Байқоңыр космодромының биосфераға әсері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
БАЙҚОҢЫР КОСМОДРОМЫНЫҢ БИОСФЕРАҒА ӘСЕРІ 4
ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ ПОЛИГОНДАРЫНЫҢ БИОСФЕРАҒА ӘСЕРІ 8
БАЛҚАШТАҒЫ БОЛАШАҚ АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ? 11
ҚОРЫТЫНДЫ 14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 15

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
БАЙҚОҢЫР КОСМОДРОМЫНЫҢ БИОСФЕРАҒА ӘСЕРІ 4
ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ ПОЛИГОНДАРЫНЫҢ БИОСФЕРАҒА ӘСЕРІ 8
БАЛҚАШТАҒЫ БОЛАШАҚ АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ? 11
ҚОРЫТЫНДЫ 14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 15

КІРІСПЕ

Еліміздегі әскери полигондар экологияға айрықша әсер етеді. Зымырандар
ұшырылғаннан кейін адамдардың көңіл-күйі тым нашарлап кететінін халық
жақсы біледі.
Атом электро станциясы қауіпсіз немесе ол экологиялық дағдарыстан алып
шығады деген көңілге сыймайтын бос сөз. Бұл тұста әскери кешендер мен
атомдық министрліктердің мүддесін көздейтін топтардың жеке көзқарасы.
Көпшілікке атом мифтік ұғым. Сонда да оның зиянын айқын түсінеді.
Биосферадағы барлық жүйелер биологиялық тепе-теңдікте болады да,
биохимиялық айналым жасайды. Биогеохимиялық айналым дегеніміз – тірі
заттардың биосферада ауысу, өзгеру процестерінің циклді түрде, бір
заңдылықпен алмасуы. Биосферада биогеохимиялық алмасуында экологиялық
тепе-теңдік пайда болып, ол дамып отырады. Адамның іс-әрекетінен айналаны
қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. Заттардың химиялық
құрамы өзгереді, жерден алынатын қазба байлықтардың қоры азаяды.
Атмосферадағы көміртектің көбеюі, оттектің азаюы жер бетінің климатына
әсерін тигізіп отыр. Озон қабаты жұқарып, тесіліп, космостан келетін
қауіпті ультракүлгін сәулелерді ұстауға қабілеті жетпей қалды.

БАЙҚОҢЫР КОСМОДРОМЫНЫҢ БИОСФЕРАҒА ӘСЕРІ

Байқоңыр космодромы қазақ қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі
инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-сонды
жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын,
зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу
үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр
космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. Ол тек
космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына
жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару – жарақтардың жаңа түрлерін сынау
мақсатын да көздейді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми – техникалық
орталық болып есептеледі.
Космодром 1957 жылы Байқоңыр қаласында салынған. Бұл қалада қазіргі
кезде 60 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран
ұшыратын қоңдырғылар бар.
Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда
облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы
келеді. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен
көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Ориан-тоғай бұл
аймақта өспейді.
Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шарлы шақырым. Ол солтүстікке қарай
75 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып жатыр.
Байқоңыр космодромының айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететіндігі
кейінгі кезде ғана байқала бастады. Соңғы кезде космодром орналасқан жердің
ауа райын, табиғи биологиялық ресурстарын жан-жақты зерттегенде, космодром
айналаны қоршаған ортаға айрықша әсер ететіні байқалды. Ол туралы қолымызда
бірнеше деректер бар. Мысалы, Қарағанды облысының экологиясын зерттейтін
ғалым-экологтардың жүргізген жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, космос
корабльдері, космос зымырандары космос кеңістігіне ұшып кеткеннен кейін,
жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел тұрып, қара боран соғатыны байқалады.
Қандай болмасын, ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос
кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі
өзгерістер енгізетіні кейінгі кезде айқындала түсті. Ол өзгерістерді
арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Ол өзгерістер
төмендегідей:
1. Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар
табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режімін төтенше түрде
бұзып жіберетіні белгілі болды.
2. Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын отындары
улы (радиоактивті) қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны
қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады.
3. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар
дүниесіне айрықша әсер ететін арнаулы түрде жүргізілген ғылыми-
зерттеу жұмыстары толығымен дәлелдеді. Биосферадағы тірі ағзалардың
тіршілік ететін табиғи ортасы кенет бұзылып, өзгерістер, олардың
ішінде өте қауіпті мутациялық өзгеріс туатыны байқалады.
4. Жер бетінде зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп, оны
ластайды. Олжнр не егін егуге, не мал жаюға жарамай қалады.
Зымырандарға жағылатын отын улы (радиоактивті) және усыз қосылыстардан
тұрады.
а) Усыз отынның негізгі компоненті – сұйық күйіндегі оттек пен Т-1
маркалы кәресін, сонымен бірге сұйық оттек және сұйық күйіндегі сутек
болады.
ә) Өте улы зымыран отынның құрамында – улы тотықтандырғыш типіне
жататын "самин" және "меланж" болады. Сонымен қатар, симметриялы емес
радиоактивті – диметил гидразин бар.
Қазақстан Республикасының экономикасына айрықша үлес қосады деп кейбір
орыс зерттеушілері даурығады. Мұның бәрі, шын мәнісінде, бос сөз екенін
өмірдін өзі көрсетіп келеді.
Сынақтан өткізілген зымырандардың бәрі әуедегі озон қабатын бұзып
жібереді. Өйткені зымырандардың отының қалдықтары озон қабатына айрықша
әсер ететіні кейінгі кезде байқала бастады. Зымырандар пайдаланған
отындарының өте улы қосылыс – көміртектің радиоактивті элементтердің қос
тотығы көп мөлшерде бөлініп шығады. Бір ғана РН - "Протон" зымыранын космос
кеңістігіне ұшырғанда, ауаға 200 тонна радиоактивті көміртектін қос тотығы,
ал РН "Союз" зымыраның ұшырғанда, атмосфералық ауаға 133 тонна көміртектің
қос тотығы келіп қосылып отырады.
Қазақстанның атмосфералық ауасына бөлініп шыққан көміртектің қос
тотығының көлемі 0,001 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш өте көп сан, өйткені
ауадағы көміртектің қос тотығының мөлшері 0,003 пайыз. Атмосфералық ауаға
бөлініп шығатын өте улы қосылыстардың бірі – радиоактивті көміртек тотығы
(СО), оны иіс тигізетін газ ретінде қазақ елі жақсы біледі.
Ал стратосфера қабатына өзгеріс өзгеріс жасайтын тек қана космос
кеңістігіне ұшырылған зымырандар. Олар стратосферадағы су молекулаларына
әсер етеді. Сондықтан да озон қабаты тез бұзылып, жер бетіндегі тіршіліктің
жойылуына себепші болады.
Озон қабатын тез арада бұзып жіберетін улы қосылыстардың бірі – хлор.
Оның бір молекуласы, озонның жүз мың молекуласын жойып жібереді. Хлор
зымыран отындарының басты компоненттерінің бірі. Радиоактивті улы
қосылыстар неше түрлі метаболиттер туғызуы мүмкін. Ол метаболиттер жинала-
жинала келе улылығын күшейте түсетін жағдайлары да байқалады. Бұл
радиоактивті метаболиттер биосферадағы барлық тіршілік иелеріне үлкен қауіп
төндіреді. Улы қосылыстардың ішіндегі ең қауіптісі – гептил және оның
туындылары болып есептеледі.
Зымырандарды ұшыру әсерінен Қызылорда облысының жерлерінде Арал
теңізінің тартылуымен байланыстырудың қажеті аз.
Арал теңізінің бұрынғы түбінде қалың қабат-қабат болып жатқан
тұздар су тартылғаннан кейін күн көзінің жылуымен құрғап, желмен бірге
аспанға көтеріліп, Арал теңізінің жақын жеріне орналасқан Байқоңыр
космодромына әсері. Теңіз түбіндегі тұздар аспанға көтеріліп, желмен бірге
және алыс аймақтарға таралып жатқаның ғалымдар жақсы біледі. Осының
салдарынан Қызылорда облысының ауа райы және климаты үлкен өзгеріске ұшырап
отырғаны жасырын жағдай емес. Бұл үрдіске қарсы тұратын құдіретті күш жоқ.
Адамзат баласының қолынан келмей отыр. Дегенмен, кейінгі кезде Байқоңыр
космодромы жағын жан-жақты зерттеу – келешек жас ғалымдардың міндеті деп
білеміз. Байқоңыр космодромының экологиясын қатаң бақылауға алған
мекемелердің бірі – Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстары мен табиғат
қорғау министрлігі. 1996 жылдан бастап зымырандардың улы қалдықтары азайып,
тек азғантай жерлерге түсетін болды.
Байқоңыр космодромының болашағы жөнінде бір-екі ауыз сөз.
Байқоңыр космодромы айналаны қоршаған ортаға зиян келтірумен қатар адамзат
баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.
Ал егер Байқоңыр космодромына жауып тастаған күнде Қазақстан
Республикасы көптеген қолайсыз жағдайларға ұшырайтыны сөзсіз. Біріншіден,
жергілікті халық жұмыссыз қалдаы. Екіншіден, Қазақстан Республикасы халықты
әлеуметтік қорғаудан айырылып қалады. Қазақстан Республикасы көптеген
мүмкіншіліктерден айрылып қалатыны байқалып отыр. Экономикалық және
әлеуметтік даму болмауы да мүмкін. Байқоңыр космодромы жер жүзіне белгілі
болғандықтан көптеген көмектер әр түрлі мемлекеттерден келіп тұрады.
Космодорда экологиялық өзгерістердің болмауын Қазақстан Республикасының
Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау министрлігі бақылау жасап отырады.
Байқоңыр космодромы болуына байланысты Қазақстан
Республикасының беделі күннен күнге арта түсуде. Байқоңыр космодромында
келешек ұшқыш-космонавтар іріктеліп алынады. Оның ішінде көптеген қазақ
елінің жастары бар.
Байқоңыр касмодромы келесі мыңжылдықта ең басты космостық
аппараттар мен космос корабльдерін космосқа ұшыру және космос кеңістігін
зерттеуде айрықша рөл атқаратыны сөзсіз. Ол космосты зерттейтін ғылыми-
техникалық орталығы болып қала беретіні айдан анық, оның келешегі зор,
берері мол. Оған бірді берсең онды, онды берсең жүзді, жүзді берсең мыңды,
миллионды аласың. Дегенмен, батыстағы Байқоңыр космодромы қазақ еліне не
әкеледі деген сауалға жауап табу саласында жұмыс істеуде.

ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ ПОЛИГОНДАРЫНЫҢ БИОСФЕРАҒА ӘСЕРІ

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бірсыпыра жерлері 50
жылға жуық "Капустин Яр" атты әскери полигоны болғаны кейінгі кезде ғана
халыққа белгілі. Батыс Қазақстан облысының Орда, Жаңғалы аудандарында 24
мың зымыран ұшырылып 177 әскери жаппай қырып жоятын қару-жарақ сыналғаны
бүгінгі күні ғана баспасөз беттерінде ашық жарияланып келеді. 1988-1991
жылдары аралығында осы аймақта 619 СС-20 зымыраны ұшырылып айналаны
қоршаған сыртқы ортаға 30 мың тоннадай өте улы химиялық заттар шығарылған.
Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында "Атырау", "Азғыр" әскери
полигондары болған. Оларда 1966 жылдан 1979 жылға дейін жер астында ең кем
дегенде17 ядролық жарылыс өткізілгені туралы ғылыми деректер бар. Батыс
Қазақстан облысының көптеген жерлері радиоактивті және химиялық улы
заттармен ластанған. Қазіргі кезде бұлақ, өзен, көл не шаруашылыққа, не
жуынып-шайынуға жарамай қалған. Өйткені ондағы қосылыстардың көлемі 2,6
еседен 800 есеге дейін өскен. Мысалы, 800 есе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шарлы шақырым
Байқоңыр космодромының биосфераға әсері туралы
Қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару элементтердің ядросы - радиактивті нуклидтер
Байқоңыр космодромының биосфераға әсері қандай?
Байқоңыр ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы
Қоршаған орта және адам денсаулығы
Байқоңыр космодромы туралы шолу
“Байқоңыр өңіріндегі космодром маңайындағы радиациялық заттардың бөлінуі”
Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері
БАЙҚОҢЫР КОМПЛЕКС ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНДЫ ӘСЕРІ
Пәндер