Саясаттану ғылымының болашақ мамандардың білімін жетілдіру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Астана Медицина Университеті КеАҚ

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы


БӨЖ

Tақырыбы: Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану.

.
Орындаған: Әуезхан А.
Топ: 214 ЖМ
Қабылдаған: Камзаев Б.

Нұр-Сұлтан, 2021 ж

Жоспар.
1.Кіріспе.
2. Негізгі бөлім
2.1. Саясаттану пән ретінде.
2.2. Болашақ маман дайындаудағы негізгі мәселелер.
2.3. Саясаттану ғылымының болашақ мамандардың білімін жетілдіру.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Саясаттану пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдің ғылымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның ауқымы мен мазмұны, қарастырылатын мәсе-лелершеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғылымдар оған қоғамда билікке жүргізетін немесе оған әсерететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайды. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелермен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды. Себебі, ол солармен қатар жалпы саяси теориялар мен нақтылы саясит іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұндай көзқарас саясаттануға тар мағанасында қараған болып шығады. Себебі, теория мен практиканы бөліп қарау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тікелткен. Әрине, аталған тәсіл сайлаудың дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, кай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді.

Саясаттану пән ретінде.
Саясаттану сөзі гректің политика және логос деген сөзінен шыққан, саяси тұралы ғылым деген мағынаны білдіреді.Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше.Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайын келгенде, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агриссиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы боларыда белгілі.Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет ететін, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифы бойынша билік құдайдың құдірітімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ең алғашқы билік жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс.Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық-әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістік, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттік тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда Ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.Біздің заманымыздан бұрын бірінші мыңжылдықтың ортасында саясатты діни мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер - Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат мүддесіне сай келуге, адамгершіліке негіздеуге тиіс деп ұқты.
Кейбір ғылымдар оған қоғамда билікке жүргізетін немесе оған әсерететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайды. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелермен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды. Себебі, ол солармен қатар жалпы саяси теориялар мен нақтылы саясит іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұндай көзқарас саясаттануға тар мағанасында қараған болып шығады. Себебі, теория мен практиканы бөліп қарау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тікелткен. Әрине, аталған тәсіл сайлаудың дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, кай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т. с. с. сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ еркіндік, теңдік, әділеттік, егемендік, демократия және т.б. сияқты маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.Саясаттануды зерттейтін ғылымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтып біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөнінде Ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясатта-нушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзінің белгілі ғылымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден түрғанын жөн деп тапты: 1) саяси теориялар ( олардың пайдалану, дамуы және қазіргі кездегі қызметі); 2) саяси институттар (конституциялар, аймақты және жергілікті басқару; көпшілік әкімшілігі, саяси институттары салыстырып зерттеу); 3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5)халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық).

Болашақ маман дайындаудағы негізгі мәселелер.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі білім беру саласына оның ішінде жоғары оқу орындарында білім беру стратегияларына өзгерістер енгізуді талап етеді. Әр түрлі болжамдардың сан алуандығына қарамастан, қазіргі білім беру жүйесін дамыту үдерісінде жаңа оқыту үлгілеріне, мазмұнына, технологияларына, түрлері мен әдістеріне қатысты шығармашылық ізденістердің қарқындылығымен әрі көп түрлілігімен ерекшеленеді. Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлға қалыптастырады. Бүгінгі таңда маман дайындаудың көкейкесті мәселелері - әлемдік білім беру кеңістігіне сай бейімді білім алу, кәсіби қалыптастырудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін қайта қарастыру, алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз ету.
Қазақстан Респубикасының Білім туралы Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделгенін ескерсек, болашақ мамандарды даярлау жоғарғы оқу орынының негізгі және басты мақсаты болуы керек. Қазіргі білім берудің барлық деңгейлерінде теориялық бағыт кеңінен қамтылып, тәжірибе жүзінде әрекет ету мүмкіндіктері қамтылмаған. Алайда, мемлекеттік стандарт бойынша тәжірибе өтуге арнайы кредиттер бөлінгенімен жеткіліксіздігі тәжірибеде дәләлденуде. Қазіргі заман ғалымдары Б.Әбдікәрімов, М.С.Молдабекова, Т.С.Садықов, А.А.Саипов, Л.Х.Мажитова, Е.Ө.Медеуов, Ж.Ж.Жаңабаев, А.А.Жолдасбеков, Ж.К.Оңалбек, С.Маусымбаев, А.М.Абдыров, Б.А.Оспанова, К.М.Беркімбаев және т.б. маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынған.
Әр бір адам өмірінде кәсіби әрекет маңызды орын алады. Кәсіби білім беру орындарына оқуға түскен жастар кәсіп таңдау мәселесі әлі де соңына дейін шешпеген. Оның бір жартысы оқудың бірінші жылынан кейін бас тартады, ал екіншілері кәсіби әрекеттен бастаған кездерінен кетеді, ал үшіншілері 3 - 5 жыл кәсіпті жұмыс істегеннен кейін бас тартады. Жастардың көбі кәсіби мектепті (орта, жоғары) бітіргеннен кейін алған білімі бойынша жұмысқа орналаса алалмайды да жұмыссыздардың қатарын толықтырады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
Тіл мәдениетінің сипаты
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Кәсіби маман дайындауда саясаттану ғылымының орны
Саяси ғылымның пайда болуы
Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы
Жоғары оқу орындарындағы оқу-жоспарлау құжаттары және оқыту процесі
Дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында студент психологиясының ерекшеліктері
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында оқытудың белсенді әдістерін қолдану тиімділігі жайлы
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы жайлы мәлімет
Пәндер