ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ХАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ МАТЕРИАЛДАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЫАЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БІЛІМ
АКАДЕМИЯСЫ
ӘОЖ 37.034574
Қолжазба құқығында
Өтешова Баян Кдпсалыққызы
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ДҮНИЕТАНЫМЫН ХАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ МАТЕРИАЛДАРЫ
АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
13.00.01. -- жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедгогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертация
ғылыми жетекшісі:
педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Қ.Қалиев
Алматы, 2004
МАЗМҮНЫ
КІРІСПЕ ...3
I ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ХАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ ойшылдары мен ағартушыларының еңбектеріндегі
халық тағылымының оқушылардың дүниетанымын дамыту мүмкіндіктері 10 '::
Оқушылардың дүниетанымын дамыту мәселесінің психологиялық
және педагогикалық зерттеулердегі көрінісі 41
Оқушылардың дүниетанымын дамытудың моделі,
өлшемдері мен көрсеткіштері 69 А
I бөлім бойынша түжырым 83- '
1 ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ХАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ
2.1 Оқушылардың дүниетанымын дамытуға бағытталған Әдеп пәні бағдарламасын педагогикалық-тәжірибелік
сынақтан өткізу 86 '
Үлттық дүниетаным тағылымдары атты
таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымын
дамыту 109 16
Сыныптан тыс тәрбие жүмыстары барысында
оқушылардың дүниетанымын дамыту 116 '
2. бөлім бойынша түжырым 125
ҚОРЫТЫНДЫ 127 :
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 130 ._.
ҚОСЫМШАЛАР 37-
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ халқының қоғамдық дамуында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және рухани, ұлттық болмысты қалыптастырудағы өзгерістер білім беру саласын жетілдіріп, жаңаша ойлау, оқыту мен тәлім-тәрбиені жаңаша құру, көзіргі заман талаптарына сай отбасындағы тәлім мен мектептегі оқытуды түрлендіріп, жаңартуды қажет етеді.
Қоғамдағы заман туғызған қажеттіліктер ұрпақты ұлттық рухани қазынасыменен, өнеге-әдебиетіменен, әдет-ғұрып, салт- сана, дәстүрлерімен сусындату керектігін талап етіп отыр.
Оның басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне ие болған кезеңде экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеу ісін жаңаша талапқа сай түбегейлі өзгеріс енгізудің қажеттігі туындаы.
Өтпелі кезеңдегі нарық қыспағынан жұмыссыздықтың етек алуы, рухани жұтаушылыққа ұшыраған әрбір отбасының экономикалық ауыр хал-ахуалы тәрбие мәселесіне кері әсерін тигізіп отырғанын да ескерген жөн.
Сонымен қатар мектепте қоғамға пайдалы істерге оқушыларды тарту жұмысының бәсеңдеуі олардың білімге, өнерге деген қызығушылығын төмендетті, әрі оқу-тәрбие үрдісінде етек алған жалған, науқандық көзқарастар, оқу бағдарламасының, жоспарының және оқулықтардың бірсарындылығы, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін қолдануда жыныстық және жеке басқа тән дербес ерекшеліктерге көңіл аудармау, балаларға тек бедел арқылы өкімшілікпен ықпал етуге негізделген әмір етушілік сияқты келеңсіз жайлар тұлғаны еркіндігінен айырды. Бұл жайлар қордалана келе бала бойында қызығушылықты сөндіріп, енжарлыққа бейімделуге себепші болды.
Әр оқушының қызығушылығын білмегендіктен және олардың психологиялық ерекшелігін ескермегендіктен, көп жағдайда оқушылардың ата-аналары мен мұғалімдер арасында түсініспеушілік жайлар жиі кездеседі. Осының бәрі тәрбие жұмысының үстірт жүргізілуіне себепші болып отыр. Оған жол беру тұлғаның дербес ерекшеліктеріне қалай болса солай қараудан, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеудегі ішкі мүмкіндіктерін ескермеуден, олардың қабілеттерін әлеуметтік жағдаймен байланыстырмау салдарынан туындауда. Тәрбие жұмысының сапасыздығының тағы бір себебі -- олардың ғылыми негіздер дәрежесінің төмендігінен болып отыр. Педагогика ғылымы көп ретте жеке тұлғаның дамуын өмірге сәйкессіз тұрғыда қарастырып келеді. Кейде ол өлшемдік ұсыныстар мен нұсқаулар шығарумен ғана айналысты. Ғылыми зерттеу жұмысындағы өмірден алшақтық, адам туралы басқа ғылымдардың, әсіресе, биологияның, медицинаның, психологияның жетістіктерін ескермеудің салдарынан тәрбиеге бір жақты қараушылық мектеп тәжірибесінен орын алуда.
Осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы "Қазақстан Республикасы азаматының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез- құлқын қалыптастыру тұжырымдамасына" (1995), "Білім саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасына" (1996), "Қазақстан Республикасындағы этникалық мәдени білім тұжырымдамасына" (1996), "Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасының" жобасына (1997), Қазақстан Республикасының "Білім" заңына (1999), "Ресей Федерациясында оқушы жастарды тәрбиелеу тұжырымдамасына" (1991), "Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі кешенді тәрбие бағдарламасы" (2000), сияқты мемлекеттік құжаттарға, сондай-ақ, педгог-ғалымдарының ғылыми еңбектеріне, әсіресе Н.Козлованың "Тәрбие теориясына кіріспе" (М., 1990), В.М.Гинецинскийдің "Педагогика теориясының негіздері" (М., 1994), Е.Бондаревская "Воспитание -- как возрождение гражданина, человека кулътуры и нравственности" (1993), Гончаровтың "Үлтгық мектептің моделі" (1994), Л.М.Фридман мен Г.А.Пушкинаның "Оқушылар ұжымында олардың жеке басын зерттеу" (М., 1988), Б.С.Гершунскийдің "Философия образования XXI века" (1998), Г.К.Нұрғалиеваның "Түлғаның құңцылық бағытын қалыптастырудың методологиясы, теориясы, пракгикасы" (Алматы, 1994), П.И.Пидкасистыйдың редакциясымен шыққан "Педагогика" (М., 1996), И.П.Подласыйдың "Педагогикасы", Б.Лихачевтың "Педагогика" курсы лекциясына (1998), А.М.Қасабеков пен Ж.Алтаевтың "Қазақ философиясының тарихына кіріспе" (Алматы, 1995), А.С.Арсеньевтің "Жасөспірімдер философтар көзқарасымен" (М., 1996), Ә.Нысанбаев пен
М.С.Орынбековтің "Абайдың дүниетанымы мен философиясы" (Алматы, 1995) сияқты оқулықтары мен оқу әдістемелік құралдарына сүйеніп, оқушыларды тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесін жасады.
Жоғарыда аталған еңбектердің бәрінде қазіргі білім мен тәрбие берудің даму өресіне қойылатын негізгі талаптар төмендегідей үш түрлі бағытта қарастырылған. Олар: 1) Еркін тұлғаны төрбиелеу; 2)
Рухани тұлғаны тәрбиелеу; 3) Ізгі, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеу.
Бұл талаптардың бәрі халық педагогикасы үлгілерінен, әсіресе ауыз әдебиеті түрлерінен өзекті орын алып келген. Бүгінгі ұлттың руханиятты тәрбиенің басты құралы ретінде пайдалану қажеттігі туып отырған кезде, халқымыздың өткенінен жан-жақты хабардар болу, ұлттық дүниетанымы, мінез-құлқы қалыптасқан, парасатты, патриот азамат тәрбиелеудің қажеттігі туып отыр.
Осы орайда республикада халықтық дәстүрді жинақтап, зерттеп, саралап игерту, оларды жастар тәрбиесіне кеңінен ендіру, бүгінгі күннің басты талабы.
Үлттық дүниетанымның арқауы болып табылатын халық тағылымының мән-маңызы мен құндылығын белгілі ғалымдар Г.С.Виноградов, В.Ф.Афанасьев, А.Ф.Хинтибидзе, А.Ш.Гашимов, Г.Н.Волков, И.Я.Ханбиков, А.Э.Измаилов және т.б. зерделеген.
Соңғы кездері елімізде жеткіншекгер дүниетанымын қалыптастыруда этнопедагогика материалдарын пайдаланудың мәселелері С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, С.Үзақбаева, Ж.Наурызбай, К.Қожахметова, М.Балтабаев, АМухамбаева, Р.Дүйсенбінова, АКөбесов, З.Әбілова, Б.Мұқанова, Ү.Асанова, Қ.Болатбаев, М.Танекеев, Қ.Аймағамбетова, Е.Сағыңцықов, И.Оршыбеков және т.б. қарастырылды. Сонымен қатар, біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың теориялық-әдістемелік негізіне қазақ даласының өткен тарихы мен мәдениетіне арналған М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Ғабдуллин, Ә.Марғұлан, АБайтұрсынов, Ж.Аймауытов, МЖұмабаев, М.Ысқақов, М.Орынбеков, Н.Елікбаев, Ә.Бірмағанбетов, АСейдімбеков және т.б. еңбектерінің орасан зор пайдасы тигенін атап өткен жөн.
Жоғары сынып оқушылары дүниетанымын қалыптастыру проблемасы 60-жылдардың басынан бастап қана қолға алынды. Э.И.Моносзонның жетекшілігімен ғалымдар жеткіншектердің табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы дүниетанымын қалыптастыру мақсатында оларды қоршаған ортаның білімдік те, тәлімдік те мәнін логикалық тұрғыдан қарастырып, дүниетанымның ұғымдық және педгогикалық сипаттамасын айқындап берді.
Н.А.Менчинскаяның басшылығымен бір топ психологтар жеткіншектер дүниетанымын дамытудың психологиялық аспектісін зерделей отырып, дүниетанымды жеке тұлғаның бір құрылымы ретінде қарастырып, олардың дүние туралы ойлары, сезімдері мен еркі, таным процесіндегі белгілі бір көзқарастар жүйесін құрайтындығын дәлелдеді.
Алайда, оқушы дүниетанымын дамытудың қажеттілігі мен оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың ғылыми тұрғыда негіздеген әдістемелерінің жоқтығы осы мәселенің қайшылықтарын көрсетеді. Оның шешімін табудың педагогикалық шарттарын сұрыптау, зерделеп анықтау жұмысымыздың өзекті мәселесі болып саналады. Аталған мәселенің өзектілігі мен ғылыми-теориялық және әдістемелік жағынан қарастырылмауы біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: "Жогары сынып окушыларының дуниетанымын халық тагылымы материалдары арқылы дамытудың педагогикалық шарттары" деп атауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: халық тағылымы материалдары негізінде жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын дамыту үрдісін теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеу объектісі: мектептегі оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын халық тағылымы материалдары негізінде дамыту шарттары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, оқушылардың дүниетанымын дамытуға қажетті және жеткілікті халық тағылымдары материалдары халықтың рухани мәдениетінің тарихи құндылықтарымен сабақтастылығы принципі негізінде жүйеленіп, мектеп практикасына енгізілсе, онда жеткіншектердің дүниетанымы дамиды, өйткені олардың әлем, адам, табиғат, қоғам, мәдениет туралы көзқарастары негізінде қоршаған ортаға өзіндік қарым-қатынасы қалыптасады.
Зерттеу міндеттері:
оқушылардың дүниетанымын халық тағылымы материалдары арқылы дамытудың теориялық негіздерін айқындау;
оқушы дүниетанымын халық тағылымы материалдары арқылы дамытудың моделін жасау;
оқушы дүниетанымын халық тағылымы материалдары арқылы дамыту жолдарын анықтап, оны қолдану әдістемесін ұсыну және тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру;
оқушы дүниетанымын халық тағылымы материалдары арқылы дамытудың педагогикалық шарттарын жүйелеу.
Жетекші идеясы: жоғары сынып оқушыларының
дүниетанымын халық тағылымы арқылы дамыту тарихи және мәдени құндылықтарға негізделген білім кеңістігін құруға мүмкіндік жасайды
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық таным теориясы, жеке тұлғаның даму теориясы, іс- әрекет теориясы, тәрбие теориясы, этнопедагогикалық тұғырнама, жүйелілік, кешенділік, ізгіліктілік, сабақтастық ұстанымдары.
Зерттеудің көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологгардың, педагогтардың еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (Қазақстан Республикасы Конституциясы, "Білім беру туралы" Заңы, "Этномәдени білім беру" тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан-2030" даму стратегиясы), оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар мен автордың кәсіптік тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау; мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау; оқушыларға сауалнама жүргізу; пікірталас, әңгіме өткізу; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында тексеру, алынған деректерді математикалық есептеу әдісі.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезең (1996-1997 ж.ж.). Әдіснамалық, ғылыми, психология-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалынды. Зерттеудің тақырыбы белгіленіп, теориялық негізі анықталды. "Дүниетаным", "халық тағылымы" туралы ғылыми материалдар сұрыпталды. Эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланды.
Екінші кезең (1998-2000 ж.ж.). Негізгі теориялық ойларды зерттеу мақсатында эксперимент жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың танымдық құндылықтарды халық тағылымы негізінде меңгеру деңгейі, оны күнделікті іс-әрекетінде ұтымды пайдалану жолдары қарастарылды, "Әдеп" пәнін оқытудың әдістемесі жетілдірілді, көмекші құрал даярланды.
Үшінші кезең (2001-2004 ж.ж.). Ғылыми жұмыстың нәтижесі қорытылып, ұсыныстар берілді.
Зерттеу базасы: Атырау облыстық білім жетілдіру институты, Атырау қаласындағы облыстық ұлттық гимназия, облыстық Ж.Досмұханбетов атындағы мектеп-лицей, Құрманғазы ауданы, Дәшін ауылындағы орта мектеп және Атырау қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы № 19, Абай атындағы № 15, С.Мұқанов атындағы № 10 орта мектептерде.
Зерттеудің гылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
оқушылардың дүниетанымын дамытуға қажетті халық тағылымы материалдарының қызметтік-мазмұндық сипаттамасы оларды іріктеу ұстанымдарына негізделіп жасалды:
халық тағылымы материалдары арқылы жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудың интеллектуалдық, эмоционалдық, құндылық, іс-әрекеттік, тәжірибелік компоненттерден тұратын моделі даярланды;
оқушылар дүниетанымын халық тағылымы материалдары арқылы дамытудың ғылыми-әдістемелік кешені ұсынылды;
халық тағылымы материалдары арқылы оқушылар дүниетанымын дамытудың теориялық, дидактикалық, әдістемелік, практикалық бөлімдерден тұратын педагогикалық шарттары жүйеленді.
Зерттеудің практикалық мәні:
мектепте оқытылатын "Әдеп" арнайы пәнінің авторлық бағдарламасы педагогикалық-тәжірибелік сынақтан өткізіліп, ұсынылды;
жалпы білім беретін мектептің 9-11 - сыныптарға және гимназия, лицейлерге арналган "Үлттық дүниетаным тағылымдары" атты таңдау курсы бағдарламасы құрастырылды, тәжірибеге енгізілді.
мұғалімдерге "Оқушылардың таным деңгейін жетілдіруге арналған жаттығулар мен тапсырмалар" атты әдістемелік құрал даярланды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
Оқушылардың дүниетанымын дамытудың ғылыми-теориялық негіздері болып табылатын:
дала ойшылдарының, жыршы-жыраулардың дүниетанымдық қағидалары, халықтың діни сенімдері, салт-дәстүр, аспан әлемі, табиғат, тектілік туралы халық тағылымы материалдарының қызметтік-мазмұндық сипаттамасы;
оқушы дүниетанымын халық тағылымы материалдары арқылы дамытудың моделі;
оқушы дүниетанымын халық тағылымы материалдары арқылы дамыту жолдары және оны қолдану әдістемесі;
оқушы дүниетанымын халық тағылымы материалдары арқылы дамытудың педагогикалық шарттары.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: теориялық- әдіснамалық қағидалармен, зерттеу пәніне, тәжірибе жүмысына сәйкес әдістерді таңдауымен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарымен және жарияланған ғылыми әдістемелік еңбектері негізінде қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру.
Зерттеу нәтижесінің негізгі қағидалары ғылыми баяндама түрінде халықаралық және республикалық конференцияларда (Алматы, Атырау -- 1999, 2000, 2001, 2003 жж.), Білім беру жүйесінің Республикалық басшы және ғылыми педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру институты жариялаған "Халықтық тәлім-тәрбие дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану" сайысында (1996 ж), Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының әдістемелік кеңесінде, Атырау облыстық білім басқармасының алқасында және №10, 15, 19 жалпы білім беретін мектептер, ұлттық гимназия, мектеп-лицейдің педагогикалық кеңестерінде, екі оқу құралы, екі әдістемелік көмекші құрал мен әдістемелік басылымдарда, жарияланған мақалаларда баяндалды.
"Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту" сайысын (2000ж), Республикалық "Үлттық құндылықтардың қайнар көзін ашу" слетінде (2001ж), Республикалық "Қанатты әйел" - ұлттық идеялар мен бұйымдардың жәрмеңкесінде (1999ж) зерттеу тақырыбының материалдары талқыланды және оң бағаланды.
Зерттеу мәселесінің теориялық мазмұны білім жетілдіру курстарында мұғалімдерге дәріс оқу барысында, мектептегі төрбие жұмысында әдістемелік құрал ретінде пайдаланылды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, нысанасы, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, зерттеудің кезендері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу базасы, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі, қорғауға ұсынылатын қағидалар сипатталады.
"Жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын халық тағылымы материалдары арқылы дамытудың теориялық негіздері" атты бірінші бөлімде "таным", "дүниетаным", "ұлттық дүниетаным" ұғымдарының мәні теориялық тұрғыдан сипатталып, халық қағидалары негізінде жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың психологиялық, педагогикалық негіздері айқындалды.
"Жоғарғы сынып оқушыларының дүниетанымын халық тағылымы материалдары арқылы дамытудың ғылыми-әдістемелік жолдары" атты екінші бөлімде жоғары сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын пән сабақтары, сыныптан тыс тәрбиелік- танымдық іс-шаралар арқылы дамытудың жолдары мен әдістемелері анықталып, сынақтан өткізіліп, нәтижелері қорытылды. Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді. Қосымшаларда зерттеу материалдары берілген.
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ХАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Қазақ ойшыддары мен ағартушыларының еңбектеріндегі халық тағылымының оқушылардың дүниетанымын дамыту мүмкіндікгері
Халық қағидалары, үлттық ұғымдар - өміршең, ол халықпен бірге жанданып, өзгеріп, түлеп отырады. Адамзат өмірінің барлық кезеңдерінде тарихи мұраға, өткенге көзқарас үнемі бірқалыпты, бір ұдай болған емес. Ол қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырды, үнемі осылай болып та келді. Қазақи дүниетаным батыс білімдарлары қағазға қаттаған ойларды көпшенділер жұрағаты қазақтардың оқусыз тоқып, оқшау таразылауы; көктегі жұлдыздар шежіресін, аққан су, жанған от, көшкен құм, аңызақ аптап, асқар тау тілін түсінуі, ұлттық сұңғыла сана, сырбаз сезім, саят сұлулығына ұштастыруы арқылы сарапталады. Қазақтың дала заңдары, болжам-түйіндері, философиялық тұжырымдаулары халықтың ұлан-ғайыр ауыз әдебиетінде көрініс тапқан. Қазақ халқы ұрпағының болашағын болжап, алдын-ала қам жасауы, ол туралы әрқилы топшылау тұжырым келтіріп түйіндей түйіп, қалыптастырған дала заңы мен тәртібі қаншама ғасыр өтсе де өміршеңдігін жоймауы, яғни халық кәдесіне жарауында деп түсінген жөн.
Ауыз өдебиеті -- халықтық дүниеге көзқарас жиынтығы. Қазақ халқының ертедегі философиялық сй-пікірлері мифтік аңыз, қиял- ғажайып ертегілер мазмұнына арқау болып, уақыт өте халық ауыз өдебиетінің мол мұрасына айналды.
Философиялық ой-түйіндердің даму жолында халық ауыз әдебиетінің небір тамаша үлгілері өмірге келді. Өткен замандарда өмір тіршілігінің көбін табиғат құшағында, күндіз-түні мал соңында өткізген қазақ қауымы айналасын қоршаған жаратылыс дүниесі және оның сан алуан құбылыстарды -- аспан мен жер, ай мен күн, күн мен түн, қараңғы мен жарық, адам мен табиғат, жан мен тән, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, бақ пен сор сияқты сан алуан мәселелер жөнінде алуан түрлі аңыз, қиял-ғажайып ертегілер, өлең-жыр, мақал- мәтел, толғаулар ойлап шығарып, түрліше болжамдар, топшылау жасаған. Халықпен бірге дүниеге келіп, бірге жасап келе жатқан, ауыз әдебиеті де адам дүниетанымының барлық қүпияларына жауап беретіндей деңгейде дамыған. Батырлар жырындағы қайсарлыққа, үлтжандылық пен елжандылыққа, намысшылдыққа, ертегі- аңыздардағы парасат пен ақылдылыққа, тапқырлық пен ұшқыр ойлылыққа, шағын жанрлардағы (мақал-мәтел, жұмбақ, санамақ, жаңылтпаштар, т.б.) ойлау, сараптау, зеректілік қабілеттеріне үйретудің дидакгикасы нағыз тұнып тұрған философия емес пе?! [190,Б. 197-200].
Қазақтың сандар туралы ұғымдарының тағылымдық мәні тереңде жатыр. Мысалы, қазақтың "жеті" ұғымынан бүкіл тіршілік заңцылығы тарайды екен. Барлық ұғым жетіден бастау алады, жетіден тарайды. Ғарышта жеті заңдылық, өзара үндестік бар. Егер оның біреуін алып тастасаң, бүкіл жаратылыс бұзылады екен. Халық жаратылыс заңын қастерлеп, киесінен қорыққан, тәубасына келіп отырған. Ел аузындағы рухани қазына -- мақал-мәтелде, өлең-жырларда жаратылыс туралы тағылымды ойлар баршылық [14, Б. 61-62; 62, Б.88].
Қазақ шешендері дүниенің түпкі табиғаты мен шарықтау шыңын жете зерттеген. Әр құбылыстың бастапқы эволюциялық қозғалысы туралы:
Сөз анасы - құлақ,
Су анасы -- бұлақ,
Жол анасы-тұяқ, -деп толғайды да,
Дау мұраты-біту,
Саудагер мұраты - ұту,
Қыз мұраты -- кету,
Жол мұраты -- жету, - дей келіп, қозғалыстың жетінші биігін ұқтырады.
Қазақ халқы ерлік күреске толы өмір кешкен ХУ-ХУІІІ ғасырлардағы сөз өнерін меңгерген жыраулар толғауларының астарыңца дүниетанымдық ойлар басым болған. Түз тұрғындарының ұлттық дүниетанымы, адамдық бейнелері, ұлтгық бейнелері, ұлттық мінезі жыраулар толғауында сипатталған. Халықтың небір тағылымды ойлары мен пайымдаулары дүниетанымның жоғары деңгейге жетілуімен сипатталады. Қазақ халқының ой толғанысы, зерделік ерекшеліктерін сөз етсек, оны тұспалдап, мақалдап, мақамдап, астарлап сөйлеу, жыр, терме, айтыс өнерлерінде көрініс алуынан деп түсінген жөн. Аталған өнер түрлерінің мазмұнында ақыл-нақыл, өсиет- өнеге, ғибрат жинақталып, мазмұны арқылы өсер ұрпақты неден аулақ, неге ынтық болуға баулып өсіруді мақсат етті. Ал ақыл-ойға, терең тәлімге құрылған поэзиялық сөз түйіндерінен ұлттық ойлау ерекшелігін, мәдени мұраның өзіндік сипатын айқын танып білуге болады. Үлттық тәрбиенің барлық түрлері, әдіс-тәсілдері ауыз әдебиетінің жанрларыңда жан-жақты көрініс тапқан. [184, Б. 180-188.]
ХУ-ХУІІ ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулардың дүниетанымы мен философиялық бағыттары жайлы әрі ғалым, әрі ақын Ә.Тәжібаев: "Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқарлар айтқан толғаулардың бізге жеткен мұраларына талдау жасасақ, тыңдаушысын теңіздей шайқайтын терең ойлардың толқынына жүзгендей сезінеміз. Кейде жақыннан, кейде ишаратпен алысқа
меңзеулер әлде қайда, біз біле бермейтін арнаулы сөздерден жаралады да, өмір, тарих, қоғам, адам жөнінде ғажайып топшылаулар, толғау-түюлер айтады",- деп, баға беруінен терең ойдың астарын аңғарамыз. [1, Б. 1-3].
Ғалым Қ.Нұрланова өзінің "Адам және әлем" (Человек и мир) еңбегінде адамның болмысы табиғаттың тылсым құпияларымен байланыстығына терең талдау жасап, адамның өзін-өзі танып білуінің сырларын баяндайды [3, Б. 17-20]. Аталған ғылыми еңбекті таңдау курсындағы тақырыптарға сай пайдалануда оқушы күнделікті тіршілікте мән бермей, кейде тұрмыста қажетсінбейтін жайлардың астарында табиғат пен адам тіршілігіндегі үйлесім, тұтастықтың бұзылып, ауытқушылықтары әсерлерінен хабардар болуына септігін тигізеді.
Қазақтардың ежелгі дүниетанымын зерттеушілердің еңбектерімен танысқанда, қазақ халқына тән обал, сауап, тәуба, кие, әруақ, тәңір ұғымдарына кездесеміз. Енді осы ұғымдар астарында нендей тағылым, ғибрат бар екендігін талдап көрелік. Ерте замандағы қазақтар жер бетіндегі бүкіл жаратылыстың тегі төрт нәрседен -- топырақ, су, от және желден (ауа) жаратылған деп түсінген. Сондықта да, Көкте Тәңірге, Жер Анаға табынған, киесінен сескеніп, сан түрлі наным-сенім, ырымдарды өмірге әкелген. Адам баласы басына түскен қандай ауыртпалық болса да, оған "Тәңірдің ісі", "Жазмыштан озмыш жоқ" деп көнбістік танытқан. Халықтың осы бір ерекшелігі көп жағдайда тағдыр тәлкегіне ұшырауынан сақтап қалса, ол өмірдің кейбір соқпақтарында кері әсерін тигізіп, өзге халықтар алдында "есесін" жіберіп алған сәттерін тарихи оқиғалар салқынынан білеміз [190, Б. 123-126]. "Тәубаға келу" -- бүл қазақ халқының барға қанағат қылып, тірлігіне ризашылығын білдіруі. Тәубе -- философиялық ұғым, ол қандай құбылыстың болмасын, өлшемі, тәубе көбіне этикалық мәнде қолданылады. Бұл ұғым адам қуанышының да, қайғысының да шегі барын білдіреді. Барға қанағат ету философиясы халқымыздың мінез-құлқына әбден сіңген табиғи қасиет. Мұны халық "қоя жесең, қой қалар, тарта жесең, тай қалар" деп түйіндеген. Оның жағымды да, жағымсыз да жағы бар. Сырт көзге қазақ халқы тәубашыл, сондықтан олар өзге алдында момын сияқты, ал егер өз тәубасынан айырылса, ақ-қараны анықтай алмай, өзге соқпаққа түсіп кетуі ғажап емес. Қазақ дүние жимаған, байлық қумаған "бөрі азығы мен ер азығы жолда" деп үлгілі қыз, батыр ұл өсіріп өзіндік ғұмыр кешкен қанағатшыл халық. Тіпті "ата дәулеті балаға дәулет болмайды", "өлі риза болмай, тірі байымайды" деп атадан қалған мал-мүлікті "өзіне жаратқан, жұртқа таратқан".
Халық санасын, оның дүниетанымын зерттегенде осы тәубе философиясындағы қайшылық сырына үңілген абзал. Қазақта "кешімнің батқанына емес, таңымның атарына иек артамын" деген терең мағыналы пайымдау бар [25, 26, 41, 43, 71].
Анимистикалық тірі дүниеде киелі заттар ерекше күш болған. Ал, олардың жазалаушы күші -- кесір деп аталынды. Барлық лас, кесір, кесапаттан тазартушы ретінде отқа ерекше сенді. Ғалым Ә.Диваев қалындықтың жаңа отбасының босағасын аттарда отқа май құюы осының айқын дәлелі екендігін айтады [4, Б.232]. Қоршаған ортадағы зүлым рухтардан (жын-шайтан, пері соғудан) сақтайтын көптеген ырым-жоралғылар болған. Бойтұмарлар -- наным-сенімдерге лайықталып тағылатын болған. Мысалы, үкінің тырнағы, қауырсыны жын-шайтаннан, қасқыр тобығы -- көз тиюден, т.б. сақтайды.
Әруақ киелі ұғым болғандықтан ол дүниетанымдық жүйеде аса зор мәнге ие болып қалған. Қазақ әруақ сыйлайтын ел, оның киесін құрмет тұту - ұрпаққа парыз болған. Бұл әлі күнге дейін арнайы жазылып, ғылыми түрде зерттелмеген ұғым. Шынында да, бүгінгі буынның бұл жөніндегі түсінігі де, пікірі де біржақты болуы заңды құбылыс. Түпкі мәні барлық ойлау, саралау деңгейі қорқу, сескену шеңберінде ғана болып келді. "Өлі риза болмай, тірі байымайды"- әруақ ұғымы өскелең ұрпақ санасына имандылық үйірілдіреді. "Қанша теперіш көрсе де, сынбаған, мойып- мұқалауды өзіне намыс санаған қазақтың "әруақ" киелі көшін қасиеттеу ұғымы, оны кейбір діншіл фанатизм мен өресі тарлықтан сақтап, жаңашыл үлгідегі дүниетанымдық тепе-теңдікті сезіну, түйсінуді абсолюттік үлгідегі таным жүйесі мәнінде әлемге танытады" [2, Б.75-78; 63, Б. 74-80].
Сонымен, табиғатқа табыну мен әруаққа сыйыну салтынан өрбіген Тәңір ұғымы, түптеп келгенде, жер бетіндегі жарасты тіршілікті қадір тұтуға шақыратынын көріп отырмыз. Олай болса, осы қағиданы ұстанғандар біздің ойымызша, мына төмендегідей үш өтеумен өлшенсе керек: тәңір алдындағы, ата-баба алдындағы және ұрпақ алдындағы қарыз.
Тәңір алдындағы қарыз -- тіршілік иесінің, оның ішінде саналы өмір иесі болып жаратылғанымыздың қарызы. Бұл қарыз бізді адам атына лайық ғұмыр кешуге үндейді, бұдан адамгершілік асыл қасиеттерге ие болу міндеті туындайды, яғни, бұл халқымыздың ғасырлар бойы сақтап келген ар, ұят, адалдық пен әділдік, қайырымдылық пен кішіпейілділік, үлкенге ізет, кішіге құрмет секілді шарттарын бұлжытпай орындау борышы.
Ата-баба алдындағы қарыз - өзімізге өмір берген ардақты адамдар алдындағы қарыз. Бұл ұлттық ерекшелігімізді сақтау, рухани құндылықтарымызды өркендету борышы [2, 26,27]. Yenрпақ алдындағы қарыз - өзіміз өмірге әкелген перзентте-р алдындағы қарыз. Бұдан от басыңа құт-береке дарыту міндеті бой көтереді, яғни, бұл -- еңбек ету, кәсіппен айналысу, шаңырағыңды шаттыққа бөлеп, толымды тұрмыс кешу борышы. Yenрпақ алдындағы әлеуметтік мәні зор парыздың бірі - әмеңгерлік. Бұл ұғым бүгінгі таңда қазақ отбасында жүзеге аспайды, біртіндеп жаңғыртса тастанды жетімдер саны азайып, сәбидің сауабын алар едік деген ой келеді.
Әмеңгерлік ғұрпының әлеуметтік, тәлімдік мәнін ата- бабаларымыз о бастан ұрпағының болашағына негіздеген. Азаматтық неке зандылығының бір қағидасы болып өмірде қалған. Әмеңгерлік дегеніміз -- ері өлген әйел егер көңілі қаласа, ерінің туған бауырына, не туысқанына тұрмысқа шығады. Егер көңілі қаламаса, балаларын өсіріп, сол босағада отырады. Әлеуметтік мәні: рудың ыдырамауын, ұрпақтың шашырамауын, ағайынның бірлігін сақтау. Тәлімдік мәні: жесір әйел мен жетім бала кім көрінгенге көзтүрткі болып, тұрмыс тауқыметін тартпасын, бала жат болмасын деп туысқандарының қамқорлығында ер жетуіне қам жасағандық. Әмеңгерлік ғұрпымен үйленген ер адам туысының балаларын өмір бойы қамқорлығына алады, әрі ол оның парызы саналған [185, Б. 32-36; 79].
Yenлттық дүниетанымның бұл қағидасы "қарыз" деп аталады. Өйткені "парыз" сөзі "бұлжытпай орындауға тиісті нәрсе" деген ұғым бермейді, "өтесең де, өтемесең де өзің білетін әйтеуір бір міндет" секілді мағынаға сайып ұзын арқан, кең тұсаумен жүре беруге итермелейді. Ал, қарызды қайтсең де қайтаруға тиіссің. Өзің қайтара алмасаң ұрпағың қайтаруға тиіс. "О дүниеде мойныма қарыз болмасын" дейтін қағиданың осындай терең мәні бар.
Бұрынғылар Тәңірді де, өруақты да өрдайым қамқорлық жасайтын, өрдайым жанға -- жігер, жүрекке- қуат беретін керемет күш деп білген. Төңір (ғарыш) күллі дүниені жаратқан, сол дүниеге үйлесім шартын таратқан, жер қойнына тіршілік ұрығын сепкен, адамзатқа ақыл-ой дәнін еккен құдірет деп табынған. Өздеріне өмір берген, кісілік кейпін келістіріп, ұлт ретінде ұйыстырған ата-бабаларын әруақ тұтып, қиын сәттерде солардың әруағына сыйынды. Ал, Тәңірге кім не тілеп мінәжат етеді, өруаққа не үшін және қашан сыйынады -- ол әркімнің өз еркі, қалауы болып саналған. Тәңірлік сенім ұғымында қазақ халқына ғана тән ерекше қасиет -- бұл тәубаға келушілік, обал, сауаптан аттамау, халықтың қайырымдылығы тәубаға келу, обал, сауап болар деген жүрекжарды түсінігінен қалыптасқаны анық [2, Б. 78; 62, Б. 88].
Дана халқымыз "обал болады" деп тіршілік атаулыға қиянат жасамай, "сауабы тиеді" деп қайырымдылық қылады. Халықтық тәрбие -- рулық тәлімдегі этнос тұстастығын, түбі бір түркі халқының бірлігін сақтауды қолдап отырған. Өйткені, жетім- жесірлерге, мүгедектерге, көңілі бай болғанмен қолы қысқа ағайынға жәрдемдесіп, қандастарын демеуде жалпы ұлтты дүрліктермей, игілікті істі ақылға сала шешудің тиімділігін мойындау қашанда абырой әпереді. Бірақ, қоғам дамуында әлеуметтік жайларға қатысты адамдар арасында түсініспеушілік туғызған құбылыстар аз болмаған. Халық мұндайда "бөлінгенді бөрі жейді, жарылғанды жау алады" деген қағиданы ұрпағына өсиет, өнеге еткен [7, 192, Б. 118-120].
Ата-бабаларымыз өмірдегі кейбір қиянаттарды "аққа құдай жақ" деген тұжырыммен бекіткен. Халықтың табиғат құбылыстарының үндестігін түсінуі өте ерте оянған. Бұған қазақ халқының тұрмысындағы көшпелі өмір тәртібі мен төрт түлікті тұрмыс тіршілігіне жарата білу тікелей себепші болды. Халық баланың болмыс-бітімін, жаратылысын табиғаттан бөліп қарамаған. Жаратылыс құбылыстары сырларын терең танып-білу, оны ұрпағына ұғындыру, қажетіне жаратуды ата-бабаларымыз өзіне парыз санаған, оның бала дүниетанымына ықпалын ескеріп отырған. Қазақ халқының дүниетанымы өте кең болғандығы сонша, бүкіл тұрмыс-тіршілігін, күнкөрісін жыл маусымдарына ойластыра күн кешіп, төрт түліктің түгіне дейін кәдесіне жаратып, ешкімге алақан жаймай, керісінше қайырымын өзгеге көрсетіп, кісілік қасиеттерін бәрінен жоғары қойған. "Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы" деген ұлағатты ойды ту ғып ұстаған ата-баба қасиеті бізді осы күнге дейін небір зобалаң мен зұлматтан сақтап келген деген ой туындайды [53, Б. 464; 93].
Қазақ ұғымында дүние -- жаратылыс үш қабат болып келеді: жоғарғы қабат, яғни "жеті қат көк", басқаша айтқанда әрісі, тәңірінің тұрағы, рух пен иенің мекені; орта қат -- сезім, саналы тіршілік дүниесі; төменгі қат, яғни "жеті қат жер асты" - өлілердің барар орны, яғни мәңгілік мекені. Әр халықтың ұғымында осы үш қатқа байланысты небір наным-сенімдер өмірге келген, кейіннен олар халық тұтынуына лайықталып өнделген [2, Б. 76; 113, Б. 71-75].
Қазақ халқының жыл маусымдары, табиғат амалдары туралы тәжірибеден өткен өзіндік пайымдауларының тағылымдық мәні зор. Бір жыл ішінде күн мен түннің теңесетін мерзімдерін білуі, сол бір жылдың төрт маусымының ерекшеліктерімен санасу көшпенділер үшін өмір сүрудің қажеттілігі саналды. Осы орайда, отырықшылардың негізінен жаз бен күзге тәуелді екенін айта кеткен жөн. Күні бүгінге дейін әрбір маусымды өз ішінде үшке бөледі. қоңыр күз, сары күз, қара күз немесе қыстың басы,
ортасы, аяғы т.б. Жыл маусымдарында кездесетін амалдарды ажыратып, оның қалыптасуынан хабардар болуы үшін, әсіресе әр өңірдің өзіне тән ерекшелейтін амалдарын насихаттап отыру аса қажет-ақ. Себебі, бала күнделікті тұрмыс-тіршілікте бұл ұғымдарды естиді, бірақ ол туралы түсінігі болмауы мүмкін. Мысалы, Батыс Қазақстан өңірінде "Бссқонақ" деген амал турасында халықтың өзіндік түсінігі бар. Қазақтар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген. Жыл соңындағы санатқа кірмей қалған 5 (6) күн -- "бес қонақ" деп аталады. Ежелгі сенім бойынша жақсылық пен жамандықтың жан алып, жан берісіп, өмір үшін күресуі санатқа кірмей қалған осы уақыт аралығына сәйкес келеді. Осы бір "жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер, өлінің әрі тартар, тірінің бері тартар" қиын, қысталаң күндері халық тілінде "өліара" деп аталады. Ал, Батыс Қазақстан өңірінде мұны "ұзынсары" деп атап жүр (13). Қазақтар осы 5(6) күнді өткізіп жібермей жолаушы шықпайды, қоныс аудармайды, жиын-той жасамайды, мал сойып, қонақ шақырмайды. Ақсақалдар өліарада "апыр-ай, қайтер екен" деп ауыл иттерін де үргізбеген [11, 12, Б. 22; 62, Б. 25-30].
Бірінсіз бірі болмайтын, үнемі бірін екіншісі алмастырып отыратын тіршіліктің құралым бөлшекгерінің үйлесімді бірлігінен біртұтас жаратылыс, тіршілік туса керекті. Аспан денелерін бақылау арқылы шаруашылыққа жетекшілік ететін мамандарды қазақ "есепші" деп атаған. "Күнәң жоқ болса, күн болжа" демекші, есепшілік адамнан орасан зор дүниетаным деңгейін талап еткен. Есепшілер аспан денелерінің қозғалысы мен табиғат қүбылыстарын бақылап қана қоймай, сондай-ақ малға жайлы өріс белгілеу мен халыққа құтты қоныс тандау секілді маңызды істерді де атқарған [178]. Табиғатта кездесетін алуан құбылыстар осы амалдар арқылы түсіндіріледі. Табиғат құбылысы мен адам болмысы арасында өте нәзік байланыс барлығын ата-бабаларымыз дәлелдеп кеткен [2, 14, 93]. Жоғарыда аталған қағидалар халық талғамында таразыланып, нәтижесінде төмендегідей киелі ұғымдарды енгізген [11, 12, 186, 187].
Келіннің отауы бөлек, ата-енесі тұратын үлкен үйдің төріне шықпайды, олардың "төсегіне жатпайды, отырмайды". Ата-енесі өлген күнде де бұл ғұрып бұзылмайды, себебі: ата-ененің төсегі -келін үшін киелі саналған. Мұның бәрі ұрпақ тектілігін сақтаудың қамы болған.
Жолаушыға ас-су беріп, дастарханынан дәм үзілмейтін адамды "кең пейілі мен дастархан киесі сақтайды" деп қастерлеген (Жетес бидің айтқаны), осыдан кейін халықта "дастархан киесі" бар деген үғым қалған.
Аққу - киелі құс, құс төресі. Халық ұғымында "аққуды атпайды, киесіне ұшырайды" деп қауіптенеді. Аққудың ұрғашысына мүлдем тиіспейді, себебі "кесапатына ұшырайды".
"Халық әруақ аттамайды", бұл тәртіп бұзылса, "әруақ киесі ұрады" деп қауіптенеді".
Туған жерге аман-есен оралуды ырымдап, жаугершілікте не алыс жолға шыққанда " бір уыс топырақ алу".
"Аюдың кірекейіне қастандық жасамайды". Қастандық жасалған жағдайда еркек аю қалайда кек қайтарады.
Шөп гүлдеп келе жатқанда "дәні жерге түссін", кейін өссін деп ол жерге мал жаймайды.
Қасқырдың тырнағын, үкінің үкісін қастерлейді. Нәрестенің бесігіне "кеселден сақтасын" деп ырымдап тағып қояды.
Буаз малды соймайды, екіқабат әйелден ажыраспайды.
Киіз үйдің шаңырағын көтеретін "бақанды жерге тастамайды", қастерлеп белдеуге қыстырып қояды. Халықтың адалбақан атауы осыдан қалған.
Таңғы шыққа малынған шөпті жалаң аяқ басып жүрсе, ауру адамның бойындағы "құзыр кетеді".
Мал сүйегін отқа жақпайды, сүтін жерге төкпейді, баспайды. Мал құтаймайды, "жұтқа ұшырайды" деген ұғым бар.
Қазақ отбасында "ер адамды пір тұтқан". Оның қадірлі киімдерін бағалап, орынсыз тұтынбаған. "Алтын басты әйелден бақа басты ер артық" деген аталы сөз қалған.
Баланың басына ұрма, "жасық боп өседі". Жылқыны басқа ұрма, "жануардың киесі ұрады". Халық ұғымында жылқы, түйені ұрғанның қолы сынады не ауруға ұшырайды деген наным қалған.
Бас киім мен қамшы киелі деп, жерге тастамаған.
Қара қазанды жұртқа тастамайды, "үйден ырыс кетеді".
Киелі ұғымдармен қатар тағылымдық мәні зор, астарында терең философиялық пайымдаулары бар халық қағидаларын атап кетуді жөн көрдік [2, 25, 26, Б. 84; 186, Б. 20].
Өмірін "жарысқазаннан" бастап, жаназамен аяқтаған пенде фәниден бақиға дейін жүзге тарта әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүр ұстанған екен.
Қатын қалжадан, еркек олжадан қалмайды.
Шаңырақты еркек көтергенмен, уықты өйелдер шаншады.
Балалығың ойыңа түссе - нағашыңа, жігіттігің ойыңа түссе - қайын жұртыңа бар.
Түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан іздей бер.
Көктемгі күннің көзіне келінінді, күзгі күннің көзіне қызынды қой.
Түңлікті мен аштым, есікті өзің қымта.
Үзынды ұлға, қызылды қызға кигіз.
Арқалағаны алтын болса да, түйенің тамағы -- тікен.
Ақыр заман болғанда бота менен бұзауға жүк артылар, қарап тұрған жігітке қыз артылар.
Әйелі бұзылған елдің ертеңі жоқ.
Үлтты қыз сақтайды.
Бала құлақтан құриды.
Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады.
Тәрбие табалдырықтан басталады.
Бала болмысы - құрсақтан, тәлімі- бесіктен.
Ошақтың үш бұты аман болсын.
Есін біліп, етегін жапты.
Жоғарыда аталған киелі ұғымдар, қағидалар тұрмыс-тіршілікке енуіне қарай ырым, тыйымдар пайда болды. Бұл ұғымдар уақыт өте келе тәжірибеден өтіп, ұрпақ тәлім-тәрбиесіндегі алатын орнына қарай сұрыптап, өндеп осы саланы зерттеп жүрген ғалымдардың ғылыми тұрғыда талдау жасауларына мүмкіндік туғызды.
Профессор С.Қалиев зерттеу еңбектерінде халықтық қағидаларға талдау жасап, оның ғылыми педагогикалық ұстанымдарын ұсынады [6, Б. 127; 10]. Ол ұстанымдарына халықтың сан ғасыр бойы жинаған рухани құндылықтарын байланыстырып, ұрпақ тәрбиесінде негізге алуды мазмұнына қарай төмендегіше топтастырады:
Келер ұрпақтың ақылды, намысқой, арлы, өміршең азамат болуын тілеу. Тәрбиенің алғашқы қағидасы әке-шешенің аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндеседі."Құдайым бала бере гөр, бала берсең, сана бере гөр" деген аталы ой- осының куәсі.
Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елегезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол арман бесік жыры мен тұсау кесер жырларына арқау болған.
Халық қағидасында "Бірінші байлық - денсаулық" деген ұғым өзекгі орын алған. Рухани, материалдық байлықтың негізін тәннің саулығына негіздейді.
Халық педагогикасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген.
Гуманизм мен патриотизм -- халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі.
Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру қажет.
Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп насихаттайды.
Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата- бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеген [39, Б. 35-36].
Ғалымның халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың теориясы мен халықтық тәжірибенің үндестігіне талдау жасап ұсынған ғылыми тұжырымдарының ұрпақ тәлім-тәрбиесінде жүзеге асқандығының нақты дәлелі деп жоғарыдағы халық қағидаларының тағылымдық мәндеріне жасалған талдауларды қабылдаған жөн. Халық тұрмыс-тіршілігінде тұтынып келген бұйымдардың танымдық, тәрбиелік мәнін бала дүниетанымын қалыптасуына ұтымды пайдалана білгендігіне талдау жасалық.
Нәрестенің ана құрсағында түйсігі мен ішкі сезімдері жетіліп, жүрек тәрбиесін болмысына дарытса, өмірге келген нәрестеге ақыл тәрбиесі беріледі. Ақыл тәрбиесінің бастауы нәресте бөленген бесіктен, бесік жырынан бастау алады.
Бесік -- нағыз халық мұрасы, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы тұтынып келген киелі мүлкі. Бесіктегі нәрестесіне бесік жырын айту - әрбір анаға сын болған. Нәрестесі бөленген бесікті жыр ырғағымен тербелте отырып, бар пейілімен, жан-дүниесімен беріле керемет бір әуенмен бесік жырын айтқан жас ананы көру - әрбір қазақ отбасының тілегі. Әр нәрсенің парқын зерделей білген ата-бабаларымыз "Есік көргенді алма, бесік көргенді ал" деп ғибратты өсиет қалдырған [11, 12]. Бесік жырының құдіреті -- халық педагогикасындағы жүрек пен ақыл тәрбиесін үндестіруінде. Бесік жырында айтылар небір асыл ойларды тек нәресте ғана қабылдап қоймайды, ананың жүрекжарды әуезді өнін сол маңайдағы бүкіл тіршілік иесі тыңдайды, олардың да сезімін оятып, ой салады. Бесік жырының мазмұнындағы ойлы шумақтар балалардың қиялына қанат бітіріп, ой-армандарын ұштайды, шабыт тудырады. Бесік жырының айтылу әуені, ондағы ой, тілек баланың жас мөлшеріне қарай түрленіп отырады. Бесік жырында айтылар ой, тілек, ықылас, мейірім -- сәбидің ұл не қыз екендігіне сай таңдалады. Мұның өзі халықтың перзент тәліміне аса талғаммен көңіл бөліп, ұлттық болмысты ескергендігінің айғағы.
Бесік жырының танымдық мәні:
Біріншіден, есту түйсігінің қалыпты, әрі тез жетілуіне, сан түрлі әуен сазы сезімталдығына тікелей әсер етеді, бұл құбылыс үнемі қайталана бергендіктен, оған бүкіл жүйкесі бейімделеді, кейін баланың сөйлеу мәнерінде ізі қалуы да ғажап емес. Бұл түйін саналы әрекетке көшуімен сипатталады.
Екініиіден, нәрестенің дер шағында жұлын жүйесі мен миы дұрыс жетіледі. Бірте-бірте бала зердесі қалыптасады, жырда айтылатын ұлттық ұғымдарды түйсініп, бойына дарыта береді.
Үшіншіден, бесік жырының мазмұны, айтылуы, әуені жылдар бойы ауыздан-ауызға көшіп, ұрпақтарға жетіп, заман ағымына қарай өзгеріске ұшырап отырады.
Төртіншіден, бесік қолтықтаған ана ғана жүрекжарды сезімі мен тілегін, үмітін, аналық сезімін тағылым құралына айналдырады.
Қазақ отбасына енген өзге ұлт саясаты бесік тұтынуға, бесік жырына да кері әсерін тигізді. "Бесік зиянды" деген негізсіз түсінік жас аналарды бесіктен аластатып, бесік жырын да айтқызбады. Жылдар өте келе жан дүниесі рухани жұтаң, қатігез, қайырымсыз ұрпақ өсіп-жетілді. Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің үндеспеуі өмірдегі небір қайшылықтарды туғызды, ал мұның ұрпақ тәрбиесінен қазақ отбасында келеңсіз көріністердің белең алуы заңды құбылыс еді. Бесікке қатысты біраз ырым, наным-сенімдер бар. Олардың түпкі мәні -- бесіктің киелі, қадірлі бұйым екендігін ұғындыру, ұрпақ жалғасуына тілекші екендігін сезіндіру, сендіру [3, 84, 199, 200].
Өмірдегі салт, дәстүр, наным-сенім, ырымдар өзара байланысты. Олар терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған тұжырымы, негізгі түйіні, қысқа да көркем бейнесі екендігіне Бауыржан Момышұлының ғибратқа толы мына бір ойы нақты дәлел: "Ырым деген адамның пейілінен туады. Жақсыға жақын болайын, жаманнан абай болайын деген ниеттен шығады. Ырым -- кісінің көңілі, ырымды халық жасайды. Жақсылары заманнан заманға жалғасып, жаңарып, өңделіп жүрген жоқ па? Мысалы, балаға арналған "Шілдехана", "Қырқынан шығару", "Тұсау кесер" дегендерді алайық. Осылардың әрқайсысының ізгі мақсаты, жүрек түпкірінен шымырлап шығатын ақ тілегі бар. Кесірлі, кесапат ырымдарды халық өзі жойып отырған. Тек заман ағымына, дәуір желісіне лайықты жарамдысын қалдырған" [7, Б.78]. Мысалы, халықтағы "Тұсау кесу" ырымының танымдық мәні теренде. Халық ұғымында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz