Ойылудың негізгі қауіп факторлары


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: «КӨП БЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ МЕЙІРГЕРЛЕРІНІҢ ОЙЫЛУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТТАНДЫРЫЛУ ДЕҢГЕЙІ»
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
КІРІСПЕ
1-тарау.
НЕГІЗГІ ҚАУІПФАКТОРЛАРЫ
- Ойылудың негізгі қауіп факторлары
- Ойылудыңалдын алу және оны емдеубойынша шетелдік зерттеулердің нәтижелері
- Ойылудың алдын алудағы стратегиялары мен мақсаты
- Ойылудың қауіп-қатерін бағалаудың негізгі әдістері
2-тарау. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
2. 1. Зерттеу материалдары мен әдістері
2. 2. Ойылудың қауіп факторлары және ойылудың алдын ақпараттандырылу деңгейін анықтау бойынша сауалнама нәтижелерін бағалау
ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Қысқартылған сөздер
ДДҰ - Дүниежүзідлік денсаулық сақтау ұйымы
ТМД - Тәуелсіз мемлекттер достастығы
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҒЗИ - Ғылыми-зерттеу институты
ЖЗ -Жұлын зақымдануы
ГБО - Гипербарикалық оксигенация
ҚФ - Қауіп факторы
Кіріспе
Тіркес сөздер: Ойылу, ойылудың алдын алу, қауіп факторлары, қауіп факторын бағалау, қауіпті бағалау шкаласы, мейіргерлік күтім, ақпараттандырылу, шетелдік зерттеулер.
Тақырыптың өзектілігі: Ойылу- ұзақ төсек тартып жатқан және күтімді қажетететін пациенттердің өмір сапасының нашарлауының негізгі себептерінің бірі болып табылады[1] . Бұл жағдайда ағзаның иммундық күштері зардап шегеді, терінің (және кейде сүйектің) жамылғысының тұтастығы бұзылып, қатты қабыну пайда болады[3] . Жыл сайын 1, 5-тен 3 миллионға жуық науқастар ойылу проблемаларына тап болады (ойылу дамитын науқастардың 70% -ы егде жастағы адамдар, 66% -ы жамбас (жамбас мойны) сынған егде адамдар, 33% -ы жансақтау бөлімшесіндегі пациенттер, 3- 25% - үйде төсек тартып жатқан адамдар) . ДДҰ статистикасы бойынша әрбір бесінші пациент асқынған ойылудан қайтыс болады[3] . Мейіргерлік күтім - бұл білімді және дәлелденген дағдыларды қажет ететін күрделі және жауапты процесс, ал кәсіби мейіргерлік күтім - бұл ең алдымен жоғары сапалы көмек[1] .
АҚШ-та жыл сайын2, 5 миллион пациентте ойылу дамиды (жедел түскен пациенттерде 2, 3-тен 18%-ға дейін) . Ойылуды емдеуге арналғанэкономикалық шығындар - жылына 9, 1 - 11, 6 миллиард долларды құрап отыр; бір пациентті емдеу - 20 000-нан 151 000 долларға дейін. Ойылудың асқынуынан (остеомиелит, целлюлит, сепсис) жыл сайын шамамен60 000пациент қайтыс болады, ойылу инфекцияның бастапқы ошағы болған кезде: өлім жалпы популяциямен салыстырғанда 60% жоғары. Ретроспективтіталдау көрсеткендей, ойылудың алдын алу бағдарламаларын енгізу олардың санының50% төмендеуімен байланысты (1000 пациентке тәулігіне 1, 8 ден - 0, 86 дейін) . Ойылуды емдеуге арналған моральдық, материалдық, алдын алуға қарағанда әрдайымжоғары болады. Бір пациенттіңойылуын емдеудің болжамды құны 5000 - нан 4 АҚШ долларға дейін. Д. Ватерлоудың мәліметінше, Ұлыбританияда ойылуы бар пациенттерді күту құны 200 миллион фунт стерлингке бағаланады және емдеу мен ауруханаға жатқызуұзақтығының артуына байланысты жыл сайын 11% - ға артады[4] .
2008 - 2012 жылдардағы Американдық Зерттеулер және денсаулық сапасы агенттігі жүргізген зерттеулердің деректері негізінде ойылудың дамуы пациенттің жасы үлкен рөлі ойнайтыны көрсеткен [46?] . Деректербазасына сүйенсек ойылу жарасы бір локализациясы бар науқастардың саны 670767 адамды құрады, бұл санның 1, 8% құрайды [46?] .
Ирландияда EPUAP әзірлеген әдіснаман қолдана отырып жүргізілген зерттеуге бойынша Грузия, Швеция және Норвегия елдерінде, ойылу жарасының жалпы таралуы (I кезеңдегі төсек ойылу жарасын қоса алғанда) 7, 0% - 10, 5% құрады. [47?] .
Ресейдің медициналық ұйымдарында ойылудың статистикалық деректері аз. Зерттеуге сәйкес, 16 стационарлық бөлімнен тұратын 810 төсекке арналған Ставрополь облыстық клиникалық ауруханасында 1994-1998 жж. ойылудың 163 жағдайы тіркелді (0, 23%) . Олардың барлығы инфекциямен асқынған, олар ауруханаішілік инфекциялардың жалпы құрылымының -7, 5% құрады[2] .
Қазақстан Республикасында ойық жарасының таралуы мен жиілігі туралы мәліметтертабылған жоқ.
Пациентті емдеуге жатқызу ұзақтығы артады, адекватты таңу (гидрокаллоидты, гидрогельді және т. б. ) және дәрілік (ферменттер, қабынуға қарсы, регенерацияны жақсартатын дәрілер) құралдарына, құрал-саймандарға, жабдықтарға қажеттілік пайда болады. Кейбір жағдайларда III-IV дәрежедегі ойылуларды хирургиялық емдеу қажет. Ойылуды емдеуге байланысты барлық басқа шығындар артады.
Ойылуды емдеуге байланысты экономикалық (тікелей медициналық және медициналық емес) шығындардан басқа, материалдық емес шығындарды да ескеру қажет: пациенттің ауыр физикалық және моральдық азаптары.
Ойылудың алдын-алу 80% - дан астам жағдайда пациенттерде ҚФ дамуына жол бермейді. Осылайша, ойылудың алдын-алу ойылуды емдеуге қарағанда қаржылық шығындарды азайтып қана қоймай, пациенттердің өмір сүру сапасын арттырады[1] .
Ойылу жарасы денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті мәселесі болып табылады, емдеу процесінің болжамын, медициналық көмектің сапасын айтарлықтай төмендетеді.
Науқасқа тиісті ем жасауына қарамастан, ойылу жаралары бар науқастардың саны арттыруда, бұл емдеу процесін едәуір баяулатады. Ойылу жарасына байланысты ауқымды мәселер туындайды:
- Ойылу жарасы қаншалықты жиі дамиды?
- Олар қай науқастарда кездеседі?
- Олардың пайда болуы не себеп болды?
- Ойылудың алдын алуға болама?
- Ойылудың алдын алуға қандайда техникалық құралдар барма?
Тәжірибе көрсеткендей, барлық гигиеналық талаптарды орындағанымен, төсек тартып жатқан науқастың дене қалпын сирек өзгертілсе, ойылу жарасы пайда болатыны айқын.
Мақсаты: Көп бейінді облыстық ауруханада ойылудың қауіп факторларын анықтап, олардың алдын алу үшін мейіргерлер арасында сауалнама жүргізу арқылы ақпараттандырылу деңгейін зерттеу.
Міндеттері:
- Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді шолу;
- Көп бейінді облыстық ауруханасының мейіргерлерінің ойылудың қауіп факторлары мен оның алдын алу шаралары жайлы білім деңгейін анықтау мақсатындасауалнама жүргізу;
- Нәтижесін талдау және қорытынды жасау;
- Осы зерттеу нәтижесінде ойылудың алдын алу және оның қауіп факторларын уақытында анықтап, дер кезінде іс-шара ұйымдастыру бойынша мейіргерлерді ақпараттандырылу деңгейін анықтау.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы
Алынған мәліметтер негізінде ойылудың пайда болуының алдын алу жайлы мейіргерлердің білім деңгейі бағаланды. Мейіргерлердің ойылудың алдын алуы бойынша ақпараттану деңгейін анықтау.
Ойылудың алдын алу шараларын тиімді ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ пациенттерді, олардың туыстарын оқыту бағдарламаларын құрастыру бойынша ұсыныстар әзірленді.
Зертту объектісі: көп бейінді облыстық ауруханасының хирургия және терапия саласының ойылужарасының алдын алу туралы мейіргерлерінің ақпараттандыру денгейі
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы
Зерттеу жұмысы компьютерлік мәтін 60 бетінен тұрады, 1сурет, 17диаграммалар және 21кестелер суреттелген. Дипломдық жұмыс кіріспе, әдебиеттерді шолу, зерттеу материалдары мен әдістері, зерттеудің нәтижелері, қорытынды, практикалық ұсыныстар, пайдаланылған ақпараттар тізімі60 әдебиеттен, оның ішінде 30 шетелдік әдебиет, 10 отандық әдебиет, 20 интернет көзі және қосымшалардан тұрады.
1-тарау. ОЙЫЛУДЫҢ ДАМУЫНА ҚАТЫСТЫ НЕГІЗГІ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ
- Ойылудың негізгі қауіп факторлары
Ойылудың пайда болуының қауіп факторлары қайтымды (мысалы, дегидратация, гипотензия) және қайтымсыз (мысалы, жасы), ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі қауіп факторлары
1 кесте
- шаршаужәне семіздік
- қимылдың шектелуі
- қан аздық (анемия)
- ақуыз, аскорбин қышқылын жеткіліксіз пайдалану
-сусыздану
- гипотензия
- несеп және/немесе нәжісті ұстай алмау
- неврологиялық бұзылулар (сенсорлық, қимыл-қозғалыс)
- перифериялық қан айналымының бұзылуы
- жұқа тері
- мазасыздық
- шатасқан сана
- кома
- егде жас
Сыртқы қауіп факторлары
2 кесте
- нашар гигиеналық күтім
- төсек және/немесе іш киімдегі қатпарлар
- төсектегі үгінділер мен ұсақ заттар
- төсек тұтқалары
- омыртқа, жамбас сүйектері, іш қуысы мүшелерінің жарақаттарында пациентті қозғалтпау үшін қолданылатын құралдары
- жұлынның зақымдануы
- цитостатикалық дәрілік заттарды қолдану
- пациентті төсекке ауыстырудың дұрыс емес әдісі
Отандық және шетелдік әдебиеттерге сәйкес, қимыл қозғалысы шектеулі пациенттерде ойылудың пайда болу жиілігі 3-тен 40% - ға дейін, жұлын ауруларында 80% - ға жетеді [4-13] . Ойылудыңжиі пайда болатын қауіпті тобынамыныдай әр түрлі себептерге байланысты қимыл қозғалысы шектелген барлық адамдарға жатады: жұлын аурулары немесе жарақаттары, салдану, кома, онкологиялық патология, отадан кейінгі ұзақ кезең, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде ұзақ болу[5-9] .
Соңғы жылдардағы көптеген еңбектерде ойылу нейротрофиялық бұзылуларға байланысты ишемия және тіндердің некрозы аймақтары ретінде анықталады. Бұл зардап шеккен аймақта иннервацияның жоқтығын, тіндердің төмен резистенттілігін жәнеолардың әлсіз қалпына келтіру қабілетін көрсетеді [7, 8] .
Қандай себепке қарамастан, ойылудың патогенезі тіндік гипоксия нәтижесінде дамитын терінің қорғаныштық қасиеттерінің бұзылуына негізделген. Ойылу әдетте тіндерде қатты және ұзаққа созылатын қысым пайда болатын жерлерде дамиды, әсіресе тері астындағы сүйек доғалары аймағында. Адам төсекте жатқан кезінде құйымшақ, бөксе, өкше және желке аймақтарына 40-60 мм с. б ең жоғарғы қысым түседі. Сыртқы факторлар қысымын сандық бағалау мақсатында жүргізілген эксперименттік зерттеулер нәтижесінде 2 сағат бойы үздіксіз 70 мм сб қысым тіндерде қайтымсыз өзгерістер туғызады. Сол кезде әр 5 минут сайын қысымды тоқтатса, қандай да бір салдарсыз аз ғана өзгерістер пайда болады [8] .
Қысымға жауап ретінде бастапқыда гипоксияға үлкен сезімталдыққа байланысты ишемиялық өзгерістер сүйек өсіндісінен жоғары бұлшықет қабатында дамиды. Тіндік гипоксия жағдайында тіндік ісінудің жоғарылауымен капиллярлардың өткізгіштігі артады, тіндердегі оттегінің кернеуі төмендейді және өрескел құрылымдық бұзылыстар дамиды. Мұның бәрі, сайып келгенде, теріге таралатын трофикалық бұзылулардың дамуына әкеледі. Терінің үйкелісі, ығысуы, мацерациясы және бактериалды ластануынан кейінгі жарақат қабыну мен некроздың жылдам өршуіне әкеледі [6-10] .
Пациенттің орналасуына байланысты (арқасымен, қырынан, отыру) тіндердің қысылу орындары өзгереді. Көбінесе бұл - құлақ қалқаны, омыртқаның кеудебөлігі, құйымшақ аймағы, ұршық аймағы, балтырдың шығыңқы жері, шынтақ, өкше. Желке, емізік тәрізді өскін, жауырынның акромиальді өсіндісі, жауырынның ұшы, бүйірлі айдаршық, табан саусақтары аймақтарында сирек орын алады. Ойылудың ең көп таралған орны- бұл құйымшақ аймағы. Қозғалыссыз пациенттерде ойылудың шамамен 36% - ы осы аймақта дамиды, 21% жағдайда бөксе аймағына ауысады, 25% - ы өкше аймағында, 2-4% - ы басқа аймақтарда дамиды [7, 14] .
Ұзақ уақыт емделмейтін жаралар анемияға, гипопротеинемияға әкелетін созылмалы интоксикацияның себебі болады [4, 7, 8] . Инфекцияның кіру қақпасы бола отырып, ойылу көбінесе сепсистің себебі болып табылады, 20% өліммен аяқталады [7] . Әр түрлі авторлардың пікірінше, ойық жарасы бар пациенттерде өлім - жітім кең ауқымда орын алады-21-ден 88, 1% - ға дейін [4-11] .
Ойылудың ағымы жара процесінің жалпы заңдылықтарына бағынады, бірақоның жүйке-трофикалық дисфункция жағдайында дамуына байланысты бірқатар ерекшеліктер бар. Ойылудың бастапқы жағдайын анықтау және емдеу динамикасын бақылау үшін ойылудың көлемі, формасы, оның шеттері мен түбінің сипаты, қоршаған тіндердің жағдайы бағаланады. Трофикалық бұзылулардың ауырлығы туралы деректерді объективтеу үшін ойылу жіктелді Pressure Ulcer Advisoriy Panel (1989), осыған сәйкес ойылу 4 дәрежеге бөлінеді (сурет. 1) [12] :
- I дәрежесі - терісі қызарып, ісіп, қабыршақтанады. Эпидермис пен тері қабаттары зақымданады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Гиперемия қысым тоқтағаннан соң кетпейді.
- II кезең-күлбір пайда болады. Тері жамылғыларының беткей бұзылулары, бұзылыстар тері асты май қабатына дейін барады. Қызылкөкшіл дақтармен тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермис ажырады.
- III кезең-терінің барлық қалыңдығына зақымдануы, бүйір қалталары бар ойық жаралардың пайда болуы; Бұлшық ет қабатына дейін барлық қабаттарының зақымдануы байқалады. Зақымдану бұлшық етке дейін енеді.
- IV кезең- терінің, тері асты торшасы мен басқа да жұмсақ тіндердің некрозы дамиды. Ол тері астындағы құрылымдарды: бұлшықеттер мен сіңірлерді, буын элементтері мен сүйек түзілімдерін қамтиды.
ойылуды емдеу медициналық және болған, солай болып қала береді. Ойылудың ауруханаға жатқызу ұзақтығы артады, қосымша таңу және дәрі-дәрмектер, құралдар, жабдықтар қажеттілігі артады. Кейбір жағдайларда ойылуды хирургиялық емдеу қажет. Ойылуды емдеуге байланысты экономикалық шығындардан басқа, материалдық емес шығындарды да ескеру қажет. Олар- пациенттің ауыр физикалық және моральдық азаптары.
Ойылуды емдеуде, ең алдымен оның негізгі себебі - ойылудың пайда болуына себеп болған ауруды, сондай-ақ ойылудың дамуына ықпал ететін факторларды жоюға бағытталған кешенді тәсіл қажет. Ойылудың әрбір дәрежесінінің дамуында асқынудың алдын алу шараларын жүргізу маңызды. Ойылуды жергілікті емдеуді таңдау процестің дәрежесіне байланысты.
Ойылудың I дәрежесі бар пациенттерге хирургиялық емдеу қажет емес. Бұл кезеңдегі емдеудің негізгі міндеттері-жараны инфекциядан қорғау және тіндердің некроздануының алдын-алу. Зақымдайтын факторлардың одан әрі әсерін болдырмау үшін пациенттің төсектегі қалпын әр 2 сағат сайын ауыстыру немесе матадағы жергілікті қысымды азайту үшін арнайы құралдарды қолдану қажет. Оларға қысымның үзілуін қамтамасыз ететін және діріл жүйелерімен жабдықталған арнайы кереуеттер, төсеніштер, көбік, су, ауа, гель немесе осы материалдардың жиынтығымен толтырылған жастықтар жатады. Төсек тартып жатқан пациенттерге күтім жасаудың қарапайым гигиеналық ережелерін сақтау керек, олардың терісінің тазалығы мен жағдайын бақылау керек. Пайда болған ойық жараны жергілікті емдеу сауатты тәсілді талап етеді және өзгерген терінің аймағын ион алмасу қасиеттері жоқ құралдармен (тұзды ерітінді, камфор спирті) мұқият өңдеу қажет. Бұл құралдарды таңдау өте маңызды, өйткені ион алмасу қасиеттері бар препараттар (хлоргексидин, йодинол, повидон-йод және т. б. ) жасуша мембраналарының өткізгіштігін бұзады, жасушалардың қорғаныш функцияларын тежейді және микрофлораның дамуына және ойылудың одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасайды. Ойылуды өңдегеннен кейін жергілікті қан айналымын жақсартатын құралдарды қолдану маңызды.
Ойылудың II дәрежесіндегі пациенттерге де хирургиялық ем қажет емес. Бұл кезеңде де тіндердің некроздануының алдын-алу жалғасады, пайда болған ойылу орындарындағы жалпы ластануды және күлдіреу болған кезде эпидермисті жойып, мұқият өңдеуменшектелу жеткілікті. Терінің деэпителденген жерлерін (дәл ойылудың I дәрежесіндегі сияқты) ион алмастырғыш антисептиктермен өңдеугеболмайды. Жаранытұзды ерітіндімен, сутегі асқын тотығымен жууға болады. Терінің өзгерген жерлерін эпителизациялау үшін қазіргі уақытта физикалық қасиеттері, химиялық құрамыжағынан дамытылған, дәрілік заттар қосылған [5] әртүрлі таңғыштар бар, олар ойылудың дәрежесін, некроздың бар, не жоқтығын, зақымдану аймағын ескере отырып емдеуге арналған. Бұлар жабысқақ беткі қабаты бар мөлдір пленкалар, вафельді гидроколлоидты гидрогельді таңбалар, гидрополимерге негізделген жартылай өткізгіш таңғыштар, бактериялар мен сұйықтықтардың енуіне жол бермейтін, дем алатын полиуретанның жоғарғы қабаты бар губкалы таңғыштар.
Ойылудың III дәрежесінде емдеудің міндеттері - тері астындағы тіндердің некротикалық өзгеруінің одан әрі дамуын болдырмау және некрозды хирургиялық жолмен алып тастау, іріңнен және некроз қалдықтарынан ойық жараны тазарту, жазылып келе жатқан жараны кебуден қорғау болып табылады. Осы кезеңде қысымның жарасын жергілікті емдеу үшін бірнеше препараттар тобы бар, оларды қолдану жара процесінің фазасына байланысты. Некротикалық-қабыну өзгерістері кезеңінде жергілікті антисептиктер (Бетадин ерітіндісі, мирамистин, сутегі асқын тотығы, хлоргексидин), некролиттік препараттар (трипсин, химотрипсин, террилитин, коллагеназа), гиперосмолярлы препараттар және қабынуға қарсы препараттар (гидрокортизон, дексаметазон) қолданылады.
Ойық жаралардағы жағымсызиісті едәуір басу үшін0, 75% метронидазол гельін таңу материалы ретінде қолданады.
Регенерация кезеңінде тіндерді қалпына келтіру стимуляторлары қолданылады (, винил, мырыш гиалуронаты, декспантенол) .
Ойылудың IV дәрежесінде патологиялық процеске бұлшықеттер, сіңірлер, бірлескен капсулалар мен сүйектер қатысатын терең некроз пайда болады. Емдеу некрэктомиядан, ойық жараны тазартудан және жазылып келе жатқан жараның қалпына келуін ынталандырудан тұрады. Медициналық терапия III дәрежедегі ойылуларды емдеуде қолданылатын терапияға ұқсас. Барлықөлі тіндерді толық хирургиялық кесу мүмкін емес, өйткені некроздың шекарасын дәл анықтау өте қиын. Жараны хирургиялық тазарту буын сөмкелерінің, тамыр-жүйке түйіндерінің мүмкіндігінше сақтай отырып жүргізіледі [7, 10] .
1. 2Ойылудың алдын алу және оны емдеу бойынша шетелдікзерттеулердің нәтижелері
Ойылуды және шетелдік әдебиеттерде көптеген жұмыстар бар [5-10, 12-14, 16, 17] . Олар ойылудың пайда болуының патогенезін терең және егжей-тегжейлі көрсетеді, әртүрлі жіктеулер, алдын-алу және емдеу әдістері, соның ішінде хирургиялық әдістер ұсынылады, бұл осы мәселені шешудің күрделілігі мен түсініксіздігін көрсетеді.
Ойылу -бұл ауыр созылмалы ауру, әсіресе жұлынның зақымдануымен (ЖЗ) бірге жүретін жұлын жарақаты бар пациенттерде ауру ағымы өте ауыр. Беларусь мемлекеті, Минск қаласында орналасқан Беларусь мемлекеттік медицина университеті, Беларусь 5-ші қалалық клиникалық ауруханасы гипербарикалық оксигенацияны (ГБО) пайдаланды. Әртүрлі терапиялық және хирургиялық патологияларды, әсіресе тіндердің ишемиясымен және микроциркуляцияның бұзылуымен бірге жүретін перспективті емдеу әдістерінің бірі гипербарикалық оксигенация (ГБО) болып табылады. Алайда, ЖЗ-мен бірге жүретін жұлын жарақаты бар пациенттердегі ойық жараны емдеуде ГБО қолдану тек емдеу шараларының бірі ғана, бұл ГБО-ны осы патологияда қолдану қаншалықты тиімді екенін анықтауға мүмкіндік бермейді. Зерттеушілердің мақсаты-осы патологияны кешенді емдеуде қолданылатын ГБО көмегімен травматикалық ЖЗ бар пациенттердегі ойылуды консервативті және жедел емдеу нәтижелерін жақсарту[19] .
2000 жылдан 2006 жылға дейін Минск қаласының5-ші қалалық клиникалық -мен омыртқаның күрделі жарақаты бар 139 пациенттің тексеру және емдеу нәтижелері алынған. 80 пациент консервативті ем қабылдаған (1-топ), 59-ы операция жасалған (2-топ) . ГБО-ны 1-ші және 2-ші топтан 29 пациент алған. Қалғандары ГБО-сыз емделген және бақылау топтарын құраған. 53, 2% - да ойылу отырықшы сүйек томпағы аймағында, 30, 2% - құйымшақ, 13, 7% - ұршық және 2, 9% - басқа аймақтарда орналасқан. ГБО курсы әрқайсысы 45 минуттан 1, 8 ата режимінде 10-12 сеанстан тұрды. Емдеу нәтижелерін бақылау үшін клиникалық, цитологиялық, гистологиялық, микробиологиялық және статистикалық зерттеу әдісі қолданылды, оның ішінде ойылу аймағында қандағы газдың қанығуы[19] .
Нәтижесінде ойылуды консервативті емдеу кезінде ГБО-ның 10 аурудың клиникалық ағымына жағымдыәсерететіні анықталған. Бұл ойылу аймағындағы материалды цитологиялық және гистологиялық зерттеу деректерімен расталған. Сондай-ақ, тіндердің оттегімен қанығуының жоғарылауы байқалған. Ойылудан толық сауыққандардың - 58, 6% ГБО тағайындалған топтағылар, ал 39, 2% ГБО тағайындалмаған топтағылар. 3-4 дәрежелі ойылуы бар пациенттерге хирургиялық оталар жасалған. Олардың - 89, 6% ГБО тағайындалған топтағылар, ал 80% - ға жуығы ГБО тағайындалмаған топтағылар. Екі бақылаутоптарында да өлім-жітім болмаған. Операцияданкейінгі асқынулардың жиілігі 70-тен 37, 9% - ға дейін төмендеген[19] .
2008 жылдан 2012 жылдың мамыр айына дейін Минск облыстық клиникалық ауруханасының іріңді хирургия бөлімінде жұмсақ тіндердің ойылуына 23 хирургиялық ота жасалған. Пациенттердің жасы 17-ден 63 жасты қамтыған. Олардың 20-сы ер адам, 3-еуі әйел адам. Ойылудың орналасуына сәйкес келесі түрлерге бөлген: құйымшақ - 11; үлкен жамбас сүйектері - 8, отырықшы сүйек томпағы аймағында- 4. Пластикалық отаойылудың орналасуына, ауданына және тереңдігіне байланысты екі-төрт жергілікті толық қатпарлы қарсы тері бөліктерімен жасалған. Ойылу бірден бірдей блокпен кесіліп, содан кейін оларды ең аз тартуға жағдай жасау үшін жараның шеттерін кесіп, жұмылдырады. Дренаж тек белсенді дренаждармен жүргізілген[18] .
Нәтижесінде, асқынулар болмаған кезде тігістер операциядан кейін 10-12 күндеалынады, емдеудің орташа ұзақтығы 14, 3 ± 2, 3 күнді құраған. 3пациентте операциядан кейінгі жараның іріңдеуі байқалады, бұл тігістерді ертерек алып, іріңдерден тазартып, содан кейін қайталама тігістерді салуды қажет еткен. Осы санаттағы емдеудің орташа ұзақтығы - 29, 4 ± 3, 6 күн. 1 пациентте ішінара ишемиялық некрозы байқалып, оған некрэктомия жасалып, содан кейін жара беттерінің қайталама пластикасы жасалған. Бұл науқастың емделу мерзімі 39 күнді қамтыған[18] .
Қорытындысында жергілікті толық қатпарлы қарсы тері бөліктеріменжасалған пластикалық хирургия «жарақат» ақауларын толығымен жабуға мүмкіндік береді, бұл ЖЗ бар пациенттердің өмір сүру сапасын едәуір жақсартады. Толық оңалтып, пациентті күнделікті таңудан құтқарады[18] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz