Ерте темір дәуірі отрядын


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 145 бет
Таңдаулыға:   

Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты

ӘОЖ 903/904 (574. 42) Қолжазба құқығында

ОМАРОВ ҒАНИ ҚАЛИХАНҰЛЫ

Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)

07. 00. 06 - археология

Тарих ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

1-ші том

Ғылыми жетекшісі тарих

ғылымдарының докторы,

профессор Ә. Т. Төлеубаев

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
3: 3
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .: КІРІСПЕ . . .
3: 4
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .:

1 АЛТАЙ-ТАРБАҒАТАЙ ӨҢІРІНІҢ ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . . . .

1. 1 Шығыс Қазақстанның тарихи - географиялық жағдайы . . .

1. 2 Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірі ескерткіштері туралы

алғашқы мәліметтер . . .

1. 3 Алтай-Тарбағатай аралығы ерте темір дәуірінің Кеңес дәуірі

тұсында зерттелуі . . .

  1. Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірі археологиялық

ескерткіштерінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі зерттелуі . . .

3:

12

12

16

20

34

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .:
  1. АЛТАЙ - ТАРБАҒАТАЙ АРАЛЫҒЫ ЕРТЕ САҚ ЖӘНЕ

БЕРЕЛ КЕЗЕҢІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ . . .

2. 1 Майемер археологиялық мәдениеті ескерткіштері . . .

2. 2 Шілікті археологиялық мәдениеті ескерткіштері . . .

2. 3 Берел кезеңінің археологиялық ескерткіштері . . .

3:

39

39

59

78

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .:

3 ҚҰЛАЖОРҒА ЖӘНЕ ҮЙСІН КЕЗЕҢІ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ

ЕСКЕРТКІШТЕРІ: МӘДЕНИ АТРИБУЦИЯСЫ . . .

3. 1 Құлажорға мәдениеті ескерткіштері . . .

3. 2 Тарбағатай теріскейінің ерте темір дәуірі ескерткіштері . . .

3. 3 Алтай мен Тарбағатайдың ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі

кейбір ортақтастықтар мен ерекшеліктер . . .

3:

87

87

94

103

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .:

4 АЛТАЙ-ТАРБАҒАТАЙ АРАЛЫҒЫ ЕРТЕ ТЕМІР

ДӘУІРІНДЕГІ ЭТНОСТАРДЫҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ

КЕЛБЕТІ ЖӘНЕ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ КЕЗЕҢДЕСТІРІЛУІ

МЕН МЕРЗІМДЕЛУІ . . .

4. 1 Шығыс Қазақстан ерте көшпелілерінің антропологиялық кескін -

келбеті . . .

  1. Алтай - Тарбағатай аралығы ерте темір дәуірі ескерткіштерінің

кезеңделуі мен мерзімделуі . . .

3:

109

109

115

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 122
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . …….
3: 130

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АлтГУ: АлтГУ
Алтайский Государственный университет: Алтайский Государственный университет
АлтГУ: АО
Алтайский Государственный университет: Археологические открытия
АлтГУ: АСГЭ
Алтайский Государственный университет: Археологический сборник Государственного Эрмитажа
АлтГУ: ВАН
Алтайский Государственный университет: Вестник Академии наук
АлтГУ: ГАГУ
Алтайский Государственный университет: Горно-Алтайский государственный университет
АлтГУ:

ЗВОИРАО

ИА КН МОН РК

Алтайский Государственный университет:

Записки Восточного Отделения Русского Археологического Общества

Институт археологии им. А. Х. Маргулана Комитета

науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

АлтГУ: ИАЭ СО РАН
Алтайский Государственный университет: Институт археологии и этнографии Сибирского отделения Российской академии наук
АлтГУ: Изв. АН КазССР
Алтайский Государственный университет: Известия Академии наук Казахской ССР
АлтГУ: КСИА
Алтайский Государственный университет: Краткие сообщения Института археологии
АлтГУ: ҚазМУ
Алтайский Государственный университет: Қазақ Мемлекеттік университеті
АлтГУ:

ҚҚЭ

ҚХР

Алтайский Государственный университет:

Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясы

Қытай Халық Республикасы

АлтГУ: ЛО ГАИМК
Алтайский Государственный университет: Ленинградское отделение Государственной академии истории материальной культуры СССР
АлтГУ: МИА
Алтайский Государственный университет: Материалы и исследования по археологии СССР
АлтГУ: РА
Алтайский Государственный университет: Российская археология
АлтГУ: СА
Алтайский Государственный университет: Советская археология
АлтГУ: СГЭ
Алтайский Государственный университет: Сообщения Государственного Эрмитажа
АлтГУ: СО РАН
Алтайский Государственный университет: Сибирское отделение Российской академии наук
АлтГУ: СПб
Алтайский Государственный университет: Санкт-Петербург
АлтГУ: ТИИАЭ АН КазССР
Алтайский Государственный университет: Труды Института истории, археологии и этнографии Академии наук Казахской ССР
АлтГУ: УКПИ
Алтайский Государственный университет: Усть-Каменогорский педагогический институт
АлтГУ: ШҚАЭ
Алтайский Государственный университет: Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы
АлтГУ:
Алтайский Государственный университет:
АлтГУ:
Алтайский Государственный университет:

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс Алтай-Тарбағатай аралығының ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштерін зерттеуге арналған. Археологиялық ескерткіштердің зерттелу тарихы, кезеңделуі мен мерзімделуі, мәдени атрибуциясы, өзіндік даму ерекшеліктері, іргелес мәдени-тарихи өңірлермен байланысы, ерте темір дәуіріндегі тайпалар мен халықтардың мәдени қарым-қатынасы қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еуразия көне тарихында Алтай-Тарбағатай өңірі ерекше маңызға ие. Өйткені бұл мәдени-тарихи өңір ілкі замандардан бері адамзат дамуындағы күрделі үдерістермен тығыз байланысты. Мұнда ерте темір дәуірі кезінде бірнеше археологиялық мәдениеттер қалыптасып, дамығандығын археологиялық мәліметтер толыққанды растап отыр. Алайда өңірдің ежелгі тарихы әлі күнге дейін кешенді түрде зерттелінген жоқ. Мұның өзі біз таңдап алған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Еуразия тарихы мен өркениетінің көптеген түйткілді мәселелерінің түйінін шешетін Алтай мен Тарбағатай өңірінің ерте темір дәуірі ескерткіштері болып табылады. Аталған тарихи аймақта қола және ерте темір дәуірінде тіршілік еткен тұрғындардың мәдениетін зерттеу отандық тарихнамадағы көкейкесті мәселелердің бірі екендігін оның жалпы Еуразия тарихымен тікелей байланысты екендігі де аңғартады. Себебі, Алтай және Шығыс Қазақстан аумағында басталған халықтардың Ұлы қоныс аударуы сынды күрделі тарихи үдерістер Еуразияның этникалық, саяси және тарихи картасын түбегейлі өзгертіп жіберген еді. Нәтижесінде, қарастырылып отырған өңірдің мәдени дамуы, тұрғындарының этникалық келбеті мен заттық мәдениеті де азды-кемді өзгерістерге ұшырады. Мұндай өзгерістердің барысын, қайнар-бастаулары мен тарихи ағынын жазба деректердің кемдігіне орай, біз тек қана археологиялық қазба зерттеулері негізінде қалпына келтіруге болады деп есептейміз. Жарқын мәдениеттерін, бірегей мәдени туындыларын қалдырған тайпалар мен халықтардың өткенін екшеп, даму деңгейін айқындау бүгінгі күн талабынан да туындайды.

Сан ғасырлар бойы Алтай-Тарбағатай аралығын мекендеп келген этностардың археологиялық ескерткіштері мен мәдениеттерін, тарихи кезеңдерін ғылыми талдаудан өткізу барысында, мұнда бірін-бірі алмастырған майемер, шілікті, берел, құлажорға, т. б. мәдени кезеңдердің болғандығы анықталған. Алайда осы тарихи кезеңдердің ара-қатынасы, бір-бірімен этно-мәдени және генетикалық байланысы, өзара мәдени ықпалдастығы отандық археология ғылымында өз шешімін толық таба қойған жоқ. Сонымен қатар Қазақ Алтайы мен Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің зерттелінген қорымдарынан жинақталған материалдарды топтап, қазылған қорғандарды жүйелеп, археологиялық ескерткіштердің картадағы орынын нақтылап, хронологиялық мерзімдемесін айқындап шығу да түйіні түйткілді сауалдарға жауап алуға жетелейді.

Бүгінгі таңда ерте темір дәуірінде орын алған тарих-мәдени үрдістер көпішілікті қызықтыруда. Өйткені, қазақ этногенезі мен дәстүрлі мемлекеттілігі, заттық-рухани мәдениеті, дүниетанымы осы дәуірден басталатындығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде көтеріп жүр. Дегенмен кейбір «миграциялық» бағытты қолдайтын зерттеушілер әлі де болса қазақ халқының автохтондығын жоққа шығаруға тырысып келеді. Мұндай керағар пікірлерге тойтарыс беру қажеттілігі де күн санап артып келеді. Өскелең ұрпаққа ұлт тарихының тамыры тереңде жатқандығын ұғындыру үшін ең алдымен көне дәуірдегі тарихи дамуды дәлел ретінде алға тартқан абзал.

Соңғы жылдары Қазақстанда археологиялық ізденістер кең қанат жайып, соны мағлұматтар алынуда, жаңадан ашылған ескерткіштерде жоспарлы түрде зерттеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл бағытта атқарылған жұмыстардың қорытындыларын көрсету, алынған нәтижелерін ғылым талабына сай бағамдау ісі де көкейкесті мәселеге айналуда.

Сол себепті де зерттеу жұмысы мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқан іргелі зерттеулермен, соның ішінде «Мәдени мұра» секілді ұлттық стратегиялық жобалармен тікелей үндеседі.

Мәселе тарихнамасы. Табиғи географиялық жағдайы әрқилы болып келетін Қазақстан өлкесінде, әрбір тарихи кезеңдерде тұрмыс тіршілігі әртүрлі халықтар өмір сүрген. Ерте темір дәуірінде олардың басым бөлігі Қазақстан аумағында ежелгі сақ тайпалар одағына біріккен болатын. Қалай дегенде де ерте темір дәуірінде Шығыс Қазақстан жерін мекендеген тайпалар Орталық Қазақстан мен Жетісуды мекендеушілермен материалдық мәдениет жағынан жақын болғандығымен, этникалық жағынан біртекті емес еді. Оның үстіне шаруашылықтары бір болғанымен, діни ғұрыптық салт санасы әртүрлі тайпалар тіршілік етті. Мәселен жазба деректерде Алтай өңірінде аримаспалар, «алтын қорушы грифтер» мекендеді делінсе, ал, Шығыс Қазақстанның далалық өңірлерінде грек және парсы деректерінде кездесетін Азиялық скифтер немесе сақтар орналасқан еді [1] . Бұл халықтар ХVІІІ ғасырдағы зерттеушілердің де назарына іліккен болатын. Алтайдағы ерте темір дәуіріндегі мәдени-тарихи дамуды алғашқылардың бірі болып нақтылай көрсеткен әйгілі шығыстанушы В. В. Радлов болды [2; 3; 4] . Бұл аймақтың тарихын нақты білу мақсатында ғалым өзіне дейінгі Д. Г. Мессершмидт, Г. Ф. Миллер [5; 6], П. С. Паллас [7], Г. И. Спасский [8] т. б. зерттеушілердің еңбектері мен мұрағат материалдарымен толықтай танысып шықты. Осылайша В. В. Радлов Алтай, Қазақстан және Минусин қазаншұңқырындағы далалық ізденістер нәтижесінде төрт мәдени-тарихи кезеңді бөліп көрсетті: мысты-қола, ежелгі темір, жаңа темір және кейінгі темір дей отырып, Берелдің тас қорғандарын қола дәуірінің жерлеу орындарынан мүлде өзгеше екендігін ескере келе, ежелгі темір кезеңіне жатқызды. Археологиялық ескерткіштерді кезеңдеудің бұл нұсқасы әлемде кеңінен қолданылатын «үш ғасыр» (тас, қола (мыс), темір) концепциясына жақын болғанымен, алайда нақты материалдарға сүйене келе ежелгі мәдениеттердің дамуын көрсететін алғашқы талпыныс еді.

ХХ ғасыр бас кезіндегі белгілі ғалым А. В. Адрианов 1906, 1910 және 1911 жылдары Семей облысы жерінде археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстардың нәтижелері 1916 жылы Императорлық археологиялық комиссияның Хабаршысында «К археологии Западного Алтая (из поездки в Семипалатинскую область в 1911году) » атты еңбегінде жарияланды [9] . Майемер жазығында, Нарым жоталарындағы Солонечный Белок түбінде, Черновая ауылынан жоғары Бұқтырма өзенінің оң жағалауында қазба жұмыстарының нәтижесінде ерте темір дәуіріне жататын өте құнды заттар табылды, түрлі кезеңдерге жататын жартастағы жазулар мен тас балбалдар туралы да деректік қор жинақталды. Қалай болғанда да А. В. Адрианов зерттеу жұмыстарын әуесқой өлкетанушы деңгейінде ғана жүргізді деп есептеуге болады. Өйткені археология ғылымының бұл кездердегі әлемдік деңгейдегі тәжірибесі енді ғана қалыптасып келе жатқан еді.

Кеңестік дәуірде алғашқылардың бірі болып 1927 жылы С. И. Руденко Батыс Алтайда зерттеу жұмыстарын жүргізді. Автор өзінің «Горноалтайские находки и скифы» [10], «Культура населения Горного Алтая в скифское время» [11] атты еңбектерінде Еуразияда ортақ скиф-сақ әлемінің өмір сүргендігін тұңғыш рет тілге тиек етті. Сондай-ақ зерттеуші сол кезеңдегі экологиялық жағдайдың өзгегеруіне байланысты отырықшы халықтардың негізгі бөлігінің шаруашылықтың жаңа түрі - малшылыққа, яғни көшпелі өмірге ауысқандығына да назар аударды. Сонымен бірге С. И. Руденко гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының әртүрлі әдістерін пайдалана отырып Таулы Алтайдың ежелгі көшпелілер мәдениетінің дамуын зерттегенде пәнаралық ізденістердің қажеттілігін атап көрсетті.

Алтай-Тарбағатай аралығында С. С. Черников 1947 жылы Шығыс Қазақстан экспедициясы құрылған уақыттан бастап кей жылдардағы үзілістерін санамағанда 1971-ші жылға дейін археологиялық барлау, ескерткіштерді есепке алу және қазба жұмыстарын жүргізді. Соғысқа дейінгі 1935-1937 жылдардың өзінде-ақ зерттеушінің басты назары осы өлкедегі кен орындарын іздестіру, археологиялық барлау мен стационарлық қазба жұмыстарына және шешуін күтпейтін күрделі мәселелер мен ірі ескерткіштерді жүйелі түрде зерттеуге бағытталды. Бұл жайт ғалымның «Древняя металлургия и горное дело Западного Алтая» [12] тақырыбындағы кандидаттық диссертациясында қаралса, ал «Восточный Казахстан в эпоху бронзы» [13] атты іргелі ізденісінде бұл мәселелерге тереңірек тоқталған. Археологиялық экспедицияның материалдары жылма-жыл ғылыми есеп, қысқаша есеп ретінде және қолжазба түрінде жазылып, қорытындылары ғылыми мақала ретінде баспасөзде жарияланып тұрды.

С. С. Черников «Некоторые закономерности исторического развития ранних кочевников (по археологическим материалам Западного Алтая) » атты еңбегінде [14] Еуразия құрлығындағы ерте темір дәуірінің әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне Батыс Алтайдағы ерте көшпелі тайпалардың нақты археологиялық және антропологиялық материалдары негізінде сипаттама бере келе осы өңірде өмір сүрген тайпалар мен халықтарды этнографиялық белгілеріне қарай топтастырды да, олардан табылған заттарды формасы бойынша кезеңдестірді. Ол Батыс Алтай тауларында мыс пен қалайы кен орындарының тоқырауға ұшырап, жойылуына әкеліп соғуын ж. с. д. VII ғасырдағы көшпелілердің алғаш темір заттарды пайдалана бастауымен байланыстырды да, өз пайымдауын археологиялық дереккөздері арқылы нақтылап өтті. Ал Шілікті жазығындағы әлемдік археологияны ерекше олжаларға кенелткен № 5 және № 7 қорғандар материалдарын «Загадка золотого кургана» атты монографиялық еңбегінде [15] жариялады да, солардың негізінде «скиф-сібір аң стилі», сақтар дүниетанымы мен идеологиясы, олардың шығу тегі жөніндегі ғылыми ой қаузады. Сондай-ақ С. С. Черников Шығыс Қазақстан ерте көшпелілері мәдениетінің кезеңдестірілуі мен хронологиясын сол уақыттағы барлық материалдарға сүйене отырып өмірінің соңғы уақытында жазған «К вопросу о хронологических периодах в эпоху ранних кочевников» атты ғылыми мақаласында [16] бір жүйеге келтіріп берсе, «Наскальные изображения верховий Иртыша» атты еңбегінде [17] осы өлкедегі жартас суреттері туралы құнды тұжырымдама жасады.

Қазақ Алтайындағы ерте темір дәуірі жайлы жазылған іргелі зерттеулердің қатарына С. С. Сорокиннің «Памятники ранних кочевников в верховьях Бухтармы» атты еңбегін жатқызуға болады [18] . Онда автор Бұқтырма өзені бойындағы ерте темір дәуірі археологиялық ескерткіштерінің сипаттамасы, қазбадан табылған заттары, жерлеу ғұрпы және мерзімделуін кең түрде қарастырды.

Отандық археологтардың «Археологическая карта Казахстана» атты ұжымдық еңбегінде [19] археологиялық ескерткіштер ғылыми тұрғыдан жүйеленді, оның кіріспе бөлімінде Қазақстан археологиясының тарихына қысқаша шолу жасалынды. Онда Шығыс Қазақстан өңіріндегі бірен-саран ескерткіштердің зерттелу тарихы да баяндалған еді.

Сондай-ақ қазақстандық археолог Ф. Х. Арсланованың «Новые материалы VІІ-VІ вв. до н. э. из Восточного Казахстана» [20], «Погребальный комплекс VIII-VII веков до нашей эры из Восточного Казахстана» [21] атты еңбектерінде Ертіс аңғарының ерте темір дәуірі ескерткіштері туралы мәселелер көтеріліп, өңірдегі ерте темір дәуіріндегі халықтардың мәдени даму жайы қарастырылды.

Шығыс Қазақстанда көп жылдар зерттеу жұмыстарын жүргізген белгілі археолог Ә. М. Оразбаев та Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің көптеген ескерткіштеріне зерттеулер жүргізді. Ол басқарған экспедициялық ізденістердің кейбір қорытындылары «Некоторые итоги археологического исследования Восточного Казахстана» деген телавторлық ғылыми мақалада жан-жақты талданған [22] .

Ертістің жоғарғы аңғарында әр түрлі тарихи кезеңдерге жататын ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізген Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының Шүлбі археологиялық экспедициясының нәтижелері С. М. Ақынжанов, З. С. Самашев, Ю. И. Трифонов, А. С. Ермолаева және т. б. авторлардың «Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС» атты монографиялық еңбегінде толымды түрде сипатталынып, жекелеген ескерткіштердің материалдары ғылыми талдаудан өткен [23] .

Тарбағатай теріскейіндегі 1989 жылдан бергі жалғасын тауып келе жатқан Ә. Т. Төлеубаевтың зерттеулері де ғылыми басылымдарда жарық көруде. Ол басқарып келе жатқан археологиялық экспедициялардың топтары қола және ерте темір дәуірлері, орта ғасырлар кезеңдеріне жататын көптеген ескерткіштерді анықтап, ғылыми айналымға соны мәліметтерді енгізе білді. Солардың бірі Зайсан өңіріндегі Шілікті жазығындағы Бәйгетөбе қорғанының бірегей материалдары деуге болады.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан қола дәуірінен бастап орта ғасырларына дейінгі тарихынан мол мағлұматтарды тасқа шекілген суреттерден алуға болады. Мұндай тарихи мәліметтер бірқатар авторлардың арнайы зерттеу нысандарына да айналғандығы белгілі. Олардың көшбасында З. С. Самашевтың «Наскальные изображения Верхнего Прииртышья» еңбегін атауға болады [24] . Жартас бедерлері басқа да бірқатар зерттеушілердің еңбектерінде көтерілген.

Бірқатар зерттеушілер (Ғ. А. Базарбаева [25], А. Оңғар [26], т. б. ) ерте темір дәуіріндегі таным-түсінікке, діни көзқарастар, жерлеу ғұрпы мен мәдени байланыстарға ден қойып келеді. Келесі бір авторлар тобы Қазақ Алтайының тас ғасыры, палеометалл, ерте темір дәуірлері мен ортағасырлар кезеңіндегі тарихи дамуын екшеп, таразылады.

Жоғарыда Қазақстанның шығыс аймағында зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың еңбектеріне тарихнамалық шолу жасаудан анық байқалған нәрсе, біздің тақырып бойынша бұрын-соңды ғылыми ізденістер жүргізілмеген. Сол себепті ұсынылып отырған диссертациялық жұмысты отандық тарихнамадағы осы тақырыптағы тұңғыш ізденіс деуге болады.

Зерттеу жұмысының нысаны - Алтай-Тарбағатай таулары аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері.

Зерттеу жұмысының пәні - ерте темір дәуіріндегі ескерткіштердің зерттелуіне үлес қосқан ғалымдардың ой-пікірлерін, ғылыми ұстанымдарын, пайымдаулары мен тұжырымдарын саралау, жаңадан ашылған археологиялық нысандарды ғылыми айналымға енгізу, оларға сараптама жасау.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты Алтай-Тарбағатай өңірлеріндегі басты-басты ерте темір дәуірі ескерткіштерін талдап, сипаттамасын жасау және олардың мәдени-этникалық атрибуциясын анықтау. Осы мақсаттан мынадай міндеттер туындайды:

- Алтай-Тарбағатай аралығында орналасқан ерте темір дәуіріне жататын археологиялық ізденістерді жүйелеу, сараптау;

- ерте сақ және берел кезеңдерімен мерзімделінетін ескерткіштер аясын анықтап, олардың мәдени эволюциясын саралау;

- құлажорға және үйсін кезеңіне жататын археологиялық нысандардың сипаттамасын, даму деңгейін көрсету;

- антропологиялық мағлұматтардың негізінде ерте темір дәуіріндегі өңір тұрғындарының кескін-келбетін сипаттау, оның этникалық, этногенетикалық мағыналарын ашу, сараптамасын жасау;

- өңірдегі ерте темір дәуірі археологиялық ескерткіштерінің кезеңдестірілуін, хронологиясын соңғы кезде ғылыми айналымға кірген материалдар негізінде, бүгінгі ұстанымдар арқылы жаңаша қарастыру;

- Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуіріне жататын археологиялық нысандардың орналасқан картасын жасау.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Диссертациялық жұмыстың хронологиялық шеңбері ж. с. д. I мыңжылдықты тұтасымен қамтиды. Бұл кез осы өңірде сақ, ғұн және үйсін тайпаларының өмір сүрген заманы болғанымен, еңбекте қола ғасырынан ерте темір дәуіріне ұласатын өтпелі кезең ескерткіштерінің мәселелері де қамтылады.

Зерттеу жұмысының географиялық шеңбері. Диссертация тақырыбына байланысты зерттеу жұмысының географиялық шеңбері Алтай мен Тарбағатай таулары аралығын қамтиды. Алайда мәдени-тарихи үдерістерді толықтай қамту үшін бұл географиялық шеңбермен шектеліп қалуға болмады. Сол себепті де зерттеу барысында аталған мәдени-тарихи өңірімен іргелес аймақтарға да көңіл бөлінді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

- Қазақстан археологиясында ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштердің өзіндік зерттелу тарихы бар. Жинақталған мәліметтерді саралау диссертацияда қарастырылып отырған өңірдегі ескерткіштерді жүйелеуге мүмкіндік береді және осы уақытқа дейін алынған нәтижелер әлемдік тарихнаманың құрамдас бөлігі болып табылады;

- ерте сақ және берел кезеңдеріндегі археологиялық ескерткіштердің картасын жасау негізінде, олардың бірнеше мәдени-тарихи өңірлерге шоғырланғандығы анықталды. Алайда көпшілік шағын аудандарда бірқалыпты әрі тұрақты этномәдени байланыстар сан ғасырлар бойы сақталып келген;

- құлажорға және үйсін кезеңдерімен мерзімделінетін археологиялық нысандардан халықтың белгілі бір аудандарды ұзақ жылдар бойы қоныстанғандығы анықталды. Кей жағдайларда үйсіндер мен хун, кейде құлажорға және үйсін кезеңдерінің ескерткіштері бір-бірімен астасып жатады. Мұның өзі ежелгі тайпалардың туыстас, мәдени қайнарлары ұқсас екендігін аңғартады. Мәдени ұқсастық, әсіресе, қатардағы қарапайым қауым мүшелеріне тұрғызылған қорғандар құрылысынан анық байқалады;

- Шығыс Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі халықтардың палеоантропологиялық келбеті кеңес заманынан бастап қарастырылып келеді. Ғылыми зерттеулер барысында алынған мағлұматтар андрон тайпаларының кескін-келбеті өңірде біршама уақыттар бойы сақталып келгендігін көрсетеді;

- Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірі ескерткіштерінің кезеңдестірілуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциялары негізінен алғанда қазақстандық және ресейлік археологтардың ізденістері бойынша өрбітіледі. Осы кездерге дейін аталмыш мәселелерді көтерген ғалымдардың еңбектері жаңа пайымдаулар жасауды қажет етеді. Біздің ойымызша: шілікті ескерткіштерінен аршып алынған материалдар оны жеке археологиялық мәдениет ретінде қарастыруға негіз береді;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі өркениетінің ерекшелігі
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Тарих ғылымдарының докторы
Тасмола археологиялық мәдениетінің әскери қару-жарақтары және ат әбзелдері
Мезолит және неолит ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Моғолдарға дейінгі Үндістанды жаулап алушы мұсылмандар
Қола дәуiрі ескерткіштері
Құлажорға мәдениеті
Сарматтардың мәдениетінің зерттелуі
Ғұн және Усун мемлекеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz