Табиғат болмысы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Қарағанды Техникалық Университеті

Кафедра: ҚХА және ӘГП

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Болмыс және сана

Қабылдаған: Аубакиров Е.Ж
Орындаған: Беспаев Н.K
Тобы: ПСК-19-2

Қарағанды 2021
Болмыс және сана

Онтология грек тілінен аударғанда онтос -- болмыс, логос -- ілім яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс -- тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы -- болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар -- бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол -- болу.
Болмыстың негізгі түрлері: 1) Заттар (денелер), процестер болмысы: а) бірінші табиғат; б) екінші табиғат. 2) Адам болмысы: а) заттар дүниесіндегі адам болмысы; б) адамның өзіндік болмысы. 3) Рухани болмыс: а) жеке адамның рухани болмысы; б) қоғамның рухани болмысы. 4) Әлеуметтік болмыс: а) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысы; б) қоғам болмысы.
Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі -- табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат -- ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып табылады. Бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны Екінші табиғат деп атады. Екінші табиғатқа жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін). Ол жасанды табиғат. Қазіргі заманда екінші табиғат, өзі бірінші табиғаттың туындысы болса да, басымды болады.
Адам болмысы екіге бөлінеді: 1)Рухани болмыс -- сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет -- тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.
Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар -- кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б. 2)Әлеуметтік болмыс- екіге бөлінеді: тарих процесінде жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс -- ол жалпы ұғым, оның даму заңдары болады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстылығын байқаймыз.
Бірінші философияға болмыс терминін антикалық философ Парменид енгізді. Парменидтің пікірінше,нағыз болмыс бұл - әрқашанда бар нәрсе. Ал болмыс әрқашан да тұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ой да бүтін және бөлінбейді, оның үстіне оның өзінің болмысы бар. Нағыз болмыс - бұл ақыл - оймен игерілетін болмыс. Болмыс пен ой тепе - тең. Адамды субъективтілік шеңберінен тысқа шығарып, объективтілік деңгейіне жеткізе алатын және оның дәйектілігі мен күмәнсіздігін негіздейтін ой адамға сенімділік береді.
Парменидтің болмыс категориясы адамдардың күнделікті, практикалық өмірінде жүзеге асырылып отыратын нақты іс - әрекеттері мен ойларының философиялық тұрғыда түсіндірілуі ғана емес, сонымен қатар ол батыстық адамға тән дүниетанымдық және аксиологиялық принциптерден де бұрын оның нақты өмірлік қажеттіліктерін бейнелейтін нақты да айқын экзистенциалдық негіздер болып табылады.
Осылайша Парменид болмыс мәселесін философияның ең басты мәселесі ретінде негіздеп қана қоймай, оның болмыс туралы ілімі метафизика үшін мүмкіндіктер ашты, яғни адамға да, адамзатқа да бағынбайтын материалдық та, материалдық емес те болмыс туралы, табиғи мәнділіктердің соңғы идеалдық себептері туралы және ақыры аяғында барлық өмірде бар нәрселер туралы айтуға мүмкіндік беретін ілімге жол ашты.
Болмыстың шын негізін ол, уақыт бірлігінде шексіз деп атады. Парменидтің болмыс проблемасын жалғастыру мен жетілуін қалыптастыруда философтар үшін шынайы өмірде болмыстың барын сезінуіне байналысты болды. Мысалы, жасанды болмысты философтар орта ғасырда құдайдан, -- деп білді, ал басқалары шынайы материалды және материалды емес, -- деп ойлады, бірақ әртүрлі дәрежеде болмыстың жасанды қатысы бар. Жасанды болмыс сөзсіз мойындаса адам болды, оның ойы, оның қажеттілігі оның өмірі. Болмыс қатынасының келесі формалары бар: табиғатына бөлінетін заттар, денелер процестер болмысы, әлемдегі адамдар болмысына бөлінетін адам болмысы, адамның индивид ретінде тіршілік етуі. Рухани (идеалдық) болмыс, ол индивидуалды рухани және объективті руханиға бөлінеді. Әлеумет болмысы индивидуалды болмыс пен тарихи болмысқа бөлінеді.
Болмыс - санаға тәуелсіз өмір сүретін дүниені, материяны адамдардың материалдық өмірінің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым. Философияның негізгі мәселесі ойлау жүйесінің болмысқа көзқарасы туралы мәселе болғандықтан, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. Болмыс категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы күндер - ақ дүниеге әкеліп, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. Болмыс категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы күндері-ақ дүниеге әкеліп, оның көптеген ілімдеріне негіз болды. Материалистік философияда ол сезім - түйсікпен қабылданатын материяны, материалдық объектілердің өмір сүруін, олардың пайда болуын және жойылуын білдірді. Ал идеалистік философияда болмыс идеяларының жалпы мәні, ұшы - қиырсыз жиынтығы түрінде логикалық категориямен жалаң қызмет ретінде көрінеді, сүйтіп материализмде болмыс-табиғат болмысы, ал идеализмде - табиғаттан бөліп қаралатын дербес ұғым. Философия болмыс ретінде ең алдымен материяның, жекелеген мәселелердің, процестердің, адамдардың түпкілікті, тиянақты болмысында қашан да санадан тәуелсіз өмір сүруін көрсетеді. Бұл орайда болмыстың болмауы абсолютті түрде жоғалып кету емес, материяның бір күйден екінші күйге, яғни болмыстын ескі формасынан жаңасына ауысуы. Сондықтан өзінің бомысында дүние материяның ғана емес, соңдай ақ сананың жиынтық ақиқаты ретінде көрінеді: сана ешқашанда танылған болмыстан басқа нәрсе болмақшы емес, ал адамдардың болмысы-олардың тіршілігінің нақты процесі. Адам болмысын адамдардың, олардың мекемелерінің, мұраттарының, принциптерінің, теориялары мен идеяларының арақатынасынсыз елестету мүмкін емес. Табиғат, қоғам, адам және оның ақыл - ойы ұшы - қиырсыз, тоқтаусыз дүниесінде өмір сүреді және бұл оның материалдық бірлігінің алғышарты болып табылады. Бұдан: болмыс материалдық негіздің алғышарты болып табылады және материя мен болмыс ұғымдары толық үйлеседі деген кері түсінік тумауы керек. Бұл салыстырмалы үйлесім ғана, дүниенің субстанциясы болмыс емес, материя болып табылады: дүниенің бірлігі оның болмысында емес, оның материалдық негізінде; сананы болмыс емес материя оятады. Болмыс категориясының аса маңызды жағы дүниенің өмір сүретіндігін танып білуде, дүниенің біртұтас кейінде болғанын, болып отырғанын және болатынын көрсететіндігінде. Бұл орайда әңгіме болмыстың мынадай негізгі формалары жайында болып отыр: а) біртұтас ұғым ретінде табиғаттың, табиғи және адам жасаған заттармен процестердің болмысы; ә) адам болмысы; б) жеке және нақты сипат берілген рухани ұғымның болмысы және в) адамның қоғамдағы және жалпы қоғамның әлеуметтік болмысы. Табиғат болмысы; объективтілігімен - адам санасына дейін, одан тыс және тәуелсіз өмір сүруімен - кеңістік пен уақытта мәңгі - бақи болуымен - ол барлық жерде және әрқашан болуымен, болып отыруымен және болатынымен сипатталады.
2. Материятуралы адамдардың ойлары өз заманындағы қоғамдық тәжірибенің, жалпы мәдениеттің көрінісі. Материя деген терминді қолданбаған бірде -- бір философиялық мектеп немесе бірде -- бір философ жоқ. Сондықтан, түрлі кездерде және түрлі мағынасы мен маңызы болғандығы таңданарлық нәрсе емес.
Ұзақ тарихи замандарынан бері адамзат ойы материяны зат деп түсінді, яғни материя дегеніміз -- зат. Бірақ заттардың сан алуан түрлері бар. Жансыз зат, жанды зат, т.б. материяны затпен барабар деп қараудың біршама ұзақ тарихы бар. Ежелгі грек философиясында барлық саналуан заттардың түпкі тегі белгілі бір зат деген көзқарас болған. Ол ең қарапайым зат. Ерте заманғы материалистер дүниенің алғашқы негізі, түпкі бастамасы деп суды алған, екіншілері -- ауаны, үшіншілері отты алған; сөйтіп, бәрі де судан, ауадан немесе оттан пайда болады да, қайтадан бәрі де солардың өзіне айналады деп есептеген. Мысалы, Фалес үшін ол -- су, Анаксимен үшін -- ауа, Гераклит үшін -- от, Демокрит үшін -- атом (бөлінбейтін деген сөз), Пифагор үшін -- сан,т.б. Күрделі заттардың барлығы қарапайым заттардан шыққан, солардың құрамасы, құрамды заттар сондықтан да тұрақсыз, өзгере береді. Күрделі заттар бұзылғанда алғашқы қарапайым заттарға бөлінеді. Ал қарапайым біртекті заттар тұрақты.
Материя дегеніміз -- адамға оның өзінің түйсігі арқылы көшірмесі, суреті, сәулесі түсетін объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория. Әр дәуірдің материяны қалай түсінетіндігі ғылымның , танымның ғана нәтижесі емес. Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы өздерінің дүниеге қатынасының, жалпы мәдениеттің көрінісі. Адамдардың материалдық дүниені қаншалықты дәрежеде игерді, сол игерген мазмұнда, күштерден қаншалықты дәрежеде өзінің әлеуметтік дүниесін жасады -- міне, материя туралы ең алдымен қоғамдық санада туатын көзқарастар осы жағдайларға байланысты. Адамзат бүгінгі күнге дейінгі тарихында іс жүзінде материяны зат түрінде біледі. Ол заттың әртүрлі қасиеттерін меңгерді, заттан көптеген құралдар жасады, яғни ол заттар дүниесінде тіршілік етеді. Өзі де сол заттар дүниесінің, жанды тіршіліктің бірі. Адамдар табиғатта бар заттардан басқа, онда тіпті болмаған және адамсыз болуы мүмкін емес заттар жасайды. Адамдар өздерін белгілейтін заттармен өзін қоршаған.
Материя - адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін объективтік шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп объектілер мен системаларды қамтиды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болмыстың негізгі түрлер
Болмыстың субстанциялық концепциясын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау
Болмыс онтологияның орталық категориясы. Философиядағы болмыс және сана ұғымдары. Кеңістік пен уақыт. Заңдылық пен кездейсоқтық. Материя мен форма
Адам болмысы
Дүниенің болмысы, оның философиялық мәні
Болмыстың негізгі түсінігі. Болмыс философиясы
Онтология – болмыс туралы ілім
Болмыстың ішкі табиғаты - қозғалыс
Дүниенің болмысы және оның мәні
Болмыс
Пәндер