Мемлекет туралы қалыптасқан теориялар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. МЕМЛЕКЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОЛ ТУРАЛЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ТЕОРИЯЛАР
1.1 Мемлекет ұғымы және түрлері 5
1.2 Мемлекет туралы қалыптасқан теориялар 6
1.3 Мемлекеттің мәні мен типологиясының өзара байланысы 8
2. МЕМЛЕКЕТТІ ЖІКТЕУДІҢ ТАРИХИ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
2.1 Мемлекеттік типологияның хронологиялық түрі 12
2.2 Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері 13
ҚОРЫТЫНДЫ 19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 21

КІРІСПЕ
Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.
Сол себепті мемлекет формациясының типологиясын зерттеу қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Мемлекет және құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.
Өз кезегінде мемлекеттің типологиясы (кейіптері) - бұл белгілі, тарихи ерекшеленген топтағы мемлекеттерге тән жалпы белгілерінің жиынтығы.
Кейіптеу қалпындағы негізгі компонентке тарихи мемлекет типі (кейпі) жатады - мемлекет бір қоғамдық-экономикалық формацияға байланыстыратын көбірек маңызды белгілердің жиынтығы, белгіленген мемлекеттердің жиынтығы, олардың әлеуметтік орнының негізгі бірлігімен қатамасыз етілген. Сонымен бірге, мемлекеттік-құқықтық институттардың тығыз қарым-қатынасын ұмытпауымыз керек. Сондықтан кейіптеу қалпында, тарихи құқық типі (кейпі) солай бөлініп шықты, ол өз жағынан, қоғамның барлық жан-жақты өмір аясының ерекшеліктерімен, құқықтық қағидалардың мазмұнымен және белгіленген, қорғалатын соған сай тарихи кейіптегі мемлекеттің заң нормаларының құқықтық саясат жүйесімен сипатталады.
Құқықтық ғылымда басым тұрған, негізінен екі теория - формациялық және өркениеттік.
Ал, қазіргі өмір мемлекеттік ұйымдардың әртүрлілігімен сипатталады. Көптеген елдерде мұндай ерекшеліктер ғасырлар бойы, тіпті мыңдаған жылдарда сол не басқа мемлекеттердің барлық тарихи прцесінде қалыптасты.
Мемлекеттің нысаны (форма) - күрделі қоғамдық құбылыс, нақтылы елдің аумағындағы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуын және өзіне қосылатын бір-бірімен қарым-қатынастардағы үш бөліктерді сипаттайды: басқару нысанын, мемлекеттік құрылыс нысанын және саяси режим нысанындарынан тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекет тағылымдарын қысқаша қорыта отырып, мемлекет типологиясын жеке талдап, зерттеп, анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері - қандай да болмасын құбылыстың мән- мағынасын ашу үшін, оның тарихи бастауларына жүгінген орынды. Одан әрі қазіргі мемлекеттің типологясын ғылыми ортада танылған түсінігін анықтау және соған сәйкес белгілерін және мәнін ашу әрекеті жасалуы
Курстық жұмыстың құрылымы - мемлекет туралы жалпы түсінікпен мемлекет түрлері және мемлекет типологиясымен өзара байланысы. Мемлекеттік типологияның хронологиялық түрлері.

1. МЕМЛЕКЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОЛ ТУРАЛЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ТЕОРИЯЛАР
1.1 Мемлекет ұғымы және түрлері
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қогамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қаты-настардың маңызды мәселелерін шешуге нақты ңатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекшелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде үғынамыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес.
Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.
Мемлекет - қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым.
Мемлекет - қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.
Мемлекет туралы ұғымның толық болуы үшін оның белгілеріне егжей-тегжейлі тоқталып, олардың мазмұны мен мәнін тереңірек ашу қажет.
Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен - тологиялық теория ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеология Августин (554-450) және Фома Аквинский (1225-1274жж) болып табылады. Оның негізгі мынандай постулаттық бар, мемлекеттің айнымайтындығы және қасиеттілігі, барлық билік құдайшылық бастаушылардан шықты, оны ешкім де шайқала алмады. Осы теорияға сәйкес барлық мемлекеттер басшылары өздерінің биліктерін құдайдың ерік-жігерін орындаушылар ретінде жүзеге асырады. Патриархалық теориялар мемлекет отбасының өсіп -өркендеуінің пайда болады да түсіндіріледі. Оның өкілдерінде ежелгі грек философы Аристотель б.д.д. 384-322 жж сонымен бірге оырс социологы Михайловский (1842-1904жж) жатады. Мемлекеттілік құрылысының орнына келеді. Алғашқы қауымдық теңдік пен шешеннің қоғамдық формасы өз-өңірін ескереді де қашан әлеуметтік қабаттарда бөліне бастайды. Ұжымдық өндірістік қатынастар қалыптан тыс шығады. Оның еңбек бөлінісі келеді, тайпалық құрлым қиындай түседі. Мемлекет қоғамының ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ішкі эволюцияда мемлекет қоғамды басқару үшін қажет ұйым ретінде, билік ету механизмі ретінде жұмыс жүргізді.

1.2 Мемлекет типологиясының түсінігі мен әдістері
Белгілі тарихи кезеңдегі мемлекеттің нақтылы ерекшеліктері қоғамның дамуының деңгейлеріне байланысты белгіленеді. Формалды белгілердің өзгеруімен (аумағының, көпшілік биліктің, егемендіктің) қоғамның дамуына сай мемлекет шын мәніндегі, үлкен өзгерістерге ұшырайды. Оның басқару әдістерінің мазмұны, әлеуметтік бағыттағы мақсаттары өзгереді. Мемлекеттік сипатқа және мемлекеттік құрылымға тұрғындардың ұлттық құрамы, мәдениетіндегі өзіндік өзгешелік, аумағының мөлшері, географиялық жағдайы, халықтың бекіп қалған әдеттері мен дәстүрлері, діни көзқарастары мен басқа да факторлар ықпал етеді.
Мемлекеттің типологиясы (кейіптері) - бұл белгілі, тарихи ерекшеленген топтағы мемлекеттерге тән жалпы белгілерінің жиынтығы.
Кейіптеу қалпындағы негізгі компонентке тарихи мемлекет типі (кейпі) жатады - мемлекет бір қоғамдық-экономикалық формацияға байланыстыратын көбірек маңызды белгілердің жиынтығы, белгіленген мемлекеттердің жиынтығы, олардың әлеуметтік орнының негізгі бірлігімен қатамасыз етілген. Сонымен бірге, мемлекеттік-құқықтық институттардың тығыз қарым-қатынасын ұмытпауымыз керек. Сондықтан кейіптеу қалпында, тарихи құқық типі (кейпі) солай бөлініп шықты, ол өз жағынан, қоғамның барлық жан-жақты өмір аясының ерекшеліктерімен, құқықтық қағидалардың мазмұнымен және белгіленген, қорғалатын соған сай тарихи кейіптегі мемлекеттің заң нормаларының құқықтық саясат жүйесімен сипатталады.
Құқықтық ғылымда басым тұрған, негізінен екі теория - формациялық және өркениеттік.
Мемлекетті және құқықты кейіптеудегі формациялық әдіс - бұл қоғамның дамуын, тарихи типтегі мемлекеттердің ауысу заңдылықтарын, қоғамның экономикалық базисіндегі (негізіндегі) оның өндірістік қатынастары мен таптық құрамдарының сапалы өзгеруі тұрғысынан зерттеу.
Өндірістік күштің даму деңгейі, қоғамның материалдық-техникалық негізін белгілейді, ал өндірістік қатынастар қалыптасып жатқан бір типті формадағы (нысандағы) меншіктегі өндіріс құралдары қоғамның экономикалық негізін (базасын) құрайды, оған белгілі саяси, мемлекеттік-құқықтық және басқадай қондырғы құбылыстар сай келеді. Бір қоғамдық-экономикалық формациядан екіншісіне ауысу, ескірген өндірістік қатынастар формаларын ауыстыру мен жаңа экономикалық құрылым жасау нәтижесінде болады. Экономикалық базисті сапалы ауыстыру, заңды түрде, өзімен бірге қондырғыны түпкілікті қайта құруға алып келеді.
Мемлекет қай экономикалық базисті қолдап қабылдауына және қандай үстем таптың мүддесін қорғайтынына байланысты белгілі болады. Осындай кезде мемлекет таптыққа көшіп экономикалық үстем таптың диктатурасы ретінде болады.
Мемлекет пен құқықты кейіптеудегі (типологии) өркениеттік (цивилизационный) әдіс - бұл қоғамның дамуындағы мемлекет пен құқықтың тарихи кейіптерінің ауысу заңдылықтарын, қоғамның әлеуметтік-мәдени аядағы, халықтың рухани мәдениетіндегі, оның дініндегі, адамилығындағы өзгерістерді сапалық көзқараспен зерттеу (В.Гумбольд, А.Тойнби, О.Шпенглер, М.Вебер, У.Ростоу, Н.Данилевский, Л.Мечников, П.Сорокин, Л.Гумилев, т.б.).
Әрбір цивилизация (өркениет) барлық мемлекеттерге тұрақтылықтағы қоғамдастықты оның бар қалпында береді. А.Тойнби оның жиырмадан астам әр түрлі: көне шығыстық, грециялық, римдік, египеттік, арабтық, православтық, ортағасырлық, қазіргі және басқа цивилизацияның түрлерін бөліп көрсеткен. Г.Еллинек (1851-1911) барлық мемлекеттерді екі типке бөлген: идеалды және эмпирикалық. Идеалды тип - бұл нағыз өмірде жоқ, ойдағы мемлекет. Идеалды типке қарсы қойылатын эмпирикалық тип, онда өмірдегі бар мемлекеттерді бір-бірімен салыстыру нәтижесіндегі ойлар. Эмпирикалық тип шегінде Еллинек мемлекеттік одақ көзқарасы сипатына қарай бөлді және ол одақтағы индивидтің алатын орнын белгілеуі. Келесі басты өркениет - мемлекеттің тарихи типтері: көне шығыстық, грециялық, римдік, ортағасырлық және қазіргі кездегілері.

1.3 Мемлекеттің мәні мен типологиясының өзара байланысы
Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса оның ұғымының, белгілерінің, нысандарынын, механизмінің, атқаратын қызметтерінің мазмұны да сондай болады. Демек, осы тұрғыдан қарағанда мемлекетті оқып-білуді оның мәнін ашып көрсетуден бастау дұрыс әдіс. Мемлекеттін мәні дегеніміз - оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттерінін жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптық (маркстік-лениндік) және жалпы әлеуметтік. Маркстік-лениндік ағым мемлекеттің мәні жиынтығы қоғамның экономикалық негізін кұрайтын өндірістік қатынастардың сипатымен анықталады-дейді. Өңдірістік қатынастардың сипаты осы қатынастарға тікелей араласатын таптардың алатын орны мен атқаратын рөлдерінен байкалады. Сөйтіп, марксизм-ленинизм мемлекеттің әлеуметтік құбылыс ретіндегі мәнін аша отырып, таптық қоғамда оның үстем етүші таптың мүддесін қорғайтынын көрсетеді. Сонымен, марксизм мемлекет - коғам бір-біріне қарама-қайшы таптарға бөлінген кезенде пайда болады-деп түсіндіреді. Адамзат қоғамындағы алғашқы таптық мемлекет ол құл иеленүшілердің үстемдігіне негізделген құл иеленүші мемлекет болды. Бұл мемлекеттің мәні қоғамның алғаш рет таптарға - құл иеленүшілер мен құлдарға бөлінгенін көрсетті. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекет дегеніміз - бір таптың екінші тапқа өзінің үстемдігін жүргізудің құралы. Мемлекеттің әлеуметтік мәнін жақтаушылар мемлекет адамзат қоғамына ортак, әмбебап, жалпы ұйым болғандықтан ол халыктың барлық топтарының мүддесін, ешкімге артықшылық кемшілік жасамай бірдей қорғау керек-деген пікір айтады.
Солардың барлығын ескере келе, бүгінгі танда мемлекет дегеніміз -- егемендікке ие, құқықтың негізінде, арнайы аппараттың көмегімен елді басқаруды іске асыратын, зандандырылған мәжбүрлеу мен күштеу қолдану кұқығы бар, қоғамдағы саяси биліктің ұйымдастырылуының ерекше түр-пішіні деп айтуға болады.
Мемлекеттің мәні оның ерекшеліктері мен сипатты белгілерінің жиынтығынан тұратын мазмұнынан көрінеді. Мемлекет деген қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзіне асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері калыптасады. Мемлекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты. Мемлекет және құқық теориясында жалпы тарихтың жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді:
формациялық;
өркениеттік.
Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне кызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типология негізінде марксистік ілімге тән марксизм-ленинизмнің саяси-құқықтық ілімі адамзат тарихыңда пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық-экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда - мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды.
Заң ғылымында мемлекеттерді типке бөліп зерттеу арқылы олардың даму процесін, деңгейін, өркениеттің мазмұнын тануға болады.
Мемлекет типі сәйкес тарихи кезеңде туындайтын оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Белгілі бір кезендегі барлық мемлекеттерге белгілі бір сипаттар тән болып келеді. Мемлекеттерді типке бөлу негізінен формациялық жэне өркениетті тәсілдер тұрғысынан жүзеге асырылады.
Формациялық тәсілдің шегінде негізгі талап ретінде әлеуметтік-экономикалық факторлар, яғни, қоғамдық-экономикалық формация орын алады. Бұл тәсіл тұрғысынан мемлекет типі қоғамның экономикалық базисімен тығыз байланысты қоғамдық құрылымға сәйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты белгілерінің жиынтығы ретінде анықталады. Экономикалық базистің типтеріне қарай мемлекеттің төмендегідей типтерін бөліп қарастырады: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер.
Бұл типологияның артықшылықтары болып екі мәселе табылады: мемлекеттерді әлеуметтік-экономикалық негізінде бөлу идеясы өте дұрыс, себебі, шынымен де бұл факторлар қоғамға зор әсерін тигізеді, ол мемлекеттің дамуының табиғи-тарихи сипатын, кезенділігін көрсетеді. Ал формациялық теорияның әлсіз жағы оның тарихтың әртүрлі сипаттарын ескермеуінен және рухани факторларды бағаламауынан көрінеді.
Мемлекеттің алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік биліктен айырмашылығы:
oo Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру. Билікті осы территорияда жүргізу.
oo Қоғамдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат үстемдік таптың, топтың, мүдде-мақсатын орындау үшін қалыптасты.
oo Салық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты.
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
oo Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
oo Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
oo Қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
oo Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, зандылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.
Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:
мемлеқет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым; басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативтік акты қабылдай алады;
мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында іске асуын, орындалуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылап отырады:
мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.

2.МЕМЛЕКЕТТІ ЖІКТЕУДІҢ ТАРИХИ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
2.1 Мемлекеттік типологияның хронологиялық түрі.
Мемлекеттің типологиясы (кейіптері) - бұл белгілі, тарихи ерекшеленген топтағы мемлекеттерге тән жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқықтың пайда болуы
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары
Құқықтың пайда болуы және ерекшеліктері
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы теориялар
Мемлекет формациясының типологиясы
Құқықтың түсінігі және мазмұны
Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуы, сипаты және оның қызметінің мазмұны
Мемлекеттің басқару формасы және түрлері
Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны
Пәндер