Әлемге философиялық көзқарас


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды техникалық университеті
Кафедра: ҚХА және ӘГП
Пән: Философия
РЕФЕРАТ
Тақырып: Әлемдік көзқарас түсінігі мен оның құрылымы
Қабылдаған: Аубакиров Е. Ж.
Орындаған: Кусбекова Ж. Д.
Тобы: С-19-2
Қарағанды 2021
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. 1. Әлемге философиялық көзқарас . . . 4-6
1. 2. Әлемге көқарас түрлері . . . 7-8
2. Сана туралы көзқарастың дамуы . . . 8-9
Қорытынды . . . 10
Кіріспе
Философиялық ғылымының тарихы -- философияның тарихи типтерін зерттейтін философияның бөлімшесі. Философия тарихын зерттеудің басты мəселесі - тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бірбілімдік жүйеге лайықтап, осы заманға бұрмаламай жеткізу.
Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде -Қытайда, Индияда, т. б. елдерде, кейінірек антика дəуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың əлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мəселесі тұрғанжоқ.
Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нəтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нəтижесінде, оған дəнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамда су арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-əрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де жəне ақырында өзінің кім екенін де белгілі дəрежеде көре білуді, түсінебілуді де қажет етеді. Осыған орай адам табиғатқа, жалпы əлемге солардың тек бірбөлшегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады. Бұл, әрине адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай.
1. 1. Әлемге философиялық көзқарас
Философиялық көзқарас адамдардың саанасында бір-бірімен тығыз байланысты да қарама-қарсы екі ұғым - материалдық және идеалдық, объект және субъект деген дегенұғымдар қалыптасқаннан кейін пайда болды. Философиялық ойлау бұларды қарама -қарсы қарастырмай, оларды əрдайым белгілі бір қарым - қатынаста қарастырды, атапайтқанда идеяның, сананың материяға, руханилықтың болмысқа қатынасынқарастырды. Бұл философияның негізгі мəселесі деп аталады. Философтардың, жекеадамның дүниеге көзқарасы қандай болсын, ол бұл мəселеден аттап кете алмайды, өйткені олардың философиялық көзқарастарының мазмұны мен сипаты осы мəселегеқарай шешіледі. Бүкіл философияның, əсіресе ең жаңа философияның ұлы негізгімəселесі - ойлаудың болмысқа қатынасы жайындағы мəселе - деп атап көрсеттіФ. Энгельс.
Философияның негізгі мəселесінің мəні шындықтың екі негізгі типінің - объективтік, материалдық жəне субъективтік, идеялық жақтары бар екенін жəне олардың қайсысыалғашқы, қайсысы кейінгі екенін мойындауда: материя санадан бұрын пайда болғанба? - деген сұраққа жауап беруде. Философиялық көзқарастың өзі де осы сұраққажауап іздеудің барысында пайда болды. Сананың материяға қатынасы қандай деген сұраққа жауап берулеріне қарай философтар үлкен екі топқа, екі лагерьге бөлінді, - деп жазды Ф. Энгельс. - Олардыңішінен рух табиғаттан бұрын болған дегендері, сөйтіп сайып келгенде, дүниеніңжаратылуын қайткенде де мойындағандары . . . идеалистік лагерьді құрды. Ал ендітабиғат негізгі бастам деп есептегендер материализмнің түрлі мектептеріне қосылды. Философияның негізгі мəселесі материалдық пен руханилықтың қайсысы алғашқы деумен ғана шектелмейді. Ол сонымен қатар мтаериалдық деп нені, руханилық депнені түсіну керек деген сұрақты да қамтиды. Осыған байланысты материализмнің ішінде де, идеализмнің ішінде де негізгі философиялық мəселені қоюына, шешуінеқарай түрліше жеке тармақтар пайда болады, Мəселен, Гегель алғашқы бастама депадамнан тыс ойлауды (абсолюттік идеяны) түсінсе, Дж. Беркли дүниеде бардыңбəрінің негізі түйсік деп санайды. Көпетеген марксизмге дейінгі жəне марксистік емес кейінгі философтар сананың материяға қатынасын философияның негізгі мəселесі емес деп есептейді. Ф. Бэконүшін, мəселен, таби, аттың дүлей күштерін игеру философияның негізгі мəселесі болып табылса, ХХ ғ. Француз философы А. Камю үшін ол негізгі мəселе - өмір сүруқажет пе əлде жоқ па? - деген мəселе болды. Марксизмге дейінгі ойшылдардың ішінде негізгі философиялық мəселенің мəні мен мазмұнын дұрыс түсінуге бəрінен дежуығырақ келгені неміс философы материалист Л. Фейербах болды. Философияның негізгі мəселесін дұрыс тұжырымдап қоя білген жəне оны ғылыми тұрғыдан дəйекті түрде шешіп берген Ф. Энгельс болды. Ол бұл мәселені қағамдық-тарихи практиканың шешуші рөлін негізге ала отырып қарастырады.
Адамның дүние туралы ой - пікірлерінің бəрі, сайып келгенде, оның негізгіфилософиялық мəселені қалай шешетініне байланысты болады - дүниенің мəңгілігіжəне құбылстардың заңдылығы бар ма, дүниені танып білудегі мақсат не жəне олүшін керек, ақиқат деген не? - деген сияқты толып жатқан сұрақтардың бəрінің жауабысол негізгі сұрақтың жауабына тəуелді.
Философияның негізгі мəселесінің қалай шешілуіне байланысты қоғам өміріндегіəлеуметтік мəселелер де өз шешімін табады. Айталық. Алғашқы қауымдық қоғамдаадамдар неге ұйымшыл болды, ал қазіргі капитализм тұсында - өзімшіл, дарашыл, адамгершілік түсініктері мүлдем басқаша? Егер, мəселен, сананы, рухты алғашқыдеген идеалистердің пікірімен келіссек, онда антагонистік таптық қоғамдардаеңбекшілер ғасырлар бойы қанау мен езгіде болып келгендігінің себептерін қоғамныңэкономикалық - таптық құрылымынан іздемей адамдардың санасының төмендігінен, ақыл - ойының кемшіліктерінен іздеуге тура келер еді. Осы күнгі идеалист философтардың кейбіреулері философияның негңзгң мəселесідеген мүлдем жоқ. Ол ойдан шығарылған жалған мəселе деп дəлелдеуге тырысады. Олардың кейбіреулері руханилық пен материалдық деп шек қоюдың өзі де текшартты, тіпті, керек десе, құры бос сөз дейді. Мысалы, ағылшын философыБ. Рассельдің түсінігінше, материя жəне рух деген сөздермен аталатын нəрселердіңбар екені шүбəлі, өйткені олар сезімдік фактілерден шығатын логикалық құрылымдарғана. Алайда буржуазиялық философтардың негізгі философиялық мəселені жоққашығармақ болған əрекеттері мүлдем қисынсыз екенін адамның ойлау, дүниетанутəжірибесі дəлелдеген үстіне дəлелдеп отыр: ойлаудың ойлау объектісінен (мəселен, физикалық денеден), түйсіктің түйсінілетін нəрседен, яғни көру, есту арқылы қабылданатын нəрседен сапалық айырмашылығын қалай жоққа шығаруға болады?
Енді бір философтар философияның негізгі мəселесі - адам өмірінің проблемалары(шешілмеген мəселелері) деп дəлелдемек болды. Əрине адамның қоғамдық өмірмəселелері бүкіл философияда, əсіресе маркстік философияда маңызды орыналатыны күмəнсіз. Бірак адам мəселесі материалистік тұрғыдан да, идеалистіктұрғыдан да түсіндірілуі мүмкін, сондықтан ол философияның негізгімəселесі болаалмайды. Философиянын негізгі мəселесі - философияның түрлі теориялықмəселелерін шешекенде басшылыққа алатын, оларға бағыт сілтейтін басты принципболуы тиіс.
Философияның негізгі мəселесінің екі жағы бар, Бірінші жағы - дүниенің мəні, табиғатыт уралы (онтологиялық) мəселе, екіншісі - дүниенің танымдылығы туралы(онтологиялық) мәселе, екіншісі - дүниенің танымдылығы туралы(гносеологиялық) мәселе. Алдымен негізгі философиялық мәселенің бірінші жағын қарастырайық: дүниенің бастапқы негізі не, материя ма, əлде идея ма, табиғат па, əлде ой - сана ма? - дегенсұрақтың екі - ақ жауабы бар. Алғашқылық материя, табиғат, ал идея, ал ой - санакейінгі, екіншілік деушілер материализм бағытын құрады, ал идея, ой - сана алғашқы, материалдық дүние, табиғат одан кейінгі, екіншілік дейтіндер идеализм бағытынқұрады. Бұл екі бағыт монистік, яғни дүниенің бір ғана бастамасын мойындаушыбағыттар (материалистік монизм жəне идеалистік монизм) деп аталады. Логикалықдəйектілік тұрғысынан алғанда, философияның негізгі мəселесінің бірінші жағыныңбасқаша (үшінші) шешімінің болуы мүмкін емес. Бірақ философия тарихында бұлмəселенің үшінші шешімін табуға əрекет жасаушы бағыт та болады. Дуализм депталатын бұл бағыттың өкілдері материя алғашқы, идея да алғашқы, өйткені олар бір -бірінен тəуелсіз өмір сүретін екі бастама деп дəлелдемекші болды. Бұл бағыттыңнегізін салған басты өкілдері Р. Декарт (XVII ғ. француз философы, математигі) жəнеИ. Кант (XVIII ғ. неміс философы) материализм мен идеализмді ымыраластыруғаəрекет жасады. Дуализм материализм мен идеализмнен бөлек үшінші бір философиялық бағыт болаалмайды, өйткені философияның негізгі мəселесінің əлі екінші жағының шешімі бар. Ол адам дүниенің объективтік заңдарын, мəнін танып біле ала ма, əлде дүниенітанып білуге болмай ма? - деген мəселе. Дүниенің танымдылығы туралы бұлгносеологиялық мəселені (сұрақты) шешуде дуализм, сайып келгенде, идеализмгебой ұрады, өйткені ол материя мен сананы бір - бірінен бөліп тастау арқылы танымтеориясы мəселесінде агностицизмге, яғни дүниені танып білуге немесе толық таныпбілуге болмайды деген көзқарасты жақтайтын субъективтік - идеалистік тұжырымғакеледі. Міне сондықтан да Ф. Энгельс философияда екі - ақ бағыт - материализм менидеализм ғана бар, ал қалған измдердің бəрі, сайып келгенде, осы екеуінің жекетармақтары ғана деп атап көрсеткен болатын. Енді бір философтар идеализмнің жекелеген қағидаларын жəне керісінше ұштастыруға əрекеттенеді. Мұндай философиялықəрекет эклектизм деп аталады. Материализм де, идеализм де дамудың ұзақ тарихи жолынан өтті. Осы дамубарысында олардың көптеген тарихи түрлері жəне олардың арасында үздіксіз ой -пікір күресі болды. Материализм идеализммен күресте əрдайым өз тұсындағығылыми білімдерге, практикалық іс - əрекеттің жетістіктеріне сүйенді, ал идеализмəрдайым дінмен, шіркеумен одақтаса отырып, материализмге қарсы күресті. Қысқасы, материализм ғылыммен бірлікте, ал идеализм дінмен бірлікте өмір сүрді.
1. 2. Әлемге көзқарас түрлері
Дүниетаным, әлемге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл əлем, тұтасдүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мəн - мағынасы туралыкөзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Әлемге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - адамның өзі, адмның тіршілік болмысы. Әлемге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы жəне адамның əлемдегіорны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгітиптен тұрады: мифологиялық, діни, философиялық.
Мифология - əлемді фантастикалық жəне ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдықсананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда əлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір жəне өлім секілді мəселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғатжəне табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т. б.
Дін- бəрінен жоғары жаратушы күшке жəне оның қоршаған орта мен адам баласынаəсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Дінніңмифологияға ұқсастығы бар: Əлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-əрекеті туралы адамгершілік-этикалық мəселелерді алға қояды.
Философия - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарасмифологиялық жəне діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
Космоцентризм - əлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай жəне Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
Теоцентризм - барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш - Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық Еуропа философиясына тән ерекшелік) .
Антропоцентризм - негізгі орталық мəселесі адам болып табылатын философиялықкөзқарас (Қайта өрлеу дəуірімен жаңа заман, қазіргі заман қарастырылады) .
Әлемге көзқарастың негізгі ұғымдары - дүние жəне адам. Олар ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние жəне табиғат, сондай - ақ сыртқы дүние мен салыстырылмаған адамның іс - əрекеті, ішкі рухани өмірі, əрқайсысы өзінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры менөмірлік позициясын, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағынкеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір бірімен жаңа байланыста қаралғансайын, сыртқы материалдық əлем жəне ішкі рухани дүние туралы . Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, əлем, табиғат жəне қоғам туралы, екіншіден адам жəне оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мəн - жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетанымның тұтастығын қарастыратын негіз - білім. Білім адамның көкірегінеқоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тəжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімгеайналады. Сенім дегеніміз - дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат мақсатынадеген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын. Әлемге көзқарастың қалыптасуы табиғи, əлеуметтік жіне нақты мəдени ортағатəуелді. Дүниеге көзқарасты ғылыми жəне ғылыми емес, қарапайым деп бөлугеболады. Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни жəне ғылыми көзқарастар, материалистік жəне идеалистік ағымдар араласып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық жəне философиялық түрлері қалыптасты.
1. 3. Сана туралы көзқарастың дамуы
Сана - бұл тірі табигаттың дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болатын, өте күрделікөп аспектілі құбылыс. Сана құбылысы өзінің көп құрылымына қарай, əр түрліғылымдар тарапынан зерттеледі. Бұлардың əрқайсысы, оган өздерінің мақсаттарымен мүделеріне сай анықтама беруге бейм. Осыдан кейін пайда болған анықтамалартолық емес немесе бір жақты болып келеді. Ал философиялық тұрғыдан, сана деп - адам миының объективті шындықты сезімдінемесе логикалық образдарда мақсатты түрде жан-жақты жəне баға беру түрінде бейнелеуін айтамыз. Сана бұл текқана қандайда бір образ ғана емес дүниенің белсенді түрде бейнелеумен оны қайта бейнелеуге бағытталган əрекеттің ең жетілгентүрі. Адам санасының ең маңызды қасиеттерінің бірі - оның белсенділігі. Сананың белсенділігі мынадай жағдайларда жүзеге шығады дүниені мақсатты түрде жəнетаңдау арқылы бейнелеуде қоршаган дүниенің заңдылықтарын түсіндіретін теориялық модельдерді құрастырады. Табиғи жəне əлеуметтік құбылыстармен процесстердіңдаму туралы болжамын жасайды адамның қайта өзгеру əрекетінің негізгі ретіндеқызмет етеді.
Сананың пайда болуы табиғат эволюциясының нəтижесі болып табылады. Жердегіөмірдің күрделенуімен бейнелеудің тітіркенушілік, қозушылық, сезушілік деп аталатын қарапайым түрлерінің болуымен сипатталатын тірі табиғат болады. Егерде санамидың функциясы дейтін болсақ, ал ми орталық нерв жүйесінсіз мүмкін емес. Орталық нерв жүйесінен адам ми жануарлардың психихасы түзіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz