Қазақ әлемі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Халық саны мен құрамының көрсеткіштері және статистикада қолданылуы

Жоспар :

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Халық санағы және көрсеткіштері
2. Өсу мен өлу көрсеткіштері
3. Статистикада қолдану, Халық санағы ҚР
III. Қортынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Халық (тұрғындар) - қандай да бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын жайлаған адамдар жиынтығы. Адамзат тарихының басым бөлігінде әлем халқы тым баяу өсті, ол әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің төмендігімен, адамның табиғатқа тәу- елділігімен түсіндірілді. Мәліметтер бойынша, біздің дәуіріміздің басында әлем халқы 250 млн. жуық болған. Әлем халқы алғашқы миллиардқа тек 1800-1804 жж. жеткен. Әлем халқының өсу қарқынының үдеуі XVIII ғ. басталады. Осылайша, 1800-1900 жж. аралығында әлем халқы 80%-дай өсті, ал екінші миллиардқа жету үшін бар жоғы 123 жыл уақыт кеткен. 1960 ж. әлемде үш миллиард адам болған (осылайша, үшінші миллиардқа жету үшін небәрі 33 жыл уақыт кеткен), 1974 ж. - 4 млрд. адам (14 жыл), 1987 ж. - 5 млрд. (13 жыл). 1999 ж. 12 қазанда әлемнің алтыншы миллиардты түрғыны өмірге келді. 2003 ж. басына қарай әлем халқы 6,3 млрд. адамнан асты, олардың 1,2 млрд. адамы (19%) дамыған елдерде түрды, ал 5,1 млрд. - дамушы елдерде (81 %). 1950 ж. салыстырғанда әлем халқының саны 3,78 млрд. адамға өсті (немесе 150,1%). Осы кезеңцегі өсудің 90% да-мушы елдердің еншісіне тиді. БҰҰ-ның болжамы бойынша, 2003-2050 жж. әлем халқы тағы 41,5% өсіп, 2050 ж. 8,9 млрд. адамға жетеді, олардың 86,3% дамушы елдерде тұрады.

Б.з.д. I мыңжылдық бойы халық саны жиі жүргізілген соғыстар мен эпидемиялардың әсерінен баяу өсті, бұл тенденция XVI ғасырға дейін жалғасқан. XIV ғасырдың ортасында еуропалық елдердің халқы оба ауруынан көп зардап шегеді. Тек Жаңа кезеңде шапшаң өсім байқалып, ол XX ғасырдың ІІ жартысына қарай одан әрі күшейе түсті.

Дүние жүзінің қазіргі кездегі адам саны 6,3 млрд., БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) сарапшыларының болжамы бойынша 2015 жылға дейін жылдық өсім 80 млн. адамды құрайды. Бұл аз ба, әлде көп пе? Бұл жөніде ғалымдар арасындағы пікірлер әр түрлі.

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, 1 млрд. адам аштықта, 500 млн. адам дұрыс тамақтанбайды, күніне 35 мың адам аштықтан қайтыс болады. Дүние жүзінің 36 елі (500 млн. адам) өз ресурстарын пайдалана отырып, халқын азық-түлікпен толық қамтамасыз ете алмайды

Дүние жүзінің халық санын айта отыра, дүние жүзі халықтың жартысы жеті елде тұратынын айта кету жөн (2002 жыл, млн. адам): Қытай - 1285, Индия - 1025, АҚШ - 286, Индонезия - 215, Бразилия - 173, Пәкістан - 146, Ресей - 145.

Халықтың ұдайы өсіп-өнуі (табиғи қозғалыс) - адам ұрпақтарының жаңаруын және ауысуын қамтамасыз ететін туу, өлім және табиғи өсім процестерінің жиынтығы. Туу, өлім, табиғи өсім негізінде биологиялық процестер болып табылады. Дегенмен осы процестерге әсер ететін факторлардың бірқатары бар:

Әлеуметтік-экономикалық факторлар: халықтың тұрмыстық деңгейі, денсаулық сақтау ісінің дамуы, халықтың білім және мәдени деңгейі, әйел адамдардың қоғамдағы орны, дін, т.б.;

Табиғи-биологиялық факторлар: әйел және ер адамдардың қоршаған орта жағдайына әр түрлі бейімделуі, жылы мен суық климаттық аудандардағы жыныстық дамудың әртүрлі уақыты, өлімге алып келетін аурулар (батпақты жердегі малерия, эпидемия, т.б.);

Демографиялық факторлар: халықтың жас-жыныстық құрылымы, неке қию, айырылысу. Мысалы: қарт адамдар санының өсуі (халықтың қарттануы) туудың жалпы көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі.

Бұл фактордың туу мен өлімге әсері күрделі және қарама-қайшылығы көп. Бір фактор қарама-қайшылықты бағытта әсер етуі мүмкін: материалдық жағдайдың жақсаруы, бір жағынан, өлімнің төмендеуіне (әсіресе балалық), екінші жағынан, орташа өмір сүру ұзақтығының жоғарылауына, халықтың қарттануына, ал бұл болса өлімнің жалпы көрсеткіштерінің көтерілуіне алып келеді.

Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері. Өткен ғасырларда бытыраңқы халықтың басын құрау, оны бір орталыққа тас түйін етіп топтастыру тайпалармен рулық бірлестіктерді туыстастырып жақындастырудан, олардың шежіре тарихын мадақтап, құрмет тұтудан басталған. Ал бүгінгі күні бұл құбылыста дәстүрлі тарихи-этнографиялық әдет-салттың маңызы төмендеп, саяси демографиялық ой-сананың рөлі артып отыр.

Бүгінгі күнде демографиялық саясат саласында қалыптасып отырған мәселелерді шешу аса маңызды мәселе. Сондықтан оның ауқымы және халықтың қоныстануы жоғары кәсіби деңгейде жан-жақты талданбағаны абзал, әрі оның нәтижелері обьективті тұрғыдан ашылып көрсетілуі тиіс. Туындаған мәселелерді шешу қоғамдағы тұрақтылық пен мәселелерді шешу қоғамдағы тұрақтылық пен Қазақстан Республикасының болашағын қамтамасыз етуге бағытталған демографиялық саясаттың табысты жүруіне тікелей байланысты.

Осы мәліметтің барлығына қарай отырып, өз облысымыздың да демографиялық жағдайыны қысқаша тоқтала кетуді жөн санаймын.

Павлодар облыс орталығы болып табылады, қалалық және ауылдық жерлерінде 328,9 мың адам тұрады, оның аумағы 0,6 мың шаршы метрді құрайды. Жалпы, Павлодар қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын оң бағалауға болады

Демографиялық жағдай халықтың табиғи өсуімен сипатталады, осы кезең ішінде АХАЖ ұйымдарымен 2506 туу тіркелген, бұл 2008 жылғы осы уақытқа қарағанда 8,2 % артық. Өлім саны 11,1 % төмендеді, халықтың табиғи өсімі 986 адамды құрайды. Неке қию органдарымен 868 неке және 557 ажырасу тіркелді. Павлодар қаласына келгендер саны 45,1 % азайды, ал кеткендер саны 1,3 есеге өсті.

XXI ғасырдың басында өмiр сүрiп жатқан бүгiнгi ұрпақ үшiн қазiр қалыптасып жатқан этно-демографиялық жағдай қалыпты нәрсе сияқты болып көрiнетiн шығар. Бiрақ өткен XX ғасыр барысында осы тұрғыдан алып қарағанда, бiрнеше рет үрдiстi аударып-төңкеретiн күрт өзгерiстер болған. Сондықтан бүгiнгi ұлттық демографиялық жетiстiкке бола көлгiрсiп, тоқмейiлсудiң қажетi жоқ болар. Одан да өткеннен сабақ алып, абай болуды естен шығармауға үйренейiк. Қазақстан халқы 2009 жылғы санақ бойынша 16 млн 403 мың адамға жетті. Халық санының аз болуы - бұл әлсіз ішкі нарық, яғни сыртқы нарыққа тәуелділік, сондай-ақ жұмыс қолының жетіспеуі, соған байланысты қажетті аймақтардың игерілмеуі, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетінің әлсіреуі. Сондықтан да халық санын көбейту - қоғамнын, негізгі мәселелерінің бірі. Қазақстан халқының саны бойынша орташа мемлекеттер қатарына жатады. Халық саны жөніндегі толық мәліметтерді халық санағы береді. Мемлекет оны белгілі бір уақыт аралығында жүргізіп отырады (біздің елімізде 10 жыл сайын). Әр санақ аралықтарында қорытынды есеп беріліп отырады. Алғашқы жалпы халық санағы 1897 жылы, ал соңғы ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз аралығында өтті. Бұл уақыттың ішінде Қазақстан халқы 4 есе өсті.Бірақ оның динамикасы біркелкі болған жоқ, жылдам есу айтарлықтай төмендеумен алмасып келіп отырды.
Елдің, аймақтың, елді мекеннің халкының саны екі түрлі себептерге (факторға) байланысты. Бірінші фактор - туу мен өлудін, нәтижесінде ұрпақ, ауысуы немесе халықтың табиғи өсімі, ал екіншісі - адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы (келу мен кету), оны халықтың механикалық қозғалысы (көші-қон) деп атайды. Туу мен көшіп келу тұрғындар санын көбейтсе, өлу мен көшіп кету, керісінше азайтады.
Халықтың табиғи қозғалысын демография зерттейді. Сондықтан оның көрсеткіштерін демографиялық керсеткіштер деп атайды. Олардың негізгілері - туу (туғандар саны), өлу (өлгендер саны),туғандар мен өлгендер санының айырмасы табиғи өсімді керсетеді. Егер де өлім туудан артық болса, халықтың табиғи азаюы (депопуляция) пайда болады. Демографиялық, көрсеткіштерді абсолюттік цифрлармен (жүз, мың немесе миллион адам) беруге болады, бірақ көбінесе оларды 1000 тұрғынға шаққандағы есеппен промиль арқылы (%о белгісімен) көрсетеді. Демографиялық көрсеткіш бойынша табиғи қозғалысты 2 типке бөледі: байырғы және қазіргі. Байырғы табиғи өсім 12%о-ден артық болатын, ал қазіргі өсім бойынша 12 %о-ден төмен. Халық қозғалысының бір типтен екінші типке өтуін демографиялық революция дейді
Халықтың көші-қоны (миграция)
Халықтың көші-қоны, - адамдардың бір ауданнан екінші ауданға тұру үшін қоныс аударуы болып табылады. Көші-қон (миграция) - өте күрделі әлеуметтік процесс (былай айтқанда танымайтын жерге орнығу). Бұл тек қана көшіп бару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбіш Кекілбаев прозасының көркем әлемі
Қазақ университеті
Мәдениет морфологиясы туралы
Заңтану мамандығы бойынша нәтижелері туралы
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ – ӘДЕБИЕТ СЫНШЫСЫ
Қазақстан биосферасы
Қазақстан-Туркия елдері арасындағы мәдени байланыстардың орнатылуы
Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы
Этнолингвистиканың теориялық негіздері
Түркі халықтарының рухани құндылықтары жайлы және этнос
Пәндер