Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамытудың әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қ.А Ясауи атындағы
халықаралық қазақ-түрік унверситеті.

Студенттердің кезекті XXVI-ғылыми теориялық конференциясы.

Факультет:Гуманитарлық ғылымдар
Кафедра:Білім технологиялары.

Баяндама.
Тақырыбы:Балалардың психологиялық танымдық әрекетін ойын арқылы дамыту.

Орындаған:Асанова Гулшан
Тобы:ПМД-911
Жетекші:доцент П.ғ.кЖумадуллаева
Айгүль

Түркістан 2020ж
МАЗМҰНЫ

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

А) Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділікті дамытудың басты
бағыты - ойын.

Б) Психолого-педагогикалық қызметте негізгі әрекет түрі баланың логикалық
дамуының әдістері.

С) Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін
дамытудың әдістері.

Д) Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы танымдық әрекетін
түйсігімен қабылдауын дамытудың жолдары.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін
дамытады ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес.

В. А. Сухомлинский

КІРІСПЕ

Сапалы ұрпақты өсіру әсіресе, психология ғылымының дамуына ерекше көңіл
аударуды талап етеді. Психологияны дамыту арқылы өскелең ұрпақты өз
дәрежесіне әлем елдеріне таныту бұл біздің әрбір азаматтың міндеті.

Психолого-педагогикалық қызметте негізгі әрекет түрі баланың логикалық
психикалық дамуы болып табылады. Мұнда баланы тәрбиелеу процесіндегі
шығармашылық дамыту ойын әрекетімен тығыз байланыста болуы тиіс. Қоғамның
болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар, қоршаған ортаның
тигізер ықпалы ұшаң-теңіз.

Үлкендер өсіп келе жатқан балдырғанға адамгершілік сезімдерін дер шағында
дарыта беру үшін оны қоршаған ортасында көңілді, қуанышты жайларды жасай
білуі шарт-дейді Е.А.Аркин. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты
іс-әрекеті болып табылады. Атап айтқанда ойын арқылы балалар өмірді таниды,
ойын оларды үлкен өмірге дайындайды. Сонымен қатар баланың шығармашылық
дамуында маңызы өте зор. Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін
көпір ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың
іс-әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның мәні өте зор.
Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше.
Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы
нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше
қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп,
таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі,
өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш
нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық
дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың
білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Халық
даналығында Ойнай білмеген, ойлай да білмейді, Ойында озган, өмірде де
озады деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың
ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп-
есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер
сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді,
әрекет жасайды.

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін
байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін
жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік,
мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен
екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын
ашады. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан
- ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін
ғажайып нәрсе. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке,
білгірлікке баулиды. Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма деп
халқымыз айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың
өмір танымы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде
қалыптасады. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп,
мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар
үшін – оқу, ойын олар үшін – еңбек, ойын олар үшін – тәрбиенің мықты
формасы.

Ойын - мектепке дейінгі балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі.
Тәрбиешінің негізгі міндеттерінің бірі - бала ойынына басшылық ету,
мазмұнды-рольдік ойындарды қадағалау, тәрбиелік мәні бар ойындар
ұйымдастыру. Сонымен бірге әр баланың шығармашылық бастамасын, көңілдегі
ойды өздігінен жүзеге асыра білуін, ойынның мазмұны мен шартына сәйкес өзін-
өзі ұстай білу қабілетін, жолдастарына сыпайы, достық ықыласпен қарау
сезімін дамыту болып табылады. Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені
және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы. Дукен. Аурухана.
Ұшқыштар. Отбасы, Балалар бақшасы жене т. б болып ойнайды

Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын
әрекеттерінің, балалардың өзара қарым- қатынастарының дамуын, көп
жақтылығын жене өзара байланысын анықтайды, мазмұны оны қызықты етеді,
ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері
ойнаушылардың мінез -құлкы мен өзара карым қатынастарын анықтайды және
реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір.

А) Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділікті дамытудың басты
бағыты - ойын.Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін
меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады.

Танымдық белсенділікті психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау,
бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының
ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру
жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген
білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және
тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс-
әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.

Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен
нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық
үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды.

Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып
табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-
бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып
бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала
ойлауын дамыту болып табылады.

Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың,
көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады,
келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады.
Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек.
Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне
тәжірибе арқылы да қалыптасады.

Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және
абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету
сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке
қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану — бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы,
адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды.

Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық
қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын
ойындар ұйымдастыру қажет.

Ойын арқылы балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден
алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне
асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл-ойы
дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады.

Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады.
Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс
түрі – логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық
ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға,
салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Балалардың қызығушылығын арттыруда,
танымдық қабілеттерін дамытудағы мақсат:

— балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту

— қиялдарын ұштау

— тапқырлыққа жетелеу

— қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру.

Міндеттер:

— балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету

— логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру

— балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы
орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс-әрекетін
ұйымдастырудың мынадай: Заңдылықтар, Нені отырғызу керек?, Нені
орналастырсам екен?, Сыңарын табыңдар?, Әзіл жұмбақтар, Логикалық
есептер,

Пішінді орналастыр логикалық ойын түрлерін айтуға болады.

Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденімпаздықпен орындаған балалардың
білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді.

Мектепалды даярлық, балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі
кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты-
бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта
балалардың ой — өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып,
өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды. Дәлелдеу үшін бала тиісті
жүйе – логикалық ойлануға сүйенеді,- дейді Ғ. Жолтаева. Негізінде баланың
логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық алғашқы
ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз..Оны жүйелі түрде
шыңдау тәрбиешінің басты міндеті.

Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ – баланың жеке
тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік
қасиеттер, ақыл –ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең
негізгі кезеңі болып табылады.

Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс-
әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету,
танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін
есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған
орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау
қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту
үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі
анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық
амалдарынан тұрады. Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу
әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев: Ойлау — жанның өте
бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың
ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек- деген.

Ойын әрекеті - өзіндік әрекет. Педагогикада өзіндік жүмыс өз алдында жеке
тұрып оқыту ұсталған бола алмайды. Ал баланың ойын үстіндегі өзін - өзі
жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шашығуы, шыңдалуы, оның ақыл -
ойын, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына
жетуге деген ерік -қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын
оятады. Осының нәтижесінде балалардың өз бетімен ізденуі, білімді
қажетсінуі өсіп, нақтылы қажеттілікке ұласады. Атап айтқанда, білім алудағы
бала белсенділігі мен білімді игеруге деген санашылық (пен) ұстанымы бала
дербестігін туғызып, өздігінен оқу білім алу дағдысын қалыптастырады.

Бала бала-бақша қабырғасында, бала-бақшадан тыс ұйымдарда ұжым арқылы білім
айғағынан, ол әрдайым өз алдында дербес тұлға арқылы іске асқанымен, ойынға
қатынасқан әр баланың алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.

Адамның қандай әрекеті болсын коғамдық әлеуметтік қажеттіліктен туындайды.
Бала өзінің қажеттігін өтеу үшін, ішкі талаптарын қанағаттандыру үшін
белсенді әрекет жасайды. Баланың ойын әрекеті оның ақыл - ой, дене дамытуы
үшін қажет. Баланың ойын әрекетіндегі белсенділігін дұрыс бағалап, ойын іс
- әрекетінде оның белсенділігіне, білім алуға, қажетті оқумен дағдыны
меңгеруге және оларды күнбе - күнгі тәжірбиеде, өмірде пайдалана білуге
үйренуге баланың саналықпен істейтін әрекетіне ұластыруы шарт.

Бала белсенділігі негізінен екі түрлі: сыртқы және ішкі белсенділіктен
түрады. Сыртқы белсенділігі көбінесе ойын арқылы, қимыл, қозғалысы, әсіресе
өмірлік әрекетіне байланысты болып келеді. Баланың ішкі белсенділігіне оның
ойлау әрекетіндегі белсенділігі жатады.

Баланың ішкі, сыртқы белсенділігін бөле - жара, бір - бірінен ажырата
қарауға болмайтыны байқалады. Нақтылап айтсақ, баланың ойы, қабылдауы,
дағдысы ең сақ, баланың ойы, кабылдайы, дағдысы ең алдымен сырттан болатын
әсерлердің негізінде ішкі әсерлерді туғызып, қабылдау белсенділігін
арттырады. Егер сыртқы әсер солғын болса, ішкі әсердің де солғын болары
сөзсіз. Сондықтан А. С. Макаренканың бала ойында кандай болса, өмірде де
сондай болады, үлкенднрдің жұмыстағы қоғамдық өмірдегі қызметкерлігі,
қайраткершілігі баланың ойынымен тең деген пікірін мындықтан алшақ деп
түсіну қиын.

Ұлт ойындарымен бойында бүгінгі жас ұрпақтың бойына дарытарлық ұлттық
жағымды қасиеттері үшан - теңіз, соның бәрі әлеуметтік педагогикалық
талаптарды үнемі шыңдап, қоғам талаптарына сай жастарды тәрбиелену ісіне
қосар үлесі мол екені даусыз.

Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай
халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.
Бүгінгі заман достарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оларды оқып үйреніп,
өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына ата - бабаларының психологиялық
болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына
саралап,жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткені мен бүгінгі
байланыстыра білулеріне, сөйтіп, мәңгүрттік атаулыға тосқауыл коюларына ұлт
ойындары септігін тигізеді. Балалар ойын арқылы шынығып өзінің бойындағы
табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген сондықтан,
халық оған тек ойын - сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қоршаған ең
басты - ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қасиетін шаршы
топтың алдында, баршаға тең, еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған.

Ойын тегінде адам баласының ұжымдық шығармашылығының және орындалуы да
көбінесе ұжымдық түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым -
қатынасқа әрекеттенуге тәрбиелеуге мүмкіндік мол.

Психолог ғалым Т. Тәжібаев өз зерттеулерінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан
ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің кейбір ерекшеліктерін ескілікті
білдіреді деген теріс қиқарысты орынды сынай отырып, олардың тәлім -
тәрбиедегі, денесін машықтыру мен ақыл - ойын жетілдірудегі жеріне
тоқталады. Ұлттық ойын түрлері ұрпактың көңіл көтеруі, ойын - сауық
түрлерімен шұғылдануымен ғана шектелмей, олар сол халықтың салт санасын,
дәстүрін, тұрмысын білдіретін әрекет екендігін көрсетеді. Кез келген
ойынның түр сипаты халықтың тіршілік тынысын бейнелейтін құбылыс.

Б)Мектепке дейінгі балаларды ойын арқылы танымдық әрекетін дамыту

Ойын арқылы балалардың негізгі іс -әрекеті және олардың айналадағы өмірден
алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне
асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл- ойы
дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті
шыңдалады.Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады.

Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс
түрі – логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық
ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға,
салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.

Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы
орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс -әрекетін
ұйымдастырудың мынандай заңдылықтар: Нені отырғызу керек? Нені
орналастырсам екен? Сыңарын табыңдар? Әзіл жұмбақтар Логикалық
есептер Пішінді орналастыр логикалық ойын түрлерін айтуға болады.
Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың
білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді.

Мектепалды даярлық, балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі
кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты
–бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды
даярлықта балалардың ой - өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға
жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды.

Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз-қарапайым
математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек
қателеспейміз.Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті. Педагогика
және психология зерттеулері бойынша балалық шақ – баланың жеке тұлға болып
өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер,ақыл
–ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі
болып табылады. Баланың ақыл –ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне
емес, танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске
сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас
қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор.
Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте
сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін
ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу
қажет. Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология
мен логиканың орны ерекше. Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының
пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен
заңдылығын қарастырса логика –бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен
формаларын айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым,
пайым, дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді.

Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл- әрекеті, логикалық, ұлттық,
грамматикалық, дидактикалық, рөлді- сюжетті. Тиімді қолданылған ойынның
түрлері оқытушының түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен
тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы
оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын
түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.

Ойын кезіндегі баланың психикалық ерекшеліктері өзгереді, олар ойланады,
ерік қасиеті артады, эмоциялық әсері пайда болады, қиял елестері дамиды,
белсенділігі артады. Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық әдіс
ретінде пайдаланудың маңызы зор. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған
белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды. Ойын арқылы
баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы
қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері
араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Сабақта ойын түрлерін
пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді.Тілдің дамуына да, ақыл-
ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді
жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді.

Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті
болады. Оқытудың түпкі мақсаты- оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері
мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге, оның әдіскерлік, танымдық, білімдік,
тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру.Ойын түрін оқу үдерісінде
пысықтау, жаңа сабақты пайдалану тиімді.Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен
мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта
түседі.Баланың әдепті, көрегенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына,
үлкендерге байланысты екені мәлім. Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі-
оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар,ойынды жасаушылар болып
табылады. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін
қолдану арқылы дамыту. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін
театр түрлерін қолдану арқылы дамыту. Білім мен тәрбие бастауын балалар
балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке
дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан - жақты дамыған, сауатты,
саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола
білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді,
білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше.

Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін
оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі
сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын - баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы.
Ойынның түрлері көп, қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың
маңызы зор. Театрлық іс - әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой
- өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге
бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз. Балаларға театр,
әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын
оятамыз. Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып,
бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілікті арттырамыз. Мектеп
жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін
ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты
бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш
жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға
үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек
деген ойға келді. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда
болды. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып,
балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл
ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың
психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген
материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына
сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау,
қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата
білуін дамыта түсу үшін өте қажет. Дамытуға бағытталған дидактикалық
ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған
тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға
тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі
ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды
және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және
тәрбиелік мазмұны болады, балалардың математика пәніне қызығушылығын
арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ ақын-жазушыларының санға
байланысты санамақтар, жаңылтпаштар; сергіту сәттері; іс-әрекеттің
конспектісі берілген, не үшін ойынды ұйымдастыру керек және тәрбиешінің
алға қойған мақсатына қалай жету деген сұрақтардың негізінде құрастырылған.
Ойындардың тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл-күйіне де байланысты
болады. Әр ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет.

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде балалармен өткізілетін
математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс-әрекетте ойынның мынадай
түрлерін пайдалануға болады:

1) дидактикалық ойындар – логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін
дамыту.

2) санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар – балалардың сандарды
танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін
дамыту.

3) математикалық сергіту сәттері–кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты
дамыту.

Ойын – ой қозғайды. Баланың ойынын тыйғаның, ойлауын тыйғаның деген
қағида текке айтылмаған. Ойын төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты,
ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін
көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалық қасиеттерді
қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі.

Ойын баланың санасын, ойын жетілдіріп, қиялын дамытады: бала қимылдарының
дамуына әсер етіп, физиологиялық қалыптасуына жағдай жасайды. Сонымен бірге
ойынды тәрбиеші мен балалардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты
технологиясы ретінде де қолдануға болады. Оқу үрдісінде біртіндеп ойын
технологиясын жиі қолданған жөн. Ойынның жекелеген түрлері балалар
санасының жетілуіне әртүрлі әсер етеді:

· сюжетті-рөлді ойындар: балалардың дүниетанымын, қоршаған орта жөніндегі
түсініктерді кеңейтеді, тілдік қарым-қатынасты дамытуға көмектеседі.
Драмалық: көркем әдебиет шығармаларын тереңірек түсінуге жағдай жасайды,
тіл белсенділігін арттырады.

· құрылыс-құрастыру ойындары: құрастыру, ойлау қабілетін арттырады.

· дидактикалық ойындар: алған білімді нақтылау, ойлау қызметін арттырады,
танымдық белсенділігін дамытады, арнайы мақсатты көздейді, нақты міндетті
шешеді.

Математика сабағында ойын әдістерін қолдану балаларды танымдық
белсенділігін дамытудың қажетті құралы болып табылады. Жас ерекшелігін, оқу
материалының өзгешелігін ескеріп дұрыс ұйымдастырылған ойын балалардың
зейінін аударады, ойлау әрекетін қарқындатады және оқушыларды сылбырлықтан
арылтады.

Ойынды математика сабағында қолдана отырып, балаларды саналы ойлауға
үйретуге болады. Заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға,
өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында Жұбын
тап, Өз орныңды тап, Сан құрамын анықта, Не өзгерді? ойындарын
пайдаланған жөн. Нәтижесінде балалардың білімді қаншалықты меңгергендерін
анықтауға болады. Ойынды балалардың жас ерекшеліктеріне, өтілетін сабақ
тақырыбының мазмұнына сәйкес етіп таңдап алу керек. Әр сабақта ойынды
тиімді пайдалану сол сабақтағы өтілетін жаңа тақырыпты баланың жақсы, өз
дәрежесінде меңгеруіне әкеледі.

Дамыту ойындарының мазмұны, ойынды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері балалардың
зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын
дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды
түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік
пен уақытты бағдарлауға үйретеді.

С) Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамыту.

Ұлы педагог К.Д.Ушинский жас ұрпақты тәрбиелеуде халық педагогикасының
талаптары терең бейнеленген халық ауыз әдебиетінің, әсіресе ертегі жырлары
мен мақал-мәтелдерінің, сонымен қатар дәстүрлі ұлттық ойындардың маңызды
екенін атап көрсеткен.Ұлттық ойындар ұлт ұлт болып қалыптасқалы халықпен
бірге жасасып, ғасырлар бойы ұмытылмай, атадан балағ мұра ретінде ауысып
отырған.Олар баланы пайдалы еңбекке, сөйлеуге,мергендікке,
тапқырлыққа,ептілік пен күштілікке, бірлесіп қызымет атқаруға, төзімділікке
және т.б. тәрбиелеудң ұтымды құралы болған.Қазрде әртүрлі ұлттар
ойындары,соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары жинақталған кітаптар
шығарылуда.

Ұлт ойындары – интернационалдық тәрбиенің құралы. Олай дейтініміз
ұлтойындарының арасында өзара үндестік, тығыз байланыс бар. Ойынға тек ойын
деп қарамай,халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы,бір жүйеге
келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды.

Ұлттық ойындар халық педагогикасынаң бір саласы болып отыр.Ол-сандаған
ғасырлар бойы ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін
өтеуде. Қазақтың ұлттық ойындары тек дүниені ғана емес,ойды жаттықтырушы да
болып табылады. ¥лт ойындарын тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы
жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп
караған жөн. Өйткені, ойын баланың дүниені танып білуге қадам жасар алғашқы
басқышы. Егер баланың алғашқы өмір кезіндегі тікелей айнала қоршаған
ортамен байланысын адамдармен, жолдастарымен карым - қатынасын елеп
ескермей өмір тәжірбиелерінен қол үзгізіп, бірден өзіне бейтаныс дүниеге
мәжбүр етсек, олардың психикалық дамуына кері әсер етуі әбден мүмкін. Оның
үстіне бүл тәрбие үрдісінде жақыннан алысқа жай нәрседен күрделіге,
жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге деген қағидаға да қайшы келмейді.

Қазақ халқының ұлт ойындары жеке адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол
бүкіл қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін ұлттың азаматын тәрбиешісі, үлгі
берершіктей әлеуметтік орта моделін жасаушы ретінде күрделі қызмет
атқарған. ¥лттың ойын арқылы жеке тұлғалар қалыптасып, шыңдалып халыққа
танылған сол арқылы өмірге жолдама алып, ел ішінде танымал адамдарға
айналған. Қазіргідей арнайы мамандық беретін оқу орындары болмаған кезде
ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын тек ойын - сауықтарды бәсекеге түсіп
жеңімпаз атанып, жүлде алу ғана емес, ата жолын куып, өзінен бұрынғы
дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп меңгеруге,
шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет,
шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.

Сондықтан ұлт ойындарын бүгінгі бала-бақша және бала-бақшадан тыс оқу -
тәрбие жұмысына, әсіресе балалардың туристік іс -әрекетін ұйымдастыруға
енгізудің әлеуметтік-педагогикалық негіздері белгілі бір ғылыми —
педагогикалық алғы шарттарға бағындырылуы тиіс.

Бала-бакшадағы және бала-бақшадан тыс тәрбие үрдісін жетілдірудің алғы
педагогикалық шарттарының бірі - өркениеттің бүгінгі деңгейіне негізделген
әлеуметтік - педагогикалық талаптарға сай жастарға білім мен тәрбие беру,
адам баласының өткен ұрпақтарының қол жеткізген жетістіктерінен бас тарту
деген сөз емес, қайта сол көненің негізінде жаңа мазмұн мен мағыналарға
жеткізілетін түрлерді дүниеге келтіру арқылы бүгінгі күн талаптарына сай
жас ұрпақты тәрбиелеу мүмкіндігін пайдалану.

Ұлттық ойын элементтерін сабақтың барысында пайдалану балалардың білімді
қабылдау қабілетін нақтылап, мазмұнын бала санасына жақындатады. Ал
балалардың табиғи жағдайда өткізетін туристік іс - әрекеттерде (туристік
жорықтарда, жарыстарда) ұлт ойындарын пайдалану тәрбие жұмысына оларды
қызықтырып, еліктіре түседі.

Ұлт ойындары балалардың іс - әрекеттерінің мазмұнын байытып, нақтылаудың
нәтижесінде балалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дидактикалық ойындардың педагогикалық негізі
Ересек топ балалардың танымдық қабілеттері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМСІ
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың логикалық танымы үдерісін ойын әрекеті арқылы дамыту.
Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктірудің педагогикалық шарттары
Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Баланың үлкендермен қарым - қатынасының генезисі
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойындар арқылы қалыптастыру
Ойын технологиясын оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру
Пәндер