Африка мемлекеттердің саяси - экономикалық жағдайы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА-ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Г. М. Cыздыкова
«» 2020 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АФРИКА КОНТИНЕНТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАР
5В011400-Тарих мамандығы
Орындаған: 114-16 оқу тобының студенті Әбжан Дәулет
Ғылыми жетекшісі: т. ғ. к., аға оқытушы Бекманова Дариха Махановна
Шымкент -2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. . . . 4
- АФРИКА КОНТИНЕНТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ . . . 7Африка континентіне жалпы сипаттама . . . 7Африка мемлекеттердің саяси-экономикалық жағдайы . . . 13
2 . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АФРИКА МЕМЛЕКЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАР . . . … . . . 19
2. 1. Aфрикa континентіндегі мемлекеттердің aймaқтық сaясaтының ерекшелігі . . . 45
2. 2. Қазақстан Республикасы мен Aфрикa мемлекеттер арасындагы қaрым-қaтынaстар . . .
ҚОРЫТЫНДЫ.
. . . 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
. . . 59
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан ғасырлар бойы қалыптасқан дала дипломатиясын Еуразия кеңістігінде жүргізіп келе жатқан мемлекет. Ежелден қазақ дипломатиясы салмақтылық, жан-жақтылық, саяси интуицияға сүйенгені белгілі. Алыс-жақын мемлекеттермен жүргізілген қарым-қатынастың, сыртқы саяси ұстанымның айшықты мысалы ретінде Керей мен Жәнібек хандардың, Абылайдың сыртқы саяси шешімдерін, XX ғасырдың басындағы заманауи мемлекет болуға деген талпыныстарды айтамыз. Ал, Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, тарихта алғашқы рет өзінің дербес сыртқы саясат доктринасын қалыптастыруға кірісті.
Қазақстан сыртқы саясатының негізгі принциптеріне оның неғұрлым маңызды және іргелі нормалары жатады, сол принциптердің мәнін және оларға тән сипаттарын қамтитын бұл нормаларда ең жоғарғы императивтік заң күші бар. Еліміз халықаралық қатынастар жүйесінің заңды мүшесі ретінде дербес сыртқы саясатында осы принциптерді басшылыққа алады. Қазіргі халықаралық қатынастардың негізгі принциптері мәртебесі жоғары халықаралық ұйымдар мен форумдардың құжаттарында, атап айтқанда, БҰҰ жарғысында, 1970 жылғы Халықаралық құқық принциптері туралы декларацияда, 1975 жылғы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің Қорытынды актісінде бекітілген [1] .
Әдетте халықаралық актілерде мына 9 принцип жайында айтылады: мемлекеттердің егемендігі, күш қолданбау немесе қолданамын деп қорқытпау, шекараның мызғымастығы, мемлекеттердің аумақтық бүтіндігі, қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу, ішкі істерге қол сұқпау, адам құқығы мен бостандығын сыйлау, халықтар теңдігі және олардың өз тағдырын шешу құқығы, мемлекет аралық құқықтар, халықаралық міндеттерді адал орындау.
Халықаралық қатынастардың негізгі принциптерінде тарихи сипат бар, яғни бұларда мемлекеттердің сол дәуірдің талабына және халықаралық қатынастардың жай-күйіне қатысты негізгі құқықтары мен міндеттері бекітіледі. 1970 жылғы Халықаралық құқық принциптері туралы Декларацияда жеті принцип жазылған: күш қолданбау немесе қолданамын деп қорқытпау, дауларды бейбіт жолмен шешу, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, мемлекеттердің ынтымақтастығы, халықтардың тең құқығы және өзін-өзі билеуі, мемлекеттердің егеменді теңдігі, міндеттерді адал орындау. Аумақтың бүтіндігі, шекаралардың мызғымастығы, адамның құқығы мен бостандығын құрметтеу сияқты принциптер 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісінде бекітілді.
Кез-келген мемлекеттің сыртқы саяси курсы оның ұлттық мүддесіне, сонымен қатар геосаяси жағдайға және қалыптасқан халықаралық қатынастар жүйесімен тығыз байланысты болмақ. Өз тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап Қазақстан халықаралық құқық принциптерін сақтауға толық дайын екендігін білдірді. Қазақстанның сыртқы саясат доктринасының мақсаты - әлемдік экономикалық жүйеге сәтті бейімделу үшін қолайлы сыртқы саяси жағдай қалыптастыру болды. Бұл ұстаным ҚР Конституциясы, ҚР Сыртқы саясат концепциясы, заңнамалық құжаттар, Президент Жолдаулары, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көрініс тапқан.
ҚР сыртқы саясаты тұжырымдамасының жаңа нұсқасы 2014 жылы 21 қаңтарда бекітілді. Бұл құжат еліміздің сыртқы саяси бағытын айқындайтын ресми тұжырымдама болып табылады. Оған сәйкес Қазақстанның сыртқы саяси бағыты 6 жылға белгіленген(2014 ж. - 2020 ж. ) [2] . Бұл құжатта мемлекеттің сыртқы саяси дамуының пайымы, сыртқы саясатының мақсаттары, сыртқы саясатының негізгі басымдықтары мен міндеттері, елдік және өңірлік басымдықтар, күтілетін нәтиже, сыртқы саяси қағидаттар, елдің сыртқы саясатын іске асыру тетіктері көрсетілген. Тұжырымдамаға сәйкес, ҚР өз тәуелсіздігінің үшінші онжылдығына экономикасы қарқынды дамыған, күшті мемлекет ретінде кіруі, бүгінгі халықаралық аренадағы беделін арттыру межесі қойылған. Елдік және аймақтық басымдылықтар бойынша Қазақстан Ресей, ҚХР, Орталық Азия мемлекеттері, АҚШ, Еуропалық мемлекеттер, Азия елдері және Азия-Тынық мұхит аймағының елдерімен, Жапония мен Корея, Үндістан, Океания елдерімен, Латын Америкасы мемлекеттерімен және Африка құрлығы елдерімен ынтымақтастықты дамытуды көздейді.
Осы тұжырымдамадан күтілетін нәтижелерге келетін болсақ, ол ең алдымен көп деңгейлі қауіпсіздіктің орнауы, екіншіден, әлемнің барлық мемлекеттерімен достық қарым-қатынас орнату, үшіншіден, ұлттық экономиканың нәтижесінде Қазақстанның халықаралық қауымдастық пен шаруашылықтық қатынастарға интеграциялануы болады.
Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың еліміздің сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында: саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық әлеуетін барынша толыққанды іске қосу мақсатында Солтүстік және Латын Америкасы, Кариб бассейні және Африка елдерімен, сондай-ақ олар қатысатын өңірлік ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту керектігін атап өтті [3] .
Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде біздің жұмысымыздың 7 басымдығын атап өтті, солардың бірі Африкаға жәрдемдесу болып табылады. Африка БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жартысын алады. Сондықтан біз тұрақтылықсыз, бейбітшіліксіз дамымайтынымызды қарапайым түсінеміз. Бұл қауіпсіздік пен даму арасындағы өзара байланыс.
Қазіргі кезде елдер арасында әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар қарқынды дамуда. Сондықтан да дүние жүзі елдерінің табиғаты мен шаруашылығы жөнінде білім негіздерін қалыптастыратын пән ретінде тарихтың маңызы артады. Әсіресе өзінің елтану бағыты арқылы Жер шарындағы түрлі елдер мен ондағы халықтардын тұрмыс-тіршілігі, табиғат жағдайлары туралы көптеген мәлімет беретін маңызды буын болып есептеледі.
Африка-Қазақстан үшін перспективалы серіктес. Бүгін біз қазақстандық экономика үшін жаңа өткізу нарықтарын іздейміз. Әрине, Африка перспективалы серіктес ретінде қарастырылады. Өткен 10 жыл ішінде Африка өте жоғары өсу қарқынын көрсетті. Бүгінде экономикалық проблемалар Африка құрлығына да әсер етті, сонымен қатар біз серіктестерді іздестіруді жалғастырамыз. Бізде жақсы жобалар бар. Африка - болашағы зор серіктес.
Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтанда "оңтүстік-оңтүстік" желісі бойынша ЦУР контекстінде Африкада даму және экономикалық әртараптандыру және индустрияландыру саласында тәжірибе алмасу бойынша жаһандық симпозиум өткізілді. Шараға 40-тан астам африкалық үкімет өкілдері, зерттеу орталықтары мен басқа да даму институттарының өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, ол аталмыш симпозиумда Қазақстанның индустрияландыру, өз экономикасын жаңғырту және құрылымдық трансформациялау бойынша тәжірибесі кеңірек таныстырылатын болады. Сондықтан бұл тақырыптардың барлығы африкалық әріптестеріне өте қажет.
Бүгінгі таңда Қазақстанның үш дипломатиялық өкілдігі бар деп айта аламыз - бұл Египет, Эфиопия, Оңтүстік Африкадағы елшілік. Сонымен қатар, Эфиопиядағы елшілік Африка одағы жанында тіркелген - бұл 50-ден астам Африка мемлекеттерін біріктіретін ұйым халықаралық аренадағы саяси күш болып табылады.
Сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануы Қазақстан кандидатурасында африкалық мемлекеттердің топтастырылған қолдауымен қамтамасыз етілгендігін де айтуға болады.
Қай мемлекеттің болмасын, ішкі және сыртқы саясаты, ең алдымен, оның табиғи байлығы мен экономикалық мүмкіндіктеріне тәуелді болатыны белгілі. Бұл жағынан алғанда, Африка контингентіндегі кейбір мемлекеттердің экономикасын қарқынды дамып келе жатқан әлемдегі ең бай елдердің қатарына жатқызуға толық негіз бар. Африканың көршілес елдері мен Батыс, Еуропа, Азия елдері арасындағы саяси қарым-қатынастары осындай мүдделерді көздейтіні айдан анық. Өйткені, Африка алтын мен алмаздың қоры жағынан ең бай елдердің қатарына жатады. Нақтырақ айтсақ Оңтүстік Африка Республикасы. Біз қолға алып отырған диплом жұмысының нысанасы мен мәні осында. Африка контингенті ұзақ уақыт бойы АҚШ-тың, Ұлыбританияның және басқа да еуропалық дамыған елдердің экономикалық оқшаулау қыспағында болып, нәсілдік кемсітушілікті бастан кешкені тарихтан белгілі.
Бұл зерттеу жұмыста Африка құрлығындағы мемлекеттердің біздің елмен қарым-қатынасының перспективалары туралы бүгінгі күнгі қол жетімді материалдарды қорытындылауға, жүйелеуге, әрі сараптап шығуға талпыныс жасадық. Қазақстан Республикасы мен Африка мемлекеттері арасындағы байланыстырды Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», Қ. К. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының дипломатиясы», «Дипломатические очерки», С. Батыршаұлының «Дипломатиялық қызмет және халықаралық қатынастар» , М. Мекебаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты» еңбектерін жүйелі қарастырып, Африкадағы шиеленіс пен нәсілдік кемсіту, апартеид жүйесінің экономикалық және саяси құрсауы босаған жағдайда, оның кез келген мүдделі елмен серіктес бола алатындығын көрсетіп береді. Африка елдеріндегі позитивтік ілгерілеулер Батыс Еуропа, Орта Азия және Араб елдері үшін мүдделіліктің қайнар көзі болып табылады. Африкадағы реформалардың нәтижелі жүргізілуі, біздің осы аймақтағы саясатымыздың сипаты мен кезеңдерін қайта қарауымызға болатындығы жайлы жоғарыда аталған еңбектерде айқын көрсетілген.
Зерттеу жұмыстың деректік көзін мерзімді баспасөз бен ғылыми мәліметтер, интернет желісінен алынған ақпараттар құрады.
Зерттеу жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін Қазақстан Республикасындағы тарих ғылымының қалыптасу және даму мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады.
Сонымен қатар, Қазақстан үшін Оңтүстік Африка Республикасы сияқты алтын мен табиғи алмазға бай мемлекетпен серіктес болу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Қарастырылып отырған жұмыстың ерекшелігіне Африкамен өзге елдер арасындағы өзара қарым-қаынастар мәселесінің жуық араға дейін ашық талқылаудың диалогына айнала алмай келгендігіне жатқызуға болады. Сондықтан, Батыс Еуропа және Азия елдері арасындағы қазіргі кезеңдегі қарым-қатынастар төңірегіндегі кейбір ой-пікірлер бой көрсетіп қалуы мүмкін.
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасы мен Африка континентіндегі мемлекеттер арасындағы байланыстардың негізгі бағыттарын зерттеу.
Диплом жұмысының маіндеттері:
- Африка құрлығындғы мемлекеттерге сипаттама жасау;
- Aфрикaның хaлықaрaлық ұйымдaрмен ынтымaқтaстығын анықтау;
- Aфрикa континентіндегі мемлекеттердің aймaқтық сaясaтының ерекшелігін қарастыру,
- Aфрикa континентіндегі мемлекеттердің Қазақстан Республикасымен қaрым-қaтынaсын зерттеу;
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралған.
АФРИКА КОНТИНЕНТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ САЯСИ-ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫ
- Африка континентіне жалпы сипаттама
Африка - аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі. Жерінің аумағы 29, 2 млн. км 2 (аралдарымен бірге 30, 3 млн. км 2 ) . Тұрғыны 728 млн. адам. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегі - Сомали, құрлықтың шығысында - Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба, Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель аралдары, батысында - Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон, Сан-Томе, Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан.
Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы) . Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Сахараның солтүстік-батысында Атлас таулары (Тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы (Асотериба 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең терең ойысы - Афар жатыр. Оның солтүстік-батысында Камерун жанартауы (4070 м), солтүстігінде Азанде, батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы қыраты қоршай орналасқан. Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон (4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып, Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаhар (Дракон) тауларына ұласады.
Африка жері қазба байлықтарға өте бай, әсіресе, минерал кендерінің қоры көп. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Нигерияда, Ливияда, Египетте, Алжирда, ал тас көмірдің ірі кендері, Оңтүстік Африка Республикасы жерінде табылған. Кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңтүстік Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде шоғырланған.
Африка тропиктік белдеулер аралығында орналасқандықтан, жері өте қатты қызады. Жаз айларындағы орташа температурасы құрлықтың барлық бөлігінде дерлік 20ӘС-тан жоғары, Сахара мен Суданның солтүстігінде 35Ә - 38ӘС-қа жетеді. Жер шарындағы ең жоғары температура +58ӘС 1933 ж. Сахараның (әл-Азизия) Жерорта теңізі жағалауында тіркелген. Жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері Гвинея шығанағы жағалауындағы Камерун тауының беткейінде (10470 мм, Дебунджа), ал ең аз жауын-шашын мөлшері Сахарада (0, 5 мм, Асуан қаласы) тіркелген. Географиялық ерекшелігіне қарай Африка аумағы ыстық, ылғалды экваторлық, ауыспалы ылғалды (муссондық), субэкваторлық, ыстық әрі құрғақ, континенттік, тропиктік шөл, ыстық ылғалды тропиктік және субтропиктік жерортатеңіздік климат белдеулеріне бөлінеді.
Құрлық ішкі суларының жылдық ағынының мөлшері (5400 км 3 ) бойынша Еуразия мен Оңтүстік Америкадан кейінгі орында тұр. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауында жиі. Шөлді аудандарда, әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғартатын құрғақ өзен арналары (вади) көптеп кездеседі. Ірі өзендері - Ніл (6671 км, дүние жүзіндегі ең ұзын өзен), Конго, Замбези, Нигер, Оранж. Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Замбези өзенінің бойында атақты Виктория сарқырамасы бар (биіктігі 120 м, ені 1800 м) . Құрлықтағы өзендердің гидроэнергетикалық мүмкіндігі өте жоғары. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахари жерінде жатыр. Африка көлдерінің ірілері: Виктория, Танганьика, Ньяса, Рудольф, Чад.
Африкада гүлді өсімдіктердің 4-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер. Құрлықтың 8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман, 40%-ы құрлықтық шөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы мен Конго ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты болып өседі, ең биік өсетін ағаштар - пальмалар (биіктігі 60 - 70 м-ге жетеді) . Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы, сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі бөліктерде банан, папоротниктер, либериялық кофе ағашы және каучук беретін ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасы кездеседі. Саваннаның негізгі ағашы - баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 - 3 м, кейде 5 м-ге жететін піл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы өседі. Сахара мен Калахари шөлдерінің шұраттарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерден жусан, жантақ, акация, құрма пальмасы, Намиб пен Карру шөлдерінде суккулентті өсімдіктерден сүттіген, вельвичия таралған. Африка - кофе мен құрғақшылыққа төзімді бидайдың отаны.
Африкада жануарлар өте көп және алуан түрлі. Құрлық сүтқоректі жануарларға, әсіресе, тұяқты жануарларға бай. Жер шарындағы 51 туысқа біріктірілетін сүтқоректілердің 1/4-і осында шоғырланған. Тек қана Африкаға тән жануарлардан африка пілі, керік, зебра, адам тәріздес маймылдар - шимпанзе мен горилла, басы итке ұқсас маймылдар павиан мен мандрил, сондай-ақ бегемоттар, Мадагаскар аралығындағы лемурды атауға болады. Құрлықтың жануарлар дүниесі 19 ғасырда, әсіресе, 20 ғасырдың басында аяусыз қыру нәтижесінде күрт азайып кеткен. Қазір құрлық бойынша 150-ден астам ұлттық саябақтар, қорықтар, қамашаулар құрылған. Ірі ұлттық саябақтарға Рувензори, Кения, Серенгети, Вирунга, Цаво, Кафуэ, Калахари-Хемсбок, Крюгер, Намиб жатады.
Африка туралы мәлімет өте ерте кезден-ақ белгілі болған, әсіресе, оның жерортатеңіздік жағалауындағы ірі мемлекеттер туралы деректер көп. Египет перғауынында қызметте жүрген финикиялықтар біздің заманымыздан бұрынғы 600 ж. шамасында бүкіл құрлықты айнала жүзіп шыққан. 14 ғасырда марокколық араб Әбу Абдаллах ибн-Баттута қазіргі Сомали мемлекеті аймағын, кейіннен Мали мен Тимбукту жерлеріне саяхат жасап, зерттеген. Құрлықты біздің заманымызда ең алғаш рет Үндістанға баратын қысқа жол іздеу мақсатында Васко да Гама (1497 - 1498) басқарған португал экспедициясы айналып шыққан, бірақ құрлықтың ішкі бөлігіне ешкім тереңдеп енбеген. Тек 19 ғасырдағы отаршылық науқаны кезінде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілген. Олардың ішінде ағылшын саяхатшысы Давид Ливингстонның 1840 - 1870 ж. және орыс саяхатшысы Василий Юнкердің 1876 - 1896 ж. зерттеулерін атауға болады.
Африканың қазіргі саяси картасында 55 мемлекет бар. Олардың үшеуінде конституциялық монархия (Марокко, Лесото, Свазиленд), Намибияда федерациялық республика, ал қалғандарында республикалық мемлекеттік құрылым орныққан. Африка елдерінің көпшілігінде шаруашылықтың бір жақты мамандануы, яғни экспортқа бағытталған шикізат немесе азық-түлік өндіру сақталған.
Африка халықтарын этнографиялық жағынан зерттеу өте қиынға түседі. Олардың мәдениетінің ерекшелігі көп. Сондықтан Африка халықтарын тарихи-мәдени ерекшеліктеріне қарай бөліп, тоқтап өтпекшіміз.
Солтүстік Африканың көне аборигендері берберлер, олардың үрім-бұтағы қазір араб тілінде сөйлейтін халықтар болып, арабтық Африка декп аталады. Бұл арабтық облыстарға Мысыр және Магриб жатады, оларға және де этнографиялық жағынан Нілдің орта ағысы бойындағы Шығыс Судан кіреді.
Магриб елдерінде арабтар мен берберлердің еуропалық отаршыларға қарсы күресуі нәтижесінде, қазір үлкен ұлттардың құрылу процесі жүруде. Олар- марокандық, алжирлық, тунистық, ливиялықтар. Ал Біріккен Араб Республикасы мысыр ұлты қалыптасуда, Судан Республикасында да сондай өзгерістер болу үстінде.
Бұл елдердің барлығы дерлік негізінде ауыл шаруашылығымен айналысады, оның төркіні неолит дәуірінен бері-ақ басталып келеді. Бірақ әр облыста жер шаруашылығының арақатынасы біркелкі емес. Мысыр және Судан тұрғындары құнарлы Ніл өзенінің бойында мекендей отырып, тікелей жер шаруашылығымен айналысушылар болып табылады.
Мысырдың шаруашылығы қыстық, жаздық, күздік болып үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде-бидай, арпа, сарымсақ т. б. егілсе, сәуір-тамыз айларында мақта, кендір, жүгері сияқты дақылдар, ал күзде күріш, жүгері егіледі. Мысыр шаруалары феллахтар деп аталады. Олар соқаны, топырақты майдалаушы аспап, тақтайдан істелген күрек сияқты құралдарды қолданады. Қазіргі Мысырда жерді суландыру шаралары дамығанымен, әлі де болса кедей шаруалар егінге суды шығыр арқылы шығарады. Мал шаруашылығы Мысырда жақсы дамымаған, себебі оларда жайылымдық жеткіліксіз, сондықтан жұмысқа қажетті күш көлігі ғана өсіріледі [8] .
Магрибтің жер жағдайында су қорының көптігіне, сонымен бірге жұмсақ ауа райына байланысты бұл жердің егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы қатар дамыған. Кей жерлерде егісті қолдан суландыруға да тура екледі. Егін шаруашылығының дамығанына қарамастан, қолданатын техникасы өте артта қалған Ұшына теміртіс қаптаған соқа т. б қолданады. Құрғақ аудандарда көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы басым болып келеді.
Басқаларға қарағанда Африка отаршылдықтан кейінірек азат болды. Солтүстік Африкада Жерорта теңізі аймағында Франция өздерінің отаршылдық мәселелерін қиыншылықпен шешті. 1956 ж. Француз үкіметі Марокко мен Туниске тәуелсіздік берді, ал 1 млн. шамасы француздар тұратын Алжирден Алжирді азат ету майданының көтерілісшілерімен сегіз жыл соғысқаннан кейін (1954-1962) кетуге тура келді. Африка отарсыздану процесіндегі шешуші оқиғалар 1960 ж. орын алды, сондықтан да 1960 ж. «Африка жылы» деп аталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz