Будда философиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Болашақ университеті

БАӨЖ

Орындаған: Ахметова Айдана
Тобы: ПМНО-19 оқу тобы
Қабылдаған: Паридинова Ботагөз

Ежелгі Шығыс ФилософиясыЕжелгi шығыс деген не? Географиялық жағынан Ежелгi Шығыс - Таяу шығыс - Вавилон, Шумер, Египет, Ассирия, Палестина;Орта шығыс - Үндi, Иран, Ауғанстан;Қиыр шығыс - Қытай, Вьетнам, Корея, Жапония.Ежелгi шығыс - күрделi өркениет типi, оның жалпы белгiлерiнiң сипаты: - өркениетiнiң негiзi егiн шаруашылығы, жер өңдеу - бұл жағдайда жер мен су мемлекеттiң меншiгiнде болды; - мемлекеттiң құрылысында орталыққа шоғырланған бюрократтық (төрешiл, кеңсешiл) өкiметi болды; - мемлекеттiң, абсолюттiк өкiметтiң басқарушысы фараон, патша, император. - халықтың көпшiлiгi тұйықтау, шашылған ауылдық қауымда өмiр сүрдi, мемлекетке тәуелдi болды. Адам өзiн табиғат пен қоғамнан объективтiк не субъективтiк деп бөлмейдi. Бұл жағдай жоғарғы дәрежедегi рухани мәдениеттiң ерекшелiгiн анықтайды.Алғашқы таптық құл иеленушiлiк қоғам Шумер, Египет мемлекеттерiнде (б. з. д. IV мыңжылдықтың соңы) пайда болды. Алғашқы философиялық ойлар алғашқы астрономия, космология, математика iлiмдерiмен және ескi мифологиямен тығыз байланысты. Философия қоғамдық сананың ерекше формасы ретiнде әлi бекiне қойған жоқ болатын. Шаруашылық талаптары нақты ғылымдардың дамуын қажет еттi. Вавилон математиктерi алгебра мен геометрияның бастауын жасады: квадраттық теңдеулердi шеше білді, қазiргi уақыт өлшемдерiн ойлап тапты (сағат, минут, секунд, т. б.), абыздардың мифтiк құдайлар туралы iлiмi (теогония) - дүниенiң пайда болу iлiмiне (космогония) ұласты. Құдайлар атасы - Ай, құдайлар - жұлдыздар, болып саналды. Күн соларды сөндiретiн, өлiм әкелетiн зұлымдық күш делiндi. Ай өлiп, қайта тiрiлетiн өшпес өмiрдi бейнеледi. Олардың мәңгi алмасуы - жақсылық пен зұлымдық күресi ретiнде сипатталды. Жұлдызды космогония - астрологиялық iлiмдi тудырды, оның мәнi әлi күнге дейiн сақталып отыр. Осы көзқарастарға қарсы сыни атеистiк ойлар туды, ол Вавилонның аса көрнектi әдеби мұрасы - Өмiрдiң мәнi туралы құл мен оның иесiнiң айтысы еңбегі. Оның ұмыт болған авторы дiни қағидаларды сынап, о дүниедегi өмiр үшiн құдайларға құрбандық шалуды ақылсыздық дейдi.Египеттiктердiң негiзгi шаруашылығы - суармалы егiншiлiк пен мал бағу болды. Сонымен бірге ерекше құрылыс өнерi - тас қашау, қыштан ыдыс жасау кәсiптерi дамыды. Олар алғашқы рет күн күнтізбесін жасап, жылдың 36512 тәулiктен тұратынын дәлелдедi, PI санын, шеңбердiң диаметрге байланыстылығын, әртүрлi пирамидалардың ауданын, көлемiн есептеп шығаруды енгiздi. Мифологиялық мазмұндарды дiни емес, философиялық тұрғыдан түсiндiру бiртiндеп өсе түстi. О дүниедегi мәңгi өмiрге сенудi сынап, еңбектi жеккөрушiлiктi жойып, осы дүниедегi өмiрдi түзетуге шақыратын шығармалар тарала бастады. Сондай еңбектiң бiрi - Арфист өлеңi о дүниеден қайтқан ешкiм жоқ, ол туралы адамның сезiмi мен ақылы да еш дерек келтiре алмайды, сондықтан ол ертегiлерге сенудi тоқтатып, жер бетiндегi өмiрiмiздi түзейтейiк делінді. Кейiнiрек жазылған Өмiрден түңiлгеннiң өз жанымен әңгiмелесуi еңбегiнде жан өлмейдi деген қағида жан-жақты, ашық және логикалық сабақтастықты сақтай отырып қатты сыналды, ол қағиданың әлеуметтiк-саяси құрылыммен, теңсiздiкпен, күш көрсетумен байланыстылығы айтылады. Ежелгi Египет мұраларында стихиялық материалистiк көзқарастар да кездеседi. Ондағы барлық тiршiлiк салқын судан пайда болды деген пiкiр, грек ғалымы Плутархтың айтуынша, кейiн Милет мектебiн құрған Фалес философиясының негiзгi идеясына айналды.Ежелгi Үндi мен Қытай философиясының ерекшiлiгi туралы жүз жылдан артық уақыт екi түрлi көзқарас арасында пікірталас жүрiп жатты.1) Үндi мен Қытай нағыз философияны жасаған жоқ, олар оған жете алмады. Сондықтан, оларды философияның алдындағы немесе дiни-философиялық көзқарас деп атау керек дейдi.2) Үндi мен Қытай ең жоғарғы философияны әлемге алып келдi. Батыс бұл деңгейге әлi жеткен жоқ дейдi.Бұл секiлдi қарама-қарсы пiкiрдiң өмiр сүру себебi - философияның эталондық үлгiсi ретiнде Батысеуропалық философиямен шұғылдану вариантының алынуына байланысы. Ал Үндi мен Қытайлықтардың ойлау тәсілi бұл жүйеге келмейтіндіктен, оны алдыңғы немесе жоғарғы философия деп атады.Қытай мен Үндiлiк философия тәсiлiнiң Батыс Еуропалыққа сай келмеуiнiң нәтижесi оларды ерiксiз Шығыс деген атпен бiрiктiрiп, Батысқа қарсы қойғызды. Шын мәнінде әлемдiк философияның қайнар көзi екеу емес, үшеу екенiн айту керек. Қытай мен Үндi арасындағы ұқсастық, Батыс пен Үндiге қарағанда аз, Батыс пен Үндiлiктердi байланыстыратын, олардың арғы тегi мен тiлi. Үндi мен Қытайды рухани туысқандастырған буддизм, ол б. з. д. II ғасырда ғана Қытайға ендi. Көптеген философия тарихын зерттеушілер антикалық Батыс, Ежелгi Үндi және ежелгi Қытайды үш әртүрлi, бiрақ теп-тең рухани дүние ретiнде қарайды.Б. з. д. II мыңжылдығында солтүстiк Үндiстанға көшпендi мал шаруашылығымен шұғылданатын тайпалар қоныстана бастады. Олар Орта Азиядан, Ираннан, Волга бойынан келгендер деген де пiкiрлер бар. Олар өздерiн арийлықтар деп атады.Үнді философиясы бiздiң жыл санауымыздан 3 мыңдай жыл бұрынғы Ежелгi Үндi жерiнде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастаған кезде пайда болды. Осыған орай Үндi қоғамы төрт варнаға бөлiндi. Олар брахмандар (абыздар) кастасы, кшатрийлар - әскери аристократиялық каста, вайшилер - басы бос қоғам мүшелерi, шудралар - төменгi каста, құлдар болады. Брахмандар - ой еңбегi, кшатрийлер - әскери қызмет, вайшилер ауылшаруашылық, қолөнер кәсiбi, саудамен айналысты, шудраларға қара жұмыс қана тидi. Ежелгi Үндi қоғамы дамуының осы кезiне сай мифологиялық, философиялық көзқарастар қалыптасты.Үндi, Қытай философиясының генезисi (пайда болуы) өте күрделi мәселе, ол олардың бай мифологиялық түсiнiгi тәсiлдерiне қатысты. Қытайда мифологиялық сананы қатаң салт-жоралар ығыстырады. Философияда аңыз, ғылыми-теория, миф және логос арасындағы байланыс үзiлмедi. Қытай философиясы мифтан пайда болған, бiрақ Грек философиясындағы секiлдi оны тастап кетпейдi. Миф қытайлықтар үшiн танымның, өнердiң көкжиегi, ондағы ұлттық психология мен философияның қалыптасуының негiзi болды.Философияның философия болып қалыптасуы үшiн, ол өзiнiң миф пен ғылымнан бөлек, ерекше шындықты ұғыну тәсiлi мен тiлiн жасайды. Философия терминi данышпандықты сүю, батысеуропалық мәдениеттiң негiзiнде пайда болды. Ол ежелгi Үндi ойшылдарының дүниетанымы мен көзқарастарының жүйесiн белгiлеуге аз қолданылады. Ежелгi шығыс мәдениетiндегi философияны жоққа шығару дұрыс емес. Данышпандық бұл жерде, алдымен теориялық концепцияны дәлелдеу емес, ақиқатты iздеуде эмпирикалық және рационалдық тәсiлдi бiрiктiру ретiнде көрiнедi. Ал жоғары таным мен өзiн-өзi тануда сопылық арқылы, тiкелей брахман және дара адамның бiрлiгiне жетудi түсiну де орын алады. Ақиқаттық жол - адамның әдептiлiкке жету жолы, ол теориялық таным жолы емес. Өндiрiс тәсiлiнiң баяу қалыптасуы - философиялық ойдың дiни-мифологиялық көзқарастан, күнделiктi әдептiлiк санадан толық арылуына мүмкiндiк бермедi.Философияны ғылым ғана емес, дүниеге көзқарастық iлiм ретiнде қарастырып, оның негiзгi ерекшелiгiнiң бiрi - сыни пiкiрлердiң пайда болуы десек, философия тарихын таптық қоғамның пайда болу кезеңiмен ұзартуымыз керек. Таптық қоғам еңбек құралдарының дамуы еңбек бөлiнуiнiн нәтижесi, жекеменшiктiң тарауы, рулық сананың орнына жеке адам санасының алдынғы қатарға шығуына әкеледi. Яғни, ру мифологиясын өзгерту, оны жеке адам мүддесiне ыңғайландыру қажеттiгi туады. Ал көзқарасты өзгерту, әртүрлi деңгейдегi сыннан басталады. Мифология: жан өлмейдi - деген негiзгi қағидасын сынау, оны жүйелi түрде көрсете бiлу, алғашқы философиялық, екiншiсiнен - Ай, т. б. пайда болады. Пируша философиялық түсiндiруде - барлық әлемге ойлардың қалыптасуының белгiсi.
1.Будда философиясы.
Буддизм философиясы ертедегі Үнді философиясынан негізделген. Ертедегі Үнді философиясының негізі Веда (б.д.д. 1500 ж.) -- брахмандардың киелі кітаптарынан, өсиеттерінен құрастырылады. Европа философиясына ұқсап, Үнді философиясы да діни мәселелермен шүғылданды. Айырмашылығы -- Үнді философиясы трансцендентальді мәселелермен көбірек шүғылданды. Олар әлемдік циклдардың мәңгі екеніне сенді. Сол себептен олар өздерінің тарихи философиясын құрастырған жок. Қоғам, мемлекет және эстетика олар үшін окшау түрған ғылым болды.
Үнді халкының тарихи дамуымен байланысты олардың да философиясы үш дәуірден тұрады: 1) ведтік кезең; 2) классикалык немесе брахмандық-буддалық кезең; 3) индуистік кезең;
Ведиистік дәуірдебуддизм философиясының негізгікатегориялық ұғымдары құрастырылды. Мысалы, Брахман - мәңгі өмір сүретін космостың негізі, өмірдегі барлык нәрселер осыдан шығады. Атман -- өмір сүретіннің және адамның ішкі ядролық бірлігі. Жан бір нәрседен екінші нәрсеге ауысып отырады. Карма -- жақсы және жаман іс-әрекеттер. Сансара -- бір деңгейден немесе бір күйден екінші күйге өту, ауысу туралы түсінік.
Классиқалық дәуірде (б.д.д ҮІ ғасырдан -- б.д.д. X ғасырға дейін) этикалық мәселелерге Үнді халыктары үлкен көңіл бөлуіне байланысты брахман дініне сын көзбен қараушылық басталды Ведистергеберілгендіни-философиялық түсініктерупанишадаларда (ертедегі Үнді діни-философиялық шығарма) көрсетіледі. Ведке қараганда упанишад әлемге монистік көзқараспен қарайды. Бұл көзкарас әлемге ішкі және сыртқы көзқараспен қүбылыстарды көрсетуге тырысады.
Упанишадта Ведтердің беделін, адамның тәні өлгенімен жаны өлмейді деген көзкараска карсы қолданды. Үнді философиясының классикалық кезеңінде Веда және Упанишадтардың күшті ықпалымен көптеген философиялық мектептер шықты: ортодоксиялы мектептер (Санхья, Ньяя, Вайшишика жэне т.б.) жэне ортодоксиялы емес мектептер (Чарван, Лакоята).Мұндай мектептердің шығуыматериализм мен идеализм және діни көзкарастардың карама-карсы күресу бірлігінде еді. Осындай әр түрлі философиялык мектептер айтысы білімнің дамуына және логиканы өмірге әкелуіне жәрдем берді. Үнді логикасы жөніндегі алғашқы мәліметтерді ертедегі будда деректемелерінің өзінен-ақ алуға болады, одан джайнизм әрі дамыды.
Буддизм философиясының негізгі категориясы дхарма болса, ол да мәңгі, рухани монады (жекелік принциптерінің бірі) мәңгі және ол -материяның негізі. Дхарма бойынша болмыс -- ауысып тұратын субстанция. Ауысу процесі жеке адамды және тануға болатын әлемді шығарады.
Будда ілімінде әлемнің кашан және қайдан шыққаны туралы түсінік жоқ. Олар индуистерге ұксас, әлемді цикл ретінде кабылдайды. Күн, әсіресе, ай циклдары ретіне толық айдан кішірейіп, одан қайтадан толып отыратын фазаларына , ұқсатып әлемді қарастырады. Айырмашылығы -- егер де айдың фазалық ауысуы 28 күндік цикл болса, буддалық ілім бойынша әлемдік фаза 432 млрд жыл (маха-кальпа) болып есептелінеді. Әрбір цикл төрт ғасырдан тұрады. Әлемнің өзі миллиард ғарыштык системадан, эркайсысы жер мен аспан және жер астылық системадан тұрады.,
Әрбір циклдік өмірдің шығуына, оның кайталануына дем беретін карма күші. Карма -- жаңа туылуға, дамуға жәрдем беретін мистикалык күш. Карма -- ойлау күшімен, сөзбен, іс-әрекеттерімен шығатын күш немесе энергия. Ол біздің әлем системамызда орналасқан әр түрлі күштік, энергиялық формаларды шығарады, ол -- ойлау қабілеті, дене күші, жыныстык, әлеуметтік жағдайлар.
Сол себептен буддизм ілімінің ең жоғарғы мақсаты әрбір адам кармадан бос және қайта туылуда касіреттен аулак болуға тырысады. Ондай жолға Үш Асыл қазына аркылы жетуге болады: Будда, Дхарма және Сангха. Осы үш қазына будда ілімінің практикалык жолының негізі десек те болады. Ондай үштік баспана әдейілеп айтылатын формалар (мантра) кайталанып айтылады. Нағыз сергектенгенде Буддаға, Татхачатка (толық сергектенген адам) бас ию немесе тэжім ету.
Будда -- баспанасына таяныш етем!
Дхарма -- баспанасына таяныш етем!
Сангха -- баспанасына таяныш етем!
Осы үшеуіне сенген адам қайта тууда адамнан кейінгі формада тумайды.Будда, Дхарма, Сангха баспанасын іздеймін? деп айтатын сөздің екі деңгейлік мағынасы бар десек те болады. Бірінші, дхарма тәжірибесі аркылы Буддадан мысал (үлгі) алу керек: сыйлык беру (дана), өнегелік тәрбие беру (шика) және медитация аркылы (самадхи) данышпандықка ұмтылу (Прадкия). Екінші, Үш қазына -- Нирванаға және жерде бакытты өмірге жету жолы.
Ислам дінінің Үнді жеріне таралуына байланысты монетеисттік ілімдер шығады -- кабирпантхи, синкхтар, ал XIX ғасырдан бастап батыс философиясының әдісімен теистік немесе пантеисттік (Тагора, Ганди) ілімдері өpic алды. Қазіргі кезде Үнді философиялык ілімінде теософиялық қауымдар, мистикалық ағымдар (Елена Блаватская) басым болып келеді.
Будда дінінің өзі махаяндык таралуының арқасында Үнді мемлекетінен тыс тарап, көптеген ағымдар шыкты. Қытай және Жапониядағы ваджаяна тарауында махаяна іліміне өзгерістер ендіріліп, Нирванаға барлық тірі жандар бара бермейтіндігін дәлелдеуде. Ал Қиыр Шығыста және Тибеттегі ламаистердің діни философиялық көзқарасында Нирванаға барлык тірі жандардың бара алатынын дәлелдеуде. Оның казіргі мектебінде Чжэнь Янь(Қытайда) осы денеде Будда бол деген доктринасына әрбір тірі адам осы өмірде Будданың денесіне айналуға болатындығын дәлелдейді. Мұндай козқарасты көптеген Азия мектептері де ұстанады.

2.Джайнизм философиясы
Джайнизм (Джина - жеңіс) философиясының негізін қалаған Махавира деген ойшыл болған.
Джайнизм ²жеңіс² деген сөзден шыққан. Адам кімді жеңу керек? Басқаларды ма, әлде бүкіл Дүниені ме? - Жоқ, бұл Дүниедегі шынайы жеңіс - ол адамның өзін-өзі жеңуі.Джайнизм философиясында 9 ұғым бар. Олар - тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара - жанның тазалануы, тәуелділік, карманы бұзу - нирджара, жанның денеден құтылуы - босау.
Джайнизм философиясының негізгі ұғымдарының бірі - святвада (свят - белгілі бір жағдайда). әрбір заттың шексіз әртүрлі қасиеттері мен белгілері бар. Уақыттың шеңберінде олардың бәрі өзгеріп отырады. Сондықтан, бірде-бір затты толығынан танып-білу мүмкін емес. Зат жөніндегі біздің тұжырымдарымыз щектелген болу керек.
Джайнизмнің "үш маржаны², - ол - дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс жүріс-тұрыс.
Адам өзін-өзі жеңуі үшін бірнеше қағидаларды ұстауы керек. Олар:
Апариграха - дүниедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау қарау;
Сатья - әрқашанда ол қандай қиын болса да шындықты айту;
Астея - ұрламау, өлейін деп жатсаң да ешнәрсені рұқсатсыз алмау, сұрап қана алу;
Ахимса - ешнәрсеге зәбірлік жасамау, өйткені барлық тіршіліктің жаны бар.
Тарихта мыңдаған жылдар өтсе де, джайнизмнің адам алдына қойған талабына әлі де болса қазіргі өркениет жеткен жоқ.Уақытында үнді елінің ХХғ. ұлы азаматы Махатма Ганди ахимса қағидасына сүйене отырып, өз халқын бейбіт жолмен ағылшындардың бодандығынан алып шыққан болатын.Сонымен, джайнизм философиясының гуманистік моральдық құндылықтары - ұлы үнді халқының рухани ақмаржаны, ол бүгінгі таңға шейін қоғамдық сананың ажырамас бөлігі.
3.Конфуцидің моральдық-этикалық ілімдері
Қытай және Конфуций бірінен-бірі ажырамас түсініктерге айналды. Конфуций, Конфуций ілімі Қытай халқы үшін б. з. д. VI-V ғасырлардан бері негізгі рухани құндылық, өмірлік ұстанымға айналған болатын. Ол сол кезеңде кеңінен таралып жатқан өзге діни және философиялық ілімдердің ішінен ерекше беделге ие болып, халық арасында өте тез тарала бастағандардың көш басында тұрды.
Конфуцийшілдік - ол этикалық-саяси ілім. Ол адамгершілік, байсалдылылық және шектеулік, ізгілік сияқты аса жоғары құндылықтарға негізделген. Осы принциптердің негізінде Конфуций мемлекетті басқару ережелерін қалыптастырды. Ол қоғамда әр нәрсенің өз орны болу керектігін айтып, адам арасындағы қатынастар имандылыққа негізделуі тиіс деді. Осы орайда оның: Билеуші - билеуші, ал бағынышты - бағынышты, әке -- әке, ал ұл - ұл болу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буддизм философиясы - буддизмнің әртүрлі бағыттары мен мектептері аясында қалыптасқан әлемге, адамға және танымға ұтымды негізделген көзқарастар жүйесі
Нирвана теориясы
Буддизм философиясы
Қытай тілінің морфологиялық құрылысы изоляциялы
Ғылым және дін туралы ұғым
Шығыс философиясы
Әлем философиясы
Үнді философиясы. Көне үнді философиясы
Үнді философиясы. Көне Үнді философиясы туралы негізгі түсінік
Ертедегі Шығыс философиясының қалыптасуы
Пәндер