Нақты тәжірибе кезеңі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

«Технология және биоресурстар» факультеті

«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: «Қатар топтарға әрі кезеңдік әрі кері орнын бастыра тәжірибе қою әдістері»

Тексерген:

Орындаған:

Алматы 2020-2021

Жоспар

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

І. 1. Қатар топтарға әрі кезеңдік, әрі қайтара орнын бастыра тәжірибе жасау.

І. 2. Негiзгi тәжiрибе кезеңi бойынша салыстырулар.

І. 3. Кезеңдік топтар құру арқылы тәжірибе қою әдісі

Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер


Кіріспе

Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Ғылым - адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы.

Адамзат өзінің дамуы барысында қоршаған әлемді танып-білудің көптеген тәсілдерін, оның негізгілерінің бірі - ғылымды меңгерді. Ғылым (арабша - білім, тану; латынша - білім) - жалпы мағынасы - жүйелі білім мен тәжірибе, арнайы мағынасы - зерттеумен жинақталған білім жүйесі.

Ғылыммен айналысудың негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтары келесідей: 1) бетбұрысты жаңалықты тумысынан талантты ғана ашады; 2) нағыз ғылыми жаңалық - мәңгілік дүние, адамзат баласына ортақ сарқылмас қазына; 3) ғылымға еркіндік, автономия керек, бірақ ол экономика мен саясаттан тыс та тұра алмайды; 4) ғылымды жасампаз мақсатқа да, эгоистік пиғылмен де қолдауға болады; 5) кейде ғылым - ғылым үшін ғана дамиды, мұнда нәтижелері билік, саясаттың құзырында болады; 6) ғылымды ұлттық, жаһандық мүддеге қарсы немесе қайшы пайдалану зардабы ғылымға емес, берісі - ұлтқа, әрісі - адамзатқа тиеді; 7) ғылым күрделі тірі организм тәрізді болғанымен, бар саласын деңгейлес дәрежеде ұстау ең бай мемлекеттердің өзінде мүмкін емес. Демек, меценаттылықтың маңызы өте жоғары; 8) ғылым байлық, билікке қызмет еткенімен, сол байлық пен билік ғылымға адалдық таныта бермейді; 9) ғылымда шекара жоқ, ұлттық мақтаныш, мемлекеттік реттеу болуы керек; 10) ғылымның әлеуеті арта береді, оны пайдаланғандар басқалардан озық жағдайға жете алады. (Оңтүстік Корея 25-30 жылда ғылымарқылы әлемнің алдына шығып кетті. Немесе, Израиль орналасқан жер сор, құмды, тастақты. 2 теңізі бар: бірі - өлі, екіншісі жойылуда. Жанасқан жалғыз Иордан өзенінде де су жоқ, осы ел жерінің өнімділігі бізден 10 есе жоғары Бұған жалғыз жауап - ғылым. ) . 11) Қазақстан жағдайында 2030, 2050 жж дейінгі белгіленген міндеттерге қазба байлықтардың есебінен жету мүмкін болғанымен, одан кейінгі мақсаттарға ғылымсыз жету мүмкін емес.

Ғылымның басты мақсаты - ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен үдерісін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру. Ғылыми ізденістің негізгі мақсаты - ақиқатқа жету және табиғат, қоғам, ойлау заңдылықтары, танымның өзі туралы объективті заңдар ашу. Ғалым үшін ақиқат дегеніміз - игіліктің және ізгіліктің белгісі. Нағыз ғалым этикалық, терең эстетикалық және имандылық құндылықтардың жетіст іктерін толық қабылдауы тиіс.

Ғылымның ерекшелігі мен қажеттілігі. Ғылыми ізденіс - шығармашылық процестің ең биігі, шыңы. Ғылыми ізденіс - табиғаттың тұңғиығында әлі ашылмай жатқан ақиқатын, сырын іздеп табу. Ал ақиқатты іздеуші ғалым өзі мейлінше адал, ақиқатшыл болуы тиіс. Жастар өсуіне кедергі - адалдығына нұқсанды заттарға кешіріммен қарау, өсетін жас бұларға қайырымсыз, кешірімсіз болуы қажет. Ғылыми қызмет қайсарлықты, қажырлылықты тілейді, сондай адам ғана мақсатына жетпек. Ғылым ерлікті, жүректілікті тілейді, жаңалығын дәлелдеп болғанша, ол адам құбыжық көрінуі де мүмкін. Ғылым - айрықша ой-сана ізденісі мен жандүние құштарлығының жемісі. Ғылым - тамшылай төгілген тердің, тынымсыз еңбектенген ізденістің, оқыған үстіне оқып, белгілі бір дәлелдеу мен дәйектеудің түбіне тереңдеп бойлаудың, машақаттанудың жолы. Ғылымда даңғыл жол жоқ. Бұлтарысы көп, бұралаңы мол, тайғанап, тайып, қайта жығылып, қайта ілгері ұмтылуды керек етеді. Ғылыми ізденістегі адамдарының өзгелерден айырмашылығы сол - оның ойында, миында қарама-қарсы фактілер мен құбылыстар қашан да қақтығыста жүреді, содан барып осындай драмалық шым-шытырық айқастың негізінде жаңа ой, жаңа тұжырымдар туып жатады. Ондай жаңа ойлардың жүзеге асуы ескі нұсқалардың, көне әдістің, бұрынғы білімнің аясына сия бермейді. Демек, ғылым жолына түскен жас талапкер қашан да білімге ұмтылып, оқып, үйреніп, жадына сақтап жүрумен қабат, сол үйренгендерін, оқығандарын, зерттегендерін сарапқа салып, өзінше тұжырым, түйсік түйе білуі керек. Бір сөзбен айтқанда алған білімдерін бойларына шығармашылықпен сіңірулері тиіс.

Ғылым эволюциясының тарихына қысқаша шолу. Ғылым - адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ғылым - адамға өз өмірін сақтап қалу үшін қажетті білім негізінде пайда болды. Ежелгі Грекияда (Аристотель, т. б. ) ғылымның ерекше тәсілі дәлелдеу негізін қалыптастырды, геометрия (Эвклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) дамыды. Орта ғасырларда ислам діні тараған аймақтарда (Әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Ибн Рушд, Бируни, Махмұт Қашқари, Жүйнеки, т. б, әл-Фараби Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» аталды) философия, медицина, эстетика, математика, астрономия, т. б. ғылым салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін «ислам ренессансы» деп аталды. елеулі үлес қосты. Қайта өрлеу дәуірінде дін басымдығы әлсіреді, ғылым рухани өмірдің дербес факторы болып, дүниетанымның (Леонардо да Винчи, Николай Коперник) негізгі тірегіне айналды. ХVІ-ХVІІ ғасырларда ғылымда болған терең өзгерістер алғашқы ғылыми революцияға (Галилео Галилей, Иоганн Кеплер, Уильям Гарвей, Рене Декарт, Христиан Гюйгенс, Исаак Ньютон т. б. ) алып келді. Механикадағы жетістіктер ХVІІ ғасырдың аяғында жүйеленіп, толығып, әлемнің механикалық бейнесі туралы, әмбебап дүниетанымдық (Леонард Эйлер, Жан Даламбер, Пьер Лаплас, т. б. ) түсінік қалыптастырды. Физика, химия, биология дамып, «адам - тұтас организм» (Жюльен Ламетридің «адам - машина» тұжырымдамасы) ретінде түсіндіріле бастады. Энергияның сақталуы мен айналуы заңының ашылуы (Роберт Майер, Джеймс Джоуль, Герман Гельмгольц) физика мен химияның барлық тарауын ортақ негізге қоюға мүмкіндік берді. Клетка теориясын тұжырымдау (Теодор Шванн, Маттиас Шлейден) барлық тірі организмдердің құрылымының біртектілігін көрсетті. Биологияда эволюциялық ілім (Чарльз Дарвин) - жаратылыстануға даму идеясын енгізді. Элементтердің периодтық жүйесі (Д. Менделеев) - алуан түрлі заттардың ішкі бірлігін көрсетті.

Қазіргі заманғы ғылым. ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы жаңа Еуропалық өркениет кітап шығару кең таралғаннан кейін пайда болды. Неміс философы К. Ясперс ғылымның қалыптасуын 2 кезеңге бөледі: 1-кезең - ғылымның логикалық және әдістемелік қалыптасуы, яғни ертедегі грек ғылымы және Қытай мен Индиядағы ғылыми танымның алғашқы қайнар көздерінің қалыптасуы; 2-кезең - қазіргі заманғы ғылымның орта ғасырдың соңында пайда болып, XVІІ ғасырда толық қалыптасты. Ғылыми революция туралы сөз қөзғауға мүмкіндік беретін жаңалықтар мен әрекеттер жасалды. Осы кезеңде ғылымның радикалды жаңа әдістері мен танымның жаңа қағидалары ұсынылды. Рене Декарт - француз математигі және философ, Галилео Галилей - италяндық астроном, Уильям Гарвей - ағылшын дәрігері, Иоганн Кеплер - неміс астрономы, Исаак Ньютон - ағылшын математигі, механик, физик және астроном, Роберт Боиль - ағылшын химигі және физик, голландиялық Ханс Янсен ойлап тапқан микроскопты жетілдірген ағылшын оқымыстысы Роберт Гук және басқалар қазіргі заманғы ғылымның негізін салды. XVІІ ғасырда Лондонда Корольдік ғылыми қоғам (1662 ж. ) және Парижде Корольдік ғылыми Академия (1666 ж. ) құрылды. Ф. Бэкон ғылым- табиғатты бағындырудың құралы деп тұжырымдады, «күш - білімде» деген әйгілі афоризмін ұсынды. Ф. Бэкон табиғатты зерттеп, танып табиғат-ананы «қинаудың» негізгі әдісі - тәжірибе деп көрсетті. Осы кезеңдерден бергі ғылыми ойды төмендегідей екі түрде сипаттауға болады: 1) нәтиже беріп, оны қайта тексеруге мүмкіндік беретін тәжірибеге сүйену; 2) ары қарай бөлшектенуге келмейтін аса қарапайым элементтерді іздестіруге бағытталған аналитикалық көзқарастың үстемдігі (редукционизм) .

І. Негізгі бөлім

І. 1. Қатар топтарға әрі кезеңдік, әрі қайтара орнын бастыра тәжірибе жасау

Қатар-кезеңдік топтар кұру арқылы тэжірибе қою әдісі бір мезгілде бірнеше фактордың эсерін анықтау үшін, көбінесе мал азықгандыру тэжірибелерінде қолданылады. Төменде (4-кесте) бірінші - қант қызылшасының (ҚҚ), екінші - м а л а зы қ т ы қ қызылшаның (АҚ), яғни екі фактордың эсерін анықтауга қойылған тәжірибе сызбасы (схемасы) берілген.

Топтар
Дайындық кезеңі
Нақты тәжірибе кезеңдері
Бақылау (ақырғы) кезеңі
1-кезең
2-кезең
Топтар: А
Дайындық кезеңі: Негізгі рацион(НР)
Нақты тәжірибе кезеңдері: НР
Бақылау (ақырғы) кезеңі: НР+ҚҚ
НР
Топтар: Б
Дайындық кезеңі: Негізгі рацион(НР
Нақты тәжірибе кезеңдері: НР
Бақылау (ақырғы) кезеңі: НР+АҚ
НР
Топтар: Ең аз ұзақтығы (тәулік)
Дайындық кезеңі: 15
Нақты тәжірибе кезеңдері: 20-30
Бақылау (ақырғы) кезеңі: 30-60
25-30

Мұнда эр фактордың әсерін өзінше жеке де зерттеуге жэне бірбірімен салыстырып та зерттеуге болады. «Топтар» жэне «кезеңдер» әдістерінің кемшіліктері де, артықшыльгқтары да бұл әдіске тэн. Қатар-кезеңдік топтар кұру арқылы тэжірибе қою эдісі коп қолданылмайды. Оны қысқа мерзімдік мал азықтандыру тэжірибелерінде қолдануға болады.

Бұл әдiспен тәжірибе жасаудың (7-кесте) жалпы ұзақтығы 160 тәулік, оның 20 тәулігі дайындық және 20 тәулігі бақылау кезеңдерiне , қалған 120 тәулігі негiзгi тәжiрибе кезеңiне беріледі.

Тәжірибені, мүмкіндігінше, жыл мезгілдерімен байланыстырып жүргізген (жазда - 15-мамырдан 25-қазанға дейін; қыста - 10-қарашадан 10-сәуірге дейін) дұрыс.

Дайындық кезеңінде әртүрлі мал топтарының дұрыс жасақталғаны тексеріледі (олардың белгілерінің орташа көрсеткіштері бірдей болуы тиіс) . Бұл кезеңде барлық мал топтарына бiрдей азық бередi де, олардың өнімділігінің, мысалы сүттiлiгiнің (берген азыққа өніммен жауап беруінің) бiрдейлiгi (солай болуы керек) тексерiледi.

Бақылау кезеңiнде де барлық мал топтарына дайындық кезеңіндегідей бiрдей азық бередi де, олардың өнімділігінің, мысалы сүттiлiгiнің (берген азыққа өніммен жауап беруінің) бiрдейлiгi (солай болуы керек) тексерiледi. Яғни зерттелуші факторды алып тастағанда мал өнімділігінің деңгейінің дайындық кезеңіндегідей болғанына көз жеткізеді.

Негiзгi тәжiрибе кезеңi (120 күн) 6 мерзімге 20 күннен бөлініп, 6-кестедегі көрсетілген схемадағыдай азықтандырылады да, азық әсерiн әр 20 күннің соңғы 10 күнінде мал өнімін өлшеу арқылы анықтайды. Бақылау тобындағы мал барлық кезеңдерде дайындық кезеңіндегідей бірдей рационмен азықтандырылады. Бұл әдiспен 36 түрлі салыстыру жасауға болады.

І. 2. Негiзгi тәжiрибе кезеңi бойынша салыстырулар.

Негiзгi тәжiрибе кезеңi бойынша мынадай салыстырулар жасауға болады:

1) І және ІІ тәжірибелік топтардағы әрі сәйкес кезеңдердегі физиологиялық күйіне қарай мал өнімділігін. Егер бұл топтардағы мал өнімділігі бақылау кезеңiнде өзара бірдей болса, онда әр рацион бойынша 3 мәрте салыстырулар жасауға, ал екі топ бойынша 6 мәрте салыстырулар жасауға болады;

2) І және ІІ тәжірибелік топтарын әр сәйкес кезеңдер бойынша бір-бірімен өзара салыстыруға болады. Мұнда да, егер бұл топтардағы мал өнімділігі бақылау кезеңiнде өзара бірдей болса салыстырулар жасауға, барлығы 6 салыстыру жасауға болады;

3) І және ІІ тәжірибелік топтардағы мал өнімділігінің қосындысы бойынша. Мұнда қатар келетін екі кезеңдегі және әр (алдымен бірінші, содан соң екінші) рацион бойынша жеке-жеке жүргізіледі.

Мысалы, І тәжірибе тобының 1-мерзімдегі өнімі мен ІІ тәжірибе тобының 2-мерзімдегі өнімін қосып нәтижесін І тәжірибе тобының 2-мерзімдегі өнімі мен ІІ тәжірибе тобының 1-мерзімдегі

Өнімінің қосындысымен салыстырулар жасауға болады. Мұндай салыстырулар санын 5-ке жеткізуге болады;

4) Барлық топтардағы сиырлардың бүкіл тәжірибе кезеңдеріндегі өнімділігін, оларды тиісті рационы бойынша бөліп өзара (1 мәрте) салыстыруға болады;

5) Әр (І және ІІ) тәжірибе топтарын қатар келетін екі мерзімдегі (бірінші мерзімде қант қызылшасымен, екінші мерзімде азықтық қызылшамен азықтандырылған) мал өнімділігінің қосындысы бойынша салыстырулар жасауға болады.

Мұнда да, егер бұл топтардағы мал өнімділігінің өзгерісі қатар келетін кезеңдерде аса көп болмаса, жасалған салыстырулардың маңызы жоғары болады; 6) Қатар келетін екі мерзімдегі нақты өнімділік көрсеткішін осы мезгілге есептелген өнімділіктің теориялық көрсеткішімен салыстырулар жасауға болады. Мұндай салыстырулар санын 8-ге жеткізуге болады. Жалпы, негізгі тәжірибе кезеңіндегі көрсеткіштерді әртүрлі топтастырып, 6 мерзім бойынша 36 мәрте өзара салыстырулар жасауға болады.

Ғылыми жұмыстарды әртүрлі ұйымдастыруға байланысты, негізгі тәжірибе кезеңінде үнемі 6 мерзімдік эксперимент қою шарт емес.

Тәжірибелердің мақсатына қарай кіші кезеңдер (мерзімдер) саны 5, 4, 3 немесе 2 болуы да мүмкін және осыған байланысты мүмкін болатын салыстырулар саны да өзгереді.

Кіші кезеңдер (мерзімдер) саны аз болғанда тәжірибе ұзақтығын тағы да 40-60 тәулікке дейін ұзартуға болады, бұл кейде (мысалы, мал азықтандыруда бір-бірінен айырмашылығы өте көп рациондарды пайдаланғанда) қажетті жағдай болып есептеледі. Осы сияқты 20 тәуліктік кіші кезеңдер (мерзімдер) ұзақтығын да 10-30 тәулікке дейін ұзартуға болады (мысалы, мал азықтандыруда рациондарда ірі және шырынды азықтарды құрама жеммен алмастырғанда) .

Бірақ бұл жағдайда бір мерзімнің екінші мерзімге әсері неме се тиісті азықтың теңгерілімді мөлшерін (оның құрамы мен құндылығына қарай) пайдалану мүмкіндігі сияқты қиындықтарды жеңуге тура келеді.

8-кестеде қатар топтарға әрі кезеңдік, әрі қайтара орнын бастыра тәжірибе қою әдісіндегі негізгі тәжірибе кезеңінде кіші кезеңдер (мерзімдер) санына қарай мүмкін болатын салыстырулар саны берілген.

І. 3. Кезеңдік топтар құру арқылы тәжірибе қою әдісі

Кезеңдік топтар құру арқылы тәжірибе қою әдісі малға әсер етуші бір ғана фактордың әсерін анықтау үшін және, көбінесе мал азықтандыру бойынша тәжірибелерде қолданылады. Мұнда бір ғана мал тобы жеткілікті бола береді, тек оны зерттеу кезеңдері бірнешеу болады (3-кесте) . Бұл әдіспен тәжірибе қоюдың ерекшеліктері төмендегідей. Топқа түскен малды дайындық кезеңінен өткізеді. Бұл кезеңде малды жан-жақгы зерттеп, ауру-сырқауын, сыртқы орта жағдайларьгаа төзімділігі нашарларын, өте ұсақ-ірілерін т. с. с ерекшеліктерін анықтап, қажет болса түзету жасап (кейбір мал басқа топқа ауыстырылуы, ауру-сырқау немесе басқа кемшілігі бар мал алынып тасталынуы мүмкін), оларды негізгі рационға үйретеді.

Тәжірибелік бірінші кезеңнен бастап мал ауыстырылмайды. Оларды тек негізгі рационға (HP) сәйкес азықтандырады

3-кесте. Кезеңдік топтар құру арқылы тәжірибе қою эдісінің қарапаиым схемасы (азықтандыру факторына)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің нағыз зерттеу және қорытындылау кезеңі
Rafe мейрамханасына талдау
Астана қаласындағы Hani кондитерлік кофеханасы
Педагогикалық тәжірибенің теориялық негізі
Педагогикалық зерттеудің қисындық құрылымы
Ғылыми зерттеудің әдістемесі
Спиральді оқыту жүйесін химия пәнінде қолдану
Кездейсоқ оқиғалар
Ғылыми-зерттеу нәтижелерін салыстырмалы талдау
Күздік бидай сорттарының өнімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz