Сөздердің грамматикалық мағынасын білу
КІРІСПЕ.
Тақырыптың өзектілігі. Мектепте оқылатын пән атаулының бәрі тіл арқылы түсіндіріледі, сондықтан қазақ тілінен теориялық білім берудің нәтижесінде оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, сөйлеу, жазу тілін дамыту іске асырылады. Тіл білімі салаларының ішінде морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыра алмайды.
Курстық жұмыстың тақырыбы:
Зерттеу пәні:
Зерттеу мақсаты: Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіру.
Зерттеу міндеті:
1. Сөздердің грамматикалық мағынасын білу;
2. Сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіре алуы керек;
3. Сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі түсіндіре алуы қажет;
4. Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете түсіне білу;
Зерттеудің жетекші идеясы: Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек.
Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т.б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет.
Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ . МОРФОЛОГИЯ САЛАСЫН ЗЕРТТЕЛУ СИПАТТАРЫ
1.1 Морфологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар.
Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі -- сөздерді белгілі бір сөз таптарына тәндеп бөлу. Сөз таптарының айқындалуына 30-жылдары ерекше үлес қосқан ғалымдар: Ахмет Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов.
40-50- жылдары морфологияның әрбір жеке мәселелері арнайы жүргізілетін күрделі монографиялық ғылыми - зерттеудің объектісіне айналады да, осы зерттеулердің негізінде көптеген көлемді еңбектер жарыққа шығады. I. Кеңесбаев, А. Ысқақов, К. Ахановтардың жыл сайын шығып отырған орта, орталау мектептерге арналған "Қазақ тілі грамматикасы" мен Н. Сауранбаевтың педучилищеге арнаған "Қазақ тілі" (1948) және жоғары оқу орындарына арналған "Қазіргі қазақ тілі" (1954) атты көлемді еңбектерімен қатар, морфологияның жеке сөз таптарын әр жақты баяндауға арналған морфология Балақаевтың "Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері", А. Ысқақовтың "Қазақ тіліндегі үстеулер", Ғ. Мұсабаевтың "Сын есімнің шырайлары", Ә. Хасеновтың "Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер", Р. Әміровтың "Қазақ тіліндегі шылаулар", Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тіліндегі одағайлар" т. б. зерттеулерін айтуға болады.
60-жылдары мұндай еңбектер саны жағынан да, тақырып жағынан да молая түсіп, жеке сөз таптарына байланысты тағы да көптеген жеке зерттеулер: Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер" (1960); Ж. Шакеновтың "Қазақ тіліндегі сын есім категориясы" (1961); Ә. Ибатовтың "Қазақ тіліндегі есімдіктер" (1961); Ә. Төлеуовтың "Қазақ тіліндегі есім категориясы" (1963) атты еңбектері жарық көрді. Бұлардың бәрінде де әр түрлі сөз таптары өзіндік лексико-грамматикалық ерекшеліктері тұрғысынан әр жақты талдауға түседі. Морфология мәселелеріндегі бұрын-соңды жетістіктердің бәрін жинап, оны жүйелі тәртіпке келтіріп, теориялық тұрғыдан ғылыми бір ізге түсіріп баяндаған күрделі еңбек 1967 ж. Қазақ КСР ҒА "Ғылым" баспасынан шыққан "Қазақ тілінің грамматикасы" болды. Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі -- сөз формаларын зерттеу. Сол себептен сөз формалары жайындағы зерттеу сөздердің түрлері жайындағы қандай да болса ережелердің бәрін түгел қамтып, сөздерді морфологиялық категориялардың қандай түріне жатқызу және оларға тән формаларды анықтау сияқты заңдылықтарды да қамтиды.
Сөз формаларының жасалу тәсілдері. Қазақ тілінде сөз формалары, әдетте, лексика-грамматикалық, не лексикалық-семантикалық мағыналарды тудырудың нақтылы тілдік жамылғышы болып келеді. Сөздердің формалары негізінен екі түрлі тәсіл арқылы жасалады: синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсіл. Сөз формаларын жасаудың бұл амалдарын зерттеп анықтау, әрине, қазақ тіл білімінде бірден қалыптасып кете қойған жоқ. Кеңес дәуірінің алғашқы кезінде бұлар тек сөз жасаудың морфологиялық тұрғысынан ғана қаралып келсе, бертін келе, атап айтылмағанмен, синтаксистік тәсілдің де ескеріле бастағаны байқалады.
Қазақ тіліндегі сез жасаудың синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсілдері 50-жылдары практикалық та, теориялық та тұрғыдан әбден қалыптасып орнықты. Сөйтіп кейбір күрделі еңбектерде ол сөз жасаудың тиянақталған негізгі амалдары ретінде ұсыныла бастайды да, жеке ғылыми мақалалық зерттеулер объектісіне көшеді.
Сөздерді түр-тұрпатына, тұлғаларына қарай айыру. Сөз формаларына қатысты негізгі мәселердің бірі -- сөздерді түр-тұрпатына, тұлғаларына қарай айыру. Сөздерді бұлайша айқындау кеңестік дәуірдегі қазақ тіл білімінде алғашқы күндерден бастап-ақ оқыту ісіне арналған грамматикалар мен оқулықтар жүйесінде дараланып көрсетіле бастаған. Ал оның ғылыми талдау жасалып, тілдік зерттеу негізінде теориялық анықтамаға ие болуы 30- жылдардан бастап айқындалған деп айтуға болады. Сөз тұлғасы (немесе сөздің түрлері) жайында еңбектер сан жағынан көп емес. Бұл мәселе жөніндегі арнайы пікірлерді біз Қ. Жұбанов, А. Ысқақов, Ә. Қайдаровтың еңбектерінен кездестіреміз. Аталған ғалымдардың сөз тұлғалары (түрлері) жайындағы пікір жүйелері негізінде бірдей, бірақ сөз тұлғаларын іштей жіктеу және оларды атау жақтарына келгенде, аздап айырмашылық барлығы аңғарылады. Сөздердің жеке-жеке тұлғалары (түбір сөздер мен күрделі сөздер) жайында мынаны айтуға болады.
1. Сөздердің негізгі тұлғасының бірі -- түбір сөздер туралы ойлар кеңестік дәуірдегі барлық оқулықтар мен грамматикаларда кездеседі. Түбір сөз туралы пікір алшақтығы немесе өзгеше сипаттау әдеті кездеспейді. Оның анықтамасы Қ. Жұбановтың "Сөздің түбірі қосымшасыз өзі ғана тұрса, түбір сөздер дейміз" деген ережесінің негізіне құрылған. Бұған қосылған ұғым -- туынды түбір, яғни әр түрлі жұрнақтар арқылы негізгі түбірден өрбіп табылған сөздер жайындағы түсінік.
2. Сөз тұлғаларының ең бір күрделі және соншалық қиын түрі -- күрделі сөздер мәселесі. Күрделі сөздердің жеке тараулары (біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер) жайы Кеңес дәуірінің алғашқы кездерінен бастап-ақ тек оқулықтар емес, сонымен қатар жеке ғылымы мақалалық зерттеулер объектісіне айналды да, 40-50-жылдардан бастап ішінара диссертациялық зерттеу тақырыбына көшті. Бұл зерттеулердің бәрінде де зерттеулер жүйесінің көлемі және мақсатына байланысты кездесетін ерекшеліктер болмаса, жалпы принципті мәселелер туралы пікір алшақтығы байқалмады. Бірақ жалпы алғанда, қазақ тілі білімінің күрделі сөз мәселесі толық шешіліп болған жоқ. Мысалы, осы уақытқа дейін күрделі сөздердің іштей грамматикалық мағынаны тудыратын түрлерінің өзара жігі айқындалып, тұрақты бір межеге тіркелмей келеді. Күрделі сөздердің ішінде біріккен сөздер үнемі лексикалық жаңа мағына тудырып отыратынына дауа жоқ. Бірақ кез келген қосарланған сөз тіркестері үнемі лексикалық жаңа мағына тудыра бермейді.
Мысалы, қора-қора (қой), тау-тау (шәп) дегеннен біз тек грамматикалық көптік мағынаны ғана ұғынамыз. Ал қора-қопсы, тау-тас десек, лексикалық мағына. Осы сияқты қазіргі қазақ тілінде ащы ішек, соқыр ішек, жер май, асықжілік, боз торғай, қос аяқ, ақ кұтан т.б. сияқты күрделі формаларда қолданылатын сөздер мол-ақ. Мұндай сөздер көпке тарап кеткен (бірақ теріс) түсінік бойынша, егер бірігіп жазылса, өз алды бір лексикалық бірлік (единица), демек, жеке сөз (біріккен сез) болып танылады да, егер бөлек жазылатын болса, бір бүтін лексикалық бірлік (единица) емес, демек, бір сөз емес, өз алдына бөлек-бөлек сөздер болып шығады. Оны фразалық тіркестер қатарына, сөз тіркесіне ығыстыра салады.
Сөздерді анықтауда негізгі критерий олардың бірігіп немесе бөлек жазылуында болмаса керек. Ол -- таза орфографиялық мәселе. Қайта ондай тіркестердің лексика-грамматикалық, лексика-семантикапық жақтарына баса көңіл бөліп, қажеттілігіне қарай оларды күрделі сөздер ретінде таныған жөн. Әдетте мұндай сөздер екі түрлі (көбіне атау) сөздердің тіркесіп айтылу негізінде компоненттердің әуелгі мағынасын осалдата барып, жаңа бір конкретті мағынаға ие болу түрінде айтылады. Мысалы, соқырішек, ащыішек, жер май, боз торғай, шуда жіп т. б. деген күрделі сөздердегі соқыр, ащы, жер, боз, шуда сияқты сөздер әуелгі дербес мағынасында жұмсалып тұрған жоқ. Сол сияқты, ондай тіркестегі сөздер әуелде жеке-жеке жалпы есімдер болса, тіркестің қазіргі ұғымындағы түрінде бір ғана жалқы есім сапасына көшкен.
Демек, әуелгі жалпы есімдерден жаңа бір жалқы есім пайда болған. Олардың тіркескен түрде бір ғана сөйлем мүшесі болуы, тіркесін жазбай тұрып әр түрлі сөз қоспай жұмсалуы сияқты толып жатқан қасиеттері тағы бар. Мұндай қасиеттер бұл сияқты тіркестерді қалайда күрделі сөздер дәрежесінде тануға итермелейді. Есімдіктердің мағыналары тым жалпы болғанымен, ол мағыналар түптеп келгенде зат және заттық белгі деген ұғымдармен ұштасып, жалпы зат не заттық белгі деген ұғымдарды білдіріп, сол ұғымдардың жалпы түрдегі атауы болып келеді. Сондықтан да олардың осы заттық және заттық белгісі деген ұғымдарды жалпылама болса да, бойына деген қасиетіне байланысты, есімдіктер атауыш сөздер қатарына жатқызылады. Есімдіктер түгел алғанда жалпы атауыш сөздер болып саналады да, ол атаулық қасиет ішінара күрделі екі жікке бөлінеді. Мысалға мен, сен жіктеу есімдіктерін бұл, сол сілтеу есімдіктерін алайық. Егер осы есімдіктердің негізгі атаулық мағыналарын таптастырып қарайтын болсақ, заттық ұғымдағы сөздер және заттың белгісі ұғымындағы сөздер болып іштей күрделі екі жікке бөлінетіндігін көреміз.
Сонда мен, сен, кім?, не? Есімдіктері заттық ұғымдағы сөздер - заттық атаулар болады да, бұл, сол, қай? Есімдіктері заттың белгісі ұғымындағы сөздер - белгі атаулары болып шығады. Міне, осы негізгі мағыналық жіктер өз тарапынан сөздерді, біріншіден, заттық ұғымдағы сөздер - субстантивтік есімдіктер, екіншіден, заттық белгісі ұғымындағы сөздер - атрибутивтік есімдіктер деген екі салаға бөледі.
Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленетін сөздердің тобына қосылады. Осы негізгі екі жік есімдіктердің түрлену жүйесінде де негізгі жетекші рөл атқарады. Мысалы, субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай, зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданыла беретін болса, атрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында қолданылып тұрғанда, түрлену формаларының ешқайсысын да қабылдамайды.
1.2 Қазақ тілі морфологиясының зерттеу аясы туралы.
Қазақ тілінде морфология атауы мен зерттеу нысандары түрліше аталып және анықталып келді. Сол басы даулы басталған мәселенің әлі күнге дейін шешімі толық табылды деп айта алмаймыз. Өткенге көз жіберсек, қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым А. Байтұрсынов еңбегінде морфология деген термин қолданылмайды, морфологияның зерттейтін объектілерін сөз тұлғасы, сөз мағанасы деп береді.
Яғни, ғалым нақты атап көрсетпесе де, этимология деп қабылдағанды дұрыс көреді. Себебі, оған дейінгі ғалымның негізге алған еңбектерінде кейде фонетика саласы грамматиканың бір бөлігі ретінде енгізілсе, морфология этимология деп аталып, оған синтаксистің кейбір элементтері де кіреді. ХІХ ғасырдың аяқ кезіне дейін этимологияны грамматиканың бір тарауы, оның нысаны - фонетика мен морфологияның негізгі ережелерін зерттеу деген түсінік қалыптасқаны белгілі.
Профессор Қ. Жұбанов морфологияны сөз құрылысы деп алып, сөз-сөздің қалай құралатынын жалпы түрде қарайтын ғылымды жалпы морфология дейміз деп анықтама берсе, С. Аманжолов морфологияның қарайтын объектісі - сөздің құрылысы, құрамы, өзгерісі деп, оның себебі - әр тілде жаңа сөз тудыру жолы әр түрлі деген уәж айтады. К. Аханов сөздердің морфологиялық құрылымы мен типтері, морфема мен оның түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формалары мен сөздердің лексика-грамматикалық топтары туралы ілім деген анықтама береді.
1967 жылғы Қазақ тілінің грамматикасы (І бөлімінде) және Қазіргі қазақ тілі оқулығындағы А. Ысқақовтың сөз және оның формалары туралы ілім деген анықтамасы қазіргі таңда негізгі бағдар ретінде қолданыста. Бұл оқулықтың морфологиялық зерттеулердің көш басында тұратын еңбек екендігінде күмән жоқ. Онда сөз және оның морфологиялық құрылымынан бастап, сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары, сөз формалары мен олардың жасалу тәсілдері, сөз таптары мен олардың жасалу тәсілдеріне қатысты мәселелер ғылыми тұжырымдар арқылы нақты көрсетілген.
Н. Оралбай тілдің морфологиялық құрылысын зерттейтін, яғни сөздің грамматикалық түрлену сипатын зерттейтін ғылым Т. Сайрамбаев Морфология - әрбір тілдегі сөз таптары туралы ғылым, ол тілдегі бүкіл сөздердің мағыналық жиынтығы, ол он сөз табына қатысты сөздердің ішкі құрамын зерттейді, Б. Қасым морфема ретіндегі сөз және сөздің формалары, сөз тұлғаларын білдіретін грамматикалық мағыналар туралы ілімдеген анықтама береді. А. Салқынбай Сөз құрамы терімсөзін (термин - автор) морфологияның баламасы ретінде қабылдап, оған ерекше терімдік мағына береміз. Сөз құрамы - сөз таптарын біріктіретін, олардың грамматикалық тұлғалары мен категорияларын, сөздің тұлғалануын зерттейтін грамматиканың бір саласы деп жаңа балама ұсынады.
Морфология грек тіліндегі morphe - форма және logoz - ілім деген мағынаны білдіреді. Яғни, сөз формасы, тілдің морфологиялық құрылысын зерттейтін ғылым. Тілші-ғалымдардың анықтамалары бойынша, тіл білімінің морфология саласы сөздерді жеке алып қарастырмай, оларды жалпы алып, сөз топтарына топтастырып, әр сөз табының өзіне тән грамматикалық ерекшеліктерін қарастыратын ғылым. Жеке дара тұрғандағы сөздің лексикалық мағынасы болғанымен, басқа сөздермен байланысқа түсуі үшін грамматикалық мағынаны қажет ететіні белгілі.
Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да сөздердің байланысуынан анық аңғарылады. Екеуінің де обьектісі - сөз. Морфология осы сөздердің формасын, яғни, сөздің негізгі түбірін, сөздің түрлі қосымшалар қосылғандағы түрлерін, сөз тіркестерін тексеретін ғылым. Сонымен қатар, тілдегі сөздердің атқаратын қызметтеріне қарай топтарға бөлу, әр сөз табына тән категорияларды анықтау міндетін де қоса атқарады. Десек те, соңғы кезде морфологияның зерттеу аясы тарылып барады. Морфологияның зерттеу нысаны болып табылатын қосымшаларды сөзжасамға бөліп, ал жалғауларды синтаксистің үлесіне тиесілі деген пікірлер бой көтеріп келеді. Осы мәселеге қатысты профессор-ғалымдар да өз күмән-күдіктерін де жариялаған болатын.
Профессор Б. Момынова Соңғы жылдардағы ғылымның дамуына сай сөзжасам сала ретінде жеке бөлініп шықты. Жеке сала болып таныла бастаған сөзжасамның аналитикалық, синтетикалық және лексика-семантикалық тәсілдері осыған дейін жекелеген сөз таптарының грамматикалық сипатын тудырушы амалдар ретінде, мысалы, қосымшалар арқылы туындауы (синтетикалық) және сөздердің қосарлануы, бірігуі, тіркесуі (аналитикалық) жеке сөз таптарының аясында қарастырылды. Яғни есім сөздерден етістік тудыратын қосымшалар немесе етістіктен зат есім, сан есім, т.б. жасайтын жұрнақтар, есім сөздерден зат есім, сын есім, үстеу тудыратын жұрнақтар, т.б. сөз таптарына байланысты ескерілді.
Сонымен бірге сөз мағынасының кеңеюі, тарылуы, ескі мағынасының мүлдем жойылып жаңа мән иеленуі, трансформациялану нәтижелері лексика деңгейінде тіліміздің сөздік қорының лексикалық деңгейде баюы деп танылды, әлі де солай деп саналғанмен, осыған дейінгі морфологияға байланысты принципті түрдегі ұстанымдар (сөз тудырушы жұрнақтарға, сөз таптарының жасалу жолдарына, т.б. қатысты) айқындығын жоғалтқандай әсер тудыра бастады деп сөздерді сөз топтарына бөлудегі үш принциптің бірі - морфологиялық принциптің бағдары өзгеріп бара жатқандығын айтса, профессор Т. Сайрамбаев Морфология: кеше, бүгін атты мақаласында: Жұрнақ түбір күйіндегі сөз таптарының аясын кеңейтуші, жаңартушы, олардың санын көбейтуші қасиетімен ерекшеленеді. Жұрнақтардың осындай қасиеті бола отырып, сөзжасам пәнінің дүниеге келуі морфология саласына үлкен қиындық тудыруда. Солай болатын болса:
морфология саласының аясы тарылады;
морфология қосымшалардан тек жалғаулармен ғана шектеледі;
зат есімнен зат есім, басқа сөз табынан зат есім тудыру мәселесі ескерусіз қалды.
басқа сөз таптары да осылай;
бір сөзде, мысалы білімсізге - сөзіндегі қабаттасып келген жұрнақтар бұл сөзден алынып, сол сөздің түбіріне тек жалғау жалғасақ қандай күйге түспек?
жұрнақсыз әр сөз табына қатысты сөздер не болмақ ?
жұрнақсыз әр сөз табының не болатынын ойлау керек. Сонда қозылы қойдан қозысын ажыратқан кезде екеуінің маңырағанындай, әр сөз табы өзінің аясын көбейтуші жұрнақтардан мүлдем қол үзбей ме?
Ал осыдан сөзжасамнан не ұттық? деген мәселені ашық қойып, қосымшасынан айырылған морфология саласының келешегіне жанашырлық танытады. Ғалымдар бұл мәселені орынды көтеріп отыр. Қазіргі таңда күмәнді мәселенің басы ашылмаса, морфологияның келешегі де, зерттеу нысандары да бұлыңғыр болып, ертеңгі ұрпақ алдында көптеген сұрақтарға жауап таба алмауымыз мүмкін.
Кезінде Ы.Е. Мамановтың: Қазақ тілінің, басқа түркі тілдері сияқты, сөздерінің морфологиялық құрылысын тануда ең басты роль атқаратын оның алуан түрлі аффикстері болып саналады деген пікірі қазір де негізге алынғанымен, одан бергі жылдарда сөздердің морфологиялық құрылымы, олардың сөз тудыру, форма тудыру тәсілдері мен жүйелері өздерінің даму процесін бастан кешірді.
Қазақ тілінде жазылған грамматикаларда, атап айтсақ, 1967 жылы жарық көрген академиялық "Қазақ тілі грамматикасында" сөз тудыратын, сөз түрлендіретін, сөз жалғастыратын қосымшалар деп берілсе, А. Ысқақов, Т. Аханов, А. Қалыбаева (жұрнақ, жұрнақша, жалғау) т.б. ғалымдар еңбектерінде, сол сияқты қазақ тілі морфологиясы бойынша жазылған еңбектерде қосымшалар сөз тудырушы, форма тудырушы, сөз байланыстырушы болып үш топқа бөлінеді. Ы. Маманов, С. Исаев сөз тудырушы және форма тудырушы (жалғаулар, жұрнақтар) деп екіге жіктейді. Н. Оралбай грамматикалық мағыналы қосымшалар (жалғауларды, грамматикалық жұрнақтарды жатқызады) мен сөзжасамдық қосымшалар (сөзжасамдық жұрнақтарды жатқызады), деп жіктесе, А. Салқынбай қосымшаларды негізгі мазмұны мен ішкі мағынасына қарай сөз тудырушы және тұлға тудырушы деп бөледі де, сөз тудырушы тұлғалар атау жасау қасиетіне ие болғандықтан, сөзжасамдық мағына бар болғандықтан, сөзжасам саласының зерттеу нысаны ретінде морфологияда қарастырылмайды деп есептейді. Тұлға тудырушы қосымшаларды қызметі мен ішкі грамматикалық ерекшеліктеріне байланысты былай жіктейді:
Лексика-грамматикалық тұлға тудырушы қосымшалар (сын есімнің шырай жұрнақтары, рең мәнді жұрнақтар, сан есім жұрнақтары, салт-сабақты етістік, етіс, болымды-болымсыз етістік категориялары);
Грамматикалық тұлға тудырушы қосымшалар: рай, шақ, жақ тұлғалары; зат есімнің жалғаулары (септік, көптік, тәуелдік), жіктік жалғауы;
Қызметтік мән туғызушы қосымшалар: қимыл есім, есімше, көсемше;
Қос қызметтегі (қос функциялы - Е. Шаяхметов) тұлға тудырушы қосымшалар. Демек, ғалымның пікірінше, жоғарыдағы тұлға тудырушы қосымшалар морфологияның үлесіне тиеді де, сөзжасам негіз сөздің мағынасы арқылы жаңа туынды атаудың жасалу жолдары мен тәсілдерін анықтайды. Морфологияда негіз сөз сөздің түбірі делініп зерттелсе, сөзжасамда сөзжасамдық тұлға ретінде айқындалады. Яғни, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық тізбек бойынша қарастырылады, оның өзіндік ұғымдары, бірліктері бар сала. Негізгі зерттеу нысаны - туынды сөз. Ал туынды сөз морфологияның зерттеу нысанына айналған қосымшалар арқылы да жасалады.
Бұл мәселе сөздердің грамматикалық категорияларына қатысты. Мысалы, сан есім, есімдік, үстеу т.б. сөз таптарының грамматикалық категориясы болмауы мүмкін, себебі, бұл сөз таптары белгілі парадигмалық жүйеге бағынбайтын, грамматикалық, тұлғалық түрлері жоқ сөздер. Ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары - зат есім, сын есімнің сапалық түрі, етістік. Таратып айтар болсақ, зат есімнің сан-мөлшер (көптік) категориясы, сапалық сын есімнің шырай категориясы, етістіктің салттылық-сабақтылық категориясы, етіс, рай, шақ, жақ категориясы. Байқап отырғанымыздай, грамматикалық категориялардың түрлену жүйесі біркелкі емес. Олардың морфологиялық көрсеткіші болып табылатын грамматикалық тұлғалары бірде таза грамматикалық мағына үстеп тұрса, бірде лексика-семантикалық сипатқа ие болып тұр. Тіл білімінің қазіргі грамматика саласына негізін беріп, ғылыми даму бағытын жасап берген ғалымдардың көшбасшысы ретінде А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбановты атаймыз. Осы ғалымдардан кейін басқа зерттеушілердің тізбегі сатыланып, жалғаса береді.
Қазақ грамматикасының бастауы - 1914 жылы Тіл құралы атауымен жазылған А.Байтұрсынов еңбегі. Бұл қазақ тілі морфологиясы туралы шыққан алғашқы зерттеу болып табылады. Қазір ғалымның бірнеше зерттеулік еңбегі жинақталып Тіл тағылымы деген үлкен басылымдық кітапта беріледі. Қ.Жұбановтың алғашқы еңбегі - 1936 жылғы Қазақ тілінің грамматикасы.Осы екі ғалымнан кейін ғана С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев, А.Ысқақов, К.Аханов, Ы.Маманов, С.Исаев, Н.Оралбай, Т.Сайрамбаев, А.Қалыбаева, Қ.Шаяхметов, Б.Момынова, Б.Қасым, т.б. ғалымдарды тіл білімінің грамматика саласына қатысты зерттеушілер қатарына қоса беруге болады.
1930-1940 жыл аралығында жүргізілген морфологиялық зерттеулер.
1930-1940 жылдарда сөз таптары, оларға қатысты категориялық белгілер сипаты туралы жеке еңбектер жарық көрді. Негізінде ұлттық тіл білімі қалыптасуында қазір қарастырылып жүрген сөзжасам мәселесі жеке сала ретінде осы кезеңде қарастырылды да, кейін 30-жылдары сөзжасам жеке сөз табына байланыстырылып, морфология ішінде қаралатын болды.
1930 жылдардан бастап морфологияның жеке мәселелеріне арналған шағын көлемді мақалалар мерзімді баспасөз беттерінде, Төте оқу, Ауыл мұғалімі (кейін Халық мұғалімі) ғылыми-педагогикалық журналдарында басыла бастады. Онда сөз таптарына, қосымшаларға арналған отызға тарта мақала Қ.Жұбанов, X.Басымов, Ш.Сарыбаев, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, С.Аманжоловтар тарапынан жазылған. Н.Сауранбаевтың Сөз таптары атты мақаласында тілдердегі сөздерді тапқа бөлуде ғылымда қалыптасқан үш түрлі қағиданы атап, семантикалық, синтаксистік, морфологиялық белгілер деп көрсетіп, сөздерді тапқа бөлуде сөздердің мағынасына ерекше мән берілу керектігін қорытып жазған.
1930 жылдардың соңында морфологияға байланысты еңбектің бірі - С.Аманжолов жазған, орта мектепке арналған Қазақ тілінің грамматикасы оқулығы. Кезінде бұл оқулық сынға алынған. Өйткені еңбектегі пікірлер теориялық жағынан А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов еңбектерімен салыстырғанда, нақты болмаған. Еңбекте сөздер тұлғасына, тобына қарай жіктеп көрсетіледі.
30 жылдары морфология саласы тек оқулық көлемінде ғана емес, ғылыми мақалалар арқылы тереңірек зерттеуге түскен. Педагогикалық журналдар мен Ұлт мәдениеті институтының ғылыми жинақтарында X.Басымов, С.Аманжолов қазақ тілі қосымшасы туралы мақалалар, С.Жиенбаев сөздерді тапқа бөлуге қатысты қағидаларды нақтылау туралы еңбектері жарияланған. Осылайша тәжірибелік те, теориялық та мәселелер көтеріле бастады.
Қазақ тіл білімінің морфология саласы кейін де қарастырылған. 1940-жылдары қазақ тіл білімінің салаларын арнайы зерттеу, кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғау басым болды. Тіл ғылымының басқа салаларынан гөрі морфологияға қатысты мәселелер кең зерттелді.
40-жылдар ішінде ғана морфологиядан етістіктің есімше, көсемше, етіс шақ, көмекші етістік, сын есім шырайлары мен үстеу арнайы зерттелді.
Осы жылдар ішіндегі морфологияға қатысты еңбектердің бірі - Н.Сауранбаев пен Ғ.Бегалиевтың Қазақ тілінің грамматикасы. Осы еңбектің морфология саласы Сөз атауымен берген. Морфема ұғымы (атауы) қазақ тілі білімінде осы оқулықта алғаш рет қолданылады, зерттеушілер бұл терминді қосымшаға ғана қатысты берген.
60-70 жылдардағы морфологиялық зерттеулер - Ш.Сарыбаев Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер, Ж.Шакенов: Қазақ тіліндегі сын есім категориясы, А.Ибатов Қазақ тіліндегі есімдіктер, Ә.Төлеуов Қазақ тіліндегі есім категориясы, А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі, ҚРҒА Қазақ тілінің грамматикасы.
70-90 жылдардағы морфологиялық зерттеулер: А.Қалыбаева-Хасенова Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты, Ә.Төлеуов Сөз таптары, А.Ибатов Қазақ тілінің туынды сөздері сөздігі, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі және басқасы. 1990-2000 жылдардағы морфологиялық зерттеулер: Ж.Шәкенов Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар, С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты, Б.Қасым, А.Салқынбай, Б.Момынова және басқа көп ғалым еңбек жазды.
1.3. Оқушыларға морфология тарауын оқытуда таным-шығармашылық белсенділігін арттыру.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Білім негізі мектеп қабырғасынан басталатыны белгілі. Мектеп оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым: Мектеп оқушыларының танымдық үрдістерін дамыту жолдарын айқындап көрсету.
Оқытушылар әр сабақы қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасп ізденуге тура келеді.
Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мағлұматтарды қарапайым беруге негізделген жеткілікті дәрежеде айқын қалыптасқан білім беру моделінің тоқырауын айқын көрсетіп береді. Жеке тұлғаға деген талаптың күшейе түсуі қазір дүние жүзінде білім беру саласында жобалы өзгерістер жасау тенденциясының үдей түсуіне себеп болып отыр:- білім берудің статистикалық моделінен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің көп сырлы құрылымын қалыптастыруға көшу;
- оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекеттер құралын белсенді меңгеруге бағыттау;
- оқыту процесін жеке тұлғаның мүддесі мен қажеттілігіне бейімдеп болашақта өзгермелі қазіргі замандағы қоғамға толық мүмкіндігінше өзін-өзі жүзеге асыру.
Бала белсенділігі туралы XVI - XVIII ғасырдағы негізделген алғашқы әрекеттер (Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо) және бұл ұстанымдарды А. Дистервегтің, К.Д. Ушинскийдің және XIX ғасырдың басқа да прогрессивті ұстаздардың қолдауы физиологиялық және психологиялық деңгейде адам белсенділігінің мәнін методологиялық бағалаушылық пен расталады (И.В. Сеченов, В.М. Бехтерев, И.П. Павлов, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А. Леонтьев).
Осы зерттеулердің нәтижесінде тұлғаның белсенділігі оның табиғи жаратылысы жағдайы, сонымен бірге, тұлға іс-әрекет барысында қалыптасатындығы, іс-әрекет қандай болса, тұлға да сондай болады деген қорытындылар жасалынады. Демек, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оқу белсенділігінің мәні ерекше.
Шынымен-ақ, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру арқылы өздігінен білім алуды қажетсіну қазіргі таңда шешуін күтетін өзекті мәселелердің бірі екені айқын. Адамның белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімінің басты міндеті
Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды. Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау белсенділігі.
Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қатынас жасауға еліктеу рөлді ойындарды атқару барысында байқалады. Көбінесе балардың ойындарда адамдардың іс-әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Ойын барысында балалардың құрдастарымен де өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп, орындауға, өз қылықтарын ережеге бағындыруға, керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді. Әр түрлі ойын баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп жасындағы балаларда айқын көріне бастайды.
Ата-аналармен, мұғалімдермен, құрдастары және достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауында әр алуан ерекшеліктер болады. V - VI сынып оқушылары қарым-қатынас жасау үшін ең алдымен өзіне дос және жолдас болатын құрбы-құрдастарын іздестіреді.Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (мархабаттық, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі (5-6 жас) балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр нәрсеге үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады.
Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.
Жеке адамның санасының қалыптасу барысында өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі ерекше орын алады. Бала даму барысында өзін-өзі жетілдіру мақсатын көздей талаптанып әр түрлі әрекет жасайды.
Оқушылардың өзі-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу тәрбие жұмысының барысында сана сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету - мұғалімнің басты міндеті.
Кеңес педагогикасында адамның қоғамдық-саяси белсенділігі күрделі моральдық-еріктік сана ретінде қаралады.
Онда қоғамдық жұмысқа деген ынтасы, тапсырманы орындаудағы жауапкершілігі, орындаушылығы мен инициативтілігі, өзіне және жолдастарына талап қойғыштығы, қоғамдық тапсырмаларды орындаған кезде басқаларға көмектесуге әзір тұруы, ұйымдастырушылық іскерлігінің болуы осылардың барлығы бірінен-бірі ажырамастай ұштасып жатады.
Осы көрсеткіштердің әрқайсысы оқушының қоғамдық іс-әрекетке қатынасын және оның белсенділік дәрежесін сипаттайды. Кейбір жеке оқушыларда бұл көрсеткіштердің көрінуі түрліше болуы мүмкін және жас ерекшеліктеріне, сондай-ақ мектеп оқушыларының жеке бас тәжірибелеріне және белсенділік дәрежесіне байланысты. Коллективте қоғамдық жұмысқа деген ынтасы тұрақты дамыған оқушыны әрқашан да кездестіруге болады, олар мұғалімнің айтуынсыз-ақ оған кірісіп кете береді, өйткені олай істемей тұра алмайды. Бірақ мұғалім алдында, жолдастары алдында өздерін мадақтау мақсатында тек өздері үшін ең қызықты нәрселерді ғана жасайтындар да аз кездеспейді.
Тапсырманы орындау үстінде бір оқушы өзі жауапты бола тұрып, тапсырма орындауға басқаларды да мәжбүр етуі мүмкін, екіншісі өзі ұқыпты орындайды, бірақ жолдастары туралы ойламайды, ал үшіншісі өзгелерді бар ынтасымен құмарландырады, бірақ өзі еш нәрсе істемейді. Бұл қоғамдық белсенділіктің түрлі компононттердің дамуындағы теңсіздіктерді тәрбиелеудің нақтылы процесінде ескеріп отыру, сөйтіп, осы арқылы кейбір оқушыда нашар, немесе мүлдем дамымаған жақтарына ықпал жасау керек.
Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ең маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс адам пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және өзін белсенді (активті) түрде өзгерте алады деп жазған болатын.
Бұл тұжырым тәрбие процесін ұйымдастырудың маңызды жолын ашады. Демократиялық педагогиканың классиктері де (И.Г. Песталоцци, Я.А. Коменский, Ы.Алтынсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген.
Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Дьюидің жетекші қағидасының айтуы бойынша оқыту процесінің белсенді қатысушысы болатын оқушы мінездемесін анықтайды. Дьюи бойынша оқушы егер өзімен өзінің айналасындағы кернеуді табыстыра алса, белсенді болады (S.M. Fishman, L. McCarty, 1998). Бұған қалай жетуге болады? Бұл айналаны белгілі бір мақсатпен зерттейміз және оның барысында алдағы ізденістерге қажет болатын жаңа жетістіктерге жету жолдарына үйренгенімізде орын алады деп есептейді ол.
Оқушыға оқырманның қызығушылығын арттыратын дұрыс проблемаларды; сонымен қатар оқу бағдарламасына енген материалды оқу барысында меңгерілетін және нәтижелерге әкелетін проблемаларды оқуға беру біздің қолымыздағы нәрсе. Онда Дьюидің айтуына сай, оқыту мектептен тыс білім сияқты эмоционалдық күшке ие болады (S.M. Fishman, L. McCarty, 1998).
С. Фишман айтуынша кластағы мүдде мен жігер механизмін Дьюи келесі тұрғыда көрсетіледі: 1. Не үшін? Балалар не үшінсіз мектепте үйреніп жатқаны мен өзінің болашағының арасындағы ұзақтықты құрастыра алмайды. 2. Неменеге? Оқушылар оларды мақсатқа жету үшін не көмектесетінін анықтау керек. Егер сен біреудің сенімін өзгерткің келсе, онда сен көрсетілген ақпараттар нақты неге назарын аударуды ұсынатындығыңды көрсету керек. Пән мен материал мақсатқа жетудің қажеттілігі мен мағынасы болуы керек. 3. Не арқылы?
Бұл оқушыларды кластағы таныс емес элементтерді тануы үшін қолданатын бұрынғы тәжірибесі.
Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады (материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктер). Жануарлардан айырмашылығы адамның қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қоғамдық қажеттіліктермен реттелінеді. Адамның белсендігі (немесе оның әрекеті) оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz