Адвокатура қызметінің құқықтық мәртебесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қорғалуға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
“___” 2017 жыл
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: «Адвокатура қызметінің құқықтық мәртебесі»
Мамандығы 5В030100 - Заңтану
Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің
-401 топ студенті
Ғылыми жетекші:
з. ғ. к., қауымд. профессор
Алматы - 2017
Мазмұны
Кіріспе 3
1. ҚАЗАҚСТАНДА АДВОКАТУРАНЫҢ ДАМУЫ
1. 1 Адвокатураның ұғымы, оның мiндеттерi мен
маңызы және мақсаты 6
1. 2. Адвокаттық қызметті реттейтің зандар 17
1. 3 Қазiргi кезеңдегi Қазақстанда адвокатураның дамуының мәселелерi мен болашағы 22
2. АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
2. 1. Адвокаттар алқасы және оның органдары 27
2. 2. Адвокаттар алқасы мүшелелерінің құқықтары мен міндеттері 32
3. Адвокаттың азаматтық iске қатысуы
3. 1 Азаматтық iстер бойынша адвокаттардың өкiлдiк етуi 37
3. 2 Азаматтық iс жүргiзудiң сотқа дейiнгi сатысындағы адвокаттың қызметi 39
3. 3 Адвокаттың азаматтық iстердi сотта қарау сатысында қатысуы 42
4 Адвокаттың қылмыстық iске қатысуы
4. 1 Қылмыстық iс бойынша қорғаушы тұлғалар 44
4. 2 Адвокаттың қылмыстық iске қатысуының құқықтық негiзi 46
4. 3 Алдын ала тергеу кезiндегi адвокат-қорғаушының қызметi 50
ҚОРЫТЫНДЫ 67
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Адам мен азаматтың құқығына кепiлдiк беретiн негiзгi заңның конституциялық ережелерiнiң арасында маңызды конституциялық принцип ретiнде қолданылатын бiлiктi заң көмегiн алу құқығы ерекше орын алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында әрбiр адамның бiлiктi заң көмегiн алуға құқығының бар екендiгi тiкелей көрсетiлген [1] .
Сөйтіп, азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі. Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны - адвокаттар алқасы - білікті заңгерлердің кәсіби ұйымы. Оның міндеті жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету, құқықтар мен заңды мүдделерді, заңдылықты сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ заңдарда көзделген кейбір өзге міндеттерді атқаруға жәрдемдесу болып табылады. Адвокаттар алқасы адвокатураның шынайы өзін-өзі басқаруын, адвокаттардың кәсіби шеберлігін, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Жеке адамның құқығын қандай да бір қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күрес және сот төрелігіне көмектесу - адвокаттық қызметке үлкен саяси-әлеуметтік маңыз береді.
Қазiргi уақытта Қазақстанда адам және азаматтың құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi атқаратын әртүрлi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бар екендiгiн атап өткен жөн. Мысалы, соттар, прокуратура, iшкi iстер, әдiлет органдары жоғарыда аталған құқық қорғау мiндеттерiн бiр-бiрiмен тығыз байланыс жасай отырып атқарады. Алайда осы мiндеттердi табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық-құқықтық институтсыз мүмкiн емес. Қазақстандық заңнамада адвокатура ешбiр жерде құқық қорғау органы ретiнде көрсетiлмесе де, ол iс жүзiнде құқық қорғау қызметi мiндетiн атқарады. Әдетте, құқық қорғау қызметi ретiнде бiз азаматтар мен ұйымдардың құқығы қорғауды мақсат ететiн және заңға сәйкес заңдық әсер ету шараларын қолдау жолымен арнайы мемлекеттiк органдар жүргiзетiн және олар белгiлеген тәртiп мүлтiксiз сақталатын қызметтi түсiнемiз.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстандағы құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасы бойынша құқық қорғау органдары туралы жаңадан заңдар қабылданып, осы органдарды тиiмдi қайта құрулар жүргiзiлуде [2, 30б] . Құқықтық реформа адвокатура туралы қолданылып жүрген заңдарды да қайта қарауды көздейдi. Елiмiзде сот жүйесi тиiмдi жұмыс iстеу үшiн күштi мамандандырылған адвокатура керек едi. Осының нәтижесiнде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі» туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VІ ҚРЗ жұмыс істеп келеді.
Конституцияның бiлiктi заң көмегiн алуда азаматтар мен ұйымдарға кең және тең мүмкiндiк беретiндiгiн атап өткен жөн. Конституциялық нормаларға сүйене отыра, “Адвокаттық қызмет және заң көмегі“ Қазақстан Республикасы заңында адвокаттардың кәсiби заң бiлiмiн қажет ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар беретiндiгi; талап қою арыздарын шағымдары мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды жасайтындығы, қылмыстық және азаматтық сот жүргiзу iстерi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерге қатысатындығы; азаматтар мен ұйымдарға өзге де заң қызметiн көрсететiндiгi тiкелей айтылған [3] .
Сөйтiп, адвокаттар кәсiби қызметiнiң мазмұны нақ осы заң көмегiн көрсету болып табылады. Өз кезегiнде адвокат көрсететiн заң көмегi консультациялар, түсiндiрмелер беру, талап қою арыздарын, шағымдар, кузахаттар мен құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды жасау және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды талап ету сот iсiнде, сондай-ақ одан тысқары басқа iс-әрекеттердi белсендi жасау жолымен азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүддесiн қорғаудың барлық заңды құралдары мен әдiстерiн пайдалану болып табылады.
Осыған байланысты, мен кәсіби-қолданбалы жобамда адвокаттура органының құқықтық мәселелерін және олардың тәуелсіздігі қағидаларының маңызды жақтарын қарастырумен мәнін ашуды, адвокатура қызметiнiң негiзгi бағыттары және адвокаттың азаматтық iске қатысуының ерекшелiктерiн зерделеп, мән-мағынасына сай жіктеп және оларды жетілдіру жақтарын қарастыруды мақсат етіп қойдым.
Конституциялық кепілдіктерді толық жүзеге асыру үшін құқық қорғау органдары жұмысының нышаны мен тәсілдерін демократия ағымына икемдеу, болашақ заңгерлерді оқыту мен тәрбиелеудің сапасын көтеру қажет. Мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтары мен бостаңдықтарын сақтауы және қорғауы белгілі бір дәрежеде азаматтар мен ұйымдарға кәсіби заң көмегін көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалар қызметінің негізгі принциптерін анықтайтын адвокатура сияқты қоғами-құқықтық институтпен де тығыз байланысты.
Бұл кәсіби-қолданбалы жобаның мақсаты - адвокатураның мәні мен мақсаттары және 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи тұрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың құкықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.
Кәсіби-қолданбалы жобада адвокаттық қызметті реттейтін қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық және ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.
Адамды, оның өмірін, қүқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық деп жариялаған 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясы талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет және заң көмегі" Заңы жұмысын жасап келеді. Осы заң адвокатура институтының рөлін айтарлыктай көтерді, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін корғауға жәрдемдесті, сол аркылы жалпы заңдылықтың сақталу мен нығаюына ықпал етті. Сонымен қатар, бұл жаңа заң демократиялық, құқықтық мемлекетті құру және нарықты экономиканың тереңдеу жағдайында адвокатураның ұйымдастырылуы мен кызметін реттеуге орайластырылды.
Осы заңга сәйкес адвокаттар алқасы әртүрлі тәсілдермен кез келген қол сұғушылык пен тәртіп бұзушылықтан азаматтар құқығын қорғау жөніндегі міңдеттерді, атап айтқанда, қылмыстық жұне азаматтық істер бойынша білікті заң көмегін көрсету, ұйымдар тапсырысымен сотта өкілдік ету, заң тұрғысынан ақыл-кеңес беру, азаматтық істердің сот талқысына айыпкердің, талапкердің және іске қатысушы басқа тұлғаның өкілі ретінде қатысу және де басқадай заң көмегін көрсету арқылы жүзеге асырады.
Адвокаттар алқасының және оның мүшелерінің жүмысымен соттардың, прокурорлардың, тергеушілердің қызметі тығыз байланыста. Азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғау айтарлықтай дәрежде солардың іс-әрекетіне байланысты. Құқық қорғау оргаңдары жүйесінде жұмыс істейтін кейбір лауазым иелері адвокатураның маңызын бағаламайды, ал кейбір жағдайларда адвокатура, адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету тәртібі туралы түсініктері шамалы болып келеді. Нәтижесінде, адвокатура туралы қауқарсыз
қосалқы қоғамдық-құқықтық институт сияқты құкықтық менсінбеушілік қалыптасады. Адвокатура қызметінің міндеттері мен қызметі туралы қажетті білімнің жоқтығы, түптің түбінде, зандылық пен құқық тәртібін нығайтуға септігін тигізбейді, осы тұлғалар мен адвокаттар арасыңда жанжалдың шығуына алып келуі, азаматтар мен қоғам үшін жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін.
Адвокаттың қызметі қолданыстағы заңнаманың теориясы мен тәжірибесін терең білуге негізделуге тиіс. Осыған байланысты кәсіби адвокаттық қызмет азаматтық және қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, кылмыстық, әкімшілік құқық сияқты пәндер мен соттағы дәлелдеу теориясын және таға басқаларды жетік және дәйекті игеруді талап етеді.
1. ҚАЗАҚСТАНДА АДВОКАТУРАНЫҢ ДАМУЫ
1. 1 Адвокатураның ұғымы, оның мiндеттерi мен
маңызы және мақсаты
Дамудың демократиялық қағидаттарын қамтамасыз етуде адвокатураның алатын орны ерекше. Ол ең алдымен қоғамның әртүрлi салаларында жиi-жиi кездесiп тұратын заңсыздықтарды болдырмау үшiн күреседi. Ал қазiргi кезеңде, орын алып отыр-ған келеңсiздiктермен қатар күнi кеше ауылшаруашылығында жүргiзiлген жекешелендiру барысында туындаған проблемалар және әртүрлi жеке фирмалар мен ЖШС-тер өмiр сүрiп жатқан қазiргi уақыттағы орын алып жатқан заңсыздықтардан аяқ алып жүре алмайсың. Сонымен қоса тергеу, тексеру, жауап алу барысында құқық қорғау орындары тарапынан жiберiлiп жатқан заңсыздықтар да аз емес.
Соңғы кездерi әлеуметтiк көмек мәселесi көп проблемаларды туындатып отыр. Көп жағдайларда әлеуметтiк көмектi мүшелерiнiң заң талаптарын жете бiлмеуi салдарынан кейбiр азаматтарға тиесiлi әлеуметтiк көмек көрсетiлмей келедi. Немесе керiсiнше, алуға тиiстi емес азаматтар иеленiп кетiп жатады. Әрине, соңғыларына көп жағдайларда қылмыстық iс қозғалатыны да заңды құбылыс. Бiрақ, соған тек әлеуметтiк көмек алып жүрген адам ғана кiнәлi ме? Мiне, осындай кездерi адвокат қорғаушылардың атқаратын рөлi зор.
Азаматтардың өздерiнiң сот iстерiн өздерi жеке жүргiзуге көптеген жағдайларда мүмкiндiктерi бола бермейдi. Олар басқа қалада өтетiн сот отырысына өздерiнiң күнделiктi шаруасынан қол үзiп барулары керек болады, сондай-ақ ертедегi римдiктердiң айтуы бойынша, «өз iстерiн жеке жүргiзу ауруда, жасының келуi де, аяқ астынан жолсапарларда және көптеген басқа себептерде кедергi келтiредi демекшi, шын мәнiсiнде барлық уақытта ойлағанындай, барам деген жерiңе бара алмайсың, айтсам ба деген ойыңды айта алмайсың. Сондықтан кейбiр нақты iс-әрекеттердi атқару үшiн басқа адамдарға өз атыңнан өкiлдiк берiп, өз iстерiңдi атқаруды тапсыру қажеттiлiгi туындайды яғни соттағы iс-әрекетiңдi атқару, соттағы өкiлдiк дегенiмiз - бiр тараптың яғни өкiлдiң екiншi тараптың, яғни екiншi өкiлдiк берушiнiң мүддесiн қорғап, iс жүргiзуге қатысуы.
Сотта өз iстерiн табысты жүргiзу үшiн заңдарды жақсы бiлiп және сот өндiрiсiнiң формальдылығын жете сезiнiп түсiнумен қатар, өз ойын анық бiр-бiрiмен байланыстыра жеткiзе бiлуi керек. Бiрақ кез келген азамат мұндай бiлiмдер мен қасиеттерге ие емес. Осылардың негiзiнде қажеттi заң көмегiн алуда сот iстерiнде тек қана кеңестер берiп қоймай, сот iсiн де өзiнiң сөзiмен, сөйлеу өнерiмен алып шығатын адамның қажеттiгi туады. Сот iсiне қатысып отырған заң көмегiн берушi тараптың әрекетiне қосымша оның атынан iс жүргiзу құжаттарын толтырып, сот жарыссөзiнде азаматтың құқығымен мүддесiн қорғап сөйлеуiн құқық қорғау деп атайды.
Шынында, құқық қорғау соттағы өкiлдiктiң жеке оқиғасы iспеттес. Бiрақ, егер өкiл негiзiнен өкiлдiк берушiнi толық сотта ауыстырады, ол юрист-консульт, яғни заң кеңесшiсi құқық қорғаушы өкiл берушiнi ауыстырмай-ақ бiрақ оған iс жүргiзуде көмектесе отырып, сот өндiрiсiнде жеке маңызды рөлге ие болады. Құқық қорғау қажеттiлiгi арқасында адвокатура атты кәсiби мамандық пайда болды. Бұл термин «advokatus» атты латын сөзiнен шыққан, яғни шақыру деген мағынаны бiлдiрген. Сонымен римдiктер, өздерiн сот iсiне ертiп апарып, сот отырысында ке-ңестер берген достары мен туыстарын осылай атады. Империя кезiнде бұл сөз қандай мағынаға ие болса, қазiргi кезде де сондай-ақ көптеген тiлдерде де сол кездегi мағынаға ие болған қалпында сақталып қалды. Яғни адвокат - бұл маман-заңгер және оратор-шешен болсын, кез келген iсте тараптармен бiрге болсын, яғни тараптарсыз болсын, олардың iсiн жүргiзушi, көмектесушi болып табылады.
Адвокаттық қызметпен айналысу үшiн заңмен бекiтiлген қатаң бiлiм мен адалдық бағасы болуы керек. Адвокаттар өз мүшелерiнiң заң дайындығы мен моральдық қасиеттерiнiң сай келуiн бақылау мақсатында кәсiби корпорацияларға бiрiктi.
Ежелгi Римнен берi адвокатура тарихында құқық қорғау өз әрекетiмен соттағы өкiлдiкпен тығыз байланысты. Бұл дегенiмiз бiрден екi жақты жүгiнбей, бiреуiне яғни iстi шынайы жүргiзу де толық және бөлiнбейтiн жауапкершiлiк алатын жаққа жүгiну тиiмдiлiгiн көрсетедi.
1864 жылғы сот реформасынан кейiн Ресейде құқық қорғау мен өкiлдiк бағыттары бiрге бiрiгiп кеткiнiмен, адвокаттардың екi түрi болды, олардың бiрi корпорацияға бiрiккен сенiмдi өкiлдер болса, ендi бiрi соттарда болатын жеке сенiмдi адамдар. Бiрiншiсi - адвокаттық элита болса, екiншiсi одан бiр саты төмен болды. Бұлардың бiрiгу бағыттарының керi әсерлi жақтары да бар.
Адвокатура сотта құқықты дұрыс қолданып пайдалану үшiн барлық қоғамның мүддесi үшiн күреседi. Бұдан шығатын қорытынды, бұл кәсiп қоғамға қызмет ету үшiн аянбай еңбек етумен қатар арамдық ойламай, адалдықты қажет ететiн кәсiп.
«Ғалым-эксперттен құқық пен сот ораторы ретiнде таза құқық қорғау қасиетiнен қандай болмасын адвокат заң жағынан маклер, көпшiлiк арасында құрметке ие, практика iскерi ретiнде өзiнiң клиенттерiнiң мүддесiн материалдық тұрғыда биiк қоятын кәсiби маман». [4]
Қазiргi кезде Қазақстанда өкiлдiк пен құқық қорғау бағыттары бiр-бiрiнен бөлiнген.
Азаматтық сот өндiрiсiнде өкiлдiк институты адвокаттардан басқа да тұлғаларға белгiленген. Құқық қорғау бағыттары бойынша прокуратура органдары мен мемлекеттiк басқару органдары, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн сотта қорғау үшiн қатысатын қоғамдық ұйымдар мен азаматтар сотта басқа азаматтардың құқықтарын қорғау үшiн талап қоюшы ретiнде iске кiрiсе алады . . .
Сонымен, «адвокатура» ұғымы бiрнеше анықтамаға ие, соның iшiнде:
1. Адвокатура - сотта басқа адамдардың мүдделерiн жүргiзуге қатысатын белгiлi маман адвокаттардың iс-әрекетi.
2. Адвокатура - бұл соттағы өкiлдiкке қарама-қарсы құқық қорғау.
3. Адвокатура - адвокаттар құрамы, яғни өздерiн осы кәсiпке арнаған тұлғалар класы.
Осыларға қарап адвокатураға толық ұғымды былай беруге болады.
Адвокатура - елдi мекендер мен заңды және жеке тұлғаларға заң негiзiнде юридикалық көмек көрсететiн кәсiби ұйым. [2. 19]
Адвокатураның қызметi, сөз жоқ құқық қорғауға жатады. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен 1997 жылғы
5 желтоқсандағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның негiзiнде жүзеге асырылады, кәсiпкерлiкке жатпайды, өйткенi негiзгi мақсаты ретiнде пайда табуды көздемейдi және мiндеттерi мыналар болып табылады.
1. Қылмыстық iстер бойынша қорғауды;
2. Азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық және басқа да iстер бойынша өкiлдiктi;
3. Сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғаларға өзге де заңгерлiк көмек көрсетудi алға қояды.
Мәселен, ол консультациялар, түсiндiрулер, кеңестер беруден, кәсiпқойлық бiлiмдi талап ететiн мәселелер бойынша жазбаша тұжырымдамалар жасаудан, талап арыздарын, шағымдарын, құқықтық сипаттағы өзге де құжаттар жазудан, жеке және заңды тұлғаларға анықтау органдарында, алдын ала тергеуде, соттарда, мемлекеттiк және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынаста өкiл болудан және оларды қорғаудан көрiнедi.
Адвокатура мемлекет кепiлдiк берген және Конституциямен бекiтiлген адамның өзiнiң құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғау және бiлгiрлiк көмек алу құқығын жүзеге асыруға көмектесуге мiндеттi. [3]
Адвокаттың өз өкiлеттiгiн жүзеге асырарлықтай жеткiлiктi құқықтары бар.
Сонымен, барша адамдар заң көмегiн, сондай-ақ ол көмектi адвокаттың қатысуымен алуға құқығы туралы конституциялық ереженi сақтау, сотта тараптардың бәсекелестiгi және тең құқықтылығы негiзiнде жүзеге асыруға, iс бойынша ақиқатты анықтап, заңды да негiздi сот шешiмiн шығаруға ықпал етедi.
Адвокат азаматтың заңды құқығын қорғағанда ол тек қана нақты тұлғаға ғана емес бүкiл қоғамға маңызы бар iс жасайды. Өйткенi қате сот шешiмдерiнiң кетуiне кедергi жасай отырып, заңдылық пен құқықтық тәртiпке деген сенiмдi нығайта түседi. Мiне сондықтан, кәсiби және белсендi және шапшаң түрде азаматтардың мүддесiн заңға байланысты өзiнiң дегенiнде тұруы азаматтармен қатар қоғам мен мемлекеттiң мүддесiне жауап бередi.
Қылмыстық және азаматтық iстер бойынша әдiлсотты жүзеге асыру үшiн тиiмдi әрекет ететiн мемлекеттiк органдармен қатар, сондай-ақ күштi тәуелсiз кәсiби адвокатура қажет.
Адвокат айыпталушы немесе басқа субъектiнiң өкiлi. Дегенмен, адвокаттар қызметi жеке сипатқа ие емес, өйткенi оның қызметi тек айыпталушыға ғана емес, сондай-ақ iс жүргiзушi мемлекеттiк органдар үшiнде ауадай қажет. Сондықтан оның құрылу бағыттары тиiстi заң бойынша әдiлсотқа жiберудiң маңызды шарттары бойынша адвокатура ролiн тез арада көтеру керек.
Кеңестік саяси жүйе орныққанан кейін адвокатура айтарлықтай өзгеріске ұшырады. 1864-жылға реформа бойынша құрылған присяжнойлық және жеке адвокатураның қызметі олар жаңа социалистік мемлекетті құру принципіне қайшы болғандықтан, Кеңес үкіметінің алғашқы декреттерімен жойылды. Адвокатура біртіндеп кеңестік сот төрелігіндеі қосымша қызмет атқара бастады. Қорғау институтын ұйымдастыру мен сотка қатысушылардың қатысуына көзқарас талай рет өзгерді. Бір нысанды жоққа шығарса, ал екіншісін еңгізе отыра, кеңестік заңнама тоталитарлық режим талаптары мен нығайту мақсаттарына жауап беретін қорғаушылар қызметінің ұжымдық нысанын орнықтыра бастады.
Солай болса да, азаматтык істер, қылмыстық істер мен өкілдік бойынша қорғаудың жаңа ұйымының көп жыл бойы ізденуі нәтижесінде адвокатура дамуын жалғастырды. Белгілі практикалық және теориялық тәжірибе жинақталды. Адвокаттық қызметтің жаңа нысандары пайда болды, оның кұқықтық нормативтық базасы және т. б. нығайды. КСРО ыдырап, жаңа тәуілсіз мемлекеттер күрылғаннан кеңестік кезенде жинақталған жақсы тәжірибе ұлттық адвокатуралар қызметіне негіз болып қаланды.
Кеңестік дәуірдегі адвокатураның ұйымдық нысаны сондай-ақ мемлекет тарапынан оған деген көзқарас бойынша революцияға дейінгі адвокатурамен көптеген ортақ тұстарының болғаңдығын атап өткен жөн. "Екі адвокатура да жергілікті деңгейде ұйымдастырылды, оларда орталық аппарат пен идеялық тұғырнама болған жоқ, соның салдарынан олар патшалықтың немесе Кеңес өкіметі саясатының жетегінде кете беретін. Екі адвокатура да өз әрекеттері үшін Әділет министрлігінің кырағы қадағалауына, судьялардың немкұрайлы қарауына, өздерінің сотқа дейінгі сатыдағы ролінің төмендеуіне мойынсынуға тиіс болды. Қос адвокатура да өз құқықтары мен міндеттерін анықтауда бәрібір мемлекетке тәуелді болды".
РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің (СНК) 1917 жылғы 24-қарашадағы N1 сот туралы декретімен присяжной және жеке адвокатура институты таратылды. "Алдын ала тергеу сатысында жіберілетін айытаушылар мен қорғаушылар ролін азаматтық құқықтарды пайдаланатын, кінәраттары жоқ барлық азаматтар мен азаматшалар аткара алады. Алайда, азаматтардың құқығын қорғауға тиіс арнайы орган Декретпен құрылған жоқ".
1918-жылғы 7-науырыздағы N2 сот туралы Бүкілодақтык Орталық Аткару Комитетінің (ВЦИК) декретімен жұмысшы, солдат, шаруа және қазақ депутаттары Кеңестері жанынан қоғамдық айыптаушы, қоғамқық қорғаушы ретінде қүкықтық делдал болғысы келген тұлғалар алқасының құрылуы қарастырылды. Бұл алқаға жоғарыда аталған Кеңесдар сайлайтын және кері шақыратын тұлғалар кірді. Тек осы тұлғалардың ғана сотта еңбегін төлету арқылы сөз сөйлеу құқығы болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz