Өрттің шығу қаупі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

  1. Тақырып бойынша ұжымдық-құқықтық және нормативті-техникалық құжаттарды талдау . . .

1. 1Техникалық регламенттер . . .

1. 2 Объектінің жедел-тактикалық сипаттамасы . . .

1. 3 Өндірісте өрт қауіптілігіне жүгінетін заттар мен материалдар . . .

1. 4 Өрт сөндіру қондырғылары мен түтін шығару жүйесінің болуы және сипаттамасы . . .

  1. Сумен жабдықтау . . .

2 ӨРТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ . . .

2. 1 Өрттің шығу қаупі . . .

2. 2 Өрттің даму фазалары мен моделі . . .

2. 3 Өрттің қауіпті факторлары . . .

2. 4 Көшіру " Ұғымы» . . .

2. 5 Құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру . . .

2. 6 Ұйым қызметкерлерінің келгенге дейін өрт сөндіруді ұйымдастыруы

өрт сөндіру бөлімшелерінің . . .

2. 7 Өрт күзеті бөлімшелерінің өрт сөндіруін ұйымдастыруы . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер . . .

КІРІСПЕ

Көп мемлекеттерде өртпен күресу, адамдардың өмірі мен денсаулығын, мүлікті қорғау мемлекеттің басты мақсаты, сонымен оны тиісті түрде шешу үшін, мүмкіншілікпен біршама материалдық және еңбек ресурстары қолданылады.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қазіргі уақытта өзекті және қыйындап бара жатқан мәселе болып табылады. Өртке қарсы қызметінің іс-қыймылын арттыру үшін біршама түрлері бар. Мысалы, материалдық-техникалық базаны жетілдіру. Аталмыш әдіс әрине жаңа және маңызды емес деп есептейді көпшілік, өйткені ол құрылымға біршама қаржы құюды талап етеді, сондықтан оның қолдануы қыйыншылықтар туғызады. Алайда, осы мәселе, жалпы Мемлекеттік өртке қарсы қызметін ұйымдастыруын және басқаруын жетілдіруін басты мәселесіне әкеп соқтырады, сондықтан осы әдісті қолдану өзекті мәселе деп есептеймін. МӨҚҚ іс-қыимылының деңгейін арттыру үшін басты резервтерді, басқаруды ұйымдастыру және қоғамның, халықтық қожалығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кеңінен тарту арқылы, іске асыру қажет.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әрбір субъектісінде өрт сөндіру бойынша қызметтерді қалаларда мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері атқарады, ал мемлекеттік өртке қарсы қызмет жетпейтін елді-мекендердің тыныштығына Қазақстан Республикасының субъектілерінің құрылып жатқан өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен ерікті өртке қарсы құрылымдары жауапты.

Осы орайда Қазақстан Республикасының елді-мекендерінде өртке қарсы қызметтің ұйымдастырылуын анықтайтын басты критерийі, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылдың 16 қаңтарында №16 қаулысына «Өрт қауіпсіздігінің жалпы ережелері туралы техникалық регламентіне» сәйкес шақыру орнына алғашқы бөлімшенің жетуі қалалық жерлерде - 10 минут, ауылдық жерлерде - 20 минуттан аспауы керек.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншігін, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік қызметтің бөлінбес бөлігі болып табылады. Жыл сайын елімізде 18 500-ден астам өрт болып, 700-ге жуық адам мерт болады.

Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік-құқықтық база жекелеген объектілердің және өнеркәсіп салаларының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейді. Алайда, осы уақытқа дейін шағын елді мекендер мен ірі қалаларда және бүтіндей алғанда елімізде өртке қарсы қорғаныс жүйелерін жобалау және құру мәселесі шешімін тапқан жоқ. Бұл салада тек жекелеген нормативтер ғана бар, ал шашыраған әдістер мен модельдер мемлекеттің өрт қауіпсіздігі жүйесін жобалау әдістерінің бірегей жиынтығына біріктірілмеген.

Қазақстанда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарының бірі өрттермен байланысты жағдайды болжамдау болып табылады. Ол үшін объектілердің өртке қауіпті сипаты мен олардың өртке қарсы қорғаныс дәрежелері, жедел жағдай жарақтандырылудың жай-күйі, өртке қарсы қызмет бөлімшелері қызметкерлерінің оқытылып-үйретілгендігі, өңірдің ауа райлық және геофизикалық сипаттамалары және басқа да көптеген мәліметтер туралы дәл де шынайы ақпарат болуы қажет.

Өртке қарсы қызметінің (әрі қарай мәтін бойынша ӨҚҚ) сферасында ғылыми басқару қағидасы, ӨҚҚ жүргізу процесінің заңдылықтарын талдауды және оның бөлімшелері мен аппараттарын басқаруды, аталған заңдылықтарды шығармашылық жұмыспен қоладануы арқылы іске асыруды және жаңа басқару құрылымын шығару, кадрларды іздеу мен оларды дұрыс орналастурды, талап етеді.

Мемелекеттік ӨҚҚ ұйымдастыру мен басқаруы, алдын ала, терең ғылыми талдауды қажет етеді, мүмкіншілікпен, ӨҚҚ қызметкерлері алдына қойылған мақсаттардың кеңінен тараған тәжірибелік жағдайларды және барлық ұйымдастыру-басқарушылық мәселелерді шешуін талап етеді.

Осымен қатар, аталмыш ұйымдастыру-басқарушылық мәселелерді шешу жолдары, қазіргі басқару ғылымындағы барлық заманауи әдістер мен шараларды, оның ішінде, жүйелік, кешендік, мақсаттық және бағдарламалық шешу жолдарын қолдану қажет. Осы уақытқа дейін, аталмыш мәселелер ӨҚҚ құрылымында, әрине адамның басқа іс-салаларындағындай, көпшілікті жағдайларда басшылардың, қызмет атқару барысында жиналған тәжирибесі мен іс-әрекеттері арқылы шешіліп келген. Алайда, аталмыш басқаруды жетілдіру мәселелерінің деңгейі мен қиындығы, қазіргі уақытта соншама жоғарлап кеткені біршама, сондықтан оларды шешу мақсатта, арнайы ғылыми жолымен жетілдірілген нұсқаулықтар өте қажет.

Жұмыстың өзектілігі: Елді-мекендерде өртке қарсы қызметтің қалай ұйымдастырылуы туралы заманауи көзқарас келесі жағдайларға негізделуі керек: ол кез-келген елді-мекенде пайда болған кез-келген төтенше жағдайға кез-келген уақытта бар күштері мен мүмкіндіктерін пайдаланып оны елеп-ескеру.

Ол кезде екі негізгі шектеу орындалуы керек:

- Осы қызметтің күштері мен мүмкіндіктері өрт туындаған жерге мүмкін уақыт аралығында, ең бастысы өрт туындауының физико-химиялық заңдарына сәйкес, жетуі тиіс;

- Елді-мекендегі өртке қарсы қызметтің күштері мен мүмкіндіктерінің жалпы саны арнайы типтегі төтенше жағдайларға берілген экономикалық расталған, яғни, тәуекелділік деңгейіне қолайлы болуы тиіс.

Көрсетілген шарттарды өртке қарсы қызмет орналасқан әрбір елді-мекенде орындау үшін төтенше жағдайды жою бойынша қажетті жұмыстар анықталуы керек және оларды орындау үшін қажетті шығындар саналуы керек (қажетті техникалық, адам және уақыт ресурстары) .

Елді-мекендердегі өртке байланысты жағдайлар халық санына көп байланысты болады. Одан басқа осы көрсеткішке аймақтардың социалды-экономикалық құрылымы әсер етеді. Өртке қарсы қызметтің әрекеттері аймақтың табиғи-климаттық шарттармен тікелей байланысты және табиғи сипаттағы мүмкін болатын төтенше жағдайларға байланысты.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыздандыруда айтарлықтай рөл атқару өрттің алдын-алуға да көп күш жұмсалады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Өрт болған жағдайда құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру .

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін кешенді шешу адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, материалдық, мәдени және табиғи құндылықтарды сақтауға, сондай-ақ елді одан әрі қарқынды индустриаландыру мен Қазақстан халқының әл-ауқатының артуына ықпал ету.

Халықты қажетті өрт қауіпсіздігі деңгейімен қамтамасыз ету және өрттерден, басқа төтенше жағдайлардан келетін зиянды азайту үшін елді мекендердегі өртке қарсы қызмет туындаған төтенше жағдайдың (өрттің) сипатына бара-бар күштер мен құралдардың тиісті жиынтығымен кез-келген уақытта әрекет етуге дайын тұратындай болып ұйымдастыру.

1 ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ТАЛДАУ.

1. 1 Техникалық регламенті

Үнемі дамып келе жатқан техника, технологиялық процесстердің күрделене түсуі, жаңа құрылыс материалдарының енуі, құрылыстың интенсивті өсуі осының бәрі өртке қарсы қызметтерінің нормативті-әдістемелерінің базасының өсуіне ықпал етеді. Бүгінгі күні өрт қауіпсіздігі облысындағы нормативті құжаттардың тізімі келесі:

  1. Заңдар, Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысы-66;
  2. Техникалық Регламенттер -4;
  3. ҚР СТ -94;
  4. МЕМСТ- 120;
  5. Әдістемелер, нұсқаулықтар - 21;
  6. Ережелер - 15;
  7. Аймақтық құжаттар -13;
  8. ҚНжЕ, ВСН и СН - 91;
  9. Ережелер жинағы, ҚНжЕ-ге оқу құралы-8.

Нормативті құжаттардың көп мөлшерде сияқты болып көрінгенімен, үнемі ескі құжаттарды түзетіп, жаңа нормативті құжаттарды дайындап отыру қажет.

Өртке қарсы қызметтердің орналасуы қалалар мен елді мекендерде бірінші өрт сөндіру бөлімінің келу уақыты қалалар үшін 10 минуттан аспауы, ал елді мекендер үшін 20 минуттан аспауы қажет. Елді мекендер үшін нормативті оперативті елеуі (20 минут) бір жағынан өртке қарсы қызметтердің қаншалықты алшақ екені саналып, ал екінші жағынан объектілердің өртке қаншалықты қауіпті екенін, ауылдық аймақтарда ондаған жылдар бұрын ағаштан, каркасты-қамыстан салынған тозығы жеткен үйлердің жайын, тез жанатын өртке қауіпті материалдың болуы есепке алынбайды. Бұл факторлар өрттен келген материалдық шығынға Өртке қарсы деполар саны мен өртке қарсы көліктің саны қалалар мен елді мекендерде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі «Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» қаулысына сай мемлекеттік меншікте емес объектілерде (өнеркәсіптерде) өрт сөндіру мен төтенше жағдайларды жою, объектілерде құрылуы тиіс өртке қарсы қызметтерінің объекттік бөлімшесімен іске асырылады .

Объектілік өртке қарсы қызметтердің орналасуы оның өртке қаншалықты қауіпті екеніне және өртке қарсы қызметтерінің өртті сөндіруді шығуының мақсатына байланысты анықталады.

Объектілерді қорғау үшін өртке қарсы деполардың қызмет көрсету радиусы «Объектілерді қорғауда өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес анықталады.

Объектілік өртке қарсы қызметтерінің өрт сөндіру көліктері мен жеке құрамының саны объектінің әкімшілігімен Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген өрт қауіпсіздігі облысындағы уәкілетті орган мақұлдаған есептерге негізделіп бекітіледі.

«Объектілерді қорғаудағы өртке қарсы техника қауіпсіздігінің талаптары» Техникалық регламентінің 16 және 17 тармақтарына сәйкес келесілер анықталған .

16. Қала аймағында немесе елді мекендерде мемлекеттік өртке қарсы қызметтердің орналасуы, өрт сөндіру көліктерінің саны мен жеке құрамның саны «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес анықталады.

17. Өртке қарсы қызметтер өрт сөндіру көліктерімен келесі жағдайларда қамтамасыз етілуі қажет:

1) Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің аумақтық бөлімшесінен құрылымға, ғимаратқа дейін жалпы пайдаланылатын жолдардан объектінің алыс орналасуы (өнеркәсіп мекемесі категориясына жатқызылған жағдайда) :

2 км алыс - жарылыс қаупі және өртке қауіпті А, Б және В1-В4 санатындағы, аумақтағы құрылымдары 50%-дан астам өнеркәсіптер үшін.

4 км алыс жарылыс қауіпі және өртке қауіпті А А, Б және В1-В4, аумақтағы құрылымдары 50%-ға дейінгі және Г мен Д санатындағы өнеркәсіптер үшін.

Егер өнеркәсіп аумағындағы барлық құрылыстардың 50%-дан астамының өртке қарсы деңгейлері III, IIIб, IV, IVa, V болса онда өртке қарсы деполардың қызмет ету радиусын 40%-ға қысқартуға болады.

2) Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің объектілерден алшақ орналасуы (өндірістік кәсіпорындарға жатпайтын санаттар үшін)

2 шақырымнан астам - 100 м-ден аспайтын ғимараттар үшін;

1 шақырымнан астам - 100 м-ден жоғары ғимараттар үшін.

3) мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық бөлімшесінің қол астында өрт шыққан жағдайда қажет мөлшерде сумен қамтамасыз ете алатын және адамдарды жоғары қабаттардан эвакуациялау үшін қажет өрт сөндіру көліктерінің болмауы.

Өрт шыққан жағдайда қажет мөлшерде сумен қамтамасыз ете алатын Өрт сөндіру көліктерінің қажет мөлшерін санау әдісі техникалық регламенттің 3 қосымшасында келтірілген.

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы шарттар» (ары қарай Регламент ) техникалық регламентінің қабылдануы объектілердегі өрт қауіпсіздігінің деңгейін бағалау амалы мен өртті бақылауды анықтау тәсілдерін өзгертеді. Регламент - өрт тәуекелінің анықтамасын береді. Өрт тәуекелі - материалдық құндылықтар мен адамдар үшін өрт қауіпсіздігін іске асыру мүмкіндігінің сандық бағалануы. Өрт тәуекелі дербес және социалды болып екіге бөлінеді. Дербес өрт тәуекелі (өрт кезінде адам өлімінің қауіпі) - өрт кезінде туындайтын қауіпті факторларға байланысты бөлек адам өлімінің сандық сипаттамасы. Социалды өрт тәуекелі (өрт кезінде топ адамдық өлу қауіпі) - өрт кезінде туындайтын қауіпті факторларға байланысты он немесе одан да көп адамның өлімінің сандық сипаттамасы. Көрсетілген анықтамалардан байқалып тұрғандай, барлық өрт тәуекелдері объектілердің өрт жағдайларындағы сандық сипаттамаларға негізделген.

Регламент Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің келесі шарттарында нормативті түрде бірінші рет орналастырып жатыр:

  1. Регламентте және басқа да Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерімен және өрт қауіпсіздігін реттейтін нормативті құжаттармен белгіленген Өрт қауіпсіздігінің талаптарының толық орындалуы;
  2. Түрлі типтегі объектілер үшін Өрт тәуекелдерінің бекітілген нормативті критерийлік мағынасы 1 - кестеде көрсетілген

1-кесте. Объектінің функционалды мағынасына байланысты тәуекел түрлері мен мөлшерлері

Тәуекел түрі
Объектінің функционалды мағынасы
Қоғамдық ғимарат
Өндірістік ғимарат
Өндірістік объектілердің қоныстану аумақтары
Тәуекел түрі: Дербес
Объектінің функционалды мағынасы: 10 -6 жылына
10 -6 /10 -1 * жылына
10 -8 жылына
Тәуекел түрі: Социалды
Объектінің функционалды мағынасы:
10 -7 жылына
Тәуекел түрі:

Ескертпе:

- технологиялық процесстердің функциялық спецификасына байланысты индивидуалды өрт тәуекелінің мағынасын жылына 10-4-не дейін үлкейтуге болады, бұл жағдайда қызметкерлерді оқыту шарттары мен жоғары қауіп жағдайларындағы жұмысын өтейтін қылып қызметкерлерді социалды қорғау қарастырылуы керек.

Осыдан шығатын, өрттен қорғау амалдары мен шарттарын, өрт қаупі төнген жағдайдағы есеп сценарийлері мен технико-экономикалық негіздемесі шығын көлемі мен өрт сөндіру амалдарына кеткен шығын көлеміне байланысты. Бұндай есептерді жүргізу үшін әдістемелер, құралдар мен ғимараттар құрылымдарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін саласында жұмыс істейтін дәрежелі мамандардың ұсыныстарына құлақ салу қажет.

Өрт қауіпсіздігі өртті болдырмау және өрттен қорғау жүйесімен, сонымен қоса ұйымдық-техникалық амалдармен қамтамасыз етіледі. Өрт қауіпсіздігінің системасы адамдар мен материалдық құндылықтардың өрт қауіпсіздігіне дайын екенінің дәрежесі осы системалардың материалдық құндылықтары үшін экономикалық критерийлерінің, барлық стадияларды есепке алғанда (ғылыми жобалау, проектілеу, құрылысы, эксплуатациясы) қаншалықты тиімді екенін сипаттайды.

Осыған негізделіп, қауіпсіздік шарттары объектілердің өртке қаншалықты қауіпсіз екенін бағалайды:

Р (фак) ≤ Р (доп) , (1. 1)

бұл жерде Р (фак) -өрт тәуекелінің нақты санаулы мағынасы,

Р (доп) -өрт тәуекелінің ұйғарынды шектік мәні

Өрт тәуекелінің ұйғарынды шектік мәні 2- кестеде көрсетілгендей анық болған жағдайда, өрт тәуекелінің санаулы мағынасын нақты табуға болады.

  1. Өртті барлау мақсаты мен міндеті.

Төтенше жағдай аумағындағы өрт жағдайын нақтылау үшін және анықтау үшін жүргізіледі. Өрт ауданы және көлемі анықталған соң құтқару жұмыстары жүргізілетін жерге жетуді қамтамасыз ететін өртті сөндіру жолдары қарастырылады. Жанып жатқан ғимараттар мен нысандардан адамдарды құтқаруды өртке қарсы құрылымдар, құтқару құрылымдарымен және т. б. құрылымдармен бірігіп атқарады. Жұмыстарын аяқтағаннан кейін өртке қарсы құрылымдар зақымдалу ошағынан шығарылады. Құтқару құрылымдары механикамен, санитарлық бөлімшелермен жабдықталады. Олар зақымдалған адамдарды ізейді, үйінділерден шығарады, қорғаныс мекендерін аршып, зақымдалған және қираған ғимараттардан адамдарды құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, көлікке тиеп емдеу мекемесіне жеткізеді.

Құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын құлағалы тұрған ғимараттарды бекітеді немесе құлатады. Зардап шегушілерді үйінділер астынан шығарғанда үйіндіні қолмен тазалайды, ал үйінді астында қалған адамдарды қосыша жарақат алмауы үшін алдымен басы мен денесін босатады. Алып шыққан соң алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Кіретін есіктерді, саты баспалдақтары қирап бүлінген ғимараттардан адамдарды құтқару арнайы жасалған жолдар арқылы немесе терезе, балкон, автокөтергіш және құтқару арқандары арқылы жүзеге асырылады. Үйінді астында қалған ғимараттан адамды құтқарғанда ең алдымен ол адамдармен байланыс құрылады, жай - күйін анықтайды.

Технологиялық газдар жанғанда жанғыш газ жанып біткенше жануды тоқтатуға болмайды, себебі олардан бөлінетін газ ауамен араласып жарылғыш зат түзуі мүмкін. Жанғыш газдардың газдармен араласуының алдын көмірқышқылынан, көбіктен, будан, судан, азоттан инертті бөгет жасау арқылы алуға болады.

Өрттен қорғау шаралары . Бұл халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қорғау мақсатында жүргізілетін техникалық және ұжымдық шаралардың кешені. Өрттен қорғау шаралары мыналар:

  • ықтимал өрт сипатын, оның зардабын болжап, анықтау;
  • қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөнінде инженерлік - техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүргізу;
  • өрттен қорғау қызметі мен мөлшерін бағалаумен бақылауға алу;
  • өрт ошақтарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалау;
  • өрттің алдын-алу және оның өршуіне жол бермеу мен сөндіру.

1. 2 Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел қызметін талдау

Әлемнің көптеген елдерінде өртпен күрес, жекеменшік, адам өмірі мен денсаулығын қорғау мемлекеттік міндеттердің негізгісі болып табылады, оның мүлтіксіз орындалуына біраз материалдар мен еңбек ресурстары жұмсалады.

Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары өзекті әрі қиын болып бара жатыр. Өртке қарсы қызметтің жұмысын тиімді жоғарылату үшін бірнеше амал бар. Мысалы материалды-техникалық базаны жоғары деңгейге жеткізу мен оны кеңейту. Бұл әдіс маңызы аз емес болғандықтан, қызметке ірі қаржылық құюларды талап етеді. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің ұйымдастырылуы мен басқарылуына жатқызуға болатын басқа да тәсілдері бар. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жұмысының эффективтілігін жоғарылатудың негізгі резервтерін басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру амалдарын іздестіру керек және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қоғам үздіксіз қатысуы керек.

Өртке қарсы қызметтің жұмысында ғылыми басқарудың принципі оның бөлімшелерін басқару мен оның қызмет істеу процестерінің заңдылықтарын зерделеуді талап етеді, кадрларды орналастыру мен оларды таңдау, басқару процессін ұйымдастыру, басқарудың жаңа бөлімшелерін әзірлеу мен бар бөлімшелерді оңтайландыруда осы заңдылықтарды дұрыс пайдалану [2] .

Өрттерді өшіру, жәбірленгендерді құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мемлекеттік өртке қарсы қызметтің оперативті бөлімшелерінің негізгі міндеттері болып табылады.

Елді мекендердегі оперативті жағдай (қалаларда, ауылдық елді-мекендерде), олардың өртке қарсы қорғанысы жағдайында, көп жағдайда өртке қарсы қызметтің қауіптілікті сипаттайтын елді мекеннің элементтерінің кешенімен динамикалық байланысымен анықталады.

Мемлекеттік жеке-меншікке жататын қоныстану аумақтары, стратегиялық, мемлекеттік маңызды объектілер мен өмірін қамтамасыздандыру объектілерін Қазақстан Республикасында Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 415 өрт бөлімшелері қамтамасыз етеді. Тәулік сайын жауынгерлік кезекшілікте 2500 жуық өрт сөндіруші қызметті атқаруда. Республика бойынша бір тәулікте орташа есеппен алғанда 50 өртке жүк болады, өрт бөлімшелері дабыл бойынша 160-қа жуық шығу орындайды. 2017 жылы Алматы облысында 313 өрт орын алды, 2019 жылмен салыстырғанда анағұрлым аз (339 өрт) .

1. 3 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының өрт жағдайы

Еліміздің халқы мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың кері әсерінен қорғауды Министрліктің авариялық-құтқару қызметтері қамтамасыз етті, олар авариялық-құтқару жұмыстарына 64 749 рет шықты, 7074 адамды құтқарды, ТЖ аймағынан 7651 адамды эвакуациялады, 6318зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Қазақстан Республикасының аумағында 2019 жылы жедел деректер бойынша 17 779 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2018 жылдың осы кезеңіне қарағанда 7, 5%-ға өсті) . Бұл ретте зардап шеккендер саны 4251 адам (2018 жылдың осы кезеңіне қарағанда 0, 3%-ға кеміді), соның ішінде 1202 адам қаза болды (2019 жылдың осы кезеңіне қарағанда 9, 8%-ға кеміді) . Алдын ала деректер бойынша материалдық залал 3749, 8 млн. теңгені құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 61, 7%-ға кеміді (2018 жылы - 9787, 2 млн. теңге) .

:
:
:

1-сурет. Өндірістік және тұрмыстық өрттер

Жедел деректер бойынша 2019 жылы 14 477 өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Одан 1011 адам зардап шекті, оның ішінде 401 адам қаза болды. Материалдық залал 3107, 3 млн. теңгені құрады.

2-сурет. Қазақстан Республикасы аумағында 2019 жылы болған өндірістік және тұрмыстық өрттердің саны 2018 жылмен салыстырғанда

Есепті кезеңде өрт санының кемуі Оңтүстік Қазақстан облысында 89 оқиғаға, Алматы облысында 37 оқиғаға байқалады.

Өрт кезінде адамдардың қаза болуы мына облыстарда: Шығыс Қазақстан 18 адамға, Алматы 10 адамға, Қарағанды 9 адамға, Қостанай 8 адамға, Оңтүстік Қазақстан 7 адамға, Батыс Қазақстан 5 адамға, Ақтөбе және Атырау 4 адамға және Астана қаласында 5 адамға қысқарды.

Өрт санының өсуі мына облыстарда: Павлодар 326 оқиғаға, Ақмола 152 оқиғаға, Шығыс Қазақстан 145 оқиғаға, Қостанай 125 оқиғаға, Батыс Қазақстан 118 оқиғаға, Жамбыл 113 оқиғаға, Ақтөбе 109 оқиғаға, Солтүстік Қазақстан 64 оқиғаға, Қызылорда 44 оқиғаға және Астана қаласында 74 оқиғаға, Алматы қаласында 30 оқиғаға ұлғайғаны байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талдау
Орман өрттерінің түрлері
Өрт бөлімшелерінің өртті тоқтату жұмыстарын ұйымдастыру
Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік іс-әрекеті
Өртке қарсы қызметтің күштері
Сахнадағы өртті сөндіру
Өрт тактикасының міндеттері
Көп қабатты үйлердегі өрт қауіпсіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz