Зейіннің қасиеттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

ZHANGIR KHAN UNIVERSITY
СРС

Орындаған: Мұрат Б. С.МААХҒ -11
Тексерген: Джакупова А.

Орал қаласы, 2020 ж

1.Психикалық үрдіс және тұлғаның қасиеттері ретінде зейіннің жалпы сипаттамасы.
2.Зейіннің түрлері.
3. Зейіннің қызметі.
4. Зейіннің физологиялық негізі.

Зейін өздігінен жеке-дара психикалық процесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным процестеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын, бағытын көрсетеді.Зейін-кез-келген психикалық процестің тұрақты бір жағы.Сөйтіп ол адам іс-әрекетініңсапалы әрі нәтижелі болуын жәрдемдеседі.
Зейін дегеніміз-сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін қамтамассыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді.
Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт- объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін. Зейіннің физиологиялық механизімі өте күрделі. Оның негізі-жүйке-жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі.
Сезгіш дегеніміз-ми қабының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функцияналдылық ерекшелік.
Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрлі бар.Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.

Ми алаптары жұмысының реттеліп (қозып, тежеліп) тұруы нәтижесінде әрқилы психикалық әрекет жүзеге асады. Әр түрлі импульстер жоғарыдан(ми қабығынан)төменгі ми алаптарына (ми бағанасы т.б) келіп, оларды өзін бағындырады.Бұл төмендеуші ретикулярлық формация деп аталады.
1958-1960жж АҚШ оқымыстысы Г.Мэгун,Италия ғалымы Моруций импульстардың төменен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеп берді. Мұны өрлеуші ретикулярлық формация дейді.
Зейін механизімі мидың ректорлық қызметіне, жануарлардың И.П Павлов ашқан шартсыз рефлексіндегі Бұл не? деген таңдану рефлексіне байланысты. Бұл рефлекстің биологиялық мәні жануарлардың қоршаған ортадан әсер ететін жаңа тітіркендіргіштерке жауап беруі болып табылады.Адамдағы аңғару рефлексі-туа біткен қасиет, одан зейіннің сыртқы тітіркендіргіштерге тікелей байланыстылығы айқын көрінеді.
Зейіннің физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын физиологиялық құбылыспен де түсіндіруге болады.Миға көптеген тітіркендіргіштер бір мезгілде әсер етеді.Солардың әсерінен ми жарты шарларының қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады.Қозудың оптималдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не олардың ми қабының бір ғана бөліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік индукция заңына орай бір жерден екінші жерге ауысып отырады.
Тәлім-тәрбие істерінде мұғалімдер мен тәрбиешілер қозудың оптималдық ошағының жасалу заңдарына сүйенеді.Мәселен, Балалар, дұрыстап отырындар, қане, қолдарыңды партаға қойып, маған қарандаршы! деу арқылы ұстаз оқушыларға әсер етіп, олардың зейінін негізгі объектіге аударады.
Әйгілі физиолог ғалым А.А Ухтомский (1875-1942ж) ми қызметінің күшейіп, өзге алаптардаң қызметіне үстемдік етеді.Сөйтіп жаңадан пайда болған қозу ошақтарын тежеп қана қоймай, оларды өзіне бағындырып, жүйке жұмысын күшейте түседі. Даминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркендіргіштерді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді.Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге болады. Зейінділік, сондай-ақ адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда, қимыл-қозғалыс тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады.
К.Д.Ушинский адамның психикалық іс-әрекетінде зейіннің алатын орнын ерекше атап көрсетіп, зейін адам санасы арқылы қорытылатын және одан өтетін барлық ойды аңғаратын адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады -- деген болатын. Оның бұл пікірі жастарға тәлім-тәрбие беру ісі мен психологияда, дидактикалық зерттеулерде күні-бүгінге дейін өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді.
Зейіннің құрылымы, түрлері, қасиеттері
Зейін адамның еркіне қарай ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үш түрге бөлінеді. Ырықсыз зейіннің психолоиялық әдебиеттерде бірнеше синонимі бар. Кейбір зерттеулерде ол пассивті зейін, енді бір құралдарда эмоциялық зейін деп аталады. Бұл екі түрлі атау да мәні жағынан ырықсыз зейіннің ерекшелегін көрсетеді. Пассивті зейін нәрсеге бағытталған сананы шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет емес екенін білдіреді. Ал ырықсыз зейінжі эмоциялық деп атау зейіннің объектісі және соған қатысты көңіл-күй мен эмоциялар, қызығулар мақсат мүдде арасындағы ара қатынастың мәнісін білдіреді. Сонымен, ырықсыз зейін деп сананы белгілі бір объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз.
Сан қилы тітіркендіргіштер ішінен күшті басым тітіркендіргіш зейінді өзіне еріксіз аударады. Мысалы, сөреде қатар тұрған кітаптар арасынан мұқабасы қызыл кітап бірден көз тартады. Мұның себебі - қызыл түстің көзге әсер ету коэфицентінің күшті екендігінде. Осы орайда, мәнерсіз жөнді аудара алмайды. Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның зейінін өзіне еріксіз тартып алады. Кез-келген тітіркендіргіштердің адам зейінін өзіне аударуы оның әсерлілігіне байланысты.
Сондай-ақ, тітіркендіргіштердің жаңалығы да ырықсыз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автомашина не қабырға газетінің жаңа номерін көріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі көрнекі құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек, әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы - ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі.
Адамның таным әрекетінде көңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де ырықсыз зейін тудырады.Мысалы,бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыстар, хош иісті өсімдіктер мен нәрселер. Адамды таңдандырып, сүйендіретін нәрселерде зейінді өзіне еріксіз аударады.Көркемөнер туындыларының адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейіе тудырып, танымдық процестер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейінің тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына байланысты.
Ырықты зейін ерікті немесе активті зейін деп те аталады. Мұндай атаулардың бәрі сананың белгілі объектіге шоғырлануындағы адамның адамның шешуші ролін көрсетеді.
Сананың әрекеттің белгілі шартымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын ырықты зейін дейміз.Ырықты зейінің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты.
Машина жүргізуші шофер, есеп шығарушы бухгалтер, тәжірибе жүргізуші ғалым алдын-ала мақсатын белгілеп,оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағыттайды.Олай есептеген жағдайда мақсатты ісінен нәтиже шығара алмас еді. Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді.Бұл үшін бастауыш сыныптарда оқу әрекеті балалардың шама-шарқына қарай қызықты етіп ұйымдастыруға тиісті.Талпынысының нәтижелі болуы баланың өзіне деген сезімін арттырады.Сабақта оқушылырдың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі әрекет жасатып,ырықсыз зейінін ырықтызейінге аударып отыру керек.
Жұмыс орынының қолайлы болуы-ырықты зейіннің тұрақты болу шартының бірі.Жұмыс орнында кісінің көңілін бөгде тітіркендіргіштер алаңдатпауы керек.Мысалы,сабақ үстінде айтылған артық сөз баланың белсенді жұмыс істеп отырған көңілін бөледі.Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты-адамның психикалық күйі.Шаршап-шалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады.Адамның сырқаты,жан қинайтын бөгде ойлар т.б.ырықты зейінің сапасын нашарлатады.Ырықты зейінді күшейту үшін сөз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты тұрақтандыруға болады. Әрқилы жағдайларда жұмыс істей білу мен адамның әдеттері де ырықты зейіннің тұрақты болуын ықпал етеді.
Адамның күрделі мәселелерді шешуші, орфографиялық ережелерді қолданып жазба жұмыстарын дұрыс орындауы,жаңа терминдер мен шетел тілін меңгеруі-мұның бәрі де ырықты зейін арқылы іске асады.
Үйреншікті зейін-зейіннің ерекше түрі.Атына көрініп тұрғандай,ол ырықты зейіннен кейін жасалады.Сонымен,үйреншікті зейін дегеніміз-қажетті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы. Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар.Ол қызығу негізінде қалыптасады.Бірақ бұл нәрсенің қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатынасәйкес мүдделі әрекетіне байланысты.Мұндағы маңызды нәрсе-істің нәтижесі.

Әрекет кезінде үйреншікті зейіннің пайда болуы-әркімнің өзіндік ерекшеліктері мен еңбектену әдеттерінің жемісі.Кейбір адамдар ауыр деген жұмыстың өзін аса қиналмай-ақ, ойнап-күліп жүріп тындыра береді.Мұндай жағдайларда ырықты зейін үйреншікті зейінге оңай ауысады.Ондайда адам шаршағанын да байқамай қалады.
Зейіннің жоғарыда қарастырылған үш түрі де бір-бірімен тығыз байланысты.Адамның іс-әрекетінде зейін түрлері алма-кезек өзгеріп,бір-біріне ауысып отырады. Ұстаздар оқу-тәрбие істерінде оқушы зейінін сабаққа бағдарламау ғана шектеліп қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік саналарың қалыптастыруға баса көңіл бөледі.
Сыртқы және ішкі зейін түрлері. Объектісінің орналасу жағдайына орай, зейін сыртқы және ішкі болып бөлінеді.Зейінді меңгеру мен оның кейбір ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін сыртқы және ішкі зейіндер адамның дене әрекетін меңгеріп,реттеуге бағытталған.Бұны перцептивті зейін деп те атайды.Ішкі зейін-сананың ішкі іс-әрекетке, ішкі дүниеге бағытталуы.Зейіннің бұл түрі адамға ғана тән.Ол жануарларда болмайды. Өйткені, олар өз жан дүниесінің сырын шолып біле алмайды.Сыртқы және ішкі зейіндер бірін-бірі тежеп отырады.Себебі, сананы сыртқы әр ішкі құбылыстарға бір мезгілде бағдарлау өте қиын.Ішкі зейіннің объектілері: сезімдер,елестер,ойлар.Бұлар адамның сыртқы қимылдары,ернінің жыбырлыуы,жеке сөздері айтып қалу, дене мүшелерінің түрлі қимыл-қозғалыстарыарқылы байқалары. Ішкі зейіндер-сана мен өзіндік сананың дамуы үшін қажетті шарт. Онсыз адам болашақ қимыл-қозғалыстарын,олардыңнәтижесі н болжай алмайды.Ойлай білу,ой арқылы әрекет жасау ішкі зейіннің жетілуімен байланысты.Ішкі зейін қалыптаспайынша, адамның ақыл-ой, эстетикалық жағынан дамуы мүмкін емес.Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін өткенді бағалау мен бастан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Зейіннің психологиялық және физиологиялық мазмұны
Зейін және оның қасиеттері
Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірлері
Инженер еңбегіндегі зейіннің ролі
Үйреншікті зейін - зейіннің ерекше түрі
Бастауыш сынып оқушыларының зейінін бағалау ерекшеліктері
Зейіннің түрлері мен қасиеттері
Бала зейінін дамытуда ойынның маңызы
Зейінді дамыту жолдары
Пәндер