Балаға арна өзіңді


Емтиханға дайындық. Бәріңізге сәттілік.
1. Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары. дағдарыс бүгінгі күні әлеуметтік- экономикалық және экологиялық ауқымда ғана емес, ол жеке тұлғаларда өмірдің мәнін жоғалтуларында, нашақорлық, өз- өзіне қол жұмсау түрінде етек алуда. Бірталай білім қорын игере, адам рухани байлық, мейірімділік пен зұлымдық, сүйіспеншілік пен жанашырлық туралы ойланбайынша бақытты бола алмайды. Дағдарыс түрлеріне тоқтала кетсек, ол:
- жекедара дағдарыс : интеллектуалды (көп ақпарат), эмоционалды (стресс, дипрес. ), физикалық (денсаулық) ;
- қоғамдық дағдарыс : экономикалық, саяси, мәдени, отбасылық(толық емес отбасылар), білім беру(шамадан тыс жүктеме) ;
-экологиялық дағдарыс : климатты, ресурсты, табиғи.
2. Адамзаттың жалпығаламдық бірлігі. Планеталық, жалпыәлемдік сипатта және әлемнің барлық халықтарының мүддесін қарастырады.
- барлық адамзаттың жойылып кетуін ескертеді.
- уақыт күттірмейтін және тиімді шешім қабылдауды қажет етеді.
Осы мәселелерді шешу үшін барлық мемлекеттердің ұжымдық күш салып, халықтардың бірлесіп әрекет етуін талап етеді. Үшінші мәселені шешу арқылы алдыңғы екі мәселені бірден жоюға болады. Себебі, рухани және адамгершілік тұрғыда дамыған адам ешқашан өзге адамдарға да, табиғатқа да қиянат жасамайды. Мәдениетті адам айналаны ластамайды. Бұл мәселе үшінші болғанымен алдыңғыларына қарағанда аса қиын мәселе. Оның шешімі рухани-адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеуге байланысты. Руханилық - адам жанының ізгілігі. Оның негізінде адам мінез-құлқы қалыптасады. Ар-ұят өзін-өзі адамгершілік бақылау мен бағалау арқылы жүзеге асырылады. Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Руханилыққа апаратын жолдың бірі - білім алу және сол білімді пайдаға асыру. Руханилыққа жеткізер екінші сатыда - адам алған білімінің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын өзгертуге әрекет жасайды. Әрбір халықтың даналарының артындағы ұрпақтарына қалдырған ұлағатты сөздері бар. Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып табылады. Бүгінгі таңда жаһандану үрдісі адамзатты одан әрі біріктіре түсу еді. Ортақ проблемалардың орын алуы ең алдымен рухтың тазалығын талап етеді. Әлемді шарпыған рухани дағдарыс бүгінгі таңда жаһандық мәселе болып, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Рухани-адамгершілік дағдарыс бүгін жаһандық мәселелердің бірі болып отыр. Себебі ол бір мемлекет деңгейінде емес, бүкіл әлемді шарпып отырған құбылыс.
3. Адамзаттың ғаламдық проблемаларының рухани- адамгершілік сипаты (Рим клубының тұжырымдамасы) .
Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін түсініп, оны шешу жолдарын қарастыруда 1968 ж. құрылған «Рим клубы» маңызды рөл атқарды, негізін қалаушы Аурелио Печчеи: « Егер де біз техникалық революция құрып, адамзаттың өзіне лайық болашағына бағыт бергіміз келсе, ең алдымен адамның өзін өзгерту туралы ойлауымыз қажет ».
А. Печчеи ең алдымен тұлғаның және қоғамның әлеуметтік қағидаларының өзгерістерін нұсқай отырып, адамзаттың материалдық құндылығын рухани құндылықтарға айырбастауды меңзейді.
Үш дағдарысты ойлап, адамның санасын өзгерту керек. Шегі бар ресурсты шексіз пайдалану мәселесі қарастырылады. Гуманистік тәрбие беру арқылы адамның санасын өзгертуге болады, оған: жаһандық мәселе, әділдікке деген сүйіспеншілік, қиянат жасамау кіреді. Барлық дағдарыстардың бір ғана себебі бар-ол рухани- адамгершілік азғындық. Одан шығу жолы адамның санасын тазарту. Мүшелері. Горбачев, Айтматов.
4. Әлемдік тарихи өткенді шолудағы рухани-адамгершілік білім. Үш гуманист ойшылдың өмірі мен ілімінен мысал келтіру. Жалпылама қорытынды.
Бұл сұрақты қарастырғанда үш нәрсеге баса назар саламыз. Бірінші рухани-адамгершілік білімнің бастаулары адамзаттың көне тарихынан бастау алатып адамзаттың дамуында тұлғалар арқылы даналық болып халыққа жетуі, екінші әлемдік педагогика тарихындағы гуманист педагогтердің өмірінен мысал келтіру және үшінші қазіргі кездегі осы ілімнің өмірлік қажеттілігі, оның маңыздылығын жете түсіндіре білу.
Сократ. Оның ойы, ісі, сөзі тек ақиқатқа құрылғаны жөнінде оның өмірінен мысал келтіру. Мысалы, ол дүниеге келерде әкесі Софрониск Оракулға бал аштыруға барғанда, оның ұлы туралы Оракул құдайлардың жауабы былай дейді: «Ұлың өз ойындағын істесін. Әкесі оны бір нәрсеге мәжбүрлеуге немесе оны бір нәрседен ұстап қалуға болмайды. Оның ішкі дүниесінде мың мұғалім мен тәрбиешіден де артық басшысы бар». СОКРАТ (б. д. д. 469-399 ж. ж) - гуманистік философияның негізін қалаушы Дәйексөз: “Әр адамның жүрегінде күн бар, тек оның жарқырауын қалаңыз”, “Күннің жалғыз кемшілігі - өзін көре алмауы”, “Адамның мінсіздігі - жанының қалпы”Аракулдар - көріпкелдер. Дельфийде Апполон храмында Өзіңді-өзі таны деген жазу болған.
Платон кішкентай кезінен дарынды бала болған. Көп ойлайтын бала кезіенен ерекшеленетін. Сократтың шәкірті. Сократтың өлгеніне шыдай алмай ел аралап кетіп калады.
Лао Цзы - Даоцизм негізін қалаушы. Оның шын аты Ли Эр. Аңыз бойынша анасы оны көп жылдар көтеріп жүріп, босанғанда шаштары ағарып туған. Ол император сарайында кітапханашы болған.
«Табиғат ешуақытта асықпайды, бірақ бәріне үлгереді»
«Өз ойларыңа абай болыңдар, ойларың іске ұласады»
«Адамзатты таныған есті болар,
Өзін-өзі таныған дана болар.
Қарсыласын жеңген адам күшті болар,
Өзін-өзі жеңген адам әмірші болар»
Конфуций: «Қараңғыдамын деп өзіңді өзің алдама, бұл саған жарықта керек»
«Білім адамның өзі үшін қажет» 5 асыл іс: адамды сүю, парыз, таза қылық, саналылық және шыншылдық. Кун әулетінен шыққан.
Әл Фараби туралы айту.
Мишель Монтень (1533- 1592) «Тәжірибелер»«Келе жатқан адамдардың біріне «Ол керемет ғалым», ал екіншісіне «Ол сондай қайырымды адам»-деп айтсаңыз, халық екіншісіне қарайды»
«Баланы ақша табу үшін ғана емес, оның ішкі әлемінің сұлулығын ашу үшін оқытады»
Қазіргі таңда рухани-адамгершілік білімге бағытталу маңыздылығы әлемдік дағдарыстан шығудың, адамзаттың аман қалуының басты шарты. Ол жайында Елбасы «Мәңгілік ел» жолдауында да айтады. Баланың мейірімді адамгершілік қасиетін көрсету керек. Мәңгілік ел туралы бағдарламаны айтамыз.
5. Қазақ мәдениетіндегі рухани-адамгершілік білім. Үш гуманист-ойшылдың өмірі мен ілімінен мысалдар келтіру. Жалпылама қорытынды.
Шәкәрім. Оның өмірі.
«Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де, жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке, тіпті, ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақирет - өлгеннен соңғы өмір жолы
Барлық әлемнің түп негізі нұр болғаны
Нұр - жарық. Нұр күннен не оттан шықса да, жан-жағының бәріне күлтеленіп шығады».
Ерекше талант иесі Ж. Аймауытов - ақын, жазушы, драматург, адамзаттық рухани әлемде, қазақ руханиятында қайталанбас бояуымен мәңгілік орын алған тұлға. Ол сөз өнерінің шебері және жалпыадамзаттық құндылықтарды өз шығармаларына арқау еткен дарын иесі. Ж. Аймауытов кедей отбасында туып-өскенімен өз бетімен көп ізденіп, жастайынан білімге құштар болады. Ол А. Пушкин, Н. Гоголь, Л. Толстой еңбектерімен танысып, оларды қазақ тіліне аударады. Сонымен қатар педагогика мәселелерімен айналысып, Антикалық философтар Сократ, Аристотельдің және әлемдік педагогикалық ілім классиктері Я. А. Коменский, Д. Локк, И. И. Руссо, И. Г. Песталоцци еңбектерімен терең зерделейді. Осы ізденістер және қазақ халқының терең даналық ойларымен қанығып өскен Жүсіпбек тәрбиедегі гуманистік көзқарастарын өз еңбектеріне арқау еткен.
Аумалы-төкпелі заманда өмір сүрген Ж. Аймауытов ерекше қарапайым да еңбекқор, мейірімді де таланты сан қырлы бар адам болған. Жастайынан қиындық көріп, ол ұста да болып, етікші де болып жұмыс істеген. Ол жайында Б. Момышұлы мынандай деректерді айтады. «Алаш көсемдерінің бәріне де айып тағуға болады. Өйткені олардың кеңес өкіметін мойындамағаны шындық. Ондай кеңдік - демократиялық елде ғана кешірімді. Ал бізде пролетариат диктатурасы. Ал кез-келген диктатура ешқашан өзінің дұшпанын кешірмейді. Солардың ішінде диктатураның өзі де кінә таға алмайтын адамның бірі - Жүсіпбек Аймауытов. Менің ұлы ұстазым. Мен ол кісінің ақтығына ант бере аламын. 1927-1928 жылдары Шымкенттегі техникумда бізге қазақ әдебиетінен сабақ берді. Кәдімгі қарапайым қара шапан киген ошақтан шыққан. Ондай адамдарды қазақ: «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп атайды. Қолы бос кезде, кешке жақын шәкірттердің арасына келіп әдебиет туралы әңгіме айтатын, әнді сондай нақышына келтіріп орындайтын. «Екі жирен» әнін Торғайға атпен бара жатқанда шығардым деп айтқаны есімде. Музыкалық аспаптарда, әсіресе мандолинді өте шебер орындайтын. Домбыраны өзі жасайтын. Етікшілігі де керемет еді: «Жігітке жеті өнер де көптік етпейді. Пайдасы тиеді», - деп отыратын. Қазіргі қазаққа белгілі адамдардың ішінде Әбділдә Тәжібаев, Құрманбек Сағындықов үшеуміз дәріс алдық» , - деп мағлұмат беріп еді Баукең.
Аймауытовқа Ұлы аштық жылдары аштарға малды таратып, Кеңес үкіметінің мүлкін талан-таражға салды деген айып тағылады. Одан малды таратқанда қолхат алмадың деп соттайды. Сотта ол «Өздері аштықтан өлгелі жатқан адамдардан қалай қолхат аламын» - деп жауап берген. Алғашқы қудалаудан аман қалған оны 1929 жылы Голщекинге қастандық жасады деген айыппен түрмеге жабады. Қанша қинаса да ол өзінің кінәлі емес екендігін айтудан таймайды. 1931 жылы ол атылады. Бірақ артына тамаша мол мұрасын, құнды ойларын адамзат игілігі үшін қалдырып кетті.
Бауыржан Момышұлы
«Шындық - парыз сезімін, ерлікке, адамгершілік жағынан кіршіксіз болуға, мұқалмас ерік-жігерді шыңдауға, өз парызына деген сенімділікке тәрбиелеуде ең бір құнарлы құрал болып табылады»
Ел аузындағы әңгімелер Б. Момышұлының мінезінің тік болғандығын айтады. Ол кісі өте қайсар болған. Шындықты жаны сүйетін, өтірікшілер мен қорқақтарды жек көретін ержүрек адам болды. Оның бойында жалпыадамзаттық құндылықтарға негңзделген қасиеттер молынан болды. «Момышұлы» деген тегінің өзі үлкен бір қайсарлықтың
арқасында солай аталды. Бауыржан батыр шындықты жақсы көретін адам болған. Онымен бірге
болған әріптестері Бауыржанның шындықты сүйгіштігін аңыз қылып айтады. Б. Момышұлы А. Бектің «Волоколамск тас жолы» повесті жазылған кезде басты кейіпкер болады. Оның әңгімелері мен еске түсірген оқиғаларын қағазға түсірген Бек болған шайқастар мен оқиғаларды қатты әсерлеп, тіпті, Кеңес Әскерінің жеңіліске ұшыраған кездерін жазбай қойса керек. Сөйтіп қолжазбасын Б. Момышұлына оқытады. Оқып болғаннан А. Бекпен болған келесі бір әңгімесінде оның жазғандарының кей жері шындыққа жанаспайтындығын және шындықты шындық етіп жазу керек екендігін айтады. Отан соғысының ардагері Алексей Абрамов Момышұлы жайлы былай дейді: «Тарихқа Клочковтың «Ресей ұлан-ғайыр, артымызда Мәскеу, шегінерге жер жоқ» деген сөзі кірген. Осындай ұлы сөзді Бауыржан Момышұлы айтқан. Ол, алдында жатқан картаны өртеп жіберіп, «Бізге карта керек емес, не жаудың бетін қайтарамыз, не осы жерде өлеміз» деген. Бұл, Ұлы жауынгердің қасиетті сөзі.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды арқау етіп өмір сүрген Отандастарымыз өте көп. Даналар өздері кетсе де Сөздері, Істері, Мейірімге толы ойлары Адамзаттың Ақиқатты іздеу жолындағы Шамшырағы іспетті.
6. Заманауи философия бастауларына оралу. Жалған материализм тұжырымынан рухани-материалдық әлем тұжырымына көшу.
Философтардың еңбегінде болмысты қарастырғанда, ол жалғыз, оның болашағы да өткені де жоқ, яғни ол қазір болып жатқанды білдіреді. Қазіргі өткеннің жемісі, болашақтың ұрығы дейді Парменид.
Платонның ілімі бойынша идея мен материядан басқа үшінші бастама - әлемдік рух, немесе космос рухы шығармашылық күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін қосып, байланыстырады. Ол заттарды идеяға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуына көндіреді.
Гераклид «Космос баршаға ортақ, оны ешқандай Құдайда, адамда, жасамаған, ол қашаннан болған, қазірде бар, бұдан былайда мәңгі жанып тұратын от, тұтанып және өлеусіреп сөніп бара жатқан оттың өлшемі»
Гераклит дүниені танып-білуге болатындығына кәміл сенеді, сондықтан адам баласының ақыл-ой қабілетіне бөгет жоқ деп есептеді. Сонымен бірге ол ақиқатты танудың, оған жетудің қиындығын түсініп, табиғат жасырынуды ұнатады деген. данышпан болу үшін көзі ашық, көкірегі ояу болу-жеткіліксіз. табиғаттың сырын ұғу үшін адамның ұлы қасиеті болып табылатын ерекше ойлау қабілеті болуы керек.
Фараби
Ғұлама өзінің “Ғылымдардың шығуы туралы” атты трактатында табиғаттану ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады. Оның пікірі бойынша, табиғат әуелде жаратқан бір алланың құдіретті күшінен пайда болып, одан былай өз алдына дербес зандылықтарымен өмір сүрді. Көне бөтен еш нәрсеге тәуелді болмайды. Жаратылыстың, болмыстың түп негізінде субстанция, акциденция жатыр. Оларды танып білу - ғылымдардың шығуының қайнар көзі. Субстанция, қазіргіше айтқандай, материя ұғымына жуық келеді. Ал акциденция - субстанцияның түрліше көрінісі. Осы көзқарасты негізге алып әл-Фараби арифметика, геометрия, астрономия, музыка, әр алуан жаратылыстану ғылымдарының қалай шыққанын және өзінше қалай дами бастағанын сипаттайды.
Жалған материализм өкілдері он тоғызыншы ғасырдағы неміс философиясы яғни руханилықты жоққа шығарады. Адамда дене бар жан бар. Адам эволюциялық даму арқылы адам болған. Адамның санасынан тыс ешнәрсе жоқ деген бағыттар рухани дағдарысқа әкелді. Қазіргі таңда рухани-адамгершілік білімнің басты мақсаты жалпыадамзаттық құндылықтардың негізінде адамның рухани бастауларын, өзінің Жоғары мен деген табиғатын тану арқылы Абай айтқандай толық адам болуы. Адам деген Жан мен дене, рух, үштік триада. Жалған материализмді қарастырғанда дене мен жан, ал қазір біз рухани деңгейді қосып қарастыруымыз қажет. Адам болмысы екі қырдан тұрады. Ежелгі заманда екі қыры қатар келе жатты. 19 ғасырда руханилық әлсірей бастады да материализм басым болды. Қазир екі бағытын қатар алып жүруіміз керек.
7. Ізгілік психологиясының классиктері рухани-адамгершілік білім туралы (кем дегенде 3 мысал)
Ж: Жағымды ойлау- өзіне, адамдарға, және басқа да өмірлік жағдаяттарға жағымды көзқарасты дамуды қарастырады. Жағымды ойлаудың күші Маслоу, Роджерс, Юнг осыларың психологиялық әдебиеттерінде жазылған.
«Біз өзіміздің жақсы қасиеттерімізді біреуге үйретіп, жүзеге асырғанда аса бақытты сезінеміз» Маслоу. «Біз өзіміздің ерекшелігімізді терең таныған сайын, біздің жалпыадамзаттық құндылықтарымыз ерекшелене түседі». Карл Роджерс.
Мысалы: Зайыбы жолдасын дүкенге нан әкелуге жұмсайды. Жолдасы болса дүкеннен нанмен қоса бір құшақ раушан гүлін алып келеді. Мұның не деген сұраққа: нан мен сүт өмір сүру үшін, ал гүл не үшін өмір сүретініміз үшін- дейді. Бұл мәңгілік құндылықтарға қажеттілік дегеніміз.
Үшеуі де айтады рухани-адамгершілік білім беру жағымды ойлауды дамытуға ықпал етеді. Кез келген нәрседен жақсыны көруге тырысу, оларды ажырата білу. Маслоу адамның үш бейнесін көрсетеді: Сіз өзіңізді кім деп санасаңыз- сол, Сізді басқалар кім деп санаса (өзіңді ақыл- ой деңгейінде түсіну) нақты сіз кімсіз: рухани Менін түсіну, Мыс: Бетховен: өзіңің музыканы ойлап шығармағанын, ол оның ішкі тыныштығынан тапқанын айтады. Мыс: Ньютон Ол тыныш алма ағашының түбінде отырғанда, жерге бір алма үзіліп түседі, сол кезде Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашты. Адамдар не ойласа солай болып қалыптасады. Бүгін біз қандай болсақ-ол бұрынғы ойлағанымыздың нәтижесі. Ендеше, біз жаман нәрселерді көргенде, жаман нәрселерді ойлаймыз, жаман болып қалыптасамыз.
8. Сұрақ: Көшбасшылық және басқару. Ұлы рухани ұстаздар көшбасшылық туралы.
Ж: Басқару өзінің назарын төменгі деңгейге шоғырландырады. Ең жақсы үлгідегі анықталған мақсатқа мен қалай жете аламын. Көшбасшылықтың жоғарғы деңгейге қатысы бар ма?
Петр Друкер және Уоррен Бенис - «Басқару бұйымдарды қалай жасау керек, Көшбасшы не жасау керек» дейді. Басқарудың нәтижесі мақсатқа бағытталған баспалдақтарды құру арқылы жасалады; көшбасшы баспалдақтың қай қабырғада тұрғанын анықтай алады. Өткен жүз жылдыққа созылған басқару идеясының дамуын талдау жұмыстары бізге «көшбасшы дәуірі» келе жатқанын көрсетіп отыр. Бұл уақыт даму кезеңінде, жетілдірудің саналы жаңа негізгі факторы ретіндегі отбасы, ұйым, қауым, халық және бүкіл әлемнің негізгі сүйеніші көшбасшы болады. Сол себептен бүгінгі жастардың бұл адамгершілікті қабілетпен танысып жатқаны белгілі.
Ұлы рухани ұстаздардың көшбасшылық туралы пікірлері.
Лао Цзы: ұлы тұлғаның үш қасиетін ерекшелеген: «бірінші - сыпайылық; екінші - ұқыптылық; үшінші - өзін өзгенің алдына қойдырмайтын қарапайымдылық. Сыпайы болыңыз - сонда сіз ержүрек боласыз; ұқыпты болыңыз - сонда сіз либералды бола аласыз; өзіңізді басқалардың алдына қоюдан қашыңыз - сонда сіз нағыз көшбасшы боласыз». Шынайы дана билеуші, даосистердің пікірінше, өзінің қол астындағыларға табиғи жолмен («дао» жолымен) жүруіне мүмкіндік береді. Ондай билеуші ештеңеге араласпайды. Ондай билеушінің бар екенін халық естігені болмаса, онымен тікелей байланыспай, әрқайсысы өз жолдарымен жүреді, сондықтан да даосистер дао жолымен жүргендерді заң арқылы шектеуге қарсы болады.
«Адамзат Жерге, Жер Аспанға тәуелді, Аспан даоны, ал өз кезегінде дао табиғилықты қажет етеді». Олай болса дао - адамзат баласының тіршілігі мен бізді қоршаған жарық дүниенің дәнекершісі болып табылады. Дао - жер бетіндегі тіршілік атаулының негізі, бүкіл заттық дүние мен табиғат құбылыстарының қайнар көзі. «Дао ілімінде жеке адамның адамгершілік тұрғыдан жетілуі - өзін қоршаған ортамен үйлесімділігімен байланыста қарастырылады. Лао-Цзының бұл атақты философиялық қағидалары «О пути к добродетели» атты еңбегінде жан-жақты баяндалады.
Ж. Баласағұни: Жақсылық жасауға құштар бол, Жақсылыққа жақсылықпен жауап қайыруға сен, Ісіңде ашуға бой алдырма, құмарлықты жең, Ашуға бой алдырғандар басшылықтан қол үзеді.
Өз пайдаңнан гөрі, ел пайдасын ойла. Қайырымды бол!
Ізгілік-адамзат үшін ең қажетті қасиеті, Елдің басшысы ізгі болса, халқы да ізгі болады.
Әл-Фараби (870-950 ж. ж. ) Еріктің 3 түрі: 1. 5 сезім мүшесінен шыққан сезімдерді орындау еркі; 2. Қиялдың қалауын орындау еркі (билік, әлеуметтік статус) ;
3. Адамның ақыл-парасатынан шыққан ерік (адамдарға жақсылық жасау еркі) . Тек еріктің үшінші түрін меңгерген адам ғана шынайы бақытқа кенеліп, шынайы көшбасшы бола алады, яғни басқаларды да бақытқа апара алады. Және «Жақсылық қаласының» басқарушысы болады.
9. Сұрақ: Ұлы және шынайы көшбасшылар. Риясыз қызмет ету - шынайы көшбасшының іргетасы. Шынайы көшбасшының үлгілері.
Ж: Көшбасшы (лидер) - алға бастаушы; Басқалар алдында беделі бар, белгілі бір топ үшін шешім қабылдай алады, топтағы өзара қарым қатынастарды теңестіріп отырады; Көшбасшы= қайда бару керектігін біледі+басқаларды соңынан еруге шабыттандыра білу қабілеттілігі бар тұлға.
Ұлы көшбасшылар: Адольф Гитлер, Шыңғысхан, Сталин, Петр Первый
Ұлы және шынайы көшбасшылар: Абай Құнанбаев, Махатма Ганди, Мать Тереза, А. Линкольн.
Ұлы көшбасшы өзі үшін қызмет етеді, ал шынайы көшбасшы басқалар үшін қызмет етеді. Риясыз қызмет ету- көшбасшылық негізі. Олар сараң емес, жеңіске жетуге тырыспайды, сондықтан да тік айтады; Біреудің арқасында пайда табуды іздемейді; ол карьерист емес, ол өз күшіне сенімді. (Чибберк “О лидерстве”; Френсис Бекон “Амбиция и лидерство”) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz