Грамматикалық категориялар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс №
Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық категориялар және олардың сөз таптарымен ара қатынасы
Жоспар
Грамматикалық категориялар
Грамматикалық категория болудың алғы шарттары
Грамматикалық категориялардың сөз таптарымен ара қатынасы
Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бірі- грамматикалық категория. грамматикалық категория деген ұғым, бір жағынан, әрі грамматикалық мағынамен байланысты, әрі екінші жағынан, олардың жалпы жиынтығынан күрделі де жүйелі болып келеді. Грамматикалық категорияғ,ең алдымен, грамматикалық мағынамен және грамматикалық формамен тікелей байланысты.Грамматикалық мағына немесе грамматикалық форма болмаған жерде грамматикалық категорияның болуы мүмкін емес.Екіншіден грамматикалық категорияның болуы грамматикалық мағына мен граматикалық форманың өзара бірлігімен, тұтастығымен, сәйкестігімен,яғни олар арасындағы диалектикалық сәйкестікпен, ондағы жүйелілікпен байланысты.яғни кез келген грамматикалық мағына немесе қайсібір грамматикалық форма нрамматикалық категория құрай бермейді.Белгілі бір грамматикалық мағыналар бірлігі, белгілі грамматикалық топ құрайтын сөздерге тән болып, солардың парадигмалық түрлену жүйесі болу арқылы грамматикалық категория құрайды. Үшіншіден, грамматикалық категория сипатына жету үшін грамматикалық мағыналар жинтығы, бір жағынан, өзара бір тектес біріңғай сипаттағы, екінші жағынан, бір біріне қарама қайшы мәндегі мағыналар болу керек,Яғни, Грамматикалық категория-- өз ішінде бір біріне қарама қайшы қасиетте бола алатын бірнеше тектес, мәндес грамматикалық мағынаның жиынтығы,бірлігі.Сол бірлік пен өз ішіндегі қарама қайшылық арқылы және соның әрқайсысын білдіретін әр түрлі тәсілдер арқылы немесе соған тән арнайы грамматикалық формалар жүйесі я түрлену парадигмасы арқылы грамматикалық категорияның мәні,сипаты, шегі байқалып, айқындалады.
Грамматикалық категория деген ұғымға грамматикалық мағыналар жиынтығының белгілі грамматикалық формалар жүйесі сияқты арнайы грамматикалық тәсілдер арқылы берілуі жатады.Демек, грамматикалық категория ұғымы негізінен алғанда кез келген грамматикалық мағынамен емес, оның категориялық грамматикалық мағыына түрімен байланысты.
Грамматикалық категория болудың алғы шарттары: 1) бірнеше, кемінде екі грамматикалық мағына болу керек. 2) Ол мағыналар бір бірімен тектес, ыңғайлас, мәндес болу керек, әр тектес мағыналар грамматикалық мағына құрай алмайды. 3) Ол грамматикалық мағыналар қашанда тектес, ыңғайлас болсада,мысалы, тәуелдік мағына,екінші жағынан, бір біріне қарама қайшы болып,мысалы,сол тәуелділіктегі жақ сияқты,яғни 1- жақ2-жаққа,я 3-жаққа қайшы, 2- жақ 1- жаққа,я 3- жаққа қайшы келуі 4)сөйтіп барып, әрі тектес,әрі ыңғайлас, әрі бір біріне қарама қайшы мағыналардың бірлігі, тұтастығы болуы.5)сол тектес мағына да қайшы мағынада бөлек бөлек белгілі грамматикалық формалар арқылы берілуі 6) олардың белгілі парадигмалық жүйе құрауы арқылы мағыналық тұлғалық сәйкестік бір жиынтық болуы, осындай талаптар мен шарттарға сәйкес келетін тілдік құбылыс өана грамматикалық категория болып таныла алады.
Түрлері: Грамматикалық категориялар белгілі грамматикалық топтағы сөздердің тұлғалану, түрлену жүйесімен, соған лайық олардың грамматикалық мәнімен, сөйлеу процесінде ол сөздердің атқаратын қызметімен, басқа сөздермен қарым қатынысымен байланысты болғандықтан да, грамматикалық категорияларды тілдік деңгейге қатысты шартты түрде морфологиялық категория және синтаксистік категориядеп бөлуге де болады.Сондай ақ морфологиялық категорияларды сөз түрлендіру мәнді м.к және топтау,жіктеу мәнді м.к.
Грамматикалық немесе морфологиялық категориялар сөз таптарына қарай топталып жіктеледі.Бұның өзі грамматикалық (морфологиялық) категория сол сөз табының грамматикалық ерекшелігі, түрлену жүйесінің сипаты екендігін көрсетеді.Тіліміздегі сөз таптарының барлығында бірдей грамматикалық категория бола бермейді.Кейбір сөз табында мысалы, сан есім, есімдік, үстеу т.б. грамматикалық категория атымен болмауы мүмкін, өйткені бұлар белгілі парадигмалық, тұлғалық түрлері жоқ сөздер болып келеді.Ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары- зат есім,сын есім,етістік.Олар зат есімнің сан мөлшер категориясы,, тәуелдік категориясы,сапалық сын есімнің шырай категориясы,етістіктің салт сабақтық категориясы,етіс категориясы, болымсыз ет.категориясы, рай,шақ категориясы,жіктік категориясы.
Морфологиялық сипаты жағынан грамматикалық категориялардың бір тобын түбір семантикасына қандай да болсын әсер ететін түрлерін лексика- грамматикалық категория деп атап, екінші тобын, яғни түбір семантикасына ешбір әсер етпей,өзгертпей,тек оған қосымша мән үстейтін түрлерін таза грамматикалық категория деп бөліп көрсетудің негізі бар.
Н.Оралбай: грамматикадағы негізгі мәселеге грамматикалық категория жатады. Грамматикалық категория деп біртектес жүйелі грамматикалық мағыналардан тұратын және оларды білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіштері бар тілдік құбылыс аталады.
Грамматикалық категориялар морфология және синтаксис деп бөлінеді. Морф.қ категория грамматикалық мағына мен грамматикалық мағынаны білдіретін тілдік бірліктерден, көрсеткіштерден құралып, сөйлемдегі сөздерді бір бірірмен байланыстырады. Грамматикалық категорияның мағыналары бір бірімен байланыста талданады. Және ол мағыналары білдіртін көрсеткіштер де бір бірімен салыстырлы талданады, зерттеледі, оқытылады. Өйткені грамматикалық категория- біртектес грамматикалық мағыналардың және олардың көрсеткіштеріның жиынтығы. Грамматикалық категория екі жақты тілдік құбылыс саналады. Олар: мағына және тілдік көрсеткіш. Мағына жағынан алғанда әр категория біртектес бірнеше грамматикалық мағынаны білдіреді. Грамматикалық категория біртектес бір бірімен байланысты бірнеше мағынаны қамтиды. Мыс: қимылдың өту сипаты категориясы қимылдың жасалу сипатын білдіреді.
Грамматикалық категориялардың мағыналық құрамы әртүрлі. Ең мағыналық құрамы аз категориялар екі мағыналық құрамынан тұрады.Оларға зат есімнің сандық категориясы мен етістіктің болымддылық,болымсыздық категориясы жатады.
А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі
Грамматикалық категория тікелей сөйлемдегі сөздерге және сөз тіркестеріне тән жалпы грамматикалық мағынамен байланысты болады. Жалпы грам.қ категориялар ішінара морф.қ категориялар және синтаксистік кат.р болып бөлінеді. Морф.қ категориялар деп жеке сөздердің өзгерілуі арқылы туатын жалпы грам.қ мағыналарды айтамыз. Мыс: Құлпыртып ән алайық түрден түрге.
Сөйлемдегі сөздер өзара бір бірімен қарым қатынасқа түсудің нәтижесінде әртүрлі морф.қ өзгерістерге ұшырап та оған ұшарамай ақ әрт.рлі синтаксистік тілдер арқылы да байланысады. Грамм.қ категория сөздің негізгі мағынасына тек жанамалай ілесіп қана я жарып қана отырмайды. Ол екеуі бірмен бірі іштей ұласып, өзара бір біріне ықпалдарын тигізіп тығыз қарым қатынасқа түседі. Сол себептен де бір сөздің бойынан брнеше категориялар табуға болады.
Тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі тіл білімі ғылымында алғашқы грамматикалардан басталған. Аристотельдің сөздерді есім және етістік деп бөлгені белгілі. Содан бері ғылым дамып, эр тілдің грамматикаларында сөздердің топтары нақтыланып, барған сайын анықталып келеді. Бір тілдін өзінде сөздер әр заманда түрліше таптастырылып отырғаны белгілі. Мәселен, 1914 жылы баспадан шыққан А. Байтұрсыновтың Тіл құрал атты оқулығында сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер деп екі үлкен топқа бөлген. Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік деген бес сөз табын жатқызған. Ал, шылау сөздерге үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөздерді жатқызған. Бұл қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық екені белгілі. Ахмет Байтұрсынов Тіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматикалық категория және оның түрлері
Грамматикалық категория
ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯНЫҢ СИПАТЫ
Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы
Грамматикалық категория туралы түсінік
Грамматикалық ұғымдар
Қазақ тілі грамматикалық категорияларының антропоөзектілігі
Грамматикалық категориялардың сөз таптарына қатысы
Сөз және оның морфологиялық құрылымы
Грамматикалық категория жүйесіндегі мазмұны жұп сыңардан тұратын грамматикалық мағыналар
Пәндер