Шөлейт зонаның климаты даламен салыстырғанда құрғақ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: ” Бетпақдала шөлінде мекен ететін сүтқоректілердің экологиясы және шаруашылық маңызы”

Орындаған:Аликеева А. Е.

БЭК 3 курс, 1топ

Тексерген: доцент

Жақсыбаев М.

Алматы 2012 жыл

Жоспары:

І. Кіріспе

Бетпақдала шөлінің морфологиялық - географиялық жер бедері

ІІ. Негізгі бөлім

А)

Б)

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Бетпақдала - Шу өзенінің терістігінен басталып, Балқаш көлі мен Сарысу өзені аралығындағы Жамбыл мен Қарағанды облыстарының көп жерлерін алып жатқан шөл дала. Шөл даланың сүйкімсіз де сұрықсыз қалпына қарай, бұл атау парсы тілінің «бад-бахт» немесе «байдбах» сөзі арқылы жасалған дейді, кейбір зрттеушілер. Әрине, бұл көзқарасты теріске шығару қолайсыз. Өйткені көрсетілген сөз біздің түсінігіміздегі «бақытсыз, жаман, жексұрын, жиренішті» іспеттес мағына береді. Шын мәнісінде де жер жаратылысы осы сипатқа сәйкес. Бұған қосымша мына бір жайтты да естен шығармаған жөн. Қазіргі Бетпақдала өте көне заманда су жайылған жер болуы ықтимал. Уақыт өткен сайын су тартылып, оның орнында батпақты дала пайда болып, міне, сол кезде оған «Бетпақдала» атауы берілуі де ғажап емес. Бетпақдала - Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 500 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км аумаққа созылған. Ауданы 75 мың км2 шамасында. Бетпақдала үстіртті шөлінің орташа абсолюттік биіктігі 300 - 350 м. Абсолюттік биіктігі 200 - 300 метрдей болатын көлемді оңтүстік-батыс бөлігі жазық, ал абсолюттік биіктігі 400 - 700 метрдей солтүстік-шығыс бөлігі қыратты. Палеозой эрасының тау жыныстары (гранит, порфирит, әктас) тереңде жатыр, бетін мезозой мен палеоген кезеңінің шөгінді жыныстары (құмтас, саз, малтатас, құм) жапқан. Ең биік жері - Жамбыл тауы (974 м) . Бұл бөлік Сарыарқаның каледондық құрылымының жалғасы. Сай-жыралармен тілімденген Бетпақдала жазығында сор, тақыр және жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Көктемде жауын суымен толығып, жазда құрғақ арнаға айналатын Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе сияқты кішігірім өзендер бар. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы -12-140С, шілдеде 24-260С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 100-150 мм. Қардың қалыңдығы 10-15 см-ден аспайды. Тұрақты су көздері болмағанымен, жер асты (артезиан) суының қоры мол. Жайылымдар тереңдігі 10-30 м артезиан құдықтарымен суландырылады. Бетпақдаланың топырағы қоңыр, сұрғылт қоңыр. Солтүстігінде жусан басым, шығысындағы шоқылы таулардың тастақты шөлдерінде баялыш, эфедра, тасбұйырғын, орталығы мен батысындағы саздақты жерлерде жусан мен баялыш, оңтстігіндегі Шу өзені маңындағы құмды төбелер мен қырқаларда сексеуіл, теріскен, еркекшөп, құрғақ арналарын бойлай жыңғыл, тораңғы өседі. Солтүстік-шығысындағы таулы қыраттарда арқар, елік, қасқыр, түлкі; жазықта ақбөкен, алақоржын, саршұнақ, аламан, жылан, кесіртке, дуадақ, құр мекендейді. Бетпақдала - көктемгі және күзгі мал жайылымы. Сарыарқаның оңтүстігі мен Бетпақдала фаунасын сақтау мақсатында қорықшалар (Андасай, т. б. ) ұйымдастырылған. Қазақстан аумағындағы жерінің теңіз деңгейінен биікт. 200 - 300 м, Созақ ауд. жерінде. Үстінен грунт жолдары өтеді. Аумақта Тамғалы- нұра, Төленді қоныстары, қашарлар, Шеңгелді, Жылөт- кел, Тамғалы, Мүсәпір, т. б. кұдықтар, бұлақтар көптеп кездеседі. Бетпақдаланың оңт. шекарасы Ащыкөл ойысы, Тоғыз- кентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы, Сүмбешетарал қонысы арқылы өтеді. Бетпақдалада елді мекендерден Қыземшек кенті бар. [1] Бетпақдала үстірті - Ұлытау ауданының оңтүстік бөлігін алып жатыр, ол Шу мен Сарысу өзендері аралығында орналасқан. Оның шығыс бөлігі ұсақ шоқылардан, аласа таулардан тұрады. Ұлытау ауданы жерінің құрамына Бетпақдаланың батыс бөлігі кіреді. Екеуінің арасын бөліп тұрған жазық Қоғашық деп аталады. Қоғашықтан батысқа қарай кебір сазды, құмақты және тастақты алқаптардан тұратын жазық дала басталады. Әр жерде сорла мен табақтай дөңгеленген ойпаңдар басталады. Жай көзбен қарағанда әрең білінетін жал-жал қырлардың мұхит деңгейінен ең жоғары тұрған жоталарының биіктігі 200-250 метрдей болып келеді. Сарысу өзенін бойлай оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылған құм сілемдерінің салыстырмалы биіктігі 15-20 метрге жуық. Олар бұйрат-бұйрат төбелерден, жал-жал қырқалардан тұрады. Құм ішіндегі ойпаңдарға жер асты суы жақын болғандықтан шөптесін өсімдіктер қаулап өседі де, құм көшкініне тосқауыл болады. Ұлытау ауданының оңтүстік-батысы Тұран ойпаты аумағына кіреді. Бұл өңір сусымалы құмдармен ерекшеленеді. Арал маңы Қарақұмы шығыс бағытта Арысқұм алқабымен қосылады. Құм шоқылар мен жалдардын дізбегінің ұзындығы 100-200 шақырымға дейін созылады. Үлкенқұм мен Жіңішкеқұмның ендері кейбір жерлерде мардымсыз, бас-аяғы 3-5 шақырым болса, кей олар жалпақтанып 60-70 шақырымға ұлғаяды. Өңірдің оңтүстік -шығысында Жетіқоңыр және Қрақойын құмды алқаптары бар. Ұлытау ауданының аумағында солтүстіктен оңтүстікке қарай үш табиғат зонасы - құрғақ дала, шөлейт және шөл қалыптасқан. Осы зоналардың шекараларының ендіктер бойымен алғанда түзу емес екендігі байқалады. Бұл құбылыстың Сарыарқаның ұсақ шоқыларының тізбегінің әсерінен екендігі білінеді. Құрғақ дала зонасы ауданның қиыр солтүстігіне ғана тән. Оған Арғанаты, Ұлытау таулар, Қайдауыл және Жыланшық жазығы, Қаптадыр ұсақ шоқылары аймағы кіреді. Зонаның жер бедері жазықты және қыратты болып келеді. Қайдауыл мен Жыланшық жазықтары (500-600 метр) Торғай қолатына қарай бірте-бірте аласара бастайды. Бұл жазықтардың бедері - өзен аңғарларымен тілімденген, жыралы-сайлы. Көктемде қар еріген кездегі су тасқындарының әсерінен жер бедері осылай қалыптасқан. Таулардан шығып жатқан су көздерінен Терісаққан, Ұлы Жыланшық, Құланөтпес, Көң өзендері бастау алады. Өзендердің су қорының 95 пайызы көктемсде, қар ерігендегі тасқынға ағады. Ауа райының құбылуына қарай су деңгейі өзгеріп отырады, ылғалы мол жауын-шашынды жылдары өзендер арасынан ағыс үзілмейді, ал құрғақшылық жылдары арналар қарасуларға бөлініп қалады. Өсімдік жамылғысы алқаптардың ылғалдану мүмкіндігіне қарай әртүрлі болып келеді. Қызғылт топырақты бетегелі - селеулі дала алаптары жиі кездеседі. Бұл зонада Ұлытау ауданының астық өндіретін шаруашылықтары орналасқан. Шөлейт зонасы Ұлытау ауданы көлемінің үштен біріндейін алып жатыр. Ол құрғақ дала зонасымен шөл зоналары арасында қалыптасқан аралық зона болып есептеледі. Батыста Солтүстік Торғай жазығынан басталып, Қарсақбай қыратын оңтүстіктен айналып, Сарысу өзені алқабымен Жезқазған қаласы тұсына келіп, Одан әрі Сарысу-Теңіз қыраты арқылы Ақмола облысымен, Жаңарқа ауданымен шектеседі. Шөлейт зонаның климаты даламен салыстырғанда құрғақ. Батыстан шығысқа жүрген сайын бұл зонаның бойында қазақтың ұсақ шоқылары аймағындағы жер бедері түрлері түгел кездеседі. Солтүстік Торғай жазығы (300-400 метр) қарсақбай қыратына (500-600 метр) жалғасып одан Ұлытау тауларымен (1134 метр) тоғысып, әрі қарай шығыс бетте Сарысу-Теңіз қыратына қосылады. Зонаның теңіз деңгейінен біршама биікте жатқанының әсерінен мұндағы ауа шөлейттің басқа аудандарына қарағанда ылғалдау болып келеді. Бұл зонада қар жамылғысы қарашаның орта шенімен желтоқсанның бас кезінде тұрақтала бастайды. Оның жату ұзақтығы - зонаның солтүстік және шығыс бөліктерінде 180 күн, ал батысы мен оңтүстігінде 60-120 күн аралығында. Қардың орташа қалыңдығы - 10-20 см-ге тең. Күз бен көктем мезгілдері қысқа, өтпелі. Ауа райы тез құбылып, Жауын-шашын жиі болады. Суық ызғарлы күндер ашық шуақты күндермен жиі алмасып отырады. Көктемгі ылғалы мол кездерге ғана жер беті клемдей құлпыратын болса, шөптер жаз шыға тез сарғайып, қурап кетеді. Шөл зонасы Ұлытау өңірінің оңтүстік бөлігін тегіс қамтиды деуге болады. Бұл зона батыста Арал мен Қарақұмнан басталып, Мойынқұм Жетіқоңыр және Бетпақдаланы тұтас алып жатыр. Табиғи ерекшеліктеріне қарай аудан аумағында құмды және сазды шөлдер орналасқан. Сазды шөлдерге Бетпақдаланың батысы мен жезқазған жазығы жатады. Топырағында тұз көп болғандықтан, өсімдік жамылғысы жұтаңдау болып келеді. Шөл далада жылу қоры мол болғанымен, судың тапшылығына байланысты егіншілікке кеңінен пайдаланылмайды. Шөлді алқаптарды қыс, көктем айларында маусымдық жайылым ретінде пайдалануға болады. Ұлытау өңірінің жер бедері өте күрделі. Оның аумағына тасты, таулы, құмды, шөлді-шөлейтті зоналар кіреді. Мұның өзі аудан көлемінде шаруашылықтың көптеген салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Жайылымдары шұрайлы, ауыз суы мол аласа қасқырлар мен ұсақ шоқылардан тұратын алқаптар мал шаруашылығын дамытуға қолайлы. Жер бетінің жазық аймақты өлке қойнауындағы пайдалы қазбалар қорларын игеруге ыңғайлы. Таулардан басқа бағытқа тарап ағып жатқан өзендердің жалғаулары суармалы егістікпен, бау-бақша өсірумен айналысуға кеңінен мүмкіндік береді. [8]

Ақбөкен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның дала зонасы
Қазақстанның физикалық географиясы
Қазақстанның табиғаты
Қазақстанның табиғат зонасы
Қазақстанның табиғи зона ерекшеліктері
Қазақстанның климаттық зоналары
Дүние жүзінің орман ресурстары
Қазақстан Республикасының климаты
Таулы аймақтардың шөл зонасы
Қазақстанның табиғи зонасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz