Бесшатыр ескерткіштерінің әшекейлері
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қорғауға жіберілді
______________ кафедра меңгерушісі
PhD докторы
______________ Жұматаев Р.С.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
ҚАЗАҚСТАН ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНІҢ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРЫ
6В020800 - Археология және этнология
мамандығы бойынша
Орындаған ______________ ... ... ... ... ... ..
Ғылыми жетекші, ... ______________ ... ... ... ...
Нормоконтролер ______________ ... ... ... ...
Алматы, 2020
МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-9
1 САҚ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРЫ
Ерте сақ мәдениеттерінің әшекей бұйымдары (б.з.б. VIII-VI ғғ.) ... ... ... ..10-20
Дамыған сақ кезеңінің әшекейлері (б.з.б. V-IV ғғ.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21-30
Кейінгі сақ немес сақ-үйсін кезеңінің әшекейлері (б.з.б. III-II ғғ.) ... ... ... 31-36
2 САВРОМАТ-САРМАТ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРЫ
2.1 Савромат тайпаларының әшекей бұйымдары (б.з.б. VII-IV ғғ.) ... ... ... ... .37-41
Сармат тайпаларының әшекей бұйымдары (б.з.б. IV- б.з. IV ғғ.) ... ... ... ..42-48
3 ҒҰН ЖӘНЕ КАҢЛЫ МӘДЕНИЕТТЕРІНІҢ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРЫ
3.1 Қазақстанның ғұн кезеңінің ескерткіштерінен табылған әшекейлер ... ... .49-53
3.2 Қазақстанның қаңлы мәдениетінің әшекейлері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..54-55
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56-58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .59-67
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68-79
АНЫҚТАМАЛАР
Археологиялық таксономия - күрделі сипаттағы заттай материалдарды жүйелеу.
Археологиялық типология - заттар түрлерін жасалған материалына, мазмұнына және т.б. қарап реттеу.
Ат әбзелі - ер-тұрман, жүген-ноқта секілді қайыстан жасалған жылқыны басқаруға және ыңғайлы мінуге арналған бұйымдар кешені.
Бутафория - шынайы заттардың түрінде жасалған жалған сипаттағы бұйымдар
Зоолатрия - жануарларға табыну.
Тотемизм - рудың немесе тайпаның тегін белгілі бір аңнан, өсімдіктен бастау.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АН СССР - Академия наук Союза советских социалистических республик
АН КазССР - Академия наук Казахской советской социалистической республики
ЕНУ - Евразийский национальный университет
ИАК - Императорская археологическая комиссия
ИЭА - Институт этнологии и антропологии
НАН РК - Национальная академия наук Республики Казахстан
ҚР БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім жэне ғылым министрлігі
КСИИМК - Краткие сообщения института истории материальной культуры
КСИА - Краткие сообщения института археологии
ҚазҰУ - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
СА - Советская археология
ТГЭ - Труды государственного эрмитажа
ТХЭ - Труды Хорезмской экспедиции
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы Қазақстан аумағында археологиялық зерттеулер барысында табылған әшекей бұйымдарды зерттеуге бағытталған. Зерттеу жұмысында аталмыш бұйымдардың мәдени және мерзімдік сипаттамалары, өзіндік ерекшеліктері, орындалу мәнері, таралу аймақтары және басқада маңызды тұрғылары қарастырылуда.
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақстанның археология ғылымында ерте темір дәуірі жақсы дерлік зерттелген кезеңдердің бірі деуге болады. Дегенмен басым зерттеулер мамандардың тапшылығынан және өзгеде себептерден жалпы мінезге ие, сондықтан бөлек және тиянақты зерттеулерді талап ететін мәселелер, соның ішінде көне өнердің басты көріністерінің бірі - әшекей бұйымдар зерттеу аясынан тыс қалып немесе негізгі зерттеулерге қосалқы мінезде жүргізіліп келетіні мәлім. ХІХ ғасырдан бүгінге дейін жүзеге асудағы, ерте темір дәуірі ескерткіштеріндегі археологиялық қазба жұмыстары барысында әшекей бұйымдар бойынша жинақталған материалдар саны айтарлықтай мол жиналып, оларды реттеп, таксономиясын және типологиясын жасап, жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізу арқылы салыстырмалы түрде зерттеу мәселесі күннен күнге өзекті болып келеді. Қазақстанның барлық аумағында ерте темір дәуіріне тиесілі ескерткіштерден табылған әшекей бұйымдардың бәрі дерілік жарияланып, біршама деректік қор жинақталғаны белгілі. Басты мәселелердің бірі ерте темір дәуіріне тән әшекей бұйымдары табылған ескерткіштер жалпы археологиялық нысан ретінде ғана жарыққа шығып, оның ішіндегі бөлек олжалалар санатына салыстырмалы түрдегі ізденістер не мүлде жасалмай, не екінші орында қалып қояды. Сонымен қатар, табылған бөлек әшекей бұйымдар (сырға, моншақ және т.б.) сол нақты жәдігер мысалында ғана ғылыми сипаттамасы беріліп, жалпы тарихи кезеңмен байланыс хақында талдауға түспейді. Осы себептен көптеген әшекей бұйымдар иесінің тірі кезіндегі киім және әбзел (жануарларға арналған әшекейлер туралы айтатын болсақ) үлгілері, әшекей түрлерінің жаңғыртулары жасалмай, жалпылама, қалыптасқан дәстүрі бойынша ғана зерттелумен шектеледі. Ерте темір дәуірінің ескерткіштерінен табылған әшекей бұйымдарды, қазба ішінде орналасау ретіне, мәнеріне және т.б. қарап жалпы ғылыми, тарихи, археологиялық тұрғыдан толыққанды баға беріп, ғылыми тілде айқын сөйлету күрделі мәселелердің бірі.
Аталғанның бәрі осы диплом жұмысының өзектілігін анықтайды.
Зерттеу жұмысының мaқсaты және міндеттері. Тақырып ерте темір дәуіріне тиесілі әшекей бұйымдарды жеке археологиялық категория ретінде мүмкіндікше толыққанды зерттеу. Ерте темір дәуіріндегі әшекей бұйымдарды географиялық аймақтар және мәдениеттер бойынша зерттеп, сараптап, өзара ерекшеліктерін, типологиясын анықтау, сонымен қатар мәдени олжалар негізінде ерте темір дәуірі адамдарының мәдени-технологиялық жетістіктері және дүниетанымына шолу жасау.
Диплом жұмысының мaқсaтын жүзeгe aсыpу үшін кeлeсі міндeттep қойылады:
- Қазақстанның түрлі тарихи-географиялық өңірлерінен табылған және әр-түрлі мәдени және мерзімдік шеңбердегі әшекейлердің сипаттамасын жасау арқылы, салыстырмалы талдау жүргізу;
- Оңтүстік Қазақстан және Жетісу сақ, қаңлы, үйсін, ғұн мәдениеттерінің әшекей бұйымдарына сипаттама жасап талдау;
- Шығыс Қазақстан өңірінің ерте сақ, берел, құлажорға және ғұн-сянби кезеңдерінің әшекей бұйымдарына сипаттама жасап талдау;
- Орталық және Солтүстік Қазақстанның тасмола, қорғантас, ғұн кезеңдерінің әшекей бұйымдарына сипаттама жасап талдау;
- Батыс Қазақстанның савромат-сармат және ғұн-сармат мәдениеттерінің әшекей бұйымдарына сипаттама жасап талдау;
- Ерте темір дәуірінің әшекей бұйымдарын сараптап және синтездеп, өзара ерекшеліктерін, типологиясын анықтап, мәдени олжалар негізінде ерте темір дәуірі адамдарының мәдени-технологиялық жетістіктері және дүниетанымы хақында қорытындылау.
Диплом жұмысының тарихнамасы мен зерттелу деңгейі. Қазақстанның ерте темір дәуіріне тиесілі ескерткіштерінен табылған әшекей бұйымдар бірқатар археолог және өнертанушы ғалымдардың зерттеулерінде көрініс тапқан. Әшекей бұйымдардың металл түрлері, ағаштан және сүйектен жасалған баламалары, сонымен қатар шыны немесе басқа да материалдар негізінде жасалған түрлері кейде кешенді, ал бірқатар жағдайда жеке дара зерттеу нысанына айналып, ерекшеліктері мен ұқсастықтары туралы тарихи талдауға түсіп, жарияланып келеді.
Жалпы, Қазақстан ерте темір дәуірінің әшекей бұйымдарына арналған бөлек еңбек жоқ, осы себептен жарық көрген зерттеулерді өңірлік және мәдени-хронологиялық принциппен қарастырған жөн көрінеді.
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңіріндегі ерте темір дәуіріне тиесілі ескерткіштерден табылған әшекей бұйымдары жөнінде А.Н. Берштамның [1,2], Қ.А. Ақышевтың [3-6], Ә.Х. Марғұлан, М.Қ. Қадырбаев, Ә.М. Оразбаевтың еңбектері [7], А.Г. Максимованың [8], Е.И. Агееваның [9], Б.Н. Нұрмұханбетовтың [10-12], Н.П. және А.Н. Подушкиндердің [13, 14], З.С. Самашевтың, Г.С. Жұмабекованың, А.Е. Шотбаевтың [15] еңбектерінде көрсетілген. Қызылорда облысының ерте темір дәуірінің әшекей бұйымдары туралы М.Қ. Қадырбаев, Б.И. Вайнберг, М.А. Итина, Л.М. Левина, О.А. Вишневская, Ж.Қ. Құрманқұловтың, Ә.Ә. Тәжекеевтың, Ж.Р. Ұтубаевтың зерттеулерінде айтылады [16-23].
Шығыс Қазақстан жеріндегі ерте темір дәуіріне тиесілі ескерткіштерден алынған әшекей бұйымдар бойынша құнды ғылыми мәліметтер бар еңбектердің авторлары - А.В. Адрианов [24], В.В. Радлов [25], М.П. Грязнов [26], С.С. Черников [27], Ф.Х. Арсланова [28], С.С. Сорокин [29], Ә.Т. Төлеубаев [30-32], З.С. Самашев [33-37], Ғ.Қ. Омаров [38-40] және басқада ғалымдар еңбектері.
Орталық Қазақстан аумағының ерте темір дәуірі ескерткіштерінен табылған әшекейлер туралы мәліметтерді М.Қ. Қадырбаев, Ж.Қ. Құрманқұлов [41], А.З. Бейсенов [42-46] зерттеулерінен көре аламыз.
Солтүстік Қазақстан ерте темір дәуірі әшекейлеріне қатысты еңбектер санатында М.Қ. Қадырбаев [47-48], К.А. Ақышев [49], М.Қ. Хабдулина [50-51], В.Ф. Зайберт [52] зерттеулері бар.
Батыс Қазақстан жерінен табылған савромат-сармат және басқада ерте темір дәуірі мәдениеттері әшекейлері бойынша З.С. Самашев, А.А. Астафьев [53-54], М.Н. Сыдықов, Я.А. Лұқпанова [55-56], С.Ю. Гуцалов [57], А.А. Бисембаев [58] өз зерттеулерінде мәліметтер береді.
Сонымен қатар тұстас жатқан аумақтардың зерттеушілерінің еңбектерін айта кеткен жөн - бұл Бобров В.В., Умеренкова О.В. [59], Матренин С.С. [60] Кирюшин Ю.Ф., Степанова Н.Ф. [61], Кубарев В.Д. [62], Соенов В.И. [63,64], Степанова Н.Ф. [65], Тетерин Ю.В. [66], Тишкин А.А. [67-71], Трифанова С.В. [72-78], Худяков Ю.С. [79], Чугунов К.В. [80], Петренко В.Г. [81], Горбунова Н.Г. [82], Лылова Е.В. [83] және т.б. ғалымдар зерттеулері.
Зерттеудің деректік негізін Қазақстанның Орталық, Шығыс, Батыс, Оңтүстік және Жетісу өңірлеріне жүргізілген кең көлемді және бір ғасырдан артық уақытты қамтитын далалық және камералды-кабинеттік археологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша мұрағаттарда сақталған және ғылыми басылымдарда жарияланған есептер, кітаптар және т.б. еңбектер осы диплом жұмысының деректік негізін құрайды.
Қазақстан жеріндегі ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштерден табылған әшекей бұйымдар туралы негізгі дереккөздердің арасынан, ХІХ ғасырдан күні бүгінге дейінгі уақытты қамтитын, ерекше атап кететіндері ол Радлов, Адрианов, Лерх, Кастанье, Төлеубаев, Самашев, Омаров және т.б. далалық зерттеулерінің мәліметтері [1-131.].
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. Ерте темір дәуірінің ескерткіштерінен табылған Шығыс, Батыс, Орталық, Оңтүстік Қазақстандағы және Жетісу аймағындағы көне әшекей бұйымдар осы зерттеу жұмысының негізгі нысаны.
Нақты айта кетсек Шығыс Қазақстан бойынша Шілікті, Майемер, Елеке Сазы, Бесоба, Берел, Құлажорға және т.б. көрнекті ескерткіштерден табылған әшекейлер.
Орталық Қазақстандағы Тасмола, Талды-2, Қорғантас және т.б. ескерткіштерден табылған аталмыш сипаттағы бұйымдар.
Солтүстік Қазақстанның Алыпқаш, Байқара, Әулиекөл, Қорғантас және т.б. нысандардан шыққан әшекейлер.
Жетісу өңірі және Оңтүстік Қазақстан бойынша Есік, Бесшатыр, Жалаулы, Біже, Шірік рабат, Арыс мәдениетінің ескерткіштері, Беріктас және т.б. қорымдардан табылған әшекей бұйымдар.
Батыс Қазақстан бойынша Қырық оба, Төрт оба, Лебедевка, Тақсай және басқада ескерткіштерден шыққан әшекей бұйымдар диплом жұмысының негізгі нысаны болып табылады.
Диплом жұмысының мерзімдік шеңбері. Қазақстан ерте темір дәуірінің мерзімдік шегі ғылыми ортада пікір-таласқа ие, мұның басты себептерінің бірі еліміздің кейбір өңірлерінде темір металлургиясы кешірек меңгеріліп, б.з.б. І мыңжылдық орта тұсына дейін қола индустриясы сақталып келді. Осыған орай бірқатар ғалымдар ерте темір дәуірі термині объективті емес деп, б.з.б. І мыңжылдықпен б.з. І мыңжылдықтың бірінші жартысы аралығындағы уақытты ерте көшпелілер заманы деп белгілеуге шақырады. Дегенмен, осы зерттеу жұмысының хронологиялық шеңберінің төменгі шегі темірдің қазіргі қазақ жеріне келе бастаған уақытынан басталады және жоғарғы шекарасы б.з. І мыңжылдықтың бірінші жартысын қамтиды, яғни б.з.б. VIII ғасырдан б.з. V ғасырына дейінгі уақыт.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі. Диплом жұмысы негізінен жалпы ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдеріне негізделеді. Негізге әдістер - нарративты сипаттау және салыстырмалы-тарихи. Зерттеу жұмысының басты принципі тарихилық (историзм) болып келеді.
Сонымен қатар тәжірибелік мәліметтерді теориялық өңдеу әдістері. Біздің зерттеу жұмысымыз негізінен далалық зерттеулер негізінде иелікке түскен материалдарды қарастырудан тұрғандықтан, іс-тәжірибелік зерттеу әдістері теориямен байланыстырылып, теориялық-эмпирикалық зерттеу әдістері тұрғысынан зерттелінді. Топтық немесе бөлек ескерткіштерден табылған әшекей бұйымдарға ғылыми сипаттама беріліп, материалы, орындау канондары, мерзімі бойынша бастапқы таксономия тұрғысынан сараланып, барлық қаралған әшекей бұйымдарға ортақ белгілер және қағидалар қорытылып шығарылды. Бұл Қазақстанның барлық дерлік аймақтарынан табылған әшекей бұйымдарды мүмкіндікше толық сипаттау, өздеріне тән ерекшеліктерін анықтау, ортақ ұқсастықтарын талдау жұмыстарымен серіктеледі. Далалық зерттеулер нәтижесінде табылған әшекей бұйымдарды басқа кездері және өзге елдерде табылған ұқсас бұйымдарымен салыстыруда индукциялық зерттеу тәсілдері, сан алуан зерттеу жұмыстары нәтижесінде алынған ғылыми қорытындыларды жүйелеп, әшекей бұйымдарды бір жүйеге келтіруде дедукциялық зерттеу әдістерін пайдалану заңды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Диплом жұмысының негізгі ғылыми жаңалықтары Қазақстанның барлық дерлік аймағындағы ерте темір дәуірі ескерткіштерінен табылған әшекей бұйымдарды жүйелеу және жан-жақты сипаттау. Сонымен қатар, ерте темір дәуіріне тән әшекей бұйымдардың классификациясын жасауда, сол кезеңдегі тұрғындардың мәдени-технологиялық жетістіктерін анықтауда және дүниетанымына қатысты мәселелерді саралауда бірнеше ғылыми жетістіктерге қол жеткіздік.
- Қазақстанның түрлі тарихи-географиялық өңірлерінен табылған әшекейлердің сипаттамасы жасалды;
- Қазақстан жерінен табылған ерте темір дәуірі әшекейлерінің жекелеген түрлеріне талдау жасалып, кейбір ерекшеліктері талданды;
- Қазақстан жерінен табылған ерте темір дәуірі әшекейлерінің қайта жаңғыртылу мәселесіне қатысты зерттеу жұмыстарына ғылыми талдау жасалды;
- Қазақстан жерінен табылған әшекейлердің кейбір генезистік мәселелері қарастырылды;
- Қазақстанда табылған ерте темір дәуірі әшекейлерінің өзіндік жасалу технологиясы, соның негізінде мәдени-технологиялық жетістіктері қарастырылды;
- Әшекей заттар және басқа мәдени артефактілер негізінде ерте темір дәуірі адамдарының мәдени-технологиялық жетістіктері және дүниетанымына ғылыми талдау жүргізілді.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысының материалдарын және осындағы ғылыми қорытындыларды ЖОО-да Қазақстан ерте темір дәуірі әшекейлеріне қатысты бөлек сабақтарды өткізуде, арнайы мамандықтарға жекелеген пәндерді оқытуда, мектептерде және өзге орта оқу орындарында қола дәуірі бойынша сабақтар өткізуде қолдануға болады.
Оның ішінде аймақтар бойынша жүйеленген әшекей бұйымдарының ерекшеліктері, даму жолдары, бүгінгі әшекейлермен мүмкінді сабақтастығы жөнінде маңызды мәліметтер алуға болады.
Сонымен қатар, Қазақстанның ерте темір дәуірі әшекейлерін жасаудағы мәдени-технологиялық жетістіктері, оларды көрініс тапқан дүниетанымдар туралы мәліметтерді, әшекей бұйымдардың пішіні, көлемі, олардағы ою-өрнектер, орындалу ерекшеліктері, жасалған заттарына қарап Қазақстан ерте темір дәуірі бойынша деректер базасын толықтыруға елеулі үлес қосады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер және қосымшадан тұрады. Бірінші тарау өзара үш бөлімнен, екінші тарау өзара екі бөлімнен және үшінші тарауда екі бөлімнен тұрады. Тарауларды бөлуде мерзімдік, мәдени және географиялық бөлініс принциптері негізге алынған.
1 САҚ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРЫ
1.1 Ерте сақ мәдениеттерінің әшекей бұйымдары (б.з.б. VIII-VI ғғ.)
Назардағы жұмыстың бірінші тарауы сақ тайпаларының әшекейлеріне арналған. Мерзімдік-мәдени принципке негізделіп бірінші бөлімді ерте сақ кезеңінің әшекей бұйымдарына арнадық. Бұл санаттағы ескеркіштердің арасында Шілікті ескерткіштерінің ерекше орынға ие екенін ескеріп осы бөлімді аталмыш бірегей археологиялық мәдениеттің әшекейлеріне арнауды жөн көрдік.
Шілікті қорымы аттас ауылды мекеннен оңтүстікке-оңтүстік-батысқа қарай 3 шақырымдай қашықтықта, Тарбағатай, Сауыр, Маңырақ тауларының сілемдері қоршаған, көлемі 80х30 шақырым болатын алқапта, орналасқан. Қорым шамамен 200 әр түрлі көлемдегі обалардан тұрады.
Шілікті қорғандарында алғашқы толыққанды археологиялық зерттеулерді ХХ ғасырдың 40-70 жылдары ленинградтық археолог С.С. Черников жүргізген болатын.
Сол 1949 жылы ғалым № 7 обаны зерттеп, сегіз алтын әшекейді және бір қабан азу тісінен жасалған тұмар әшекейді тапқан еді, оның ішінде мүйіз бұталарының бітімі және қол-аяқ ұштары жыртқыш құстар бастары түрінде берілген бір бұғы бейнесіндегі жапсырма, жылан денелі жыртқыш құстың басын көрсеткен үш жапсырма, балық кейіпіндегі бір қапсырма, пуансонды өрнегі бар екі жапсырма және қанжар қынабының ұшын әшекейлеген бір бұйым [84, 12-14 б.].
Черников 1959 жылы, ғылымда алтын қорған атымен қалған, № 5 обадан 535 алтын әшекей бұйымды олжалағаны белгілі. Осы бұйымдардың арасынан ерекше көзге түстетін әшекейлер - сирақтары бүгілген бұғы кейіпіндегі қапсырмалармен жапсырмалар, иіріліп бейнеленген мысықтектес жыртқыш аңдар, бас тұстары кері қараған бүркіт бейнелері, жұқалтырдан ойылып жасалған қабан және балық бейнелері, қанаттарын жайып көрсетілген құстар және т.б. өнер туындылары [27, 37 б.]. Табылған әшекейлердің ішінде 14 бұйым, басма техникасымен орындалған бұғы бейнесінде (негізгінен қорамса әшекейлері), 29 әшекей мысықтектес жыртқыш бейнесінде, оның ішінде 2 шағын, ал 27-сі айтарлықтай көлемді, 9 бүркіт кейіпіндегі бұйым, 5 бүтін және 7 жыртым қабан бейнесіндегі алтын жұқалтыр әшекейлер, 1 балық және 1 қанатын жайған құс бейнелері. Сонымен қатар көптеген ұсақ алтын әшекейлер табылған
Осы ескерткіштің мерзімі шамамен б.з.б. VIII-VI ғғ. [27, 92 б.].
Шілікті қорымының жүйелі негіздегі және тұрақты зерттеулері 2003 жылдан қазақтың әйгілі археологтары Ә.Т. Төлеубаевтың және Ғ.Қ. Омаровтың жетекшілігмен бастау алған еді. Күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан зерттеулер Қазақстан археология ғылымына көптеген жаңалықтар әкеліп, деректік қорын айтарлықтай толықтырды.
Сол 2003 жылы қазіргі таңда ғылымда кеңінен танымал Бәйгетөбе қорғаны қазылып, әлемге қазақ жеріндегі тағы бір алтын адам паш етілді. Биіктігі 8 метрге жуық жерүсті құрылысының астынан балқарағай бөренелерінен және тастардан қабаттасып тұрғызылған жерлеу камерасы ашылды. Ескерткіштің тоналғанына қарамастан барлығы 4500 жуық дана алтын әшекейлер олжаланған болатын.
Соның 153 әшекейі екі таутеке құраған бетперде түріндегі мысықтектес жыртқыш аңның бейнесінде, 20 дана бұғы, 39 бұйым қасқыр кейіпіне, бір бес сәулелі жұлдыз түріндегі әшекей, 36 бүркіт құс, бір қапсырма арқар бейнесінде. Сонымен бірге 23 қоңырауша түріндегі бұйым, 63 рифлденген құбыршық тәрізді әшекей, 17 тал алтын тілік, 7 дана алтын сым, 141 дана жартышар секілді салпыншақтар, 2835 дана шағын құлақшалы, кесе тәрізді салпыншақтар, 223 ұсақ құбыршықты тізбе, 743 шығыршық тізбе және бір дана кішкене қапсырма шеге табылды [31, с. 161-164 б.].
Шілікті қорымындағы зерттеулер 2003 жылдан бері тоқтамай келеді, 2004-2011 жж. аралықтарында зерттеулер Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілген. 2012-2015 жж. аралығында ҚР БжҒМ және МжСМ гранттық бағдарламалары аясында жүрді.
Шілікті ескерткіші 2016 жылдан бастап ШҚО-да археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытудың 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламасы атты облыс әкімдігінің көлемді жобасы аясында зерттелуде. Осы 2016 жылғы қорымның № 16 қорғаны қазылып, нысанның тоналғанына қарамастан 2000-нан астам әшекей бұйымдар табылған еді, бұл бұғы, бүркіт-грифон, мысықтектес жыртқыш аңдар түріндегі қапсырмалар, киімге тағылған геометриялық пішіндегі жапсырмалар [30, с. 270-279 б.].
Жалпы Шілікті ескерткіштерін зерттеудегі, көне әшекейлердің адам өміріндегі орнымен маңызы хақындағы, әлемдік деңгейдегі баға бермес жетістіктердің бірі ол Ә.Т. Төлеубаевтың Бәйгетөбе обасынан табылған патшаның салтанатты киімін қалпына келтіру [30, с. 21-47 б.] десе болады. Жеке қазба мәліметтерін мұрағаттық және кітапханалық қорлардағы қыруар ақпаратпен салыстыра отыра көп жылдық зерттеулер патша киімі қалпына келтіріліп, қазір әлемдік мұраның біріне айналғаны сөзсіз (сурет 1).
Ә.Т. Төлеубаевтың терең және жан-жақты зерттеулері Шілікті әшекейлері жергілікті халықпен жасалғанын көрсетіп, ол әшекейлер өзінің бейнесі бойынша, негізінде жатқан дүниетанымы және орындалу мәнерімен қазіргі қазақ халқымен тікелей байланыста екенін дәледеп отыр [32, с. 156-174 б.].
Шілікті ескерткішінен табылған әшекейлердің теориялық сараптамасы олардың кем дегенде екі-үш ғасыр бойғы даму тарихы бар екенін көрсетеді - оған, мысалға, кейбір обалардан шыққан құймалы салмақты алтындардың қорымның басқа обаларынан табылған қалың қаңылтырдан жұқа жұқалтырға дейінгі әшекейлермен алмасуы сілтей алады [30, с. 420-425 б.]. Сонымен қатар, қорым обларынан өзінің орындалу мәнерімен және иконографиялық мән-мағынасымен әр-түрлі болып келетін әшекейлердің кездесуіде мерзімдік ерекшеліктерге сілтеуі мүмкін [31, 164 б.].
Шілікті әшекей бұйымдарының мерзімделуі б.з.б. VIII-VII ғасырлар. Шілікті ескерткішінен табылған әшекей бұйымдар сол ерте сақ заманының әшекейлерінің эталоны деуге толық негіз бар.
Елеке сазы ерте сақ ескерткіштері бүгінгі күні жаңадан табылған және өз көркемдігімен көзге түсетіндердің бірі. Ескерткіш ШҚО, Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 90 шақырым жерде орналасқан, Көкжыра ауылының жәйләуы болып келеді. Қорымдағы алғашқы археологиялық қазбаларды 2016 жылы Е.Қ. Оралбай ШҚО-да археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытудың 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүргізіп, № 7-ші обаны зерттеген, нысан қатты тоналғанына қарамастан бірқатар әшекей бұйымдар табылған еді, соның ішінде жебе ұшының мойын тұсын сәндеген бедерлі алтын құбыршықтар, бұғы кейіпіндегі алтын қапсырмалар.
Олжаланған әшекейлердің ерекшелігіне қарағанда зерттелген оба б.з.б. VII ғасырмен мерзімделеді. Әшекейлер өзінің кейіптерімен Шілікті ескерткіштерінен табылған бұйымдарға жақын келетіні сол кезде байқалған [85, 161-171 б.].
Елеке сазы таулы алқабындағы ауқымды жұмыстар 2018 жылы қазақтың әйгілі археолог ғалымы т.ғ.д., профессор Зайнолла Самашевтің басшылығымен, жоғарыда аталған ШҚО әкімдігінің бағдарламасы аясында жалғасып, № 4 обадан мәртебелі бозбаланың тиісілмеген жерлеуі ашылған еді. Қазба барысында обаның қоршама тастарының астынан көптеген киім әшекейлері табылған - кері бетінде ілгектері бар шағын домалақ пішінді қапсырмалар, аң бейнесі бар бір қапсырма және осыған ұқсас қапсырмалар үзінділері, латын s әріпі тәрізді, ортасында ойықтары бар үш жапсырма, цилиндр және бөшке тәріздес алтын моншақтардан және үшқырлы салпыншақтан тұратын алқа, шағын салпыншақ және серіппе пішініндегі алтын бұйымдар, сонымен қатар мыңдаған ұсақ бисер алтындар олжаланған еді. Айта кететіні алтын әшекейлермен қатар жартылай бағалы және қарапайым тастардан істелген әшекейлерде табылған болатын [86, 9-11 б.].
Ақсүйек жігіттің жерлеуінде тиісілмеген күйінде көптеген алтын бұйымдар, соның ішінде басым бөлігі әшекейлер болған - салмақты мойын алқасы (гривна), қорамсаның түбін сәндеген бұғы бейнелері бар қапсырма және қорамсаны бойлай орналасқан ұзынша келген тілік, мүйізді бұғы басы түріндегі жапсырмалар, иіріліп жатқан мысықтектес жануар кейіпіндегі қапсырмалар, мүйізді және мүйіссіз бейнеленген бұғы түріндегі қорамса әшекейлері, алтын түтікшелер, қанжардың сәндік қыны, шалбарды және аяқ-киімді әшекейлеген мыңдаған ұсақ бисер алтындар (сурет 2).
Осы жылы № 9 обадан алтын сырға және тас моншақтар аайқындалған [86, 8-14 б.].
Былтырғы 2019 жылы Елеке Сазы қорымындағы зерттеулер Ә.Т. Төлеубаев, З.С. Самашев, Ғ.Қ. Омаров, Р.С. Жұматаев басшылығымен жалғасып әшекей бұйымдары бойынша бірқатар құнды олжалар табылған. Біріншіден бұл Патша атымен тіркелген зәулім обаның жерүсті жерлеу құрылысы тастарының бірінің астынан табылған көмбедегі жүздеген алтын әшекей бұйымдар, соның ішінде 25 жуық грифон түріндегі қапсырмалар, 15 жуық аяғын бүгіп отырған арқар кейіпіндегі әшекей және үзінділері, 10 аса мысықтқұқымдас жыртқыш бейнесіндегі қапсырма, 12 төрт жапырақты жапсырма, он шақты арқары басын бейнелеген жапсырма, екі жұқа сымнан жасалған бұғы түріндегі әшекей және т.б. құнды жәдігерлер табылған еді.
Елеке сазы-7 қорымының № 1 обасынан тік төртбұрыш пішініндегі ұсақ тілікшелер, 5 шынжыршалары бар қоңыраушық кешенінен тұратын бел әшекейі және басқада ұсақ алтын әшекей бұйымдар шыққан еді.
Осы 7 қорымның № 3 обасынан сол жылы онша бір тиісілмеген күйінде алтын қапсырмалармен әшекейленген әйел адамның бас киімі табылған болатын - 1 жуық адам бейнесі бар төртбұрышты қапсырма, бастары кері қараған екі құс түріндегі қапсырма, көкнәр гүлдің түйнегін бейнелеген салпыншақ, әр түрлі ұзындықтардағы тіліктер және көптеген ұсақ көлемді тік төртбұрышты жапсырмалар, сіркелі оюлары бар екі сырға, тас моншақтар және басқада заттар табылған еді.
Ғалымдардың, осы әшекей бұйымдардың сипаттамаларына қарап пайымдауынша осы № 1 және № 3 обалардың батыстағы сармат мәдениеттерімен байланысы болуы мүмкін [87, 8-33 б.].
Елеке сазы-2 қорымындағы Үлкен қорғаннан құс бейнесіндегі алтын бұйым және ұсақ саңырауқұлақтар мен түтікше тәріздес алтыннан жасалған бұйымдар олжаланды. Тағы, осы топтың № 79 обасынан қысқыш түріндегі әшекей бұйым табылды.
Қазба авторларының қорытындылары бойынша Елеке сазы ескерткіштерінің Оңтүстік Сібір, Тыва, Саян-Алтай және басқада өңірлердің мәдениеттерімен байланысы анық көрінеді және Елеке сазы қорымының мерзімдік шегі орасан зор уақытты қамтиды. Осы себепті бұл аумаққа толыққанды және кешенді зерттеу жұмыстары қажет [88].
Бесоба қорымындағы қазба жұмыстары 2013 жылы т.ғ.к., доцент Ғ.Қ. Омаров басшылығымен бастау алды.
Жалпы 10 шаршы км аумақта ерте темір дәуіріне жататын үш обалар тобы орналасқан: бұл Бесоба-І қорымы, Бесоба-ІІ және Бесоба-ІІІ қорымдары.
Бесоба қорымдары 1988 жылы Ә.М. Оразбаевпен тізімге алынған.
Аталған жылы Бесоба-І қорымындағы апаттық жағдайдағы сақ заманының екі мәртебелі обасы қазылды.
Бесоба-І қорымы Ақбұлақ (бұрынғы Горный ауылы) ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 шақырым жерде, Күршім-Теректі күре жолының сол жағында, Ақбұлақтан Майтерек ауылына баратын дала жолының бойында оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай бағыттала орналасқан [38, 1-29 б.].
Сол 2013 жылы қазылған № 10 оба Бесоба-І қорымының орталық бөлігінде тұр.
Қорғанды зерттеу барысында, қабір шұңқырында, оңтүстік-батыс қабырғаны тазалау барысында, 0,85 м тереңдікте, қабырға етегінде шағын қуыс орны айқындалып, оны тазалау барысында алтын қаңылтырдан жасалған шеңбер түріндегі қапсырма әшекей бұйым олжаланды. Бұйым бетінде барыс сынды мысық тұқымдас аңның бейнесі салынған, диаметрі 9 см. Жыртқыш денесі домаланып иірілген күйінде берілген. Алтын қаңылтырдың орта тұсы дөңестеу, кері жағындағы ағаш қалдықтарына қарағанда кезінде ағаштан жасалған негізге бекітілген секілді. Аң бейнесі пуансонды өрнекпен салынған, мұның баламалары Шілікті қорымында бар. Мысықтектес жыртқыш аңның тұмсығы, азу тістері және аяқтарының тырнақтары анық көрінетіндей орындалған. Соңдарында тесіктер бар - көк заттың қалдығына қарағанда бояғыш немесе тастар болған, Жартылай домалақ тесіктер көлемі 0,8 см, тамшы тәрізді тесіктердікі - 0,6х1,3 см (сурет 3).
Осы мысық тұқымдас аңның бейнесіне ұқсайтын әшекей туындылар Шығыс Қазақстандағы Майемер көмбесінде, Орталық Қазақстандағы Талды және Оңтүстік Сібірден табылған. Олардың мерзімделуі б.з.б. VII-VI ғасырлар аралығы.
Сонымен қатар көлемі 3,2х7,2 см, сопақ пішіндегі алтын жұқалтыр үзіндісі табылды. Бетінде ойып салынған өрнек бар
Бесоба-І қорымының №16 қорғаны солтүстікте орналасқан. Қорғанның биіктігі 3,17 м, диаметрі 44 м.
Қорғанды зерттеу барысында оның дәлізінде жартылай бүгілген таутеке мүйізіне ұқсас алтын қаңылтыр әшекейдің екі үзіндісі табылды. Көлемдері: бірінші үзік иірім күйде 9 см, тік түрде 13-14 см шамасында, екінші үзік - иірімде 7 см болса, тік күйінде 11 см. Осы тәрізді қаңылтыр алтынның бір бөлігі оңтүстікке қарай 20 см қашықтықта табылды. Бұл бұйымда жартылай бүгілген таутеке мүйізіне ұқсас алтын қаңылтыр әшекей, бір ұшы өткірлі, ұзындығы иірім күйінде 11 см, тік қалпында 14 см, ені 2,5 см [38, 25 б.].
Сонымен қоса үшінші үзік табылған аумақтан шағындау көлемдегі қосымша екі үзік табылды. Бұл төртінші алтын бұйым қалдығы доғалы түрде қатты иілген. Ұзындығы иілген күйінде 6 см, жалпы ұзындығы 10 см, ені 1 см жуық. Келесі үзіктің ұзындығы 3 см, жоғарыдағы үзінділердің бірінің бөлігі болуы ықтимал. Аталған үшінші бұйымда ұсақ тесіктер аңғарылады. Алтын жұқалтырдан орындалған бұл заттардағы тесіктер кезінде таутеке мүйізі секілді ағаш не сүйекке бекіту үшін жасалған немесе тікелей киімге тігіп орнату үшін істелген деп пайымдалды. Бірінші болжамға осы аумақта 40 см тереңдіктен аша тәрізді ағаш заттың бөліктері анықталғаны себеп болған. Қазба авторлары бұл бұйымдар есік жауынгерінің бас киіміндегі секілді әшекейдің қалдығы не болмаса берел жылқыларындағы таутеке мүйіздеріне ұқсас әшекейдің бөліктері болуы мүмкін деп ой тоқиды [38, 27 б.].
Дәліздің орталық және солтүстік бөліктеріндегі адам мен жылқы сүйектерінің шоғыры астынан өлшемі 1х1см, қалыңдығы 5-7 мм түйме тәріздес алтын әшекей бұйым анықталды. Әшекейдің дөңесті беткі жағында ұсақ түйіршіктермен (сірке) шеткі көмкерме және шоқы тәрізді өрнек орындалған, кері жағында екі қатар тұрған ілмегі бар. Бұл тігілмелі әшекей болуы ықтимал деп болжайды ғалымдар [38, 29 б.].
Зерттелген ескерткіштер және олжаланған әшекей бұйымдарды ғалымдар бірқатар белгілері бойынша б.з.б. VII-VI ғасырлармен мерзімдейді.
Әшекейлердің үйлестіктері Шығыс [24, 55 б.; 26, 9-17 б.], Орталық Қазақстан, Алтай, Оңтүстік Сібір және Еуразияның кеңістігінің бұйымдарында кеңінен кездеседі [38, 1-29 б.; 40, 202-208 б.; 89, 74-85].
Жалаулы көмбесі ғылымда кең танымал және бірегей олжалардың бірі және оның әшекейлеріның ғылыми маңызы баға жетпес.
Жалаулы көмбесі өзінің атауын Алматы облысының Кеген ауданындағы ауыл атынан алған, онда 1988 жылы мектеп оқушылары кездейсоқ керемет көмбені тапқаны көпшілікке мәлім.
Қапта табылған барлық әшекейлер Кеген алқабының тоналған патша қорғандарынан шыққан деген ой бар.
Құнды заттар тонаушылар жерге көміп тыққан киіз қапта жатты. Жалпы салмағы бір жарым килограммнан астам, екі жүзден көп заттардың арасында жиынтық белдіктің бөлшектері, киім мен бас киімнің әшекейлері, сондай-ақ пектораль - кеуде әшекейі ерекшеленеді.
Пектораль - шеттері бұралған алтын сыммен көмкерілген сопақша пішінді тілік түрінде. Оның бітімдерінде ілуге арналған ілмектер сақталған. Әшекейдің бетінде 4 қатарда, сақ өнеріне тән бүгілген аяқ қалыпында орындалған арқарлардың шағын пошымдары бар.
Арқарлардың денесінде ақық және т.б. түсті тастарды бекітуге арналған ұяшықтар жасалған.
Жиынтық белдіктің қапсырмалары бадам дәні түрінде жасалған. Қапсырма бет жағы, пектораль секілді, арқарлардың пошымдарымен және алтын сіркелермен әшекейленген.
Белдіктің бөлшектеріне шырша түріндегі оюмен өрнектелген тікбұрышты сауытшаларда жатады. Бас киімге көп бұталы мүйіздері бар бұғылардың жұптық пошымдары түріндегі қапсырмалар тиесілі.
Бұғыны бейнелеген екі құйма қапсырмада сонымен бірге ұшқан қыранның бейнесі бар. Заттардың арасында текені талаған барыстың бейнесіндегі әшекей және қаңылтыр алтыннан ойылған, самғаған шабыс түрінде бейнеленген тау текелер кейіпіндегі әшекей бұйымдар [90, 102-117].
Заттардың ішінде жүн түріндегі дәнекерлемелері бар көлемді үшбұрышты тіліктер бар. Олардың мақсаты түсініксіз еді, бірақ бұл киім әшекейі деп алдын ала болжанды.
Кезінде киім мен бас киімді безендірген алтын конус тәрізді ілгіштер өте көп кездеседі.
Үлкен және кішкентай бұғы бар қапсырмалар мерзімдеу үшін маңызды. Олардың бірін талдап көрейік. Қапсырма жоғары сапалы алтыннан жасалған, салмағы 6,15 г., көлемі 31х25 мм. Қапсырма жануарлардың пошымдары мен мүйіздерінің сыртқы тұрпатымен қалыптасқан жүрек тәрізді пішінге ие, бұл ретте сәл асимметриялы: бір бұғы екіншісінен бірнеше жоғары орналасқан. Ол балауыз қалыпымен құю техникасында жасалған. Қапсырманың сырт жағында бұғы сауырлары жағында екі жалпақ ілмек жасалған.
Бұғы пошымдарын орындаудағы ерекшелігі - өткелді етіп жасаған тесіктерді кеңінен қолдану болып табылады: тесіктермен - көз, құлақ, мұрын, ауыз, жануарлардың мүйіздерінің бөлінісі істелген [91, 342 б.].
Бұғылардың иығындағы және бөксесіндегі тесіктер үтір тәрізді пішінде (сурет 4), бұдан басқа, осындай тесілім жануарлардың аяғын үлгілеуде қолданылады. Осы ойықтарға түрлі-түсті тастар және басқа заттар салынғанын болжауға болады. Сонымен қатар ойықтар бояғыш затпен толтырылып, бояу кепкеннен кейін түсті тас секілді әсер бергеніде мүмкін. Сондай-ақ ойықтар бос болып, түрлі-түсті әсерді астындағы негіздері - киім және т.б. беріп тұрды деп пайымдайды ғалымдар.
Аталған заттарға ұқсастық б.з.б. VI-V ғ. Алтай мен Минусинск қазаншұңқырларынан шыққан, осы негізде қаралған заттарды б. з. б. V ғ. мерзімдеуге мүмкіндік бар [92, 14 б.].
Жалаулы көмбесі б.з.б. VIII-VII ғғ. Жетісу аумағын мекендеген халықтардың дүниетанымының байлығымен, өнерінің биіктігімен таң қалдырады.
Біже көмбесі. Жетісуда сақтардың ерте бұйымдарының, соның ішінде ерте әшекейлер, кешендерінің бірі Біже көмбесі ретінде белгілі. Оның құрамында ат әбзелдерімен қатар біраз әшекей бұйымдар болғаны белгілі, ол негізінен әбзел әшекейлері. Мысалға тау ешкілерінің бастарымен әшекейленген қола төбешіктер. Оларда конус түріндегі тығындар бар [93, 123, 124 б.]. Басқа заттардың қатарында - бау белбеулерін әшекейлеген сақинашық түріндегі қола қапсырмалар, жүген белдіктерінің қола үлестіргіштері; ілгектік қапсырма және екі салпыншақ [92, 16 б.].
Біже көмбесі б.з.б. VIII-VII ғғ. мерзімделеді [94, 64 б.].
Жетісуда, далалық Еуразияның басқа өңірлеріндегідей сияқты, ерте сақ ескерткіштердің зерттеу деңгейі көңіл толмас.
Олар кедей мүкәммал заттары бар жеке қабірлері бар қорғандар, сондай-ақ скиф триадасы аясындағы бұйымдардың бөлек олжалары бар. Қабірдің үш түрі бар: қарапайым топырақ шұңқырлар, ақымдармен тас жәшіктер.
Соңғыларды қола дәуірімен байланысты реликтті құбылыс ретінде қарастыруға болады. Жерлеу орындары сондай-ақ мәціттердің бағыталуымен ерекшеленеді: солтүстік-батыс және солтүстік-шығысқа негізінен. Кейде қайтыс болған адам жеке шұңқырда жерленген атпен серіктелген. Қабірге марқұмдық тағам - қой еті қойылған. Жерлеу мүкәммәл заттары кедей және бірдей, қару аз. Қабірлерден ат әбзелдері, біраз әшекей бұйымдар табылды. Осы кезеңде, әсіресе оның соңында Жетісуда аң стилінде жасалған қолданбалы өнер бұйымдары белгілі болды [37, 98-106 б.]. Тұрмыста халық қарапайым қола пышақтарды, ағаш және сүйек тарақтарын қолданған. Маталы қалыпта жасалған жапсырма дөңгелек ыдыстар пішіні мен ою-өрнектің жоқтығы бойынша кейінгі қола дәуірінің қышынан күрт ерекшеленді. Осылайша, скиф триадасының барлық үш компоненті бар - қару, әбзел, аң стилі - соңғысы негізіен әшекей бұйымдарда көрсетілген.
Ерте сақ кезеңіне көбелек тәрізді айқасы және зооморфты жоғарғы жағы бар қола және темір акинактардың кейбір кездейсоқ олжалары, Текелі қола қанжары, сондай-ақ жоғарда айтылған Жалаулы және Біже көмбелері жатады.
Сақ мәдениетінің ерте кезеңінде (б.з. д. VII - VI ғғ.) Қарғалы I және Алтын Емел II қорымдары жатады. Қорғандар сфералық тас үйінділері болған,олардың астында сүйектері бар тас жәшіктер ашылған еді. Адам қаңқалары бастарымен солтүстік-батысқа бағытталып жатты.
Зерттеушілер Қарғалы I қорымын қола дәуірінен сақ заманына өтпелі кезеңмен мерзімдейді - б.з.б.VIII-VII ғғ.
Сақ мәдениетінің ерте кезеңіне Жуантөбе қорымындағы қорғандар да жатады. Олар шағын көлемді, үйінділері өзен жұмыр тастары аралас топырақтан болды. Қабірдегі адам сүйектері батыстан шығысқа қарай бағытталған топырақ шұңқырларында жатқан. Бейіттер көлденең орнатылған бөренелермен жабылған. Жерлеу кезінде табылған қола ауыздықтар, пышақтар, сүйек және ағаш тарақтар, моншақтар, тартпаның қола айылбастары, қыш ыдыстар Жуантөбені б.з.б. VI-V ғғ. мерзімдейді [94, 38-64 б.].
Тасмола мәдениетінің ерте сақ әшекейлері. Бұл мәдениеттің археологиялық ерекшелігі - мұртты қорғандар ескерткіштері болып табылады. Үлкен көлемді негізгімен шығыстан тұстас кіші қорғаннан, шығыс жақа созылып жататын ені 1,5-2 м және ұзындығы 20-200 м екі биік емес тас құрылыстардан тұрады. Осылайша, мұртты қорған кешеніне үш нысан кіреді: адам жерленген үлкен қорған, әдетте ат пен қыш ыдысы қойылған кіші және аталған тас құрылыстар мұрттар [7, 119 б.].
Негізгі қорғанда әр түрлі мүкәммал заттары бар жерлеу орны орналасады. Кіші обаның қабір шұңқыры жоқ. Оның үйіндісінің астында жерленген топырақ деңгейінде (материкте) әдетте ат қаңқасы немесе оның бөлек сүйектері (бас сүйектері, аяқтары), ал шығыс бөлігінде - бір, сирек түрде екі қыш ыдысы бар. Мұртты қорғанның сипатталған түрі кең таралған, демек оның түрлі нұсқалары да кездеседі. Мысалы, үлкен қорғаннан кішісі шығыс жағынан емес, оңтүстік жағынан орналасқан қосарланған қорғандар. Бұл жағдайда олар, әдетте, бірдей көлемде. Тек бір жағдайда ғана кіші қорған үлкеннің төбесінде салынған, бірақ әрдайым үш құрамдас кешен бар [41, 87 б.].
Мерзімдік тұрғыдан Тасмола мәдениетінің ескерткіштері үш кезеңге бөлінеді: ерте (б.з.б. VII-VI ғғ.); орта (б.з.б. V-III ғғ.); кейінгі (б.з.б. ІІІ-І ғғ.) [95, 303-310 б. ; 96, 113-126 б.].
Мәдениеттің бірінші кезеңі жерлеу мүкәммал заттарының белгілі бір жиынтығымен сипатталады. Бұл жебенің қола ұштары (шығыңқы тығыны бар екі тесікті және үш тесікті шегелі), брусоктәрізді сүйір үсті және көбелек тәрізді айқасы бар қанжарлар (акинактар), түрлі әшекейленген сулықтарға ие үзеңгі тәрізді қола ауыздықтар (сурет 5), қола айналар.
Бұл мәдениетті М. Қ. Қадырбаев бөліп шығарып, оны зерттеуді Ә. Х. Марғұлан ізінен жалғастырған.
Қазір Тасмола мәдениетінің ескерткіштерін А. З. Бейсенов зерттеуде.
Екінші кезең үшін тығынды үш қырлы қола жебе ұштары, сақиналы бітімдерге ие ауыздықтар, қола айналар тән.
Үшінші кезеңі ғылымда қорғантас атымен белгілі, бірақ ғалымдардың бір бөлігі бұл тасмола мәдениетіне қатысы жоқ деп, оған екі ғана кезеңді тиесілі етеді [97, 43-59 б.].
Тасмола мәдениетінің әшекей бұйымдары өзге сақ мәдениетінің өңірлерімен ұқсас келеді - сол аң стилінде орындалған түрлі киім, ат әбзелінің әшекейлері және жеке әшекейлер. Қатардағы адамдардың жерлеулерінен басым жағайда түрлі-түсті тас моншақтар, қара және түсті металлдан жасалған заттар кездеседі.
Әшекейлердің арасында алтыннан, қоладан, мүйізден және сүйектен жасалған мүсіндік және бедерлік бейнелері кеңінен кездеседі.
Айта кетсе - қорғандардың бірінде жылқының бас сүйегінің маңында табылған текенің қоладан істелген екі мүсіндік пошымы қызықты. Әшекейлер құйма әдісімен жасалып, одан кейін қосымша өңдеуден өткені аңғарылады. Арқардың қуыс пошымдарының бірнеше данасы табылды. Басқа әшекейлерден қабан, бұлан бейнелері бар қапсырмаларды, бетінде көппошымды суреті бар грифонның басы түріндегі бұғының мүйізінен жасалған киім түймекліктерді айтуға болады. Б.з.б. VI-V ғғ. алтын жұқалтырдан орындалған жыртқыштар түріндегі әшекейлер кең тарай бастайды - барыс, арыстандар және т.б.. Олар жылқы жүгенін және киімдерді әшекейлеу үшін қолданылған [98, 24-91 б.].
Осы мәдениеттің тағы бір маңызды әшекейлер санаты белбеулермен айланысты, көшпелілер үшін белдіктер маңызды болғаны белгілі. Тасмолалықтарда былғары белбеуге бекітілген сан алуан әшекейлер болғанын зерттеулерден көруге болады [98, 84 б.].
Талды II. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағындағы ерте темір дәуірі ескерткіші. Қ. Аманжолов ауылынан 1,4 км қашықтықта орналасқан, обаларының биіктігі 2 м-ден 3,5 м-ге дейін, диаметрлері от 30 м-ден 65 м-ге дейін. Ескерткіштегі археологиялық зерттеу жұмыстары 2009 жылы Мәдени мұра аймақтық бағдарламасы аясында басталған. Сол 2009-2010 жылдары ерте темір дәуіріне қатысты 7 сақ патшалық қорғаны зерттелді.
Зерттеу жұмыстары тарих ғылымдарының кандидаты, археолог А. З. Бейсеновтың жетекшілігімен жүргізілді [99, 2-30 б.].
Ең маңызды олжалар № 2 (диаметрі 30 м, биіктігі 2 м) және № 5 (диаметрі 65 м, биіктігі 3,5 м) қорғандарда жасалған:
Аң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz