Арқалықты арматуралау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Пән: Құрылыс құрылымдарын есептеу негіздері
Мамандығы: - Ғимараттар мен үйлердi салу және пайдалану

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Арқалықты есептеп жобалау.

Орындаған:

Қабылдаған: арнайы пән
оқытушысы

Ақтау 2020ж

МАЗМҰНЫ

бет

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

Сәулеттік-құрылыстық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 7

Есептік-құралымдық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3

Өндірістік-экономикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .26

Еңбекті қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66

КІРІСПЕ
Қоғамдық ғимараттар қалалар мен басқа да елді мекендердің сәулеттік бейнесі мен көлемдік жоспарлық структурасында басты маңызды орын алады. Оларда ерекше айқын мөлшерде қоғамның жарқын экономикалық деңгейі, саясаттық және эстетикалық сатысы көрінеді. Бүкіл әлемдік сәулет өнеріннен өзінің бейнесін тапты.
Әлеуметтің дамуы, мәдениеттің өсуі, білім және спорт саласының өрлеуі, жаңа демократиялық дәуіріндегі ортаға қажет жаңа типті ғимараттардың салынуын талап етеді.
Кез келген сәулеттік ғимарат үшін ғимараттың қызмет көрсету саласы өмірлік функциясы болып келеді.
Жаңа заман адамының қоғамдық өмірі алуан түрлі - әкімшілік, қоғамдық-саясаттық, мәдени, тұрмыстық - осы процесстерді ұйымдастыратын материалдық қоршау болатын әр түрлі мекемелер мен өнеркәсіптерді туындатады.
Сондықтан тұрғын үйлерден қоғамдық үйлердің айырмашылығы өздерінде осы ғимараттардың мінездерін айқындайтын біртексіз функциональды процесстерді топтастырады.
Қаланың (елді мекеннің) жалпы көлемдік-жоспарлық кейпі сәулеттік түр, сонымен қатар әкімшілік ғимараттары сәулеттік кескінге көркемдік және мағыналық мән береді.
Біздің елімізде соңғы жылдары қоғамдық және тұрғын үйлердің құрылыс көлемедерінің артуы байланысты осындай ғимараттарда адамдардың қауіпсіз өмір сүруі сұрақтары шешілмей тұр. Өрт қауіпсіздігі сұрақтары әлі күнге дейін шешімін таппай тұр. Қоғамдық және тұрғын үйлерде өрт тез арада көбейіп кетті. Осы жайларға байланысты өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешен орталығы аса қажет.
Осы сұрақтарды шешу өмір деңгейін, әлеуметтік деңгейді арттырады, ауылдық және қалалық жерлерде өрт сөндіру кешендері құрылысын құруды жүктейді.
Курстық жұмысты орындау мақсаты:
- ғимараттарды жобалауда жаңа ілімдерді меңгеру;
- ғимараттың құралымдық және көлемдік-жоспарлық бағаланудың техникалық -экономикалық әдістерін меңгеру;
- теориялық материалдарды игеру барысында алынған білімді кеңейту және бекіту;
- ғылыми - ізденіс жұмыстары элементтерін орындау әдістерін меңгеру;
- техникалық әдебиеттер мен қолданыстағы құрылыстық нормалық құжаттарды қолдану әдістерін машықтандыру.
Өзектілік. Бүгінгі таңда, жобаланатын азаматтық, өндірістік және ауыл-шаруашылық ғимараттары мен үймеретерінде барлық құрылыс материалдары мен электр энергия көзін үнемді, әрі қолайлы пайдалануға көп назар аударады. Отандық өнімдерін пайдалана отырып, зауыттардан шығарылатын жеңіл құралымды бұйымдарға, ауылдық жерлердегі мәдени-тұрмыстық нысандар мен тұрғын үйлерді абаттандыруға аса ерекше көңіл бөлінеді.

1.1Арқалықты есептеп жобалау.
Курстық жұмыста, арқалықты оңтайлаған схема бойынша есептейміз. Ол үшін арқалықты екі тіректе еркін жатыр деп қарастырамыз, тірек ұзындығы Lт=20см деп. Алдын ала арқалықтың геометриялық өлшемдерін тағайындаймыз. Арқалық ұзындығы - Lа, ұстын торы 6х6м болғанда ұстын қимасы 35х35 деп алғанда, бүйір беті мен ұстын бет жазықтығына дейінгі саңлау (жік) екі шетінен 35мм деп алғанда арқалықтың ұзындығы Lа=600-(35+2·3,5)=558см болады.
Арқалықтың есепті ұзындығы L0 =Lа-2
Арқалық қимасын тік бұрышты етіп тағайындаймыз, биіктігі h=қабылдаймыз h=55см деп, ал арқалық қима енін, екі жағынан плита жататынын ескеріп, плита тірек ұзындығы -12см деп алғанда және плита бүйір жазықтық ара қашықтығы 3см кем болмаған жағдайда
b=2·12+3=27см
Арқалықтың материалдары: бетон классы В20, есепті қарсыласу беріктігі остік сығылуға Rb=11,5МПа созылғанда Rbt=0,9МПасерпімділік модулі Eb=27·103МПа, бетонның жұмыс істеуін ескеретін коэффициент γb2=0,9.
Бойлық жұмысшы арматура А-III есепті қарсыласуы Rs=365МПа, серпімді модулі Es=20·104МПа.

2.6. Арқалықтың беріктігін есептеу.

Арқалыққа плитадан түсетін толық есепті жүктеме-күш 7054нм2. Ал ұстын адымы 6м болғанда арқалықтың 1м ұзындығына әсер ететін жүктеме күш
q=7,054·6=42,324кнм
Арқалықтың осы ұзындыққа келетін есепті өз салмағы
p=0,27·0,55·1·24·1,1=36,92кнм
Арқалыққа берілетін толық есепті жүктеме-күш
q=q1+p=42,324+3,92=46,24кнм
Арқалық қимасында туындайтын есепті ию моменті
М=кн·м
Көлденең қима күш
Q=кн

2.7. Тік қиманың беріктігін есептеу.
Ию моменті М=167,298кн·м=16729800н·см
Арқалықтың тік қимасының биіктігі h=55см,
Жұмысшы биіктігі h0=h-a=55-5=50см деп аламыз.
а=35см деп алса болады, ол жұмысшы арматураның ауырлық центрінен бетон қиманың созылу шетіне дейінгі аралықты анықтаймыз:

Қиманың есепті салыстырмалы сығылу биіктігі
ξ=1-

Коэффициент ξ=1-0,5·ξ=1-0,5·0,245=0,877
Келесі шартты тексереміз ξ=ξR:
ξR=0,6
бұл жерде :ξR-қиманың шекті салыстырмалы сығылу биіктігі σs=365 А-ΙΙΙ арматура классы үшін σscu=500 γb2 болғанда
=0,85-0,0008Rb=0,85-0,008·11,5·0,9= 0,77

ξ=0,245ξR=0,6 шарт орындалады.
Тік қиманың беріктігін қамтамасыз етуге керекті бойлық жұмысшы арматураның қимасының ауданын анықтаймыз:
Аs
Қабылдаймыз: 2Ø20 Аs=6,28см, 2Ø18 Аs=5,09см жұмысшы арматураның жалпы ауданы Аs=6,28+5,09=11,37см2.

2.8. Көлбеу қиманың беріктігін есептеу.
Көлденең қима күш Qmax=124,385кн=124385Н
Қиманы екі жазық дәнекерленген арматура қаңқасымен арматуралаймыз. Бойлық жұмысшы арматура - Ø20(18) мен тік (хомут) арматураның дәнекерлеуін ескеріп тік арматура диаметрін Ø8мм, 0,503см2, қимада екі қаңқа болғандықтан есепті тік арматура қима ауданы см2 болады. Класс арматура А-ΙΙΙ,МПа арматураның жұмыс істеу жағдайын ескеретін коэффициент γs2=0,9 сонда Rs=0,9·285=255МПа. Конструктивті талапқа байланысты тік арматураның адымы S1=h3h=553=18,3см-тірек аймағында ұзындығына болу керек, ал арқалықтың ортаңғы бөлігінде тік арматура адымы
S2=3h4=3·554=41,25см болу керек.
Тағайындаймыз S1=20см, S2=40см.Тағайындаған өлшемдер бойынша есеп жүргіземіз. Элементтің бір өлшем ұзындығына келетін күштін мәнін анықтаймыз.
255·1,01(100)20=1290нсм
Қиманың сығылу аймағының көлденең қима күш көтеру шамасын анықтаймыз.
Qbmin=φb3Rbtbh0=0,6·0,9·0,9·(100)27 ·50=6561н=65,61кн Тексереміз: Qbmin2h0=656102·50=656,1нсмqsω=1 290нсм шарт орындалады.
Тік арматураның ең үлкен адымын анықтаймыз:
Smax=φb3Rbtbh02Q=1,5·0,9·0,9(100)2 7·502124385=65,9смS1=20см
шарт орындалады.
φb4=1,5-ауыр бетон үшін.
Есепті көлбеу қиманың бойлық оске проекция ұзындығын анықтаймыз келесі формуламен

С=

бұл жерде ию моменті
Мb=φb2Rbtbh02=2·0,9·0,9·(100)27·502 =10935000н·см=109,35·105н·см
φb2=2-ауыр бетон үшін.
С0=92,07см2h0=2·50=100см шарт орындалады.
Осы ұзындыққа орналасқан тік арматураға берілетін көлденең қима күштің мәнін анықтаймыз:
Qsω=qsω·c0=1290·92,07=118769,3Н
Көлбеу сызат-жарықтың ең ұшына келетін тік қимаға әсер ететін көлденең қима күштің мәні келесі формуламен анықталады.
Q=Qmax-qc=124385-462,4·153,8=53277Н
бұл жерде: көлбеу сызат-жарықтың бойлық оске проекциясы сыртқы жүктеме күш әсерінен q=46,24кнм=462,4нсм
С==166,5см
Көлбеу сызат-жарықтың ең ұшына келетін тік қиманың сығылуы аймағындағы бетонның күш көтеру шамасы Qb=Mbс=1093500153,8=71098,8Н.
Осы қиманың беріктік шартын тексереміз-QQb+Qsω болу керек.
53277Н71098,8+118769,3=189868,1Н
шарт орындалады, яғни тағайындаған тік арматура адымы көлбеу қиманың беріктігін қамтамасыз етеді.

2.9. Арқалықты арматуралау.
Арқалық дәнекерленген екі арматура қаңқасымен (К-1) арматураланады. Бойлық жұмысшы арматура суретте көрсетішлгендей екі деңгейде орналасқан, әр қаңқада Ø20 А-III және Ø18 А-III тең, жалпы қима ауданы Аs =11,37 см2.Тік қима беріктік есебі бойынша керекті Аs=10,56см2 орнына есепті ию моментінің ең үлкен мәніне сәйкес алынған.
Қиманың күш көтеру мүмкіндігі ию моменті бойынша Аs =11,37см 2-нақты арматуралау жағдайында анықтаймыз Аs =11,37см болғанда

Қиманың сығылу биіктігі

Жүктеме күштен туындайтын ию моменті екінші дәрежелі қисық және оның ең үлкен мәні арқалықтың ортасынан шетіне қарай кеміп, тіректе нольге тең болады. Сол себепті барлық жұмысшы арматураны тірекке дейін жеткізудің қажеті жоқ.
Арматураны үнемдеу үшін, қимадағы 4-арматураның екеуін керек емес жерде кессе болады. Ол үшін қалған екі арматура бойынша қиманың күш көтеру мүмкіндігін анықтаймыз.Мысалы 2Ø18 арматура стержінінің ойша кесіп, қалған 2Ø20 Аs2ф20=6,28см2 бойынша қиманың күш көтеру мүмкіндігін анықтаймыз.
Мк=365(100)6,28(50-0,5·7,38)=106151 78н·см=106,15кн·см
Анықталған мәнді Mк2ф20=106,15кн·м суретте келтірілген жүктеме күштен туындайтын ию моментінің қиылысқан нүктесін, бойлық арматураның теориялық кесу нүктесі(ТКН) деп атайды.
Теориялық кесу нүктесі мен арқалықтың есепті тірегіне дейінгі х-қашықтықты,
осы нүктеде жүктеме-күштен туындайтын момент Мх пен қиманың 2Ø20 диаметрлі арматуралы күш көтеру - Мк шамасымен теңестіру арқылы анықтауға болады.
Яғни осы теңдеуге сан мәндерін қойып, арифметикалық амал қолданып келесі квадрат теңдеуді аламыз
46,24х2-46,24·5,38х+2·106,15=0
Немесе 46,24х2-248,77х+212,3=0
Осы квадрат теңдеуді шешкенде аралық тірегінен теориялық кесу нүктесіне дейінгі қашықтықты табамыз.

Х1=4,32м Х2=1,06м
Тексеру Х1+Х2=4,32+1,06=5,38м=L0- аралықтың есепті ұзындығына тең. Есеп дұрыс шешілген. Яғни Теориялық кесу нүктесі солжақ тіректен 106және 432см қашықтықта жатыр.
Кесілетін жұмысшы арматураны нақты жағдайда ТКН нүктеден W=Q2qsω+5d=20d - бекіту (анкер) ұзындығынан ескеріп кесу керек.
QТ- теориялық кесу нүктесіне сай келетін көлденең қима күш 23,24кн
W=
20·1,8=36см
Тағайындаймыз W=35см

5. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімі
5.1 Ұйымдық және құқықтық аспектілері

Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімі іс-шаралары диплом жобасында маңызды рөл атқарады, өйткені адам өмірі бірінші орында болу керек. Тіршілік қауіпсіздігі ережелері көптеген ғылымдардан алынған. Олар:
әлеуметтік-құқықтық және экономикалық ғылым-еңбек құқығы, әлеумметтану, экономика және т.б.
медициналық ғылымнан-еңбек гигиенасы, өндірістік санитария және еңбек психологиясы.
техникалық ғылымнан-жалпы инженерлік ережелер, инженерлік психология және т.б.
Ғылым мақсаты болашақ инженер-құрылысшының құрылыста тіршілік қауіпсіздігі ережелерін сақтап және оған байланысты мәселелер шешімін табу.
Қазақстан Республикасындағы Еңбек Кодексі 2007 жылдың 15-мамырда қабылданды №251-111 ҚРЗ, 6-бөлімнен, 40-тараудан және 341-баптан тұрады. Кодексте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың негізгі және аса күрделі мәселелері қарастырылған. Еңбек Кодексі еңбекті қоғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және еңбек қызметі процессінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі жіне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді. Қызметкерлердің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері 35тарау, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру мәселелері 36 қарастырылған.
Қазақстан Республикасының "Мекеме басшылары мен мамандарының еңбекті қоғау туралы білімдерін тексерудің типтік ережелеріне" (3.04.1995 ж. №4-2) сәйкес құрылыс мекемелерінің инженерлі-техникалық қызметкерлері мен мамандары Қазақстан Республикасының "Еңбекті қорғау", "Халықтың денсаулығын сақтау", "Тұрғындардың санитарлы-эпидемиологиялық саулығы", "Еңбек туралы кодекс" және т.б. заңдарды білетіні туралы тексеруден өткізілуі керек.
Еңбекті қорғау жөніндегі заңдамтырылған актілер Қазақстан Республикасының еңбек құқығының ажырамас бөлігін құрайды,оның негізі 30.08.95 жылғы ҚР Конституциясының 24 бабы болып табылады:
1 Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда ғана жол беріледі.
2 Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
3 Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген берілген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.
4 Әркімнің тынығуға құқығы бар. бЕңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уағытының ұзақтығына,демалыс және мереке күндеріне жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
Сондай-ақ 2007 жылы 15-ші мамырында Қазақстан Республикасының ЕңбекКодексі шықты.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар. Бұл бапта жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасында еңбек қатынастары туындаған кезде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптары бәрі орындалуға міндетті деп айтылады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау және қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметті, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган немесе өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаусаласындағы мониторинг пен тәуекелдерді бағалау. Бұл бапта жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешенді бағалау, өндірістік жарақаттануды азайту, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында уәкілетті органдар мен оның аумақтық бөлімшелері еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мониторингін ұйымдастырады деп айтылған.

5.2 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау

Құрылыс монтаж жұмыстарын немесе құрылыс объектісін жаңғарту жұмыстарын жүргізгенде "Құрылыс нормалары мен қағидалары" (СНиП РК А 3.2.5-2002) талаптарын қатаң және толық түрде сақтау талап етіледі. Мекемелер мен өндіріс оындарының жетекшелері жекеменшік түріне қарамастан құрылы монтаж жұмыстарын орындағанда жұмысшылар, кәсіп одақ комитеті, санитарлы эпидемиология, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау мекемелерімен келісім шарт түрінде келісімге келуі қажет. Келісілген шараларды толық орындауға жұмысты жүргізуге алған негізгі орындаушы жауапкершілікке отырады.
Құрылыс жұмыстарын жүргізуге жауапкер орындаушыға, егер құрылыс алаңында қауіпті өндірістік қатер төнетін болса немесе ондай участке болса жұмыс басталар кезінде оған арнайы рұқсат-наряд берілуі тиіс. Бүл рұқсат-нарядтың бекітілген арнайы үлгісі болады. Мұндай құжатты құрылыс-монтаж мекемесінің бас инженері және жұмыс істеп тұрған мекеменің жетекшісі қол қойып бекітуі тиіс.
Рұқсат-наряды белгілі құрылыс жұмысын орындауға кететін мерзімге ғана беріледі. Егер жұмыс жағдайы немесе шарттары өзгерсе, онда бұл құжат күшін жояды да, оның орынына жұмысты қайта бастағанша жаңа рұқсат-наряд берілуі тиіс.
Өндірістік санитария талаптарына сәйке құрылыс алаңындағы қызметкерлер жұмысшылар, мамандар, жетекшілер және т.б. арнайы киіммен, аяқ киіммен және жеке сақтандыру құралдарының саны жұмыстың түріне, төнетін қауіптің дәрежесіне байланысты болып, бекітілген нормалар мен заң актілерінде көрсетілген мөлшерден аз болмауы керек. Бұл талаптар құрылыс жұмыстарын жүргізетін барлық мекемелерге жекеменшік түріне қарамастан міндетті. Сақтандыру құралдарының саны нормалардағы мөлшеріден жоғары болуы мүмкін, егер ұжымдық келісім-шартта немесе тарифтік келісімде нақты үлкен мөлшер көрсетілсе.
Құрылыс алаңында жұмысшыларға, мамандарға, қызметкерлерге, жетекшілерге арналған киім шешетін, киімдерін құрғататын, жуынатын, жылынатын, тамақ ішетін және демалатын, әжетханалар және әйелдерге гигиенелық бөлмелер мен орындар болуы керек. Аталған мекемелер саны, көлемі және т.б. қолданып жүрген нормаларға және СНиП 2.02-05-2002 талаптарына сай болуы керек.
Өндірістік санитария талаптарын орындау мақсатында жоғарыда көрсетілген санитарлы-тұрмыстық бөлмелердің барлығы негізгі құрылыс жұмыстары басталмай тұрып дайындалып, іске пайдалануға толық жарамды күйде болуы керек.
Пайдаланып тұрған құрылыс ғимаратын қайтадан жаңарытып жөндеуден, реканструкциядан өткізгенде қажетті санитарлы-тұрмыстық бөлмелерді санитарлық талаптарға сай етіп қарастыру қажет, өндірістік процестерді жүргізгенде жаңғартылып жатқан мекемелер үшін сол санитарлық талаптардың толық орындалуы міндетті түрде талап етіледі.
Құрылыс өтіп жатқан әрбір объектіде алғашқы медециналық жәрдем көрсететін қажетті медикаменттер, зембілдер және т.б. сақтайтын арнайы бөлме немесе орын қамтамасыз етілуі керек.
Құрылыс алаңында жұмыс істейтін барлық адамдар санасы жағынан санитарлық талаптарға жауап беретін ауыз суымен қамтамасыз ететін жағдай жасалуы керек. Ауыз суымен қамтамасыз ететін қондырғылар жұмыс орынынан 75 м қашық және 70 м биіктіктен алыс болмайтындай орнатылады.
Құрылыс мекемесінің жетекшілері құрылыс орны мен жұмыс орындарында қарамағындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекті қорғау ережелері мен инструкцияларын бұлжытпай орындайтындай жағдай жасауға міндетті. Адамдарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жабынның көтергіш конструкциялары
Есептік күшсалмақтар
Тұтас құймалы темір бетонды жабындыны есептеу
Тас қалауларының түрлері
Аралық қабырға биіктігі
Сарыағаш қаласындағы май цехы
Кешенді конструкциялар
Көп қабатты ғимараттың жеке конструкцияларын есептеу
Түркстан қаласындағы жануарлар ауруларын алдын-алу орталығы
Демалыс орнын жобалау
Пәндер