Қаржы механизмінің айрықша элементтері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының
білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті
Кафедра Мемлекеттік аудит

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қаржы пәні бойынша
Тақырыбы: Экономикалық механизм жүйесіндегі қаржылық механизм
студент 2 курс МА-23 тобы

Нұрсұлтан, 2020
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе

1. Қаржы мехнизмінің мазмұны мен құрылымы
1.1. Экономикалық қаржы мехнизмінің негізгі міндеттері
1.2. Қаржы механизмінің айрықша элементтері
1.3. Шет елдердегі қаржы мехнизмі

2. Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономикадағы қаржы
механизмі және қазіргі кезеңдегі оның ерекшеліктері
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы механизмінің дамуы
2.2. Қазақстан Республикасыныңы қаржы саясаты мен қаржы
механизміне салыстырмалы талдау

3. Қазақстандағы қаржы механизмінің даму перспективалары

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әрбір экономикалық категорияның өзіндік ерекшеліктері болады, қалыптасқан қатынастарды білдірудің белгілі бір типтері, нысандары мен орындалу әдістері арқылы көрінеді. Тап осы ұғымдар -- яғни, қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары мен әдістері -- экономика жүйесінде тиісті процестерді басқарудың тетіктері, механизмі ретінде көрініс табады. Экономикалық категориялардың ішінде қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және оны пайдалану арқылы жасалынған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан осы процесте қолданылатын механизм -- бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары көрінісінің түрлері, нысандары мен әдістері болып табылады.
Қаржылық қатынастар ақша қаражаты бар жерде қалыптасатыны бәрімізге мәлім. Мемлекеттің пайда болуымен және тұрақты тауар-ақша айналымымен ғана экономикалық қаржы категориясы пайда болады.Қаржы объективті түрде әрқашан да қажет, олардың қажеттілігі тауар өндірісінің, айналымның болуына, сондай-ақ құндылық заңының қолданылуына байланысты болып келеді.
Қазіргі заманғы әлемнің кез-келген қоғамының экономикалық құрылымын зерттеу қаржылық қатынастардың жиынтығы болып табылатын және оларды реттейтін қаржы мехнизмін талдаусыз мүмкін емес. Қаржылық қатынастар кез-келген әлеуметтік жүйеге тән жалпы экономикалық қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық механизм арқылы мемлекет саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы көптеген функцияларын орындау үшін қажетті ақша қорларын қалыптастырады және пайдаланады.
Менің зерттеу жұмысымның өзектілігі қаржы механизмінің экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау максатында қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану әдістерінің жиынтығы болып табылатынын зерделеп, анықтау.

Қаржы мехнизмінің мазмұны мен құрылымы
Экономикалық қаржы мехнизмінің негізгі міндеттері
Механизм- бұл экономикалық тұрғыда бір нәрсені іс-қимылға, әрекетке келтіретін, белгілі бір қызметке түрткі болатын құралдың түрі. Экономикалық мағынада механизм термині басқаруда кеңінен қолданылады және оның мәні экономикалық, соның ішінде қаржы саясатының да міндеттерімен анықталатын басқарушы субъектінің басқарылатын объектіге ықпалының мазмұнымен байланысты болып келеді.
Экономиканың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын қаржы саласы шаруашылықты жүргізудің бүкіл жүйесімен, сондай-ақ оның жоспарлау, бөлу,болжау, экономикалық тұрғыдан ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқты бөлімдерімен өте тығыз байланыста болады. Оның үстіне, экономиканың қаржы саласы қоғамдық қатынастар жүйесінің серпінін (динами- касын) анықтаушы неғұрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің өзге де ұқсас құрамды бөліктерімен өзара іс-әрекет етеді.
Қаржы механизмі дегеніміз -- экономикалық қана емес,қоғамның әлеуметтік дамуында да қолайлы жағдайлар жасау үшін қолданыстағы қаржы қатынастарын ұйымдастырудың,жекелеген ресурастарын қалыптастырудың, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Қаржы механизмі қаржы қатынастарын ұйымдастырудың бірнеше түрлері мен нысандарын,әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.
Қаржы механизмінің орындалуындағы негізгі мазмұны: экономикалық заңдылықтарды ескере отырып,сәйкесінше қоғамның даму міндеттеріне сай қаржыны жоспарлы ұйымдастыру және оны басқару болып табылады. Қоғамның даму кезеңдерінің әрбір сатысында қаржы механизмінің өзіне тән белгілері байқалады, ол біріншіден экономиканың жалпы жай-күйін, қоғамдағы материалдық және мәдени сияқты әртүрлі өмірлік қажеттіліктерін және басқа да осы секілді факторларды ескере отырып, әртүрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттік қаржы механизмінің мазмұны айтарлықтай күрделі болып келеді, өйткені ол өте ауқымды шаралар кешенін, және оны дәйекті жүзеге асыру үшін қолданылатын стадияларын қамтиды, оларға төмендегілерді жатқызамыз:
1)экономиканың қалыпты жай-күйі және экономикалық заңдардың өзара әрекеті, қоғамның әлеуметтік - экономикалық тұрғыда дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми нұсқадағы тұжырымдамасын даярлау;
2)жалпы экономикалық механизмнің тиісті мақсаттары мен міндеттеріне сүйене отырып, қаржы механизмінің стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;
3)экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі арқылы іс жүзінде жүзеге асыру.
Осы негізгі деп табылатын үш буынның бірлігі қаржы механизмінің мазмұнын айқындайды. Демек, экономикалық заңдылықтардың іс- әрекетін негізге ала отырып, қоғамдық даму міндеттеріне байланысты қаржыны ұымдастыру мен басқару мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.
Қазіргі таңда қаржы механизмінің көмегімен шешілетін бірнеше міндеттердің қатарына мыналарды жатқыза аламыз:
а) мемлекеттің дамуындағы әрбір кезеңінің ерекшеліктері нысанында қаржы ресурстарының мүмкін болатын көлемін ұйымдастырудың жағдайларымен қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын елдегі қоғамдық өндірістің сфералары ішінде, ұлттық шаруашылықтың әртүрлі секторлары арасында ұтымды түрде бөлу және пайдалану, оларды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық даму үшін белгіленген бағыттары мен талаптарын орындау арқылы тиісті қаржы механизімін жасап, оны үнемі кең дәрежеде жетілдіріп отыру.
Еліміздегі саясат пен жүргізіліп жатқан реформаларға байланысты мемлекеттің қаржы механизмі мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында мына мәселелерге бағытталған:
қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, және оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға;
әлеуметтік - экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға;
материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге.
Аталған мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттілігінен туындап отырады.
Жалпы қаржы механизмінің мақсаты - экономиканы тұрақтандыру барысында мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету үшін және ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру мәселесін шешу болып табылады.
Қаржы механизміне талдау жасаған кезде оның келесідей қағидаттарын ескерген жөн:
1) қолда бар нақты қаржы ресурстарымен бюджеттерді жасау,оларды бекіту және атқару барысында қоғамдық өндірістің барлық субъектілерінің, әлеуметтік-экономикалық, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
2) қаржылық қатынастардың жоспарлы түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
3)қаржы жүйесіндегі барлық сфералары мен бөлімдерінде кірістер мен шығыстардың теңгерімділігін бақылап, баланс тепе-теңдігін ұстау;
4)бюджет жүйесінде туындайтын кірістердің шығыстардан немесе салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі сияқты қаржы резервтерін әзірлеу;
5)қаржы ресурстарын мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасында тең дәрежеде әрі тиімді түрде бөлу.
Қаржы механизмінің тиімділігін қамтамасыз етіп отыртын жалпы қағидаттарға мыналарды жатқызамыз:
объективті түрде экономиканың негізгі заңдылықтарын есепке алу;
орын алған нақты тарихи оқиғаларды есепке алып, тіркеу;
өткен жыл мен ағымдағы жылдың өзіндік тәжірибесін және әлемдік тәжірибені игеру.
Жеке қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:
қоғамда қаржы механизмінің тиімді құрылымын , қаржылық қатнастарды жоспарлы ұйымдастыруды және қаржы механизміннің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету;
қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер мен шығыстардың баланстылығын сақтау;
бюджеттегі кірістер мен шығыстардан асып түсетін қаржы резервтерін жасау;
салық жүйесін құруда ұтымды тәсілді қолдану арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың басым бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;
негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;
қаржы және ақша- кредит саясатының тепе - теңдігінің болуы.
Қаржылық механизмнің экономикаға және әлеуметтік сфераға әсері былайша жүзеге асырылады:
біріншіден,қаржылық механизмнің құрылымы мен оның әр түрлі бөлімдерінің нақтылы міндеттерді шешуге және нақты нәтижеге жетуге нысаналығы арқылы;
екіншіден,мемлекетте және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын қаржылық ресурстардың мөлшерінің тиімді бөлінуі арқылы.
Қаржы механизмінің негізгі міндеттері мынадай:
қаржы ресурстарының нарықтағы тұрақты айналымын қамтамасыз ету;
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қажеттіліктеріне сәйкес қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді тиімді жүзеге асыру;
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарын жоғалту сияқты әртүрлі тәуекелдерін азайту.
Экономикалық процесстерде қаржылық механизм қаржының әсер ету құралдары ретінде әрекет жасайды, бұл жерде шаруашылық жүргізуші субъектінің өндірістік, инвестициялық және қаржылық қызметтерінің жиынтығы екенін білдіреді. Сондықтан да, дәстүрлі қаржы қызметтерінен тыс қаржылық механизм өзінің жеке белгілеріне тән: ұйымдастырушылық және басқарушылық қызмет атқарады.
- Қаржылық механизмнің ұйымдастырушылық функциясы қаржылық қатынастар мен ресурстарды басқару объектісі ретінде ұйымдастыруға бағытталған, яғни қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен құрудың тиімді бағытын анықтайды.
- Қаржы механизмінің басқару функциясы қаржы ресурстарын ұйымдастыру және оларды тиімді пайдалану үшін ақша ағындарына әсер етуден көрініс табады.
1.2.Қаржы механизмінің айрықша элементтері
Экономиканың басқа да шаруашылық механизмдері секілді қаржы механизмінің де өзіне тән күрделі ішкі құрлымы мен бағыттары болады.Қаржы механизмінің құрылымы қаржы қатынастарын сипаттайтын әр түрлі айрықша элементтерден тұрады. Экономикалық жүйе шеңберінде қаржы механизмі қаржы қатынастарының жиынтығы, орталықтандырылған ақша қорларын, қаржыны жоспарлаудың әртүрлі әдістерін, қаржыны және қаржы жүйесін басқарудың нысандарын, қаржы заңын қамтиды. Қаржылық механизмнің элементтерінің осындай көптігі оларды ұйымдастыру мен басқарудың бірнеше түрлерін, нысандарын және әдістерін қолдануды алдын ала анықтайды.
Қаржы механизмінің құрлымын сипаттау барысында оның бөлімдері ретінде айқындалатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі (бөлігі), блогі, элементі сияқты ұғымдар қолданылады (1-кесте):
Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі)- аса маңызды қозғаушы күштерінің бірі болып табылады, оларға: қаржылық жоспарлау, қаржының негізгі тұтқалары, ұйымдық құрылымдар мен мекемелер және қаржы механизмінің құқықтық режимі, қаржыны ұйымдастыру жатады.
Қаржы механизімінің блогі - бұл мақсаттары бойынша бірдей, өзара байланысты элементтердің жиынтығы.
Қаржы механизімінің элементі - бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айырықша түрде білінеді.
Аталған қаржы механизмінің әрбір сферасы мен жеке буыны,элементтері бірыңғай бір-бірін толықтырып отырады. Олар өзара байланысты әрі өзара тәуелді. Сонымен қатар сфералар мен буындар айтарлықтай дербес іс - әрекет етеді. Мұндай жағдайлар көбіне қаржы механизмі құрылымының үнемі қиысуын қажет етіп отырады.Ал,қаржы механизмінің құрылымды буындарының өзара үйлесуі оның тиімділігінің ең маңызды шарты болып табылады.
Қ А Р Ж Ы М Е Х А Н И З І М І
Қ О С А Л Қ Ы Ж Ү Й Е Л Е Р
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ

ҚАРЖЫ ТҰТҚАЛАРЫ МЕН
ЫНТАЛАНДЫРМАЛАРЫ
ҮЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖІМ
Б Л О К Т А Р
Қаржы болжамдары, жоспарлы және баланыстары
Қаржы көрсеткіштері
Қаржы нормалары мен нормативтері
Қаржы ресурстарын бөлудің нормативтері (макроэкономикалық нормативтер: салалардың мөлшерлемелері, қорларға аударылған аударымдардың нормалары)
Ұдайы өндірісті және ынталандыруды қаржымен қамсыздандыру қорлары
Қаржыны басқаруды үйымдастыру
Қаржы қатнастарын реттейтін, заңнамалық және нормативтік актілер
Қаржылық бақылау

1-кесте
Қаржы механизмінің салалары мен буындары олардың жеке элементтерінің күрделілігімен және көпсалалылық дәрежесімен ерекшеленіп отырады . Мысал келтіретін болсақ, бюджет механизмі салықтың өте көп түрінен құралатын жүйе, оған қаржыны пайдаланудың бағыттары мен қаржыландыру әдістерінің алуандығы тән.
Қаржы механизмінің айрықша элементтері - қаржы механизмінің конститутциясын құрайды,сондай-ақ қаржылық қатынастар ұйымдастыруда олардың жекелеген нысандарының, түрлері мен типтерінің, әдістерінің үйлесім табуы. Айрықша элементтер қаржы механизмнің әр бір саласының сандық параметрлерін белгілеу тәсілімен, яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын,орталықтандырылған қорлардың көлемін, шығындардың және кірістердің денгейін анықтау арқылы қозғалысқа келтіріледі.Соның ішінде сандық параметрлер мен олардың сан алуан әдістері қаржы механизмінің ең маңызды бөлігі болып табылады. Олар үнемі түзетулерге ұшырайды, өндіріс жағдайлары мен қоғам алдында тұрған міндеттердің қандайда бір өзгерісін еркін сезініп отырады .
Қоғамда қалыптасатын шаруашылықтың жеке салаларының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты және қаржылық қатынастардың сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі 2 түрге бөлінеді: шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржы механизмі және мемлекет қаржысының механизмі . Өз алдында, бұл салалардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындардан тұрады. Мысалы, мемлекет каржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмдерінен құралады. Ал аумақтық бөлінісіне қарай республиканың және биліктің жергілікті оргаңдарының қаржы механизмі деп бөліп қарастыруға болады.
Қаржылық механизм қоғамдық шаруашылықтың жекелеген бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржылық қатынастардың салалары мен буындарының бөлінісіне байланысты 3 түрге бөлінеді: мемлекет қаржысының механизмі, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық механизмі, сақтық механизмі. Өз алдында, бұл сфералардың әрқайсысы күрделі құрылымдық буындардан тұрады. Мәселен, мемлекет қаржысынын механизмі бюджеттік механизм, бюджеттен тыс қорлар механизмі, мемлекеттік кредит механизмдерін қамтиды. Ал бюджеттік механизм өз ішінде республикалық бюджеттің механизм жіне жергілікті бюджеттік механизм болып бөлінеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық механизмінің құрылымына: қаржы әдістерін, қаржылық тұтқаларды, құқықтық-нормативтік және ақпараттық қамтамасыз етуді жатқызамыз. Аумақтық бөлінісіне байланысты республикалық, жергілікті органдарының қаржылық механизмі деп 2-ге бөлуге болады.
Қаржылық механизмнің құрылымдары келесідей функциялық буындарды ажыратады:
қаржылық ресурстарды жұмылдыру;
қаржыландыру;
реттеу;
ынталандыру.
Шаруашылық және каржылық механизмдерде қаржылық-экономикалық нормативтер мен лимиттер кеңінен пайдаланылады. Нормативтер - бұл шығындардың немесе ресурстарды бөлудің есептік түрдегі мөлшерлері, ал лимиттер - ресурстарды пайдалану мөлшерлерінің (көлемдері) қаржылық жоспарда пайдаланылуы. Нормативтер мен лимиттердің көмегімен жалпы мемлекеттік, ұжымдық және жеке мүдделердің қатынастарындағы тиімді үйлесімділік, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда дамудың перспективалық және ағымдағы жоспарлаудың міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің, жергілікті биліктің, басқарудың салалық және ведомстволық органдарының, шаруашылық құрылымдардың ресурстарға қажеттіліктерінің теңгерімділігі ұйымдастырылады.
Шаруашылық механизмін қалыптастыратын жекелеген механизмдер, оларға сәйкес келетін катынастар ретінде, тығыз өзара байланыста іс-әрекет етеді.Баға, қаржылық, кредиттік механизмдердің нашар жұмыс істейтін элементтері жалпы шаруашылық механизмінің де басқа элементерінің, буындарының жұмысын төмендетеді. Сондықтан да, қаржылық механизмнің ажырамас бөліктерінің іс-әрекетін мемлекеттің,қоғамның, бастапқы шаруашылық басқарушы буынның, жекелеген жұмыскерлердің мүдделерінің үйлесуін назарға ала отырып нақтылы жағдайда олардың өзара іс-әрекеті кезіндегі өзге де экономикалық механизмдердің байланысқан құрамды бөліктерімен қарастыру керек.
Қаржылық механизм мен оның салаларының, буындарының, тұтқаларының, айрықша элементтерінің күрделі жүйесі қоғамның, өндірістік қатынастардың немесе ұлттық шаруашылық сапасының дамуымен байланысты болып келетін бұл қатынастар бөлігінің, дамуының белгілі бір кезеңде ұсынылатын және шешілетін міндеттеріне сәйкес үнемі өзгерісте, өзара іс-қимылда болады.

1.3 Шет елдердегі қаржы саясаты (Франция мысалында)
2000 жылдардың басында әлемдік қаржы механизміндегі жетекші дамыған елдердің үстемдігі іс жүзінде айрықша орын алды. Олар халықаралық капитал қозғалысының негізгі қатысушылары, және олардың ақша бірліктері ретінде қызмет атқарды.Біріншіден, жаһандық қаржы нарығының сегменттерінде АҚШ доллары мен евро әлемдік валюталардың функцияларын атқарды, осы елдердің трансұлттық банк топтары барлық негізгі операторлардың негізгі операторлары болып саналды. Маңызды халықаралық қаржылық ұйымдар, оның ішінде Дүниежүзілік банктер дамыған мемлекеттердің бақылауында болды.
Валюта-қаржы саласындағы артықшылық батыс елдеріне айтарлықтай артықшылықтар берді. Ең алдымен, бұл оларға Халықаралық валюта, қор және несие нарықтарындағы операциялардан үлкен кіріс алуға мүмкіндік берді.
Франция әлем бойынша жоғары деңгейде дамыған бес алпауыт мемлекеттің қатарына кіреді. Франция ЖІӨ көлемі бойынша АҚШ, Жапония және Германиядан кейін төртінші орынды алады.
Франция-біртұтас мемлекет және оның бюджеттік жүйесі тек екі буынды қамтиды: мемлекеттік бюджет және жергілікті бюджеттер. Елде бірыңғай бюджеттік жүйе жоқ және барлық бюджеттер ресми түрде оқшауланған. Әрбір әкімшілік бірліктің бюджетін оның атқарушы органы бекітеді.
Франция экономикасындағы маңызды секторлар: ғылыми зерттеулер және ақпараттық-технологиялық қызмет көрсетулер болып табылады.Ал,шетел инвестицияларын тікелей тарту бойынша Франция әлемде төртінші орынды иеленеді.Шетел инвесторлары мемлекеттегі қаржы механизмінің тұрақтылығын, ғылыми зеттеулердің жоғары деңгейін, заманауи техникамен қамтылған өндірісті,тағы басқа да маңызды факторларды ерекше бағалайды. Экспорт көлемі жөнінен Франция мына мемлекеттермен тікелей байланыс жасайды:
Еуропалық қауымдастық : 63%( Германия-16%, Ұлыбритания-10%, Испания- 9%, Италия-9%, және АҚШ-8%). Импорт бойынша байланысатын елдер: Еуропа қауымдастығы 62%( Германия 16%, Ұлыбритания 8%, АҚШ 7%, Бельгия - Люксенбург 11%).
Францияның бюджет сипаты (2019 жыл қорытындысы бойынша): ЖІӨ -3% құрайды. Кірістер - 227,2 млрд доллар, шығыстар - 165,519 млрд доллар. Экспорт - 549,9 млрд доллар. Импорт - 601,7 млрд доллар.
Жоғары дірежеде дамыған мемлекеттердің ішінде Францияны айрықша ерекшелеп тұратын белгісі - ЖІӨ-гі салықтық түсімдердің жоғарғы үлесі және әлеуметтік қор жарналарының жоғары болуы. Франциядағы салық жүйесіне тән ерекшелік - тікелей салық салу деңгейі төмен, ал жанама салықтардың деңгейі жоғары болып келеді. Жанама салықтар жалпы бюджет табыстарының 60% құрайды, ең көп бөлігі ҚҚС-на тиесілі (оның үлесі 45%). Ал, тікелей салықтардың ішінде басым рөлде жеке тұлғалардың табысынан алынатын салық түрі ие, оның үлесі жалпы түсімдердің 20%-ын құрайды.Қазіргі таңда Францияның үкіметі салық саясатына өзгерістер енгізіп, жұмыссыздық деңгейін төмендетуде елеулі жұмыстар жасауда.
Франциядағы қаржы механизмі өзінің көп салалығымен ерекшеленеді. ОЛ мынадай секторларды құрайды:
жалпы бюджет;
қазынашылықтың арнайы шоттары;
біріккен бюджеттер;
арнайы қорлар;
жергілікті қаржылар;
мемлекеттік кәсіпорын қаржылары.
Жалпы мемлекетке келіп түскен қаражаттың мемлекетке бюджетке - 47%, жергілікті бюджетке - 9%, әлеуметтік сақтандыру қорына - 4%, мемлекеттік кәсіпорындарға - 4% үлесі тиесілі.
Франциядағы мемлекеттік қаржылардың ерекше бөлігінің бірі-біріккен бюджеттер. Оның құрамына: ағымдағы тауарлар мен қызметкерге байланысты кірістер мен шығыстар, инвестициялық шығыстар мен оларды жабуға бөлінген арнайы ресурстар. Аталған біріккен бюджеттердің сальдосы жалпы бюджетте көрсетіледі, біріккен бюджеттердің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда субсидиялар жалпы бюджеттен бөлініп отырады.
Франциядағы қаржы механизмін құрайтын бюджет процесі төрт кезеңнен тұрады және оның ұзақтығы 3 жылдан асады.
Бірінші кезеңде бюджет жобасын жасау жүзеге асырылады. Бірінші кезеңнің ұзақтығы - 9 ай. Әрбір министрлік пен ведомство өз сметасын жасайды. Үкімет мақұлдағаннан кейін бюджет жобасы Парламентке жіберіледі.
Екінші кезеңде бюджетті қарау және бекіту жүзеге асырылады. Екінші кезең шамамен 3 айға созылады. Бюджет жобасы әрбір палатаның қаржы комиссиясында қаралады. Алдымен төменгі палатада (Ұлттық жиналыс) талқыланады, содан кейін жоғарғы палатаға (сенат) беріледі. Егер екі палатаның бірлескен Екі талқылауынан кейін бюджет жобасы мақұлданбаса, онда Президент өзінің Жарлығымен бюджетті заңмен жариялай алады.

Үшінші кезеңде бюджеттің орындалуы орын алады. Бюджеттің орындалуы қаржы жылы деп аталады. Франциядағы қаржы жылы, Ресейдегідей, күнтізбелік жылмен сәйкес келеді. Бюджет кірістері қаржы агенттерінің желісі арқылы қалыптастырылады, ал бюджет шығыстарынан бұрын бюджет қаражатын бөлу рәсімі өтеді. Францияда қазынашылық кассалар жүйесі бар. Қазынашылық кассаларда Францияның банкінде ағымдағы шоттар бар, олар арқылы бюджеттің кассалық атқарылуы жүзеге асырылады.
Бюджет процесінің төртінші сатысында бюджеттің атқарылуы туралы есеп жасалады. Төртінші кезең қаржы жылы аяқталғаннан кейін басталады.
Бюджет процесі үнемі қаржылық бақылаумен бірге жүреді. Бюджет процесін алдын ала, ағымдағы және одан кейінгі бақылау функцияларын Есеп палатасы орындайды.
Францияның қаржылық механизмін дамытуға бағытталған 2001 - 2019 жылдар аралығындағы жоспарлары. Соңғы жылдардағы Францияның қаржы механизмінің даму ерекшеліктері экстенсивті сипат алған.Бұл бағыт халықты еңбекпен қамту саласын кеңейтумен тікелей байланысты.Елдегі экономикалық өзгерістер өте жағымды факторлармен айқындалуда, оның ішінде жұмыссыздықпен күрес. 2002 жылы жұмыссыздықтың жалпы көлемі 12,5 %-ды құраса,2019 жылдағы мәліметтер бойынша бұл көрсеткіш 8,5-ға төмендеген, яғни жұмыссыздаардың жалпы саны 2,52 млн адам.

2. Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономикадағы қаржы
механизмі және қазіргі кезеңдегі оның ерекшеліктері
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы механизмінің дамуы
Мемлекетіміздің қаржысы экономика мен қоғамдағы әртүрлі өзара байланыстарды қамтитын іс-қимылдарға байланысты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін, әрі оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін қаржы механизмінің маңызды сферасы болып табылады.
Экономикалық тұрғыда, мемлекеттің қаржысы - мемлекет пен ондағы кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қалыптастырып, қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының қызметтерін орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болып келетін ақша қатынастарының жиынтығы.
Заңи тұрғыда, қаржы механизмі дегеніміз-мемлекеттің қаржы институттарының жиынтығының тығыз байланысы (қаржы бөлімі және оның бөлімшелері, салық органдары, мемлекеттік банктер, мемлекеттік сақтандыру компаниялары). ҚР Қаржы механизмі нарықтық сипатқа ие және әдетте бес
буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет, жергілікті қаржы, арнайы қорлар, мемлекеттік банктердің қаржылары, мемлекеттік кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржылары (2-кесте).
Қаржы механизмінің секторлары
Атқаратын қызметтері

Ұлттық Банк
Бұл елдің қаржылық реттеушісі. Ол Екінші деңгейдегі банктерді, сақтандыру компанияларын, бағалы қағаздар нарығын бақылайды, сондай-ақ арнайы қор арқылы олардың қайтарылуына кепілдік бере отырып, несиелеу және депозиттерді қабылдау қағидаларын айқындайды. Ұлттық Банктің негізгі мақсаты-Қазақстандағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бағаның тұрақтылығы инфляцияның төмен деңгейіне қол жеткізуді және сақтауды білдіреді. Төмен инфляция халықтың сатып алу қабілетін қолдауға мүмкіндік береді. Бірақ Ұлттық Банктің басқа да маңызды міндеттері бар, олардың бірі -- қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау.

Мемлекеттік бюджет
Елдің аса маңызды қаржылық секторы болып табылады. Онда мемлекеттік қазына есебінен қанағаттандырылуға тиісті қажеттіліктер айқындалады, сондай-ақ мемлекеттік қазынаға күтілетін түсімдердің көздері мен мөлшері көрсетіледі.
Жергілікті бюджет
Мемлекеттік бюджетті елдің қалалары мен облыстары арасында бөлу кезінде қалыптасатын бюджеттер. Олар өз кезегінде аудандар мен ауылдардың бюджеттеріне бөлінеді. Қазақстанда олар барынша біркелкі бөлінеді. Яғни, әрбір елді мекен барлық азаматтарға бірдей көлемде мемлекеттік қызмет көрсету үшін жеткілікті қаражат алады.
Арнайы қорлар
Қор материалдық емес активтерді қоспағанда, мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын, қаржы активтері мен өзге де мүліктің жинақталуын қамтамасыз етуге, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың әсерін азайтуға арналған.
Мемлекеттік кәсіпорындар
компаниялар өз тауарларын сатқаны немесе қызмет көрсеткені үшін алатын ақша. Олар алған табыс шикізат пен жабдықтарды сатып алуға, өндірісті кеңейту жобаларына және кредиттерді өтеуге жұмсалады. Олар сонымен қатар жұмысшыларға жалақы төлеуге және мемлекетке салық төлеуге мүмкіндік береді. Осы операциялардан кейін қалған ақша пайда деп аталады. Ол көбінесе Қаржы министрлігінің шотына түседі, ол оны мемлекеттік бюджетке қосуы мүмкін.
2-кесте. ҚР қаржы механизмін атқарушы секторлардың сипаттамалары мен қызметтері

Көптеген сарапшылардың пікірінше, Қазақстан қаржылық тұрақтандыруға қол жеткізгеннен кейін құрылымдық экономикалық өзгерістердің ең ауыр шыңын еңсеріп, өзінің стратегиясы мен экономикалық реформалардың тактикасын іске асыра отырып, елеулі табыстарға қол жеткізді.
Қазақстанда Тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде экономикалық және әлеуметтік қатынастар жүйесі толығымен өзгерді. 1994 жылы жаһандық экономикалық реформалар басталған уақыттан бастап айтарлықтай дәрежеде қаржылық тұрақтандыруға қол жеткізілді, барлық мемлекеттік меншікті жекешелендіру аяқталуға жақын, өндірістің өсуі байқалды. Іс жүзінде бағаны толық ырықтандыру және сыртқы сауда саласындағы көптеген шектеулердің жойылуы орын алды.

Елдегі қаржылық механизмнің негізін экономиканың стратегиялық бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік саясаты құрайды. Олар мемлекет орталықтандыратын қаржы ресурстарының мөлшері мен пропорцияларын, негізгі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу мүддесінде бюджет қаражатын пайдалану перспективаларын анықтайды. Нарық жағдайында бюджет саясаты экономиканы дамытудың негізгі бағыттарын, мемлекеттің қоғамдық өндіріске әсерін анықтаудың басты тетігі болып табылады.
Бюджеттік саясатты әзірлеу кезінде оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір талаптар сақталуы керек. Олардың ішіндегі ең бастысы - ел экономикасының, қаржысының және бюджет жүйесінің нақты жай-күйін ескеретін оны әзірлеуге ғылыми көзқарас. Егер оның таяу кезеңдегі және перспективадағы негізгі бағыттары нақты айқындалмаса, басты мақсаттар мен бірінші кезектегі міндеттер тұжырымдалмаса, бюджет саясаты тиімді бола алмайды. Бұл ретте ұсынылатын шаралар мен алдағы шешімдердің негізділігі қабылданатын шешімдерге байланысты мемлекет шығындарының жалпы құнын ғана емес, сондай-ақ алыс қаржылық салдарларды да айқындауға мүмкіндік беретін тиісті есептеулермен расталуға тиіс. Бюджет саясатының нәтижелілігі көп жағдайда екі шарттың сақталуына да байланысты: елдегі саяси тұрақтылық және бюджет саласы қызметкерлерінің кәсібилік деңгейі.
Қазақстан экономикасы алдыңғы жылдармен салыстырғанда жедел қарқынмен дамыды. Дүниежүзілік банктің бағалауына сәйкес, 2019 жылы әлемдік экономиканың өсу қарқыны кезекті рет жаһандық сауда мен инвестициялардың қысқаруына байланысты 2,6% деңгейіне дейін баяулайды. Дегенмен, ағымдағы жылы ЖІӨ өсімі он айдың қорытындысы бойынша 4,4% - ды құрады, жалпы мәнде көрсеткіш 44,1 трлн теңгеге жетті. Яғни, Қазақстан ЖІӨ әлемдік өсімінің орташа көрсеткішінен озып шықты.

Мемлекеттік секторлар мемлекеттік меншікке негізделіп жұмыс істейді. Меншікті жіктеу барысында мемлекеттік заңды ұйымдардың мүлкі және мемлекеттік қазына болып екі түрге ажыратылады.
Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі заңмен бөлектеліп, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысының жұмыс істеуінің негізін құрайды. Олардың қызметтерінің өзіндік ерекшеліктері бар ,олар мемлекеттік сектор кәсіпорындарының өзіндік қаржы жүйесінің осы буынының барлық субъектілері үшін ұқсас және басқарудың біртұтас қағидаттарына бағынады.
Мемлекеттің қазынасы республикалық және жергілікті қазына болып 2 ерекше түрге бөлінеді.
Республикалық қазына мыналарды қамтиды:
республикалық бюджеттің қаражаттары;
мемлекеттің алтын-валюта қаражатттары;
мемлекеттік меншіктің айрықша құқығының мүлкі (жер, оның қойнауы, өсімдік жөне жануарлар әлемі, басқа табиғи ресурстар);
республикалық меншікке жататын оқушауландырылмаған мүлік. Мүлік иесі талап етпеген иесіз мүлік, тәркіленген, мұралану құқығы бойынша мемлекетке берілген өлген адамнан қалған мүлік (иесіз мүлік), мемлекетке -- қазынаға өткізуге немесе беруге жататын көмбелер, олжалар қазыналық бола бастайды.
Жергілікті қазына мыналарды қамтиды:
жергілікті бюджеттің қаражаттары;
коммуналдық меншікке жататын оқушауландырылмаған мүлік.
Меншікті пайдаланудың ұқсас саналуан нысандары мемлекетке икемді және атаулы экономикалық және қаржы саясатын жүргізуге, экономикалық және әлеуметтік процестерге, оларды керекті арнаға бағыттай отырып, ықпал етудің қаржы механизмін белсенді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге үкіметтің экономикалық функцияларын орындаудың, қоғамның өмір сүруінің әр кезеңінде оның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың негіздері ретінде "мемлекеттің қаржысы" категориясының рөлі мен маңызы білінеді.

2.2 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының қаржы саясаты мен қаржы механизмін салыстырмалы талдау
Қазіргі жағдайда Қазақстанда қалыптасқан қаржы саясатының мақсаты- шаруашылықты дамытып, қоғамдық өндірістің тиімділігін мүмкіндігінше арттыру арқылы халықтың әл-ауқаты мен тұрмысын жақсарту.болып табыладыДегенмен қаржы стратегиясының әлеуметтік-қоғамдық бағыты халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға жұмсалатын қаржы ресурстарымен қамту ғана емес. Сонымен қатар экономикалық тұрғыда қаржылық саясаттың бағыты жаңа көзқараста көрінеді.
Қаржы саясатының орталық пунктінің негізгі қызметі жоғары өнімді еңбек дербестігін, ынтаны көрсету,және мемлекеттік кәсіпкерлік үшін жағдайлар жасау болып табылады. Сондай-ақ, аз қамтылған азаматтарды (оның ішінде зейнеткерлерді,мүгедектерді, көп балалы отбасыларын), сондай - ақ табысы мемлекетте тіркелген азаматтарды (мемлекеттік мекемелері, ғылым,денсаулық сақтау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы саясаты
Қазақстанның қаржы механизмнің қалыптасуы және дамуы
Қаржы саясаты жайлы
Қаржылық механизмнің мазмұны мен құрылымы.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу
Қазақстан Республикасының қаржылық саясатының ерекшеліктері
Әлеуметтік инфрақұрылым және нарықтық экономика
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Экономиканы реттеудің қаржылық механизмдері және мемлекеттің фискалдық саясатын жүзеге асыру шарттары
Қаржы ұғымы және оның экономикалық маңыздылығы
Пәндер