Кәсіпкерлік ұйымды қайта ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Реферат
Тақырыбы:Кәсіпкерлік субъектілерінің қайта ұйымдастырылуы және жұмысын тоқтатуы

Дайындаған: МА-23 студенті
Жардемова А.Б.
Тексерген: Карипова А.Т

Нұрсұлтан, 2020 жыл

Мазмұны:

І.Кіріспе
Кәсіпкерлік субъектілері -- ерекше экономикалық құбылыс
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Кәсіпкерлік ұйымды жою нысандары
2.2.Кәсіпкерлік ұйымды қайта ұйымдастыру
2.3.Кәсіпкерлік ұйымның банкроттығы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Кәсіпкерлік субъектілері -- ерекше экономикалық құбылыс

Кәсіпкерлік дегеніміз - меншік түріне қарамастан азаматтармен заңды тұлғалардың тауарларға,қызметтерге сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған және жекеменшікке немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқаруға негізделген ынталы қызмет болып табылады.
Кәсіпкерліктің субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер, алдымен жеке-дара индивидтер, адамдар жатады. Олар бұл салада жеке-дара өндірісті ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы жағдайда кәсіпкер жалдаушы болады.
Кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүргізуі мүмкін, оларды байланыстырушы -- міндетті шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсіпкерліктің түрі -- ұжымдық, коллективтік деп аталады. Ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі әртүрлі ассоциациялар: акционерлік қоғамдар, кооперативтер және т.б. Жеке -- дара кәсіпкерлерге қарағанда партнерлік бірлестіктер ірі көлемдегі мәселелерді шеше алады.
Кәсіпкерліктің объектісі-адамның белгілі қызметі.Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі -- өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ, ең бастысы-әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп келтіруі немесе шығындарын барынша азайту. Ал кәсіпкердің табысы көбіне оның істі ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер ісінің ең басты мәселесі.
Сонымен, кәсіпкерлік -- жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен шығу. Былайша айтқанда, өндірістің түрін ашып дамыту, қызметтер мен тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, жаңарту және өркендету туралы болып отыр. Мұндай өзгерістердің түрлері әралуан-жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескіні қайта кұру, байланыстардың жаңа түрлерін жасау немесе ескілерін жою, модификациялау және т. б.Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі-новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық-өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі факторларын комбинациялау.

Кәсіпкерлік ұйымды жою нысандары

Заңды тұлға ретінде кәсіпкерлік ұйым ликвидациясы ерікті немесе мәжбүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпкерлік ұйым ликвидациясы оның құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаларға ауыстырмастан қызметтерін тоқтатуын білдіреді.
Заңды тұлға ликвидациясы келесі жағдайларда орын алуы мүмкін:
құрылтайшылар (қатысушылар) немесе құрылтайшылық құжаттармен құзыретті заңды тұлға органының шешімімен, сондай-ақ белгілі бір мақсатта құрылған заңды тұлға мақсатына қол жеткізгенннен кейін, яғни қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін;
құрылу барысында өрескел заң бұзушылықтарға жол берілген жағдайда, тиісті рұқсатнамасыз (лицензиясыз) қызмет еткен жағдайда, заңмен тыйым салынған қызметтермен айналысқан жағдайда немесе қаңдар мен құқықтық акттерді басқалай бірнеше рет өрескел бұзған жағдайда сот шешімімен.
Кәсіпкерлік ұйымның таратылуы оның құқықтары мен міндеттерінің басқа тұлғаларға өтпей-ақ тоқтатылуына әкеп соғады.Кәсіпкерлік субъектілерінің:
заңды тұлға құрылған мерзімнің өтуіне байланысты;
ол өзі үшін құрылған мақсатқа қол жеткізуге немесе заңды тұлғаны құру кезінде заңның немесе өзге де құқықтық актілердің бұзылуына жол берілуіне байланысты;
оны тіркеуді сот жарамсыз деп тануына байланысты, егер бұл бұзушылықтар жойылмайтын сипатта болса, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) шешімі бойынша таратылады.
Қызметін лицензиясыз не заңда тыйым салынған қызметті не заңды немесе өзге де құқықтық актілерді бірнеше рет бұза отырып жүзеге асырған жағдайда соттың шешімі бойынша кәсіпкерлік ұйым дәрменсіз (банкрот) деп танылған жағдайда төрелік соттың шешімі бойынша) таратылуы да мүмкін.
Заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) бұл шешім туралы Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға, сондай-ақ салық органына дереу жазбаша хабарлайды.
Бір уақытша тіркеуші органның келісімі бойынша тарату комиссиясы (таратушы) тағайындалады және кәсіпкерлік ұйымды таратудың тәртібі мен мерзімдері белгіленеді. Тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату, оның кредиторларының талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімдері туралы хабарламаны белгіленген тәртіппен жариялауға міндетті.
Аталған мерзім ұйымды тарату туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап кемінде 2 ай болуы тиіс.

Тарату комиссиясы ұйымның кредиторларын анықтау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, оларға заңды тұлғаны тарату туралы жазбаша хабарлауға, дебиторлық берешекті алуға қол жеткізуге тиіс.
Егер таратылатын кәсіпкерлік ұйымда кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін ақша қаражаты жеткіліксіз болса, тарату комиссиясы ұйымның мүлкін белгіленген тәртіппен жария саудаға салып сатуды жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік ұйым таратылған кезде оның кредиторларының талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылады:
бірінші кезекте таратылатын ұйым өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауап беретін азаматтардың талаптары тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен қанағаттандырылады
екінші кезекте еңбек шарты бойынша, оның ішінде келісімшарт бойынша жұмыс істейтін адамдармен шығу жәрдемақысын төлеу және еңбекке ақы төлеу бойынша және авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу бойынша есеп айырысу жүргізіледі
үшінші кезекте таратылатын ұйымның мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады
төртінші кезекте бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер бойынша берешек өтеледі
бесінші кезекте заңға сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргізіледі
Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.
Таратылатын ұйымның мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, егер заңда өзгеше белгіленбесе, ол тиісті кезектегі кредиторлар арасында қанағаттандырылуға жататын талаптар сомасына бара-бар бөлінеді.
Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы тарату балансын жасайды, оны мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органмен келісу бойынша ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) немесе ұйымды тарату туралы шешім қабылдаған орган бекітеді.

Кәсіпкерлік ұйымды қайта ұйымдастыру

Қайта ұйымдастыру (реорганизация) - бұл заңды тұлғаның өзгеруі, яғни оның құқықтары мен міндеттерін қайта ұйымдастыру барысында құрылған басқа заңды толықтай немесе ішінара беру дегенді білдіреді. Кәсіпкерлік құрылымды қайта ұйымдастыру ерікті немесе ықтиярсыз болуы мүмкін. Кәсіпкерлік фирманы қайта ұйымдастыру келесі негіздерде жүзеге асырылуы мүмкін:
- ерікті түрде, құрылтайшылар (қатысушылар) немесе құрылтайшылық құжаттармен құзыретті заңды тұлға органының шешімімен;
- ерікті түрде, бірақ құзыретті мемлекеттік органдардың келісімімен;
- кейбір мемлекеттік билік және басқару органдарының шешімімен, екі немесе одан да көп мемлекеттік кәсіпорындармен құрылған өндірістік бірлестіктерге қатысты;
- сот шешімімен, егер кәсіпкерлік фирма мемлекеттік басқару органымен бекітілген мерзімде қайта ұйымдастыру жүргізбесе, сот фирмаға қажетті процедураларды жүзеге асыратын сыртқы басқарушына тағайындауы мүмкін.
Өндірістік кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында бірауыздан шешім қабылдауы негізінде ерікті түрде шаруашылық серіктестік немесе қоғам болып қайта құрылуы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысында бірауыздан шешім қабылдауы негізінде ерікті түрде акционерлік қоғам немесе кооператив болып қайта құрылуы мүмкін. Ал акционерлік қоғам акционерлердің ортақ шешімі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе өндірістік кооператив болып қайта құрылуы мүмкін. аңды тұлғаны қайта құру (ҚР АК 45-бап)
Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) оның мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органның шешiмi бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңнамасында қайта ұйымдастырудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.
Заңды тұлға - ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын, төлем ұйымын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады. Қайта құру ерiктi түрде немесе ықтиярсыз жүргiзiлуi мүмкiн. Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Егер заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi, ол уәкiлдiк берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкiлдiк берiлген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етедi, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне бередi.
Аталған құжаттарды соттың бекiтуi жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз болады. Заңды тұлға, бiрiктiру нысанында қайта құрылатын реттердi қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тiркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледi. Заңды тұлға оған екiншi бір заңды тұлғаның қосылуы жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қосылған заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғаны туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілген кезден бастап олардың бiрiншiсi қайта ұйымдастырылды деп есептеледі. аңды тұлғаларды қайта құрған кездегi құқықты мирасқорлығы ҚР Азаматтық кодексіне 46-бабына сәйкес келесі тәртіпте жүзеге асырылады
Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының құқықтары мен мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.
Заңды тұлғаны екiншi бiр заңды тұлғаға бiрiктiрген кезде бiрiктiрiлген заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес соңғысына ауысады.
Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен мiндеттерi бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады.
Заңды тұлғаның құрамынан бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды бөлiп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi ауысады.
Заңды тұлғаның бiр түрiн екiншi түрдегi заңды тұлғаға өзгерткен кезде (ұйымдық-құқықтық нысанды өзгерткенде) қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.
Өткізу актiсi және бөлу балансы (ҚР АК 47-бап)
Қайта құрылған заңды тұлғаның мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қосылған немесе бiрiктiрiлген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық емес ұйымның құқықтық мәртебесі
Коммерциялық емес ұйымды басқару
Коммерциялық емес ұйымдар заңды тұлғалар ретінде
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану
Мекемелердің құқықтық жағдайы
Ұйымдарды басқарудың методикалық және экономикалық негіздері
Заңды тұлғаларды таратудың жалпы ережелері
Жаһандық ауқымдағы менеджмент
Коммерциялық емес ұйымдар
Пәндер