Автокөліктің тұрақ тежеуішінің құрылысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
БҚО ӘББ А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі МКҚК

Жол-құрылыс машиналарын жөндеу пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Жұмыстың тақырыбы:
Автокөлік жөндеу кәсіпорындағы өндірістік телімдерді жобалау және тұрақ тежеуішін ағымды жөндеу

Мамандығы: 1402000 Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану
Біліктілігі: 1402213 Техник-механик

Топ № 201

Орындаған: 201 тобының оқушысы: А.Д. Төлегенов

Тексерген: арнайы пән оқытушысы: А. Гиззатова

Бағасы: _____ _______________________

Орал қаласы - 2016 ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3-4
1. Негізгі бөлім

1.1. Автокөлікті ағымдағы жөндеуде орындалатын жұмыс түрлері ... ... ...
5-6
1.2.Тежеу жүйелерінің арналуы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7-12
1.3. Автокөліктің тұрақ тежеуішінің құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13-14
1.4. Тұрақ тежеуішінің тросын ауыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
15
1.5. Тұрақ тежеуішінің жетегін реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
16-17

3. Есептеу бөлімі

2.1. Тежегіш педалінің күшін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
18-20
2.2. Тежегіш жетегінің есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
21
2.3. Тежегіштердің негізгі геометрикалық параметрлерін есептеу ... ... ...
22-24
2.4. Тежелудің тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ..
25
2.5. Тежегіштердің беріктік есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
26

4. Графикалық бөлім

4.1. Бөлімше сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
4.2. Тетікті қалпына келтірудің технологиялық картасы ... ... ... ... ... ... ... .
28-29

5. Экономикалық бөлім

5.1. Тежеуіш барабанын жөндеудің техникалық-экономикалық

пайдалылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
30-32

6. Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздігі

6.1. Шуыл, діріл, олардың адамға әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
33-35
6.2. Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
36-37

7. Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
38-39


8. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
40

9. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
41

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Автомобильдерді техникалық пайдаланудың негізгі мақсаты берілген пайдалану шарттарындағы автомобильдің жұмыс істеу қабілетін сақтауға кететін шығындарды азайту болып табылады. Бұл міндетті тиімді орындау үшін автомбиль бөлшектерін пайдалануға байланысты бұзылуының физикалық процестеріне негізделген оның техникалық күйінің өзгеруін белсенді бақылау. Автомобильдің негізгі пайдаланушылық қасиеті қозғалыспен байланысты. Олар жүйелердің, тораптардың және агрегаттардың параметрлерімен, және шығу сипаттамаларымен анықталады. Бұл параметрлердің деңгейі конструкциялау және өндіру процесінде қамтамасыз етіледі де, пайдалану кезінде автомбильдің техникалық күйіне тәуелді болады.
Ұзақ пайдалану кезінде автомобильдердің техникалық күйі, барлық машиналар сияқты, нашарлайды. Автомобильді ұзақ пайдалану мерзімінде жұмыс істеуге қабілетті күйде ұстау техникалық баптау (ТБ) жөндеудің негізгі тіндеті болып табылады. Автомобильдің техникалық жағдайының өзгеруінің негізгі себептері мынадай:
- Тозу; - қажу; - коррозия (тоттану)
- бөлшектер мен материалдардың физикалық, химиялық және температуралық өзгеруі.
Тозу - бұл үйкеліс нәтижесінде бөлшектердің үйкелесу беттерінен материалдар ажырап, бөлшектердің өлшемдерінің өзгеру процессі.
Коррозия - материалдардың қоршаған ортамен физика-химиялық әсерлесу салдарынан бұзылу процесі.
Автокөліктің жарамды күйі дегеніміз объектінің нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетін күйі. Және көліктің жұмысқа жарамдылық күйін сипаттайды. Көліктің жұмысқа қабілеттілігі өз кезегінде көліктің негізгі техникалық-эксплуатациялық қасиетін, яғни, автокөліктің динамикасын, сенімділігін, шыдамдылығын, басқару қабілетін және төзімділігін сипаттайтын. Автокөлікті пайдалану барысында оның барлық бөлшектерінің жұмысқа қабілеттілігі бастапқы шамасынан өзгеріп, тозу процесі бола береді. Сондықтан автокөліктің техникалық күйі ешқашан өзгеріссіз қалмайды. Олардың бөлшектері кажалуға, үлкен механикалық зақымданулар әсерінен сынуға, коррозияға ұшырауға және т.б зақымдануға ұшырағандықтан көліктің технико-эксплуатаиялық қасиеті нашарлайды.
Жоғарыдағы айтылған өзгерістер тек көліктің жүрісі барысында ғана емес, сонымен қатар көлікке немесе жылыжымалы құрамға қойылған техникалық пайдалану немесе техникалық қызмет көрсету шарттарын бұзудың нәтижесінде де пайда болады.
Автомобиль ағымдағы жөндеуге жіберерден алдын сыртын жуады және оның ақауын диагностикалық құралдармен анықтайды. АЖ бекеттерінде ақауы бар бөлшектер, агрегаттар алмастырылады немесе жөнделеді, сондай-ақ реттеу, бақылау және майлау операциялары да орындалады. операциялардың еңбек сыйымдылығын төмендетеді.
Ағымдық жөндеу көлеміндегі бөлшектеу-құрастыру жұмыстарына моторды, алдыңғы және артқы мостыларды, беріліс қорабын, радиаторды және тіркісті алмастыру және т.б. жатады. Көптеген жұмыстар эстакадаларда, көтергіштерде, стенділерде агрегаттарды алып-салуға арналған домкарттардың және арнайы құрылғылардың көмегімен жүргізіледі. Жұмыс аяқталған соң оның сапасы тексеріледі де автомобиль желіге немесе тұраққа жіберіледі.
Зерттеудің нысаны: жол- құрылыс машинасының тұрақ тежеуіші
Зерттеудің пәні: жол- құрылыс машиналарын техникалық пайдалану
Зерттеудің мақсаты: Тұрақ тежегішіне ағымды жөндеуді ұйымдастыру жолдарын айқындау.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, кәсіпорын сипаттамасынан, негізгі бөлімнен, есептеу бөлімінен, графикалық бөлімнен, экономикалық бөлімнен, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 3- кестеден, 12 суреттен қамтылған.

І. Негізгі бөлім
1.1. Автокөлікті ағымдағы жөндеуде орындалатын жұмыс түрлері
Автокөлікті ағымдағы жөндеу кезінде кемшіліктерді жою бойынша кең таралған жұмыс түрлері дәнекерлеу, қаңылтырлық, арматуралық және кузовтық болып табылады. Олар тозған бөлшектерді қалпына келтіру, сызаттар, жарықшақтарды дәнекерлеу, ойықтарды жамау кезінде орындалады. Қаңылтырлық пен дәнекерлеу, арматуралық пен кузовтық жұмыстарға кузовтың, кабинаның, қанаттардың, қанаттанудың зақымданған бөлшектерін бөлшектеу, құрастыру, түзету және дәнекерлеу операциялары жатады. Қаңылтырлық-дәнекерлеу бөлімшелерінде жөндеуге қажетті қосалқы жөндеу бөлшектері (ҚЖБ): панельдер, ендірмелер, жамаулар және т.б. жасалады.
Бөлшектеу-құрастыру жұмысында ағымдағы жөндеу кезіндегі еңбек шығыны автокөлікті ағымдағы жөндеудің жалпы еңбек сыйымдылығының 60-65 % құрайды. Бұл жұмыстар механикаланған құралмен (пневматикалық немесе электрлік сомын бұрағыштармен) жабдықталған бекеттерде жөндеу шеберханаларында орындалады. Бөлшектерді слесарлық қол өңдеу оларды верстактағы қыспаққа егеу, қол ара, қырнауыш, тескіштер жиынтығы бар бұрғы немесе басқа да мамандандырылған құрал немесе тетіктер көмегімен бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады. Бөлшектерді слесарлық өңдеудің үлгісі ретінде бүлінген бұранданы плашка (сыртқы бұранда үшін) немесе таңбалаушы (ішкі бұранда үшін) көмегімен қалпына келтіру болуы мүмкін.Корпустық бөлшектердегі ішкі бұранданың зақымдануы зақымданған бұранданы бұрғылап кеңейту және бұрандалық ендірмелерді қою арқылы жойылады. Жөнделген механизмдер автокөлікке орнатылады, қажет болса олар қиыстырылып, реттеледі.
Ұсталық жұмыстар ұсталық-рессорлық бөлімшеде қыздыру қолданылатын бөлшектерді жөндеу немесе дайындау кезінде жасалады. Осы бөлімшеде төмен серпінділігі бар рессорлар жөнделеді, рессорлардың жекелеген сынған табақтары ауыстырылады және т.б.
Жапсырмалау жұмыстарына отырғыштардың арқалықтары мен жастықтарын қаптау, автокөлік отырғыштарына тыс дайындау және қозғалтқыштарға жылытатын тыс дайындау жатады. Отырғыштардың арқалықтары мен жастықтары шаңды жою үшін сорып шығаратын құрылғымен жабдықталған арнайы верстакта бөлшектеледі. Зақымданған металл қаңқалар мен отырғыштардың негіздері жөндеу үшін арматуралық усағкеге бағытталады, ал сынған немесе босаңсыған серіппелер жаңасына ауыстырылады. Мыспен жұмыс жасауда дәнекерлеу кең таралған. Ол жанармай багы радиаторларын, жанармай өткізгіштерін, электр жабдығы аспаптары мен бөлшектері мен қоректендіру жүйелерін жөндеуде пайдаланылады. Дәнекерлеу деп қатты қалыпта қалған қыздырылған металл бөліктерін олардың арасында қалған саңылауға негізгі металға қарағанда балқу температурасы төмен балқытылған дәнекерді, металды немесе қорытпаны енгізу арқылы біріктіру үрдісі түсіндіріледі. Балқытылған дәнекер біріктірілетін беттердің барлық кедір-бұдырын толтырып, жібітеді де, суығанда қатайып осы беттерді біріктіреді. Мыспен жұмыстарға 500°С төмен температурада балқитын, жұмсақ немесе тез балқығыш және 500°С жоғары температурада балқитын, қатты немесе баяу балқығыш деп бөлінетін дәнекерлер пайдаланылады. Жұмсақ дәнекерлерге ПОС-30 және ПОС-40 таңбалы дәнекерлер жатады, олардың құрамына қалайы мен қорғасын кіреді; қатты дәнекерлерге ПМ.Ц-36 және ПМЦ-48 таңбалы дәнекерлер жатады, олардың құрамына мыс пен мырыш кіреді.
Жұмсақ дәнекерлер радиаторлар мен жанармай бактарын дәнекерлеу үшін, қатты дәнекерлер ауа, жағармай және жанармай өткізгіштерін дәнекерлеу үшін пайдаланылады. Алюминий қорытпасынан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу үшін алюминий дәнекерлер (силуминдер) қолданылады. Радиаторлар, бензин бактары, жанармай және жағармай өткізгіштері және басқа да бөлшектер мыспен жұмыс усағкесінде жөнделеді.
Электротехникалық жұмыстарға электржабдығы аспаптары, аккумулятор батареясы, генератор мен стартерларды жөндеу жатады.

1.2. Тежеу жүйелерінің арналуы мен түрлері
Тежеу жүйелері қозғалыстағы автокөлік жылдамдығын қалаулы қарқындылықпен тіпті тоқталуға дейін төмендету үшін, сондай-ақ оны тұрақ кезінде орнына тұрғызуға қызмет етеді.
Сенімді тежеуіштердің болуы автокөлікті пайдалану тиімділігін жоғарылататын қозғалыстың орташа жылдамдығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Көптеген автокөліктерде үш тежеу жүйесі болады: жұмыстық, қор және тұрақтық.
Автокөлік жұмыстық және тұрақтық тежеу жүйелерімен жабдықталған.
Жұмыстық тежеу жүйесі алдыңғы дөңгелегінде дискті тежеу механизмі, ал артқысында - атанақтысы бар, екі камералы басты цилиндрден гидрожетектің екі бөлек контурымен: бірі - алдыңғы дөңгелектің тежеу механизміне, басқасы - артқы дөңгелектің тежеу механизміне.
Тұрақтық тежеу жүйесі таратқыш қорабының артында орналасқан және артқы кардан білігіне әсер ететін атанақты тежеу механизмі бар. Жетегі қолмен механикалық.
Жұмыстық тежеу жүйесі көлік құралының қозғалыс жылдамдығын және оның тоқталуын реттеуге арналған. Жұмыстық тежеу жүйесі жүргізуші аяғының астында орналасқан тежеу басқышын басу арқылы қозғалысқа келеді (мыналарды қоспағанда - жүргізу қағидаларына үйрету үшін автокөліктер, қосымша басқыш тобы инструктор аяғының астында орналасады). Жүргізуші аяғының күші барлық төрт дөңгелектің тежеу механизмдеріне беріледі. Тежеу жүйелері сонымен қатар жетек түрлері бойынша - механикалық, гидравликалық, пневматикалық және аралас болып бөлінеді. Осылайша жеңіл машиналарда негізінен гидравликалық жетек, ал жүк машиналарында - пневматикалық және аралас қолданылады.
Тежеуіш басқышына түсетін күшті азайту үшін вакуумды немесе пневматикалық тежеу күшейткіші орнатылады. Жұмыстық тежеу жүйесі алдыңғы және артқы дөңгелектің тежеу механизмдеріне екі контурлы бөлек пневматикалық жетектен тұрады, ол автокөлік қозғалысының қауіпсіздігін едәуір жоғарылатады. Контурдың бірінің істен шығуы кезінде екіншісі қор тежеу жүйесі ретінде қолданылады, яғни ол жұмыстық тежеу жүйесінің бөлігі болып табылады.
Қор тежеу жүйесі.
Қор тежеу жүйесі жұмыстық тежеу жүйесі қатардан шыққан кездегі көлік құралын тоқтатуға арналған.
Тұрақтық тежеу жүйесі.
Тұрақтық тежеу жүйесі көлік құралын жолда қозғалыссыз ұстап тұру үшін қызмет етеді. Тек қана тұрақта емес, көлік құралы көтеріле бастағанда артқа сырғанауын болдыртпау үшін қолданылады. Тұрақтық тежеу жүйесі тұрақтық тежеу тартқышы көмегімен қозғалысқа келтіріледі. Жүргізуші артқы дөңгелектің тежеу механизмдерін қолмен басқара алады.
Қосымша тежеу жүйесі қозғалтқышпен тежеу есебінде тұрақты жылдамдықты ұзақ ұстауға (керілісті түсуде) арналған, ол қозғалтқыш цилиндріне жанармайдың берілуін тоқтату және шығару құбыржолдарын жабу арқылы жүзеге асады.
Қазіргі заманғы автокөліктерде жұмыстық дөңгелек тежеуіші ретінде ең көп таралған - қалыптың ішкі орналасуымен атанақ типтес қалыптың тежеуіштер. Жеңіл автокөліктерде алдыңғы дөңгелектерде орнатылған дискті тежеуіштер кеңінен қолданылады.
Жүк автокөліктерінің көпшілігі атанақ типтес қалыпты тежеу механизмдері бар жұмыстық тежеу жүйелерімен жабдықталады.
Тежеу механизмдері екі реттеуден тұрады - аралық және толық. Аралық реттеу пайдалану барысында қалыптар мен атанақтар арасында нормалды саңылауды қалпына келтіру үшін жүргізіледі. Толық реттеу қалыптар ауысқаннан кейін немесе қаптамаларды қайта қармаудан кейін жүргізіледі.
Тежеу механизмдері жоғары жұмысқа қабілеттілікке ие болуы қажет және берілген тиімділіктегі автокөліктің тежелуін қамтамасыз ету керек. бұған босату механизмінің конструкциясы, сондай-ақ үйкелісті кернеу тетіктерінің өлшемдері айтарлықтай әсер етеді.
Тежеу жетегінің негізгі тапсырмасы болып тежеу педалін басқандағы жүргізушінің түсіретін күшінің автокөліктің барлық дөңгелектерінің тежеу механизмдеріне берілуі саналады. Айтып өткендей, қазіргі автокөліктерде жұмыс элементі ретінде арнайы тежеу сұйықтығын қолданатын пневматикалықтежеу жетектері пайдаланылады.
Механикалық жетек-тұрақтық тежеу жүйесінде қолданылады. Механикалық жетек тұрақ тежеуішінің тұтқасын артқы дөңгелектердің тежеу механизмдерімен қосатын тартым, тұтқа және арқандар жүйесі болып табылады. Ол келесілерді құрайды:
* жетек тартқышы;
* реттелетін ұштық;
* арқанды түзегіш;
* арқандар;
* қалып жетегінің тартқыштары.
Автокөліктердің кейбір үлгілерінде тұрақтық жүйесі қозғалысқа пышақты басқыш арқылы келеді, яғни пышақты жетегі бар тұрақтық тежеуіш.
Соңғы уақытта тұрақтық жүйеде электрожетек кең қолданылады, ал қондырғының өзі электромеханикалық тұрақтық тежеуіш деп аталады.
Артқы дөңгелектің тежеу механизмінің дөңгелекті тежеу цилиндрі ішінде тығыздағыш резеңкелі көмкермесі бар екі алюминий піспек орналасқан шойын тұрқыдан тұрады. Піспектің бүйір жақ бетіне тозуды азайту үшін болат төрткілшелер қойылған. Цилиндр екі жағынан қорғайтын резеңкелі қораптармен жабылған. Сұйықтық цилиндр қуысына біріктіргіш жалғастық оралған тесік арқылы ағады. Цилиндр қуысынан ауаны шығару үшін сыртынан резеңкелі қақпақшамен жабылған сорып алу клапаны қолданылады. Цилиндрде оның тұрқысына тартыммен қойылған серіппелі тірек сақинасы болып табылатын қалып мен атанақ арасындағы саңылауды реттеуге арналған қондырғы болады.
Тежелу уақытында цилиндр ішінде сұйықтық қысымы туындайды, оның әсерінен піспек қозғалады және тежеу қалыбын сығады. Фрикционды жапсырманың тозуынан піспек жүрісі тежелу кезінде көбейеді және ол өз белдемемен тірек сақинасын оның тұру күшін жеңе отырып, қозғалтатын уақыт келеді. Қалыптың қайта қозғалуы кезінде керу сеппесінің әсерінен тірек сақинасы жаңа күйде қала береді, өйткені керу серіппесінің күші оны артқа жылжытуүшін жеткіліксіз. Осылайша, жапсырмалардың тозуын компенсациялауға жете алады, сондай-ақ қалып пен атанақ арасындаға минималды саңылау автоматты белгіленеді. Алдыңғы дөңгелектің тежеу механизмінің дөңгелекті цилиндрі тек бір қалыпқа әсер етеді, сондықтан артқы дөңгелектің дөңгелекті цилиндрінен сыртқы өлшемдерімен және піспек санымен ерекшеленеді; артқы дөңгелек цилиндрінде екі піспек, алдыңғысының цилиндрінде - біреу орналасқан. Цилиндрдің басқа да тетіктері, тұрқыны санамағанда, құрылымы бойынша бірдей. Тежегіш-машинаның жылдамдығын азайту не тоқтатуға, және қозғалысты орнына келтіруден сақтайтын құрылғы. Қозғалыс кезінде бір бөлігін жоғалататын кинематикалық энергия көбінесе үйкеліс арқасында жылуға айналады. Рекуперативті тежелукезінде энергияның көп бөлігі маховикке, конденсаторда сақталады не қалпына келеді, немесе генератор көмегімен айнымалы тоққа айналады, батареяда арығарай қолдануға болатындай түзіледі және сақталады.
Бірінші тежелу жүйелері гужалық көліктерде қолданылған. Ат арба үлкен жылдамдыққа дейін ұмтылды, бірақ өзі тоқтай алмайтын. Алғаш механизмдер доңғалақтарды қолмен басқарылатын рычаг не рычагтар жүйесімен тежелінетін. Ағаш қалап доңғалақты қысып, оны тоқтатады. Жаңбыр кезіңде бұл жүйе тиімсіз болатын. Тежегіш механизм үлкен эвалюцияны бастан өткізді. Тежелу жүйесінің үлкенқарқынмен дамуы автомобильдің пайда болуының арқасында болды.
Бірінші автомобиль тежегіштері барабанды болады, олар осынша жыл ішінде қатты өзгерген жоқ және әлі де кең қолданыста. Қазіргі заманғы автомобильдер тиімді тежелу жүйесімен қамтылған.
Өтімділігі жоғары автомобильдердің тұрақты тежелу жүйесі 2-суретте көрсетілген. Бұл жүйеге артқы тежелу механизмі және механикалық тежегіштің жетегі кіреді.
Өтімділігі жоғары автомобильдің механикалық тежегіш жетегі: қолмен басқарылатын рычаг 3, алдыңғы трос 2, бағыттаушы 9, артқы трос 14, разжималдық рычаг 13, кергілі тақтайшалар 12. Рычаг 3 таспа арқылы 1 тысы бар 7 таянышқа бекітілген және алдыңғы орындықтар арасында автомобиль кузовының полына орнатылған.
Тұрақты тежегіш жүйе:
суппорт
екі немесе бір тежегіш цилиндрінен
тежегіштің екі қалпы
тежегіш дискісі
Суппорт автомобильдің алдыңғы доңғалағының бұрылу жұдырықшасына бекітілген (1-сурет). Онда тежегіштің екі цилиндрі және тежегіштің екі қалпы орналасады. Қалыптар екі жағынан доңғалаққа бекітілген және сонымен бірге айналатын тежегіш дискке бекітілген. Тежегіш педалін басқан кезде піспек цилиндрден шыға бастайды және тежегіштердің қалыптарын дискіге қосады. Жүргізуші тежегіш педалін жібергенде қалып пен піспек дисктің ақырын соғуының арқасында орнына келеді.

1-сурет. Тұрақты тежелу жүйесі
1 - тыс; 2,14 - тростар; 3, 8, 13 - рычагтар; 4 - нұқма; 5, 11 - серіппе; 6 - тартқыш;
7 - таяныш; 9 - бағыттағыш; 10 - төлке; 12 - тақтайша; 15 - контргайка;
16 - бұрандалық

1.3. Автокөліктің тұрақ тежеуішінің құрылысы
ЗИЛ-130 және ГАЗ-53А автомобильдерінде барабан типті орталық кол тежеуіші орнатылған. ЗИЛ-130 автомобилінде симметриялы қалыптар оған бекітілген фрикциялық бастырмалармен және сухарьлармен бірге тежеуіштің кронштейніне бекітілген бір тірек осіне топсамен тіреледі (2-сурет). Кронштейн осымен бірге берілістер корабынын жетектегі білігі подшипнигінің және спидометр жетегі корпусынын қақпағы қызметін атқарады. Кронштейн берілістер корабының артқы қабырғасына болттармен бекітілген. Ортаңғы бөлігінде қалыптар бобышкалармен кронштейннің дөңесіне тіреледі және бүйірлік ауытқудан болттармен қысылған дистанциялық втулкаларға орнатылған шайбалармен ұстатылады.
Тартпа серіппелер калыптарды бастапқы жағдайына қайтып оралтып, оларды жазылмалы жұдырыққа әкеп қысады. Жазылмалы жұдырықтың білігіне сектор түрінде рычаг орнатылған, оған қол тежеуіші жетегінін тартқышы қосылған. Қол тежеуішінің барабаны берілістер қорабының жетектегі білігінің шлицтелінген ұшына фланецпен бірге отырғызылған және гайкамен бекітіліп тасталған. Фланец пен барабанның өзара орыны қос винтпен бекітіледі. Тежеуіштің таяныш дискісі кронштейнге бекітілген және тежеуішті шаң-тозан түсуден қорғап тұрады. Қол тежеуіштің жетегінде тіркеме тежеуішінің жетегі камерасының штогына әсер ететін қол жетегінің рычагына баратын тартқышты қосып жалғастыру үшін құлақша болады.ГАЗ-53А автомобилінің барабан типті орталық тежеуіші берілістер қорабының картеріне бекітілген жылжымайтын дискіден, берілістер қорабының жетектегі білігіне бекітілген барабанынан, саусақтардың және реттегіш тетіктің көмегімен жылжымайтын дискіге бекітілген қос тежеуіш қалыптан, кергіш серіппеден, жазылмалы тетіктен, тартқышы бар жетектік рычагтан және қол тежеуіштің рычагынан тұрады.
Қол тежеуіштің рычагын кері айналдырғанда оның төменгі ұшы тартқыш арқылы жетектік рычагты қозғалысқа келтіреді. Жетектік рычаг өзінің ұшымен шарикті жазылмалы стерженьге барып тіреледі, ол қозғала отырып, қалыптарды орнынан қозғайды және оларды тежеуіш барабанға қысып, оны тоқтатады.

2-сурет. ЗИЛ-130 автомобилінін қол тежеуіші

1.4. Тұрақ тежеуішінің тросын ауыстыру
Дөңгелектің бекіткіш болттарын ағытып, автокөлікті домкрат көмегімен көтереміз. Дөңгелекті шешіп алып, автокөлік астына қоямыз. Барабанды шешеміз. Ол үшін бағыттағыштарды бұрап алып, барабанды барлық жазықтығында абайлап ұрғылаймыз. Бағыттағыштарды көрші саңылауларға қайта бұрап, барабанды өзімізге қарай тартамыз.
Бұрағыш (отвертка) көмегімен тежеуіш колодкасының бекіткіш серіппелерін түйреп алып, тұрақ тежеуішінің тросын тармақталу жерінен ағытамыз және тежеуіш колодкаларын суырып аламыз.
Ескі үзілген немесе созылып кеткен тросты тартып суырып аламыз. Жаңа тросты түйреп аламыз. Жаңа колодкалар орнатамыз, ал жаңа тросты тежеуіш колодкасына ілеміз. Тросты кері жағынан тармақталу планкасына бекітеміз. Барабанды жинақтап, дөңгелекті орнатамыз.

1.5. Тұрақ тежеуішінің жетегін реттеу
Алдымен рычаг жүрісін реттеу керек. Ол үшін контргайкаларды босатып, реттегіш гайкаларды айналдыра отырып, қысу кезінде рычаг сектордың 6-8 тісіне жылжитындай етіп келтіру керек. Реттеу кезінде тростардың теңестіргіші автокөліктің көлденең өсіне перпендикуляр болуын қамтамасыз ету керек. Рычагты толық тоқтауына дейін түсірген кезде, дөңгелек еркін айналуы қажет.
Көрсетілген жөндеулерден кейін тұрақ тежеуіші жұмыс істеу дұрыс тиімді болмауы мүмкін. Бөл артқы тежеуіштер колодкасының тозуынан болатынын көрсетеді. Бұл жағдайда, артқы тежеуіштің колодкаларының қысқыш рычагтарын реттеу қажет.
Қысқыш рычагтарды реттеу тәртібі:
1. Артқы тростардың тартылуын толық босатып, контргайкалар мен реттегіш гайкаларды реттегіш ұштықтардың шетіне жылжыту керек;
2. Дөңгелекті шешіп, барабанның екі бекіткіш винтін бұрып алып, барабанды шешіп алу керек;
3. Реттегіш эксцентрикті винттің гайкасын түсіру керек. Сосын серіппені отвертка көмегімен қыса отырып, винтті сол жақ тежеуіш механизмінде сағат тілі бойымен, ал сол жақ тежеуіш механизмінде сағат тіліне қарсы бұрау қажет. Бұл кезде рычагтың төменгі шеті тежеуіш колодкасының жиегіне жақындайды. Колодка жиегі мен тросс шетінің арасындағы саңылау 4-6 мм шамасында болуын қамтамасыз ету қажет;
4. Винтті отверткамен ұстап тұрып, гайканы нығыздап бұрау қажет.
5. Барабанды жартылай өске кигізіп, бекіткіш винттерді бұрау керек. Дөңгелекті кигізіп, оны гайкалармен бекіту қажет; Осы операцияны келесі дөңгелекте қайталау керек;.
6. Рычагтың жүрісін жоғарыда айтылғандай реттеу қажет;

Тетікті жөндеу әдісін таңдау

Қазіргі таңда тетікті қалпына келтірудің бірнеше әдістері бар. Тежеуіш цилиндрінің жұмыстық бетін қалпына келтіруді төмендегі әдістермен жүзеге асыруға болады:
а) егер, барабан диаметрі шекті-рұқсат етілген өлшемнен асып кетпесе, слесарлық-механикалық өңдеу (қайрау) жүргізіледі;
б) егер, жасалған шара жеткіліксіз болса немесе жұмыстық бет диаметрі шектен шығып кетсе, онда мынадай әдістер қолданылады: цилиндрді тежеуіш барабанынан престеп шығарып алып, жаңасын престеп салу, балқыту, газды термиялық тозаңдату әдістері;
Материал қабаты түскеннен кейін, жұмыстық беті қажетті өлшемге дейін өңделеді.
Автокөлік тетіктерін қалпына келтіруде кең қолданысқа ие болған әдістерге: түрлі слесарлы-механикалық өңдеулер жатады. Оларға слесарлық өңдеу, механикалық өңдеу, яғни тетікті жабын түсіруге дайындау мен жабыннан кейінгі өңдеу, тетікті жөндеу өлшеміне дейін өңдеу және қосымша жөндеу тетіктерін жеткізу кіреді..
Балқытып құю тетікті қалпына келтірудің кеңінен таралған түрі болып табылады. Ол тозған бетті қалпына келтіру мақсатында жабын түсіру үшін қолданылады. Қалпына келтірудің тозаңдату әдісі - тозған бетке тозаңдатылған металды түсіруге негізделген.
Металды балқытудың әдісіне қарай: электрдоғалы, жоғары жиілікті, плазмалық, детонациялық т.б. түрлері болады.

3. Есептеу бөлімі
3.1. Тежегіш педалінің күшін анықтау
Тежегіш педалінің күшін мына формуламен анықтаймыз:

мұндағы, ηн - жетектің ПӘК-ін қабылдаймыз;
iп = 3 - педальжы жетектің беріліс саны;
= 22 мм - басты цилиндрдің диаметрі;
- тежегіш жүйесінің қысымы;

мұндағы, - жұмыс цилиндрінің радиусы.
Тежегіш моментінің алдыңғы және артқы осьтерінің сәйкестігін мына формуламен анықтаймыз:

мұндағы, Rz1,2 - алдыңғы және артқы осьтерінің сәйкестігі нормалды реакциялары, Н; φ - ілінісу коэффициенті.
Тежелу кезіндегі нормалды реакциялардың көлемін мына формуламен анықталады:

мұндағы, ma - автокөлік массасы, Н;
a, b, hg - автокөлік массасының орталық координатасы, м;
L - автокөлік базасы, м.
Осыдан табанымыз:
(H);
(Н);
(Нм);
(Нм).
Алдыңғы тежегіш механизімі (барабанды тежегіш механизімі) тежегіш моменті Мт және тиімді коэффициенті Кэ тәуелділігімен анықтаймыз:

мұндағы, - үйкеліс коэффициенті (есептік =0,35)
rср = 0,105 м - Р күшінің орташа радиусы.
Жетекші күштің P, H алдыңғы тежегіш механизімінің теңдеуін осылай анықтаймыз: ,
осыдан:

Артқы тежегіш механизімінің ( тең жетекші күштің бірбетті барбанды тіреуішпен ораласқан)
.
мұндағы, - артқы осьтің жетекші күші;
rб - барабан радусы, м;
μ - үйкеліскоэффициенті;
h - жұмыс цилиндрінің тіреуіштерінің арақашықтығы, м;
a - реакция әсерінің сызықтан тіреуіш арақашықтығы, м;
- қатысты күштердің коэффициенті;
,

мұндағы, β - колодканың қармау бұрышы, рад.

Жетекші күштің артқы тежегіш механизімі теңдеуінің анықталынады:

,
Осыдан
.
Осыдан табатынымыз,
(Н)
Тежегіш жүйесінің алдыңғы және артқы тежегіш механизімінің қысымына сәйкес:
(МПа),
(МПа),
Тежегіш жүйесінің алдыңғы тежегіш механизімінің қысымынан артқы тежегіш механизіміне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автомобильді пайдалану және ағымды жөндеу
Вагон-хоппердің құрылымын жетілдіру
Стартердің құрылысы мен істеу принципі
Соттық автотехникалық сараптама
Бөлшектерді тазалау және жуу, қолданылатын жабдықтар
АО "КазАвтоТранс" кәсіпорынында тәжірибеден өту
Автомобиль қозғалтқышының дамуы
Тежеуіш жүйелерінің ақаулары
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы жайлы
Уақытша автокөлік тұрағы
Пәндер