Дене жаттығуларының сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Дене шынықтыру

Денсаулық сақтау технологиясы бойынша қимыл-қозғалыс ойындары арқылы балаларды ептілікке тәрбиелеудің маңызы

Мазмұны

Кіріспе . . . 1

1. Қимыл-қозғалыс ойын түрлері арқылы балалардың ерік-жігері

қасиеттерін арттыру

1. 1 Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі . . . 3

1. 2 Қимыл қозғалыс ойындары . . . 5

1. 3 Дене жаттығуларының сипаттамасы . . . 6

2. Денсаулық сақтау технологиялары

2. 1 Денсаулық сақтау технологиялары мектепке дейінгі жастағы

балалардың қимыл әрекетін дамыту факторы ретінде . . . 14

2. 2. Заманауи денсаулық сақтау технологиялары . . . 18

2. 3 Мектепке дейінгі ұйымында денсаулық сақтау педагогикалық

технологияларды кешенді қолданудың тиімді жолдары мен мектеп

жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы

қимылды ойындардың ерекшелігі . . . 21

Қорытынды . . . 27

Қолданылған әдебиеттер . . . 29

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Балалардың дене тәрбиесінің дұрыстығы - мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелердің алдындағы міндеттерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың жақсы денсаулығы, адамның жалпы дамуының іргетасы болып табылады. Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептер, колледждер, лицейлер балаларының, жоғары оқу орындары студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде, оқу жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес сабақтан тыс уақытта және дербес жүзеге асырылады.

Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы бiлiм беретiн мектепте - кемiнде 3 сағат, кәсiптiк-техникалық мектептерде, колледждерде, лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi.

Мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi, жалпы бiлiм беретiн мектептер және басқа да оқу орындары балаларға дене тәрбиесiн беру мақсатында: дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, спортпен айналысуға тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзедi және қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да заңды тұлғалардың мектеп жасына дейiнгi балалардың, балалар мен студенттердiң қатысуымен спорттық iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуiне жәрдемдеседi.

Көптеген ғалымдар денсаулық тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің

ашылуының шарты болып табылады, ол баланың жас кезінен бастап қаншалықты денсаулығын сақтауға бейімделген және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастырғанына байланысты деп қарастырады. Ал Г. С. Акиева,

Г. Д. Алимжанова, А. В. Ахаев, Е. Д. Даленов, А. С. Иманғалиев, Ж. О. Жилбаев, т. б. бұл мәселені тұлғаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сәттілігіне

байланысты қарастырады

Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесi үшiн қажеттi жағдайлар жасау облыстардың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына, сондай-ақ құрылтайшыларға жүктеледi.

Дене шынықтыру жаттығулары баланың күн тәртібінде жас шамасымен үлкен орын алу керек. Олар бұлшық еттiк белсендiлiкке ғана емес, суыққа, гипоксияға да бейiмділікті ұлғайту үшін себепшi болатын факторлар болып табылады. Физикалық белсенділік орталық жүйке жүйесінің қалыпты дамуына, жадтың, оқудағы үлгерімнің жақсаруына мүмкіндік туғызады, эмоционалды-мотивациялық өрісті қалыпты жағдайға келтіреді, ұйқының жақсаруына әсер етеді, тек физикалық қана емес, зерделі қызмет мүмкіндіктерінің де өсуі байқалады. Бұлшық еттің белсенділігін арттыру үшін, қозғалыс жүйелері мен дағдыларын жетілдіретін, сымбатты мүсін қалыптастыратын, жалпақ табанның дамуын бәсеңдететін дене жаттығуларын жасау қажет.

Зерттеу обьектісі: Мектеп жасына дейінгі балалармен ойналтын қимыл қозғалыс ойындары.

Зерттеу заты: Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: ойын олар үшін- оқу, ойын олар үшін- еңбек, ойын олар үшін-тәрбиенің елеулі форматы. Қимыл-қозғалыс ойындарының мазмұнына баланың ой-өрісін кеңейтетін және оның түсінігін нақтылай түсетін көптеген тайным материалдары енгізілген. Сюжетті ойындардың тақырыбын адам өміріндегі кейбір оқиғалар, табиғат құбылысы, жануарларға еліктеу құрайды. Бұлардың бәрін балалар өзіндік шартты ойындар форматында бейнелейді. Қимыл қозғалыс ойындарының тәрбиелік мәні педагогтың нысаналы басшылығымен қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде, ойын материалдарын еркін меңгерумен, балалардың бойында эмоциялы өрлеу туғызатын сан алуан әдістерді пандаланумен айқындалады. Балаларды дамытуда ойын іс-шаралары ұйымдастырылады, ойын арқылы баланың психикасында запалы өзгерістер туады (баланың зейіні, ойлауы, қиялдау қабілеті) . Ойын арқылы баланың шығармашылық ойлау қабілеті бағаланады.

Зерттеу мақсаты: дене шынықтыру пәнінде қимыл-қозғалыс ойын түрлері арқылы балалардың ерік-жігерін қалыптастыру әдістерін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

- мектепке дейінгі дене шынықтыру пәнінің мақсаты туралы түсінік беру;

- қимыл-қозғалыс ойындар арқылы балалардың ерік-жігерін арттыру әдістері;

- қимыл-қозғалыс ойындарының түрлерін көрсету.

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қимыл-қозғалыс ойын түрлері арқылы балалардың ерік-жігері қасиеттерін арттыру

1. 1 Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі

Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекемелерде дене шынықтыру жаттығулары топтық гимнастикалық сабақтар мен спорттық ойын-сауық түрлерінде өткізіледі. Баланың киімі қимылды қиындатпайтындай денесіне бос болу керек. Сабақтар әр түрлі және еліктіргіш болу үшін, әр түрлі заттар мен жабдықтар қолдану керек: доптар, жалаулар, құрсаулар, отырғыштар, баспалдақтар. Жабдықтар баланың бойы мен жасына сәйкес келу маңызды. «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларына сәйкес, 3 жастан бастап күнделікті таңғы жаттығулар өткізу керек, басында 5-6 минут (3жас) және 10-12 минутқа дейін (6 жас) . Бұнымен қоса, бос уақытта дене шынықтыру жаттығуларының айына 1 рет 10-20 минут, 6 жастағы балалар үшін 40 минутқа дейін өткізілуі қарастырылады. Гимнастикамен айналысу үшін кілемше қажет және оны тазалықта сақтау маңызды. Гимнастикалық жаттығуларды таңғы астан кейін немесе күндізгі ұйқыдан кейін 30 минуттан кейін ғана жасау керек. Балаларда таңғы жаттығуды әрдайым жасауға әдептің қалыптасқаны өте маңызды. Ұзақ, қозғалыссыз отыратын - сурет салу, илеу, қол шеберлiк сабақтарынан кейін гимнастикалық жаттығулар сеансын өткізу аса маңызды.

Балаларға ұсынылатын жаттығуларды тәрбиешілер, медбике, ата-аналар меңгеріп алулары керек. Балалардың ықыласын шоғырландыру қиын болғандықтан, оларға тапсырмаларды ұзақ түсініктерсіз, нақты және айқын беру керек. Атауларды рационалды түрде оңайлату, мысалы, жаттығуларды «мысық», «құс», «паровоз» және т. б. жалпылай атау. Бұл жаста балаларда үйлестіру қабілеті енді ғана қалыптаса бастайтындықтан, олардан тапсырманы толығымен дұрыс орындауларын талап етуге болмайды.

Негізгі өмірлік қажеті бар қозғалыс дағдылары балалардың кішкентай кезінде қалыптасады, бала дұрыс жүруді, отыруды, тұруды, қарапайым дене шынықтыру жаттығуларын орындауды, кеңістікте бағытталуды, шынықтыру шараларын қабылдауды үйренеді, салауатты өмір салтының негізі болып табылатын күнделікті дене шынықтыру-спорт сабақтарына дағдыланады. Бұл жастағы балалардың дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру ісі олармен сабақтарды ойын түрінде, әдетте, ашық аспан астында өткізуді, және солардың мазмұнын үнемі түрде жаңартып отыруды қажет етеді. Дене шынықтыру жаттығулары сабақтарының негізін балалардың қызметтік мүмкіндіктерін арттыратын, ағзаның барлық физикалық қасиеттерін дамытатын жан-жақты дене шынықтыру даярлығы құрауы тиіс. Педиатрия мен дене шынықтыру және спорт саласының жетекші мамандары осы жас тобындағы балаларға арнап аптасына кемінде 10 - 12 сағаттық қозғалыс белсенділігінің көлемін ұсынады.

Осы міндетті шешудің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

- мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың саны 15 адамнан асатын балалар әлеуметтік мекемелерінде ашық аспан астында сабақтар өткізуге арнап «Ксил» балалар ойын кешендерін орнату (орындаушы - «Сәби» қайырымыдылық қоры) ;

- мекемелерде мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыру тәрбиесіне арнап оқу және ойын бағдарламаларын әзірлеу және ендіру (орындаушы - балалар үйлері мен интернаттардың басшылығы) ;

Күтілетін нәтижелер:

1. Балалар әлеуметтік мекемелерінің балалары мен жасөспірімдерінің арасында салауатты өмір салтының бекуі.

2. Дене шынықтыру мен спортпен нақты түрде айналысатын тәрбиеленушілер санының көбеюі, аурушаңдықтың деңгейін азайту.

3. Өскелең ұрпақтың арасындағы құқық бұзушылықтар санының азаюы.

4. Балалар әлеуметтік мекемелері тәрбиеленушілерінің қатарынан ҚР ұлттық құрама командаларына келешегінен үміт күттіретін кандидаттардың спорттық резервінің көбеюі.

Дене шынықтыру пәнін оқыту бағдарламасының негізін құрайтын жеке тұлғаға бағытталған ерекшеліктерге мынадай әдістемелік тәсілдер жатады:

- дене жаттығуларымен айналысуға балалардың қызығушылығын қалыптастырудың жекелеген ерекшеліктерін қарастыратын жеке тұлғаға қатысты себептер;

- дене жаттығуларының әр түрі бойынша сараланған тапсырмаларды іріктеп алу жүйесін біріктіретін мазмұнды тәсілдер;

- дене жаттығуларының жекелеген бөліктерін дербес игеру біліктілігін қалыптастыруды қарастыратын технологиялық тәсілдер (оқу бағдарламасының негізінде) ;

- бағдарламаның талаптарына сәйкес практикалық іскерліктер мен дағдыларды, теориялық білімдерді есепке алу мен бағалауды, бақылау құралдарын біріктіретін бақылау-бағалау тәсілдері;

''Дене шынықтыру" пәні бойынша оқыту мазмұнына жеке тұлғаға бағытталған тұрғыда келу мыналарды қарастырады:

- пән бойынша бағдарламаны балалардың меңгеруіндегі жекелілік себепті есепке алу;

- табиғи қозғалыс дағдыларын қалыптастыру мен жаңа қозғалыс-қимылдарды меңгеру барысында балалардың қозғалысты өзі орындауы үшін жағымды жағдайлар туғызу.

Жоғарыда айтылғандар осы бағдарламаны білім беру кезеңдеріне (циклға) бөлуді қарастырады, олар:

- дене жаттығуларының негізгі түрлері;

- дене жаттығулары және салауатты өмір салты;

- мүсінді дұрыс қалыптастыру мен қозғалыс қасиеттерін дамыту;

- дене жаттығуларымен айналысудың жекелеген түрлері мен күн тәртібі (осы бөлім мектептен тыс уақытта дене жаттығуларымен топпен және дербес айналысу жағдайларына тән ерекшеліктерді айырып қарастырады) .

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.

Дене тәрбиесі - жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.

Ден тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.

Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық - тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесімәдениеті - дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол оғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.

Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады.

1. 2 Қимыл қозғалыс ойындыры.

Қимыл-қозғалыс ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қимыл әрекеті ретінде тәрбиеші әрбір жастағы топтардың режимімен сәйкес күннің әр түрлі уақытына жоспарлайды.

Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың жан-жақты дамуына жағдайды, организмді сауықтыруға көмектеседі, балалардың өмірін жаңа мазмұнмен байытады, олардың сезімін, мінез-құлқын, қоршаған ортада бағдар ұстауын, дербестігі мен шығармашылық бастауын қалыптастыру.

Қимыл-қозғалыс ойындары - жасөспірімдердің сүйікті де пайдалы іс-әрекетінің бірі болып табылады. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады. Көңіл-күйін сергітіп, тамаққа тәбетін ашады, еңбекке құлшынысын күшейтеді.

Ойын ежелден келе жатқан адам өмірінің манызды бөлігі екені сөзсіз. «Бала ойынмен өседі» - демекші, қимыл-қозғалыс ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ол - сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Ойын жігерлілікке, шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Сондай ақ тез арада ойлау қабілеттерін дамытады.

Қимыл-қозғалыс ойындары спорт ойындарынан айырмашылығы ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін орынды және уақыт регламентің талғамайды. Олар бүгінгі мектептеріміздегі дене шынықтыру сабақтарына және тәрбие жұмыстарына пайдалануға қолайлы.

Қимыл-қозғалыс ойындары бірнеше түрге бөлінеді: ұлдарға және қыздарға арналған ойындар, топтық ойындар, командалық ойындар, эстафеталық ойындар, жекпе-жек ойындары және қысқы ойындар.

Осы ойындар ішінен қысқы ойындарға тоқталып кетсек. Қысты күндері қар үстінде, айдында, мұз және қар жал төбелерінде көптеген қызықты ойындар ұйымдастыруға болады.

Қыс кезінде ауа-райы ауыспалы келеді. Жылы кезде қар жабысқақ болады. Осы күндері балалар қардан қалашық, қорған, аққала жасайды. Ал егер қарды мұз басып қалса, онда шанамен және конькимен көптеген ойын түрлерін өткізуге болады. Қысқы ойындары желсіз күні, ауа-райының көрсеткіші минус 10 градусқа дейін мөлшерді көрсеткен кезде жүргізілу қажет. Ойыншылардың киімдері жылы әрі қозғалуға ынғайлы болуы керек.

1. 3 Дене жаттығуларының сипаттамасы

Дене жаттығулары - дене тәрбиесінің негізгі өзіндік құралы. Дене жаттығулары адамға жан жақты әсер етеді: олар адамның және еңбек тәрбиелерінің міндеттерін жүзегу асыруға, сондай-ақ психикалық қасиеттерді дамытуға себепші болады.

Дене жаттығуларымен бірге әр түрлі би, массаж қолданылады.

Билер музыкамен сүйемелдене отырып, организмнің балық жүйесіне әсерін тигізеді, дене қасиеттерін дамытады, сондай-ақ қимыл қзғалыстардың жарасымдылығын, еркіндігін қалыптастырады.

Массаж. Теріге, бұлшық етке сүйек жүйесіне әсер етеді, тыныс алуды күшейтеді, қан айналымын жақсартады.

Іс-әрекетінің алуан түрлері қозғалыс, қимыл әрекеттері олардың компаненттері болып табылатындықтан адам организміне әсерін тигізеді. Бірақ еңбек процесінде жасалатын қозғалыстар, ең алдымен, нақты нәтижелерге жетуге бағытталады. Организмге әсер ету қосарлы фактор болыт табылады. Сондықтан алуан түрлі іс-әрекеттерді ұйымдасты кезінде денені дұрыс қалыпты ұстауда денеге түсіретін ауыртпашылықты балалардың жас шамасын жеке басының ерекшеліктерін, олардың денсаулық жағдайларын скере отырып, мөлшерлеуді қатаң қадағалаудың маңызы зор.

Әр түрлі жас кезеңдеріндегі дене тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асырудың тиімділігі негізгі және қосамша құралдарды дұрыс үлестірген кезде арта түседі. Мәселен бала өмірінің алғашқы айларында гигиеналық факторлардың және жаратылыстың табиғи күштерінің маңызы мейлінше мол, бұдан кейін дене жаттығуларын және алуан түрлі іс-әрекеттің ролі артады.

Дене жаттығуларының сипаттамасы. Дене жаттығулары алдағы тұрған еңбек әрекеттеріне алдын ала дене әсерлігі қажет екендігін ұғынған кезеңде пайда болады. Тәжірибе адамға аң аулауға денені алдын ала әзерлеумен оның нәтижелерімен арасындағы байланысты анықтауға және жиналған қимыл қозғалыстық тәжірибені бір-біріне берудің маңыздылығын бағалауға мүмкіндік жасады. Мәселен, адам аң аулауға шығудан бұрын алдағы атқарылатын әрекетке машықтанады. Аңның бейнесін жасап, соған дәл тигізуге талпынады. Осындай әрекеттерді көп рет қайталау процесінде адам нысанаға дәл тигізе білушілік қалыптасты. Көзбен шамалау, күш және басқа дене қасиеттері дамыды. Сөйтіп дене жаттығулары алғашында еңбекте қолданылатын қимыл-қозғалыстардан тұрды.

Дене шынықтыру жаттығулары баланың күн тәртібінде жас шамасымен үлкен орын алу керек. Олар бұлшық еттiк белсендiлiкке ғана емес, суыққа, гипоксияға да бейiмділікті ұлғайту үшін себепшi болатын факторлар болып табылады. Физикалық белсенділік орталық жүйке жүйесінің қалыпты дамуына, жадтың, оқудағы үлгерімнің жақсаруына мүмкіндік туғызады, эмоционалды-мотивациялық өрісті қалыпты жағдайға келтіреді, ұйқының жақсаруынаәсер етеді, тек физикалық қана емес, зерделі қызмет мүмкіндіктерінің де өсуі байқалады. Бұлшық еттің белсенділігін арттыру үшін, қозғалыс жүйелері мен дағдыларын жетілдіретін, сымбатты мүсін қалыптастыратын, жалпақ табанның дамуын бәсеңдететін дене жаттығуларын жасау қажет.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекемелерде дене шынықтыру жаттығулары топтық гимнастикалық сабақтар мен спорттық ойын-сауық түрлерінде өткізіледі. Баланың киімі қимылды қиындатпайтындай денесіне бос болу керек. Сабақтар әр түрлі және еліктіргіш болу үшін, әр түрлі заттар мен жабдықтар қолдану керек: доптар, жалаулар, құрсаулар, отырғыштар, баспалдақтар. Жабдықтар баланың бойы мен жасына сәйкес келу маңызды. «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларына сәйкес, 3 жастан бастап күнделікті таңғы жаттығулар өткізу керек, басында 5-6 минут (3жас) және 10-12 минутқа дейін (6 жас) . Бұнымен қоса, бос уақытта дене шынықтыру жаттығуларының айына 1 рет 10-20 минут, 6 жастағы балалар үшін 40 минутқа дейін өткізілуі қарастырылады. Гимнастикамен айналысу үшін кілемше қажет және оны тазалықта сақтау маңызды. Гимнастикалық жаттығуларды таңғы астан кейін немесе күндізгі ұйқыдан кейін 30 минуттан кейін ғана жасау керек. Балаларда таңғы жаттығуды әрдайым жасауға әдептің қалыптасқаны өте маңызды. Ұзақ, қозғалыссыз отыратын - сурет салу, илеу, қол шеберлiк сабақтарынан кейін гимнастикалық жаттығулар сеансын өткізу аса маңызды.

Балаларға ұсынылатын жаттығуларды тәрбиешілер, медбике, ата-аналар меңгеріп алулары керек. Балалардың ықыласын шоғырландыру қиын болғандықтан, оларға тапсырмаларды ұзақ түсініктерсіз, нақты және айқын беру керек. Атауларды рационалды түрде оңайлату, мысалы, жаттығуларды «мысық», «құс», «паровоз» және т. б. жалпылай атау. Бұл жаста балаларда үйлестіру қабілеті енді ғана қалыптаса бастайтындықтан, олардан тапсырманы толығымен дұрыс орындауларын талап етуге болмайды. Жалпы алғанда, қозғалыс тәртібі мен салауатты өмір салты баланың толығымен дамып, келешекте тұлға ретінде қалыптасуына үлкен пайдасын тигізеді.

Дене шынықтыру жаттығулары адамның әр түрлі қозғалу әрекеттері ретінде дене тәрбиесінің мәселесін шешуге көмектеседі. Қазіргі уақытта физикалық жаттығулардың түрі өте көп. Оларға басшылық ету үшін дене тәрбиесінің жалпы және нақты мәселелерін шешу үшін оларды дұрыс таңдау маңызды, олардың мазмұнының негізгі мәнін түсіну маңызды. Дене жаттығуларының мазмұны оларға енгізілген іс-әрекеттер, сондай-ақ дене жаттығуларында (психикалық, физиологиялық, биохимиялық және т. б. ) жүрген процестер болып табылады. Еркін қозғалыстар ретінде физикалық жаттығулар адамның санасына негізделеді және кейбір нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Жаттығу назар аудару, ойлау, күш-жігер жұмсаумен байланысты. Дене жаттығуларын орындау кезінде адам ағзасының әр түрлі жүйелерін жетілдіру және жақсарту функционалдық өзгерістер орын алады.

Нұсқаушыға физикалық жаттығуларды дене тәрбиесінің білім беру және тәрбиелік мәселелерін шешуге арналған құрал ретінде қарау (моториканы, дағдыларды қалыптастыру, физикалық қасиеттерді дамыту және т. б. ) маңызды.

Дене жаттығуларының мазмұны материалдық және психикалық жағынан бірлікке байланысты қарастырылуы керек. Дене жаттығуларының нысаны мазмұнның сипаттамасына байланысты. Дене жаттығуларының нысаны - оның ішкі және сыртқы құрылымы (яғни, ұйымдастыруы, сапқа тұрғызуы) .

Ішкі құрылым - жаттығудың қандай да бір түрін орындау кезінде пайда болатын әр түрлі процестердің өзара байланысы. Жаттығу барысында энергетикалық процестер (жүйке-бұлшық ет және т. б. ) өзара әрекеттесуі керек.

Сыртқы құрылым - жаттығулардың көрінетін жағы, қозғалыстардың әртүрлі параметрлерінің қатынасы (қозғалыстың кеңістіктік, уақытты бағдарлау, динамикалық ерекшеліктері) . Нысан және мазмұн өзара байланысты. Мазмұн нысанға қатысты жетекші рөл атқарады. Мысалы: жүгіру жылдамдығы артып, қадам ұзындығы және дененің бұралу бұрышы өзгереді. Демек, кейбір мазмұнның мазмұны өзгергенде жаттығудың нысаны өзгереді. Демек, физикалық жаттығуларда сәтті табысқа жету және жетістікке қол жеткізу үшін оның мазмұны өзгертіліп, ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін жақсартуға жағдай жасайды. Нысан де мазмұнға әсер етеді. Жаттығудың ақылға қонымды нысаны физикалық қабілеттердің тиімді көрінуіне көмектеседі. (Лақтыру кезінде лақтыру күші дұрыс орындалса, лақтыру ауқымы артады, жаттығудың сәтті орындалу мүмкіндігін жақсртады) . Дене жаттығуларының мазмұны мен нысаны ажыратылмайды, бірақ олардың арасындағы қайшылықтар немесе сәйкессіздіктер болуы мүмкін.

Дене жаттығуларының әдістемесі - қозғалтқыш мәселесін шешу арқылы қозғалтқыш әрекетін орындаудың ең тиімді, ұтымды тәсілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене жатығуларына сипаттама
Дене тәрбиесінің амалдары
Негізгі қимыл-қозғалыстар жалпы сипаттамасы мен түрлері
Жаттықтырушылардың ағзасына сауықтыру жүргізудің әсері
Дене тәрбиесі бағдарламасы
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқыту
Дене тәрбиесінің негіздері
Қимыл-қозғалыс ойын түрлері арқылы балалардың ерік-жігері қасиеттерін тәрбиелеу
Дене тәрбиесінің құралдары
Дене жаттығуын орындаудағы қатені түзету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz