Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау шарттары, мемлекеттік реттеу»

Нұр-Сұлтан қ. 2020 жыл

Жоспар:

І. Кіріспе

Кәсіпкерлік ұғымы. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің экономикадағы орны

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау шарттары

2. 2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу

2. 3. Мемлекеттің ынтасымен құрылған ұйымдар

ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік - шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. кез келген елдің экономикасы бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Кәсіпкерлікті дамыту және реттеу - нарықтық дамытудың кепілі.

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы стратегиялық мәселе және басым бағыт болып табылады. Кәсіпкерліктің сәтті дамуы тек мемлекеттің оған әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, саяси шарттарды жасауының нәтижесінде мүмкін болады. Мемлекет экономиканың болашағы зор секторы шағын кәсіпкерлікке зор көңіл бөледі. Бұл сала қызметті ұйымдастырудың икемдірек, динамикалы, жалпыға сәйкес түрі болып табылады, әрі нарықтық экономиканың тиімді қызметінің кепілі.

Қазақстанда шағын кәсіпкерлік тарихи қысқа мерзімде белсенді әрі кәсіпкер қоғам бөлігінің арқасында экономикасмыздан берік бағытты иемденді. Мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау кепілдіктері өз жемісін берді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өсуі мен олардың экономикаға қосқан үлесі соның дәлелі . Дегенмен еліміздегі шағын кәсіпкерлік дамуы саласында теңсіздіктер байқалуда, атап айтқанда шағын кәсіпкерліктің даму құрылымында сауда мен қызмет көрсету саласы 50 пайызды иемдеуде. Сондықтан бүгінгі таңдағы мемлекеттің алдында тұрған мәселе - ғылым мен техниканы қолдануға негізделген, ақша-несие механизмдерін жетілдіру, кәсіпкерлікті инвестициялық қолдау, ғылыми-әдістемелік, кадрлық және ақпараттық қамтамасыз етуге негізделген өндірістік инфрақұрылымды құру арқылы кәсіпкерлікке жағдай жасау. Ол үшін шағын кәсіпкерлікті қолдаудың барлық деңгейіне біртұтас инфрақұрылым жүйесін қалыптастыру қажет.

Шағын кәсіпкерлікті ары қарай дамыту мақсатында мемлекет Президентімен шағын кәсіпкерлікті жақын жылдарда қолдаудың негізгі бағыттары айқындалды. Оның ішінде жоғары қосылған бағалы өндірісті құру жекеменшік саласын ынталандыратын кәсіпкерлік климатты, бәсекелестік ортаны және қоғамдық институттар жүйесін құру.

Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері, негізінен, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлқына ықпал етудің әкімшілік құралдарын пайдалануға байланысты. Мемлекеттік реттеудің ондай әдістеріне кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау және т. б. жатқызуға болады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің сапасына бақылау жасау болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында тұгынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері маңызды және елеулі мағынаға ие болады.

Нормативтік-құқықтық актілерде қазіргі таңда негізге алынатын ұстанымдар айқын тұжырымдалған:

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің келесі бағыты бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде баға басқарудың маңызды құралы және мемлекеттік реттеу нысаны болып саналады.

Қазақстан Республикасында баға белгілеу жүйесі сұраныс пен ұсыныс ықпалымен қалыптасқан еркін (нарықтық) бағалар мен тарифтерді қолдануға негізделген және бағалардың төмендегідей: еркін бағалар; көтерме (босату) бағалар; бөлшек сауда бағалары; реттелетін бағалар түрлерін қарастырады. Еркін бағалар тараптардың келісімімен тағайындалады және ҚР Үкіметі белгілеген тізбеден басқа барлық тауарлар мен қызметтерге таралады. Еркін бағалар екі түрлі болады: көтерме және бөлшек. Көтерме (босату) бағалар дайындаушының тұтынушымен келісімі бойынша кұрылады, олар қосылған құн салығы мен акциздерді қамтиды және жұртшылықтан басқа барлық тұтынушылармен есеп айырысқанда қолданылады. Бөлшек сауда бағаларын халыққа тауар сатумен айналысатын коммерциялық ұйымдар анықтайды, ол бағалар қосылған кұн салығын және сауда үстемақысын енгізе отырып белгіленеді. Реттелетін бағаларды уәкілетті мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары тауарлар мен қызметтерге ҚР Үкіметі тағайындаған тізбе бойынша белгілейді.

Кәсіпкерлік қатынастарды салықтық реттеу бір мезгілде мемлекеттің бюджетке түсетін салықтардың және баска да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету бойынша қызметі де, мемлекеттің орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында жеңілдіктер мен артықшьшықтар берудегі қызметі де болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыратын салық құралдары қатарына, мысалы, салық мөлшерлемелерін саралау, негізгі құралдардың жеделдетілген амортизациясын өткізу, әр түрлі салық жеңілдіктерін, кейбір арнайы салық режимдерін жатқызуға болады.

Лицензиялау туралы заң лицензиялауға жататын қызметтің түрлерінің, қосымша түрлерінің жете қарастырылған тізбесін белгілейді. Сөйтіп, «Лицензиялау туралы» Заңның 11-бабына сәйкес, лицензиялауға төмендегі салалардағы қызметтің жекелеген түрлері жатқызылады:

1) өнеркәсіп; 2) атом энергиясын пайдалану; 3) улы заттар айналымы; 4) техникалық қауіпсіздік; 5) көлік; 6) есірткі, психикаға эсер ететін заттар; 7) ақпараттық қауіпсюдікті қамтамасыз ету; 8) жедел іздестіру шараларын өткізу үшін арнайы техникалық құралдар; 9) қаруландыру, әскери техника және қарудың жекелеген түрлері, жарылғыш заттар және олар пайдаланылатын бұйымдар айналымы; 10) ғарыш кеңістігін пайдалану; 11) ақпараттандыру және байланыс; 12) білім беру; 13) бұқаралық ақпарат құралдары14) ауыл және орман шаруашылықтары, жерге орналастыру, геодезия жэне картография; 15) денсаулық сақгау; 16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету; 17) ойын бизнесі; 18) ветеринария; 19) сот-сараптау; 20) мәдениет; 21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет; 22) сәулет, қала кұрылысы және құрылыс; 23) ҚР мемлекеттік рәміздерін әзірлеу; 24) кеден ісі; 25) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісі және айналымы, темекі өнімдерінің өндірісі; 26) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызмет; 27) тауарлар экспорты және импорты.

Кәсіпкерлік қызметін қолдау және дамыту жөнінде ел президенті биылғы 31 қаңтар 2017 жылғы жолдауында: «Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі - елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 % болуын қамтамасыз ету». Бұл - өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады. Оны орындау үшін қазіргі кезеңде мынадай қадамдар жасалуы қажет. Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек. Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек.

Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс. Сондай-ақ, бизнестің қазіргі қолданыстағы реттеушілік жүктемесі өсімнің жаңа моделін жасау міндетімен үйлеспейді. Дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибесін енгізу керек. Бұл жұмысты әсіресе өңірлік деңгейде атқару маңызды». -делінген. Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек.

Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытуды жүзеге асыру жолдары ретінде келесілерді атауға болады:

- Мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлік проблемеларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлейтін ғылыми-зерттеу институттарын құру;

- Орталық мемлекетік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық орталықтарды ұйымдастыру;

- Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытудың қаржы институттарын құу;

- Бизнес-инкубаторлардың және идустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру.

Елімізде бизнесті, соның ішінде шағын және орта бизнесті, әсіресе инновациялық бизнес пен венчурлік бизнесті дамытуға мемлекеттік даму институттарының қызметін ұтымды пайдалану және үйлестіру едәуір ықпал етеді. Олар жеке бизнес субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сиымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрлымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

  • мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;
  • мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;
  • жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;
  • кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;
  • кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою; -тексеруші органдар санын қысқарту;
  • заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, т. б.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында кәсIпкерлIк қызметтIң дамуы және оны мемлекеттIк реттеу
Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары және проблемалары
КәсIпкерлIк туралы жалпы түсIнIк және оның ұйымдық - құқықтық формалары
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік реттеуді жетілдіру мәселелері
Қазақстан Республикасында кәсiпорын қызметінiң дамуы және оны мемлекеттiк реттеу
Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
Кәсiпкерлiктiң түсiнiгi, негiзгi белгiлерi және түрлерi
Кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк дамыту және қолдау
Кәсіпкерлік құқықтың принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz