ЖҰӨ дефляторы
2-тақырып
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
Мақсаты: макроэкономикалық талдаудағы негізгі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, ұлттық-есеп шоттар жүйесінің мән мағынасын түсіну, ұлттық экономика деңгейіндегі негізгі секторларды қарастыру және негізгі субъектілердің әркеттеріне баға беру, ұлттық экономика шеңберіндегі табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымын және оның үлгілерін қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін мынадай сұрақтарды талқылау қажет.
Дәріс жоспары:
1. Ұлттық есепшоттар жүйесі және оның пайда болуы.
2. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың түрлері.
3. Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері. Баға индекстері.
Тақырыптың мазмұны.
Ұлттық экономиканың көрсеткіштерін статистикалық тұрғыдан есепке алмай, макроэкономикалық үрдістерді тиімді жүргізу және реттеу мүмкін емес. Макроэкономиканың пәні мен әдісінің ерекшелігін микроталдауда қолданылмайтын түсініктер мен категорияларды қолдануды талап етеді.
Ұлттық экономиканы макродеңгейде сипаттау үшін қолданылатын негізгі стандарт - ол ұлттық есепшоттар жүйесі (ҰЕЖ) - ұлттық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және соңғы пайдалану үрдістерін сипаттайтын бухгалтерлік есепшот нысанындағы кестелер кешені. ҰЕЖ-нің негізгі мақсаты үдерістерін кешенді әрі жан-жақты талдау үшін, экономикалық саясатты жүргізу мен үлгілерді құру және болжау үшін, қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету. Қазіргі ҰЕЖ экономикалық үрдістер мен экономикалық үрдістер мен экономикалық операцияларды бейнелейтін көрсеткіштер жиынтығын құрайды.
ҰЕЖ терминін алғаш рет макроэкономикалық ғылымға голланд экономисі Ван Клифф енгізген болатын және ол халық шаруашылығының шеңберлі айналымы үлгісіне негізделеді. ҰЕЖ шет мемлекеттерде қолданыс тапқан және осы уақытқа дейін тек батыстық статистикада қолданылып келді. ҰЕЖ-ны құрудың алғашқы талпыныстары мен тәжірибелері Ұлыбританияда 1946 жылы, АҚШ-та 1947 жылы, Францияда 1949 жылы қолданылды. Ал қазіргі заманғы ҰЕЖ-нің соңғы үлгісін ағылшын экономисі, Нобель сыйлығының иегері Ричард Стоун жасады және осы жаңа стандарт 1993 жылы Біріккен Ұлттар ұйымында мақұлданып, жүзден астам мемлекеттерде қолданылып келеді.
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ұлттық есепшоттар жүйесі арқылы көрсетіледі.
Ұлттық есепшоттар жүйесі жиынтық өнімнің (өндіріс көлемінің) үш негізгі көрсеткішін:
1. Жалпы ұлттықөнімді (ЖҰӨ);
2. Жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ);
3. Таза ұлттық өнімді (ТҰӨ)
және де жиынтық табыстың үш негізгі көрсеткішін:
1. Ұлттық табысты (ҰТ);
2. Жеке табысты (ЖТ);
3. Қолда бар табысты (ҚБТ) қамтиды.
ЖҰӨ - бұл кез келген азаматтардың өз елі ішінде және басқа елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.
ЖІӨ - бұл сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлттық сипатына қарамастан бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы. Мысалы,жапондық Тайота фирмасы өз өнімін Қазақстан нарығында сатса, онда сатылған өнімнің құны жапон елінің ЖҰӨ-нің құрамына кіреді де, олардың ЖІӨ құнына кірмейді. Бірақ Қазақстанның ЖІӨ-не кіреді, ал ЖҰӨ құрамына кірмейді. Сол сияқты Жапонияда жұмыс істейтін қазақ азаматының табысы Қазақстанның ЖҰӨ көрсеткіші құрамына кіреді де, ЖІӨ құрамына кірмейді, ал Жапонияның ЖІӨ-не кіреді де, ЖҰӨ-не кірмейді.
ТҰӨ - тозған құрал-жабдықтардың орнын толтырғаннан кейін тұтынуға қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің жиынтығы. Ол ЖҰӨ-нен амортизацияны (А) шегеру арқылы анықталады:
ТҰӨ = ЖҰӨ - А
ТҰӨ - ЖҰӨ-нің халық тұтынуына кететін бөлігін көрсетеді. ТҰӨ-нің құрамында тұтыну саласына түспейтін әртүрлі салықтар бар. Оларға жанама салықтың түрлері: акциздер, кедендік салықтар, қосылған құнға салынатын салық жатады. Осыларды ТҰӨ-нен шегерсек ұлттық табысты табамыз:
ҰТ = ТҰӨ - жанама салықтар
ҰТ - елдің барлық тұрғындарының жиынтық табыстары, ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының (еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қабілет) барлық иелерінің тапқан табыстары: жалақы, пайыз, рента және пайда. Бірақ осындай табыстардың барлығы түгел тұтыну мен жинақтауға жұмсалмайды. Сондықтан келесі макроэкономикалық көрсеткіш - жеке табысты табу үшін ҰТ-тан азаматтардың әлеуметтік сақтандыруға жарналарын, корпорациялардың бөлінбеген пайдасын, корпорациялық табыс салықтарын шегеріп, трансферттік төлемдерді қосамыз.
ЖТ = ҰТ - әлеуметтік сақтандыру жарналары - бөлінбеген пайда - корпорациялық табыс салығы + трансферттік төлемдер
Жеке табыстан азаматтардың жеке салықтарын: табыс салығын, мұра және мүлік салығын шегерсек қолда бар табыс қалады. Ол тұтыну мен жинақтауға жұмсалады.
ҚБТ = жеке табыс - мұраға салық - мүлік салығы - табыс салығы
Ұлттық есепшоттар жүйесінің көрсеткіштері жиынтық өнім мен жиынтық табысты тек сандық тұрғыдан ғана бағалайды, олар халықтың өмір сүру сапасын және әл-ауқаттылық деңгейін сипаттай алмайды, сонымен қатар, бұл көрсеткіштер ғылыми-техникалық прогрестің және экономикалық өсудің жағымды және жағымсыз салдарларын да есепке алмайды. Ал тұрғындардың өмір сүру сапасын және әл-ауқаттылық деңгейін ұлттық байлық, таза экономикалық әл-ауқат және жан басына шаққандағы ЖІӨ сияқты көрсеткіштер анықтайды.
ЖҰӨ-ді есептеу үшін бағаның өзгеруін ғана емес, сонымен қатар, қайта есептеуді де ескеру қажет. Қайта есептеу мәселесі қалай орын алады? Көптеген өнімдер базарға түспес бұрын өндіріс сатыларынан өтеді. Сондықтан көптеген өнімдердің құрамдас бөлшектері бірнеше рет сатып алынады. Қайта есептеуді болдырмас үшін ЖҰӨ-ді есептегенде тек соңғы өнімнің нарықтық бағасы ғана алынады.
Соңғы өнім - бұл соңғы пайдалану үшін сатып алынатын өнім.
Аралық өнім - өңдеуге және қайта қымбатқа сатуға арналған өнімдер. Мысалы, машинаның дөңгелегі.
Тәжірибеде қайта есептеуді болдырмас үшін тек қосылған құнды есептейді.
Қосылған құн - бұл шикізат пен материалдарға кеткен шығындарды шегергендегі өнімнің нарықтық құны. Кез келген тауардың құны шикізат бағасынан, басқару шығынан, жұмысшы жалақысынан тұрады. Сондықтан біз өнім құнынан барлық шикізат пен материалдарға кеткен шығындарды шегерсек, онда қалған бөлігі қосылған құнды құрайды.
ЖҰӨ-нің құрамына мыналар кірмейді:
- мемлекеттік трасферттік төлемдер, зейнетақылар, шәкіртақылар, жәрдемақылар, сақтандыру төлемдері;
- қор нарықтарындағы бағалы қағаздарды сату;
- ұсталған тауарларды сату (second-hand).
ЖҰӨ-ді есептеу үшін мынадай үш әдіс қолданылады:
1. шығындар бойынша (соңғы пайдалану әдісі);
2. табыстар бойыншы (бөлу әдісі);
3. қосылған құн бойынша (өндірістік әдіс).
Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің шығындары қосылады.
ЖҰӨ = С+I+G+Xn
мұндағы, С - үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына жұмсайтын шығындары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz