Ірі қараның асыл тұқымды малдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . .
8
Нормативтік сілтемелер . . .: Белгілер мен қысқартулар . . .
8: 9
Нормативтік сілтемелер . . .: Анықтамалар . . .
8: 10
Нормативтік сілтемелер . . .: Кіріспе . . .
8: 11
Нормативтік сілтемелер . . .: 1 Әдебиеттерге шолу . . .
8: 14
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 1 Ірі қараның асыл тұқымды малдары . . .
8: 17
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 1. 1 Ірі қараның сүтті тұқымының сипаттамасы . . .
8: 18
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 1. 2 Ірі қараның сүтті-етті тұқымдарының сипаттамасы . . .
8: 27
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 1. 3Ірі қараның етті тұқымдарының сипаттамасы . . .
8: 30
Нормативтік сілтемелер . . .: 2 Зерттеуде қолданылатын заттар мен әдiстер . . .
8: 39
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 1 Ірі қараның тұқымдары . . .
8: 39
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 2 Ірі қара тұқымдарының түсін анықтау . . .
8: 39
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 3 Ірі қара тұқымдарының жасын анықтау . . .
8: 40
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 3. 1 Ірі қараның жасын мүйізіне қарап анықтау . . .
8: 40
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 3. 2 Ірі қараның жасын тісіне қарап анықтау . . .
8: 41
Нормативтік сілтемелер . . .: 3 Зерттеу нәтижелері . . .
8: 45
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 1 Ірі қараның биологиялық ерекшеліктері . . .
8: 45
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 2 Ірі қараның сырт пішіні және дене бітімі . . .
8: 48
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 3 Ірі қараның жеке мүшелері . . .
8: 50
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 4 Ірі қараның интерьері (ішкі құрылысы) . . .
8: 53
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 5 Береке ауылындағы ірі қара тұқымдарының түсін жүнінің түріне қарап, жасын астыңғы иектегі алдыңғы күрек тістеріне қарап зерттеу . . .
8: 58
Нормативтік сілтемелер . . .: Қорытынды . . .
8: 73
Нормативтік сілтемелер . . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
8: 75

Нормативтік сілтемелер

ҚР МЖМБС 5. 04. 019-2008 (ҚР БЖҒМ 23. 01. 2008ж. № 26 бұйрығы) «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер»

Мемлекеттік стандарттар (ҚР СТ) ;

Мемлекет аралық стандарттар (ГОСТ) ;

Халықаралық стандарттар (ХС) ;

Техникалық жағдайы (ТУ) және басқалар

Мемлекеттік стандарт 4. 492-89 - Ветеринарилық биологиялық препараттар, көрсеткіштер.

Белгілер мен қысқартулар

АҚШ - Америка Құрама Штаттары

КСРО - Кеңес Социалистік Республикалар Одағы

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ҚР - Қазақстан республикасы

МҚ - май қышқылдары

cм - сантиметр

м - метр

мг - миллиграмм

кг - килограмм

т - тонна

млн - миллион

% - пайыз

т. б. - тағы басқа

дм 2 - дециметр

л - литр

мм - милиметр

Анықтамалар

Интерьер - деген сөздің өзі франция тілінен шыққан іпtеrіеr - ішкі құрылыс. Негізі интерьер дегеніміз малдың ішкі құрылысының физиологиялық анатом-гистологиялық және биохимиялық ерекшеліктерінің, оның конституциясы мен өнімін бағытына байланысты екенін айтады.

Цистерна - дегеніміз өзінше бір резервуар, онда сүт жиналады. Емшектің сфинкстері болып, оны дөңгелек сияқты ет қоршаған, ал сол дөңгелек еттің маңызы зор, біріншіден сүттің өзінен өзі бөлінуіне кедергі жасаса, екіншіден емшекке бактериялардың кіруіне кедергі жасайды.

Индекс тәсілі. Индекс - дегеніміз екі дене өлшемінің бір-біріне пайыздық байланыс қатынасын айтамыз.

Сырт пішіні (экстерьері) . Экстерьер малдың сыртқы дене құрылысы. Ол малдың биологиялық ерекшеліктеріне және шаруашылықтағы өнімділік бағыттарына байланысты.

Күйіс қайыру - олардың ас қорыту жолдарының құрылыс ерекшеліктеріне байланысты туындайтын биологиялық мәселе.

Сиырдың дене бітімі. Сиырдың дене бітімі (конститутциясы) деп, жай сөзбен айтқанда, малдың биологиялық қасиеттері мен шаруашылыққа пайдалы өнім ерекшеліктерін білдіретін дене құрылысын айтады.

Эритроциттер - іші бояғыш зат - гемоглобинге толы қанның қызыл түйіршіктері.

Лейкоциттер - қанның ақ түйіршіктері, олардың қандағы мөлшері эритроциттерге қарағанда әлдеқайда аз болады. Қандағы лейкоциттердің мелшері организмнің күйіне байланысты өзгеріп отырады.

Малдың семіздігі - деп, малға біткен май мен еттің дамуын айтады. Малдың семіздігін сырт пішініне қарай анықтаса, тері асты майларын денесінің әр жерін сипай анықтайды.

Анатомия (гр. - үстінен + гр. - кесем - бөлшектеу, кесу, іреу) - тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрьшысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым.

Дене температурасы - дененің түрлі бөлігінде жылылық әр түрлі болады. Дененің сыртында жылылық өте төмен, ал ішкі ағзаларда жоғары болады.

Жас анатомиясы - жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды.

Физиология (грекше physis, "табиғат, тек-тамыр"; және logos, "ғылым") тірі организмнің механикалық, физикалық және биохимиялық функциясының ілімі.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Елдің азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасызету мақсатында. Азық - түлік тауарлары ішкі рыногының 80%-дан астамын отандық тағам өнімдері құрауы тиіс деп айтылған болатын. Осыған байланысты елімізде халық шаруашылығының барлық салаларын өркендетумен бірге жалпы мал шаруашылығындағы ірі қара шаруашылығына көп көңіл бөлу керек, себебі Отанымызды азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор.

Ірі қара шаруашылығы - ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы ірі қара өсіріп, ірі қарамен тіршілік еткендіктен, бұл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген өнім өндіріледі. Сиыр еті мен сүті тағамға, терісі киім-кешекке, қиы отқа, тұяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады. Осындай адам тіршілігіне қажетті жан-жақты қасиеттері үшін ірі қараны түрлі шаруашылықтарда көптеп өсіреді. Өңделген терісінен ішік, тон, етік тігіледі. Сүтінен бір жағынан ұлттық, екінші жағынан емдік, диеталық қасиеттері жоғары құрт, ірімшік, айран, қаймақ тағамдары дайындалады.

Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында 20-дай сүтті, сүтті-етті, және 8-сүтті ірі қарасының асыл тұқымды малдары өсірілуде, айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қараларының көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан кейінгі уақытта будандастыру және гибридациялау арқылы ірі қараның жаңа асыл тұқымдарын қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Ірі қара шаруашылығын нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен қарқынды технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молынан қодану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады.

Елімізде ірі қара шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырып, ірі қара өнімділігін көтеру, ірі қара басын көбейту мәселелерін іс жүзіне асыруға ауылдардағы үй мал шаруашлықтарының қосатын үлесі төмен болып отыр оған себеп ірі қараның толтырылған зоотехникалық құжаттары (төлқұжат, куәлік) болмауына байланысты ірі қараның түсі мен жасы ( жас - кәрілігі) бойынша іріктеу және сұрыптау жұмыстары уақытылы жүргізілмей отыр.

Сондықтан біз ірі қаралардың түсі мен жасын зерттедік. Үй мал шаруашылықтарында сиырларды 10-12 жасқа, бұқаларды 7-8 жасқа дейін ұстайды, себебі бұл малдардың жасы ұлғайған сайын өнімі азайып, төлдеуі кеми бастайды.

Ірі қара тұқымының түсі, оның тұқым қуалаушылық ерекшелігін көрсетеді. Сондықтан малды асылдандыру жұмысында ірі қараның түсіне ерекше мән береді. Әр ірі қараның түсі әр түрлі: қызыл, қара, ақ, қоңыр, көк ала, қара ала, сары ала т. б. болады.

Ірі қараның түсін жүнінің түріне қарап анықтайды. Ірі қараның басы, мойны, денесі мен аяқтарының жүнін - түк қабаты (покровные) деп, ал құйрығының жүнін - қорғаныс (защитные) жүні деп атайды. Ірі қараның жүн қабаты оның қара, қызғылт немесе теңбіл болып келетін терісінің түріне де байланысты өзгереді.

Ірі қараның қоректеніп, өсіп-жетілуіне тістерінің дамуы ықпал етеді. Алғашқы сүт тістерінің түбегейлі тістермен ауысуы және төменгі жақ сүйектеріне орналасқан алдыңғы тістерінің біртіндеп жұқаруы бойынша мүйізді ірі қара малдың жасын ажыратуға болады. Оларда 32 тіс болады, оның 24-і азу тістері де, 8-і төменгі жақ сүйектеріне орналасқан, реті бойынша ортадағы екеуі-тістеме, солардың жанына орналасқандары - ішкі, одан кейінгілері - сыртқы, ал ең шеткілері - шеткі деп аталатын алдыңғы тістер.

Эмбриондық, яғни жатырдағы даму кезеңінде дұрыс жетілген бұзаудың алты орғыш тісі болады, ал шеткі екеуі 1-2 аптада пайда болады. Орғыш сүт тістері ішкі тіл жағынан 1 жастан бастап 1, 5 жасқа дейінгі өсу кезеңінде біртіндеп, ортаңғы жұптарынан сыртқы жұптарына қарай мүжіліп, сол ретпен 1-4 жылда түбелікті орғыш тістерге айналады.

Түбелікті орғыш тістер алғашқыда 1, 5-4, 5 жылда сызаттанып мүжіледі де, содан кейінгі 4-5 жылда, яғни 8-9 жасқа дейін төртбұрыштанып, дөңгеленіп мүжіледі. Сиырдың 12-14 жасында орғыш тістері сопақтанып мүжіледі де, 15-18 жасында олар түбірлеріне дейін мүжіледі.

Зерттеудің мақсаты . Зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты Ошақты ауылдық округына қарасты Береке ауылының үй мал шаруашылықтарындағы ірі қара тұқымдарының түсін жүнінің түріне қарап жасын астыңғы иектегі алдыңғы күрек тістерінің құрлысына қарап зерттеу әдістері болып табылады.

Зерттеудің міндеттері:

  • жүнінің түріне қарап зерттеу;
  • астыңғы иектегі алдыңғы күрек тістерінің құрлысына қарап зерттеу.

Зерттеу обектісі: Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ошақты ауылдық округына қарасты Береке ауылының үй мал шаруашылықтарындағы ірі қара тұқымдары.

Ғылыми жаңалығы. Еліміздің жеке үй мал шаруашылықтарында өсірілетін ірі қара тұқымдарының жеке басына төлқұжат арнату.

Ғылыми нәтижелерінің практикалық құндылығы. Ошақты ауылдық округына қарасты Береке ауылының үй мал шаруашылықтарындағы ірі қара тұқымдарының жасын және түсін білетін толтырылған зоотехникалық құжаттары (төлқұжат, куәлік) болмауына байланысты ірі қара тұқымдарының түсін жүнінің түріне қарап, жасын астыңғы иектегі алдыңғы күрек тістерінің құрылысына қарап, зерттеу әдістері ұсынылды.

Ошақты ауылдық округына қарасты Береке ауылының үй мал шаруашылықтарында ірі қара тұқымдарын өсірумен айналысатын тұрғындары өз ірі қараларына бұдан былай зоотехникалық құжаттар (төлқұжат, куәлік) арнау керектігін, және түсін жүнінің түріне қарап, жасын астыңғы иектегі алдыңғы күрек тістерінің құрылысына қарап анықтау керектігін білді.

Жұмыстың сынан өтуі: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша 17-ші студенттік ғылыми конференциясында баяндалған.

Дипломдық жұмысты орындау базасы: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Дене тәрбиесі және спорт» факультеті «Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы.

Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс 77 бетке компьютерлік текспен терілген. Ол кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, 6 кестеден, 12 суреттен, және 54 әдебиеттер санынан тұрады.

1 Әдебиеттерге шолу

Ауыл шаруашылығында сүтті, сүтті-етті және етті ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор. Ірі қара малынан алынатын өнімнің түрі көп: сүт, ет және тері жатады. Ал, оның қиы топырақтың құнарлығын арттыру үшін қолданылады.

Жалпы мал шаруашылығының ішінде ірі қара мал шаруашылығынан алынатын өнім 60%-дан асса, ал Ресейдің солтүстік-батыс облыстарында, Балтық теңізі бойындағы республикаларда және ауыр өнеркәсіпті тәуелсіз мемлекеттер достастықтарының аймақтарында бұл өнім 65-70%-ға дейін жетеді.

Сүт өнімі жағынан ірі қара мал басқа ауыл шаруашылық малдарына қарағанда көп алда. Көптеген алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда әр сиырдан жылына 7000 кг-нан артық сүт сауса, ал аса сүтті сиырлардан бір маусымда (305 тәулік ішінде) 27600 кг дейін сүт сауған, ол Кубаның Убре-Бланки атты сиыры тәулігіне 110, 9 кг сүт берген. Бордақыланған төлдердің тәулікте қосатын салмағы 1500 г-нан да асуда.

Ірі қара малы өте төзімді және өмір сүретін орталығына тез бейімделгіш, сондықтан да әлемнің барлық аймақтарында өсіріледі. Сонымен ТМД-ның 45-50°С ыстықты аймақтарында және -60°С қысы өте аязды аймақтарда да өсіріледі.

Ірі қара малының қорыту органдарының ерекшеліктеріне байланысты клетчаткасы көп азықтарды жақсы қорытады, әрі қорытуы 55-60%-ға дейін жетеді. Жылқы мен шошқа малдарын алсақ олардың азық клетчаткасын қорытуы тек қана 18-30%-ға дейін ғана жетеді [1, 2] .

Жаз айларында ірі қара жайлымды жақсы пайдаланып, өнім өндіріп, шаруашылыққа көп пайда келтіре алады.

Кейбір етті асыл тұқымды ірі қара малының бұқалары 20 жасқа дейін де шаруашылықта пайдаланылады. Ал сүтті сиырлар одан да көп пайдаланылып, 23 жасқа дейін өмір сүре алады. Ғылыми деректер бойынша 35-40 жасқа дейін өмір сүрген сиырлар бар. Ал, орташа шаруашылықтарда сиырларды 10-12 жасқа, бұқаларды 7-8 жасқа дейін ұстайды, себебі бұл малдардың жасы ұлғайған сайын өнімі азайып, төлдеуі кеми бастайды.

Ірі қара шаруашылығының қазіргі уақытта дамуы. Ұлы Қазан төңкерісіне дейін ірі қара малын өсіру бай таптың шаруашылықтарында шоғырланған, олардың табыны көбінесе шет мемлекеттен әкелінген асыл тұқымды ірі қара малымен толықтырылған.

Өнеркәсіпті ірі қаралар маңындағы мал азығымен толық қамтамасыз етілген шаруашылықтарда жаңадан асыл тұқымды ірі қара малы шыға бастаған. Оған Холмогор, Ярославль, Бестужев, Тагил және Қырдың қызыл тұқымды ірі қара малдары жатады.

Кеңес Одағының оңтүстік және оңтүстік шығыс жайылымының аймақтарында қалмақ және украин көк ірі қара малының тұқымдары шығарылды. Бұл малдардың еттілігі және жұмысқа пайдалану қасиеті жақсы болды. Байтаптың шаруашылықтарына шет мемлекеттерден голланд, данияның қызыл, симментал, швиң, айршир және шортгорн ірі қара малының тұқымдары әкелінді, бұл тұқымдардың жергілікті малдардың тұқымын асылдандыруда әсері өте үлкен болды.

Қазақстан Республикасында сүтті және етті тұқымды ірі қара малын дамытуда үлкен жетістікке жетті. Біріншіден ірі қара малының саны артуымен қатар малды асылдандыру мәселесі жөнделді. 1 қаңтар 1990 жылғы мәлімдеме бойынша ТМД-да ірі қара малының жалпы саны 118, 3 млн басқа жетсе, оның ішінде сауынды сиыр 41, 7 млн-ға жеткен. Қазақстанда жалпы ірі қара мал саны 9, 7 млн-нан, ал сауынды сиыр 3, 2 млн-нан асқан. Мал саны бойынша ТМД-да Үнді және АҚШ мемлекеттерінен кейін үшінші орында. Сонымен қатар ірі қара малының сапасы да жақсарды. 1932 жылы асыл тұқымды ірі қара малы 10%-ға жетсе, 1990 жылы 95%-дан асты. Сүтті ірі қара мал аймақтарында асыл тұқымды малдар өсіріледі. Аз уақыттың ішінде ТМД-да 12 ірі қара мал тұқымы шығарылды, оған Кострома, Сычев, Лебедин, Алатау, Әулиеата, қазақ-тың ақ бас т. б. ірі қара мал тұқымдары жатады. Сонымен қатар шаруашылықтағы сиырлардың сүттілігі, ал етке өткізген малдардың тірідей салмағы артты. Соның нәтижесінде ірі қара малының саны өсуімен байланысты сүт және ет өнімдері де көбейді [3, 4] .

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2004 жылы ірі қара саны 5 млн 803, 7 мың бас болса, оның ішінде сиырдың саны 2 млн 379, 4 мың басқа жеткен. Әрбір жыл сайын ірі қара басының саны көбеюде.

Сонымен қатар зауыттық будандастыру да кең өріс алды. Шаруашылықтардың мамандарымен бірлесе отырып, Қазақстан оқымыстылары қолда бар малды жетілдіру және жаңа тұқым шығару жұмыстарына жетекшілік етті.

Сол, 1930 жылдары басталып, 1950 жылдары жаңа тұқым болып бекітілген Қазақстанда шығарылған жаңа тұқымның бірі - қазақтың ақбас сиыры. Оның авторлары Д. М. Мусин, Н. З. Галиакперов, М. Ф. Гордиенко, К. А. Акопян, С. С. Дудин және сол кездегі шаруашылықтардың мамандары В. А. Субботин, А. В. Ланина, И. Ф. Мельниченко, Б. В. Бай, И. Е. Жерноклей, малшылар Ж. Шықымбаев («Шалабай» асыл тұқымды мал совхозы) . Сол жылдары Алатау тұқымы да бекітілді. Оның авторлары М. Г. Болдырев, И. М. Галочкин, М. Я. Мартинсон, Н. К. Никифоров, Д. Н. Пак, П. И. Рыбаков, Г. А. Чернов.

Бұл тұқымды жетілдіре түсуде И. К. Трандофилов, Б. В. Чашин, О. В. Баланина, К. Сарсембин, А. В. Шаров, Л. Н. Карачаева және шаруашылықтардың зоотехниктері М. С. Новиков, Н. Н. Шемшура, М. И. Окороковтар аянбай еңбек етті.

Әулиеата тұқымын жетілдіру жолында Қазақстанда отызыншы жылдардан бері Панасенко, Естин, Левин, Власова, Флеринский және жергілікті жерлердегі шаруашылық басшылары мен мамандары қажымай еңбек етті.

Қолдағы мал тұқымын жақсарта түсу, жаңа тұқым, оны жетілдіру мал өнімділігін жоғарылата түсуге көп ықпал етеді және еңбектің өнімділігін арттырады.

Бұл жолда Қазақстанда өсірілетін ірі қара тұқымдарын жетілдіре түсу үшін қазіргі кезде қажымай еңбек етіп жүрген оқымыстыларды да атаған жөн. Олар: Т. Ф. Тавилдарава, А. Д. Аксенникова (қырдың қызыл сиыры), Б. Б. Ысқақбаев, Р. Ж. Галимзянова, М. Ж. Молдақұлов (әулиеата сиыры), Ю. Колокольцев (симментал) Ж. К. Каримов (латыштың қоңыр қызыл сиыры), Ж. Суленов, А. Ә. Төреханов (Алатау тұқымы), В. А. Соколов, М. Жомартов, В. Д. Крючков (қазақтың ақбас сиыры), М. Жұмабаев (галловей), Б. Назарбеков (санта-гертруда) [5, 6] .

Халықты мал өнімімен қамтамасыз етуде ірі қара өнімі қазіргі кезде алдыңғы орын алды. Демек, оқымыстылар мен мамандардың алдында тұрған мақсат - жас малды дұрыс өсіру және мал бордақылау, сүт өндіру технологиясын жақсарту, оны өндіріске енгізу, ірі қара тұқымын әлі де болса жақсарта түсу.

Әрине, мал азығын молайту және селекциялық асылдандыру жұмыстарын жақсарту қажет, ал ірі қарадан алынатын ет өнімін, әр басқа есептегенде 30-40% көбейту межеленуде.

Кейінгі уақытта АҚШ-тан әкелінген голштинфриз ірі қарасын жергілікті ірі қара малымен будандастырудың нәтижесінде жоғарғы көрсеткішті көптеген сиыр табындары шығуда. Осы жұмыстың арқасында кейбір асыл тұқымды мал зауыттарында сиырлардан 8-10 мың кг-ға дейін сүт алу межеленуде, ал бордақыланатын малдардың тәулік салмағы 1000-1500 г жетуге тиіс.

Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында 20-дай сүтті, сүтті-етті бағыттағы тұқымдар және 8 етті ірі қарасының асыл тұқымды малдары өсірілуде, ал бұл асыл тұқымды ірі қараларының көпшілігі жаңа енеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан кейінгі уақытта будандастыру және гибридизациялау арқылы ірі қара малының жаңа асыл тұқымдары шығарылуда.

1990 ж. Республикамызда барлығы 2391 шаруашылығы ірі қара малын өсірсе, соның 250 ірі мамандандырылған ет шаруашылығымен айналысқан, ал 270 шаруашылық мамандаңдырылған сүт өндірумен шұғылданған [7, 8] .

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында сүтті және сүтті-етті бағытқа жататын: қырдың қызыл, әулиеата, қара ала, алатау, симментал, латыштың қызыл қоңыр, айршир ірі қара тұқымдары болса, ал етті бағытқа жататын: Қазақтың ақбас, әулиекөл, санта-гертруда, абердин-ангусс, галловей, шароле, қалмақ, герефорд ірі қаралары жатады.

Республикамыздың сүтті, сүтті-етті ірі қарасын одан әрі асылдандыру және дамыту үшін әлемдік генофондтарды дұрыс пайдалану қажет. Әсіресе, АҚШ-тың голштин, данияның дат, германияның англер, швейцарияның швиц, францияның монбельярд, немістердің қызыл ала ірі қараларын пайдаланудың маңызы зор.

Ал, етті бағыттағы ірі қараны асылдандыру және одан әрі ет өнімін дамыту үшін: герефорд, шароле, абердин-ангусс, галловей, лимузин, немістердің сары ала тұқымдарын пайдалануды ұсынамыз. Әрине, бұл аталған тұқымдарды пайдаланудың жолы көп. Оған: жаңадан тұқым топтарын шығару, қан алмастыру, өнеркәсіптік тәсілмен шағылыстыру және т. б. жатады.

Ірі қара мал шаруашылығын нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен қарқынды технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау төсілдерін молымен қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады.

Сүт өнімінен біздің бұрынғы одағымыз дүние жүзі бойынша бірінші орында болған. Әр адамға есептегенде жылына 318 кг-нан сүт және 60 кг-нан ет өндірілген.

ТМД-ның көптеген шаруашылықтарында сүт өнімі керсеткіші өте жоғары болған. Қазақстан Республикасының Алматы облысы «Каменск» мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытында әр сиырдан сүт сауу маусымында 5500 кг сүт сауылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малдың өнімділігі
Сүтті және етті бағыттағы ірі қара
Ірі қара малдың сүт өнімділігі
Әр түрлі түлікті асыл тұқымды малдарды бонитировкалау ерекшеліктерімен танысу
Тұқымды таза өсіру – мал өсірудің негізгі әдісі
Қой шаруашылығы. Қой шаруашылығындағы селекциялық жетістіктер
Симментал тұқымына жататын сиырлардың асыл тұқымы және өнімдік көрсеткіштері
Герефорд асыл тұқымды малының өнімділік қасиеттерін зерттеу
Сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіру, асылдандыру ерекшеліктері
Ірі қара малы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz