Әжемнің құрақ көрпесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау Гуманитарлық колледжі»МКҚК

БАЯНДАМА

ТАҚЫРЫБЫ: «Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік»

ОРЫНДАҒАН: Бегейбаева Сағадат Қазбекқызы

ЖЕТЕКШІСІ: Домбаева Лаззат Қыраубайқызы

2020\2021 оқу жылы

I. Кіріспе

Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік

Назарбек Сайын Назарбекұлы1941жылы 2 қаңтарда өмiрге келген. Қазақстан Жазушылар Одағының және Қазақстан Сәлетшілер Одағының мүшесі. 1958 жылы мектеп бітірген соңеңбек жолынТаушық автобазасында жүргізуші болып бастап, оны Өзен мұнай-газ iздеу экспедициясында жалғастырды. 1964-69 жылдары Алматы политехникалық институтында оқып, құрылысшы-инженермамандығы бойынша бітірді. Ректорат шешiмiмен ұстаздық жұмысқа қалдырылып, 1975 жылға дейiн мұғалiм, аға мұғалiм деңгейiнде студенттерге дәрiс бердi. 1975-80 жылдары “Маңғыстаумұнайгаз” өндiрiстiк бiрлестiгiне қарасты Жаңаөзен қаласындағы жөндеу-құрылыс мекемесiнде бас инженер, мекеме басшысы қызметін атқарды. 1980-89 жылдары Алматы құрылыс техникумында ұстаздық еттi. 1989-1992 жылдары республикамыздың ұмытылуға айналған ұлттық қолөнерiнқалпына келтiру, қайта жандандыру, осы шаруалармен айналысатын шеберлердi бiрiктiру жолында үлкен еңбек сiңiріп,

5Қ. Тілеуханов басшылық еткен “Мирас” атты өндiрiс-шығармашылық кооперативiн құруға атсалысты. 1992 жылы өзiтуып-өскен Маңғыстау өңiрiнде -қазақ халқының ұлттық өнерінің көрмесіндей Маңғыстау өлкесінің мирасын жинақтау, соның iшiнде тас өнерiн елге таныту, жетiстiру мақсатында “Парыз” атты шағын мекеме құрды. 1992 жылдан берi бiраз зираттық сәулет ескерткiштерi өмiрге келдi. Маңғыстауда Абыл, Досан күмбездерi Маңғыстау шеберлерiнiң тарихи қалыптасқан күмбездiк сәулет өнерiнiң ұлттық формасын, мағынасы мен сипатын сақтай отырып жаңа кеңiстiкке қадам басты. Шеберлерге жаңа үлгi көрсетiлдi. Қазақ халқының ЮНЕСКО шеңберiнде тойланып өткен атақты тойларының негiзгi ғимраттары көрнекті сәулетші оның қолынан өтiп, ұлтымыздың ұлы перзенттерiне тұрғызылған Абай, Шәкәрiм мұнаралары, Мұхтар Әуезовттiң ата-анасы Омархан-Нұржамал кесенелерi дүниеге келді. Исатай-Махамбет кешеніне кеңесшілік көмек көрсетті. Ұлы Абай жерiнде тiкелей араласуымен Тоқтамыс батыр күмбезi, Дiлдә, Әйгерiм, Ақылбай, Шәкiр Әбенов сағаналары өмiрге келдi. Мамай батыр, Көкбай ақын және Кеңгiрбай баба күмбездерiнiң өмiрге келуiне де елеулі үлес қосты. Осы еңбектерi үшін1996 жылы“Құрмет” орденiмен марапатталды. 1996-97 жылдар Оңтүстiк Қазақстан облысында “Домалақ-Ана” кесенесiнiң жобасын жасап, құрылыс жұмыстарын жүзеге асырды. 1999 жылы “Хан Ордалы Сарайшық” кесенесiн өмiрге әкелдi. Осы еңбегi үшiнАтырау облысының Махамбет Өтемiсов атындағы сыйлығының лауреаты атанды. Сайын осы шаруалардан қол босаған сәттерде өлең, әңгiме жазуменен де шұғылданды. Алғашқы өлеңін ол 46 жасқа толған кезінде жазған. Қазір оннан астам кітаптарыбар. 9томдық толық шығармалар жинағы«Жазушы» баспасынан жарық көрді. «Қазақ халқының шежіре-тарихы. Адай тайпасы» атты шежіреші Ж. Жылқышыұлымен бірге дайындаған 8 томдықеңбегі Алматы қаласындағы «Үш Қиян» баспасынан жарық көрді. Сондай-ақ “Парыз” (1994), “Абай басқан Жидебай топырағы” (1995), “Шерқала”(1996) өлеңдер жинағы, үш томдығы (2001), “Сырласым бол” ой-толғам кітабы (2004), “Менің Ақ Ордам”, таңдамалылыры (2006), «Ұлы Дала Ұлдары», (2009), т. б. кітаптары жарық көрген.

II. Негізгі бөлім

Сайын Назарбекұлы Назарбек атамыздың шығармаларын оқу барысында мен басқа ақындарға қарағанда өзгешеліктер байқадым. Әр сөзінде ерекшелік бар және де көп өлеңі өмірден алынған десек қателеспейтініміз анық. Мен төмендегі шығармаларға тоқталып кетуді жөн көрдім . . .

«Көбірек пен азырақ»

Тыңдаңыздар жыр айтамыз азырақ,

Тыңдаған жан айтып жүрсін жазып ап

Ұнап қалса, қол соқса ғой көбірек

Кемшілікті жөндейміз деп тезірек.

Қаламызда мөлдір сулар азырақ,

Бөтекеге тұнар тұзы көбірек . . . -Бұл өлеңде ақын:

Азырақ жыр айтамын, ұнаса қол соғыңыздар. Қаламызда мөлдір сулар аз, ал тұзды сулар көп, таза ауа да көп емес, есесіне көмірқышқыл көп. Қаламызда қаймақ-сүт аз, сабын жоқтың қасы. Үйлену көп, бесік той аз дейді. Арақ аз болғанымен, маскүнемдер көп. Студенттер көп, ал білімдісі аз. Үй сұраушылар көп, бірақ үй салуға көмектеспейді дейді. Қазақ халқы жұмыс жасауға ерінеді, тек басшылыққа сенім артып отырады делінген . . .

«Әке тоны»

Ене-ау, депті келіні, түскен жылы

(Ұялады әлі күн айтсаң мұны),

Қыл-қыбырды көбейтіп неге керек

Тастайықшы ескі зат қайтқан құны . . . - Бұл өлеңде Келіні енесіне:ене, дүниені көбейтпей, ескі заттарды тастайық депті. Енесі де ақкөңіл болса керек, келіннің сөзіне қосылады. Бір кезде әкесі бір сырды айтады:Байлық деген бір тон, бір түйе екен, одан көп жинасаң түрмеге апарады. Бұрында бай деп мені де соттатты, одан құтылу үшін үкіметке түйе бердім. Соңында тек тоныммен қалдым. Оны да сыйға беріпті. Қалай бөлісерін білмей, кемпірі қулық ойлап өз тонын сыйға алыпты. Содан келіні тонды көзінің қарасындай сақтапты . . .

« Әжемнің құрақ көрпесі »

Құрақ көрпе қандай әсем, қарашы,

Ағын, көгін, қызыл, сары, қарасын.

Бес бояумен алты шаршы құрапты,

Қандай өнер, тауып тұр ғой жарасым . . . Бұл өлеңдегі негізгі ой: Әжемнің құрақ көрпесі қандай әдемі, көк, қызыл, сары түр-түсі бар. Бес бояумен алты бұрыш жасапты.

Атасы:төрге шық молдас құрып отыр деді. Тұлпарға мінер кезің келді. Оқуыңды аяқтап келгесін әжең саған құрақ көрпешесін жайып жатыр. Әжеңнің қонақтарға жаятвн құрағы, көптен бері төселінбей жүр. Оларды әжеңнің енесі тіккен екен. Бұл құрақтың өз сыры бар:алты саны-алаш деген атауға сай дейді. Текеметтер, ою, құрақ тарихы туралы білгім келіп тұр. Тағы жүрегімде бір арман бар . . .

Сайын Назарбекұлының шығармашылығы туралы замандастар ойларынан…

"…Сайын өлеңдеріндегі ең басты қасиет не десе, өз басым ол - ұлттық дәстүрдің дастарқанынан дәм татып, қазақы топырақта аунап түлеген табиғи мінез дер едім. Сонда, Сайын өлеңдері несімен табиғи?

Сайын сөздерді жонып отырмайды. Сайын сөздерді қорғасынға ұқсатып ерітіп, құяды. Сайын сөздерді моншақ қып жіпке тізіп отырмайды, бал ашқандай шашып жібереді, немесе шашылып жатқан сөздерді қос уыстап бір-ақ қарпиды. Сайын сөздерді бояп-сырлап жатпайды, ол табиғи жапырақ сияқты, гүл сияқты өмірдің өзі о баста бояуымен тудырған сөздерді таба алады. Сайын сөзбен ойнамайды. Сайын сөзбен ойлайды. Сайын осындай қасиеттерімен табиғи. "

(Темірхан Медетбек, Мемлекеттік сыйлықтың иегері )

"Бұл еңбек қазақтың азамат ұлдарының бірі: жазушы, ақын, сәулетші, драматург, ойшыл Сайын Назарбекұлының шығармашылығын талдауға арналған. Сайын Назарбекұлы ақын ретінде алғашқы шұмақ өлеңін жасы елуге таянған шақта жазып, сәулетші-құрылысшы ретінде де алғашқы сәулет ескерткішін де сол шамада тұрғызыпты. Оның бұл өнерлері әу баста бойында бар болған, тек қана иесін елге танытар сәтін ұзақ күтіп қалған секілді. Сайын бойындағы сол таланттар көзін ашуға Қазақстан тәуелсіздігі атты құбылыс еңбек етіп, бір азаматын ақын еткен, бір құрылысшысын сәулетші атандырған"

( Мырзагелді Кемел, Дала академигі кітабынан)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыз жасауы туралы
Қазақтың ою - өрнегінің мәні мен мағынасы
Диффузионизм және тарихи - мәдени аймақтар теориялары
Ою - өрнегінің мәні мен мағынасы
Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя повесі тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Сиқырлы есептер
Әжелер өнегесі
Тәрбие сағаты «елбасы еңселеткен елорда»
Қазақтың әже тәрбиесін насихаттау
Мұнайөңдеу кәсіпорнының бір бөлімшесінде инженера – технолог қызметін атқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz