Қиял анықтамасы
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
ZHANGIR KHAN UNIVERSITY
СРС
Орындаған: Мұрат Б. С.МААХҒ -11
Тексерген: Джакупова А.
Орал қаласы, 2020 ж
1. Қиял анықтамасы.
2. Қиял түрлері мен қасиеттері.
3. Қиялдық бейнелердің жасалу жолдары
4. Қиялдық ерекшеліктері.
Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселердің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан жаңа бейнелер жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың жаңа елестер мен ой пікірлер тудырады. Осындай жаңа бейнелер мен идеяларды қиял деп атайды. Ал жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял - адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалар мен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездесуі мүмкін емес. Осындай процестер бір бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік қызмет атқарады.
Қиял - адамның психикасының ерекше формасы, ол басқа психикалық процестерден бөлек тұратын және қабылдау, ойлау және де жадыда сақтау арасындағы аралық орын алатын психикалық форма. Өйткені жадыда сақталған, ал келешек армен мен фантазияда елестетілген. Қиял адамға практикалық әрекетсіз жағдайларда хабардар болуға және мәселелерді шешетін көрнекі бейнелі ойлаудың негізі болып табылады.
Адам қиялына меншікті бірсыпыра ерекшеліктерді мынандай етіп топтастырып көрсетуге болады:
әрбір адамның қиялы оның жекебасының қызығуы мен ерекшелігіне, алдына қойған мақсат-мүддесіне байланысты болып отырады. Мысалы, жаңадан машина жасауды ойластырып жүрген инженердің белгілі тетіктерді жетілдіру үшін оларды жасап шығарудың әдіс-тәсілдерін қарастыруын, емтихан тапсырайын деп жүрген студенттің іс-әрекетін, шөл далада сусап келе жатқан жолаушының қиялын салыстыра отырып, олардың әрқайсысының мүдде-мақсатын айқындауға болады.
Қиялдың мазмұн-мәнісі, түр-сипаты адамның жас ерекшелігіне, білім дәрежесі мен өмір тәжірибесіне, дара басының ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, өмір-тіршілігінде көрініп білгені мен көкейге түйгені көп білімдар адамның қиялы мен жеткіншек жастың қиялын бір мөлшермен салыстырып қарауға болмайды.
Қиял адамның барлық психткалық құбылыстарымен тығыз ұштасып жатады. Мысалы, мақсат еткен мүдделі ісін жүзеге асыру үшін адам оның әртүрлі жолдарын іздестіреді. Бұл қиялмен тығыз байланысты. Адамның ерік-жігері, қайраты оның жоспарлаған мүдделі ісін жүзеге асыруынан көрінеді. Қиялда ойлау процесі ерекше орын алады. Осы ретте, кеңес психологі А.Б.Брушлинский қиялды ойлаудың ерекше бір түрі деп санайды. Яғни, ойлау белсенділігі адамды шығармашылық істер мен әрқилы әрекеттерге жетелейді. Физиолог И.М.Сеченовтың қиялға байланысты пікіріне сүйенсек, адамның басына оның есінде орын тепкен элементтерден құралмаған бірде-бір ойдың келуі мүмкін емес. Ол тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың өзін бұл ережеден шығарып тастауға болмайды деген пікір айтқан еді.
Адамның қиялы еңбек процесінде іс-әрекет үстінде дамып отырады. Мұндағы шарттар: саналы мақсат, болашақты болжай білу, оны өңдеп елестете алу. Адам қиялына тән мұндай қасиеттер оның психикасын жануарлар психикасынан өзгешелеп тұрады.
Қиял түрлері: активті - ырықты, пассивті - ырықсыз, продуктивті, репродуктивті, түс көрушілік, елестетушілік, қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиялы, арман және мұң.
Пассивті (ырықсыз) қиял - қиял бейнелері спонтанды түрде адам еркі және тілегінен туындайды. Яғни, адамның алдына мақсат қоймай-ақ, басындағы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Қиялдың бұл түрі төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы-ойлау кезде де ырықсыз қиялдар өздігінен туындап жатады. Пассив (әлсіз) қиялдың айқын түрі түс көруден байқалады. Көрген түстің қиынсыз шым-шытырық болатыны да - осы ырықсыздықтан. Мұндай қиялдың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне де байланысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағлып өтіп жатуы. Осы екі мысалдардың бірінші жағдайында - қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда - сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес - қиялдың пассив түрі.
Қиялдың саналы әрі жемісті түрі - ырықты (активті) қиял. Активті қиял - адам өзінің тілегімен және еркімен өзінде сәйкес бейнелер тудыра алады. Бұл - адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардың ойын әрекетінен де анық байқалады. Ұшқыш, дәрігер, мұғалім т.б. болып ойнауларына қарап, олардың ырықты қиялдарын аңғаруға болады. Өйткені ырықты қиял еңбектену процесінде дамып, әрбір адамның іс-әрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдын ала көз алдарына елестетеді. Оларды орындауға қимыл-әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді. Ырықты қиял түрлерін топтап қарастырдың жолдары бар. Олар - қайта жасау қиялы және жасампаздық қиял.
Қайта жасау қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездестірген, бұрын болған бейнелерді қайта жаңғыртып елестететін сөздік тітіркендіргіш қызметін әртүрлі суреттер мен сызулар, сызбалар мен кестелер, ноталар атқарады. Ал психологиялық құрылысы - екінші сигналдық тітіркендіргіштерді бірінші сигналдық бейнелерге айналдыру. Мысалы, мұхитты көрмеген адам біреудің сол мұхитты суреттеп жазғанымен таныса отырып, оның ұшы-қиырсыз бейнесін қиялдайды. Қайта жасау қиялындағы мақсат жаңа, соны бейнелер жасау емес, табиғаттағы заттарды адамның өзі тікелей қабылдамаса да, сол қалпында қайта елестету болып табылады. Қайта жасау қиялы - адамның ой-өрісін дамытып отыратын психикалық процесс. Қиялдың бұл түрінің тәлім-тәрбие ісінде ерекше маңызы бар. Мысалы, оқырмандар Мұхтар Әуезовтың Абай жолы эпопеясындағы Дәркембайдың бейнесі арқылы кедей шаруалар мен жатақтардың тұрмыс халін көз алдарына елестетіп, пайымы кең, ақыл-парасаты терең кісілердің оқырман адамдардың арасынан да жиі кездескендігіне көз жеткізеді. Мектепте оқытылатын жеке пәндердің де қайта жасау қиялын дамытуда мәні зор. Геометрия, сызу сабақтарында сызба суреттердің мәнісі әрбір машина тетіктері, олардың қызметі, жұмыс принципі арқылы түсіндіріледі. Қайта жасау қиялы адамның барлық қызметі мен іс-әрекетіне қатысты. Өйткені, әрбір адам өзі істеген жұмысының нәтижесі мен пайдасын күеілгері көз алдына келтіріп, қиялы арқылы оларға шолу жасайды. Қайта жасау қиялы адамның білімі мен бұрынғы тәжірибелеріне сүйенеді. Сөйтіп, қиялдың бұл түрі арқылы пайда болатын елестер алға қойған мақсат пен тілекке сай екшеледі, бұрынғы қабылданған процестерді болмыстағы шындықпен жақындатады.
Балалардың қайта жасау қиялын дамытып, нәтижелі іс-әрекетіне күшті әсер ететін жайт - олардың алдына белгілі практикалық міндеттерді қоюы. Айтарлық, заттың суретін салу немесе түрлі материалдардан сол заттың бейнесін жасау т.б. Мұндай істер балаларды сөзбен айтылған объектілерді нақты нәрселерді ұқсас-түйегімен қоса түгел елестетуге баулиды.
Қиялдың ең жоғары түрі - жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар жасалады. Шығармашылық жасампаздық қиял қайта жасау қиялы сияқты нақты суреттер мен шартты бейнелерге сүйенеді. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындалар - қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш. Жасампаздық қиял - қоғамдық мәні бар жаңа, соны өмімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық процесс. Машиналардың жаңа түрлерін ойлап табу, бұрынғы машиналарды реконструкциялау, мал тұқымын асылдандыру, өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын өсіріп шығару, ғылымда, өнер мен әдебиетте, құрылыс пен халық шаруашылығының басқа салаларында жаңалық ашу - мұның бәрі де шығармашылық қиялға жатады. Мұндағы процеске тек қиял ғана емес, тұрақты зейін, әр түрлі ойлау әрекеттері, ерік процестері т.б. әрекеттер де қатысады. Дегенмен, ырықты қиял жетекші рөл атқарып, адамның барлық процестері мен істеріне жол сілтейді.
Шығармашылық қиял арқылы жасалатын жаңа туындылар мен өнімдер әрқилы жорамалдар жасап, көп ізденуді талап етеді. Алға қойған міндеттерді шешуде көпке дейін нәтиже шықпай, іздеген образ жасалмайды, зат тетіктері үйлеспейді. Шығармашылық қиялдану үстінде адамның іздегені күтпеген жерден, кенеттен тууы да мүмкін. Адам басында көптен бері жүрген мәселенің кенеттен, күтпеген жерден шешім табуы, оған тиісті жауап алынуы психологияда интуициялық процесс деп аталады. Интуиция латын сөзі - шұғылданып қарау деген мағынаны білдіреді. Кертартпа психологтар интуицияға іштен жарқырау не құдіреттің күшімен тану деген анықтама береді. Дегенмен, бұл шындыққа жанаспайды. Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ, дүниені интуиция арқылы танып білу - ми қабығының белгілі түрде атқаратын қызметі. Бұл мәселені ғылыми-табиғи негізде дәлелдеп берген - И.П.Павлов зерттеулері. Ол ми алқабы көлемінің белгілі дәрежеде тежеліп жатқан орталықтарында да синтездеу процесі жүріп жатады. Кезінде мұндай әрекет адамға сезілмесе де, оның болып өткені - ақиқат. Сондықтан қолайлы бір жағдай туа қалса, қайдан келгені белгісіз сияқты болып, даяр күйінде шыға келуі мүмкін деген болатын. Ғылыми жаңалықтарды, келелі мәселер мен істерді шешуге керекті жаңа байланыстар адам өзінің рухани қуатын сол проблемалар төңірегіне шоғырландырғанда ғана туады. Міне, осындай жағдайда адамда шабыт пайда болады. Шабыт билеген адам әрқашан да жемісті нәтижеге жетпек. Осы орайда, ғылым тарихынан бірнеше мысалдар келтірейік:
Ерте заманда өмір сүрген ғалым Архимед заттардың салмағын ажыратып білуді үйіндегі астауға шомылып жатқанда ашады. Сөйтіп, таптым - эврика деп айғалып жүгіріп кетеді. Ал ағылшын инженері Дж.Уатт жаңа машина жасап шығаруды қиялдап жүргенде, пештің үстіндегі шәйнек қақпағының қайнаған судың буынан діріл қағып, орнынан қозғалғанын аңғарып қалады да, бұл не деген күш! деп таңданады. Осыдан кейін Дж.Уатт бу машинасын ойлап тапты деген сөз бар. Кибернетика ғылымының негізін қалаушылардың бірі, атақты американдық оқымысты Н.Винер электрондық-есептеуіш машинасын адамның миының қызметіне негіздей отырып ойлап тапқан. Жалпы алғанда, ғылым мен техника, өнер мен білім жаңалықтарының ашылуы адамның шығармашылық қиялының жемісі болып табылады. Сондай-ақ, әрқилы құрал-саймандардың да адамның әр алуан іс-әрекеттері нәтижесінде жасалғаны белгілі. Мәселен, тырма - қолдың бес саусағының бірігіп әрекет жасауының, ожау екі қолды қосып сұйықты ішудің жемісі деуге болады. К.Э.Циалковский: менің ғарышқа сапар шегу талабым фантастикалық шығармаларды оқудан пайда болды. Ынта соңынан ақыл-ой әрекеті туды. Егер ғылым тарапынан көмек келмегенде, тек ақыл-ой еш нәтиже бермеген болар еді, - дейді. Қазақ халқының ертедегі қиялы да ұшқыш кілем, таусоғар, көлтауысар, желаяқ тәрізді басқа да кереметтер жөнінде қиял-ғажайып ертегілер туғызды. Сол арман-тілектің көпшілігі бүгінде нақты шындыққа айналып отыр. Қазіргі таңда ел қажеттілігін, мұқтаждығын өтеп отырған пойыздар мен автокөліктер, ұшақ типтерінің сан алуан түрі - адамның жасампаздық және шығармашылық қиялының жемісі. Шығармашылық қиялдың көркем әдебиет пен өнер саласында да алатын орны айрықша. Қоғамдық өмір мен әлеуметтік құбылыстарды, адамдардың топтарын, типтерін көрсетуде шығармашылық қиял арқылы сан алуан бейнелер жасалынып, типтік тұлғалар туындайды. Шығармашылық қиялды мүсіншілік, сәулет, сурет, әдебиет, мәдениет сынды өнер салаларына тән деуге болады.
Адам қиялының ерекше бір түрі - арман. Бұл - актив әрекетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүддемізге орай бейнелер жасау, игі мақсат-мүддемізді іс жүзінде асыруды қиялдау. Басқаша айтқанда, арман - келешектегі әрекеттерге арналған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz