Арнайы курстарда қазақ тілін оқытудың болашағы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақ тілін арнайы курстарда оқыту: мүмкіндігі мен болашағы

Докторант: Т.Б.Құлынтаева

Нұр-Сұлтан, 2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Қазақ тілін арнайы курстарда оқытудың маңызы мен тенденциялары ... ... ... ...4
Арнайы курстарда қазақ тілін оқытудың озық әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Арнайы курстарда қазақ тілін оқытудың болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін - деп, алдағы уақытта қазақ тілінің мәртебесі артатыны туралы жария еткен болатын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.Бағдарламаның мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады. Мемлекет әрбір азаматын қазақ тіліне оқытуға мүдделі. Бұл үшін қомақты қаражат бөлінуде.
Қазақ тілін оқытуда статистика бере өтетін болсақ, қазіргі уақытта республиканың барлық өңірлерінде 99 мемлекеттік орталық жұмыс істейді, онда оқыту тегін жүргізіледі. Орталықтарда мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, жұмыссыздар, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер және ҚР-ға тұрақты тұруға көшкен азаматтар оқи алады. Курстар халықтың ересек топтарына қарастырылғанын атап өткен жөн.
Қазақ тілін арнайы курстарда оқыту, қазақ тілін қазақ халқына жетік меңгерту әлі күнге дейін қарастырылып келе жатқан мәселелердің бірі. Жалпы алғанда, қазақ тілін арнайы курстарда оқыту қазақ тілін жеделдетіп меңгерту үшін жасалған істердің бірі. Қазіргі уақытқа дейін қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне игерту, мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін оқыту тіл туралы заң қабылданғаннан бері арнайы оқытылып келе жатыр. Алайда, тілді үйреткенімізге бір шама уақыт өтсе де, әлі күнге дейін қазақ тілін оқытатын курстардың жұмысы тоқтаған емес. Қазақ тілін арнайы курстарда оқытудың маңызы мен ерекшелігі, қандай әдістермелермен оқытуда, осы курстардың болашағы мен мүмкіндігі қандай деген сұрақтарға жауап жұмысымыздың өзектілігін танытады.
Жұмыстың мақсат-міндеттері: Қазақ тілін арнайы курстарда оқыту оқудың ең белсендісі десек болады. Себебі елімізде мемлекеттік тілді меңгерту әлі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Жұмыстың мақсаты - қазақ тілін оқытудағы арнайы курстардың мүмкіндігі мен болашағын айқындау болмақ. Осы мақсатты іске асыруда жұмысымызға мынадай міндеттерді қоямыз:
oo Қазақ тілін арнайы курстарда оқытудың өзектілігін айқындау;
oo Арнайы курстарда оқытудың маңыздылығын анықтау;
oo Арнайы курстарда қазақ тілі қандай жаңа технологиялар арқылы игеріліп жатқанын бағалау;
oo Арнайы курстарда қазақ тілін оқытуда тіл игерушілердің жас ерекшелігін саралау;
oo Қазтест жүйесі бойынша оқытудың тиімділігін қарастыру болмақ.
Жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады.
1. Қазақ тілін арнайы курстарда оқытудың маңызы мен тенденциялары
Тіл - қоғамның айнасы. Тілсіз халық, халықсыз тіл болған емес. Мемлекеттік тіл мәселесі- мемлекет үшін аса маңызды мәселе. Ұлттың ұлт болып қалыптасуына зор ықпал ететін, немесе жойылуына әсер ететін ол тіл. Бұл ауқымды мәселені жіті түсінген қазақтың белгілі ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы сонау ертеректе-ақ бір-ақ ауыз сөбен түйіндеп берген еді. Ол: Тілі жоғалған ұлттың- өзі де жоғалады деген екен. Демек, тіл адамзат тарихынағы ең маңызды құбылыс. Оны сақтау, барынша ана тілінде таза сөйлеу әрбір адамның парызы мен міндеті саналмақ.
Баршамыз білетіндей, қазақ тілі әлі күнге дейін өзге ұлт өкілдеріне оқытылып келе жатыр. Қазақтың белгілі ғалымдары қазақ тілін қалай жеңілдетіп үйретсек болады? Қазақ тілін үйретуде қандай қағидаларға сүйенуіміз қажет? Нені ескеру керек? Қандай тиімді-әдіс тәсілдер бар екен деген түрлі сауалдарға жауап іздеп, талай еңбектер, ғылыми жұмыстар, оқу-әдістемелік құралдар, оқулықтар жасалып жатыр. Жасала да бермек. Тілді үйрету балабақшадан басталып, мектеп қабырғасында, университетте, мекемелерде де оқытылып жатыр. Барлығының бір басты бағыты - қазақ тілін жетік түрде игерту. Осындай ауқымды істердің қатарында қазақ тілін арнайы курстарда оқытудың да маңыздылығы жоғары. Солардың бірі елімізде 2006 жылдан бері қалыптасқан ҚАЗТЕСТ жүйесі. Арнайы бағдарламалары бар, қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуға арналған жүйемен бірізді жасалған.
Мемлекеттік тіл мәселесі - өте маңызды, мемлекеттік мәні бар мәселе. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын одан әрі кеңейту және мәртебесін көтеру мәселесін барлық жерде кеңінен қолға алып, тікелей ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу қажеттігін тұрақты күн тәртібіне қойылып жатыр. Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл мәселенің ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылып отырған мәселе - орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту мәселесі. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға жетелейді.
Бүгінгі қоғам оқытушының біліктілік деңгейіне, оқытушының құзыреттілігіне, оқыту әдіс-тәсілдеріне жаңаша сұраныс тастап отыр. Өйткені, қазіргі таңда болашақ жастардан үлкен үміт күтілуде.
Тіл қарым-қатынас құралы. Сондықтан оған тән белгілерді сөйлем шекарасынан шығып, тыңдаушы, сөйлеуші жағдай, стиль сияқты уәждемелерді қамти отырып, анықтауға болады[1] Тіл үйрену тәжірибесінде лексикалық минимумдарды қатар үйрену міндетті түрде ұштасып отырады. Лексикалық минимум сөздік қордың молаюына, белсенді және пассивті сөздік қордың қалыптасуына ықпал етеді. Лексикалық минимум қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіне сәйкес келетін (қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлер) минимальды сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығынан тұрады Бұл дағдылар азақ тілін өз бетінше үйренуге және қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға бағытталған.
Ғалымдардың айтуынша тілді шет тілі ретінде оқыту оқыту үш маңызды элементтен құралады. Бұлар: оқу материалы, оқытушы және оқыту әдісі. Оқу материалын оқытудың мақсаты мен міндеттеріне сай сұрыптау, оны тіл меңгерушіге електен өткізілген әдіс-тәсілдермен ұсыну тіл оқытуда шешуші фактор болып табылады. Оқытушы әдіскерлердің тіл меңгертудегі ғылыми зерттеу нәтижелері теорияның практикадағы көрінісі болмақ.
Әдіскер зерттеушілер бұл мәселені шешуі үшін көптеген мақсаттар мен міндеттерді саралап нақтылауы тиіс.
Қазақ тілін шет тілі ретінде үйренетін оқушы кең көлемдегі құзіреттіліктерді меңгеруі тиіс. Осы орайда тіл оқытудың негізгі ұстанымдарын ажыратып, нақтылау - мақаламыздың мақсаты. Олар: тілдік білімнің сұрыпталу ұстанымдары, оқытудың ғылыми-әдістемелік ұстанымдары [2]. Байқап отырғанымыздай, тілді үйретуде немене оқытамын? Қалай оқытамын? Кімді оқытамын? Секілді сұрақтарға жауап бере отырып, аудиторияны бақылай отырып оқытылады. Көбіне арнайы курстарда ерексек адамдарға қазақ тілін үйретеді. Оны өз тәжірибемізден білеміз. Жалпы, осы Қазтест жүйесінің өзі қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуға бағытталған.
Шет тілі ретіндегі сабақтың әрқайсысында тілді одан әрі тереңдете меңгеруді қамтамасыз ететін тілдік білімнің негізі қалануы тиіс. Олай болса, оқытудың негізгі идеясын тілдік материалдың мазмұны мен оны ұсынудың әдіс-тәсілдері анықтайды. Мазмұн мен ғылыми зерттеуге негізделген әдістеменің бірлесе жұмыс істеуі, олардың бірін-бірі толықтырып отыруы оқытуға қойылатын негізігі талаптардың бірі[3].
Тілді оқытудың негізгі мақсаты - тіл үйренушінің коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру.
Тілді оқытудың ғылыми ұстанымы - негізгі мақсатқа қол жеткізу үшін арнайы ғылыми-теориялық зерттеудің нәтижесіне құрылған тіл меңгертудің әр деңгейіне қажетті грамматикалық білім мен сөйлеу материалдарын сұрыптау және оны жүйелі түрде ұсыну.
Оқытудың жүйелілік ұстанымы. Оқыту мазмұны негізгі тілдік қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыс, әлеуметтік-мәдени салалары бойынша материалдардың тақырыптық топтастырылу әдісімен құрылуы тиіс. Ұсынылатын тілдік материал әр сабақта қарапайымнан күрделіге ұстанымы бойынша жүйелі кезеңдерден құрала отырып, берілетін материалдың спиральды дамуын қамтамасыз ете алуы тиіс. Оқыту жүйесінің мұндай ұстанымы бірізділікке қол жеткізеді[4].
Міне, осындай бірізді, жүйелік ұстаным қазақ тілін оқытуға арналған Қазтест оқулықтарында жүйелі етіп берілген. Қазтест жүйесінің оқулықтарында әр деңгейге сай тақырыптар топтастырылған.
Қазақ тілін мемлекеттік қызметкерлерді оқыту курстарында оқыту жүйесі, жекелеген сабақ, бір қарағанда, күнделікті өтіп жататын жағдай сияқты. Бірақ тұтас оқыту жүйесі сияқты, бір сабақты өткізу барысында танымдық үдерістің небір күрделі түрлері өтіліп, адамның рухани əлемі қалыптасып жатады. Сонысымен де оқу үрдісінің танымдық үдеріс ретіндегі сыртқа қарапайым, ал ішкі мазмұны адам қалыптастыратын мүмкіншілігі айқындала түседі. Қазақ тілін оқыту барысында тіл үйренушілердің қазақша ойлауы мен еркін сөйлеу тілін дамытуды маңызды орын алады.
Жаңа технологияларды қолдана отырып, оқыту барысында тіл үйренушілердің қазақша ойлауы мен жақсы сөйлеу тілін дамытуда қазақ тілін оқытудың өзіндік ерекшеліктері айқындалуы тиіс. Əрбір берілген ұғым мен оның мазмұның құрайтын білімдік ақпарат -- оқушының ой-санасын өзгертуші, дамытушы құрал. Бірақ танымдық негіздері туралы бөлімде айтқанымыздай, оқушылардың даму барысында көп сүйеніп, талдаулар жасай беруге, білім мазмұнын жөнсіз көбейтуге немесе күрделендіруге болмайды. Тіл үйренушінің даму ерекшелігін оның жас ерекшелігімен байланыстыра қарау қағидаты басты назарда болуға тиісті[5].
Қазақ тілін жаңаша технологиямен оқыту -- тіл үйренушілердің шығармашылық қызметін, сапалы білім ала білуін қалыптастыратын үдеріс. Тіл үйренушінің саналылығы қазақ тілінің төл дыбысының, сөзінің сөз тіркесінің, сөйлемнің өзіндік болмысын танып-білу барысында ғана жəне сол үшін ғана емес, жүйе теориясының заңдылықтарын ғылымның барлық саласында қолдану жолдарын меңгеру қажет екенін түйсігімен түйсінуі барысында ғана қалыптасады. Бұл ретте мұғалімнің дұрыс қойған талаптары мен тапсырманы орындау алгоритмдерінің бірізді тəртіптелген жүйесі оқушыны саналылықпен білім алуға дағдыландырады. Тіл үйренушінің саналылықпен білім алу ұстанымы толыққанды жүзеге асуында келесі ұстаныммен табиғи байланысты болуы үлкен рөл атқарады.
Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі - ҚАЗТЕСТ-тің халықаралық жүйелермен ұқсастығы бар. ҚАЗТЕСТ жүйесі екі түрлі арнамен беріледі: бірі шетел тілі ретінде тіл үйренушінің тіл меңгеру деңгейін бағаласа, енді бірі қазақ тілін екінші тіл ретінде бағалауға бағытталған. Тест құрамы тыңдалым, оқылым, жазылым, лексика-грамматикалық бөліктерден тұрады. Әрбір бөліктер бойынша тапсырмалар өте оңай тапсырмадан күрделіге қағидатын негізге ала отырып құрастырылған. Тест тапсырмаларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар* негізінде анықталады. Тапсырмалардың өзі тіл меңгеру деңгейлеріне байланысты күнделікті өмір мен адамзатты қоршаған ортаға негізделіп тілдік ортада тіл қолдану мүмкіндіктеріне бағытталған. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлер дәрежесінде тіл меңгеру деңгейлерін бағалауға болады. Бұл деңгейлер халықаралық тіл меңгеру деңгейлеріне сәйкестендірілген. Деңгейден деңгейге өтуде сабақтастық қағидаты сақталып отырады, төменгі деңгейде белгілі бір тақырып бойынша өте қарапайым тапсырма берілсе, одан жоғары деңгейде дәл сол тақырып қарастырылады, бірақ сөздік қоры да күрделірек, тапсырма түрі де қиынырақ болып келеді. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралдың ерекшелігі жоғарыда айтылғандай тест құрамындағы сөйлеу әрекетінің түрлері тыңдалым, оқылым, жазылым және лексика-грамматикалық құрылым бойынша тест тапсырмаларына тоқталып, талдап, қорытынды тест тапсыру арқылы тілдік дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді. Қазақ тілінің жазу жəне сөйлеу заңдылықтарын іс-тəжірибе жүзінде танып-білу тіл үйренушілердің қазақша ойлау қабілетін қалыптастырады жəне біртіндеп дамуына ұласады. Оның өзі тіл үйренушінің ауызша жəне жазбаша тілі даму үдерісіне жалғасып, қазақ тілін үйреніп жүрген жеке адам жана сатыдағы дүниетанымдық аппаратын қалыптастыруға қызмет етеді.
Оқытушының басшылығымен меңгерілген танымдық əдістермен тоқтап қалмай, оларды қолдау мен тағы басқа түрлерін іздеуі теориялық ойлауы мен сөйлеу тетіктерінің біртұтастықта дамыған тіл үйренушінің моделі болып табылады. Сондықтан бұл ұстаным қазақ тілін оқыту үдерісінде басшылыққа алынады.
Сонымен қатар, қазақ тілін оқытатын арнайы жеке кәсіпке айналған курстар да аз емес. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында Qazaq Stady орталығы әлі күнге дейін қазақ тілін ересектерге, оқушыларға, тіл үйренеміз деген ниеттегі барша азаматтарға ақылы түрде оқытып жатыр. Орталық Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан. Бұл орталықтың өз бағдарламалары бар. Аталмыш орталықтың арнай құрастырылған http:qazaqstudy.kz мынадай сайты бар. Сайтқа кіріп кез келген адам орталық туралы мәлімет ала алады. Оқу орталығының Қазтест жүйесінен бір ерекшілігі - ақылы түрде жүргізілуінде. Орталық канадалық әдістеме негізінде қазақ тілін үйретуде. Курс соңында азаматтарға белгілі бір деңгейді аяқтағанда, тест алынып, сертификат табысталады. Келесі тарауда Қазтест жүйесі мен Qazaqstady орталығының оқыту әдістерін ұсынатын боламыз.
Мемлекеттік тіл -- аса маңызды да өзекті мəселе, тіл -- халықтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ол -- ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан мемлекеттік тілді білу -- өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында əрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс.

2. Арнайы курстарда қазақ тілін оқытудың озық әдістемелері
Қазтест жүйесінің басты бағыты қазақ тілін жетік деңгейде игерту. Сол себепті осы жүйеде қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге оқыту нысаны қарастырылған. Бұл жердегі айта кететін ерекшелік- оқуға егде жастағы, қызметтегі адамдар қатысады. Арнайы курстарда оқитын тіл үйренушілердің көбі - орта, жоғары білім аяқтаған, негізгі мамандығы бар, тәжірибелі тұлғалар. Олардың деңгейлерін анықтауда арнайы курстар сапалы тесттер құрастыра отырып, белгілейді. Арнайы курстан қазақ тілін үйренуге келген тұлға - қазақ тілінінен белгілі бір дәрежеде тест тапсыру арқылы өз деңгейін анықтай алады. Жоғарыдағы тарауда айтылып өткендей, Қазтест жүйесі бойынша тұлғалардың деңгейін анықтау үшін арнайы қызметкерлер келіп, тест алады. Тест қазақ қазіргі оқытудың айтылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім деңгейілері негізінде құрылған. Құрастырылған тесттер тек қазақша өтіледі. Курстарда көбіне деңгей анықтауда жазылым деңгейі шеткері қалып жатады. Белгілі уақыт белгілену арқылы деңгейлер анықталады.
Әр тіл үйренуші деңгейін анықтап алған соң, деңгей бойынша оқуға жұмылдырады. Мысалы, егер өзге ұлт өкілі қазақ тілімен алғаш танысқалы тұрса, А1 деңгейі арқылы оқытылады. Алайда, А1 деңгейінде әліппеден бастап оқытпайды. Ол жерде бірден сөйлеуге, грамматикалық тапсырманы аз беріп, барынша күнделікті тұрмыста кездесетін жағдаяттар арқылы оқыту кездеседі.
Ғалым Ф. Оразбаеваның айтуы бойынша, түсіну - сөйлесім әрекетінің барлық түрлеріне тән ең басты көрсеткіш. Бір адам екінші адамның айтқанын түсінбесе, ұқпаса, онда пікірлесу мен сөйлесу жүзеге аспайды. Сөйлесім әрекетіне қатысты айту да, оқу да, жазу да, есту де, тілдесу де белгілі бір хабарланған, баяндалған ойды түсінуге негізделеді. Сондықтан аудирование дегенді түсіну емес, тыңдалым деп атайтынын, түсіну процесін осы әрекеттердің бәріне ортақ ұстаным ретінде танитынын айтады[6]. Қазтест жүйесінің оқу құралдарында сөйлесім әрекеті мүмкінлігінше мол кезседі. Төменде А1 деңгейі бойынша ең алғашқы тақырыптан мысал келтіріледі.
Қарапайым мысал: Кіруге болады ма? И, кіруге болады.
Сенің атың кім?- менің атым - Айман.
Отбасыңда неше адам? - Отбасымда алты адам. Осы секілді диалогтар көптен берілген. Бұл қарапайым деңгейдің тапсырмалары. Сонымен қатар қарапайым деңгейде сандарды тыңдалым әдісі арқылы оқытуды бастады. Тл үйренуші сандарды тыңдай отырып, жазады, есте сақтайды. Ғалым Г.Ә.Мұсаева тыңдалым әрекетінің маңыздылығы мынадай көзқарас білдіреді.
Түсініп тыңдау сөйлеу әрекетінің бір түрі ретінде болғанымен де, тіл үйренуде ең маңызды рөл атқарады. Себебі тыңдап, естіп, түсініп, қабылдамаған жағдайда, сөйлеу де, жазу да, оқу да болмайды. Хабарды қабылдамаған жағдайда оған ауызша жауап қайтара алмайды, дыбыстар легін ғана естіп, сөздің мағынасын түсініп қабылдамаған жағдайда жаза да алмайды, тіпті оқу әрекетінде тіл үйренуші іштей оқып отырса да, өзінің ішкі дауысын естіп түсінбесе, дұрыс оқыған нәрсенің мазмұнын түсіне де алмайды. Сондықтан тыңдап түсіну басқа сөйлеу әрекеттерімен тығыз байланысты болғандықтан, әсіресе, коммуникативтік бағыттағы шет тілін үйренуде маңызды рөл атқарады[7]. Ғалымның айтқан пікіріне толықтай қосыламыз. Бір жағынан тыңдалым бөлігін тіл үйренуші кез келген уақытта орын таңдамай тыңдай беруге мүмкіндігі бар. Сол себепті тіл үйренуде тыңдалым әрекетінің маңыздылығы жоғары.
Тыңдалымды меңгертуде Қазақ тілі пәні бойынша әр деңгейде тіл үйренушілердің дайындығына қойылатын талаптарды негізге алу керек [8]:

Деңгей түрлері
Тыңдалым әрекеті бойынша тіл үйренушілердің дайындығына қойылатын талаптар
Қарапайым деңгей
Қысқа мәтіндерді тыңдау арқылы түсіну, таныс сөздер мен қысқа фразаларды ұғу; - Күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды (өзі туралы, отбасы жайында т.б.) түсіну; Таныс тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру.
Негізгі деңгей
Сөйлесу кезінде жеке сөз тіркестерін және өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді түсіну (өзі және отбасы туралы, сатып алған заттары туралы, мекенжайы, жұмыс орны жайлы т.б.); - Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну.
Орта деңгей
Нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай сөйлемдерді түсіну; - Мектепте, жұмыста, демалыста т.б. белгілі тақырыптар бойынша берілген сөйлемдерді түсіну және қолдана алу; - Сөйлеушілер өз ойларын анық және асықпай айтса, толық түсіну
Ортадан жоғары деңгей
Өзіне таныс нақты, анық айтылған мәтіндерді; жұмыста, қоғамдық орындарда ауызекі тілде айтылған ақпаратты; радио, телехабарларда берілетін жаңалықтарды түсіну; - Өзіне және кәсібіне қатысты нақты, анық айтылған хабарды, ақпаратты түсіну.
Жоғары деңгей
Өзіне таныс баяндамалар мен лекцияларды түсіну; - Радиодан және теледидардан берілетін күнделікті өмірде қайталанатын ақпараттарды түсіну және бағалай білу; - Көркем фильмдердің мазмұнын түсіну; - Әртістердің сөзін түсініп, өзіндік пікір білдіру.
Жетік деңгей
Логикалық жағынан дұрыс ұғылмаған, ой нақты берілмеген хабарламаларды өз бетінше түсіну; - Радио және теледидардан берілген хабарларды еркін түсіну; - Әңгіменің не жөнінде екенін білу; - Тыңдаған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға еркін жауап беру; - Мәтінде белгісіз сөздер кездессе де, оның жалпы мазмұны мен мағынасын ұғу.

Жоғарыдағы кестеде берілгендей, тыңдалымға қажетті ақпарат тіл үйренушінің күнделікті өміріне байланысты болу керек екеніне көз жеткіземіз. Қарапайым деңгейден бастап жетік деңгейге дейін: жекелеген дыбыстар, буындар, сөздер, сөз тіркестерін ажыратуға арналған тапсырмалар, қысқа сұхбаттар, өмірден алынған әңгімелер, теле-радио жаңалықтары, бейнежазбалар, ән клиптері, көркем фильмдерден үзінділер, аутентикалық аудиомәтіндер - қазақ тілі сабақтарында орындалатын тапсырмалардың ажырамас бөліктері.
Тыңдалымды меңгерту де, бақылау мен бағалау да арнайы жазылған аудио, видеоқұрылығылар, радио, ғаламтор және электронды оқу құралдарымен жұмыс істеуді қажет етеді. Бұл - өз алдына үлкен тақырып. Жоғарыда аталған техникалық және электрондық құралдармен жұмыс істеу тыңдалым әрекетін меңгертуде тиімділігімен қатар, тіл үйренушілердің қызығушылығы мен ынтасын, белсенділіктерін арттырады. Олармен жұмысты тек тыңдалымды ғана емес, сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін меңгертуде, қазақ тілі сабақтарының барлық кезеңдерінде және барлық аудиторияларда жүргізуге болады. Әрбір оқытушы оны өз тарапынан қажетіне, өз әдістемесіне қарай қолданады.
Тіл үйренушінің басты мақсаты және арманы - сол тілде өз ойын жеткізе алатындай дәрежеде игеру. Осыған байланысты қазіргі кезеңде тілді үйретудің әлемдік тәжірибесінде ең тиімді бағыт ретінде сөйлеу әрекетінің түрлерін өзара сабақтастықта, белгілі бір жүйеде пайдалана отырып, тілді деңгейлер бойынша оқытып, үйретудің әдістемесі алдыңғы қатарға шықты. Бұл әдістеме, ең алдымен оқу материалдарын қарапайымнан күрделіге қарай ұстанымы бойынша орналастыру арқылы тілді үйренудің оңтайлы екендігін, тілдік дағдыларды қалыптастырудың тиімді жолдарын дәлелдеп берді. Тілді тек қана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл үйренудегі қағидалар
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Оқушының шетел тілінде еркін сөйлеу мүмкіндігін арттыру үшін қатысымдық құзыреттілігі мен шетел тілінде сөйлеу біліктілігін жетілдіріп, шетел тіліндегі материалдарды компьютермен оқытудың ұтымды әдістемесін ұсыну
Мағжан Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Тілді жоғары мектепте оқытудың ғылыми негізі
Оқушыларды тәрбиелеуде М.Жұмабаевтың педагогикалық мұрасын (педагогика оқулығы) пайдалану
Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік - ақпараттық біліктілігін қалыптастыру
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Мағжан Жұмабаевтың Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау
М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Пәндер