Үй жануарларының атауларының тарихы


Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Үй жануарларының атауларының тарихы.
2. Жайылым атауларымен байланысты этнолигивистикалық сипаты.
3. Малдың қоражайына байланысты этнолигивистикалық топонимдер.
ІІІ. Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе.
Егер есім - мәдениеттің жемісі деген тезисті ұстанатын болсақ, этномәдени, этнографиялық факторлар Оңтүстік Қазақстан топонимдері сөздігінің этномаркерлі бөлігінің пайда болуына себепші болды. Міне, сондықтан да топонимдер ұлттық мәдениеттің компоненті мен репрезентанты болып табылады.
Бәрімізге мәлім, этномаркерлер деп, біз өзінің құрамында өзіндік маркер-этнографизмі бар, мәдени этнографиялық ақпаратқа ие топонимдерді айтамыз. Түркі топонимдерінің, оның ішінде қазақ топонимдерінің көпшілігі құрылымы жағынан екі құрамды, ал олардың бір сыңары этнографизм болып келеді. Маркер-этнографизм анықтаушы да, анықталушы болып та жұмсала беруі мүмкін, дегенмен біздің байқаумызша этнографизмдер көбіне атрибутты синтагманың анықтаушы компоненті болып жұмсалады. Екі құрамды топонимдердің анықталушы саңарлары әдетте географиялық терминдер болып келеді.
Этномаркерлі топонимдік лексиканы Оңтүстік Қазақстанның геграфиялық жалпы атауларының терминологиясы деңгейінде, сонда-ақ Оңтүстік Қазақстанның географиялық жалқы атауларының деңгейінде талдауға болады.
Кез-келген аймақтың этномәдени (этнографиялық) топонимдер лексикасының сол өлкеге тән мәдени-этнографиялық әлеуметтік-экономикалық және басқа да ерекшеліктерді көрсетіп тұратын әр түрлі деректері болады. Бұл ерекшеліктерді қарастыру негізінде этномаркерлі талдау, біздің ойымызша, қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің сала-салаға жіктелісіне сәйкес келетін белгілі бір лексика-семантикалық топтар бойынша жүргізуге тиіс. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан этномаркерлі топонимдік лексикасының құрамы осы өлкедегі қазақтардың материалдық және рухани мәдениетін мынадай тақырыптық топтарға бөліп қарауға мүмкіндік береді: мал шаруашылығы, егіншілік, суландыру (ирригация), қала салу; халықтық ойын-сауықтар, мейрамдар, дін (ғибадит) және т. б. Мұндай тақырыптық топтарға этнолингвистикалық талдау жасауды, тағы да қайталап айтатын болсақ, жалпы атаулар деңгейінде де, сондай-ақ топонимдік, яғни географиялық жалқы атаулар деңгейінде де жүргізуге болады.
1. Үй жануарларының атауларының тарихы.
Төрт түлікке тікелей қатысты топонимдер соншалықты көп ұшыраспайды. Оңтүстік Қазақстан топонимдерінің құрамында үй жануарларының мына тәрізді атаулары кездеседі: жылқы, қой, ешкі, түйе, тай, теке, бота, айғыр т. б. Бұл тәрізді географиялық атауларға мұқият жасалған лексика-семантикалық және этимологиялық талдау топонимдерде фауналық лексиканың жеке қолданы-сындағыдан өзгеше мәнде жұмсалатынын байқатады. Мысалы, Мыңжылқы атауы таулы өлкеге тән жайлаудың ерекше кеңдігін, жүздеген, мыңдаған жылқыға жайылым болатынын байқатады. Қойтас, Түйетас тәрізді географиялық жалқы атаулар ұқсату белгісі бойынша қойылған. Мәселен, Қойтас жұмырлау келген, шоғыр-шоғыр болып бытырап жатқан гранит тастар; алыстан қарағанда жайылып жатқан қойларға ұқсайды. Э. М. Мурзаев Ғ. К. Қоңқашбаевқа сілтеме жасай отырып, терминнің жергілікті атауы болып жұмсалатынын көрсетеді: Қара Қойтас, Қызыл Қойтас; бұлар көбіне орталық, шығыс және ішінара оңтүстік-шығыс аудандарында кездеседі. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Майбұлақ аулына таяу жердегі Түйетас шатқалы кескіні түйеге ұқсайтын жартастың атымен аталып кеткен. Үй жануарлары атауынан жасалған кейбір топонимдер қосымша ақпараттық мәнге ие болады. Мысалы, Ешкіөлмес деген жердің атауын Е. Қойшыбаев былай деп түсіндіреді: бұл топоним оты мол жайылым дегенді, құаншылық жылы тіпті ешкі де өлмес дегенді аңғартады.
Оңтүстік Қазақстанның топонимдері құрамында кездесетін айғыр, біздің байқауымызша, өсімдік атауына байланысты қойылған. Сонымен қатар Э. М. Мурзаев түркі оронимдерінде қисынсыз тәрізді көрінетін Қараайғыр, Бозайғыр, Ақбайтал типтес шоқы, асулардың аттары бар. Айғыр сөзінің мағыналарының ішінен бірде-бір топонимикалық семантиканың табылмағанын көрсете келіп, Э. М. Мурзаев Г. К. Қоңқашбаевтың Айғыр - күрделі географиялық атаулардың құрамында үлкен деген мағынаны аңғартады деген пікірі өзінің қисындылығымен, қарапайымдылығымен иландырады - дейді.
Оңтүстік Қазақстан топонимдерінің қүрамында сондай-ақ Байтал, Ақбайтал, Алабайтал т. б. сөздер кездеседі. Барлық жағдайда байтал, екі жасар құлындамаған ұрғашы жылқы деген мағынаға сәйкес келе ме, әлде бұл атаудың тасасында басқаша бір топонимикалық ақпарат бар ма? Э. М. Мурзаев байтал дегендегі тал ағаштың түрін білдіруі мүмкін дейді. Ал, біздің бақауымызша, байтал сөзін бай және тал деген сыңарларға бөлшектеуге болады. Тал сыңарының тала, дала тәрізді фонетикалық нұсқалары Кавказ тауының Тынық мұхитқа дейінгі аралықта жатқан түркі, моңғол, түңғыс-манжүр тілдеріне тән. Э. М. Мурзаевтың көрсетуінше көне түркітілінде "дала", әзер. тала "алқап", "жазық", "квартал", таулы мекеннің бір бөлігі, балқар тала "алқап", "жазық", "ашық жер", өзб. дала "егістік жер", "қала сыртындағы үй", "саяжай": қазақ, қарақалпақ дала "дала", "ашық жазық жер", халха моңғол шатал "дала", "ашық жер"; бур. тала "дала", "егістік жер", "жазық, ашық орын", манж. тала жазық, - "егістік жер", "дала" т. б. Байтал сөзіндегі бай сыңарын ұшан-теңіз, кең, мол, көп деген мағынада түсіндіруге болады. Сонымен қатар бай сөзінің киелі мағынасы болуы мүмкін. Л. П. Потаповтың көрсетуінше, Алтай-Саян түркі тілдеріндегі бай сөзінің киелі мағынасы бар. Бай сөзі қасиетті деген мағынада Таулы Алтай және Тува топонимдерінде кездеседі.
Ал, Ақбайтал, Алабайтал біздің байқауымызша, халықтық этимология негізінде қайта жаңғырудың нәтижесі болып табылады.
Жануарлар атауларымен келетін топонимдерді талдауда мұқият болу қажеттігі байқалады, өйткені үй жануарларының атаулары көп жағдайда ру, ру ішіндегі атаулардың аттарымен сәйкес келіп отырады. Мәселен, аққошқар қыпшақ ішіндегі ру атауы болып табылады. Айғыр, Ақбура, Алатай, Алақошқар, Байбура, Байқозы, Байқошқар, Бура, Жабағы, Қарабура, Қараторғай, Қаратеке, Қозы және т. б. Бірқатар етістікті топонимдер немесе сөйлем ыңғайындағы топонимдер белгілі бір жануарға байланысты тікелей сол жерде болған оқиғаны көрсетеді: Айғырұшқан - айғыр құлаған жартас. Ешкіқырылған - ешкілердің өлген жері, Итөлген - иттің өлген жері т. б.
2. Жайылым атауларымен байланысты этнолигивистикалық сипаты.
Жайылым атауларымен байланысты топонимдерді де мал шаруашылығының этномәдени лексикасына жатқызуға болады, өйткені олардың пайда болуы мен қызмет етуі қазақтардың материалдық мәдениетінің негізгі және маңызды осы саласымен тікелей байланысты. Республиканың барлық территориясындағы және одан тыс жерлердегі тәрізді Оңтүстік Қазақстан территориясында топонимдердің біраз бөлігі жайлау термині арқылы жасалған. Мұндай топонимдердің көптеген түркі тілінде параллельдері бар. Халықтық географиялық терминдер сөздігінде Э. М. Мурзаев мынандай деректер келтіреді: азерб. яйла, одла - бөктер, беткей, малшылар көшіп жүретін тау беткейі; яйлаг, эйлаг жайлау, жазық жайылым өзб. езлок жазық жайылым; қырғ. жайлоо диал. аймақ; қазақ жайлау, алт. Іалу; тува және хакас чайлак жазық жайылым; түркі тілдерінен тәжік тіліне ауысқан джайлов жайылым. Бұл жерде, ез, яй, уаз түбірлері жаз дегенді білдіреді. Көрсетілген тізбектен байқалатындай, бұл терминнің қолданылу аймағы әсіресе көшпелі мал аруашылығына иек артқан түркі этностарының тілдері мен топонимдерін қамтиды.
Қазақ халқының географиялық терминологиясының белгілі зерттеушісі Г. К. Қоңқашбаев жайлау атауын малдың жаз кезінде жайылатын оты мен суы мол тау немесе дала жайылымы деп көрсетеді. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Орта Азияның таулы аймақтарында жайлау термині биік тау жайылымы дегенді білдіретінін айтады, Қырым мен Кавказда да (айла, айлаг) бұл термин осындай мағынада қолданылады. Н. Уәлиев жайлаудың мерзімдік түрлері мен орналасу жағдайына қарайғы түрлерінің бірқатар атауларын көрсетеді: қан жайлау, сар жайлау, ой жайлау, етек жайлау, бөктер жайлау, төр жайлау, кер жайлау.
Қазақ тілінде бұлайша жайлаудың ара жігін ажыратып, әрқайсысын бөлек-бөлек атау әрине, тегінен-тегін емес, өйткені жайылымдық мал шаруашылығы қазақтардың ата кәсібі, шаруашылығының негізгі түрі болып табылады.
Қазақтардың көшпелі мал шаруашылығында, сондай-ақ қысқы жайылым-қыстау, көктемгі жайылым-көктеу, күзгі жайылым-күздеу қолданылғаны мәлім. Қысқы жайылым үшін ең алдымен өзен бойы көл жағалаулары орман алқабы, тау қойнаулары, бұйрат қыраттардың түстік беткейлері құмның сексеуіл, жыңғылды қойнаулары, көктемгі жайылым үшін қыстауға таяу, ерте көктемгі қардан босаған жерлер пайдаланылған; ал күзгі жайылым көбіне көктемдегімен сәйкес келіп отырған.
Оңтүстік Қазақстанның тарихи топонимдерінде қыстау термині белгілі бір антропониммен тіркесіп айтылуы жиі кездеседі. Бұлар мал иеленушінің тұрған мекенін көрсету үшін және қайсыбір территорияда бағыт-бағдар үшін қолданылған.
Халықтық географиялық территорияның аймақтық ерекшеліктері болатыны белгілі. Мәселен, Г. К. Қоңқашбаевтың көрсетуінше Қазақстанның оңтүстігінде қазақтың байырғы шаруашылығында беделік, жоңышқалық жер болған. Беделік әдетте дуалмен қоршалады және қыстауға жақын жерде болады.
Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының құрамында қолданылатын шабын, шабындық, шалғын терминдері Қазақстанның оңтүстік аймақтарында жартылай отырықшылыққа, отырықшылыққа тән шабындық жерлердің болғандығын көрсетеді.
Е. Қойшыбаев өзінің сөзінде Шымкент облысының Қызылқұмында Отар деген қойнаудың бар екенін көрсете келің, бұл атаудың от - шөп сөзіне - ар аффиксінің жалғануы арқылы жасалғанын, "шалғайдағы қысқы мал жайылым" дегенді білдіретінін айтады.
Г. К. Қоңқашбаев отар сөзінің мағынасын ауылдан шалғай жердегі барлық маусымдағы мал жайылымы - деп түсіндіреді. Белгілі Қазақстан географы Г. К. Қоңқашбаев өзінің Қазақстан халықтық географиялық терминдері деген мақаласында әр түрлі жайылым түрлерін келтіреді.
Ә. Т. Қайдаров пен Е. Ә. Керімбаев қазақтың географиялық лексикасында түр-түсті білдіретін сын есімдердің барлығы дерлік (қарадан басқа), жайылым түрлерін ажырату үшін қолданылады деп жазады.
Боз, ақ, көк, көгал, көкорай, қарабауыр тәрізді географиялық түр-түс лексемалар Оңтүстік Қазақстанда этномаркерлі топонимдік лексика өте жиі ұшырады.
Сонымен қорыта айтқанда, құрамында жайылым атауларының түр-түрін білдіретін маркерлі бар топонимдер Оңтүстік Қазақстан топонимдерінің аса бір ауқымды қабатын құрайды. Бұлай болу себебі ең алдымен автохтонды тұрғындардың өткендегі өмірінде мал шаруашылығы шешуші орында болуына байланысты.
3. Малдың қоражайына байланысты этнолигивистикалық топонимдер.
Атаулардың бұл тобы мал шаруашылығына байланысты этномаркерлердің тақырыптық (тематикалық) тобына жатады, өйткені олар мал ұстауға арналған қоражай атауларын білдіреді. Көшпенділердің қыстау маңайында арнайы қоршалған жабық қалқалары бар тастан, ағаштан, қамыстан, шымнан, қидан, шөп-шаламнан жасалған қоражайлы болған. Оңтүстік Қазақстан территориясының құрамында қора, қотан, аран, кепе, т. б. тәрізді этномаркерлер бар Полатқора, Тасқора, Аранды, Қотаңды, Бескепе, Кепесарай т. б. атаулар кездесіп отырады. Егер қысы қатаң Солтүстік Қазақстан аймағының жағдайында төрт түліктің бәріне бірдей (қой, сиыр, түйе, арық-тұрық жылқы малы) арналған жабық қоражайлар салынса, ал дала мен шөлді жерлерде тек қора малға (сиыр, қой-ешкіге) ғана арналған жабық қоражайлар болады. Соның өзінде де өзен, көл жағалаулары қысқы жайылымы болған сиыр малына жабық қоралар, ал, уақ малға шөл, шөлейт жерлерде ашық қора салынады.
Оңтүстік Қазақстан таулы және тау бөктернідегі аудандарында мал ұстау үшін қолдан жасалған немесе табиғи тас панажайлар пайдаланылады. Мәселен, Бестал тауына таяу жерде (Оңтүстік Қазастан облысының Түлкібас ауданы) табиғи қалыптағы тастан жасалған Полатқора деп аталатын тас қора бар, бұл табиғи панажай мал ұстау үшін пайдаланады. Мойынқұм мен Қызылқұм жерінде сексеуілден, тоқылған қамыстан ашық қоралар салынса, өзен-көл жағалауларындағы қамысты жерлерде қамыс қоралар немесе қамысы айнала шабылып, тазартылып қотан, қора жасалатын болған. Оңтүстік Қазақстан жерлеріндегі жер кепе, жер там, жер үйшік төл үстау үшін қолданылған.
Жалпы мағынасы мал ұстауға арналған қоражай дегенге саятын бір тематикалық топтағы этномаркерлі топонимдік материалдардан осы аймақтың табиғи және ауа райы жағдайына бейімделген мал қыстатудың шаруашылық ұйымдастырудың әр түрлі ерекшеліктерін танып білуге болады. Қорыта айтқанда, территориялық жақтан теліме лі болып келетін мұндай этномаркерлі топонимдер белгілі бір аймақ пен нақты бір территорияда шаруашылық ұйымдастырудың түрі мен тәсілдері, ерешеліктері туралы аса маңызды мағлұмат береді.
Қазіргі Оңтүстік Қазақстан территориясында сонау көне дәуірдің кезінде-ақ суармалы егіншілік алқаптарының болғаны жайында дерек беретін әдебиет аса мол.
Шаруашылықтың көшпелі және отырықшы түрлері мен көшпелі және отырықшы өмір салтының бір-бірімен ұласып жататын көптеген сатыдан тұратынын орта азиялық этнографтар мен экономист-географтардың зерттеулерінде дәлелдене түсті. Мәселен, В. П. Курылев: . . . қырғыздар мен қазақтарда (әдетте дала мен тауды мекендеген бұл халықтарға ғана малшылық тән деп қарайтын көзқарас көп кездеседі) XIX ғасырда малшылықтың негізгі үш типі болған: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz