Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның ежелгі тарихы пәні бойынша дәрістердің қысқаша мазмұны

Дәріс 1. Кіріспе. Қазақстан өркениетінің басталуы
1.Ежелгі Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері.
2.Ежелгі Қазақстан тарихы пәнінің тарихи маңызы

Кез келген өркениетті ел өз тарихының тамырын тереңнен іздестіреді. Тарихының бастауын ежелгі дәуірден тартқан мемлекет мызғымас саяси-идеологиялық сана қалыптастыра алатындықтан, онда ұлттық құндылықтар негізінде қоғамдық келісім және демократиялық өрлеу, нарық пен ғылым байланыстары дамиды. Сондықтан да ұлттық келешегі мен болашағы үшін өткенге бет бұру, одан сабақ алудың маңыздылығы ешқашан төмендеген емес.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін халқының бұрын ақтаңдақ болып келген тарихы қайта жазылып, сан алуан мәселелер заман талабына сай өзінің ғылыми бағасын алуда. Әсіресе, Қазақстанның ортағасырлық, жаңа және қазіргі заман тарихында орын алған көптеген мәселелер қайтадан қарастырылып, жүздеген іргелі еңбектер жарияланды. Алайда жекеленген мәдени-тарихи кезеңдердің проблемасын көтерген археологиялық бағыттағы бірен-саран ізденісті есептемегенде, әлі күнге дейін ежелгі Қазақстан тарихын арнайы толымды түрде қарастырған монографиялық зерттеулер тұрмақ, оқу құралдары, оқулықтар жоқтың қасы екендігі белгілі. Бұл өз кезінде шетелдік тарихнамада, анықтамалық басылымдар мен көптомдық еңбектерде Қазақстанның көне дәуірі туралы тарих беттерінің толыққанды баяндалмай жатуына алып келуде. Мұндай оқулықтар орын толықтыратын тарихнамалық бағыттағы ғылыми ізденістер екендігін ескерсек, онда осы еңбектің өзектілігі өздігінен-ақ байқалады.
Қазақстанның көне тарихынан орын алған сан қырлы да маңызды құбылыстар мен оқиғаларды, өзіндік өркениеттер мен әдебеттер арақатынасын, олардың өзара байланысын білмеу республикамен іргелес жатқан көрші мемлекеттердің де (РФ, ҚХР, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, тіпті Монғолия, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері) ілкі замандардағы тарихын танып-білудің мүмкіндігін шектейді. Себебі Еуразия төскейінде орналасқан Қазақстан аумағы арқылы ондаған ғасырлар бойы сауда жолдары жүрді, көптеген тайпалар мен халықтардың тарихи тағдыры тоғысты, республика аумағы әлденеше рет Ұлы қоныс аудару толқындарын бастан кешірді, миграциялық процестер мен әскери қақтығыстар алаңына айналды. Мұнымен қатар Қазақстан аумағынан ауа көшкен халықтардың біраз бөлігі көне дәуірден Еуразия саяси-экономикалық картасын өзгертіп те жібергендігі белгілі.
Тарих-адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкені, еліңді оқып-үйренуден басталады, адамзаттың ерте заманнан бастап жүріп өткен жолы, басынан кешірген нақтылы оқиғалары туралы ғылым. Тарих ғылымының адамзат және қоғам өміріндегі мәні мен маңызы ерекше. Әрбір ұрпақтың өткен тарихты оқып үйренуі, одан тағылым алуға деген талпынысы барлық ұлттар мен халықтар үшін заңды құбылыс. Әрбір азамат өз елінің өткені мен тарихын білуге, Отан тарихының тәжірибесі мен құндылықтарын келесі ұрпаққа үйретуге міндетті. Тарих барлық ғылымдардың атасы деп бекер айтылмаса керек. Қазақ елінің ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы әлемдік тарихтың құрамдас және ажырамас бөлігі, ал Қазақстанның ежелгі тарихы Қазақстан тарихы пәнінің бір бөлігі болып табылады.

Дәріс 2. Қазақстанның ежелгі тарихының дерек көздері мен тарихнамасы
1.Ежелгі Қазақстан тарихы пәнінің дерек көздері
2.Қазақстанның ежелгі дүние тарихының тарихнамасы.

Жазба дерек көздері мен археологиялық материалдар негізінде көне қоғам өмірінде орын алған түрлі жайттарға, соның ішінде археологиялық мәдениеттердің қалыптасуы мен дамуына, шаруашылық қаракеттерге, діни көзқарастар жүйесіне, ежелгі өнер мен мәдениет жәдігерлеріне, антропологияға, қоғамдық құрылыс, мемлекеттілік пен билікке қатысты мол мағлұматтар жинақталды. Бұған Мәдени мұра атты Стратегиялық Ұлттық Жоба оң септігін тигізді. Бағдарлама аясында көне дәуірлердегі тарихи оқиғаларды баяндаған түрлі тілдердегі қытай, парсы, грек, т.б. дерек көздері қайта басылып шықты, бір қатары қазақ тіліне аударылды, ғылыми айналымға жаңа деректемелер енгізілді. Әрбір мәдени тарихи кезеңдердің негізгі археологиялық ескерткіштері жүйелі түрде зерттелінді.
Ежелгі Қазақстан тарихы басқа дәуірлерге қарағанда, негізінен, археологиялық материалдар бойынша ғана толымды түрде өрбітіліп келеді. Сол себепті де оқу құралында деректік негізін ең алдымен археологиялық дереккөздерін талдаған зерттеушілердің еңбектері, содан кейін барып көне жазба деректері бойынша ой толғамдарын жасаған ғалымдардың ізденістері құрылды.
Басты дерек негізінен Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты мұрағатының қорлары және ғылыми басылымдарда жарияланған бірқатар археологиялық экспедициялар мүшелерінің еңбектерін құрайтынын айта кету керек.Осы орайда өткен ғасырдың алғашқы жартысынан бастап Қазақстан аумағында далалық ізденістер жүргізген археологиялық экспедицияларды атап кетуге болады: Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (С.С.Черников); Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы, Жетісу археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам, Е.И.Агеева); Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (әр жылдардағы жетекшілері Ә.Х.Марғұлан, М.Қ.Қадырбаев, Ж.Қ.Құрманқұлов, т.б.); Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П.Толстов, т.б.); Қаратау палеолит отряды (Х.А.Алпысбаев); Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (Г.Б.Зданович, В.Ф.Зайберт); геологтар А.Г.Медоев, М.Н.Клапчук, Б.Ж.Аубакиров қатысқан экспедициялар (Солтүстік Балқаш геологиялық; Шу-Іле геологиялық-геоморфологиялық; Орталық Қазақстан геология басқармасының Сокур отряды, т.б.); Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Іле археологиялық экспедициялары (К.А.Ақышев); Отырар археологиялық экспедициясы, Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев,К.М.Байпақов); Петропавл және Орал-Қазақстан археологиялық экспедициялары (Г.В.Зданович, т.б.); Шардара археологиялық экспедициясы (А.Г.Максимова); Қостанай және Торғай археологиялық экспедициялары (В.Н.Логвин, т.б.); Шүлбі археологиялық экспедициясы (А.Г.Максимова, С.М.Ақымжанов, т.б.); Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (З.С.Самашев); Целиноград археологиялық экспедициясы (В.С.Волошин); Павлодар археологиялық экспедициясы (В.К.Мерц), т.б. Сондай-ақ республика аумағындағы Алматы, Шымкент, Қарағанды Орал, Өскемен, Қостанай, Ақтөбе, т.б. қалаларда орналасқан педагогикалық институттар, университеттер, облыстық музейлер жасақтаған археологиялық экспедициялар (А.Г.Кушаев, Ә.М.Оразбаев, В.В.Евдокимов, А.Н.Подушкин, И.И.Копылов, А.Н.Марьяшев, Ф.Х.Арсланова, З.С.Самашев, Ә.Т.Төлеубаев, т.б.) жетекшілері мен мүшелері жариялаған материалдар да деректік негізін құрайды.Қазақстан аумағында кеңестік дәуірде зерттеу жүргізген Астрахань (А.Н.Мелентьев), Еділ-жайық (Л.Л.Галкин), Хакас, т.б. экспедициялардың да материалдары біз үшін маңызды. Тәуелсіздік жылдарында да Қазақстан археологиясын әлемге таныта түскен бірқатар экспедициялардың жарияланған материалдары да деректік негізін құрап отыр. Олардың арасынан Есіл археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев), Берел археологиялық экспедициясы (З.С.Самашев), Шілікті археологиялық экспедициясы (Ә.Т.Төлеубаев), Орал кешенді археологиялық экспедициясы (К.М.Байпақов), Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Қ.Құрманқұлов), Сарыарқа археологиялық экспедициясы (А.З.Бейсенов), сондай-ақ облыстар бойынша құрылған Тарих және мәдениет ескерткіштер жинағының экспедицияларын, т.б. атап кетуге болады. Сонымен қатар соңғы жылдары нәтижелі жұмыс істеген халықаралық археологиялық экспедициялар (қазақ-итальян, қазақ-француз, Қазақстан-Ресей, т.б.) мүшелері жарыққа шығарған мағлұматтар да деректік негізін құрайды.

Сұрақтар
1. Ежелгі Қазақстан тарихының тарихнамасы.
2. Ежелгі Қазақстан тарихының деректік негіздері.
3.Қазақстанның ежелгі тарихы бойынша дерек көздерінің басым бөлігін
құрайтын. археологиялық мәліметтерді атаңыз.
4.Ежелгі Қазақстан тарихын зерттеуге үлес қосқан археологиялық
экспедициялардың тарихы.
5. Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеген орыс ғалымдары және олардың
еңбектері.

Қосымша тапсырмалар:
1. Мәдени мұра атты Стратегиялық Ұлттық Жобасы бағдарламасы аясында
зерттелініп жатқан археологиялық ескерткіштермен жазба дереккөздеріне
тоқталыңыз.
2. Ежелгі дәуір кезіндегі этнонимдерге тарихнамалық талдау жасаңыз.
3.Көне мемлекеттердің астаналарына және тайпалар мен халықтардың
ораласқан аумағына қатысты айтылған көзқарастарды тарихнамалық
тұрғыдан зерделеу керек.
4. А.Н.Бернштам және ежелгі Қазақстан тақырыбында слайд-шоу өткізу.
5.Қытай деректеріндегі тайпалық одақтардың орналасуын картаға түсіру.

Дәріс 3. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыстың кезеңдері
1.Қазақстанның ежелгі дүние тарихы туралы жаңаша көзғарас жүйесі.
2.Палеолиттік ескерткіштер

Планетамыздың барлық түпкірлерінде адамның шығуы мен даму тарихында, сондай-ақ оның еңбек қызметінің іздерінде ортақ нәрсе көп. Алайда адамзаттың ежелгі өткен заманының көптеген беттері осы кезге дейін ашылған жоқ, анықталған мәселелер мен даулы қағидалар әлі де көп. Біздің ертедегі бабаларымыздың өмірі туралы қазіргі түсініктер адам еңбегінің қалдықтары- тас құралдар, оларды дайындаған кездегі қалдықтар, тамақ қалдықтары - жануарлардың сүйектері сақталып, үңгірлерді, үңгіме қуыстарды зерттеуге негізделеді. Осы заманғы "мешеу халықтар" дейтіндердің өмірінен алынатын этнографиялық деректердің де маңызы аз емес. Олар ежелгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір жақтарын жақсырақ түсіндіруге мүмкіндік береді. Бірақ басты ақпаратты дегенмен де алғашқы қауымдық қоғамның ең көп таралған материалы- тастан жасалған еңбек құралдары береді.
Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Олардың негізінде тасты өңдеу техникасының жетілдірілуі және соған байланысты еңбек өнімділігінің, материалдық және рухани мәдениеттің өсуі жатыр. Археологияда қабылданған кезеңдерге бөлуге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді. Аталған дәуірлердің әрқайсысында өз кезегінде хронологиялық ірі кезеңдерге бөлінеді. Тас ғасыры үш кезеңнен: палеолит, мезолит, неолит кезеңдерінен тұрады. Палеолиттің кеңінен мәлім кезеңге бөлінуі соңғы жылдары жеткілікті дәрежеде елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі палеолиттің бірінші, ең ертедегі мәдениеті деп олдувай мәдениеті дейтін танылады. Осыған байланысты Қазақстанның палеолитті кезеңдерге бөлу де басқаша көрінеді.
Ежелгі тас ғасыры дәуірі - адам мен оның шаруашылығы қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарларды аулаған. Палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр - бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. Бұл әлеуметтік құрылым бейнесіздігімен, қоғамдық қатынастардың жетілмегендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге оған неке байланыстарының кейбір реттелгендігі тән болды.
Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезеңдерінің бірі - ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм- алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал мусьте дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы палеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен - алғашқы қауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады. Көптеген зерттеушілердің топшылауынша, бұл сапалық секіріс неандерталдың осы заманғыдай дене бітімі бар адамға айналуымен тұтас келеді.
Келесі дәуір - мезолит дәуірін, ал одан кейін неолит пен энеолитті көшпелі және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетінің қалыптасу және даму уақыты ретінде сипаттауға болады. Ал қарастырылып отырған дәуір бізден қаншалықты қашық болғанымен, біз алғашқы қауым аңшылары мен жинаушыларының ежелгі мәдениеті шектес аймақтардың мәдениеттерімен өзара тығыз әсер ету арқылы дамыды деп сеніммен айта аламыз.
Палеолит-ежелгі тас ғасыры (б.з.д.2,6 млн.-12 мың жылдық). Тас ғасыры -адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың - 87 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.
Тас ғасыры ежелгі тас (палеолит), орта тас (мезолит), жаңа тас (неолит) болып бөлінеді.
Палеолиттiң өзi үшке бөлiнедi: ежелгі палеолит (б.з.д 2,6 млн.-140 мың жыл бұрын), орта палеолит (140-35-30 мың жыл бұрын), кейiнгi палеолит (б.з.д 35-30-12 мың жыл бұрын). Ежелгі адамның қалыптасуы австралопитек, питекантроп, синантроп, неандертальдық, кроманьондық деп бөлінеді:
1.Австралопитек Епті адам - Шығыс Африкадағ, Олдувай шатқалынан табылды. Жасы-1 млн. 750 мың жыл. Миының көлемі-652 см3.
2.Питекантроп Тік жүретін адам - 1890-1891 жылы Ява аралынан табылды.
3. Синантроп Қытай адамы - 1927 жылы Пекин маңынан Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Жасы-1млн. жыл. Миының көлемі-950 см3
4. Неандертальдық-. Неандерталь (Германия) үңгірінен табылды. Жасы-140 мың жыл. Миының көлемі-1300-1400 см3.

Дәріс 4. Тас ғасыры: кезеңдері және археологиялық ескерткіштері
1.Тас ғасырының (б.з.б. 2,6 млн. ж-б.з.б. 4 мың ж.) кезеңдері.
2.Палеолит. Мезолит. Неолит. Энеолит

Ежелгі палеолит. Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке): олдувей (б.з.б.2,6 млн жыл-700 мың жыл), ашель(б.з.б.700 мың-150-120 мың жыл) және мустье (б.з.б. 150-120 мың-35-30 мың жыл) кезеңдеріне бөлінеді.
Ежелгі палеолит-адамзаттың және оның шаруашылығының қалыптасу кезеңі. Ежелгі палеолит кезеңінде алғашқы адамдар тастан еңбек құралдарын жасай білді, аң аулап, терімшілікпен айналысты, тобыр болып бірікті. Палеолит адамдарының қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. Бұл әлеуметтік құрылым бейнесіздігімен, қоғамдық қатынастардың жетілгендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге оған неке байланыстарының кейбір реттелгендігі тән.
Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуіріндеп адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашелъге сәйкес келеді. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғы шарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардың кәзіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді.
Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері

Оңтүстік Қазақстан
Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Қарасу, Шабақты, Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ, Арыстанды.
Орталық Қазақстан
Құдайкөл, Жаманайбат, Обалысай, Семізбұғы
Шығыс Қазақстан
Қозыбай
Батыс Қазақстан
Шабақтысай, Сарытас

Құралдар жасағанда адам отты шебер пайдаланды. Тасты бірте-бірте қыздырып, кейін суыту оның құрылымын өзгертті; мұның өзі құралдарды қыспа ретушь техикасы арқылы өңдеуді жеңілдетті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте әр қилы құралдардың саны оннан асып кетті, сыдырғыштар, сүйір және доғал қырғыштар, екі шеті жұқартылған қалақтар, қырларының бәрінің жүзі шығарылған кескіштер, найзалар мен сүңгінің ұштары, шұңқырлы қалақтар, тескіштер жасалды. Әсіресе, кескіш құралдар көп болды; бұлар қалақтар мен сынықтардан жасалды; олардың үшкір бұрышы омырылып, қалақ жүзіне кесе-көлденең келетін шеті де кесетін болды. Кескіштердің сүйек өңдеуде рөлі өсе түскенін көрсетеді. Бұл материалдан шақпақ жүзді, сүйек сапты құрама құралдар, әр қилы бұрғылар, тескіштер, ауланған жануарлардың терісін өңдейтін қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің сүйек ұштары, шанышқылар, лақтыратын найзалар жасалды. Сүйек инелер пайда болып, адам теріден киім тігуді үйренді.

Орта палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері.
Оңтүстік Қазақстан
Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ, Тоқалы, Қызылрысбек, Үшбұлақ
Орталық Қазақстан
Обалысай, Мұзбел, Өгізтау І-ІІ, Үлкен Ақмая
Батыс Қазақстан
Өніжек, Аққыр, Құмақаж
Шығыс Қазақстан
Бөдене, Қызылсу

Кейінгі палеолит дәуірі-Жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстанған уақыты және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Кейінгі палеолит дәуірінде жер бетін мұз басу ұлғайып, жылылықты жақсы көретін өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлері жоғалып, құрып кете бастады.

Кейінгі палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері.
Оңтүстік Қазақстан
Ащысай, Үсіктас
Орталық Қазақстан
Батпақ, Қарабас, Агренсор
Батыс Қазақстан
Аққыр, Шақпақата, Өніжек
Шығыс Қазақстан
Свинчатка, Шульбинка, Пещеры, Новоникольский, Қанай
2. Мезолит - орта тас ғасыры (б.з.д.12-5 мың жылдық) . Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезде дейін аз зерттелген. Бұл уақыттың материалдық мәдениеті туралы алғашқы ақпарат 50 - жылдарда ғана пайда болды. 70-80 - жылдардағы В.Ф.Зайберттің Есіл өңірінде, В.Н.Логвиннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген далалық зерттеу жұмыстары ғана мезолит және оның далалық өңіріндегі айрықша белгілері туралы жалпы сипатта алғашқы түсініктер алуға мүмкіндік берді. 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында Батыс және Оңтүстік Қазақстанда археологиялық зерттеулер жандандырылып, бірнеше жаңа тұрақ ашылды.
Палеолиттен мезолитке (грекше мезос - орта деген сөзден шыққан) көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады. Мамонттық жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін (қамалап аулау және т.б) жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттігін туғызды. Мейлінше елеулі фауналық өзгерістер болған бір аймақтарда егіншілік және мал шаруашылығы элементтері пайда болып, басқаларында балық аулау және жинау - аңшылық кәсібі қалыптасады. Әдебиетте мезолиттің мейлінше әр түрлі хронологиялық шеңберлері мен оның ерекше сипаттамалары бар. Қазақстан аумағының далалық өңірі үшін ең қолайлысы мезолиттің б.з.б. Х-VII мыңжылдықтар бойы болуын мойындау керек. Садақ пен жебенің кеңінен қолданылуын, еңбек құралдарын дайындауда сына техникасының таралуын, халықтың орын ауыстыруының артуын мезоллиттің ең жалпы ерекше белгілері деп санауға болады. Мәдени-шаруашылық үлгілердің және еңбек құралдарын дайындау технологиясы сипатының аймақтық ерекшеліктері археологиялық мәдениетті бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге б.з.б. VII мыңжылдыққа қарай қазіргісінен әлдеқайда жұмсақ болған жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және басқа тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрақтарының орнын оңай әрі тез ауыстырып отырды. Қызылжар қаласына жақын Есіл бойынан Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2 тұрақтары табылды. Сәл оңтүстікте, Атбасар маңында - Тельман -7, -8а, -9а, -14а, одан да оңтүстікте, Қарағанды маңында Әкімбек және Қарағанды -15 тұрақтары бар. Көкшетау маңындағы далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовка - 20, -12 тұрақтары мәлім. Торғай ойпаңы ауданында - Дүзбай-6, Қостанай қаласы маңында Дачная және Евгеньевка тұрақтары орналасқан29.
Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы - садақ. Шынына келгенде адамға ол жоғарғы палеолитте мәлім болған, бірақ оның кең таралуы жеке аң аулауға көшуге байланысты ғана мейлінше қажет болды. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі өзгерістерге жеткізеді. Садақ пен жебе барлық жерге дерлік тез таралды. Ол 10 мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын және ең жаңа қару болды. Оның найза мен шанышқыдан артықшылығы нысананы алыстан атуында ғана емес, сонымен қатар ату әдістерінің алуан түрлі: тұрып та, жатып та, отырып та атуға болатындығында еді.
3.Неолит-жаңа тас ғасыры (б.з.д.5-3 мыңжылдық). Бұл тас өңдеуде техника гүлденген кез болды. Еңбек құралдарын өндіру барған сайын мамандандырылды. Қыспа ретушь техникасын жетілдірумен қатар тас өнімдерін тегістеу,бұрғылау,арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты. Тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентениттен, басқа да тастардан әшекейлер-білезіктер,алқалар жасалды.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына - жиын-терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болган мал шаруашылығы мен егіншіліктің тууы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамы дамуы үшін орасан зор маңызы болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Адамның экономикалық қызметінің одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы едәуір дәрежеде осы екі шаруашылықтың даму, жетілу тарихы болып табылады.
Неолит дәуірінде алғашқы адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығуына себепші болды. Қазақстанның ежелгі тұрғындарында кен кәсібінің бастамалары шықты. Қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды; онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал- жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Сонымен бірге мұның өзі қоғамның ұйымдасу түрлерінің неғұрлым жоғары дамыған уақыты болды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланысына қарай және шаруашылығының біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше (азды-көпті) рулық қауымдардан құрылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай-бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардағы негізгі құрал-саймандар-пышақ тәрізді қалақтар және солардан жасалған заттар.
4. Энеолит-мыс пен тас ғасыры (б.з.д. 4-3 мың.ж.). Археологиялық кеезеңдерге бөлу өлшемдеріне сәйкес, адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуірді энеолит деп түсіну керек. Әдетте, бұл жалпы алғанда шақпақтас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеп соғады. Археологиялық үлгілердің материалдық мәдениетке жататын жаңа жиынтықтары: жалпақ түпті, өрнегі бай керамика, ұсақ қалақша, тұрғын үйлер айқын көрінеді. Мыс қосылған шақпақтас бұйымдарымен ұштасқан бұл үлгілер жиынтығы энеолиттік үлгідегі археологиялық кешендерді сипаттайды. Энеолиттік кешендер оңтүстік өңірлерде неғұрлым айқын көрінеді, оларда мыс құралдардың енгізілуі егіншілер мен малшыларға өндірісті дамытуда елеулі табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Энеолиттік дәуір мал шаруашылығы басым даладағы далалық өңірде де маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит мүлде басқаша көрінеді. Мұнда табиғи‐экологиялық орта мүлде басқаша және оны игеру үшін адам ең оңай жолмен жүре отырып, бейімделудің басқа жолын таңдап алады. Бұл жолда тас индустриясы кері кете қойған жоқ, керісінше бұрынғысынан да жоғары деңгейге көтерілді. Адам тасты өңдеудің (тесу, өздігінен қайралатын балталар, мінсіз аэродинамикалық түрдегі найзалардың ірі ұштары, оймалау және т.б.) мүмкіндіктерін ақырына дейін жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар өндірістік‐шаруашылық (соның ішінде керамикалық және сүйек) саймандарының түр‐түрін де шамадан тыс кеңейтті. Рас, бұл уақытта қалақша‐қыстырма индустрия өз мәнін жоғалтқан еді. Энеолит дәуірінде климат ылғал болды. Сол арқылы ірі сүтқоректілер санының белсенді түрде табиғи өсуіне, көбеюіне мінсіз жағдай жасалды. Бұл кезде мұнде жылқы да осындай болды. Бұл түрінің экологиялық, тепе‐теңдікті бұзбай күрт көбеюі, аң аулайтын алқап көлемінің бөлінісіне шаққанда оның мөлшерінің ұлғаюы басқа үрдістерді өмірге келтірді. Аңшылық ұжымдардың өздері көшіп жүретін аумақты қысқарту, ал кейде оны толық есебінен өз алқаптарының көлемін кеміткені былай тұрсын, сонымен бірге бір жерде ұзақ уақыт бойы шоғырлана да білді. Тарылған аң аулау алқаптарындағы тұтынылатын биомассаның орнын толықтыру өз төлінің табиғи өсу есебінен ғана емес, сонымен қатар аңшылардан босаған аумақтардан табындардың ағылып келуі есебінен де жүзеге асып отырды.
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері.
Арал маңы
Сексеуіл (Арал тұрақтар тобы)
Оңтүстік Қазақстан
Қара үңгір, Қарақұдық, Бүркітті, Үшбұлақ
Шығыс Қазақстан
Нарым, Қызылсу, Сатшықыз
Солтүстік Қазақстан
Қаратомар, Иман-Бұрлық, Дамсы, Ботай
Батыс Қазақстан
Тоқсанбай, Сам, Көктүбек, Жағалбұлақ, Темір, Шатпақкөл, Құлсары, Шаңдыауыл, Сарықамыс
Орталық Қазақстан
Қосқұдық, Ырғыз, Қараторғай, Батпақ
Солтүстік-батыс Қазақстан
Явленка, Карлуга, Боголюбово, Виноградовка, Тельман-1,10, Мақанжар, Тұздыкөл, Дүзбай, Бестамақ, Аманкелді.

Сұрақтар:
1. Қазақстан аумағындағы өркениеттің басталуы.
2. Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс.
3.Тас ғасыры: кезеңдері және археологиялық ескерткіштері.
4. Палеолит, мезолит, неолит кезеңдері.
5. Төменгі палеолиттегі тас өңдеуде соқылау техникасы немесе малта тас
мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?
6. Мезолит дәуіріндегі еңбек құралдарын дайындау техникасында
қандай өзгерістер болды?
7. Неолит тас индустрия кешендеріне жататын ескерткіштер және тұрақтар.

Қосымша тапсырмалар:
1.Алғашқы қауымдық құрылыс қандай дәуірлер мен кезеңдерден тұрады?
Схема сызыңыз.
2. Тас дәуірі және археологиялық ескерткіштер тақырыбына слайд шоу
жасаңыз.
3. Тас ғасыры: палеолит, мезолит және неолит кезеңдері атты фото-сурет
көрмесін ұйымдастырыңыз.
4. Алғашқы қауымдық құрылыс атты эссе жазу.
5. Студенттерді топқа бөліп диспут өткізу.

Дәріс 5. Қазақстан қола дәуірінде.
1.Қола дәуіріне жалпы сипаттама, қоланың ерекшеліктері.
2.Қола дәуіріндегі археологиялық ескерткіштер.

1. Қола дәуірінің ерекшеліктері. Б.з.б II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі бұйымның неге арналуына қарай, әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда қоланың бірсыпыра айырмашылықтары бар꞉ оның өзгешелігі - өзі қатты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат бола бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл аумақта металлургияның мықты ошағы шығуының бір себебі болды.
Қола дәуіріндегі экономиканың басты - басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбек мамандануының күшеюіне қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.
Қола дәуірінің кезеңдері:
1.Ерте қола дәуірі- б.з.б. ХVІII-ХV ғасырлар.
2. Орта қола дәуірі- б.з.б. ХV-ХIII ғасырлар.
3. Кейінгі қола дәуірі- б.з.б. ХІІІ-VIII ғасырлар.
Ерекшеліктері:
Түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен игерілуі-қола металлургиясы шықты.
Ең алғашқы қоғамдық, еңбек бөлінісі-бақташылық мал шаруашылығы мен теселі егіншілік пайда болды.
Әкелік отбасылық рулық қатынас орнады.
Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.
Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі көшпелі мал шаруашылығына көшті.
Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола дәуірінде андронов мәдениетіне сай жәдігерлер қалдырған. Андронов қауымдастығына енген тайпалардың тараған негізгі аймақтарының бірі Орталық Қазақстан болған. Қазіргі уақытта Орталық Қазақстанда қола дәуірінің 50-ге жуық қонысы мен 150 ірі қорымы табылды. Қазба ісі 40 қорым мен 10 қоныста жүргізілді. Орталық Қазақстандағы андронов мәдениеті тайпалары өз дамуында бірінен соң бірі келетін екі кезеңді: оның алдыңғысы Нұра кезеңі, ортаңғысы-Атасу кезеңі. Соңғы қола дәуірінде (б.з.б.Х-ҮІІІғ.ғ.) олар андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары, көрнекті Дәндібай-Бейғазы мәдениетін құрды (Қарағанды қаласының маңындағы Дәндібай ауылында және солтүстік Балқаш өңіріндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жеріне қарай осылай аталған). Нұра кезеңі тайпалары өлікті өртеп жерлеу ғұрпы тән. Өлік қазылып қойылған молаға жақын жерде өртеліп, одан соң күлі молаға қойылған, ал сонымен қоса өлікті молаға салу ғұрпы да болған, ол әсіресе Атасу кезеңінде ерекше кеңінен тарады. Нұра кезеңіндегі тайпалардың мәдениетін қыш ыдыстар ерекше айқын сипаттайды. Ыдыстардың дені ернеуінің жиегі сыртқа қарай иіліп, мойны мен бүйірі иіліп барып жалғасатын құмыралар болып келеді. Түбі жайпақ, кейде шығыңқы, сүйір болады. Бұл ыдыстар вазаға ұқсас, ыдыстардың көбінің көлемі мен сыйымдылығы бірдей. Олар үшбұрыштардың, меандрлардың, қатарлас канелюрлердің қиюласуы түрінде ернеуінен орта беліне дейін салынады, кейде ыдыстын түп жағы да сәнделеді. Өрнек тарақ тәрізді және тегіс қалыппен түсірілген. Бұл дәуірде жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады.
Орталық Қазақстанда Атасу кезеңінің ескерткіштері көп, олар: Қоңырат ауданындағы Былқылдақ, Қарасай, Темірастау, Қарабие қорымдары, Шерубай-Нұра өзен алқабындағы баспалдақ, Ақсу-Аюлы-І қорымдары, Бетпақдаланың солтүстік шетіндегі Елшібек, Беласар қорымдары және т.б. Құрбандық шалатын орындар да Орталық Қазақстандағы (Атасу өзені алқабының таулы жерлеріндегі Нұра, Қарасу, Жарлы, Ақбілек өзендерінің алқаптарындағы ) дамыған қоланың өзінше бір үлгідегі ескерткіштері болып табылады. Олар әр уақытта жазық жерде, маңайына қарағанда дөңестеу, қоңыстар мен қорымдардан оңашалау жерде орналасқан.
Андронов тайпаларының тіршілігінде теселі егіншілік болған, олар негізінен бидай, қарабидай және тары өсірді. Егіншілікпен қатар мал өсіру жедел қарқынмен дамып, негізгі салаға айналды. Андроновтық тайпалар қос өркешті бактриан түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарга салынған, ал Үшқатты қонысынан түйенің қыш мүсіні табылды.

Тілі - үнді-ирандық.
Қола дәуірінде рулық қауым ыдырап, шағын отбасылардың рөлі күшейіп, патриархалды-рулық қатынастарды сақтаған көршілік қауым өркендеді. Кейінгі қола дәуіріне қарай отбасылық қауымдар бөлшектеліп, нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастады.

Дәріс 6. Қола дәуіріне тән ескерткіштер: Андрон мәдениеті. Беғазы-дандыбай мәдениеті.
1.Андронов мәдениетінің Қазақстандағы ошағы.
2.Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Андронов мәдениеті: материалдық және рухани ескерткіштері. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстанның және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді; бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Бірінші ескерткіштің табылған жері - Ачинск маңындағы Андронов селосының атына қарай бұл мәдениет ғылымда шартты түрде Андронов мәдениеті деп аталды.
Андронов мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. батыс аудандардың андроновтық тұрғындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырды.
Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жертөлелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды.
Андроновтық уақытқа байланысты металдан жасалған еңбек құралдары, қарулар және сәндік заттар: ұңғысы бар, дүмі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға-шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер көп тарады.
Андроновтық тұрғындарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегі бар балшық ыдыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері болып табылады.
Андронов тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды. Кейде, әсіресе Орал өңірінде бұлардың орнына обалар үйілді. Өлген тайпалас адамдар не өртнлді, не ерекше әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол-аяғы бүктеліп, тас тақталардан жасалған жәшікке немесе қазылған төрт бұрышты шұңқырға салып жерленді.
Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды. Мұның алдындағы уақытта ыдыстардың түбі шығыңқы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болды. Олардың сырты тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен түсірілген күрделі геометриялық өрнектермен сәнделді.
Сәндік заттардың андроновтық тайпалар мәдениетінің тараған шегінен аспаған ерекше түрлері: алтын жапырақшадан бір жарым қайырым бүктеліп жасалған сырғалар, бас киімге және басқа да киімге тағылатын көзілдірік тәрізді және табан із тәрізді сәнді салпыншақтар, қақтама өрнекті тоғалар, шеттері иректеліп түйілген білезіктер болды.
Өндіріс техникасының дамығандығы және қола заттар мен балшық ыдыстар түрлерінің әдемілігі мәдениет деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді.
Андронов мәдениетінің қалай шыққаны - пікірсайыс туғызып келе жатқан проблема. Бұл проблеманы шешудің қиындығына бұдан бұрынғы неолит пен энеолит дәуірлеріндегі ескерткіштердің жеткіліксіз зерттелуі себеп болып отыр.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Еліміздің көне тарихын зерттеуде тынбастан еңбек етіп, үлкен үлес қосқан, аса көрнекті ғалым, археолог-Әлкей Хақанұлы Марғұлан. Оның жан қиярлық еңбегінің арқасында ғана Қазақстан территориясында ежелден бері тарихи-мәдени процесстердің жүргені, қазақ жерінің өзінің көнеден бергі төл мәдениеті болғандығы анықталды. Аталған ғалымның зерттеу аумағы кең болатын. Мысалы: тарихшы, этнограф, шығыстанушы, өнертанушы, филолог. Бірақ, Орталық Қазақстанның қола дәуір археологиясына назар аударғаны қуантарлық жағдай еді. Себебі, осы Орталық Қазақстаннан Беғазы-Дәндібай мәдениеті ашылған болатын. Өз жерімізде қалыптасып, дамыған бұл мәдениетке Әлекеңнің талай мақалалары, зерттеулері арналған.
Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда пайда болған жаңа мәдениет-Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі:
:: андронов дәстүрі сақталған.
:: жаңа элементтер енгізілген (мазарлардың айрықша типі және өзіндік өзгешелігі бар жерлеу салты- мәйітті шалқасынан жатқызу); домалақ ыдыстардың пайда болуы тән
Беғазы мәдениеті тайпалары бірінен кейін бірі келетін үш кезеңге: өтпелі, дамыған және соңғы кезеңдерге бөлінеді. Атасу заманынан Дәндібай-Беғазы заманына дейінгі өтпелі кезең Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған көптеген ескерткіштермен сипатталады. Олардың қатарына: Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3 кешендері жатады. Дәндібай-Беғазы мәдениетінің өтпелі және дамыған кезеңдеріндегі құрылыстардың көбінің ішкі қоршауларында ағаш төбесінің қалдықтары сақталыпты; бұл төбе пирамидалы-сатылы жақтау түрінде бөренелермен жабылған. Бөренелерден қалған көмір мен күлдің кейде 30 см болатын қалын қабаты төбеге жабылған ағаштарды өртеу рәсімі жасалғанын көрсетеді. Ағаш құрылыстарды өртеп бата қылудың мұндай ғұрпы Қазақстан аумағында соңғы қола дәуірі тайпаларында кеңінен таралған. Мәселен, Оңтүстік Қазақстандағы Түгіскен кесенесін қалдырған тайпаларда осындай немесе осыған ұқсас ғұрып болған. Дәндібай-Бейғазы мәдениетінің дамыған дәуіріне жататындар-Беғазы, Айбас-Дарасы, Аққой тас, Дәндібай, Ортау-ІІІ, Сыңғыру-І, -ІІІ зираттары, Ұлытау, Шортанды бұлақ, Қарқаралы-І,-ІІІ қоныстары және т.б. Бұл қорымдар мен қоныстар тұрғын үйлері ғұрыптық-табыну үйлерінің сәулет-құрылыс жағынан жетілгендігімен шар тәрізді керамиканың жаңа түрлерінің әр алуандығымен сипатталады. Өткен замандағы күрделі бейіттік құрылыстардың орнына қоршаусыз ірі тас жәшіктерден жасалған қарапайым құрылыстар пайда болады. Бұлар - Қарқаралы маңының кең тауларындағы, Айдарлы, Бұғылы-ІІ, құрылыс алқаптарындағы ескерткіштер. Қыш ыдыстарыда өткен уақыттағы дәстүрлер әлі сақталады. Бірақ қазан тәрізді, бүйірі өте шығыңқы, мойны қысқа, ернеуі сыртына қайырылған көзелер, жағалы деп аталатын, ернеуі сыртына қарай кеңейтілген, ақырында,мойнына білеулеп балшық жапсырылған ыдыстар көбее түседі.
Беғазы-Дәндібай мәдениетін ұстанған тайпалар жөнінде айтатын болсақ, ең алдымен олар суы мол, шүйгін жайылымды, климаттық жағдайы жанға жайлы, жалпы өмір сүруге қолайлы жерлерді таңдаған. Ал, ондай жердің "жаннәті" болатын жерлер Орталық Қазақстанға тән еді. Сондай керемет жерлердің бірі өзіміздің Ақтоғай ауданындағы Бегазы тауының маңайы еді. Сондықтан да беғазылықгардың көрнекті ескерткіштерінің бірі осы жерде орналасқан.

Сұрақтар:
1.Қазақстандағы қола дәуірінің ерекшеліктері.
2.Андронов мәдениетінің ескерткіштері.
3.Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
4.Андроновтықтардың шаруашылығы мен тұрмысы.
5.Андроновтықтардың діни көзқарасы мен өнері.
6.Қола дәуірі тұрғындарының рухани өмірі.

Қосымша тапсырмалар:
1.Орталық Қазақстанда қола дәуірінің мәдени ескерткіштеріне сипаттама
беріңіз? Картамен жұмыс жасау.
2.Андроновтық тұрғындарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең
басты этнографиялық белгілері қандай? Фото-сурет слайды.
3.Қазақстан жерін мекендеген андронов тайпалар мәдениетін кезеңдерге бөлу
проблемасымен айналысқан ғалымдардың қандай еңбектерін білесіз? .Кітап
көрмесі
4.Дәндібай - Беғазы заманындағы тайпалар мәдениеттік дамуындағы
қандай кезеңдерге бөлінді ? Эссе жазу.
5. Қазақстандағы андронов мәдениетінің кезеңдеріне сипатама беріңіз?.Схема сызу.
6. Қола дәуіріндегі тайпалардың діни нанымдары мен табынушылықтары.

Дәріс 7. . Қола дәуіріндегі рухани және материалдық мәдениеттің дамуы.
1.Мал шаруашылығы. Аң аулау. Металлургия.
2.Материалдды мәдениет. Жерлеу ғұрпы. Тілдік ерекшелік мәселесі.
3.Қазақстан арийлық дала жүйесінде (үнді европалық миграция). Этностар қарым-қатынасының мәселесі. Дала цивилизациясы. Протоқала.

Үй жанында мал бағу мен жайылымда кетпенмен егін салудың одан әрі дамуы отырықшылықтың ұлғаюына, үй кәсіпшіліктерінің шығуына, металлургияның дамуына жеткізді. Ұлан-ғайыр далалық аймақта осы материалдық игіліктерді шығаратын негізгі өндірістер прогресінің шамамен бір деңгейлес болуы Андронов мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктерінің қалыптасуына, қоғамның әлеуметтік укладтарының жақын түрлеріне
Үй қоралардың жайғасуы, жер ошақтардың, шаруашылық ұралардың саны мен орны үйдің немесе оның жеке бөлігінің нақ неге арналуына байланысты болды. Арнайы бөлінген жерде металл қорытылып, құралдар жасалды. Кейбір үйлер қоғамдық жұмыстарға, жиындарға және діни ғұрыптарды орындауға арналды.
Қоныстарға жақын жерде рулық зираттар орналасты. Қабірлердің үсті айнала жалпасынан салынған немесе қырынан қойылған және қазылып орнатылған тақта тастардан тік бұрышталып, шаршыланып, дөңгелектеп қоршалатын болды, кейде обалар да етегінен тақта тастармен айнала көмкерілді, осындай тақта тастар лақыт шығарғанда да қолданылды. Оның ең көп тараған түрі тақта тастардан тігінен қойып жасалған немесе жалпағынан салып, ішке қарай ұмсындыра өріп жапқан тас жәшіктер болды.
Мал шаруашылығы тамақ өнімдерін ғана беріп қойған жоқ, сонымен қатар киім мен аяқкиім тігілетін шикізаттарды да берді.
Қола заманында тоқыма кәсібінің болғанын қара дүрсін тоқыма станогі ұршықбастарының, сүйектен, тастан, балшықтан жасалған шүйке орағыштардың және қарапайым тоқыма станогі арқауын тарататын сүйек жуалдардың табылуы дәлелдейді1. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен тоқылды. Қола дәуіріндегі тайпалар жабайы қара қурайдан, жабайы зығырдан және қалақайдан иірілген жіптерді де қолданды. Бұлардан шаруашылыққа қажетті арқан есілді, балық аулайтын тор тоқылды, бұлармен киім тікті.
Қабірлерден табылған аяқкиім қалдықтарына қарағанда олар теріден тігілген, өкшелері болмаған, тарамыс жіппен тігіліп, жіліншік тұсынан баумен тартылып байланған. Теріні ұқсату үшін ірі малдың жақ сүйектерінен жасалған лөкет пышақтар және қоныстардан жиі табылатын тегістегіштер қолданылды.
Еркектер мен әйелдер басына жүннен тоқылған немесе теріден тігілген құлақшын киді. Сыртқы киімдер де жүн матадан тігілді. Олар, сірә, қос өңірлі болды немесе мойнында ойығы болып, сол жағынан бір түймемен қаусырылды.
Әйелдердің киімі көйлек, кұлақшын, тері аяқкиім болды. Әдетте, жүн матадан тігілген көйлектің етегі тізеден төменірек түсетін, жеңі ұзын болатын болды. Жеңнің қайырмасына қатар-қатар моншақ тағылды. Белдемшенің алды белдігінен етегіне дейін бірнеше қатар ақ моншақтар тізбегімен сәнделді. Мата қызыл түстің әр түрлі реңімен- ал қызыл, қызыл көк бояумен боялды.
Қабірлерден табылған көптеген сәндік затарға қарап, әйелдер құлақтарына алтын қаптаған үлкен сырғалар мен бұрама самай сырға, мойындарына өңір жиек немесе моншақ тізілген алқа таққан, қолдарына білезік, жүзік салған деуге болады. Киімнің жағасына әйнек моншақтар тіккен, кеуделеріне дөңгелек қаптырма таққан. Табан із, дөңгелек, ромб тәрізді, кейде өрнектелген салпыншақтар мен белдік құрсаушалар кеңінен тараған. Еркектер де, әйелдер де сәндік зат және бой тұмар есебінде қабыршақтарды, жыртқыш аңдар мен малдардың азуларын тағатын болған. Олардың кейбіреулері қызыл жосамен боялған.
Қоныстарды мекендеушілерде керамика ыдыстарын жасау ісі едәуір орын алды. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналған. Қола дәуіріндегі құмырашылар көбінесе әйелдер болды.
Ыдыс-аяққа қарап, олардың жасалу техникасы туралы сөз етуге болады. Балшық өте мұқият таңдап алынып, кейде ол бірнеше километр жерден әкелінетін болған. Кейін барып ұқсатылатын, атап айтқанда: мұздатылған (қыстатылатын) немесе жаз бойы кептірілетін болды, одан кейін жібітіліп, иленетін болды.
Қола дәуіріндегі ежелгі тайпалардың көркемдік талғамы мен мәдениеті туралы сәндік заттар мен өнер бұйымдарына қарап қорытынды жасауға болады. Ілуде бір болса да аң стилінде жасалған заттар да кездеседі. Олардың арасында Шағалалы мен Явленка I қоныстарынан табылғандарында жылқының жақ сүйегінен кесіліп жасалған малдың басының бейнелері бар. Шебер сүйектің табиғи бітімін пайдаланған; ол сүйекті ойып, көз, құлақ шығарған; жақтың шетін кесіп тастап, тегістеп жылтыратқан. Әсем жануардың басын көрнекті етіп көрсету үшін осының өзі де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі
Қазақстан жеріндегі мыс-тас дәуірінің зерттелу тарихы
Палеолит дәуірі
Қазақстандағы тас дәуірі
Адамзаттың ежелгі тарихының негізгі кезеңдеріне жалпы сипаттама
Қазақстанның неолит дәуірі мәдениеттері
Мезолит және неолит ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Орталық Қазақстанда Нұра кезеңі
Қазақстан аумағындағы тас және қола дәуірінің ескерткіштері
Кейінгі палеолит дәуірі
Пәндер