Оралхан Бөкей шығармаларындағы түс көру құбылысы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І. Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі
0.1. Оралхан Бөкей шығармаларындағы түс көру құбылысы
0.2. О. Бөкей шығармаларындағы түстің көркемдік құрал ретіндегі көрінісі
0.3. Қар қызы, Сайтан көпір, Атау кере туындыларындағы психологизмнің түс арқылы берілуі
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Түс - біздің көркем әдебиетіміздегі өте ертеден бері келе жатқан көркемдік әдіс болып табылады. Өте ерте кездерде-ақ жыршы-жыраулар мен ақын-шешендер түс көру элементін дастандарға, батырлық, ғашықтық жырларға әдеби тәсіл ретінде қосып, өздерінің айтатын ойларын айшықтау үшін пайдаланған. Ал ауыз әдебиетіндегі қаһармандардың ерекше түс көруі көнеден келе жатқан тұрақты мотив. Түс көру сарыны көне эпостарда, классикалық батырлық және ғашықтық жырларда (Қобыланды, Алпамыс) көп кездеседі. Түс - кейіпкердің ішкі әлеміне енудің бірден-бір жолы. Көркем прозада автор кейіпкерімен тұтасып кеткендіктен, оның құпия сырларына бойлай алады. Кейіпкердің бар болмысын сүзгіден өткізіп, өзінің көзқарасы тұрғысынан береді. Түс сюжетті ашатын кілт, характердің көңіл күйінен хабар береді, оның қорқыныш - күдігін, арман - қиялын елестетеді. Түс көру тәсілі қазақ әдебиетінде ежелден қалыптасқан тәсіл. Аталмыш тақырып төңірегінде ғалымдар арасында көптеген пікірлер мен жан-жақты зерттеулер бар. Олардың барлығы дерлік түс көру мотивтерін батырлық жырлар мен көркем прозада қолданылуын талдаған. Мен де өз тарапымнан қызығушылығымды дамыта отырып, О.Бөкей шығармаларындағы түс көру элементтерін зерттеу маңызды деген ой түйдім. Әдебиет әлеміне ешкімге ұқсамайтын дара жолмен келіп, творчестволық өсу жолынан өтіп, өзіндік шығармашылық стилін қалыптастырып үлгірген О.Бөкеев шығармашылығын зерттеп білудің маңызы зор деп білеміз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысымның мақсаты - түс көру мотивінің Оралхан бөкей шығармашылығында қалай көрініс тапқандығын анықтау. Алдыма осындай анық мақсат қоя отырып мен өзіме мынадай міндеттерді жүктедім.
oo Түс көру мотивінің көнеден бері қалыптасуына көз жіберіп зерделеу;
oo Түс көру мотивінің қалыптасуы мен даму жолын саралау;
oo О.Бөкей шығармаларындағы түс көру мотивінің көрініс табуын анықтау;
Қар қызы, Сайтан көпір, Атау кере туындыларындағы түс көру мотивінің берілу мотивінің берілу тәсіліне тоқталу және көркемдік қызметі жайында сөз қозғау.
Міндеттерді шешу әдісі: зерттеу жұмысында тарихи - салыстырмалы, талдау, жинақтау, қорытындылау әдістері қолданылды.
Нәтижеге жету жолдары: Оралхан Бөкей шығармаларындағы мифологиялық желілер мен түс көру элементтері туралы жазылған шығармалар баршылық. Өз тақырыбымды жан-жақты ашу мақсатында Ш.Ыбыраевтың эпос әлемі атты еңбегімен, Б.Майтанов Қазақ романы және психологиялық талдау атты еңбегімен , Жұмабай Н. Менің Оралханым мақаласымен, Мұртаза Ш. Оралхан Бөкей еске түскендегі елес пен ойлар атты естеліктерімен т.б. еңбектермен танысып шықтым.
1.1. Оралхан Бөкей шығармаларындағы түс көру құбылысы
Адамзат санасының алғашқы дәуірінде - ақ түс көру маңызды орын алады. Оның поэтикалық суреттемелері фольклорлық жанрдың барлық түрінен көрініс таба бастады. Түс көру бейнелі түрде жанның кеңістікті кезуі немесе құдіретті күштің аян беруі болып танылады. Алғашқы қауым адамдары үшін түс көру жеке және қоғамдық өмірдегі маңызды оқиғалардың алдын ала болжануы болды. Фрейд - Юнгтердің психоаналитикалық теориясының түске қатысты жағын дамыта отырып, К.Абрагам миф пен түс көрудің санадағы қызметі мен пайда болуының типологиялық ұқсастығын дәлелдей отырып, ғалым олардың екі басты ерешелігін белгілейді.
1.Талассыз дәлел: түс көру тек қана жеке интимдік әсерленуге байланысты субъективті психикалық динамиканы жинақтамайды, сонымен қатар осы және басқа тұрғыдан алғандағы барлық адамға тән салыстырмалы түрде жан-жақты күрделі психикалық процестерді жинақтайды.
2. Ешқандай даусыз факт: миф түс көру сияқты түсіндіруді қажет етеді, сондықтан шындықты көрсетіп, таныту оладың сыртқы формаларының айрықша белгісі. [1, 9-12] Ғалымның бұл кітабындағы ең басты орталық тұжырым түс көру процесі мифпен толығымен ұқсас [26, 8] Ф.Майоров пікірінше түс көру бейнелілік тән болып табылады. [27, 598] Ежелгі адамдар түс көруді жанның сыртқы әлеміге қатысына байланыстырған. (Ф.Энгельс) Яғни түс көру - жанның денеден басқа жерде өмір сүруі деп түсіндірілген. Әлгі рух рауан, әртүрлі істер қылып, әр шаһарға барып жүреді, бәденімен жүргенге ұқсап жүреді. Әлгі рух рауанның көріп, қылып жүргендері түс болады. - деп жазып алады [28, 156].
Жан, рух туралы мифтік санаға тән ойлау түс көруге де қатысты көрінеді. Тағдыр және жаратылыс туралы ұғымдар да түс көруге қатысты сенімнен анық байқалады. Мифтік сананың бір ерекшелігі оның болжамдық қызметімен байланысты екенін естен шығармау керек. Оның болашақ турасындағы болжамдарды ақыл-ой мен логикаға негізделуден гөрі, адамның интуициясына және тылсым қабілеттеріне иек артқанын философтар атап көрсетеді. [29, 21] Болашақты болжап білудің, әлі болмаған ықтимал нәрслерді беру тәсілі әр түрлі болса, солардың ішіндегі ең көп тарағаны - көрген түсті жору болды. Түстің өзі ауыспалы мағынада, астарлап көру және тура мағынасында, өмірде қалай болып жатса сол қалпында көру түрінде керек. Бірақ, қалай болған күнде де екеуінің атқаратын қызметі біреу - болған( не болатын) жақсылықтан (не жамандықтан) хабардар ету. Түстегі көрген оқиға (жақсылық не жамандық) өңде де сол қалпында қайталанады. Түстегі жақсылық жаманшылыққа, жаманшылық жақсылыққа еш уақытта айналмайды , дейді Ыбыраев. [30, 114] Қалай болғанда да түстің символикалық сипаты ерекше маңызды орынға шығатынын ескерген жөн. Түс көру аян беру түрінде де көрінеді. Тайшық ханның түсі - алдағы болар оқиғаның хабары болса, Алпамыстың түсі символдық мәнімен ерекшеленеді. Күшіген құс - елін лаң салып, жұбайы Гүлбаршынға қысым көрсеткен жау ниетті адамның (Ұлтан құлдың) ишарасы. Қыз Жібектің түсіндегі ертоқымсыз ат - жаман хабардың нышаны. Бұл мысалдарда түстің болып жатқан не жақында болатын оқиғадан хабар беру сипаты басым. Түс көру миф генезисімен тығыз байланысты деген В.Вунд т.б. ғаламдар пікірін негізге алсақ, мифтің жазба әдебиеттегі көркемдік-эстетикалық қызметінің бір қыры - түс көру және оны жорудың бүгінгі әдебиетіміздегі мәні мен маңызын сөз ету қажеттігі басым.
Көркем әдебиеттің негізгі зерттеу объектісі өмір шындығы болса, сол өмір шындығы образ, адам образы арқылы танылатындығы бұрыннан айтылып келе жатқан қағида... адам әдебиеттің жүрегі, адам өмірін бейнелеу - әдебиеттің түбегейлі мақсаты. Дәуірдің қат-қабат сыры мен келбеті кейіпкердің сан қилы ойы мен сезімі арқылы ашылады. Бұл - әрине, жазушының кейіпкерлер өмірін, олардың көңіл-күйін жан- жақты тереңірек бейнелеуге батыл ұмтылған құбылыс. Өйткені лирикалық форма кейіпкер жан дүниесіндегі ең бір нәзік өзгеріс, қозғалыстарды көрсетуге, өмірдің сезімдік жақтарын, нағыз адамгершілік айқын аңғарылатын сәттерін шынайы суреттеуге мүмкіндік жасайды. Тылсым сәттер сырт қарағанда күнделікті, үйреншікті іс сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ дәуірдің басты-басты оқиғаларын философиялық тұрғыдан ой елегінен өткізу, оның терең мәні мен психолгиялық және әлеуметтік астарлы, ішкі қырлары ең қасиетті, ең негізгі мәліметтер.
Осы Адам деген ұлы тұлғаны, оның тағдырын, табиғатын, мінез-құлқын зерттеп, сезім деген нәзік иірімдерді көңілге тоқып, сол тоқығанын шығармашылығына арқау ете білген талантты қаламгерлеріміздің бірі Оралхан Бөкеев еді. Әдебиет атты киелі әлемнің есігін жетпісінші жылдары ашып, адамзат өмірінен тарихи психологиялық, әлеуметтік - философиялық шығармалар жазып, әдебиет аспанында ерекше із қалдырған Оралхан Бөкей туындыларының басым көпшілігін әңгіме, повестер анықтайды. Алтай табиғаты мен адам жанын астастыра суреттеген әңгіме, повестері уақыт өткен сайын жарқырап жаңа қырынан таныла бермек. Өйткені оның шығармалары мәңгілік тақырыптарды қамтыған.
Сонымен қатар жазушы шығармаларында шартты сюжеттер, символикалық сипаттағы образдар көптеп кездеседі. Ал соңғы жылдары әлем әдебиетіндегі өріс алған бұл үрдіс - өмір шындығын өнер шындығына айналдырудағы өте тегеурінді құрал. Бұл орайда біз шығармалары әлем оқырмандарын аузына қаратқан Г.П.Маркестің, Ш.Айтматовтың осы бағыттағы жазғандарын атасақ та жеткілікті. Екіншіден, оның өмір шындығының нағыз өткір, нағыз қауіпті қарама - қайшылықтарын, көлеңкелі тұстарды қаймықпай бетке айтуға бейімдігі, батылдығы дер едік. Ащы шындықты айқайлап айту, әлеуметтік өмірдің көлеңкелі жақтарын көрсету арқылы тазартуға, жаңарып-жаңғыртуға шақыру, қоғамның кеселді құбылыстарын ел-жұрттың талқысына ұсынып, оларға ой салу қай жазушыға да оңай емес. Жазушылық дегеніміз - шындыққа жүгіну, ал әдебиет дегеніміз - сол шындықты шырақ алып іздеудің бірден - бір формасы, - деп Оралхан Бөкеев өзі айтқандай бүкіл рухы мен жұлын-тұтасы шындықпен суғарылған шығарма, пайымды оқырман санасын билемей қоймайды.
Әдебиет әлеміне ешкімге ұқсамайтын дара жолмен келіп, творчестволық өсу жолынан өтіп, өзіндік шығармашылық стилін қалыптастырып үлгірген О.Бөкеев шығармашылығын зерттеп білудің маңызы зор деп білеміз.
Оралхан қашанда уақыт алға қойған өзекті проблемаларды шығармаларына арқау еткен, ойы да, қаламы да ұшқыр жазушы. Мәселен, оның қаламынан туған Мұзтау, Қар қызы, Сайтан көпір, Атау кере повестері - адамзат өмірінде мәңгілік мәселелерді көтерген әлемдік әдебиеттегі озық шығармалармен деңгейлес, иықтас туындылар. Әдебиет майданында қажымай, талмай еңбек еткен О.Бөкеев творчествосын зерттеудің қажеттілігі - ол жазған әңгіме, повестердің көркемдік жетістіктері мен актуальдық сипатында және бүгінгі өмірдің құбылыстарын шынайы бейнелей алғандығында жатыр. Оралхан Бөкеевтің әрбір туындысы, еңбектері жайында әдебиет зерттеушілерінің пікірлері баршылық.
Өмір құбылысын танып, көркемдік шындықпен бейнелеудің жолдары сан қырлы. Әдебиетімізде көркемдік форма саласында өріс алған жаңалықтардың бірі - көркем прозадағы кейіпкерлердің ерекше түс көру мотивтерін пайдалану.
Бәрі де майдан повесінде түс көру және оны жору оқиғасы бірнеше мәрте кездеседі. Повесте соғыс жылдарындағы қазақ ауылының өмірі алма кемпірдің әңгімелеуімен, еңбек армиясының өмірі Ақан шалдың аузымен баяндалады. Түс көру көбінесе алдағыны болжау, сезіну сипатында көрінеді. Мысалы шығармадағы мына бір үзіндіге назар аударар болсақ:
құлыным-ай, аман - есен екен ғой. Бәсе, түсімде ақ боз атқа мініп, Бұқтырма тасып жатқанына қарамастан, салып-ұрып өте шығып еді,-деп көзінің жасын шылауышымен сүртті.
Күркіреме бұлағы - ауылдағы ер азаматтарды майданға аттандырғанда шығарып салғандағы тұс. Ауыл адамдарының бүкіл үміт-тілегі осы Күркіреме бұлағына ауады. Алыс сапардан қайта оралар азаматтарды күтіп алар жер де осы. Бірақ кемпірдің түсіне кіретін ауыл маңындағы асау да арынды өзен - Бұқтырма. Кейіпкердің болашақ өмірінің ишарасы осы өзеннен салып-ұрып өте шығуынан көрінеді. Халық түсінігінде, түсінде ағынды су көрсе, ол тұнық болса жақсыға жорылады. Ал тұңғиық не болмаса лай болса жақсы емес. Повесте бұл түс былай жорылады: апам түс көріпті. ... . Жарығым аман-есен келеді деп отыр. Тасып жатқан өзен аласапыран, арпалыстың белгісі. Ал одан аман өту - өмір сүрудің белгісі. Мифтік ұғымда Тәңір, теңіз деген сөздердің өзі су деген мағынамен байланысты екен. Бұл туралы пікір С.Қасқабасов өз зерттеуінде талдап көрсетеді. Бірі - көктегісі, екіншісі - жердегі су.
Ақанның түсі:
Түнде кезегім бітіп, шаршап келіп ұйықтап кеттім. Түсіме алғаш рет Ақтайлақ пен Бағдат кірді. Екеуі де атқа мініп, өткел бермей, шанағынан асып-тасыған Бұқтырмадан өтіп барады. Осы кезде асау толқын айдаһардай ысқырып, екеуін бірдей бүктеп апарып, жалмап жұтып қояды. Жар жағасында қалған мен айғайлап соңдарынан жүгіремін, дауыстап шақырамын. Жым-жырт. Бұл түс арқылы еңбек армиясында жүрген Ақан майдандағы ағасы Ақтайлақ пен інісі Бағдаттың оралмайтынын біледі.
Бұқтырмадан аман-есен өткен Ақан ауылға аман-есен оралады, ал сол Бұқтырманың толқыны жұтып қойған Бағдат пен Ақтайлақ майданда қаза болады. О.Бөкей кейіпкерлерінің түсінде Бұқтырма - өмір мен өлім межесі. Және ол түске үнемі тасыған қалпында енеді.
Сонымен, кейіпкерлер тағдырын түс көру арқылы болжап білу біз мысалға келтірген түс көру оқиғаларынан айқын байқалатынын көрдік. Өмір мен өлім мәселесі түстегі су әлемі Бұқтырма өзені арқылы бейнеленген. Атайлақ пен Бағдаттың суға кеткенін түсінде көретін Ақан жар жағасында қалады. Яғни, су - өлім әлемі, жар жағасы - тіршілік әлемі. Халық су түбіне кетті, суға кеткен тал қармайды, су аяғы құрдым деген тіркестерді осы мифтік ұғымға негіздеп туғызған. Суда Үббе болады, ол адамдарды өзіне шақырады, ажал қаптырады делінетін мифтен де судың қауіптік белгісі танылады. Мифтік дәуір адамдарды болжамға, ішкі интуицияға көп сүйенеді десек, сол дәуірлерден қалыптасқан сенім жазушы кейіпкерлерінің таным-түсінігінен де елес береді.
1.2. О. Бөкей шығармаларындағы түстің көркемдік құрал ретіндегі көрінісі
Көне дүние көшпенділер үшін су - шейіт патшалығы болып саналған екен. Оған кеткендер қайтып оралмайды. Жер тіршілігіне ұқсас құрылғанына қарамастан, бұл - қыршын өмірлерді қылғытып жұтып жатқан мүлде басқаша әлем.
...Кеше көзім ілініп кеткен екен, түс көрдім. Қынымда сармойын, мүйіз сап пышақ, астымда аспанға атылған арғымақ, уралап батысқа шауып барады екем деймін ... . Сенің де күнің жақындап қалды-ау ... . Сүйіншілі хабарға жорыдым..
Міне, қарап отырғандарыңыздай, бұл повестегі түстер шығарма бойында өрілген сюжеттің бағдарын бедерлеп, жобасын белгілеп, алдағы болар оқиғаның хабарын беріп отырады. Түс көру сюжеті - образды-символдық түрде көбінесе түс көрушінің психологиялық мотивін, инстингті тілегін, талабын, эмоциясын және сезінуін, бүкіл сана астарындағы алуан түрлі психологиялық комплектісі құрайды. Автор кейіпкеріне түс көргізе отыра, заман шындығын анық түрде бүкпесіз жеткізгісі келеді. Повестегі автордың негізгі идеясы М.Ф.Достоевскийдің: Түстің таңғажайыптылығы сонда өз санаңда неше жылдан бері жауабын күтіп жүрген сауалыңды қайта жаңғыртып, бейне бір сәуегейлікпен шешіп береді. Және ол сізге жаңа өте күшті сезім не қуаныш не реніш сыйлайды деген сөзімен үндесіп жатқандай. (19,494)
Жазушының осындай әлем жұмбақтың тереңіне үңілген ізденісін танытатын шығармаларының бірі - Қар қызы повесі. Бұл повестің алғашқы нұсқасы 1978 жылы жарық көрген екен. 1984 жылы шыққан Біздің жақта қыс ұзақ жинағына енгізерде мүлде қайтып жазып, соны оқиғалар мен жаңа кейіпкерлер қосылған авторлық тұғырнама анықтала түскен. Шығарманың арқауы Қар қызы туралы аңыз әңгімемен, аңыз елеспен өріліп отырады. Қар қызы адамдар тарапынан (Қоңқайдан) зорлық көріп қарға айналып кеткен жабайы бейнеде алынады. - Қар қызын көрсеңдер сәлем айтыңдар, үш жыл кенеземізді кептіріп, қаңсытқаны да жетер. Бір шалға өкпелеймін деп, мұқым елді қырып алмасын - деген Упрайдың сөзінен ел ішінде осындай аңыз тарағанын аңғарамыз. Қар қызы осы шығарма кейіпкері Нұржанның ғана түсіне еніп, сыңсыта салған әнін тек Нұржан ғана ести алады. Бұлар ауылдан шығатын күні түнде Нұржанның түсіне еніп Нұр-ж-а-н ... сен кет бұл ауылдан, мүлдем кет... бұл жерде адамдар көбейіп барады... Саған еркіндік жоқ... Кеңістікке кет... ер соңымнан, [9, 244] - деген қыздың сыбырлағанын естігендей болады. Бұдан кейін үш құрбы ажал қармағына ілінгенде Нұржанның түсіне кіріп, тұр-тұрлап оятып алады. Ол Қар қызы емес. Нұржанның тамырында аласұрып, аязбен айқасқан, үсікке бой бермей жанталасқан қып-қызыл қаны, тулап соққан жүрегі еді, - дейді автор. Образдың субъективтілігі - автордың ойы мен күйі, қуанышы мен реніші, суреттеп отырған құбылысқа қарым-қатынасы, шығарған үкімі, маза таппай жан ұшырған суреткер қиялы. Кез-келген туынды - өмірлік құбылыстың бейнесі ғана емес, дарын иесінің ой, қиялы да. Қар қызы повесінде бір жағы қияли дүниеден елес берсе, басым ой шындықты меңзейді, жалпы өзінің өмірлік бағдарына, адамгершілік көзқарастарына мифтік бастаулардан тірек іздеу Шығыстың, соның ішінде қазақ халқының философиялық, поэтикалық ойлау дәстүрлерінде ежелден бар. Қазіргі әдебиетімізде бұл форма жаңа қасиеттерге ие бола түсті.
О.Бөкеевтің Қар қызы шығармасында да осынау мифтендірілген образ, сюжет арқылы адамгершілік, әділеттілік мәселелері көтеріледі. Шығармада негізгі кейіпкер ретінде Нұржан барлық адамгершілік болмысымен байыпты да салмақты мінезімен ерекше танылады. Жауыз Қоңқай да: Үш жігіттің ішіндегі ең қауіптісі - Нұржан. Қалған екеуі көзінің алдындағыны ғана көретін дарақылау, ойлары таяз, - деп пікір түйеді. Жас болса да басына қиын қыстау іс түскен шақта Нұржанның басындағы қасиеттер - адамгершіліктің ерен үлгілері. Оның әр тұстағы әрекеттері мен өмір туралы ойлары өмірге, адамға деген көзқарас, пиғылын, ой өрісін байқатса керек.
Нұржанның қар қызын, оған деген әділетсіздікті қыз тағдырын, оның аянышты өмірін көп ойлайды. Сондықтан да қар қызы Нұржанның түсіне көп кіреді, екеуі кездесіп, сырласып жүреді. Қыздың сыңсып салған әні басқаға емес, Нұржанның құлағына шалынады.
Өмірінде бола беретін табиғи процесс екенін және оның адамның күнделікті қам-қарекетінен, ыстығына тоңып, суығына күйіп жүрген ісімен, психологиялық көңіл-күйімен байланысты екенін көреміз. Демек, көркем әдебиет өмір материалын талғамсыз ала бермейтіні секілді мұндай психологиялық күйін де талғамсыз суреттемеуі тиіс. Оған белгілі бір мағына сиғызу тиіс десек, Нұржанның түсіне Қар қызының кіруі де қисынсыз емес. Өмір шындығына сүйенбеген, содан нәрленбеген әдеби шындықтың бәрі де жалған болса керек. Ал шығарманың шыншыл болып түйілуіне суреткердің өмірден көрген - түйгені, өз басынан өткен оқиғалары әсер еткен.
Бұл повесі жайлы автор өзі Болгарияның Родописки устрем газетінде былай деп жазады: Бұл өзі болған оқиға. Повестегі Нұржан - өзім. Қар қызын түсімде ғана көрдім, сыңсып салған әнін естігендей болғанмын. Бір ойдан оқушы бұл оқиғаға сенбеуі де мүмкін, ал мен сенемін. Әлемді әлдилей ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz