Илік өсімдіктер


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Тақырыбы: “Илік өсімдіктер ”
Орындаған:Аликеева Айдана
БЭК 3 курс 1 топ
Тексерген:Джунусова Раушан
Аға оқытушы
Алматы 2012 ж.
Илік заттар дегеніміз - бұл ерекше «илегіш» қасиеті бар органикалық заттар, табиғаты полифенолды. Практикалық тұрғыдан барлық өсімдіктерде гидролизденетін, конденсацияланған немесе аралас илік заттар болады. Илік заттар өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінде жинақталады: өте жиі кабығында, тамырларында, тамырсабағында, сирегірек жапырақтарында, сабақтарында, жемістерінің қабығында. Өсімдіктер ұлпаларында илік заттар еріген күйде болады.
Құрамында таннин заты бар өсімдіктерді, тері илеу өнеркәсібінен басқа халық медицинасында, ресми (официналды) медицинада кеңінен пайдаланған. Ондай өсімдіктерден жасалған тұнбалар (отвар, настойлар) суық тигенге қарсы iшіп отырған. Сонымен бipгe құрамында таннин бар өсімдіктерді қан тоқтататын дәрі-дәрмектер ретінде пайдаланады В. П. Михайлова.
Қазақстанның флорасында өсетін 300-ден астам, құрамында таннин заты бар өсімдіктерді терең зерттеп, оларды құрамындағы таннин заттың мөлшеріне қарай 4-топқа біріктірген:
- 1 -шi топқа құрамындағы таннин заты 0, 4% -дан 5%-ға дейінгі;
- 2-ші топқа құрамындағы таннин заты 6%-дан 10% пайызға дейінгі;
- 3-ші топқа құрамындағы таннин заты 11%-дан 15% пайызға дейінгі;
4. 4-шi топқа құрамындағы таннин заты 15%-дан-жоғарғы өсімдіктер.
Бірінші топқа - 118 өсімдіктің түрін; екінші топқа - 98 өсімдікті; үшінші топқа - 49 түрлі өсімдік, төртінші топқа - 45 өсімдіктің түрін жатқызған.
Құрамындағы таннин затының ең көп мөлшерде және көп түрде кездесетін тұқымдасқа - таран тұқымдасы гречишные - 13 түрі, екінші раушан гулділер тұқымдасы (розоцветные) - 11 түpi, үшінші талдар тұқымдасы (Ивовые) - 9 түрі одан кейін ерінгүлділер тұқымдасы, қорғасыншөптер тұқымдасы (свинчатковые) - 3 түрден тағы басқалары жатады.
Tepi илеуге пайдаланатын өсімдіктің зерттеулеріне, оларды пайдалану мүмкіншіліктеріне карай П. Д. Соколов бұл өсімдіктің тобын 3 - топқа бөліп қарастыруды ұсынады, эффективті, перспективті, потенциалды. Бірінші эффективті топқа қазіргі уакытта тері илеу өнеркәсібінде пайдаланып отырған өсімдіктерді жатқызды. Екінші перспективті топқа құрамы таннин затына толық зерттелген, технологиялық зерттеулерден өткен, табиғатта өсетін (өнімін) қорын толық анықтайтын өсімдіктерді кіргізді.
Үшінші потенциалды топқа, құрамында таннин заттары өте көп, бірақ терең зерттеліп бітпеген өсімдіктер (биохимиялық, технологиялық т. б. ) Михайлова.
1) жабайы өсетін және қолдан өсіріліп жатқан (культурные) өсімдіктер.
2) жабайы және қолдан өсетін түpлepi.
3) табиғаттағы коры аз мөлшерде кездесетіндері
Қазақстанда көксағызды және илік затты өсімдіктердің кеңінен зерттелуін айтуға болады. Өйткені Ұлы Отан соғысы кезінде шетелдер КСРО-ға көксағыз жэне илік заттары бар өнімдерді сатудан бас тартты. Соған байланысты оларды алмастыратын заттарды тезарада өзімізден табу қажет болды. Қазақстанда көксағызы (каучук) бар өсімдік (таусағыз)
тұқымдасынан табылды. Илік заттарды іздеуде өз нәтижесін берді, табиғи флорадағы өсімдіктер ішінен қажетті өсімдіктер түрлері табылды. Екінші жағдайда медицина және ауыл шаруашылығына қажетгілігін ескере отырып, флораға инвентаризация жасалып, керекті белсенді заттар ізделді. Бұған жатқызуға болады, мысалы: 1) этноботаникалық мәліметтерге анализ жасауды жатқызуға болады. Яғни, жергілікті халық кейбір ауруларды емдеу үшін пайдаланатыны туралы мәліметтерді жинап, анализ жасау; 2) ресми қабылданған дәрілік өсімдіктерге жақын өсімдіктер түрлерін зерттеу. Өйткені ол өсімдіктерде сондай биологиялық белсенді заттарды синтездеуі мүмкін.Қазақстандағы ерте кезеңдегі жүргізген жұмыстардың тағы бір бағыты - ол илік өсімдіктерді жан-жақты зерттеу. Қазақстанда оларды зерттеуді алғаш бастаған 1917 жылы
В. П. Марков бллды. Марковтың зерттеген илік өсімдіктерінің ішіндегі ең маңыздысы Алтайда өсетін бадан, тасжарғандар (камнеломковые) тұқымдасынан. Құрамында
илік заттар бар өсімдіктер туралы алғашқы ғылыми еңбек
жазғандар:
- Марков В. П. (1923) «Исследования дубильных растениицентрального Алтая» - Т. 43. Вып 1. Изв. Томского технологичес-кого институга. - С. 40-56.
- Каримов А. С. «Дубильное растения Казахстана» - Алма-Ата, 1932. - 47 с.
Кейінірек 1950-1970 жылдары илік затты өсімдіктерді зерттеу ботаникалық ресурстану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарының бірі болды.
1930 жылдары отанымызда көксағызды (каучук) өсімдіктер
өте қажет болды. Соған байланысты 1930 жылы С. С. Зарецкий
күрделі гүлділер тұкымдасынан жергілікті жердің тұрғыны Дайрбеков Тұрғанның көмегімен тау-сағыз (козлец) өсімдігін Оңтүстік Қазақстан облысынан (Сырдария Қаратауын-
да) тауып ұсынды.1930 жылдары талшықты өсімдік ретінде Кендір туысы өсімдіктері кеңінен зерттеліне бастады. Соңғы жылдары бұл туыстың өсімдіктерінен жүрек гликозидтері алынатын болды.
Кендір өсімдіктері туралы жазылып, жарық көрген Ф. Н.
Русановтың (1930) және Е. Тюрктің, Ф. Н. Русановтың (1934)
мақалаларын атауға болады.Қазақстанда өсімдіктер ресурстары жүргізілген алғашқы жинағы болып Н. И. Рубцов (1934) жұмысы саналады. Ол жұмыстың аты - "Дикорастущие лекарственные, технологические пищевые растения Западного Казахстана".
Академик Н. П. Павловтың қалдырған үлкен ғылыми мұрасы Қақстанда Ботаникалық ресурстану ғылымының ары қарай қарқынды дамуына негіз болды. Соның нәтижесінде 1956 жылы Ғылым академиясының Ботаника институтының құрамында арнайы бөлім ашылып, оның ұйымдастырушысы
және 20 жылдай басшысы Н. В. Павловтың шәкірттерінің бірі
проф. Михайлова болды. Осы жылдары илік затты өсімдіктерді кенінен зерттейтін құрамында 15%-дан жоғары таниндері бар өсімдіктердің 95 түрі анықталды, олардың негізгілері - таран (борец), рауғаш (ревень), қымыздық (щавель) туыстарының өкілдері.
Таниңдердің биологиялық ерекшеліктерін сандық және
сапалық құрамын табиғи популяцияларының болуын есептеп, ең бағалы иліктер - таран (горец дубильный), Бұқара тараны (Горец бухарский), Тянь-Шань қымыздығы (щавель тянь-шаньский), татар рауғашы (ревень татарский) .
Алғашқы 3 түрдің өндірістік өсірілуі мүмкін екендігі дәлелденді. Өйткені олардың жер асты мүшелерінің түсімділігі артып, олардың құрамындағы илік заттардың мөлшері жоғары болады.
Ро1уgоnасеае тұқымдасы өкілдерінің тамырларында болатын заттардың химиялық құрамы кеңінен зерттелді (Чумбалов т. б. 1962, Чумбалов, Мухамедиярова, 1962, Нургалиева, 1968 , Байгозина, 1968) . Тамырлық илік заттармен қатар Қазастан флорасында жапырақтарында илік затгары бар өсімдік түрлері бар. Мысалы, дөңшіл қазтамақ (герань холмовая) . Құрамында танинді заттары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz