Көз алмасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Сабақ жоспары

Пәні _______ Офтальмология
Топ
Е-18У-1
Күні
01.02.2021

І. Сабақтың тақырыбы: Офтальмологияға кіріспе. Көзге көмек көрсетуді ұйымдастыру.Көру ағзаларының анатомия-физиологиялық ерекшеліктері.

ІІ. Сабақтың мақсаттары:

Білімділік - студенттерге, көру ағзаларының анатомия-физиологиялық ерекшеліктері жайлы түсінік беру
Дамытушылық: әрбір шәкірттің жеке тұлға ретінде белсенділік қабілетін дамыту, танымдық ойлау, қиялдау қабілеттерін арттыру, өздігінен ізденуге талпындыру .
Тәрбиелік - студенттерді адамгершілікке, өз ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекі құралдары: .сүреттер

Оқыту тәсілі: Түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап,пікірталас
Пән аралық байланыс: медицина
ІІІ. Сабақтың барысы мен мазмұны:
1. Ұйымдастыру кезеңі: (сәлемдесу, түгелдеу, студенттердің зейінін сабаққа аудару)
2. Үй тапсырмасын тексеру:

oo 3. Жаңа сабақты түсіндіру:
Көз алмасы көз шарасында орналасқан. Шар тәрізді дене. Көз алмасында мөлдір қабықтың ең дөңес нүктесіне сәйкес келетін алдыңғы полюсті және көру нерві шығатын жерден латеральды жатқан артқы полюсті ажыратуға болады. Екі полюсті қосатын түзу сызық оптикалық немесе сыртқы көз білігі деп аталады.

Сурет. 1. Көз алмасы .
1 - бүршікті дене; 2 - артқы камера; 3 - нұрлы қабық; 4 - бұршақ; 5 - қасаң қабық; 6 - ақ қабық; 7 - жоғары тік бқлшықет; 8 - меншікті тамырлы қабық (хориоидея); 9 - тор қабық; 10 - шыны тәрізді дене; 11 - көру нервісі.
Көру ағзасы көз алмасынан, көру нервісінен және қосымша аппараттардан тұрады. Көз алмасы бас сүйектің алдыңғы жағындағы көз шарасының ішінде орналасқан. Көз алмасының алдына қарай шығыңқы келген бөлігін - алғы полюсі, артқы көру нервісінің шыққан жерін - артқы полюсі деп атайды. Осы екі полюс арасын қосып тұрған тік сызықты - көз осьі дейміз. Көз алмасы үш қабықтан сыртқы - тығыз талшықты, ортаңғы -тамырлы қабық, ішкі - торлы қабықтан түзілген. Талшықты қабық (фиброзная оболочка) - басқа қабықтарға қарағанда өте тығыз мықты келеді. Ол көз алмасын сыртқы жағынан қорғап, оған белгілі бір пішін беріп тұрады. Бұл қабық алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінеді. Оның алдыңғы бөлігі дөңес, дөңгелек сағат әйнегіне ұқсас келеді. Өзі тамырсыз өте тығыз болғандықтан оны "мөлдір қабық" деп атайды. Бұл қабық арқылы көз алмасының ішіне сәуле сындырылып өтеді.
Фиброз қабығының артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Ақ қабық пісірілген жұмыртқаның ақ уызына ұқсайды. Ол көз саңылауынан көздің ағын түзіп көрініп те тұрады. Бұл қабықтың белдеу бөлігіне көздің тік еті төрт жағынан келіп тіркеледі. Ақ қабық кәз алмасының артқы жағынан шыққан кәру нервісінің сырт жағын жауып, нерв қабығын түзеді. Талшықты қабықпен ақ қабықтың қосылар жерінде көз алмасының вена қаны өтетін тамыр кеңістігі жатады.

Тамырлы қабық - талшықты қабықтың астында жатқан көз алмасының ортаңғы қабығы болып саналады. Ол құрылысы жағынан бір-біріне тең емес үш бөліктен алдыңғы - нұрлы, ортаңғы - кірпікті дене, артқы - меншікті тамырлы қабықтан тұрады.

Сурет 1. Көздің тамырлы қабаты.
1 - алдыңғы цилиарлы артерия; 2 - алдыңғы цилиарлы вена; 3 - ішкі тік бұлшықет; 4 - иірімді вена; 5 - артқы ұзын цилиарлы артерия; 6 - артқы қысқа цилиарлы артерия.

Нұрлы қабық - тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі болып саналады. Нұрлы қабықтың ортаңғы тесігін "қарашық" деп атайды. Бұл қабықтың артқы жақ жиегі кірпікті денемен шектелсе, алдыңғы әйнегі көздің қарашық тесігін қоршап жатады. Нұрлы қабықтың дәнекер тінді негізінде пигментті клеткалар, тамырлар және бірыңғай салалы ет тіндері орналасқан. Көздің түсінің әр түрлі болуы, осы пигментті клеткалардың мөлшеріне және орналасу тереңдігіне байланысты келеді. Сол себептен көздің түсі, қара-қоңыр түстен, ашық-көгілдірге дейін болады. Ол пигменттерді нұрлы қабықтың хромотофорлары деп атаймыз.
Кейде пигментті клеткалардың болмауына байланысты көздің түсі ашық қызыл да болады. Ол нұрлы қабықтың мөлдір болуынан астыңғы қабықтағы тамырлардың көрініп тұруына байланысты. Нұрлы қабықтың ет талшықтары екі бағытты орналасқан. Дөңгелек (сақиналы бағытты) жатқан талшықтары қарашық тесігін тарылтса, сәулелі талшықтары көз қарашығын кеңейтеді. Осының нәтижесінде нұрлы қабықтың талшықтары көзге түсетін жарық сәулесін реттеп отырады.
Бүршікті дене - тамырлы қабықтың ортаңғы бөлігі, пішіні сақина тәрізді. Оның артқы жиегі меншікті тамырлы қабыққа жалғасса, алдыңғы жиегі нұрлы қабыққа көшеді. Ішкі бетінде 70 шақты кірпікті өсінділері орналасқан. Олардан басталған жіңішке серпінді талшықтар көз бұршағын ұстап тұратын белдеу түзеді. Кірпікті дененің сыртқы қабатын бірыңғай салалы ет тіні түзеді. Бұл еттер не жиырылып, не босап, көз бұршағыньн пішінін өзгертіп, көздің көруін икемдеп тұрады.
Меншікті тамырлы қабық- тамырлы қабықтың ең артқы бөлігі болып саналады. Ол ақ қабықтың астында тұтас жатады. Бұл қабық қан тамырларға өте бай. Қоңыр түс беретін пигментті клеткалары болады.
Торлы қабық -көз алмасының ішкі жағын астарлап жатқан қабық. Бұл құрылысы жағынан өте күрделі түзілген. Сыртқы бетінен тамырлы қабыққа, ішкі бетінен қоймалжың келген шыны тәрізді денеге шектесіп жатады, торлы қабық артқы және алдыңғы бөліктерден түзілген. Артқы бөлігі көру бөлігі деп аталады. Бұл бөлімі микроскоппен ғана көрінетін 10 қабаттан түзілген.
Сурет 2. Тор қабықтың құрылымы.
1 - ақ қабық; 2 - хориоидея; 3 - Брух мембранасы; 4 - неироэпителии; 5 - биполяр - лы клеткалар; 6 - ганглиозды клеткалар.

Сурет № 3 тор қабықтың он қабаты.
1. пигментті эпителий қабаты;
2. таяқшалар мен сауытшалар;
3. сыртқы гиалиндік шекаралық мембрана,
4. сырқы нуклеарлық қабат;
5. сыртқы плексиформды қабат;
6. ішкі нуклеарлы қабат;
7. ішкі плексиформды қабат;
8. ганглиозды жасушалар қабаты;
9. көру нерві талшықтары қабаты;
10. ішкі шекаралық мембрана.

қабаты (торлы қабаттың түсті және жарықты ажырататын элементтерді) таяқшалары мен сауытшалардан түзілген 10 пигментті қабат (торлы қабықтың ішкі бетіне жабысып орналасқан).
Таяқшалар мен сауытшалар сезімтал нерв ұштары (рецепторлары} болып саналады. Олар көру процесін атқарады. Таяқшалардың саны - 130 млн. сауытшапар күндізгі күшті сәулеге ғана тітіркеніп қараңғыда көру қызметін атқарады. Сауытшалар тор қабықтың орта бөлігінде, ал таяқшалар екі бүйірінде орналасады. Тор қабықтың артқы бөлігінде көру нервісінің шоғыры жатады. Бұл шоғыр тор қабықтың түйінді клеткалар талшықтарының жинағынан түзілген. Олар көз алмасының артқы жағында көру нервісінің сабағын түзеді.
Осы көру нервісінің көз алмасынан басталар жерінде көру сезім элементтері болмайтындықтан "соқыр нүкте" (слепое пятно) деп аталады. Ал осы соқыр нүктенің сыртқы жағында көз қарашығының тура тұсында сауытшалардың жиынтығынан түзілген. "Сары дақ немесе нүкте" (желтое пятно) жатады. Бұл нүкте көздің көргіш жері болып саналады. Сол себептен айналадағы бейнелерді жақсы көру үшін, олар көз осі арқылы сары нүктенің орталық ойысына дәл келуі керек.

Сурет. 4. Көз түбі. (офтальмоскоппен қарағандағы көрінісі)
- көру нерві дискісі; 2 - тор қабықтың орталық венасының жоғарғы тармағы; 3 - тор қабықтың орталық артериясының жоғарғы тармағы; 4 - тор қабықтың орталық артериясының төменгі тармағы; 5 - тор қабықтың орталық венасының төменгі тармағы; 6 - сары дақ; 7 сары дақтың орталық шұқыры.
Көз алмасының ішкі ортасы көз бұршағы мен қоймалжың келген шыны тәрізді денеден түзілген.
Көз бұршағының екі жағы дөңестенген дүрбі пішінді, оның артқы беті шыны тәрізді денемен, алдыңғы беті талшықты қабықпен шектеледі. Көз бұршағы өте мөлдір талшықтардан түзіліп, түссіз қабықшамен жабылады. Осы қабықшасынан басталып кірпікті дененің ет талшықтарына тіркелетін белдеулері арқылы көз бүршағы өз орнына бекемделіп тұрады. Сонымен қатар кірпікті дененің ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде көз бұршағының қалыңдығы өзгеріп, көздің әр түрлі қашықтықта жатқан заттарды көруіне себеп болады. Көз бұршағының әр түрлі қашықтықтағы заттарды көруіне икемделуін "аккомодация" деп атайды. Жас ұлғайған сайын көз бұршағының жалпы тығыздығы артып көздің көру қабілеті нашарлайды. Көз (көз алмасы) -мөлдір келген қоймалжың затқа толы келеді. Оны түссіз, әрі сәуле өткізгіштігіне байланысты "шыны тәрізді дене" деп атайды. Онда қан тамырлары мен нерв талшықтары болмайды. Шыны тәрізді дене көздің ішкі торлы қабығына жанаса жатады. Оның алдыңғы жағында көз бұршағы орналасқан.
Көздің алдыңғы полюсінде алдыңғы және артқы камералары (ұңғылдары) жатады. Олар мәлдір сұйықтыққа толы келеді. Осы мөлдір сұйықтықтар мен көз бұршағы және шыны тәрізді дене сәуле сындырғыш қасиеті бар орталықтар болып саналады. Көру ағзасының қосымша аппараттарына көз алмасын қимылға келтіріп, көзді қорғап тұратын құрылыстар жатады.
Көздің қорғаныш аппаратына қабақ, кірпік және көз жасының безі жатады. Қабақ жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Олар көз алмасының алдыңғы жағын ашып-жауып тұратын, тері қатпарларынан түзілген. Жоғарғы қабақ төменгіге қарағанда қимылды келеді. Оның жоғарғы жағында қас доғасы жатады. Қас маңдайдан аққан тердің т.б. улы заттардың көзге түспеуінен сақтайды. Жоғарғы және төменгі қабақтардың жиектерінде кірпіктер орналасқан. Олар көзді шаң тозаңнан сақтап тұрады. Қабақтар сырты терімен, іші қызьл түсті кілегей қабықтармен жабылған. Кілегей қабықшасы көз алмасының талшықты қабығының бетіне жалғасып жатады. Оны жалпы "конъюнктива" деп атайды. Дәнекер қабықтың қабықшасы қабақтың ішкі жағынан, көз алмасының бетіне көшер жерінде конъюнктива қалташығын түзеді. Бұл қалташық ылғалданып, қабақты жауып-ашқанда көз бетін жуып тұрады.

Көз жас ағзалары
Екі қабақтың біріккен жерін көз бұрышы деп атайды, оның кеңірек келген ішкі бұрышын "көз бұлағы" дейді. Оның түбінде ет өсіндісі жатады. Ал әрбір қабақ жиегінде нүктелер болады. Олар жас түтікшелерінің ашылатын тесіктері. Осы тесікшелерден шыққан сұйықтық (көз жасы) көз бетін ылғалдап төмен қарай жуып отырады. Көз жасы көздің бұлағына жиналады. Оның жоғарғы және төменгі жағында қос тесікшелер жатады. Бұл тесікшелер жас түтікшелерінің басталар жері болып саналып олар жас қапшығына ашылады. Ал жас қапшығы мұрынның төменгі ауа жолына ашылатын каналына жалғасады. Сонымен, көз жасы көзді жуып тұруымен бірге мұрын қуысын да жуып ылғалдап тұрады.
Көз жасын көз жасының бездері бөліп тұрады, олар маңдай сүйегінің көз шарасына қараған бөлігінің сыртқы - жоғарғы ойысында жатады, оның 10 шақты түтікшесі жоғарғы қабақ жиегінде ашылады. Көздің бұлшық еттерінің көз алмасын қимылға келтіріп тұратын еттері болады, олардың төртеуін тік, екеуін қиғаш еттер деп атайды.
Көздің тік бұлшықеттері - көз шарасының түбіндегі шеңберлі сіңірден басталып, көз алмасының төрт жағынан ортаңғы белдеуіне (экваторная) тіркеледі. Бұл бұлшықеттерге жоғарғы, төменгі, ішкі және сыртқы тік еттері жатады. Олар жиырылғанда көз алмасын жоғары төмен, ішке, сыртқа қимылдатады.
Жоғарғы қиғаш ет - көз шарасының төменгі көру тесігінің қасынан басталып, көз шарасының ішкі бұрышына бағытталып, көз алмасының сыртқы жағынан бекиді. Бұл ет жиырылғанда көзді сагитальды блок бойымен қарай айналдырады, төмен және сыртқа.
Төменгі қиғаш ет - көз шарасының ішкі жақ қабырғасынан басталып, көз алмасының астыңғы жағымен жүріп отырып, ортаңғы белдеу тұсына бекиді. Бұл ет жиырылғанда көзді сагитальды блоктан жоғары және сыртқа қарай айналдырады.
Көз шарасының ішіндегі бұлшық еттерінен басқа да көздің арнайы жатқан май тканьдері болады.
Көру органдарын көз артериялары қоректендіреді. Көздің қос веналары, вена қаны жинап, ми сауытының қатты қабығындағы вена қайнауларына жеткізеді.
Көру органдарын көптеген нервтер келіп нервтендіреді. Көздің өзін қимылға келтіретін, көлденең жолақты ет-тіндері көз қимылдатқыш (Ш), шығыр (IV), әкеткіш (ҮІ), нервілерімен нервтендіріледі. Көздің бірыңғай салалы ет тканьдері мен жас бездері симпатикалық және парасимпатикалық нерв талшықтарымен нервтендіріледі. Көздің көру процесі көру нервісі (II) арқылы жүреді. Көру анализаторларының өткізгіш және орталық бөлімдері. Көру анализаторының өткізгіш жолы көз алмасының тор қабығындағы рецепторлардан басталады. Олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көз — оптикалық жүйе
Сезім мүшелері
Көз алмасы туралы
Көз құрылысы
Көз аурулары және көзге арналған жаттығулар
Сезім мүшелері мен анализаторларға жалпы сипаттама. Рецепция механизмі мен рецепторлық жасушалар. көздің қосымша аппараты. дәм сезу мүшесі
Көз және оның гигиенасы
Сезім мүшелері туралы
Көз гигиенасы
Нұрлы қабық
Пәндер