Алғашқы топқа - Қазақ халқының өткен тарихынан елестер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан тарихы және Қазақстан халқының мәдениеті кафедрасы

Без названия (1).jpg

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Мәңгілік - Міржақып Дулатұлы! »

Орындаған :Студент Асанқызы Ж

Тобы: ПА-103Қ

Қабылдаған : Профессор Салқынбек Д. И.

Алматы 2021ж

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІ. І-тарау:Шығармашылық мұрасы-Оян, Қазақ!

ІІ. ІІ-тарау. М. Дулатовтың Абай шығармаларын зерттеуі;

ІІ. ІІІ-тарау. Алаштың арысы -зиялы қауымы;

ІІ. ІV-тарау. Мәңгілік-Міржақып!

ІІІ. Қорытынды

І. Кіріспе

Міржақып Дулатов -қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, көсемсөз шебері, Алаш зиялысы. 1885 жылы қарашаның 25-ші жұлдызында Сарықопа уезі, Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Орта жүздің арғын тайпасының құрамына кіретін Мадияр руынан шыққан. Әкесінің есімі-Дулат, етік жасап, мәсі тіккен. Анасы-Дәмеш, әнші болған. Әуелгі кезекте ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды. Молдадан екі жыл білім алған соң 1897 жылы ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен сабақ алып, білімін толықтырады. Айта кететін жайт, осында бес жыл бойы білім алу-Міржақыптың саналы тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпал етеді.

Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі.

Осыдан соң Міржақып біршама ұлт зиялыларымен, қазақ мақтаныштарымен кездесті. Олармен бірге елдің мұңын мұңдап, жоғын-жоқтады, қазақ тілі үшін қорықпай шайқасты. Алайда 1928 жылы 29-желтоқсанда оны «қазақ ұлтшылы» ретінде тұтқынға алды. Осыдан соң сотта оған ату жазасы беріледі, бірақ кейіннен соттың шешімімен он жылдық лагерьге (айдауға) ауысытырылды. 1935 жылы айдауда жүрген кезінде ауырып қайтыс болады.

ІІ. Негізгі бөлім

ІІ. І-тарау:Шығармашылық мұрасы-Оян, Қазақ!

Міржақып Дулатұлының негізгі жанры реализм болғанымен, ол көптеген жанрларды біріктіріп, өлеңдеріне сіңіре білген. Бізге дейін жеткен шыңармашылық мұрасы айтарлықтай көп. Соның ішінде қазақ жерін Патша үкіметі отаршылдық жасаған тұста, халықтың намысын ояту үшін жан-дүниесінен төгіліп шыққан өлеңінің бірі - «Оян, Қазақ!» өлеңі. Бұл 1909 жылы Қазанның «Шарқ» баспасынан кітап ретінде басылып шығады.

Жалпы, Оян, қазақ! Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы ұраны екенін бәріміз білеміз. Міржақып Дулатов бұл жинаққа енген шығармаларды тақырыбы мен мазмұнына қарай үш топқа бөледі. Алғашқы топқа -Қазақ халқының өткен тарихынан елестер; Екінші топқа- Қазақ қауымының ғасыр басындағы әлеуметтік хал-ахуалы; Үшінші топқа- елдің болашақ тағдырына байланысты көтерілген адамгершілік, оқу-ағарту мәселелері.

Сол замандағы қазақ халқын құрсап тұрған қасіретте аталмыш өлең тұмшаланып тұрған сананы серпілтіп жібергендей күй кештіреді. Осындай жағдайда еліндегі күрмеліп жатқан мәселе ақын жүрегін тебірентіп, осынау өлең шумақтары шыққан болатын.

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.

Өлеңнен саясаткердің зар-мұңы, елі мен жерінің бақытын аңсаған ойшылдылығын, келер ұрпақтың қамын ойлаған кемелділігін көре аламыз. Бұнымен қоса, бұдан басқа да шығармаларынан болашаққа деген нық сенімін, елдің теңдігін мен тәуелсіздігі жолындағы күресін айқын байқайтынымз хақ. Жалпы, Міржақып «Оян, қазағы» арқылы қазақтың патшалық Ресейдің билігіне мойынсұнып, көнбіс әрекет етіп отырғандығын бетіне басты. Отаршылдарға күреске шығудың ең басты жолы - білім жолы екендігін айта келе, қазақ жастарының тек жатпай, оқып, бас көтеруге, өз елін, жерін, қорғауға шақырды. «Оян, қазақтың» басты мақсатын Міржақып былай деп көрсеткен екен: « . . . мұсылманша ғылымдар оқып, дінімізді танып, надандардың көзін қойып, көңілін ашып, пайдамызды табалық. Екінші- дүниемізде қажетті хақыларымызды алып, жерімізді, малымызды сақтау үшін басқалардан қорлық көрмес үшін, орысша оқып өнерлі болалық. Әркім өз қолында барынша жомарт болғаны секілді, мен де өз қолымда барынша бишара халқымызға пайда келтірмек тілегіммен осы шығарманы жаздым» деп айтады.

Қайраткер қазақтың ұлттық санасына, қасиетіне керісінше әсер ететінін жаман қасиеттерден арылуды, ең бастысы елдің елдігін, тәуелсіздігін өзге ұлттың қолына ұстатпауды өтінді. «Оян, қазағы» арқылы халық арасында кең етек алып бара жатқан алауыздық, мансапқорлық, партияшылдық, зорлық-зомбылықты сынға алып, қара басын ойлаған пасық байлар мен атқамінерлерге қарсы күреске шығуды үндеді .

М. Дулатов «Оян, қазақ!» кітабы арқылы халықтың басына түскен қасіретті батыл түрде көтерген, сол ауыртпалықтан шығар жолда ұсынған идеялары бүгінгі күнде өміршеңдігін көрсеткендіктен, бұл өлең жолдары- еліміздің қазіргі күнде де ұранына айналуы тиіс. Себебі, бұл еңбек біріншіден, Міржақып Дулатовтың отарлық жүйеге қарсы күрескер ретінде қалыптасу жолын, ұстанған ұстанымын айқындап берді, екіншіден, «Оян, қазақ!» жинағының қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халықтарының ұлттық санасын дүр сілкіндірткен, ұлттық еркіндікке жетудің жолдарын насихаттаған туынды екендігін дәлелдеді.

ІІ. ІІ-тарау. М. Дулатовтың Абай шығармаларын зерттеуі;

Абайға қатысты қазіргі таңда сөз айтқанда ең алдымен ойымызға М. Дулатовтың «Қазақ» газетінің бас мақаласы ретінде басылған «Абай» деген мақаласындағы «Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ рухына сонша жақындармыз», - деген аталы еске сөзі оралады. Шынтуайтында . елді бұрынғы мешеуліктен арылтып, өнер мен білімге шақыру идеясы дәл осы Абай заманын зерттеумен басталған-ды.

Көсемсөз шеберінің хакім Абайға арналған алғашқы мақаласы татардың «Уақыт газетінде 1908 жылы жарияланады. Мұнда Абайдың біліміне, туған өлкесіне жалпылай маүлұматтар беріліп, оның Лермонтовпен үндестігі қарастырылады. Ал 1914 жылы жазылған яғни басылып шыққан мақаласы Абайдың қайтыс болуына он жылдың толуына арналған еді. Мұнда әдебиеттің сонымен қатар оның көрнекті өкілдерінің халықтың арасында, тарихта алатын орны атап көрсетілген.

Бұл мақалада Халықтың басты кемшілігі- Абайдың қадіріне жете алмауларында деп ескертіледі. Сонымен қоса, әдебиет-халықтың жаны деп айтылады.

Абайдың кемеңгерлігін, мәртебелі орынын басқа елдер әдебиетімен салыстыра, сабақтастыра отырып қарап, дұрыс баға берген Дулатов келешекте Ұлы Тұлғаның һәм Абайдың атақ-абыройының артатындығын дұрыс болжай білген. Онымен қоса, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов сынды қазақ мақтаныштары Абай әлемін танытуды ерекше үлес қосты. Олар бірлесе отырып, Абайды танытуда эстетикалық тазалықпен бағалы байламдар жасай білді.

Міне, осылайша әңгүдікше жүрген қазақтың көзін ашу үшін барын салған арманы-бүгінде орындалып жатыр.

ІІ. ІІІ-тарау. Алаштың арысы, зиялы қауымы;

“Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі -
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!”-

деп, Міржақып ағамыздың жанын беруге дайын болған “Алаш” сөзінің мағынасынан бастағанды жөн көріп тұрмын. Егер тікелей аударатын болсақ, “Алаш” сөзі ежелгі түркі тілінде бауырластар, қандастар деген мағынаны білдіреді екен. Алайда, “Алаш” сөзінің басқа бір мағынасы бәрімізге өте жақсы мәлім. Ол, әрине, XX ғасырда қазақ жүректерін дүр сілкіндіретін “Алаш”, “Алаш орда”, “Алаш партиясы” деген ұғым. Тарихтан бәріміз білетініміздей, қазақ елі Ресей империясы тарапынан көп зорлық көрді. Сол жылдары Кенесары дүниеден өткеннен бері, қазақ хандығының тарих сахнасынан жоғалғаннан бері 70 жыл өткен еді. Қазақ елінің жер бетінен мүлде құрып кету қауіпі төніп тұрды. Дәл сол уақытта қазақты аман сақтап қалу мақсатымен “Алаш” қайраткерлері жағдайды өз қолдарына алады. Олар Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы бастаған ауқатты жанұялардан шыққан, жоғары білімді адамдар еді. Олар 70-ке жуық Жалпықазақ съезін өткізіп, өте маңызды мәселелерді талқылаған. Осындай шаралардан кейін, Әлихан Бөкейхановтың бастауымен, 1917 жылы 5-13 желтоқсан күндері аралығында Орынборда өткен 2-ші бүкіл қазақ-қырғыз құрылтайында Алаш автономиясы жарияланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиял процесі
Міржақып Дулатұлының "Қазақ қоғамындағы рөлі"
Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары
Географияны оқыту
М. Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы
Этнопсихологиядағы ұлттық мәселелер
Қиял анықтамасы
Ш.Уәлихановтың педагогикалық және философиялық ой-пікірлері
Сатира жанры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz