арал 202, Опытное, Пак-Ли) және шетелдік (Өзбекстандық сорттар - Лазурный, УзРОС 7-13, Авангард; Ресейлік сорттар - Кубань 3, Фишт, Янтарь, Лидер, Изумруд, Анаит, Новатор, Курчанка, Солнечный, Шарм, Лиман, Снежинка; Филипиндік селекцияның - IRRI мутант, АҚШ-тың -Тайбонет сорты және Корейлік сорттар - Odaebyeo, Jinbubyeo) селекцияның күріш сорттары, будандар және дигаплоидтар алынды. Зерттеу мәні күріш онтогенезінің бастапқы кезеңіндегі суыққа төзімділік биологиясын зерттеп, селекцияға қажетті жаңа формалар мен линиялар алу. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Алғаш рет Қазақстан Республикасы үшін суыққа төзімді сорттарды жасап шығаруға қажетті физиологиялық, биотехнологиялық және молекулалық биология әдістерін пайдалана отырып мақсатты селекциялық жұмыстар жүргізілді. Осыған байланысты, дисертация жұмысының ғылыми жаңашылдығы қиыр солтүстік күріш өсіруші аймақтарына бейімделген және органогенездің бастапқы сатыларында төменгі температураға төзімді, өнімділігі жоғары жаңа отандық формалары мен линияларын шығарудың бастамасы болып табылады. Зерттеудің міндеттері:- Күріш үлгілері мен сорттарын зертханалық скринингтен өткізу(өскіндердің өсу энергиясын анықтау) ;

- Бастапқы ата-аналық формаларды физиология-биохимиялық сараптап

бағалау;

- Дәстүрлі селекция және заманауи биотехнология әдістері арқылы төменгі

температураға төзімді бастапқы материалды жасап шығару;

- Суыққа төзімділік селекциясына молекулалық маркерлерді пайдалану;

- Селекциялық үдеріске қосу үшін алынған F2 будандарды ата-аналық

формаларымен салыстыра отырып зертханалық жағдайда суыққа төзімділерін

таңдау және республиканың күріш өсіретін солтүстік аймақтарының далалық

жағдайында шаруашылық құнды белгілері бойынша бағалау. Қорғауға шығарылатын негізгі қағидалар:

- Күріш үлгілері мен сорттарын зертханалық жағдайындағы іріктеу

скринингі және перспективті формаларын іріктеу;

- Күріштің бастапқы ата-аналық формаларына физиология-биохимиялық

сипаттама;

- Дәстүрлі селекция және заманауи гаплоидты биотехнология әдістері

арқылы төменгі температураға төзімді бастапқы материалдар жасау;

- Қазақстан Республикасында суыққа төзімділік селекциясына

молекулалық маркерлерді пайдалану;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Селекцияның міндеті және селекциямен алынған материалды бағалау жолдары
ПТР маркерлер
Қарақұмық селекциясы
Селекцияның генетикалық негіздері
Арпа дақылын өсіру
Күздік бидай сорттарының өнімділігі
Казахстанская 3 сортынынан алынған мутантты линияларға цитогенетикалық талдау
Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі
«Биотехнология негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстанның оңтүстік шығыс жағдайында жаздық қатты бидай сортүлгілерінен селекцияның бастапқы материалдарын құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz