Тәрбиенің принциптері мен заңдылықтары


Дәріс тақырыбы: Тәрбиенің принциптері мен заңдылықтары
Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетіне басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар:
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамдарды тәрбиелеу.
Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет ету керек.
2. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу - балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыққа, бір-біріне сый құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие барысында психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту.
3. Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі.
Жаңашыл ұстаз Құрмаш Нұрғалиев «Мұғалім мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген сенімі, мұғалімнің баланы сүюі» − деген болатын.
Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қою - баланың мықты және нашар жақтарын біліп, оның өсуіне қажетті жағдайлар жасау. Талап қоюдан оқушыға құрмет, күші мен қабілетіне сенім көрінеді. Мұғалім оқушы бойынан рухани қасиеті жобалап, оған сүйеніп, оқушының өз тәржірибесін дамытуына көмектесу керек.
4. Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі.
Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын талап пен педагогикалық ықпал бірлігі қажет екенін дәлелдеді. Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі - тәрбие мекекмелеріндегі талаптың бірлігі, іс-әрекеттің сабақтастығы.
5. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу. Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы, т. б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керсінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.
Бала - педагогикалық ең жоғары мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардың сүйіспеншік сезімі мен қарым-қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі олардың сенімін арттырады.
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады.
6. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу - тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі - ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты, әлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екінші - тәрбиеленушінің педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы.
7. тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасыя және қоғамдық ұйымдардың күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау.
Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды. Бұл принцип мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігі мен қызмет етуін қажет етеді.
Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік қатыфнастарға байланысты. Ол ата-аналар мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қалыптасады. Отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізді демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар, әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы дамытылуда.
Тұлғаның сапаларын қалыптастыру бір мезгілде, кешенді түрде жүргізілетіндіктен, педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс.
Жасөапірімдердің өздеріне сын көзбен қарамауы, жауапкершілікті сезінбеуі ата-аналары мен мұғалімдерді босқа мазасыздандырып отырған жоқ.
Мектеп пен отбасындағы балалар тәрбиесінің ең маңызды міндеті - оларды қажетті өмір сүру процесіне дайындау.
8. Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуді - бойындағы берекесіздіктен, екіншісі - дөрекіліктен, үшіншілері - тұйықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді.
Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру - өзін-өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері.
Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын қалай жасуды жақсы елестете алмайтындықтын, оларға жиі-жиі көмек көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен мінез-құлқына талдау жасауға қиналады. тәрбиешілер оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе пікірталастар өткізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz