Баланың шығармашылық потенциалын дамыту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Дамыту ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың танымдық әрекетін арттыру (әдістемелік құрал)
Кіріспе
Танымдық іс-әрекет адам өміріндегі үрдістен қалыптасады. Бала дайын ақыл-оймен, танып-білуге дайын қабілетпен тумайды. Ол осы материалды тез қабылдайды, егер оның бұл материалға деген таным көмегінен туатын немесе қолданушылық қызығушылығынан туғанда ғана жеңіл салыстырмалы түрде тез меңгереді.
Мектепке дейінгі білім берудің басындағы басты мәселе болып олардың оқуға деген мотивациялық дайындығының жетіспеуі, осыдан оқуға деген тұрақты қызығушылығының жоқтығынан көрінеді.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралдың мақсаты:
Мотивациялық жоспардағы қиыншылықтан өту үшін балаларға қызықты оқу сабақтарын жүргізу, яғни арнайы оқу-дидактикалық түрде, дамушы ойындар арқылы, болған сабақ арқылы баланың оқуға деген қызығушылығының тууы және баланың шеберлігі көзделген.
Берілген әдістемелік құралда мектепке дейінгі балалардың дамуына берілген: кіріспе, техникалық карта, болашақ жоспар, сабақ дәрістері толық (барлығы 24 интегралды сабақ). Курс сабағы мектепке дейінгі балаларды өмірге дайындайды, баланың біліктілігін қалыптастырады. Тәрбиелеудің және оқытудың басты түрі ойын болып табылады, яғни бұл баланың шынайы қалпы. Мысалы, қабылдауды дамытуға арналған ойындар - Кілем дүкені, Өзін ақтару, Сиқырлы бояу езетін тақтайша, елестетуді дамыту үшін - Сиқырлы жұмыртқа, Болады-болмайды, Сиқырлы орман, Жазу (сурет салу)?, зейінді дамыту үшін - Үздіксіз іздеу, Түйме және т.б. Оқу-дидактикалық ойынға бірінші талап, балалармен өткізілген, олар танымдық қызығушылығын дамыту үшін қолданылған. Осы көзқараспен балаға ойынның аса пайдалы, келесі талаптармен жауап қайтарады:
- баладағы қызығушылықтың өз бетімен қабілетінің тууы;
- өзінің қабілетін көрсету үшін балаға мүмкіндік беру;
- жарыстарға баланы еліктіру;
- дағды мен икемін қалыптастыру және өздігінен білімді іздестіруге жағдай жасау;
- ойын арқылы жаңа білім қайнар көзі мен икем және дағдыны бала үшін қол жетерлік болуы;
- жетістік үшін еңбегі сіңген мақтау қағазын алу, онда сен қанша рет ойынды жеңгені туралы емес, онда қанша дағды, икем және жаңа білім алғаны туралы деманстрация.
Балаларға ең алдымен мынандай ойындар керек, онда олар өздеріне жаңа білім алу үшін ашады, елесі, зейіні, ойлауы және баланың сөйлеуі, шығармашылық қабілетін дамытуға көмектеседі.
Негізгі дамытқыш ойындарда келесі қағидалары бар:
- Баланың қызметін ойын элементтерімен сәйкестендіріп және ойыннан оқуға өту, ойын-тапсырма арқылы ізденіс қызметі.
- Ойынның шартын және тапсырмаларын ақырындап күрделендіру (бірте-бірте).
- Баланың ішкі және сыртқы қызметімен байланысы және ойдың әрі қарай дамуына енуі.
- Оқу мен тәрбие жұмысының бірізділігі.
- Барлық баланың шығармашылығының дамуы, әр бала өз алдына жеке дарын иесі, оны табиғатына байланысты анықтау.
Осы дағдыларды қалыптастыру арнайы орталықтарда, осы қасиеттерді дамытады, онда білім беру аймағы анықталады: Таным, Коммуникативтілік, Шығармашылық, Әлеумет, Денсаулық.
- баланың қабылдау жүйесін дамыту
- есте сақтау қабілетін дамыту (көру, есту, сипап-сезу, т.б.). Арнайы және арнайы емес назар.
- ойлау қабілетін арттыру (өз еркімен ойлау қабілеті, өз шығармашылық қасиетін көрсету, қиындықтарды оңай жеңу, салыстыру, жалпылап және талдай білу қасиеті).
Қиялдау қабілетін дамыту: ертегі жаза білу, жұмбақтарды шеше және таңғажайып бейнелерді ойлап таба білу.
Қолдың және саусақтардың бұлшық етін және денсаулықты дамыту.
Ойын арқылы қызығушылықпен танымдылықты ояту.
Еңбек қорлыққа тәрбиелеу.
Өзін-өзі бағалау және ұстамдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Тәжірибелік маңыздылық баланы дамытудан тұрады:
- қоршаған ортаны тандап өткізу.
- қиялдан әртүрлі образдарды қалыптастыру.
- тапсырмаларды шығармашылық жолмен шешу.
Технологиялық карта бес бөлікті қамтиды, ойынды жаттығулар мен тапсырмаларды қосу; есте сақтау мен зейінді дамыту, мәдени ойлауды жоғарлату, шығармашылық қиялды жетілдіру, психогимнастика және сөздік қорды дамыту. Сабақ барысы қыркүйектен тамызға дейін айына екі реттен деп жоспарланған. Барлығы 24 сабақ. Сабақтың жекеленген бөліктері: ойындық жаттығулар және ойындар, т.б. Оны баланың тәуелсіз тапсырма ретінаде қолдануға болады.
Мәселе: Мектепке дейінгі балалардың қызықты танымдық дамытушы ойындардың қалыптасуы.
Өзектілігі:
Дамытушы ойын - бұл бала үшін ой иелігінен өткен құбылыс, оған бала өз еркімен ойынға қатысып, даңа тәжірибе алмасып, одан алған білімі оның жеке байлығы болады, сондықтан оны басқа жағдайларда қолдана алады. Алған тәжірибесі балаға өз ойында қолдануға мүмкіншілік беріп, оның шығармашылық ұсынысының дамуы.
Адамның әрекеті екі түрлі болуы мүмкін: іске асыру және репродуктивтік, кіріктірілген және шығармашылық. Репродуктивтік түр біздің есте сақтау қабілетімен тығыз байланысты. Оның түпкі мағынасы бала бұрынғы білімін қайталап, еске түсіреді, сол арқылы бұрынғы білімін қайталап еске түсіреді, сол арқылы бұрынғы мәселелерін шеше алады. Бұл түр ешқандай жаңа түр болмайды. Оның негізгі бұрынғы білгенін толық және толық емес қайталау болып табылады. Бұндай тәжірибе бала үшін маңызы бар, ол қоршаған ортаға дағдылануды жеңілдетеді, күнделікті дағдыларды пайда болдыра отыра оны біркелкі жағдайларда қайталап отырады. Органикалық жадтың негізгі, репродуктивтік қабілеті өзгереді, бұрынғы өзгерістерді сақтайды. Олардың арақатынасындағы байланысты нығайта түседі. Баланың қиялы мен кіріктірілген жадқа қарсы болмайды, сондай-ақ жаңа сәйкестіктерді іздейді. Бірақ адам жеке жағдайға бейімделе алмаса ол тек бар тәжірибесі мен өмір сүрсе, онда ол қоршаған ортаға да бейімделе алмайды.
Қиял - бұл барлық шығармашылық жұмыстың негізі. Баланың жалпы дамуы үшін қиялдың маңызы зор. Ерте жастан бастап балалардың ойында шығармашылық үрдіс көріне бастайды. Ойын бала үшін тек қана алғашқы әсер емес, сонымен қатар оның комбинациясы.
Қиялдың негізі өте күрделі болып табылады және сыртқы қабылдаулар, баланың тәжірибесінің негізін құрайды. Бұл әр түрлі қабылдау, тапсырмаларды шешу, құбылыстар және тағы басқалар жатады. Оған есту және көру қабілеті де жатады. Ең қиыны қабылдау. Сондықтан тәрбиелеуші баланың қиялын дамыту үшін оған көмек беруі керек.
Бұл күрделі үрдістің құрылуы диссоциоциялық талдау және ассоциациялық қабылдау болып табылады.
Бұл үрдіс баланың барлық даму жағынан маңызды, бұл түсінік пен абстракты ойлаудың қалыптасуының негізі. Сондықтан көптеген ойындарда ойлау қабілетін арттыру өте маңызды. Бұл ойын арқылы логикалық тізбекті жалғастыруға, ресурстарды таба білу және интеграция көмегімен ассоциоция көмегімен жасауға көмектеседі.
Дамыту ойындарында балаға әдейі қиын жағдайларды тудырады, ол одан шығар жолды таба білу керек. Сол арқылы бала ойлау қабілетін артырады.
Дамыту ойындар баланың бойындағы өзін-өзі ұстау және жинақылыққа үйретеді. Бұндай ойындардың шарттары баланың басқалардың ойындағы қателігін көріп өзі жақсы ойнай бастайды. Ақырындап ол дұрыс ойнап, ұстамды болып, әдептілік нормаларын ұғынады.
Дамыту ойынның екі аспектісі бар:
1. Танымдық - баланы неге үйреткеніміз келеді, ол үшін қандай тәсілдер қарстырамыз.
2. Тәрбиелік - әріптестіктің түрі, балаға үйрететін басқа адамдармен қарым-қатынас жасау формасы.
Дамыту (жетілдіруші) ойынның мақсаты: нақты білім беру емес, белгілі бір психологиялық қасиеттерді дамыту.
Қорытынды: Дамыту ойынында баланың еске сақтау қабілетін арттыру, ойлау қабілетінің жұмыс істеу және т.б., сондай-ақ белгілі бір әрекеттер жасау қажеттілігі, салыстыру, жалпылау, көрген-білгеніне жауап беру және сөйлеу қабілетінің қалыптасуы.
Баланың қалыптасуын ойын арқылы және жаттығу, тапсырмалар арқылы қалай анықтауға болады.
Баланы мәселесі көп жағдайға әкелу. Оның іс-әрекеті жұмыс барысында өзіндік қанағаттандыруға әкелді, кейіннен ол сұрақтар тудырады, олардың өзіндік танымдық мағынасы болады.
Дамыту ойындар
Ойындағыны іске асыру -
ойын жағдайына балалар кіреді және ол өзінікіндей қабылдайды.
Ойын әрекеті -
белгілі қозғалыстар, құралдармен алмасу, құралдарды іздеу және тағы басқалар жатады.
Оқыту тапсырмалары -
ойындағы жеке жетістіктерінің маңызды жағдайы және оның басқа қатысушыларымен эмоционалдық байланысы.
Ойындағы мәлімет -
ойынға баланы талаптандыру, үйрету және дамыту үшін ерекше мағына береді және сонымен бірге ойынның ниетін жүзеге асыру.
Ойынның ережесі -
ойынды іске асыру үшін ойын әрекеті мен оқыту тапсырмасын, балалардың санасында ойынды іске асыру.
Мақсаты: Дамыту ойындар көмегімен баланың танымдық біліктілігін қалыптастыру.
Тапсырмалар:
Танымдық үрдісін дамыту.
Мәдени ойлануды жоғарлату.
Шығармашылық қиялын дамыту.
Жеке тұлға қасиетін қалыптастыру:
- байқағыштық,
- талпынушылық,
- білімге құмарлық.
Өзіндік баға мен өзіндік бақылауды дәл қалыптастыру.
Өнімді іс-әрекет түрі арқылы баланың жеке тұлғасын дамыту
Танымдық қызығушылықтың бет бұрысы
Танымдық және білімділік адамның қызықты қабілеттерінің бірі, ол қоршаған ортаға деген қатынасын білдіреді.
Танымдылық ол тума біткен талант емес, ол тәрбиелеу мен оқыту барысында қалыптасады, қоғамдық тәжірибе арқылы бала қалыптасады, жалпы білім мен барлығы әсер етеді. Танымдылық пен білімділікті дамыту ол тәрбиешімен балаға байланысты. Танымдық қызығушылықтың қалыптасуына әлеуметтік өмір, басқаның өмір тәжірибесі және жеке тәжірибесі әсер етеді.
Танымдық қызығушылық көбінесе өмірдің белгілі бір түріне бағытталады. Танымдық қызығушылық интелектуалды белсенділіктің эмоционалды қатынастарын өзіне қосады.
Д.Ушинский оқуға деген қызығушылықта қызықты, толық ой деп атаған. Ол баладан қызығушылық оятып, оның қуанышын бірге бөлісіп жатады. Қызығушылық баланың еңбекқорлығын арттырады, ол ең қызықсыз жұмыстың әрін келтіреді. Танымдық қызығушылық қоғамға деген белсенді қатынасты көрсетеді, сондай-ақ білімді қабылдау немесе жұмысты қиыншылықсыз орындау.
Танымдық қызығушылық мүмкіншілігіне қарай мидың жұмыс істеуін қалыптасуының негізі бола алады.
Танымдық қызығушылық қалыптасуы толық оқыту үрдісі кезінде және тәрбиелеу барысында жүзеге асады.
Білімділікті және танымдық қызығушылық ойды дамыту сабақтарында, ойында, еңбекте және қоғамда қалыптасады.
Танымдық қызығушылықтың негізгі сипаттамасы мыналар: көпжақтылық, тереңділік, тұрақтылық, динамикалық, әрекеттілік
Баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Динамикалық - білімі, баланың өзімен бірге қозғалмалы жүйені қалыптастырады, онда тез орналасады және іске қосылады, әр түрлі жағдайда вариантивті қолданылады және баланың ақыл-өрісі әрекетіне қызмет етеді.
Ақиқаттылық - баланың белсенді іс-әрекеті, оның заттар мен құбылыстармен танысуға бағытталған қиыншылықты жену, мақсатқа жету үшін ерігін күшщейту пайда болады.
Қағидалары:
1. Оқу мен ойын элементтері баланың іс-әрекетіне үйлесіп, ақырындап ойыннан - біртіндеп танымдық-ізденіс іс-әрекетіне айналады.
2. Ойынның шарттарын және тапсырмаларын қиындату.
3. Баланың шығармашылық потенциалын дамыту.
4. Тәрбиелік мен оқытушылықтың бірдей әсер етуі.
5. Баланың ішкі және сыртқы белсенділігі арасындағы ұйымдастырушылық байланыс.
Бірлестік іс-әрекеттерінде баланы ұйымдастыру:
1. Жеке - дара ойындар
2. Кіші топтармен жұмыс
3. Ойындар тапсырмалары
4. Мимикалық жаттығулар
5. Сөз шығармашылығы
6. Ойын гимнастикасы
7. Ортаның құбылмалдығы
8. Монотипия
9. Модельдеу
10. Жағдай мәселелерін шешу.
Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы:
Көптеген тәрбиелік әрекеттерден және баланы өзіне қарату үшін қорғағыштық, көңілдік, таңқаларлық және де аяушылық қасиеттерін талдап едім. Эмоционалдық тәрбиенің негізінде баланың қызығушылығын арттыру, оның бірденеге деген икемділігі. Мысалы, Нұраманға құстар қызықтырады: оның көп түрлілігі және ішкі түрі. Ата-аналарға 3 сұрақтың моделі атты жобада қатысу деген ұсыныс. Біз барлық балалармен қызықты ақпарат жинай бастадық. Ақбота ертегілерді ұнатады - кең үлгіні Теремок білімі оның күнделікті қызығушылығы.
Танымдық қызығушылық шарты балаларда әрине қалыптаса бастайды. Еризат, және Дариғаның әнге деген қызығушылық оянды, олар әнге, дыбысқа, өте оңай бейімделеді. Ал Ләйлә үй өсімдіктерін қорғағанды ұнатады. Ақбота, Рахат сурет салғанды қалайды. Оларды әр түрлі түстер қызықтырады.
Әр балаға деген жеке қатынас тәсілі өте маңызды. Ақтілек, Мерей, Алдияр ұялшақ болғандықтан, оларға көп назар аудару керек. Олардың жасағандарын қолдап бір-біріне деген қатынасын жақсартуға тырысады.
Оқу барысы өзіне көп назар аударғанды талап етеді. К.Д. Ушинский назар аударуды Қоршаған ортаға деген қақпа - деді. Назар аудару оқу барысына танымдық қызығушылықты арттырады. Баланың білімділігін арттыру үшін жұмбақ жағдайды да қолданады. Бірақ балалардың танымдық қызығушылыққа деген қызығуы кей жағдайда жоғалады, сондықтан мен бір бағыттық жаттығулар.
Басты шарт оның динамикалық білімді және дамытушы ойындарды жалғастыру болып табылады.
Дамытушы ойындар арқылы баланың қызығушылығын арттыру, балаларды ойлануға әкеп соқтырады, ой елегінен өткізу жұмбақтарды шешу. Балалар алдына маңызды тапсырма қойып, оны шешу жолы: салыстыру, ақылға салу, еске түсіру.
Тәрбиелеуде ең маңызды мағына нәтижені тосу болып табылады. Бұл нәтиженің жобасы баланың ойы мен қабілетінің артуына ықпал етеді. Ақырындап балаларда өз еркімен мақсат қойып, одан нәтиже алу қабілеті қалыптасады.
Шығармашылық ойының дамуы, қалыптасуы басты негізінде білімнің артуы арқылы жүзеге асады. Ол тәрбиешінің тікелей қатысы арқылы жүзеге асады. Ол тәрбиешінің тікелей қатысы арқылы жүзеге асады. Танымдық қызығушылықтың негізгі тәрбиесі, ол тәрбиешінің жарқын ойлары мен оның бала тәрбиесіндегі белсенді тәсілі.
Қорытынды: Дамыту ойыны барысында баланың есте сақтау қабілетін арттыру, болып табылады және оның ойлау қабілеті жұмыс істей бастайды. Күнделікті талдау, синтез, салыстыру, жалпылау, көргеніне жауап беру және қорытынды жасау, сондай-ақ сөйлеу қабілеті қалыптасады.
Дамыту ойындар
1-блок. Есте сақтау мен зейінді дамытатын ойындар
2-блок. Мәдениетін ойлауды жетілдіретін ойындар
3-блок. Шығармашылық қиялды дамытатын ойындар
4-блок. Психогимнастика, мимикалық жаттығулар
5-блок. Сөздік қорды дамыту
Психогимнастика

Танымдық біліктілікті дамыту үшін жеке тұлғаның сапа өлшемі
Білімге құмарлық
Қызығушылықпен айналысады
Мақтау алуға талпынады
Талпынушылық
Сұрақ қояды
Өзі қойған сұраққа жауап табады
Тәжірибелік және интелектуалдық әрекетке қызығу
Байқағыштық
Қызықты байқайды
Себеп-салдар байланысын түсінеді
Болашақтар:
Мектепке дейінгі жеке тұлғаны қалыптастыру, танымдық дағды әрекеттерін иеленуші, әлемннің жалпы картинасын түсіне білетін және өмірдің керек мәселелерін шешу үшін мәліметтерді қолдана алуы.
Тәрбиешілер отбасымен бірге жоспарлау.
Кезеңді мәселе жұмыстары:
1 кезең. Мотивациялық-бағдарламалық - дамытушы ойындар арқасында баланың танымдық қызғушылығын қалыптастыру үшін жағдай жасау керек.
А) диагностика
Б) әдебиеттерді зерттеу
2 кезең. Дайындық - оқу-танымдық қызығушылығын дамыту деңгейін жоғарлату.
А) Техникалық картаны өндеу
Б) Дамытушы ойындар қолданудың арқасында сабақтың құралдарын дайындау:
- ес пен зейінді дамытуға
- ойлаудың мәдениетін жоғарылату
- шығармашылық елесті дамытуға
- психогимнастика
- сөйлеудің дамуы
Дайындауға ата-аналар мен балаларды тарту.
В) Ұжымдық ойынды өңдеу, танымдық құзыреттілігіне қалыптасып бағытталған:
- ойын жаттығулар
- ойын сабақтар
- мимикалық жаттығулар
- қозғалмалы ойындар
- сөзді ойындар
- моделдеу
- сөзшығармашылық
- монотипия
- сурет салу
- түзетуде қолданып көру
- кодтау
- ТРИЗ
- Монтесордің рамкасы, Монтесордың дөңгелегі
- Проппа картасы
- коллаж
- Теремок білімі
- Сиқырлы кернейші батыр
Г) Дамытушы ойындар қолданып дәрістер өңдеу
Д) Болашақ жосарлауды өңдеу
3 кезең. Негізгі зерттеудің нәтижелігі.
1. Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы және білімді меңгеру нәтижесін бақылау.
2. Ашық қарастырылуы.
3. Ата-ана үшін дамытушы ойынға құралды шығару.
4 кезең. Жалпылама.
1. Оқу әрекетінің өзара талдау және өзіндік талдау.
2. Өз іс-әрекет нәтижесін талдау және өзіндік талдау.
3. Жұмыс өтілімін жалпылау.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын дамыту ойындар технологиясы:
Дамыту ойындар - тапсырмалар жинағы, оны балалар моделдеу, кесте-карточка көмегімен шешеді, ал индивидуалдық тапсырмаларға - Білім ордасы, модель-коллаж, Көңілді күй, Проппа Картасы, Кішкентай Адамдармен моделдеу.
Тапсырма көптеген қиындық көлемінен тұрады: жеңілден қиынға, не танымдық қызығушылықты қолдайды. Ойында тапсырмалардың қиындығы көбейе беруі балаға алға қарай ұмтылуға жағдай жасайды және ешкімнің көмегінсіз оны жүзеге асырады, оөзінің шығармашылық қабілетін дамытады, оқуға қарағанда, қайда барлығы түсіндіріледі және балада атқарушылық қалыптасады. Тапсырманы шешуде баланың алдына көрінетін түр мен заттарды түйсіне сезіну тұрады. Бұл тапсырманы шешіммен сырттай қарастыруға рұқсат береді және нақты тапсырманы орындауын өзі тексереді.
Дамыту ойындарда мен оқудың негізгі қағидасын жүзеге асырамын - жеңілден ауырға және ең маңызды шығармашылық іс-әрекеттер қағидасы қабілеттілігіне қарай ерікті болады.
Дамыту ойын маған көмектеседі:
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту.
Тапсырма жағдай жасайды, ол қабілеттерінің дамуынан асады.
Ерікті шешімді іздеуге жағдай табады, бала оңай тез дамиды.
Дамыту ойындар мағынасына қарай көп түрлі, қинағанды ұнатпайды және жағымды атмосфераны құрады және де көңілді шығармашылықты жасайды.
1. Мәселелік оқыту - ол оқыту әрекетінің ұйымы, онда тәрбиеленушілердің ерікті әрекеттерін белсендіреді және мәселелік жағдайды тудыруды ұсынады, нәтижесінде білім дағдыларын меңгереді, істей алады және ойлау операциясын дамытуға әкеледі.
Мәскелелік әдістер - бұл әдіс, негізгі мәселелік жағдайды тудырушы, белсенді танымдық әрекет, іздестіруде құрайтын және итермелеген балалармен мәселені шешу.
Мәселелік жағдайды тудырудың тәсілдері:
Олар өздері оның шешу тәсілін табуға ұсыналған қарама-қайшылықтың түбіне жету
Әртүрлі жауаптың мазмұндамасы
Тәжірибелік білімін анықттау, қорытынды, жалпылама және салыстыру арқылы талпындыруға ояту
Мәселелік тапсырмаларды құру.
2. Пропп картасы
Пропп картасының мүлкі... - олардың әр қайсысы - ертегі әлемін кезу.... (Джонни Родари). Әр функция - баланың өз әлеміне тоқталу.
Пропп картасы орынды:
1. Көптеген мәліметті есте сақтау байқағыштық, әдемілікті қолдану арқасында ұстайды, ал ертегіні ойлап шығаруда оны продуктивті қолданудан анықталады.
2. Карта бұл жалпылама іс-әрекеттер. Түсініктері. Логикалық ойлау, абстрактінің біртіндеп қарқынды дамуы, жағдайы, әрекетті, нақты батырлығы абстрактілі болады.
3. Карта зейіннің дамуын, қабылдауын, фантазия мен шығармалылық елестетуін жүзеге асырады. Ерік қасиеттерін, эмоционалдық ортасын жалпылайды. Байланысты сөздерді белсендіреді және сөздікті жалпылайды. Ізденіс белсенділігін жоғарлатады. Өзімен жастылармен өзара қатынасын жақсартуға көмектеседі.
4. Баланың әлеуметтік тәжірбиесін жалпылайды.
5. Баланың сенсорлық дамуына көмектеседі, яғни карта барлық сезім мүше органдарына жайылады.
3. Көрнекілікпен моделдеу - бұл зерттелген объектінің бар көлемін қайта жаңғырту. Оның орынбасары мен онымен бірге жұмысты құру.
Моделдеу бірнеше кезеңнен тұрады:
Сенсорлық материалды ұғу және талдау.
Белгі-таңба тіліне оны айналдыру.
Моделмен жұмыс.
Мектепке дейігі балалардың өздігінен қатысу арқасында әрдайым үлесін жоғарлату ақырындап анықталатын көрнекілік моделдеу дағдысын қалыптастыру өтеді.
4. КАМ - кішкентай адаммен моделдеу - адам бейнесінде бейнеленген қатты, жұмасақ және газ түріндегі зат. Балаға көрнекілік арқылы түсіндіруге және құрал мен заттың ішкі құрылымын моделдейді. Осыдан мынандай қорытынды шығады, барлық құралдар мен заттар көптеген кішкентай адамдардан құралады. Тегіс моделдеу және кубиктерден, кірпіштерден және конустардан орналастырылған.
Ұсынылатын дамыту ойындар:
1. Білім ордасы - көлемді моделдеу сөз тапсырмаларын шешуге жол ашады, иллюстрация арқылы істей алатынын ашады, өзіндік сюжетті құрастырады, шығармашылық елесін дамытады, қабылдауын дамытады, баланың танымдық-сөзін дамытуды жақсартады.
2. Коллаж Көңілді-күй - адамның түрін жазық моделдеу. Көптеген бет пішіні. Әртүрлі пішіндегі заттардан көп түрлі бейнелер құрастыруға көмектеседі, сонымен бірге психологиялық үрдістерді, яғни қабылдау, есте сақтау, зейін мен тактикалық сезім мүшелерін дамыту.
3. Үш сұрақты моделдеу - анықталған пәнге жинаған мәліметтерге дидактикалық құрал жазу. Өзімен қолдануға қорапша алу керек, қабылғаларында төрт қалтасы, олар әр түрлі геометриялық фигура түрінде бейнеленген болу керек: Тақырып, Не білеміз, Не білгіміз келеді, Кімнен сұрағым келеді.
4. Сиқырлы батыр кернейші - көлемді моделдеудің белгілері, топтағы орта белсенділігін анықтайтын, сонымен бірге танымдық белсенділігі мен эмоционалдық компонентін тудыру үшін оқу-ойындық әрекетті қолдану.
5. Журнал мен Ұяшық газетін шығару - ата-ана мен балалар үшін.
6. Татуласу -құрал. Алақан көңіл-күйді тудыру үшін
7. Құбылмалы орта - пласмасты доптармен орта құрып, онда сезім, қобалжушылық, іс-әрекет туралы сөйлесу.
Сабақтың мазмұны
Тақырыбы: Кішкентай адамдар.
Мақсаты: Кішкентай адамдар түсінігі арқылы моделдеу
Біліктілік тапсырмалар:
Кішкентай адамдар негізінде балаларды молекулалық теориялармен таныстыру. Заттардың бір агрегаттық күйдегі, екінші агрегаттық күйге көшумен таныстыру.
Дамытушы тапсырмалар:
Оқу тәсілдерін әрі қарай дамыту.
Тәжірибелік бағытты да дамыту.
Тәрбиелік тапсырмалар: қоршаған ортаға деген қызығушылығын тәрбиелеу.
Құралдар: Кішкентай адамдары бар карточкалар, су, қорап, мұз, спирт және құбыр.
Сабақ барысы:
Тақтада кішкентай адамдар бейнеленген карточкалар жабысып тұр. Педагог балаларды тақтаға қарауды сұрайды.
Тәрбиеші: Бүгін бізде тағы да қонақ. Бірақ ол өте ерекше. Олар адамға ұқсайды. Бірақ ол өздерін қызық ұстайды. Бәлкім сендер оны білесіндер? (балалардың жауабы).
Тәрбиеші: Дұрыс, бұл шынымен кішкентай адам. Олар біз бар жердің бәрінде бар, сондықтан оларды солар атайды. Олар қатты, сұйық, және газ түрінде болады. Олар өте кішкентай, сондықтан олар кру өте қиын. Ғалымдар оларды микроскоппен көріп, оларды кішкентай адамдар деп атайды. Олар өздерін әр түрлі ұстайды.
Тәрбиеші: Ал айтыңдаршы, қатты кішкентай адамдар өздерін қалай ұстайды.
Балалар: Олар қолдап қатты ұстайды.
Тәрбиеші: Ал сұйық адамдар өздерін қалай ұстайды?
Балалар: Олар бір орында тұрмай, жүгіріп жүреді.
Тәрбиеші: Қандай қатты заттарды сендер білесіндер?
Балалар: Қатты тастар - бұл тас, метелл, ағаш, пластмас, әйнек, мұз, жер, және т.б.
Тәрбиеші: Ал адамдар қай жерден қатты ұстамды, қорда, ағашта, әлде темірде ме?
Балалар: Темірден адамдар қатты ұсталады, темір ағашқа қарағанда қаттырақ. Ағашты арамен кесуге болады, ал темірді олайкесе алмайсын.
Тәрбиеші: Ал сұйықтықты қалай білесіндер?
Балалар: Су, сүт, бензин.
Тәрбиеші: Қандай газ текті заттарды білесіндер?
Балалар: Ауа, газ.
Тәрбиеші: Ал айтындаршы, жерде қандай зат көп?
Балалар: қатты, сұйық, әлде газ ба? (балалар жауабы).
Тәрбиеші: Осы сұраққа дұрыс жауап беру үшін, біздің планетеда қалай аталатының және қандай түсті екенің еске түсіру керек.
Балалар: Ол көк түсті
Тәрбиеші: Неге біз оны көк түске ұқсатамыз?
Балалар: Себебі жерде су көк
Тәрбиеші: Міне, сіздер жерде қандай зат көп екеніне жауап беріңдер. Әрине, су. Бірақ ауа да өте көп. Ал ауа - ол газ. Бірақ қатты заттар аз.
Ойын кішкентай адамдар
Тәрбиеші кішкентай адамдар карточкасынан балаларға тапсырма алып береді.
Бос ыдыс.
Суық су толтырылған ыдыс.
Ыстық май толтырылған ыдыс.
Балалар тапсырманы орындайды.
Дене шынықтыру минуты. Балалар дөңгелек болып тұрады. Тәрбиеші оларды тас, су, ауаға айналдырады.
Дем алу жаттығуы.
Заттардың күйі туралы әңгімелесу.
Тәрбиеші: Балалар қалай ойлайсындар бір зат қатты, сұйық, әрі газ тектес болуы мүмкін бе? (балалар жауабы).
Тәрбиеші: қарандар, менде ыдыста не бар екенің.
Балалар: Онда су бар.
Тәрбиеші: Қандай адамдар суда өмір сүреді?
Балалар: Онда орнында тұратын адамдар өмір сүреді.
Тәрбиеші: Сонда, су ол сұйықтық. Ал айтындаршы суды қатты затқа айналдыруға бола ма? (балалар жауабы).
Тәрбиеші: Мен сендерге сиқыр көрсеткенімізді қалайсындар ма? Кеше мен суды мұздатқышқа қойдым, одан мұз алдым. Бұл не? Бұл қандай күй? Мен оны мұздатқышқа қойғанда? (балалар жауабы).
Тәрбиеші: Су қалай мұзға айналады?
Балалар: су тонып қалды.
Тәрбиеші: Сонда, егер суды бір температураға салқындатсақ, су қатты затқа айналады. Сиқыршы болғыларын келе ме?
Тәжірибе: Балалар қолдарына мұздың бөлігін алады. Оны алақандарымен қысады, сонда мұз ериді. Суды ыдысқа жинаймыз. Оны колбаға құйымыз. Қолбаны пешке қоямыз. Су қайнайды, колбадан бу шығады, будын үстіне ыдыс қоямыз, ол буға айналады.
Балаларға сұрақтар.
- біз қолымызға не алдық?
- мұз қандай зат?
- мұз ерігенде не пайда болады?
- колбаға не құямыз?
- колбаны қыздырғанда су не болады?
- колбаның үстінен не көріп тұрмыз?
- буда қандай адамдар өмір сүреді?
- бу ыдысқа жанасқанда не болады?
- бу неге айналады?
- егер бір суды мұздатқышқа қойсақ не болады?
Қорытынды жасаймыз, зат бір күйден екінші күйге айналуы температураға байланысты, егер температура үлкен болса, онда зат қатты күйден, сұйық және газ күйіне айналады. Ал температурамен болса, онда қатты күйге айналады.
Сабақ жоспары
Тақырыбы: Тәттінің қажеттілігі неде?
Мақсаты:
- Балалардың танымдық белсенділігін, қызығушылығын (фонтиктердің қажетіне, кәмпиттердің аттарын қалай ойластырады?).
- Күнделікті заттарға қарап ынталарын қалыптастыру (кәмпиттердің фантиктерін) жаңа қырдан.
- Қиялдау талабын дамыту, (кәмпиттердің аттарын, фонтиктерге арналған оюларды) ойластыру.
- Өрнектердің композициясын аяқтау (фонтиктерді әрлеу).
- Ойын жетілдіріп және граматикалық ережеге сәйкес ойды жеткізу.
- Балалардың ортақ іс пен қызығу, оны эмоционалды қызығу
Материалдар және құралдар:
Деманстрациялық материалдар: екі кәмпитті муляждап, олардың бірі қызыл фантиктер, юасқасы кәдімгі ақ қағазға оралған, магниттік тақта, өрнектер үлгісі, әр түрлі мата, деманстрацияларды суреттер және екінші ілгіш.
Берілетін материал: түрлі-түсті қатты қағаз, түрлі-түсті қағаз, кәмпит, фонтик, фломастерлар, желім, салфеткалар, суреттер бала санына байланысты және кәмпиттер.
Сабақ барысы:
Педагог: Бүгін біз ең тәтті туралы сөйлесеміз, соратын және қытырлағыш, карамелдіжәне шокаладты тәттілер. Сіздердің ойынша біз не туралы сөйлесеміз? (Балалар жауабы). Бәріміз бірке талқылайық: тәтті не үшін керек? (Бәлкім балалар былай жауап береді: жеу үшін, басқаларды сыйлау немесе сату үшін керек ).
Тәрбиеші екі бірдей түрдегі кәмпитті алып шығады. Бірінші кәмпит - әдемі кәмпитте, ал екінші ақ қағазға оралған.
Педагог: Тәттілерді қарау, қай мәлімет сізге ұнайды. Неге? (Балалар жауабы. Педагог оларға ойын дұрыс жеткізуге көмектеседі). Шынымен біреу өте әдемі, ал екінші сұрықсыз, және де қызықсыз. Кәмпиттің оралғаны қалай аталады? (фантик). Фантикті немен салыстыруға болады? (кәмпитке арналған киімдер). Біз әртүрлі киім киеміз, кәмпиттерде сол сияқты.сол киім арқылы біз оны ажыратамыз. Мен кәмпиттерді өте жақсы көремін және оны бірнешеуін жинадым (балалар ол жинақты қарайды, одан кейін тәрбиелеуші оларға бір-бір кәмпиттен береді).
Ойын Фантикті тап.
Үстелде көп фантиктер жатыр. Тапсырма: өзіне өте ұқсайтын фантикті таңда. Содан кейін бала өзіндікіндей фантик бар параны іздейді.
Тәрбиеші (балаларға ақ қағаз береді). Барлық кәмпиттер ақ қағазға оралған деп есептетейік, бірдей қағаздар жазусыз. Онда біз оларды ажырата алар ма едік? Осы кәмпиттің орамасы үшін не салу керек? (Балалар жауабы).
Ойын Кәмпиттердің атын ойлап тап.
Балалар әр түрлі сюжеттермен суреттерді алады, өрнектер мен суреттермен. Тапсырма: кәмпиттің керекті атын табу. Осындай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АРТ - ТЕРАПИЯ - ДАМЫТУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын дамыту
5-6 жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін арттыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауының психологиялық ерекшеліктері
Дарынды балаларды тәрбиелеу мәселелері
Балаларға қосымша білім берудің даму тетіктері
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
Инклюзив жағдайындағы адаптивті білім беру ортасы
Пәндер